Отбасы социологиясы 2 страница

Саяси социологияның ғылыми-санаттық аппараты жасалған: “көппартиялылық”, “саяси қозғалыстар”, “саяси элиталар” және т.б. Саяси социологияның оқу пәні аралық сипаты социологиялық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ғылыми ізденістің өзінше верификациясы, теориялық-әдістемелік амалдардың дәлелденуі болып табылады.

9. Әлеуметтік- өнеркәсіптік қақтығыстар: Есмұханова Г.Г. [37].

Зерттеудің теориялық-әдістемелік базасы Р.Дарендорфтың және социологияның осы бағытындағы басқа да батыстық мамандардың еңбектері негізінде қалыптасқан. Әлеуметтік қақтығыс тұжырымдамасы құбылысты әлеуметтік жүйенің ілгерілемелі эволюциялық дамуын қамтамасыз ететін маңызды элемент ретінде ұғынуға негізделген. Қақтығыстың қазіргі заманғы тұжырымдамасының мынадай белгілері бар: қақтығысты кез келген әлеуметтік жүйенің нормасы деп тану; “әлеуметтік қақтығыстың” және оны тудыратын факторлардың кең қамтылған түсініктері; қақтығыстарды институттандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындау; өнеркәсіптік қақтығыстың ұғымына жаңаша түсінік беру. Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамда өнеркәсіптік қақтығыстар, атап айтқанда Ресей мен Қазақстанда, ғылыми социологиялық бағасын алды, Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың себептері, өту механизмдері және ерекшеліктері көрсетілген. Салыстырмалы, факторлық талдаудың негізінде өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың институттануының негізгі тәсілдері мен механизмдері анықталған, ұсынымдар беріліп, болжамдар жасалған.

Осыған ұқсас сипаттағы жұмыс әзірше біреу ғана және проблеманы теориялық тұрғыдан қоюдың жалпыламалығы туралы сөз қозғау қиын екендігін айта кеткен жөн. Сірә осы әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы жағдайдың тұрақтануы жаңа зерттеулердің пайда болуын сәл тежеген болуы керек, жалпы бұл қазіргі заманғы отандық социологияға тән құбылыс. Алайда қоғамдағы өнеркәсіптік, индустриалдық қатынастар жүйесінде әлі де шешілмеген проблемалар баршылық, оларды жүріп жатқан реформалар процесінде зерттеу қажет.

10. Әлеуметтік қатынастар мен процестердің этникалық шақтары: Қарабаев Ш.Қ., Хан М.М., Смағамбет Б.Ж., Есенғалиева А.К., Ахметова С.С., Жайшыбекова К., Шәукенова З.К. [38].

Этникалық социология социология ғылымының дербес бөлімі ретінде енді ғана бөлініп келеді, зерттеулер объектісі, пәні, әдістемесі айқындалуда, ғылыми-ұғымдық аппараты жасалуда. Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының полиэтникалылығын осы саладағы зерттеулер ерекше талдайды. Біздің бөліп қараған жұмыстарымыз саяси түрленулердің этникалық құрылымына, жеке тұлғаның этникалық өзіндік ерекшеліктеріне, өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың этникалық жақтарына қатысты. А.Есенғалиеваның жұмысында этникалық топ социологиялық зерттеудің нақты объектісі ретінде бөліп қаралған.

Этникалылық мәселесі отандық социологиялық ойда қаралған жоқ деп айтуға болмайды. М.С. Әженов, И.А. Әйтімбет, С.К. Өтешов, Н.Бәйтенова, Р.Б. Әбсаттаров және т.б. сияқты ғалымдар бұл бағыттағы белгілі бір дәстүрді қалыптастырған. Социологияда дәл осы бағыт қазақстандық социумның этникалық бірегейлігін зерттейтін Қазақстан ғылымының бет-бейнесін анықтайды.

