Жоспары:

1. Қиял процесі туралы ұғым.

2. Еңбек әрекетімен байланысты дамитындығы.

3. Қиялдың ерекшеліктерін топтастыру. Ойлау процесімен байланыстылыға.

4. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың қоғамдық мәні.

5. Қияр процесінің алдын-ала бейнелеу ерекшелігі. Қиялдың дара қастеттері.

6. Қиял және шығармашылық.

7. Қиял туралы жалпы түсінік.

 

Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер (бейнелер) болумен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы (заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар және т.б.) елестетулер болады.

Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады, болашақты да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде тәжірибе мен білімнің негізінде қиял арқылы жасалады.

Бұл елестетулердің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулерідеп аталады.

Адамның іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ заттарды жасайды. Өзеңдердің бағытын өзгертеді, су-электрстанцияларын салады, күрделі құрылыстарды іске асырады, күрделі машиналар мен тұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны өндіріске ендіреді, яғни, өмір үшін қажіттінің барлығы іске асырылады.

Егер де өз іс-әрекетінің нәтижесін анық елестете білмесе, адам осының барлығын істей алмаған болар еді.

Сонымен, қиял деп елестетулердің негізінде бұрын-сонды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз.

Адамдардың өмірінде қиялдың ерекше рол атқаратындығын айта келіп, көптеген ғалымдар, жазушылар және суретшілер басымызда шын мәнінде жоқ нәрсенің бейнесі қалай жасалатындығын түсінуге ертеден бері талпынған болатын.

Қазіргі ұшақты ойлап тапқанға дейін сиқырлы ұшқыш кілем — ұшақ туралы халық аңыздары мен ертегілерінде айтылған еді. Олар адамдардың үшу туралы алғашқы түсініктерін жинақтады. Бірақ ерте кезде адамдарда ұшақ туралы аңыздар, түсініктер қайдан пайда болды? Осы идеяны ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмаса да адамдар құдіретті "қимылдың күші" барлығы туралы ойға келді.

Бұл құдіретті қасиет тек ерекше дарынды адамдарға беріледі, олар шабытгың нәтижесінде тамаша өнер шығармаларын, күрделі техника саласында жаңалықтар жасай алады. Осы теория бойынша тек дарынды адамдар жаңа ойларды айта алады, идеяларды ұсына алады.

Адамның жаңаны ойлап табуы — бұл белгілі білімнің, өзгертілген және жаңарған,жетілген түрі. Фантастикалық бейнелер үшін материал әруақытта жер бетіндегі шындық құбылыстар болып табылады. Адам өзінің күнделікті іс-әрекетінде жаңа бейнелерді және заттарды жасап ғана қоймайды.

Адам санасында қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін қайта жаңғырту арқылы (басқа адамдардың айтқаны арқылы) жасай алады.

Қиял — адамның өте бағалы психикалық үрдісі. Қиял тек адамға тән. Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамыды.

Қиялдың іс-әрекеті белгілі бір жағдайда қажеттіліктер арқылы пайда болады.

Тарихи жағынан қиял адамның еңбек іс-әрекетіңде пайда болған ерекше қажеттілік негізінде дамыды, атап айтқанда, қоршаған дүниені қайта өзгерту қажеттілігі, адамның араласуынсыз табиғаттан көп алу міңдеті қойылды.

Қоршаған дүниені қайта озгерту үшін алдын ала талапты елестетіп алу керек. Болашақта қиял әртүрлі адамзат қажеттіліктерінің — олеуметтік, танымдық, эстетикалық және т.б. дамуымен байланыста дамиды.

Қиялдың іс-әрекеті естің елестетулері негізінде іске асады. Бұл елестетулер қиял елестетулерінің жасалуына материал болып табылады. Қиял үрдістерінде бізде міндетті түрде болатын қажетті елестетулердің қайта жаңғыртылуы іске асады.

Бірақ қиялдың үрдісі тек елестетулерді қайта жаңғыртумен және оларды механикалық біріктірумен шектелмейді. Қиял үрдістерінде ес елестетулері қайта өнделеді, сонымен, қайта өңдеудің нәтижесінде жаңа елестетулер жасалады.

Қиялдың жүйкелік-физиологиялық негізі адам миында бұрын ұйымдасқан уақытша байланыстардың жандануы және бұл байланыстардың жаңа тіркестерге ауысуы деп білеміз.

Қиялдың іс-әрекетінің ерекшелігі естің елестетулерін талдау және жинақтау болып табылады. Сондықтан да қиял үрдісінде қайта жаңғыртумен бірге немесе одан кейін талдау үрдісі іске асады, демек, елестетулердің бөлінуі — елестетулердің жекелеген бөліктері мен элементтерінің бөлшектелуі.

Одан әрі қиялдың жинақтаушылық іс-әрекеті іске асады: бөлінген елестетулердің элементтерін басқа елестетулермен немесе елестетулердің элементтерімен араластыру жоне біріктіру жүреді. Осы жинақтаушылық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа елестетулер — қиял елестулері жасалады.

Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинацияболып табылады. Аглютинация деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесебөлімдерінің бір тұтасбейнеге ұласуымен бірігуін айтады.

Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйеддің (басы мен омырауы), балықтың (құйрығы) және көк балдырлардан (шаштары) жасалуы.

Қиялдың күрделі талдаушылық және жинақтаушылық іс-әрекеті, ерекше белгілері жазушылардың кәркем әдеби бейнелерді жасауынан айқын аңғарылады. Әрбір көркем бейне болімдердің, элементтердің немесе тұтас елестетулердің бір бейнеге өзіндік бірігуі болып табылады.

Л.Н. Толстой Наташаның бейнесін жасауда ("Соғыс және бейбітшілік") кейбір мінез бітістерін өзінің әйелі Софья Андреевадан, басқаларын - әйелінің апасы Татьянадан алғанын жазды. Жаңа бейнені жасауда қиялдың қызметі қарастырған заттар мен құбылыстарын ұлғайтып немесе кішірейтіп көрсетуі мүмкін. Мысалы, орыстың былиналарында (батырлар жырларында) батырлар "тұрған орманнан биік, қозғалатын бұлттан аз-кем төмен" деген әсірелеуді (ұлғайтуды) көруге болады.

Осындай алыптар мен ержегейлілердің бейнелері Свифггің "Гулливердің саяхаты" романында жасалғанын білеміз.

