Тапсырма
Есеп шығару
1 есеп. 2008 жыл бойынша келесі мәліметттер белгілі:
Өндіріске салынған салық | 5445,7 |
Импортқа салынағн салық | 6273,2 |
Өндіріске бөлінген субсидия | 3271,5 |
Импортқа бөлінген субсидия | 2576,3 |
Еңбекақы | 1948,5 |
ЖІӨ | 587045,6 |
Қалған әлемнен қаб.меншіктен түскен табыс | 1102,8 |
Қалған әлемге бер.меншіктен түскен табыс | 2547,3 |
Есептеу керек:
1.Өндіріс пен импортқа салынған таза салық
2.Меншіктен түскен сальдо
3.Жалпы пайда
2 есеп. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы сонда, ол оқытады (яғни төмендегі мәселелердің қайсысын микроэкономика, қайсысын макроэкономика оқытатындығын бөліп көрсет):
Ø Экономиканың қысқа мерзімді тербелістерін.
Ø Салалық нарықтардағы тепе- теңдік теориясын.
Ø Экономиканың дамуының ұзақ мерзімді тенденцияларын.
Ø Жалпы экономикалық тепе- теңдік мәселесін.
Ø Қысқа және ұзақ мерзімдердегі экономикалық агенттердің іс- әрекетін.
Ø Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесін.
Ø Валюталық бағам мәселесін.
Ø Тұтынушы іс-әрекетін.
Ø Ақша теориясын.
Ø Өндіруші іс-әрекетін.
Ø Мемлекеттік қарыз теориясын.
Ø Инвестиция теориясын.
Ø Жұмыссыздық теориясын.
3 есеп. Төмендегі шығындар мен табыстардың қай түрі осы елдің ЖҰӨ-нің құрамына енеді және енбейді?
§ Өзіне саябақ салған құрылысшының жұмысының құны.
§ Бағалы қағаздарды сатудан тапқан делдалдың табысы.
§ Өз пәтерін жалға бергеннен алған жалгерлік төлемақы.
§ Үй иесі әйелдің жұмысының қнарықтық құны.
§ Жеке фирмалардың облигациялары бойынша пайыздар.
§ Жаңа цех құрылысына кеткен фирманың шығындары.
§ Мемлекеттік қызметкердің жалақысы.
§ Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар.
§ Жер бөлігін сатып алуға кеткен фирманың шығындары.
§ Өз үйін сырлаған бояушының жұмысы.
§ Фирма қорының көбеюі.
§ Есірткі бизнесі иелерінің табысы.
§ Сақтандыру полисін сатып алу.
§ Акцияларын сатудан алған үй шаруашылығының табысы.
§ Полиция зейнеткерінің зейнет ақысы.
§ Көңіл көтерудің құны.
§ Ескі үлкен үйді сатып алу.
§ Жеке детективтің табысы.
§ Үй қызметшісінің еңбек ақысы.
§ Ескірген құрал-жабдықты айырбастау үшін жаңасын сатып алуға кеткен фирманың шығындары.
§ Мемлекеттік емханада істейтін дәрігердің жалақысы.
§ Жеке коллекционердің Леонардо да Винчидің картинасын сатып алуы.
§ Мемлекеттің қорғаныс шығындары.
§ Үй иелерінің жаңа үйден пәтер сатып алу шығындары.
§ Адамның өз автокөлігін сатудан алған табысы.
§ Мемлекеттік жұмыспен қамту бюросының жұмысшыға төлеген еңбек ақысы.
§ Студенттің үйінен алатын ай сайынғы ақшалай аударымы.
4 есеп. Экономика келесі мәліметтермен берілген:
Есеп шот | Млрд.теңге | |
1. | Жалпы жеке инвестициялар | |
2. | Несиенің пайызы | |
3. | Жалақы | |
4. | Корпорация пайдасы | |
5. | Жанама салықтар | |
6. | Ренталық төлемдер | |
7. | Корпорация пайдасына салық | |
8. | Таза экспорт | |
9. | Тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар | |
10. | Таза жеке инвестициялар | |
11. | Жеке меншіктен түсетін табыс | |
12. | Мемлекеттік кәсіпорынға таза субсидиялар | |
13. | Халыққа төленетін трансферттік төлемдер | |
14. | Тұтыну шығындары | |
15. | Әлеуметтік сақтандыру жарналары | |
16. | Жеке табыс салығы |
Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:
А) Табыстар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;
Ә) Шығындар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;
Б) ТҰӨ; ҰТ; ЖТ; ЖҚТ көлемін анықтаңдар.
5есеп. Жабық экономика келесі көрсеткіштермен сипатталады:
· тұтынушылық шығындар (С)=1200;
· жалпы инвестициялар (I)=500;
· мемлекеттік шығындар (G)=300;
· мемлекеттік трансферттер (TR)=200;
· мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар (N)=100;
· салықтар (T)=400;
· таза экспорт (Xn)=-100.
Мыналар неге тең:
а) жеке жинақтаулар;
б)мемлекеттік жинақтаулар;
в) сыртқы әлем жинақтаулары?
4 СӨЖ