“Этнос”, “этникалық топ”, “этникалық өзіндік сана”, “этникааралық қатынастар” базалық санаттарын авторлар дәстүрлі түрде және қазіргі заманғы қойылымында қарастырады, бұл ұғымдарға толық және көлемді түсінік беруге негіз болады. Этнос деп қазіргі заманғы қойылымында біртұтастығы генетикалық анықталған биологиялық популяцияны ғана айтпайды. Этностың құрамдас бөліктері ретінде мыналар бөлінеді: әлеуметтік-демографиялық ахуал, экономикалық сипаттама, аумақтық орналасу, рухани және материалдық мәдениет. Этникалық өзіндік ерекшелік жеке тұлғаның құрлымдық құндылығының құрамдас сипаттамасы ретінде қарастырылады. Осылайша, ұлттық айырмашылықтардың нивелирленуі және олардың толық жойылуы идеясы қабылданған жоқ.

Проблеманың бұлай қойылуы қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процестердегі этникалық факторды зерттеуге мүмкіндік береді, қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін оған күш салу қажет.

11. Қазақстандағы социологиялық ойдың институттануы: Сейдуманов С.Т., Биекенов К.Ү., Сәдуақасова А.К. [39]

Бұл маңызды мәселелердің бірі, өйткені социологиялық қауымдастықтың өзіндік рефлексиясын көрсетеді, социологияның ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасуын әлеуметтік және когнитивтік танымдық институттану тұрғысынан қарастырады, бұл ғылымның ішкі және сыртқы қалыптасуы мен дамуының тұтас процесін көрсетуге мүмкіндік берген. Бұл бағыт теориялық социологияға көбірек келеді, социологиялық зерттеулерді, жасалымдарды, еңбектерді олардың тууын, нығаюын, дамуын және қазақстандық социологтардың ғылыми ізденістерін бақылай отырып жүйелендіреді және байытады.

Социологияның ғылым ретіндегі дамуы соңғы жылдары ғылыми басылымдардың, отандық ғалымдарымыздың монографияларының, тұжырымдамалық ғылыми еңбектерінің өсуімен ерекшеленеді. Мысалы, 2000 - 2003 жылдары мынадай басылымдар жарыққа шықты:

· Казахстанская молодежь на рубеже веков / А.С. Сарсенбаев, Г.Т. Телебаев, Д.А. Калетаев, А.Т. Шайкенова. - Астана: Елорда, 2000. 220 с.

· Казахстан как политическая реальность / Байдельдинов Л.А. Алматы: Институт развития Казахстана, 2000. 169 с.

· Национальные процессы в Республике Казахстан. Коновалов А.П. Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2000 - 252 с.

· Казахстан и современный мир / Габдуллина К.Г. - Алматы: КагосИНТИ, 2001. - 108 с.

· Общество: прогресс и регресс / Габдуллина К. - Алматы, 2002. – 167 с.

· Казахстанская культура сегодня: ценности, потребности, институты / Телебаев Г.Т., Шайкенова А.Т., Омирсеитова А.К., Шукенова А.А., Куцик Л.В. - Астана: Елорда, 2002. 232 с.

· Этническое взаимодействие в Казахстане / Сейдуманов С.Т., Калмыков С.К., Шаукенова З.К. Астана: Парламент Республики Казахстан, 2002 - 95 с.

· Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. Шаукенова З.К. Астана, 2002, 128 с.

· Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения /Джаманбалаева Ш.Е. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 278 с.

· Наркотизм: методика исследования, анализ состояния, предупреждение и противодействие / Н.А.Сартаева - Астана, 2002. - 224 с.

Социология ғылымының қолданбалылық маңызы социологиялық зерттеулер нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайда­ланылуынан көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан социо­логиялық зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанын­дағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инстиутты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет ака­демиясының Мемле­кеттік басқару мен мемлекеттік қызмет теориялары мен тәжірибелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-әлеуметтік зерттеулер, кең көлемді жобалар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде.

Социологиялық қызмет көрсету рыногының дамуы қазақстандық саяси және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. Мемлекеттік орталықтармен қатар талдамалық ақпарат беру және қоғамдық сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRІF Research Group, ЦИОМ, ЦЕССИ - Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз социологтар мен саясаттанушылар ассоциациясы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі құрылымдары, ғылыми-әдістемелік зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялардың коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен қымбат тұратын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанның социология ғылымының қалыптасу процесіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ социология кафедрасының бастамасымен 1996 жылы өткен “Қоғамды жаңғыртудағы социологияның рөлі” атты Бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 1997 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткен “Қолданбалы социологиялық зерттеулер: тәжірибесі, мүмкіндіктері, болашағы” атты халықаралық семинар жаңа серпін берді.