Жалпы батырлық эпостан сол халықтың басынан кешірген сан-алуан тарихи өмірін тұтастай көруге болады. Әрине, батырлық эпоста тарихтың жекелеген оқиғалары, кейбір елестері ғана суреттелмейді, онда халықтың ғасырлар бойғы мұрат-мүдделері, арман-мақсаттары бейнеленеді.

Тарихи шындық немесе қияддан туған әйтеуір, әр кезде өмір сүрген батырлардың ерліктері халық эпосының негізгі өзегі болады, терең идея, мазмұнды мағына береді. Сөйтіп, эпостағы халық батырының қаһармандық сом тұлғасын жасайды.

Бұл жәйт барлық халықтардың эпосына тән. Қазактың батырлық дастандары туралы да дәл сол пікірлерді айтуға болады. Жалпы, қазақ елінің ауыз әдебиеті оте бай десек, соның ішінде ең көрнекті орын алатыны — көнеден келе жатқан дастандар — батырлық жырлары.

Эпоста батыр жалғыз суреттелмейді. Батырлық жырлардың үлкен бір ерекшелігі мұнда әрқашан батырмен бірдей тұлғаланып, бірдей тұрақты суреттелетін күрделі бейнелер бар, ол батырлардың жары, ең сенімді серігі (Қүртқа, Ақжүніс, Гүлбаршын, Назым т.б.) олар да батырдың өзі сияқты ел қамын жеген өрендер.

Батырдың екінші бір егізіндей бірге суреттелетін сенімді серігі - оның астындағы тұлпар аты. Ат қасиетін суреттеу, оның батырға жасайтын достық әрекеттері, батырды тілеген жеріне "көзді ашып — жұмғанша" алып баратын құстан жүйрік шабысы — бәрі де батырлық жырлардан ең көрнекті орын алады.

Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Ер Тарғының Тарланы, Қамбардың Қарақасқасы және т.б. аттар жайындағы суреттер осы пікірімізді дәлелдейді. Рас, батырлар жырындағы тұлпарлардың барлығы да жүйрік.

Бірақ Тайбурылдың жүйріктігі бәрінен асып жатады. Қобыланды "Әйт, жануар, шу" дегенде:

Аршындап бурыл гулейді,

Табаны жерге тимейді.

Тау мен тасқа өрледі,

Төрт аяқты сермеді.

Құлақтың түбі терледі,

Тер шыққан соң өрледі.

Адырды көзі көрмеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі... -

десе, Тайбурылдың түс кезіндегі жүрісі онан сайын үдеп кетеді. Тайбурылдың бейнесін жасау ұлғайтылып көрсетіледі. Бұл қазақ эпостарына тән тәсіл.

Жаңа қияли образ жасауда, әсіресе, батырлар жырларында, қиял — ғажайып ертегілерінде әсірелеп, ұлғайтып көрсету тәсілі (әдебиет теориясында гапербола деп аталады) кеңінен қолданылады.

Неше түрлі фантастикалық қиял-ғажайып жағдайда көрінетін тұлпалардың бәрі де еңбек адамының үйретіп, өсірген жануарлары болып келеді. Мұндай тұлпарлардың шындықтан тыс әрекет жасайтыны, адамша сөйлейтіні, айшылық жерді бір-ақ атгайтыны, от дариясынан көзді ашып жұмғанша секіріп өте шығатыны бары рас.

Бұл, әрине, халық қиялының жемісі және "осындай тұлпарлар болса екен" деген оның арманы болып табылады.

Халық арасына көп тараған, мазмұны әрі қызық, әрі қиял-ғажайып оқиғаларға құрылған көркем де әдемі ертегілердің бірі - "Керқұла атты Кендебай". Кендебай қаншама мықты батыр болса да Керқұла тұлпардың көмегінсіз мақсатына жете алмайды.

Сондықтан ертегіде Керқұла тұлпар айрықша, әстерлеп суреттеледі. "Ол көзді ашып жұмғанша айшылық жерді алты-ақ аттайтын, теңізді көл, дарияны шалшық, тауды қырат құрлы көрмейтін" тұлпар деп, ерекше әсірелей суреттей келіп, оның ең басты қасиеті адам ойын түсініп, адамша сөйлеуі.

Қиял үрдістерінде естің елестетулерін өңцеу іске асып ғана қоймайды, сонымен қатар адамның ой-түйінііске асады, кейбір міңдеггер шешіледі. Сондықтан да қиял үрдістерінде ойлау мен сөйлеудің бірлігі үлкен рөл атқарады. Қиял үрдістері физиологиялық жағынан бірінші және екінші сигналдар жүйесінің өзара әрекетіне тікелей байланысты.

Қиял арқылы жасалған, нақты бейнеде белгілі бір дерексіз теориялық ой-пікірлер өте жиі ашып көрсетіледі.

Белгілі бір жағдайда әрбір суретші, ақын, сазгер шығармашылық үрдісінде бір мәселені шешеді, белгілі бір нәрсені өзі шешуге әрекеттенеді немесе басқаға түсіндіреді. Бірақ өзінің ойларын жалпы және дерексіз ұғымдарда емес, нақты бейнеде ашып көрсетеді. Мысалы, "Аққу, Шортан һәм Шаян" атты мысалында Н.А.Крылов бейнелі түрде төмендегі ойды ашып көрсетеді: "Жоддастарда бірауыздылық болмаған жағдайда, олардың ісі алға баспайды".

Әрбір поэтикалық шығармада, әрбір көркем суретте, сазды әуендерде біз негізгі ойды, негізгі идеяны көре білеміз. Қиялдың елестетулерінде дерексіз ұғымдарды нақтылауды біз әртүрлі аллегорияларда, метафораларда және басқа симюлистік бейнелерде кездестіре аламыз.

Мәселен, жаңа машинаны жасауда жаңалық ашушы алғашында оның жеке бөліктерінің және бөлшектерінің, оның құрылысының жалпы идеясын және бейнесін жасайды.

Ойлау іс-әрекетінде осы жекелеген елестетулерді ол болашақ машинаны бір күрделі түрге біріктіреді.

Қиял үрдістёріндегі бұл ерекшеліктің жүйке-физиологиялық негізі бас мидың қыртысы жұмысындағы жүйелілік болып табылады.

Ертедегі гректердің жасаған мифологиясы көп жағдайда олардың ойлауының жеткіліксіз дамуымен және білімнің шектелушілігімен түсіндіріледі.

Қиялдың түрлері

Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы.

Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен қүбылыстарды создік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады.

