Патогенділік факторлары.

Капсула, пили, сыртқы мемрана ақуыздары, агрессия ферменттері (нейраминидаза, фибринолизин), эндотоксин (ЛПС)- Bacteroides.

Эндотоксин (ЛПС), гемолизин, лейкоцидин- Fusobacterium.

Капсула, адгезин, агрессия ферменттері, эндотоксин (ЛПС), протеаза Ig A- Prevotella.

Патогенезі: )оздырғыштар шартты патогенді бактерияларға жатады. Иммундық жетіспеушілік жағдайларында эндогендік инфекция дамиды. Аэробтармен жиі бірігеді.

Патология түрлері:

1. Түрлі ағзалар мен тіндерде іріңді-қабыну процестері

2. Венсан баспасы (фузобактериялар ауыз қуысының спирохеталарымен бірігіп).

3. Септикалық шок.

Эпидемиологиясы.Спора түзбейтін анаэробтар инфекциясының эпидемиологиясы зерттелмеген. Ауруды көбінесе, әсіресе иесінің ағзасының тұрақтылығы төмендегенде, өзіндік эндогенді бактериялар тудырады. Иесінің ағзасындағы экологиялық орны: адамның тоқ ішегі (Bacteroides), ішек, жыныс жолдары (Fusobacterium), ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдары (Prevotella).

Иммунитетізерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою.Бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ірің немесе зақымдалған тін, қан зерттеуге алынады; анаэробтарды табу үшін газды сұйықты хроматография, ИФТ және т.б. қолданылады. Антибиотикограмманы анықтау міндетті түрде жүргізіледі.

Емдеуі.Басым көпшілік жағдайларда антибактериалды препараттармен (метранидазол, клиндомицин, цефалоспорин, левомицетин, эритромицин) бірге хирургиялық емдеу жүргізіледі. Бактероидтарға қарсы – кең спектірлі антибиотиктер, фузобактерияларға қарсы – фосфомицин және т.б., превотеллаларға қарсы – қазіргі кез пенициллиндерімен қатар басқа да антибиотиктер қолданылады.

Алдын алуы. Арнайы алдын алу әдісі жоқ.

14.4.2.Күйдіргі бациллалары (Bacillus туыстастығы)

Күйдіргі немесе түйнеме (anthrax, қатерлі карбункул, «қасиетті от», «парсы оты») - Baсillus anthraсis тудыратын зоонозды жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен, тері мен лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталады. Күйдіргі қоздырғышы B.anthraсis-ті 1876 жылы Р.Кох ашты.