2002 жылғы 17 - 18 мамырда Алматы қаласында өткен “Қазақстандық қоғам және социология: жаңа шынайылықтар мен жаңа идеялар” атты Қазақстан социологтарының бірінші конгресі Қазақстан социологиясының жаңа кезеңі болды. Бұл конгресте әлеуметтік-ғылыми проблемаларды шешу үшін елдің әлеуметшіл ғалымдарын біріктіру мақсатында тәуелсіз кәсіби бірлестік ретінде Қазақстан социологтарының ассоциациясын құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан социологтарының ассоциациясы елдің социологиялық қауымдастығының интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдық әлеуетін ашуды өзінің стратегиялық мақсаты етіп қояды. Қазақстан социологтары ассоциациясының президенті болып социология ғылымдарын докторы, профессор М.М. Тәжин сайланды.

2003 жылдың қаңтарында Ассоциация Қазақстанның дарынды жас социолог ғалымдарын арналған Қазақстан социологтары ассоциациясының сыйлығын ізденуге арналған байқау ұйымдастырды. Байқаудың алғашқы жеңімпаздары мен лауреаттары Жаманбалаева Ш.Е., Қожамқұлова Л.Т., Әбдірайымова Г., Нұрбекова Ж.А., Шеденова Н.У., Валитова З.Х., Сәдуақасова А.К. болды.

Осылайша, Қазақстанның социология ғылымы шынайы социумның міндеттерін шешуге тырыса отырып, қарқынды дамып келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. История теоретической социологии. Под ред. Ю.Н.Давыдова. - М., Канон, 1997. - Т.2. - 560 с.

2. Джунушев Р.Е. Особенности формирования и развития казахского просвещения вт. пол. Х1Х-нач. ХХ в. Дис. ... канд. философ. наук. -Алматы, 1985. - 167 с.

3. Чокан Валиханов и современность / Сборник материалов Всесоюзной научной конференции, посвященной 150-летию со дня рождения Ч.Ч.Валиханова. - Алма-Ата: Наука КазССР, 1988. - 320 с.

4. Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана вт. пол. Х1Х-нач. ХХ в. - Алма-Ата: Наука, 1970. - 161 с.

5. Жұмақасова І. Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасуы // Ақиқат. - 1994. - ( 10. -32-42 б.

6. История теоретической социологии / Под ред. И.Ф. Девятко. - М., 1997. - Т.1-4.

7. Маркин А.В. Концепции политической жизни в русской социологии в кон. Х1Х - нач. ХХ в. Б.Н.Чичерин, М.М.Ковалевский. Дис. ... канд. социол. наук. - М., 1993. - С.65.

8. Омаров Д. Абай мұрасын еліміздің саяси - әлеуметтік өмірінде қолдану жолдары // Культурные контексты Казахстана: история и современность. Материалы международного семинара, посвященного 100-летию М.О.Ауезова. / Сост. А.Кодар, З.Кодар: Ассоциация по экологии культуры народов Казахстана “Золотой век”. - Алматы, 1988. - С.194-199.

9. Абай. Қара сөздер. Поэмалар. - Алматы: Ел, 1993.- 270 б.

10.Тойнби А. Дж. Постижение истории.. - М.: Прогресс, 1991.- 736 с.

11.Өміралиев І. Абай афоризмі. - Алматы: Қазақстан, 1993. - 124 б.

12.Орынбеков М. Философские воззрения Абая. - Алматы: Білім, 1995. - 136 с.

13.Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана 1917-1940 г.г. - Алматы: Ғылым, 1991. - 256 с.

14.Шакарим. Зеркало подлинного счастья. Сады подснежников. Мысли разных лет // Простор. - 1989. - ( 8. - С.130-138.

14. Шәкерім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. - Алматы: Жазушы, 1988. - 560 бет.