Қиялдың бұл түрі әртүрлі іс-әрекетте кеңінен қолданылады, әсіресе, оқыту үрдісінде атқаратын қызметі ерекше. Заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасау адамдардың сөзі арқылы, сонымен қатар жазба және заттай құжаттар арқылы іске асады. Қайта жасау қиялына нақты мысал ретінде біздің кинолардан көру, кітаптардан оқу арқылы Ұлы Отан соғысында батырларымыздың ерліктерін елестете аламыз.

Сол сияқты тарихтағы ұлы тұлғалар Абылайдың, Бөгенбай, Қабанбай, Исатай мен Махамбеттің, Сырымның жеңімпаз әскери жорықтары туралы, тарихи оқиғалар туралы елестетулерді қалыптастыруға болады.

Осы мысалдардан елестету объектілері өмірде болған оқиғалар, бірақ оларды біздердің санамызда қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесі, ол әртүрлі оқыған кітаптарымыз, көрген киноларымыз немесе ол туралы айтылған әңгімелер негізінде жасалып отыр.

Сөздік түрде берілген (мұғалімнің әңгімесі, оқулықтың мәтіні) оқу материалын меңгере отырып, оның танысқандарынан жаңа ұғымға не сәйкес келетіндігін шәкірт өзі елестетуі қажет. Мысалы, табиғаттану сияқты оқу пәнін оқып үйрене отырып, шәкірттер теңіздерді, көлдерді, тауларды, белгісіз өсімдіктерді, жануарларды өздері қиялдауы керек. Көркем әдебиетті оқығанда қайта жасау қиялының ролі ерекше зор.

Кітаптарды оқи отырып, мектеп оқушысы қайта жасау қиялының көмегімен өздері шығарманың қаһармандарын елестеді, оларды көрген сияқты болады, табиғаттың көріністерін көреді, кітапта суреттелген оқиғалардың өздерін тікелей қатынасушыларындай сезінеді. Сөз арқылы берілгенді өзі дұрыс елестету үшін жеткілікті білімі болуы қажет.

Мұғалім сабақты түсіндіргенде немесе тарихи оқиғалар суреттелген әдеби шығармалардан үзінділер оқығанда шәкірттер бұл құбылыстарды жиі дұрыс қиялдай алмайды. Тарихи деректерді олар қазіргі түсініктер және білімдерімен сәйкес қайта жаңғыртады.

Мәселен, мұғалімнің Куликово даласындағы ұрыс туралы әңгімесін тындай отырып, оқушылар жойқын ұрысты көз алдарына елестетеді. Тарихи оқиғаларды тартымды, қызықты түсіндірудің мұғалім тарапынан мәні ерекше. Жаңа оқу материалы туралы шәкірттерде дұрыс түсінік қалыптастыру үшін ол туралы анық та дәл, сонымен қатар эмоциялық түрде түсіндіру қажет. Соңда ғана шәкірттерде жаңаны дұрыс бейнелейтін тірі бейнелер жасалады.

Сабақтағы көрнекті материал мектеп оқушыларына оқулықтардан немесе мұғалімнің әңгімесінен алған жаңалықты нақтылауға және түсінуге көмектеседі. Бүгінгі күннің мәселесінен қашықтағы сюжетті әдеби шығарманы оқи отырып, сол кезеңцегі тұрмыс және тарихи дәуірді бейнелейтін суреттерді шәкірттерге корсету тиімді болар еді.

Көрнекі материалға негізделу қайта жасауға әруақытта да көмектеседі. Қайта жасалған бейне ол өте дәл болады, шындық өмірді дүрыс қайта жаңғыртады.

Мысалы, тарихшы архив құжаттары мен археологиялық ескерткіштер негізінде өткен оқиғалардың суреттері мен бейнелерін қайта жасауды іске асырады. Мәселен, көркем әдебиетті оқуда, көркем фильмдерді қабылдауда, техникалық сызулар мен үлгілерді оқуда, әңгімелерді тындауда біздің санамызда адамдардың бейнелері, табиғат суреттері, оқиғалар жасалады. Бұл жерде басқа адамдардың жасаған дайын бейнелерін тек меңгеру іске асады.

Сонымен қатар осы жасалынатын бейненің мазмұны, толықтығы, анықтығы оны қабылдайтын адамның қиялының даму дәрежесіне байланысты.

Оқу үрдісінде, тыңдау үрдісінде әрбір адам тиісті нысанның өз бейнесін жасайды. Мысалы, Л.Н. Толстойдың "Анна Каренина" романын оқығанда әрбір оқырмаңда белгілі дәрежеде оз Аннасының, өз Бронскийінің, өз Левинініңбейнесі жасалады.

Қайта жасау қиялынан шығармашылык қиялды айыра білу қажет.

Шығармашылық қиялыдегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау. Қиялдың бұл түрі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлерінде ерекше рөл атқарады.

Шығармашылық қиялда адам өзі қандай да бір жаңаны жасайды. Мысалы, жазушының қиялы осындай, ол озінің шығармалары үшін кейіпкерлердің типтік тұлғасын жасайды. Жаңалық ашушының да қиялы осындай, ол жаңа жасайтын машинаның, жаңа аспаптың жобасын жасайды.

Сол сияқты зерттеушінің қиялы да осындай, ол болашақ зерттеу жұмысының немесе эксперименттің жорамалын немесе жоспарын жасайды.

Шығармашылық киялдың өзіндік ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:

Ең алдымен жасалатын бейненің нысаны дүниеде өмір сүрмейтін жаңаны жасау болып табылады. Оның өзін жасау қоғамның және сол адамның қажеттіліктерімен, қызығуларымен ынталандырылады, оның түсініктері мен білімдерінің жеке байлығына, сонымен қатар оның қиялының ерекше шығармашылық сапасына байланысты.

Шығармашылық қиялдың образдары создік және материалдық нысандарға жинақталған, іске асырылған болуы керек.

Шығармашылық қиял өнердің барлық түрлерінде поэзияда, музыкада, бейнелеу өнерінде, сәулет онерінде, жаңашылықта, ғылым мен техникада жаңалық ашушыларда байқалады. Шығармашылық қиял үрдісінде адам тек өз санасында жаңа мазмұнды жасап қоймайды, объективтік жаңа шындықтарды жасайды.

Сонымен, шығармашылық қиял жаңа бейнелер жасау қиялы. Мәселен, біздің пайдаланатын көптеген құралдарда (балға, күрек және т.б.) адам қолдарының қозғалыс ерекшеліктері жинақталған. Бұл заттардың барлығын еңбек үрдісінде шығармашылық қиялдардың көмегімен адамдар жасаған.

