Таксономиясы.
Тұқымдастығы:Actynomycetaceae
Туыстастығы:Bifidobacterium
Түрлері: B. bifidum, B. adolescentis, B. infantis және т.б.
Морфологиясы. Bifidobacterium туыстастығы пішіні бойынша полиморфты таяқшалар, сонымен қатар тармақталған немесе шеттері жуандалған жасушалар. Жағындыда дифтероидтарға ұқсас шашранды, жұптасып, қатарласып немесе V-тәрізді орналасады. Грам әдісімен біркелкі бойялмайды, қозғалмайды. (37-сурет)
Дақылды өсіру. Облигатты анаэробтар. Кейбір түрлері капнофилдер. рН көрсеткіші – 4,5-8,5, қолайлы температурасы 37-400 С. Қан қосылған етті-пептонды қоректік орталарда жақсы өседі. Дегенмен қоректік орталарға дәрумен витамин қосуды қажет етеді. Лактоза қосылған бауыр сорпасында өте жақсы өседі. Перетц әдісіменен дақылдандырғанда S-пішінді жасымықша тәрізді тығыз колониялар және R-пішінді «жұн» тәрізді колониялар түзеді.
Ферменттік белсенділігі. Көптеген түрлері сірке және сүт қышқылына дейін глюкоза, лактоза, мальтоза, маннитті ыдыратады. Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері 14.22- кестеде берілген.
Патогенді факторлары. Патогенді қасиеттері жоқ.
Экологиясы. Тоқ ішектік қабырғалы және қуыстық микрофлораның негізгі басым өкілі болып табылады. Бифидобактериялар адам ішегінде өмір бойы мекендейді, балалардың жасына байланысты 90-98% дейін қалыптасады. Сонымен қатар, бифидобактериялар қынаптың қалыпты микрофлора өкілі болып келеді. Қоршаған ортаға түскенде бірден жойылады. Кеңінен қолданылатын антибиотиктер мен дезинфектанттарға сезімтал.
Кесте 14.22
Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері
Түрі | Арабиноза | Ксилоза | Рибоза | Глюконат | Целлобиоза | Лактоза | Маннит | Мелецитоза | Салицин | Крахмал | Трегалоза |
Bifidobacterium bifidum | - | - | - | - | + | + | - | - | - | - | - |
Bifidobacterium adolescentis | + | + | + | + | + | + | +/- | +/- | + | +/- | +/- |
Bifidobacterium infantis | - | - | + | - | +/- | + | - | - | +/- | +/- | +/- |
Bifidobacterium liberorum | - | + | + | - | +/- | + | - | +/- | +/- | +/- | +/- |
Bifidobacterium lactenris | - | + | + | - | +/- | + | + | - | - | +/- | +/- |
Bifidobacterium breve | - | - | + | - | + | + | + | +/- | +/- | +/- | +/- |
Bifidobacterium parvulorum | - | - | + | - | +/- | + | + | - | - | + | - |
Bifidobacterium longum | + | + | + | - | - | + | - | + | - | +/- | +/- |
Bifidobacterium longum subsp. Animalis | + | + | + | - | - | + | - | - | +/- | +/- | +/- |
Bifidobacterium pseudolongum | + | + | + | - | +/- | +/- | - | +/- | +/- | + | - |
Bifidobacterium thermophilum | - | - | - | - | +/- | +/- | - | +/- | +/- | + | +/- |
Bifidobacterium suis | + | + | - | - | - | + | - | - | - | - | - |
Bifidobacterium asteroides | + | + | + | + | + | - | - | - | + | - | - |
Bifidobacterium indicum | - | - | + | + | + | - | - | - | + | - | - |
Bifidobacterium coryneforme | + | + | + | + | + | - | - | - | + | - | - |
14.6.3.2. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
Гарднереллалар вагиноз ауруының қоздырғышы, Гарднереллез-Gardnerella vaginalis тудыратын антропонозды оппортунистік инфекция, басқа облигатты анаэробтармен ассоциация түрінде қынаптың қабынуына әкеледі, нәтижесінде бұл ағзада жағымсыз иіс («балық» иісіне ұқсас), су тәрізді гомогенді көп мөлшерде бөлінді пайда болады.