Тарау. САЯСИ СОЦИОЛОГИЯ
Саясат (грекше polіtіka-мемлекеттік және қоғамдық істер) - қоғамның ұйымдасқан және реттеуші-бақылаушылық ортасы, басқа салалар жүйесіндегі біршама автономды және негізгі экономикалық, идеологиялық, құқықтық, мәдени шаралар.
Саясат екі негізгі қызметі бар табиғи-тарихи процестің маңызды факторы: қоғамның жалпылама ұйымдастырушылық бастамасы және оның нақты реттеуші-бақылаушылық саласы немесе жүйесі ретінде; өмірдегі іс-әрекетті, адамдар қатынасын, қоғамдық топтарды, таптарды, ұлттарды, халықтар мен елдерді бағыттаушы қызметінде. Қоғамдағы саясаттың рөлі оның үш ерекшелігімен негізделген: әмбебаптылығымен, бәрін қамтушылық сипатымен, іс жүзінде қоғам өмірінің барлық жағына ықпал ету қабілетімен, яғни мемлекеттен басталып адам мінезінің жеке белгілерімен аяқталады; ішіне кіре алу қабілеті, яғни шексіз түрде кіре алу мүмкіндігі мен оның нәтижесі; атрибуттылығы, яғни саяси емес және қоғамдық құбылыстармен, қатынастар мен салалармен үйлесе алу қабілеті.
Саясат - индивидтердің өмір сүру саласын нормалар, мораль, дәстүр, әдет-ғұрып негізінде реттеу мен қалыптастыру мүмкін болатын даму сатысында пайда болатын әлеуметтік өмірді реттеудің ерекше бір түрі. Ол қоғамдастықтың бүтіндігін сақтау және қызмет етуі үшін жалпылама айыптау мен ұялту арқылы емес, ерекше құралдармен іске асырылатын күш көрсету, қинау т.б. арқылы талап етіледі. Саясатпен байланысты мәселелердің барлығы білім саласын, ғылымдар кешенін өзіне қамтиды. Саяси социология социологияның бір саласы ретінде, саяси саланың қоғамның басқа салаларымен, саяси институттардың басқа әлеуметтік институтармен қарым-қатынасын, мемлекет, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, қозғалыстармен т.б. тікелей байланысты мәселелерді зерттейді.
Макросоциологиялық деңгей өз назарын ірі көлемді саяси құбылыстар мен процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға шоғырландырады және жалпы ғылыми, жалпы социологиялық әдістерді (диалектиканың, құрылымдық функционализмнің жүйелі амалы, т.б.) қолдануымен ерекшеленеді.
Микросоциологиялық деңгей эмпирикалық зерттеулерге арқа сүйеуші күнделікті саяси өмірге, индивидтер мен топтардың саяси жүріс-тұрысына бихевеоризм, этнометодология, әлеуметтік айырбас және т.б. тұрғысынан бет бұруды меңзейді.
Саясаттың негізгі сәті ретінде, таптар ұлттық қоғамда, басқа да әлеуметтік топтар мен мемлекеттер арасындағы саяси билігі бойынша қатынастар алға шығады. Бұл қатынастар нақтылы құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын құрайды және оның айналасында қоғамда болып жататын саяси процестердің өзге де элементтері топтасып, дамиды және бірін-бірі ауыстырады.
“Саясат” әлеуметтік субъектілер арасындағы саяси билік бойынша қатынастарды бейнелейді. Осыған байланысты қоғамның нақтылы саяси өмірін зерттейтін саяси социология саяси қатынастар социологиясы ретінде көрініс береді, оның көлеңкесі арқылы саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттесулерінің алуын түрлілігі қарастырылады.
“Саяси социология”, “саяси қатынастар социлогиясы” және “саясат социологясы” ұғымдарының өзара айырмашылықтары бар. Соңғысы социологиялық білім саласының мәртебесін анықтау үшін аса кең ұғым болып табылады. Бұл жәйт саясаттың қоғамның өмір сүру саласының барлық саласына, мысалы экономика саласына қатыса алуымен байланысты. Бұл жерде “саяси социология” ұғымын пайдаланған дұрыс деп есептелінеді, өйткені мұндай жағдайда социологиялық білім тек саяси салаға қатысты болады.