Адамдар өзінің тарихи дамуында қарапайым құралдарды жасаудан бастап, бірте-бірте күрделі машиналарды ойлаптабуға көшіп отырған, бұл жерде киялға ерекше орын берілген.

Мысалы, белгілі ағылшын механигі Уатт қайнаған суда шәйнектің қақпағының қозғалысын бақылай келіп, бу машинасы туралы ойланды. Бұл кезінде ғылымда айрықша жаңалық еді. Демек, Уатг шәйнектен бу қысымын пайдалану принципін бу қазанына көшіру жолымен бу машинасын ойлап тапты.

Ерекше атап өтуіміз керек, психологиялық тұрғыдан кез-келген жаңалық ашудың негізіне қиялдың жұмысы жатады.

Ақын, сазгер, мүсінші өнер шығармаларын жасау бай және дамыған қиялы арқылы жасай алады. Шығармашылық қиял психикалық қабілеттілік ретінде барлық адамдарға тән.

Шығармашылық қиял тек ғалымдарға, жазушыларға, суретшілерге тән, олар шабыттануға қабілетті деген пікір біржақты пікір деп білеміз. Сез жоқ, шығармашылықпен айналысатын адамдарда дамыған арнаулы ғылыми және көркемөнер қиялы басым келеді.

Бірақ қиялдың бұл түрлері — адамдардың өміріндегі жалғыз белгілері емес. Шығармашылық — бұл іс-әрекет, ол қоғамдық мәні бар жаңа, алғаш рет жасалынатын тамаша туындылар: ғылымда жаңа заңдылықтарды ашу, жаңа машинаны ойлап табу, есімдіктердің жаңа сортгарын немесе жануарлардың түрлерін шығару, өнер мен әдебиеттің жаңа туындыларын жасау.

Ғылым мен техника саласында жаңалықтар ашу әдебиет пен өнер саласында ірі туындыларды беру — еселі еңбектің нәтижесі. Шығармашылық жазушыға, суретшіге, басқа да шығармашылықпен айналысатын кез-келген саладағы адамға еңбексіз өз туындыларын жасауға мүмкіншілік беретін шабыттың нәтижесі деп ойлайтындар қателеседі.

Шындығында, шабыттың өзі- бұл адамның бүкіл күш-жігерінің бір жерге жинақталуы. Шабытты еңбекке қарсы қоюға болмайды. Ол-үлкен еңбектің нәтижесі. Белгілі композитор П.И. Чайковский шабыт жалқауларға берілмейді. Шығармашылық шабыттың жағдайы туралы айта келіл, А.С. Пушкин "дүниені үмытып кетемін", - деп жазды.

Қиял ерікті және еріксіз болып бөлінеді:

Еріксіз қиял— алдын ала мақсат қоймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәтте қанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адам сусыз шөл далада болғанда қатты шөлдейді, ондай жағдайда адамда еріксіз су көздері туралы бейнелер жасалады.

Қиялдың еріксіз үрдістері белгілі бір қабылдаудың, елестетудің, ойлаудың, сөйлеудің, сезімнің әсерімен пайда болады. Мысалы, тарихи, жағырафиялық, техникалық жоне оның ішінде көркем әдебиетті оқығанда біздің санамызда еріксіз жергілікті жерлердің, оқиғалардың, кейіпкерлердің және тағы басқалардың бейнелері жасалады.

Сол сияқты сазды қабылдауда да осы кездеседі. Көркем шығармалардың ерекшелігі мынада: біз оны қабылдағанда (оқимыз, қарастырамыз, тыңцаймыз), онда олар бізде еріксіз қиялдың әрекетін шақырады. Негізінен еріксіз іске асатындар арман және түс көру. Қияддың еріксіз іс-әрекеті болып табылатын біздің түс көруіміз.

Түс көру негізінен үйқы қанбағанда (шала ұйқыда) болады және организмнің жағдайымен, қажеттіліктермен, түйсінулермен шақырылатын, бірақ әлсіз болса да, түс көру кезінде пайда болатын, сонымен қатар сергек жағдайда бастан кешкен еріксіз пайда болатын елестетулермен, сезімдермен байланысты.

И.П.Павлов түс көруді физиологиялық негізі "бұрынғы тітіркендіргіштердің" кездейсоқ жағдайлармен байланысты жүйкелік іздер ретінде қарастырады. Қиялдың еріксіз үрдістері қалай болса, солай емес, белгілі бағытта іске асып отырады.

Бұл бағыттылық жеке тұлғаның қажеттіліктерімен, оның қоршаған шындықтағы ұстанымдарымен, сезімдерімен, қабылдауларымен, үстемдік ететін елестетулерімен және ойларымен анықталады.

Ерікті қиялалдын ала қойылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды тандауға күш-жігерді жұмсау арқылы іске асады.

Өнердің барлық туындылары - ең алдымен ерікгі қиялдың нәтижесі. Ерікті қиял еріксіз қиялдан бөлек, оқшау іске аспайды: ерікті қиял үрдісіңде әруақытга да еріксіз қиялдың сәттері байқалады. Ақындар, суретшілер өз шығармаларын белгілі тақырыпқа жасау үрдісінде (ерікті) кей жағдайда оларды еріксіз пайда болған сезімдер, ойлар билеп кетуі мүмкін.

Шын мәнінде ақынның, суретшінің, ғалымның, жаңалық ашуының шығармашылық қызметінде байқалатын, кездейсоқ басқа күштер емес, ол оның өзінің жанындағы күштері - оның тәрбиесі, білімі, ойлаудың, қиялдың, зейіннің даму деңгейі.

Шығармашылық шабыт сияқты күрделі құбылысты түгелге дерлік еріксіз қиялдың қызметіне жатқызуға болмайды. Сонымен қатар шығармашылық қияддың өнімділігі ең алдымен ерік, күш-жігерге тікелей байланысты.

Қиялдың қызметін ояту үшін, ұлы адамдарға қажетті бейнені жасау үшін көптеген ерік-жігерді жұмсауға, еселі еңбек етуге тура келді.

П.И.Чайковский шабыт туралы: "...Шабытты - күтіп отыруға болмайды", деп жазды, — бір ғана оның өзі жеткіліксіз, ең алдымен еңбек, еңбек және еңбек керек... мен әрбір күні таңертеңмен жазу столыма отырып, жұмысқа кірісем, егер бүгін бұдан ештеңе шықпай жатса, мен бұл жұмысқа ертең тағы да отырамын, мен екі, он күн жазамын, одан әлі де ештеңе шықпай жатса, қаймықпаймын, ал он бірінші күні, байқаймын, "Қарғаның мәткесі" немесе "Бесінші симфония" сияқты қажетті бірдеңе шыққандай сезіндім.