15.Айтказин Т.К. История казахской общественной и философской мысли. - Астана, ЕАУ им. Л.Н.Гумилева, 2000.- 150 с.

16.Сегизбаев О.А. Казахская философия ХV - начала ХХ вв. - Алматы.: Гылым,1996. - 472 с.

17.Валиханов Ч. Собрание сочинений в пяти томах. - Алма-Ата: Казахская советская энциклопедия, 1985.- Т.2 - 416 с.

18.Валиханов Ч. Избранные произведения. Алма-Ата: Казгослитиздат, 1958. - 643 с.

19.Алтынсарин Ы. Шығармалар. ұш томдық. - Алма-Ата, 1976. - Т.2. - С.98.

20.Торайгыров С. Социализм. 1918. // Избранное. - Алма-Ата: Жазушы, 1971. - 256 с.

21.Капитонов Э.А. Социология ХХ века: история и технология. - Ростов-на-Дону: Феникс, 1996. - 512 с.

22.Социологические взгляды Н.Бухарина. - М. : Наука,1970.

23.Социологические центры СССР (1976) / Под ред. В.Ю.Попкова. - М., 1976. - 309 с.

24.Соскин С.Н. О преодолении социально-экономических и культурно-бытовых различий между городом и деревней в период строительства коммунизма. - Алма-Ата: Казахстан, 1967. - 223 с.; Соскин С.Н. Социальная структура современного села. - Алма-Ата: Знание, 1978. - 23 с.; Соскин С.Н. Социальная структура села и народное образование. - Алма-Ата: Казахстан, 1979. - 287 с.; Рогачев А. А. Социальное развитие села. - Алма-Ата: Кайнар, 1987. - 158 с.; Рогачев А. А. Использование трудовых ресурсов села. - Алма-Ата: Кайнар, 1970. - 128 с.; Рогачев А.А. Социально-экономическое развитие сельских трудовых ресурсов. - Алма-Ата: Кайнар, 1981.- 207 с.; Искаков У.М. Города Казахстана: проблемы социально-экономического развития. - Алма-Ата: Наука,1985. -160 с.; Алтаев А.Ш. Социальное развитие рабочих Карагандинского угольного бассейна в 1970-80-е г.г. - Алма-Ата: ғылым, 1990. - 133 с.; Байдельдинов Л.А. Статистика в социологическом исследовании. - Алма-Ата: Наука, 1965.- 126 с.; Шеденов У.К. Социология в службе быта Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1973. - 167 с.; Дорж Д.А. Конкретно-социологические исследования в лекционной пропаганде. - Алма-Ата: о-во “Знание”, 1987. - 20 с.; Акмамбетов Г.Г. Проблемы нравственного развития личности. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 215 с.; Даутов Т.М. Личность как социологическая проблема. - Алма-Ата: Наука, 1970.- 254 с.

25.Сапрыкин В.А. Урбанизация. Атеизм. Религия: проблемы формирования научно-материалистического атеистического воспитания в условиях социалистического города. - Алма-Ата: Казахстан, 1981.- 287 с.; Черняк В.А. Формирование научно-материалистического атеистического мировоззрения (социологические проблемы). - Алма-Ата: Наука, 1969. - 372 с.; Черняк В.А. Планы социального развития коллективов и атеизм. - Алма-Ата: Казахстан, 1974. - 183 с.; Сарсенбаев Н. Обычаи и традиции в развитии. - Алма-Ата: Казахстан, 1965. - 328 с.; Сарсенбаев Т.С. Проблемы интернационального воспитания личности (философско-социологические исследования). - Алма-Ата: Казахстан, 1973. -129 с.

26.Черняк В.А. Социология атеизма и исторический материализм. - Алма-Ата: Казахстан, 1989. - 175 с.

27.Сейдуманов С.Т. Социологические информационные службы: ретроспективно-аналитический обзор. - Талды-Курган, 1990. - 38 с.

28.Справочник для поступающих в ВУЗы СССР в 1988 г. - М.: Высшая школа, 1988. - 448 с.