Саяси қатынастар социологиясына билік үшін күрес пен қоғамдық өмірде орнығып қалған формаларды іске асыруды түсіндіруші және құбылыстардың объективті алғышарттарымен олардың қоғам өміріне әсеріне назар аударушы социологияның оңашаланған бөлігі жатады. Саяси социолгия әлеуметтік-саяси қатынастардың теориялық негізін құрайды. Саяси қатынастар социологиясы ұғымын ғылыми айналымға Ю.Хохфельд енгізді. Ол оны “саясат социологиясы” және “саяси социологияның” синонимі ретінде түсінді.
Бұлай түсіну қазіргі заманғы социологиялық ғылымда жалпылама қалыптасқан. Сонымен, саяси социология немесе саясат социологиясы дегеніміз - саяси институттар мен процестерді әлеуметтік құбылыс, қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ретінде, басқа да әлеуметтік процестермен өзара әрекеттесудің факторы ретінде зерттейтін социологиялық ғылымының (білімінің) саласы.
Саяси социологияның пайда болуы мен дамуы
Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Саясаттың пәндік саласы мен социологиялық көрісі ежелгі грек ойшылдары, атап айтқанда, Платон, Аристотель тарапынан айқындалған еді. Соңғысы мемлекеттің социологиялық теориясының негізін құруға ерекше үлес қосты және саяси социологияның ең жақын туысы - саясаттану ғылымының идеясы мен бірқатар принциптерін қалыптастырады. Әрі қарай саясат пен мемлекетті социологиялық түсінудің түрлі аспектілерін Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гобсс, Ш.Л.Монтескье, А.Токвиль және басқалар қарастырды. Саяси социологияның қалыптасуына мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы айырмашылықтарды ашушылар шешуші үлес қосты. Оның өкілдері француз және неміс энциклопедистері К.А.Сен-Симон, Дж. Локк, А.Фергюссон және Гегель болды. Кейін ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап социология жеке пән болып дамыды. Жоғарыда айтылған мемлекет пен азаматтық қоғам арасын айырып алу, саясатты оны әлеуметтік саласымен өзара әрекеттесуі арқылы зерттеуге алғышарттар жасап берді. Мұндай алғышарттар Батыс социологиясында М.Вебер тарапынан, элита тұжырымдамасын жасаушылар (В.Парето, Г.Моска), саяси партия тұжырымдамасы өкілдері (Р.Михельс, М.Острогорский), мүдделі топтар және қысым көрсетуші топтар тұжырымдамасының өкілдері (А.Бентли, Д.Трумен), саяси зерттеулердің эмпирикалық мектебі немесе “чикаго мектебі” өкілдері (Ч.Мерриам, Г.Лассуэл, Г.Госкел және басқалар) және басқа бірқатар мектептер мен бағыттардың өкілдері тарапынан іс жүзіне жүзеге асырылды.
Батыста саяси социологияның қалыптасуы жалпы социологияның дамуымен және саясаттану ғылымымен өзара бәсекелестікте даму нәтижесінде іске асты. Саяси социология осы екі пәннің проблематикасы мен ыңғайларын байланыстырушы ғылыми білімнің саласы ретінде пайда болды. Мысалы, құрылымдық-функциялық және Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы мен оның жалпы социологиядағы жақтаушылары (сонымен қоса құрылымдық- функциялықтың көптеген түрлері) саяси жүйе теориясында саяси социологиямен үндес, ал социологияның институттандырылуы, әлеуметтендірілуі, әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік дамуы сияқты негізгі ұғымдары мен тұжырымдамалары саясаттандырылады немесе саяси институттандырылуына, саяси әлеуметтену, саясатты саралау құралдарына айналады.
Саясатты зерттеуші социологтар саясатты, әлеуметтік құрылымды, формальді емес әлеуметтік институттарды, қоғамдық пікір мен жүріс-тұрысты, әлеуметтік-саяси процестер, нормалар мен қатынастардың бүкіл кешенін талдау арқылы қарастыруды, тұлға мен кіші топты, олардың психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамаларын т.б. толық күйде зерттеу арқылы ұсынды.