Қиял саласындағы дара ерекшеліктер

Қиялдың іс-әрекеті жан-жақтылығына, мазмұнына, күшіне қарай ерекшеленеді. Қиялдың бұл ерекшеліктері жекелеген адамдарда әртүрлі байқалады және жеке тұлғаның даралық ерекшеліктерін сипаттайды.

Қиялдың жан-жақтылығыоның іс-әрекетінің кеңінен таралатын салаларының қамтитын шеңберімен анықталады. Оның ішінде, сондай салалар болып табылатын табиғат, оның бүгіні мен болашағы және адамдардың болашақ тарихи өмірі, жердің қойнаулары мен жұлдызды аспан әлемі, техника мен өнер.

Адам қиялымен неғұрлым көп саланы қамтыса, солғұрлым оның қиялы жан-жақты болады. Қиял көп жағдайда шындық дүниеден жиі шығып кетеді.

Адам кейде өздерінің арманында және түс көруінде "таза фантастика саласына" беріліп кетеді қиялдың белгілі нысандарға қатысы сонымен жасалған елестетулердің байлығында, әртүрлілігінде және мәнділігінде. Сондықтан да жекелеген адамдардағы қиялдың мазмұндылығы мен маңыздылығы туралы айта аламыз.

Көп жағдайда қиялдың жан-жақтылығы мен мазмұндылығы өзара тығыз байланысты. Біз А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың, А.М.Горкийдің, Гербарт Уэллстің, Жюль Верннің, қазақ жазушылары — М.Әуезовтың, С.Мүқановтың, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың, Т.Жароковтың қиялдарының байлығы және жан-жақтылығы туралы айта аламыз, олар өз шығармаларында әртүрлі кезеңдер мен уақыттың тың деректері мен оқиғаларын көрсете білді.

Қазақтың белгілі эпик ақыны Тайыр Жароковтың "Күн тіл қатты" атты поэмасы көлемі шағын бұл шығарма дәуірдің ең екпінді, ең тұтас динамикалық сипаттарын зор эпикалық күшпен жырлауға болатындығын көрсетті.

Ең тамашасы сол Тайыр Жарковтың бұл поэмасында ақынның лирикалық кейіпкері эпикалық оқиғамен біте қайнасады. Өзінен-өзі-ақ боран бұрқыратып тұрған эпикаға субъектінің ыстық қаны, әр жүрегі араласқанда эпикалық поэманың ерекше шырай, көрік тапқанын көреміз:

"Желектей желпіп желіңді,

Желқомдай жырттым жеріңді.

Түбіттей түтіп бұлтыңды,

Таспадай тілдім толқынды...

Қарыңды қағып су қылдым,

Суыңды сілкіп бу қылдым,

Түніңнен таң атқыздым,

Жеріңе жұлдыз жаққыздым"1, —

дейді эпикалық кейіпкер. Қандай әдемі жарастық! Бұл нағыз тамаша шумақтар эпик ақынның ұшқыр қиялынан туған эпикалық тұрғыда жазылған туынды деп білеміз. Ақынның қиялының жан-жақтылығымен, мазмұндылығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, керісінше, Гоголь шығармаларының көптеген кейіпкері фантазиясының мазмұнының тарлығы, саяздығы, мысалы, ескі дүниенің помещиктері Акакий Акакиевич туралы да осыны айта аламыз.

Жюль Верннің, Гербарт Уэлстің көптеген романдары, оның көптеген идеялары шындыққа айналды, сондықтан да олардың шығармашылығын ғылыми болжаудың түрі ретінде қарастырамыз. Гоголдің Маниловында қияддың ерекше басқа түрін аңғарамыз:

"Кейде терезеден аулаға және тоғанға қарап тұрып, егер үйден жерасты жолын жүргіссе немесе тоған арқылы тас көпір салса, оның екі жағында дүкендер болса және онда көпестер әртүрлі ұсақ заттарды сатып жатса...". Маниловтың Бұл арманы ешуақытта да орындалмайтын құрғақ, шындықпен жанаспайтын арман болып табылады.

Әрбір адамның қиялы іс-әрекеттің белгілі бір саласында аңғарылады. Сондықтан да қиялды техникалық, ғылыми, әдеби, жаңалық ашушы, көркем, музыкалық және т.б. деп атаймыз. Кейбір адамдарда (мысалы, Ломоносов, Леонардо да Винчи, Шоқан Уәлиханов) жан-жақты және бай фантазия әртүрлі салада аңғарылады.

Қиялдың жан-жақтылығы және мазмұндылығы белгілі дәрежеде адамның тәжірибесіне және біліміне байланысты.

Адамда тәжірибе неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым қиял жан-жақты және мазмұнды болып келеді. Көрнекті жазушылар, ақындар, ғалымдар, сазгерлер, жаңалық ашушылар Леонардо да Винчи, Ломоносов, Абай, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов бай қиялды меңгерумен қатар жан-жақты бақылағыштығымен, ерекше тәжірибесімен және терең білімділігімен ерекшеленетіндігі белгілі.

Жюль Верн өзінің атын шығарған әдеби қызметке фантастикалық романдарды жасауға кіріспестен бұрын деректерді өте зейін қоя зерттеген болатын. Өз кезінде ашылған барлық жаңалықтармен танысады. Ол көп оқыды, бақылады, зерттеді.

Ол әртүрлі ғылымдардың салалары бойынша алған нәтижелерін — археология, жагырафия, тарих, анатомия, физиология, астрономия, математика және т.б. картотекаға енгізді. 20 мыңнан астам картотека қалдырды.

Қиял күшті және әлсіз болады.Қиял арқылы жасалынған бейнелер шындықты қабылдауға қаншалықты жақындауына байланысты қиялдың күші туралы айта аламыз. Кейде қиялдың қызметі сондай күшті байқалады, біз қиялдың нысаңдарын көрген, естіген немесе сезген сияқты боламыз.

Осындай жағдайда реалдық шындық пен фантазия бейнелері арасында айырмашылық байқалмайды. Мысалы, Диккенс көзіне жас алып, өз кейіпкерлерінің бастан кешкен қиындықтары мен әлімін суреттеген еді.

Бетховен ештеңе естімейтін саңырау бола тұрып, саздың әуенін соншама анық та дәл елестете алды. "Тоғызыншы симфония" сияқты тамаша шығармасы дүниеге кедді.