29.Габдуллина К.Г. Производственный коллектив и его социальная рөл в формировании работников сельского хозяйства. Дис. ... д-ра социол. наук. - Алматы, 1991. - 291 с.; Икенов А.И. Гуманистический аспект управления научно-техническим процессом. Дис... д-ра социол. наук. - Алматы, 1992. - 327 с.; Тажин М.М. Методологические аспекты исследования социально-территориальных различий. Дис... д-ра социол. наук. - Алма-Ата, 1990. - 291 с.; Хамитова М.Р. Социальные изменения учителей Казахстана. Дис. ... канд. философ. наук. - Алматы, 1992. - 123 с.; Раисов Е. Социальные факторы отношения рабочих Казахстана в труду в современных условиях. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы, 1997. - 285 с.; Нагайбаева З.А. Предприниматели как социальная группа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 127 с.; Садырова М.С. Социально-профессиональная мобильность интеллигенции в условиях рыночных преобразований. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы, 1999. - 259 с.; Абжалиева А.Т. Урбанизация и ее социальные последствия. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000. - 143 с.; Кожамкулова Л.Т. Социальная структура крупного города (на примере г. Алматы). Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000. - 141 с.; Валитова З.Х. Современные тенденции развития социальной структуры казахстанского общества. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000; Айтимбет Л.И. Социальные проблемы безработных в условиях переходного периода. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000

30.Сапабеков И.Ж. Авторитет руководителя в современных условиях. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1992. - 156 с.; Биекенов К.У. Методологический и социологический анализ политической культуры хозяйственного руководителя. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы,1993. - 325 с.; Никитенко Е.В. Руководитель организации: социологический анализ моделей управленческой деятельности. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 190 с.; Абдикерова Г.О. Социологический анализ проблемы политической социализации личности. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 140 с.; Кудро Н.М. Социальное регулирование поведения личности как предмет социологического анализа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.

31.Золотухин С.А. Молодежь в социальной структуре общества. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1993. - 116 с.; Нұсқабаев О. Жалпы білім беретін мектеп өскелен ұрпақты әлеуметтендіру институты. Социол. ғыл. док. ... дис. ізденіс. - Алматы, 1994. - 247 б.; Касымова Л.Н. Проблемы социализации казахской студенческой молодежи сельского происхождения в условиях переходного периода. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 148 с.; Ізтелеуова Л.И. Қазақстан жастарын нарық жағдайындағы өнеркәсіптік еңбекке бағыттау. Социол. ғыл. канд. .... дис. ізденіс. - Алматы, 1998. - 130 с.; Абдрайымова Г.С. Студенческая молодежь как социальная группа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 142 с.; Саликжанов Р.С. Социологический анализ политической культуры студентов. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 134 с.; Царева Т. Методологические проблемы анализа правовой социализации студенческой молодежи. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 134 с.; Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 161 с.; Ляднева Ж.М. Социологический анализ девиантного поведения молодежи Казахстана. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.

32.Амирханова М.М. Методология и методика построения системы индикаторов социальной статистики. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 165 с.; Алдашов Б.А. Качество жизни в контексте рыночной экономики. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы, 1994. - 352 с.; Климова Т.В. Социально - демографические отношения как предмет социологического исследования. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 171 с.; Биекенова С. К. Методологические проблемы анализа социальной политики государства. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 149 с.; Абулкасова Д.Б. Миграционные процессы в Казахстане: тенденции и динамика.

33.Дарменова Б.К. Социально - экономические проблемы формиро­вания и использования трудовых ресурсов в сельском хозяйстве Казахстана. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1993. - 147 с.; Матаев Г.М. Основные принципы крестьянского самоуправления. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1994. - 150 с.

34.Жаназарова З.Ж. Социологический анализ структуры взаимоотношений современной семьи. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998. - 128 с.; Шеденова Н.У. Женский труд в условиях рыночных отношений: социальные аспекты. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998. - 132 с.; Кылышбаева Б.Н. Социальная адаптация женщин к современным рыночным условиям. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998.- 165 с.; Нурбекова Ж.А. Социологический анализ женского предпринимательства в Казахстане. . Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.