Жалпы саяси социологияның дамуымен олардың функциялары ретінде жаңа білімнің генерациясы, алынуы (танымдық), саяси шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету, саяси тұрақтылықты қолдау (тәжірибелік-саяси), саяси әлеуметтенуге қол ұшын беру (тәрбие-дүниетанымдық) және басқалар қалыптасты. Саяси социология әлеуметтік саяси өрлеудің және қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ең дұрыс үлгісін анықтау мен іздеуде нақты міндеттерді шеше алатын болды, саяси идея мен мұраттарды, саяси нормалар мен әдет-ғұрыптарды, саяси ақпарат пен білімді таратуды, саяси қатынастар мен байланысты, әлеуметтік өзара байланыстар, тәуелділіктер, құбылыстар мен процестер жалпы білімдерді тереңдете түсуді, осының бәрін ортақ социологиялық білім ретінде байыта түсуді іске асыра бастады.
Саяси социология қазіргі уақытта әлеуметтік өзгерістердің саяси салдарын, саяси инститтутардың әлеуметтік процестер мен құрылымдарға әсер етуін зерттеп біледі, тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесу мәселесін қарастырады. Саяси социологияның орталық мәселелері әлеуметтік қауымдастықтардың өзара әрекеттесуі саяси институттардың қызмет атқару тәсілдері сипаты қалайша көрініс береді, құрылымның тұрақтылығына саяси шектеу қандай деңгейде әсер етеді, қауымдастықтардың институттану процестерінің сипаты қоғамдағы мәртебесін қалай өзгертеді және саяси тәртіптің әлеуметтік базасы қандай деген сұрақтарға жауап береді.
Саясаттану және саяси-әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
Саясаттану және саяси социология ғылымының екі саласы ретінде бөлек қарастырылғанына қарамастан, олардың зерттеу объектісі мен пәні өте ұқсас. Оған қоса саясаттанушылар да, социологтар да өздерінің ғылым саласына өзара экскурсия жасауды қолданады. Сол себептен саясаттану мен саяси социология арасындағы айырмашылықты қарастыру және іздеу, зерттеушілер арасындағы сөз таластар мен пікір алысулар аспектілерінің бірі болып табылады.
Саясат социологиясы да, саясаттану да өз объектілері ең алдымен табиғи түрде бар және адамның мақсатты іс-әрекетінің өнімі ретінде зерттейді.
Саясаттану мен саясат социологиясының қоғамдағы әсер ету қатынасы мен өктем әсер ету, біреуінен екіншісіне өту процесі және оның жолында пайда болатын қайшылықтар қызықты болып табылады.
Атап айтқанда, саяси социологияны ең алдымен әлеуметік қауымдастықтардың, саяси институттар мен азаматтардың билікке қатынасы және қоғамдағы ықпалдылығы бойынша өзара әрекеттесуі қызықтырады. Бұл жерде қандай әлеуметтік жағдайларда осындай саяси тәртіп қалыптасады және оның қайта өркендеуінің әлеуметтік негіздемесі қандай деген сауалдарды анықтап алу басты мәселе болып табылады. Оның мән-жайлары ретінде қарастырылатындар: әлеуметтік қауымдастықтардың өзара әрекеттесуі; әлеуметтік институттардың құрылымы мен әлеуметтік қозғалыстың формалары; қайта өркендеуді қамтамасыз ететін дәстүрлердің сипаты.
Саяси социология шеңберінде пікір алысу үшін тағы бір мәселе саяси жүйенің өзгеруі жағдайындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып табылады.
Саяси социологиялық ыңғай саяси процестердегі әлеуметтік детерминантты белгілейді. Саясат өзіндік мәні шама емес, индивидтер мен әлеуметтік топтардың қажеттілігі ретінде қабылданады. Социологиялық ыңғайдағы саяси қатысу әлеуметтік мәртебелердің тұрақтылығын сақтау амалы, оларды келесі ұрпақтарға жеткізу үшін жағдайлар жасау мен бекіту ретінде қабылданады. Шын мәнінде, саяси процестерге қатысу - әлеуметтік организмнің қайта өркендеу қызметімен туындаған қажеттілік. Саясаттанудағы социологиялық әдістің құндылығы деп саяси өзгерістердің терең негіздемелерін іздеу көзделгенде және оның қайнар көзі ретінде әлеуметтік жіктелуден шығатын адамдар мүдделерінің әрқилылығы қарастырылады.