Қиялдың күштілігі ең алдымен адамның қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының және мүмкіншіліктерінің күшіне байланысты. Қиялдың күші қиял бейнелеріі арқылы аңғарылатын және сонымен қатар қиялдың ынталандыратын эмоциялық толғаныстар мен көңіл-күйге байланысты.

Бұл сезімдер неғұрлым күшті болған сайын, қиял бейнелері соғұрлым күштірек, анығырақ болады. Эмоциялық, сезімтал адамдар күшті қиялымен ерекшеленеді. Ал сезімталдығы әлсіз, салқын қанды адамдарда қиялдың бейнелері көп жағдайда сүреңсіз және әлсіз келеді. Қиялдың күші көп жағдайда адамның жалпы жағдайына және оның жүйке жүйесіне байланысты: сергектігіне немесе шаршауына, денсаулығына немесе аурулығына қатысты.

Бәрімізге белгілі, жоғары температура жағдайында фантазияның қызметі арта түседі, пайда болған бейнелер анықтылығымен ерекшеленеді. Қиял бұл жерде түс көру түрінде іске асады. Жүйке жүйесінің ауруға шалдыққанда фантазия бейнелері қабылдаудың анықтылық және күшті жағдайына жеткенде галлюцинацияға айналады.

Галлерцинациядегеніміз перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы болып табылады. Жүйке жүйесінің ауру жағдайында шындық заттарды адамдардың теріс қабыддауын — иллюзиялардың жасалуын айтады.

Қиялдың шығармашылық үрдістегі рөлін бағалау өте қиьш. Шығармашылық жеке тұлғаның барлық қасиеттерімен тығыз байланысты және белгілі бір жағымен шектелмейді. Шығармашылық психологиясы барлық нақтылы анық түрінде көрінеді: жаңалық ашушы, ғылыми, әдеби, көркемдік және т.б.

Арман — қиялдың ерекше түрі

Шығармашылық қызметке фантазия да кіреді. Бірақ көп жағдайда қиял үрдісі адамның практикалық әрекетінде міндетті түрде іске аса бермейді. Кей жағдайда бұл үрдіс адамның іске асырғысы келетін бейнені жасауда ішкі іс-әрекеттің ерекше түрінде байқалады.

Әрбір адам өзінің болашағы туралы міндетті түрде ойлайды, оны жоспарлайды. Адамның болашақтағы қажеттілік туралы ойлары армандеп аталады. Арман айқын немесе күңгірт болуы мүмкін.

Арман - шындықты өзгертуге бағытталған адамның шығармашылық күштерін өмірге енгізудің қажетті шарты. Ол ғылыми керегендіктің элементі болып табылады. Арман адамды талпындыратын, итермелейтін себеп немесе іс-әрекеттің түрткісі болып табылады. Адамдардың практикалық, өндірістік іс-әрекетінде фантазияның рөлі орасан зор.

Егер бізде болашаққа қажеттілік бейнесі болмаса, біз белсеңді еңбек ете алмас едік және алдымызға өмір қойған қиыншылықтарды жеңе алмаған болар едік. Армансыз адам - кездейсоқ өмірлік жағдайлардың жетегіндегі құрал болар еді.

Адам неғұрлым аз армандаса, солғұрлым ол енжар және еріксіз келеді, солғұрлым жағымсыз ықпалдарға аз қарсылық білдіреді. Керісінше, үлкен арманды адам кездейсоқ ықпалдарға берілмейді, қойған мақсатына табанды түрде ұмтыла біледі.

Міне, осындай болашаққа бағытталған арман адамға өзінің мінез-құлқын ұйымдастыра, алдына қойған арманды іске асыра білуге көмектеседі. Осы арман туралы айтылғандардан, оның қаншалықты шығармашылык қиялмен байланысты екенін көруге болады.

Жеткіншектер мен жастар сүйікті кейіпкері сияқты болуды жиі армандайды: мәселен, ержүрек қыздарымыз Әлия мен Мәншүктей, ғарышкерлер Тоқтар мен Талғаттай болуды армандайды. Арманның қайнар көзі — үлгілі адамдар немесе әдеби бейнелер.

Бұл батырлардың мінез бітісін өзінің жеке мінез-құлқына көшіреді, оларға еліктейді, өмірде солардай болуға ұмтылады.

Өзі үшін батырдың образын жасау шеберлігі өз өмірін құру үшін үлгі-өнеге және шығармашылық қиялы байқалады.

Арман-қажеттілік, жалған, бос қиялдаушылық — қажетті бейне жасайтын қиялдың жұмысы, ондай қиялды іске асыру мүмкін емес, себебі адам оны өмірге енгізуді білмейді. Арманды іске асырудың мүмкіншіліктерін ескермейтін адамдар — жалған қиялдаушылар, фантазерлар.

Өмірмен байланысты әсерлі қиял адамды еңбекке шабыттандырады, іс-әрекетке талпындырады. Ешқандай нәтижесіз қиялдаушылық адамды әлсіретеді, шындық дүниені өмірде іске аспайтын түс көрумен ауыстырады. Сондықтан да қиялдай отырып, әруақытта да өзінің қиялының бейнесін бақылап отыру керек жөне күнделікті өмір тынысынан қол үзуге мүмкіншілік бермеу қажет.

Арман, қиял күнбе-күн болашақты біздің бүгінгімізбен байланыстырғанда ғана пайдалы болады.

Қиялды дамыту және қалыптастыру

Қиял адамда кішкентай кезінен бастап дами бастайды. Қиял балаларда олардың іс-әрекеті үрдісінде дамиды: алғашында — ойында, одан кейін — оқуда және еңбекте. Балаларда қиялдың дамуы тәжірибенің жинақталуы және қажеттіліктері мен қызығуларының дамуына байланысты.

Психикасының басқа жақтары сияқты — балалардың қиялы тәрбие мен оқытудың ықпалымен дамиды. Қиялдың алғашқы белгілерінің қалыптасуын бала өмірінің екіге қараған кезінде әртүрлі ойыншықтармен іс-әрекетінде, қолына түскен уақ заттармен — таяқшалармен, тастармен, қағаздармен және т.б. ойындарынан, салған суреттерінен бақылауға болады.

Барлық осындай бала қиялының алғашқы көріністері еріксіз іске асады.

Тілді меңгерту деңгейіне қарай, үлкендердің әсерімен бала өзінің "еңбектерін" түсіндіре бастайды. "Сен не істедің?", "Сен не салдың?" - деп қойған сұрақтарға: бала бірінің үстіне бірін қойған кубиктерді көрсете отырып, "Бұл — үй", — деп жауап береді.