35.Джаманбалаева Ш.Е. Социальные проблемы девиантного поведения (на материалах РК). Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1996.- 121 с.; Кошербаева А.Б. Социальные проблемы преступности (социологический аспект). Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999.- 149 с.; Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 161 с.

36.Асылов Н.Ж. Военная социология как наука о войне и мире / Сб. научн. трудов. Вып. 2(7). - Алматы, ВИ ПВ, 1996.; Карабаев Ш.К. Этносоциальная структура общественно - политических движений и партий Казахстана в переходный период. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1995.- 138 с.; Сейдуманов С.Т. Становление многопартийности в Казахстане: политико- социологический анализ. Дис....доктора социол. наук. - Алматы, 1998. - 297 с.; Илеуова Г.К. Социальные аспекты формирования и развития политической элиты Казахстана. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 140 с.; Крылдакова Р.Б. Социологический анализ деятельности экологических неправительственных организаций. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2001.

37.Исмуханова Г.Г. Современные промышленные конфликты и их отражение в теории Р.Дарендорфа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1996. - 149 с.

38.Хан М.М. Этно-региональные особенности ценностных ориентаций личности. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1993. - 139 с.; Смагамбет Б.Ж. Взаимоотношения между руководителем и подчиненным в многонациональных трудовых коллективах: социологический анализ. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998.- 159 с.; Есенгалиева А.К. Социальная адаптация этнических групп к условиям рынка. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000. - 162 с.; Карабаев Ш.К. Этносоциальная структура общественно-политических движений и партий Казахстана в переходный период. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1995.- 138 с.; Ахметова С.С. Становление государственного языка как социального института в Республике Казахстан: социологический анализ. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2002; Жайшибекова К. Формирование культуры межэтнического общения как социальный процесс. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2001; Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. Дис....доктора социол. наук. - Алматы, 2003.

39.Биекенов К.У., Садвокасова А.К. Институционализация социологической мысли в Казахстане // Саясат. - 2000. - ғ 6; Садвокасова А.К. Институционализация социологической мысли в Казахстане. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.


ІІ бөлім. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1-тарау. КЛАССИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТЕОРИЯ ПРОТОСОЦИОЛОГИЯ РЕТІНДЕ

Әлеуметтік білім эволюциясы

Социология тарихы неден басталады және оның пайда болуын қай кезеңнен бастап есептеген дұрыс? Бұл сұрақтың жауабы көп жағдайда социология пәнін түсіндіруге байланысты: социология пәні неғұрлым қысқа және нақты анықталса, оның тарихы да солғұрлым қысқа болып шығады. Екінші жағынан, бұл пән неғұрлым кең қамтылған және белгісіздеу болып көрінсе, социология тарихының бастауы да солғұрлым ғасырлар қойнауына тереңдей түседі.

Адамды қоршаған ортада пайда болуы ғана емес, оның қоршаған ортадағы басқа адамдардың арасында өмір сүруі проблемалары да ежелден қызықтырып келеді. Неге адамдар басқа адамдардың арасында өмір сүруге ұмтылады? Оларды топтарға бірігуге, жеке мемлекеттерге бөлінуге не мәжбүр етеді? Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың мән-мағынасы мен құндылығы неге байланысты? Осы сияқты сұрақтар түрлі нысанда әр дәуірдегі әлеуметтік-философиялық мәтіндерде байқалып отырады, ерте замандағы ғалымдар мен ойшылдар өз көзқарастарын адамға және ол өмір сүретін қоғамға аударуға әрекеттенген. Көп жағдайда абстракцияға құрылған математика ғылымының шынайы объектілерді өлшеуден басталғаны сияқты, социологияның бастауларын да данышпандардың даналық ой-пікірлерінен табуға болады.

Мұндай ой-тұжырымдарға ертедегі қытай философиясынан бастап адамды қазіргі заман философиясында түсіндіруге дейін көптеген ғасырлар бойы жинақталған адам туралы ойға түсінік беруге әрекеттену мысал бола алады.

Социологиялық білімнің даму тарихы күрделі, көпқырлы және көлемді, сондықтан проблеманың мәнін түсіну үшін әлеуметтік білімнің жалпы қалай пайда болғанын, ненің орнына келгенін білу маңызды.