Саяси социология саяси қатынастарды нақтылы индивидтің, топтың, қауымдастықтың саяси институттармен саяси мақсаттары бойынша өзара әрекеттесу позициясынан зерттеуді көздейді. Алайда ол әлеуметтік деңгейде жасалынады, қарастырылып отырған объектілердің саяси шақырылуы емес, олардың саяси әрекетінің әлеуметтік жанама түрлілігін қарастыруды меңзейді. Бұл жағдайда саясаттың саяси партиялары немесе бағыттары ерекше жауапкершілікке немесе өз ұйымының, тобының мақсаттарын іске асыру мүмкіндігіне ие немесе ие емес нақтылы әлеуметтік индивидтердің іс-әрекетінің тепе-теңдігі ретінде қарастырылады.
Саясаттанудың қарапайым (базалық) бөлшектері (атомдары) саяси актор табылады, одан кейін басқарумен байланысты нақтылы байланыстардың іске асыруы бойынша өзара әрекеттесуі болады.
Саяси социологияның ажырамас бөлшегі ретінде қоғамды басқару, ұйымдастыру процесіне қатыстырылған, уақытша немесе ұзақ мерзімді не үздіксіз түрде қамтылған әлеуметтік субъект алға шығады.
Саясаттануда мемлекет, саяси жүйе, саяси қатынастар, басқару, саяси мақсаттар және амбициялар, саяси акторлар мен жетекшілер, саяси жанамалық, идеология, партиялар, қозғалыстар сияқты базалық ұғымдар қолданылады.
Саяси социология әлеуметтік субъект, әлеуметтік жанамалық, мемлекет пен азаматтық қоғамның және басқа да саяси институттардың өзара қатынасы ұғымдарын қарастырады.
Саясаттануда “саясилық” жалпылама, субстанциялық басты мәселе, ал саяси социологияда - әлеуметтік процестердің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Онымен қоса әлеуметтік саясилықты өзіне сіңіріп алады, өйткені соңғысы кез келген жағдайда әлеуметтік қауымдастық өкілдерінің іс-әрекетінің өнімі болып табылады.
Саясаттану тек қана саяси саланы, саясаттың бір түрін - “саяси саясатты” зерттеп білуші ғылым ретінде түсіндіріледі, яғни мемлекеттік-әкімшілік билікпен, оны басып алу, қолда ұстау, пайдаланумен байланысты қатынастар. Саяси социология саясатты оның өмірдің шарты ретінде экономикалық, әлеуметтік (оның ішінде ұлттық-этникалық, демографиялық, экономикалық және с.с.), саяси, рухани деген дербес салаларының барлығымен өзара әрекеттесуі арқылы зерттейді.
Саяси социологияның зерттеу объектісі мен пәні
Саяси социологияның объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтардың әсер етуі құрайды.
Саяси социологияның зерттеуінің пәндік сапасы: қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси саланың қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси социологияның негізгі пәні: саяси билік, оның қызмет етуінің әдістері мен формаларын және индивидтердің, әлеуметтік топтардың, этникалық қауымдастықтардың саяси санасын, мүдделері мен іс-қимылын нақтылы және жеке-жеке жіктеп зерттеу.
Саяси социологияның субъектісін түсіну
Саяси социологияда саяси субъектілер - саяси қатынастар генераторы және саяси қатынастардың иеленушілері ұғымдарына жіктеледі. Бірінші жағдайда - субъект шешім қабылдайды, оның орындалуын қадағалайды, өзінің қабылдаған шешімдеріне жауапты болады. Екінші жағдайда - бұл негізінде саяси субъектілердің объектісі болып табылатын азамат.
Саяси субъект өз қызметінде әлеуметтік процестердің өзгеруі үшін белгіленген мақсат-міндеттер мен дәлелденген нұсқаулардың бүкіл немесе жекелеген саласын реформалауға мақсатты әсер етеді. Оның негізгі мүддесі әлеуметтік қауымдастықтарды бағындыру, оны саяси сахнадағы күрес үшін ұйымдастыру болып саналады.