Мектепке дейінгі кезенде ойынның, сабақтың үрдісінде, тәрбиенің нәтижесінде балада белгілі түсініктердің көлемі жинақталады, ойлауы дамиды, жаңа қажеттіліктері пайда болады, белсенділігі артады, ал осымен байланысты оның қиялының қызметі жан-жақты және мазмұндырақ бола түседі.

Мектепке дейінгілердің қиялы негізінен ойында байқалады және дамиды. Өздерінің ойындарында мектепке дейінгілер таяқты ат етіп мініп, шабады, бірде ұшқыш болып, бірде жүргізуші, дәрігер, мұғалім болып ойнайды.

Бұл жерде балалардың еліктеушілік әрекеті әлі де ерекше орын алады. Бірақ бұл ойындарда қиялдың шығармашылық іс-әрекеті аңғарылады. Бала жағдайды және қоршаған заттардың өңін өзгертеді: таяқты атқа айырбастайды, отырғышты — автомобилге, ұшаққа, таяқшаларды, ойыншықтарды — ұшқыштарға және жүргізушілерге айырбастайды.

Мектепке дейінгі кезеңнің алғашқы жылдарында қиял үрдістері ерікті іске аса бастайды, демек, алдын ала қойылған мақсат бойынша. Бұл мақсаттар алғашында баланың өз тарапынан емес, үлкендердің тарапынан қойылады.

Бала үлкендерден төмендегідей тапсырма алады: "Кубиктерден үй жаса", "Мысықты сал". Мүмкіншілігіне қарай бұл тапсырмаларды орындайды, болашақта өзінің іс-әрекетінде бала өзінің алдына белгілі мақсат қоя біледі, оны кейін өзінің ойын әрекетінде, құрастыруларында, тапсырмаларында, суреттерінде іске асырады.

Енді оның қолындағы заттар -кубиктер, таяқшалар, қарындаштар, қағаздар және т.б. Оның шығармашылық қызметіне тек стамул болып қана қоймайды, осы іс-әрекет үшін материал және алынған нәтижелердің құралы болып табылады.

Бірақ мектепке дейінгі кезеңде қиялдың ерікті шығармашылық үрдістері ерекше тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бала алға қойған мақсатын іске асыру барысында жиі өзгертеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты балалардың ойындары күрделене түседі, онда байқалатын ерікті қиял бірте-бірте тұрақты бола бастайды.

Бұл кезенде баланың қиялы үлкендермен тілдік қарым-катынаста аңғарылады және дамиды. Балалар шетелдер туралы, батырларымыздың соғыстағы ерліктері туралыәңгімелерді қызыға тындайды. Ерекше қызығушылықпен ертегілерді тыңдауға әуес келеді; олар өздері айтқанды да жақсы көреді.

• Ертегілер және үлкендердің әңгімелерінің әсерімен балаларда олардың қабылдауы үшін мүмкін емес заттар туралы тұтас дүние бейнесі жасалады, оның ішінде болмаған және ешуақытта өмір сүрмеген заттар туралы.

Сонымен, қиял үрдістерінде мектепке дейінгілердің ақыл-ой өрісі кеңейеді. Ой - өрісінің кеңеюіне байланысты баланьщ психикалық өмірі мазмұндырақ бола түседі, ал бұл баланы мектепке оқуға даярлау үшін мәні орасан зор.

Ойын кезінде олардың әңгімелері мен ертегілерінде жасалынатын бейнелер анықтылығымен, мазмұндылығымен ерекшеленеді. Бала қиялының түрі олардың ерекше эмоциялылығымен, сонымен қатар сыни ойлауының нашар дамуымен, өмірлік тәжірибесінің саяздылығымен, білімнің шектелушілігімен байланысты.

Баланың қиялының күшті дамуы қандай да дара дарындылықтары мен қабілеттіліктерінің ерте оянуымен және дамуымен жиі байланысты.

Мектепжасындағы кезеңдеқабылдаудың одан әрі дамуы негізінен оқытудың әсерімен іске асады. Бала мектепке жеткілікті дамыған қиялымен және әртүрлі түсініктерімен барады. Бірінші сыныпта оқу материалын негізінен көрнекті меңгереді, тек қабылдаулары мен елестетулеріне негізделіп қоймай, сонымен қатар қиял арқылы жасалатын елестетулерге негізделеді.

Мұғалімнің түсіндірген сабағын тыңдай отырып немесе жағырафиядан, тарихтан, әдебиеттен және басқа пәндерден кітапты оқи отырып, шәкірт әруақытта да белгілі бір жерді, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, бұрынғы адамдардың өмірі мен қызметін, жекелеген тарихи сәттерді елестетеді.

Осындай елестетулерсіз оқу материалын меңгеру тек ғана мұғалімнің сөзін немесе кітаптың мәтінін жаттап алуға әкеліп соқтырады.

Пәнге қызығу жағдайында және жеткілікті елестету арқылы білімді меңгергенде жаңа бейнелер еріксіз жасалады — мұғалімнің түсіндіруінің немесе оқулықтың мәтінінің әсерімен. Білімді көрнекі түрде меңгеруде шәкірттердің қиялы дамиды, мазмұны жағынан да жан-жақты әрі бай болады табылады.

Оқыту үрдісінде жердің ұланғайыр кеңістіктері туралы түсініктері жасалады.

Оқыту үрдісінде қиялды дамытуға оқу материалының мазмұны ғана көмектесіп қоймайды, сонымен қатар тәсілдер мен әдістердің көмегімен бұл материал шәкірттерге жеткізіледі. Шәкірттердің қиялын дамытуда мұғалімнің көрікті сөзі, оқулықтағы нақтылы, бейнелі материалдың жеткілікті мөлшері, сонымен қатар көркем орындалған оқу құралдары — суретттер, үлгілер, кестелер, карталар, моделдер және т.б.

Шәкірттердің шығармашылық қиялын дамыту үшін сыныптық және сыныптан тыс сабақтардың — саздың, суреттің, жапсырудың, шығармамен жұмыстың, көркем әдебиетті оқудың, үйірмелерге қатысудың (әдеби, драмалық, көркемөнер, би, бейнелеу өнері және т.б. ) мәні ерекше.

Бұл жерде қиялды дамытуға шәкірттердің қызығулары көмектеседі: танымдық, адамгершілік, эстетикалық, техникалық. Бұл қызығулар ерекше мектеп және жас жеткіншек кезеңде ерекше айқын аңғарылады.