Әлеуметтік субъект кең ауқымды мүдделерге (психофизикалық, демографиялық қайта өркендеуден басқа субъектілерді басқаруына қатысуына дейін) ие. Осының барлығы өз жиынтығында оның өмір сүру саласын құрайды. Ол дәлме-дәл белгіленген мақсаттарымен менсінбеуі және жағдайлар мен процестерге талдау жүргізбеуі де мүмкін. Оның негізгі міндеті өз қажеттіліктерін іске асыру болып табылады.
Сонымен әлеуметтік субъект - бейтарап ұғым, саяси субъект - мақсатқа бағытталған ұғым, әлеуметтік субъект өзін-өзі сақтауға, қайта өркендеуге тырысады, саяси субъект - билікке және күш көрсетуге тырысады. Әлеуметтік субъектіде - оның көрсетілмеген, әлеуметтену процесінде кейінірек алынған немесе туылған бойда алынған көптеген мақсаттар болуы мүмкін. Субъектіде мақсаттар және оған қол жеткізу жолдары айқын түрде қойылуы керек. Оның өзі “мүдделер тобына” бірігеді және енеді, ал әлеуметтік субъект қауымдастыққа табиғи жолмен, сондай-ақ, бағытталмаған немесе бақыланбайтын жағдайлар нәтижесінде енеді.
Саяси социологияның әдістері және заңдылықтары
Саяси социология зерттеу әдісінің нақтылы бір ғана түрі пайдаланып қоймай, өз мәнінде пәнаралық ғылым болып табылады. Саяси социология да жалпы ғылыми, пәнаралық әдістер: талдау және синтез жасау, абстрактіден нақтылыққа абстрактілену және шыңына жету, логикалық және тарихи талдаудың сәйкестенуі, түрлендіру, математикалық әдістер кең қолданылады.
Саяси социологияны және жалпы социологияны басқа қоғамдық ғылымдардан эмпирикалық әдістер мен нақтылы социологиялық зерттеулер, атап айтқанда - статистикалық мәлімдемелерді қолдану, құжаттарды талдау, сауалнамалық сұрау, фокус-топтар, адамдардың жүріс-тұрысын қиын жағдайларда бақылау, т.б. ерекшеленеді. Бұл әдістерді іске асыруда саяси социология формалар мен нормалардың келесі жиынтығына ерекше мән береді. Олар: диалог, жақтардың мүдделерін және адамдардың әлеуметтік психологиясын есепке алу, дәлелдеу, сендіру, қоғамдық пікірді зерттеу және оған арқа сүйеу, саяси және идеологиялық шыдамдылық, адамдарға сенім арту, ымыраға келу.
Саяси социология жалпы әлеуметік саяси қатынастардың төрт деңгейін зерттейді:
1. Саяси-әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын, саяси іс-әрекетті, оларды тұтастай алғанда зерттеуіне жауапты жалпы саяси социологиялық деңгей.
2. Жекелеген елдердің әлеуметтік-саяси қатынастарын талдайтын және сипаттайтын елтану деңгейі.
3. Жекелеген әлеуметтік-саяси процестерді және саяси іс-әрекеттердің түрлерін, мысалы, сайлау компаниясын зерттеуге бағытталған іс жүргізу деңгейі.
4. Нақтылы социологиялық зерттеулер арқылы қоғамдық пікірді анықтау және талдаудың сарапталу деңгейі.
Саяси социологияда төмендегідей заңдарды түрлендіру ұсынылады:
1. Әлеуметтік-саяси өмірдің қызмет етуінің заңдары. Әлеуметтік-саяси іс-әрекеттердің, оны ұйымдастыру амалдарының заңдары. Қызмет ету заңдары әлеуметтік саяси өмірдің түрлі элементтерінің, субъектілер мен объектілердің өзара әрекеттесуінің байланыстарын ашады.
2. Әлеуметтік-саяси өмірдің даму заңдары.
Даму заңдары - ол әлеуметтік-саяси өмірдің бір жағдайдан екінші жағдайға өту, сапалы өзгерістер заңдары. Олар әлеуметтік-саяси құбылыстардың себепті байланыстарын аша түседі, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды.
Институттар - саяси социологияның орталық