Мектеп жасында қиял шәкірттердің ойын әрекетінде одан әрі дамиды. Әртүрлі ойынның түрлерінде шәкірт мазмұнды көңіл-күймен және елестетулермен байыйды, оларда шығармашылық, конструктивтік және көркемдік қабілеттіліктер дамиды.

Жоғары сыныптың мектеп оқушыларының қиялының іс-әрекеті негізінен болашақтың бейнесін жасауға бағытталған.

Мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі қызығулары иедалының дамумен байланысты, оның ішінде, кәсіптік қызығулары арқылы олардың қиялы арман түрінде пайда бола бастайды. Жоғары сынып оқушылары өздерінің болашақ іс-әрекеті туралы, мамандықты таыдау туралы, шығармашылық еңбек туралы армандайды.

Мектеп шәкірттерінің және жеткіншіктердің қиялы мектепке дейінгілердің қиялынан өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мектеп жасындағы шәкіртгердің еріксіз және ерікті қиялы өте тұрақты болады.

9-дәрісбаян

Ойлау мен сөйлеу

Жоспар

Ойлау түсінік түсінік.

Ойлаудың адамның дүние танымындағы маңызы.

Ойлау адамның таным процесінің ең жоғарғы, күрделі формасы.

Ойлау арқылы болиыстың, дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және жанама бейнеленуі.

Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері.

Ойлау формалары. Ойлау операциялары.

Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы.

 

Адамның жануарлардан баста айырмашылығыойлау мен дыбысты анық тілі, сөйлеуі.

Тілдік белгінің қоғамдық әлеуметтік мәні, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысуы. Тілдік қызметі. Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметі.

Сөйлеудің физиологиялық негізі.

Сөйлеудің динамикалық локолизациясы

Сөйлеу әрекетінің бұзылуы.

Сөйлеудің түрге бөлінуі.

 

Ойлау - қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, тек ғана адамға тән ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс.

Заттардың көптеген қасиеттерін адамдар сезім органдарының, яғни, көру, есту, сипай сезу, дәм жөне басқа сезімдердің көмегімен танып біледі. Бірақ елестетіп көрелікші, егер біздің дүние туралы барлық білімдеріміз тек затгарды түйсінумен және қабылдаумен тамамдалса, не болар еді?

Онда біз атомның құрылысын білмеген болар едік, себебі ол өте нәзік және біздің көзімізге көрінбейді, біздің құлағымыз естімейтін ультрадыбыстардың барлығы туралы білмеген болар едік, жерден күнге дейінгі қашықтықты (аралықты), жұлдыздардың температурасын және көптеген табиғаттың сырын білмеген болар едік.

Бірақ бізге атомның құрылысы да, ультрадыбыстардың қасиеттері де, жұлдыздардың температурасы да және т.б. біздің қолымыз жетпейді, оларды біздің көзіміз көрмейді, құлағымыз естімейді. Демек, сезім органдарымен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл — ойлау.

Ойлаудың қандай ерекшеліктері сезім органдары арқылы мүмкін болмайтын салаларды тануға бізге мумкіншілік береді? Осындай мысалды ғылым тарихынан қарастыратын болсақ:

француз астрономы Леверье Уран планетасының қозғалысындағы ауытқуды бақылай келіп, оның себебін іздеді. Аспан денелерінің қозғалысы туралы мәліметтерді салыстыра және талдай келіп, ол Уран планетасының артында тағы да планета өмір сүреді деген қорытындыға келді, сол кезге дейін белгісіз планетаның тартылыс күші Уранның қозғалысындағы ауытқушылықтың себебі болып табылатындығын дәлелдеді.

Ол математикалық есептеулердщ көмегімен бұл планетаның орналасқан орнын дәл көрсетіп берді, оны телескоппен бақылау мүмкін болмады. Леверьенің математикалық есептеулеріне негіздей отырып, басқа ғалым Галле 1846 жылы телескоптың көмегімен көрсетілген орнында Нептун деп аталатын жаңа планетаны тапты.

Бұрынғы бақылауларда алынған мәліметтерді өндеу негізінде астрономның ойлау іс-әрекеті аңғарылды, ол ой қорытындысы жолымен планетаның болғандығы туралы қорытынды жасады.

Әрбір адам өзінің күнделікті өмірінде, еңбек іс-әрекетінде өзінің бақылауларынан қорытынды жасау қажеттіліктерімен кездеседі. Жұмысшы моторлар мен механизмдердің үйреншікті дыбысының бұзылуы бойынша станоктың оған көрінбейтін ақауы туралы біледі және оны жөндеуге уақытында тоқтатады.

Физик-ғалым ерекше пленкада қалдырылған іздер бойынша элементарлық бөлшектердің болғандығы туралы қорытынды жасайды.

Ойлау барлық жерде де қажет, онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын заггардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз.

Ойлау- бұл ерекше дәл, терең, толық жалпы және жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып-білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі моні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады.

Мысалы, бізге белгілі, егер жарық сәулелерін шыны призма арқылы жіберсе, онда бұл сәуле спектордың жеті түсіне бөлінеді, оларды біз қабылдаймыз (көзбен көреміз). Физикадан бұл сәулелерден басқа, басқа да сәулелердің бары бізге белгілі, бұл сәулелер инфрақызыл және ультракүлгін деп аталады.

Бұл сәулелерді сезім органдарымыз арқылы көре алмаймыз, қабылдау мүмкін емес. Олардың табиғаты ойлаудың көмегімен ашылған.

Дүниедекөптеген құбылыстаркездеседі, біз оларды қабылдай, елестете алмаймыз, ал олар туралы ойлауға болады. Мысалы, елестету арқылы 1 секундына 300.000 км жылдамдықпен болатын қозғалысты білуге болмайды, ал ойлау арқылы біле аламыз (бұл жарықтың жылдамдығы). Осындай жылдамдықты сезім органдарымыз арқылы ажырату мүмкін емес, тек ойлау арқылы мүмкін.

Сонымен, ойлау деп қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады.

Ойлау таным үрдісінде ерекше рөл атқарады. Ойлау танымның шекарасын кеңіте түседі, түйсіктер мен қабылдаудың тәжірибесінің сыртқа шығуына мүмкіншілік береді.

Ойлау үрдісінің мәні, оның құдіретті күші туралы заманымыздың ұлы жазушысы-гуманисі Шыңғыс Айтматов былай деп жазды: