Адаптация

Адаптация деп түйсік органдарының сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге бейімделуін айтады. Тітіркендіргіштің әрекетінің өзгеруімен сезгіштік те өзгереді. Күшті тітіркендіргіштерде сезгіштік артады, ал әлсіз тітіркендіргіштерде сезгіштік азаяды. Сондықтан да адаптация жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.

Көру түйсіктерінде адаптация анық байқалады, әсіресе жарықтан қараңғыға шыққанда және керісінше – қараңғыдан жарыққа. Мысалы, жарық бөлмеден қараңғыға, далаға шыққанда, алғашында айналаны ешқандай көрмейді, бірте-бірте біздіңк көру органымыз қарңғылыққа бейімделе бастайды. Мұны қараңғыға бейімделу деп атайды.

Эксперименттік зерттеулердіңк мәліметтері бойынша, қараңғыда жарыққа сезгіштік жарықтағы сезгіштікпен салыстырғанда 200 мың есе көбейеді (бір сағаттың ішінде) керісінше, қараңғыдан жарыққа өткенде жарық жағждайда көру органдарымыз тағы да бейімделу үшін бірер уақыт қажет. (шамамен 4-5 минут). Мұны жарыққа бейімделу деп атайды.

Адаптациялық құбылысты температуралық түйсінулер саласында да байқалады. Жаз кезінде суға сүскенде немесе душ алғанда, су алғашқы сәтте бізге салқын сияқты көрінеді, бірнеше минут өткеннен кейін суды, сол температурамен салқын емес немесе жылы сезінеміз, бұл сол температураға уақыт өте бейімделу болып табылады.

Иіс түйсінулерінде адаптация тез пайда болады. Мысалы, біз бөлмеге кіргенде. Бөлмедегі жағымсыз иісті сеземіз, содан белгілі бір уақыт өте оның иісін сзбей қаламыз. Организміміз ол иіске бейімделіп кетеді. Тәжірибе көрсеткендей, толық адаптацияда иіс сезілмейді. Мысалы, иодтың иісіне организмнің бейімделуі (иіс органына бейімделуі) 50-60 секнд өткеннен кейін болады, камфорыға 1,5- мн, ащы иісті сүзбеге -8 минуттан кейін бейімделеді.

Күшті адаптация сипай сезу түйсіктерінде немесе әлсіз қысымды байқалады. Көп жағдайда киімнің ауырлығын және қысымын біз сезбейміз, көзілдіріктің қысымын түйсінбейміз.

Кейде көзде тұрған көзілдірікті іздеп әуре боламыз.

Адаптация көру, температуралық, иіс және сипай сезу түйсіктерінде күшті болады, ал есту және ауыру түйсіктерінде әлсіз байқалады.

Түйсінулердің өзара әрекет етуі

Түйсінулердің қарқындылығы тек тітіркендіргіштің күшіне ғана байланысты емес, рецептор адаптациясының деңгейіне, соынмен қатар қазіргі басқа да сезім органдарына әсер ететін тітіркендіргіштерге байланысты.

Басқа сезім органдары тітіркендіргіштерінің әсерімен анализатордың сезгіштігінің өзгеруін түйсінулердің өзара әрекеті деп атайды.

Әдебиетте түйсіктердің өзара әркетінен тындайтын сезгіштіктердің өзгеруінің көптеген фактілері жазылған болатын. Көру анализаторының сезгіштігі есту тітіркендіргішінің әсерімен өзгереді.

Жалпы алғанда, барлық біздің анализаторлқ жүйелер бір-біріне ықпал етуге қабілетті. Адаптация сияқыты түйсіктердің өзара әрекет етуі бір-біріне қарама-қарсы үрдістерде байқалады: сезгіштіктің артуы мен төмендеуі. Жалпы заңдылық; әлсіз тітіркендіргіштер сезгіштікті арттырады, ал күшті тітіркендіргіштер өзара әркеет етуде езгіштікті азайтады.

Сенсибилизация деп аналаизаторлардың және жаттығулардың өзара әрекет ету нәтижеінде сезгіштердіңк артуын айтады. Сенсибилизация- тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс. Адамның барлық стимулдарға сезгіштігі бірдей емес, тек белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсінуге болады, әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштерді, сезгштікті арттырады. Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына себпші боады. Қызыл түс адамның ақ қара түстерді жұрыс ажыратуына көмектеседі. Мысалы, ұшқыштар түнгі ұшуға дайныды кеінрде 20-30 мин. қызыл көзілдірік киеді.

Сенсибилизацияға қарама-қарсы үрдіс – десенсибилизация.

Синестезия (гректің сөзі – «ynai» the «і», қазақшасы қосарлақан түйсік) Кейбір адамдардың түйсінулерінде синестезия деп аталатын құбылыс байқалады. Бұл екі түйсіктің біртұтас түйсікке бірігуі. Синестезияда түйсіктердің біреуінің қазіргі сәтте тікелей әсер ететін тітіркендіргіші болмайды, ол қайта жаңғырады.

Синестезияның ерекше жиі кездеметін түрлерінің бірі «түсті есту» деп аталатын түрі, онда дыбысты түйсіну – шу, тон, музыкалық аккорд – көру бейнесін шақырады, жарықты немесе түсті елестету. Анық байқалатын түсті дыбыс мысалы, композитор Скрябинде кездеседі.

Синестезия құрылысын, бейнелейтін жекелеген сөз тіркестері әдеби сөйлеу тілінен табылады. Мысалы, «бажырайған түс» «алапес түс» «жылы және сақын колорит туралы» , «жылы дыбыс» туралы және т.б.

Синестезия табиғаты әлі толық зерттеліп болған жоқ. Синестезия түйсінулердің әртүрлі түрлеріне тән эмоциялық сәттердің бірлігі арықылы іске асады. Синестезияның физиологиялық негізі бс ми қыртысыныңк жекелеген орталықтарының арасындағы берік қалыптасқан артты байланыс болып табылады. Соңғы жылдары түсті музыкалық құралдарды жасау синестезия құбылысына негіздеоген, бұл аппараттар дыбыстық бейнелерді түсті музыкаға айналдырады.

Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру

Баланың барлық сезім органдары бірті-бірте дамып, жетіле бастайды. Бірақ бала жарық дүниеге келгеннен бастап, үлкендер сияқты қоршаған дүниені танып біледі деуге болмайды. Балаларда сезім органдары бірте-бірте дамиды, олардыңк түйсінулерге қабілеттілігі тәжірибеге және тәрбиеге байлансты жетілдіріледі. Кішкентай сәбидіңк нені түйсінетіндігі туралы біз тек қана олардыңк белгілі тітіркендіргіштерге жауап реакцияларын айта аламыз. Осы реакциялары бойынша өмірінің алғашқы күндерінен бастап, сәбиде жылылық пен салқындыққа тері түйсіктері қалыптасқандығын аңғаруға болады.

Сәбидәң көздері алғашқыда күннен, жарықтың өзгеруін бағдарлай бастайды. Түстерді ажырату баланың бір айлығында аңғарылады. Бала дүниеге келгенде алғашқы күндері естемейді. Оныңк себебі жаға туған баланың ортаңғы құлағы ерекше жарғақпен бекітілген, ол дыбысты өткізуге кедергі келтіреді. Алғашқы аптада бұл дене үгіліп түсіп қалады да, сәби дыбысты бағдарлайды. Бірте-бірте дыбыстқа сезгіштігі қалыптасып, 2-3 айда дыбыстыңк бағытын айырады, басын дыбыс шықан жққа бұрады.

Алғашқы екі-үш айлығында баланың барлық сезім органдарыныңк қызметі қалыптаса бастайды. Одан әрі бұл органдардың дамуы және түйсінулердіңк жіктелуі айырма сезгіштігініңк күшеюіне байланысты іске асады. Мысалы бала 4 жасында көптеген түсті ажыратады. Ал есту түйсігі 2-3 жаста дамығандығы соншама, балалар кейбір адамдардың дауысын жеңіл айырып қана қоймайды, сонымен қатар жекелеген заттардың дыбысын және күрделі музыкалық әуендерді ажырата алады.

Мектепке дейінгі кезеңнің өзінде барлық түйсінулерге баланың абсолюттік сезгіштігі өте жоғары деңгейге жетеді. Үлкен адамдармен немеес мектеп оқушыларымен салыстырғанда мектепке дейінгілерде айырма сезгіштігі өте төмен дамыған.

Мектеп жасында балалардың түйсіктері одан әрі дами түседі. Шәкірттерде ең алдымен айырма сезгіштігі жақсы дамиды. Күшті қарқынмен көру және сезу сезгіштіктері ерекше дамиды.

Психологтардыңк арнаулы зерттеулері көреткендей 7 – ден 10 жасқа дейінгі шәкірттерде түстердің белгілеріне сезгіштігі 45% артады, ал 10-нан 12 жасқа дейінгілерде 60 пайызға дейін арта түседі. Түйсіктердің түске саралануына сурет салуға үйретудің мәні орасан зор. Мектеп жасынида шәкірттердің есту түйсіктерін дамытуда алатын орны ерекше.

Шәкірттердің мектеп жасында қозғалыс дағдыларының қалыптасуына байланысты бұлшық ет, қозғалыс сезгіштігі дамиды. Психологтардың зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша бұлшық ет, қозғалыс сезгіштіктері 8-14 жас араллығында 50 пайыздан астам артатындығы дәлелденеді.

Түйсінуді дамытуда дұрыс ұйымдасқан тәрбиенің мәні орасан өор. Денсаулық туарлы қамқорлық шәкірттерді жан-жақты үйлесімді дамыту жүйесінде дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екендігін жақсы білеміз.

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Түйсіктер дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

2. Анализатор қанша бөліктен тұрады?

3. Түйсіктердің танымдық мәні туралы идеалистік көзқарастарға сипаттама беріңіз.

4. Түйсіктер қандай топтарға бөлінеді? Әрқайсысына сипаттама беріңіз.

5. Түйсіктердің заңдылықтарына тоқталыңыз?

6. Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі дегеніміз не?

7. Түйсіктердің контрастылығы дегеніміз не? Мысал келтіріңіз

8. Адаптация дегеніміз не? Күшті және әлсіз адаптацияларды атаңыз. Мысалдар келтіріңіз.

 

5-дәрісбаян.

Қ абылдау

Жоспары:

1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.

2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

3. Уақыт пен кеңістікті қабылдау.

4. Қабылдауды дамыту.

Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күр­делі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бей­нелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Психикалық қабылдау процесі - субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті.

Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады.

Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады.

Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың қасиеттері

Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.

Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдауда заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.

Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды. Мысалы, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді.

Қабылдау тұрақтылығы (константтығы).Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғы-мас қалпында бейнеленеді.

Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.

Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы - иллюзия (алдану) салдарынан.

Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау - галлюцинациядеп аталады.

Қабылдаудың физиологиялық негіздері

Қабылдау рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.

Қүрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.

Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.

 

Қабылдау формалары

Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнеленгенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Кеңістік нысандарын қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық -көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі .

Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілет аккомодация(көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды.

Уақыт та - материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын - уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.

Бақылау және қабылдауға тәрбилеу

Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады.

Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесінде көрінеді. Бақылау - бұл қабылдау объектіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен, жоспарлы және ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, зерттеп бару.

Бақылау - адамның қоршаған дүниені сезімдік тануының белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекет ретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрі түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді Дайындық барысында аса қажет жұмыстар: бақылау міндетін түсініп алу, бақылау барысында орындалатын талаптарды жете тану, күні бұрын бақылаудың жоспары мен әдістерін анықтап алу. Бақылауда бақылаушының белсенділігі зерттеу барысындағы ойлау қабілеті мен жедел қимыл әрекеті үлкен маңызға ие. Затпен айналыса, оған араласа, қатынас жасай отырып, адам бақылаудағы нысанның көп қырлары мен сырларын түбегейлі біле алады. Затты жан-жақты әрі кең бақылау нәтижесінде зерттеуші анық, сонымен бірге жүйелі жұмыс белгілеп, бақылауындағы нысанның әрі бөлігін белгілі тәртіпте бірінен соң бірін қарастыру мүмкіндігіне жетіседі, осыдан ешнәрсе көзден таса қалмайды, бұрын қабылдап, танығанына қайта оралып, уақыт оздырмайды.

Бақылау ісіне болған адам қатынасы үлкен мәнге ие. Ұзақ жаттығудың арқасында бақылағыштық қабілет дамиды, яғни адам бір көргенге көзге түспейтін, онша қажет еместей көрінетін заттың майда ерекшеліктерін байқауға үйренеді. Бақылағыштық қасиетті дарыту мақсатында келесі жаттығуларды орындау қажет: әртүрлі заттарды және олардың тараптарын салыстыру; зат бөліктері арасындағы байланыс пен өзара ықпалына назар аудару; бір қарағаннан заттар мен құбылыстардың көбірек қасиет, сапаларын қамту; елеусіз өзгерістерге де мән бе­ріп, назар аудару; қабылданатын заттың мәнді тара­птарын айыру.

Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелілік; жоспарлы болуы т.б. Адам өмірі мен қызметінің барша саласында бақылағыштықтың маңызы үлкен. Ал адамның бұл қасиетінің қажетті деңгейде болуы үшін оны балалық жастан ойын мен оқу барысында тәрбиелеп бару керек.

Қайталау және бекіту сұрақтары

1. Қабылдау процесінің мазмұндық сипаты қандай?

2. Қабылдау құбылысына байланысты қандай қасиеттерді атай аласыз?

3. Қабылдау физиологиялық тұрғыдан қалай түсіндіріледі?

4. Қабылдаудың күрделі формаларымен байланысты құбылыстар қандай?

 

1-дәрісбаян.

Зейін

Жоспары:

1. Зейін туралы түсінік.

2. Зейін психикалық феномен ретінде.

3. Зейіннің негізгі сипаттамалары.

4. Объект және субъект ерекшеліктеріне қатысты сананың шоғырлануы.

5. Зейін және сана.

6. Зейіннің физиологиялық механизмдері мен мен бағдарлаушы рефлекс.

7. Танымдық процестер аясындағы зейіннің алар орны.

8. Зейіннің негізгі түрлері. Ырықсыз зейін және оны тудырушы факторлар. Ырықты зейін ерекшеліктері.

9. Ырықты зейіннің әлеуметтік факторлары. Үйреншікті зейін. Зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.

Зейін туралы жалпы түсінік

Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.

Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.Зейін — адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.

Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес.

Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д.Ушинский зейін туралы былай деп жазды: "Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан-дүниесіне жетіп отырады."

Балалардың үлгермеушілігін алдымен олардын зейінділігінің жеткіліксіздігінен іздеуіміз қажет. Есінің әлсіздігі, оқу материалын меңгерудегі әлсіздігі негізінен зейіннің әлсіздігіне байланысты. Заттар мен құбылыстарға зейін аударғанда адам санасы бір нысанаға шоғырланады және бағытталады. Бұны былай түсінуге болады: адамды қоршаған көптеген заттардың ішінен біреуін бөліп, зейін аударады, ал барлық қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатынаңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап қарайық, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тындайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есеп шығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейін қойып орындайтынын аңғару қиын смсс.

Оқу әрекетінің барлық түрлері оқушыдан ерекше зейін салуды қажет етеді, зейінсіз оқу әрекетін меңгеру мүмкін емес.

Оқу әрекетінде шәкірттердің зейінін бақылап қарайтын болсақ, оның бет-пішінінің қалай өзгеретінін, денесінің орналасуын, қандай іс-әрекетті орындауға байланысты көзінің бағьпталуын байқауға болады. Шәкірт белгілі бір нысанаға зейін аударғанда, зейіннің әр уақытта да сыртқы көрінісін аңғарамыз. Мұғалім шәкірттердің оқу үрдісінің бірінші жылынан бастап, оларды зейінді болуға тәрбиелейді. Мұғалім "Бәріңіз де маған қараңыз", "Дұрыс отырыңыздар" деген қаратпа сөздерді жиі қолданады. Таным үрдістерінен (қабылдау, ес, ойлау және т.б.) негізгі ерекшелігі, зейін жеке таным үрдісі бола алмайды, өзінің ерекше мазмұны болмайды. Зейін таным үрдістерінің ішінде аңғарылады және олардан бөліп қарауға болмайды. Зейін психикалық үрлістердің іске асу динамикасын сипаттайды. Мысалы, бір нәрсені қабылдау үшін міндетті зейін саламыз, еске сақтау үшін зейін саламыз.

Зейін өз табиғаты жағынан таным үрдісі бола алмайды, бірақ кез-келген таным үрдісінің іске асу шарттарын сипаттайды.

Зейін төмендегідей қызметтерді атқарады: психологиялық және физиологиялық үрдістердің қажеттерінің белсенділіктерін арттырады және қажетсіздерін тежеп отырады, түскен ақпаратты мақсатты, ұйымдасқан іріктеуге көмектеседі, белгілі бір нысанага белсенділікті ұзақ уақыт шоғырландыруға көмектеседі.

Зейін туралы өте маңызды теориялық тұжырымды Т.Я.Гальперин ұсынған болатын. Оның зейін туралы тұжырымдамасының негізгі қағидалары төмендегідей:

1. Зейін бағдарлы зерттеу іс-әрекетінің сәттерінің бірі болып табылады. Ол қазіргі кезде адам психикасының, бейнесінің, ойының мазмұнына бағытталған психологиялық іс-әрекет болып табылады.

2. Өзінің қызметі жағынан зейін осы мазмұнды бақылау болып табылады. Адамның іс-әрекетінде бағдарлы, орындаушылық және бақылау функциялары кездеседі.

3. Белгілі бір өнім өндіретін басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі бақылау іс-әрекеті немесе зейіннің бөлек, жеке нәтижесі болмайды.

4. Зейінде бақылау өлшемдердің, үлгінің көмегімен іске асады, ол іс-әрекеттің нәтижесін салыстыруға және оны анықтауға көмектеседі.

5. Ерікті зейін — жоспарлы зейін, бақылау алдын ала жасалған жоспар бойынша іске асалы.

Зейіннің физиологиялық негіздері

Зейіннің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында болатын негізгі жүйке үрдістері - тежелу мен қозудың өзара әрекетінің тетігі жатады. Зейін үрдісінде адамды қоршаған ортада көптеген басқа заттардың ішінен белгілі бір затты, нысанды ерекше бөліп, соған санасын бағыттайды, ал басқа заттар қабылдаудың жалпы фоны болып табылады. Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П. Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциясы заңыбойынша бас ми алабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса, бас мидің басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады.

Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы барлық басқаларына үстемдік етеді, оны доминантадеп атайды (немесе қозудың оптималді орталығы), ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі.

И.П.Павловтың қозудың оптималді орталығы туралы ілімі зейіннің физиологиялық негізі болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін анықтау үшін академик А.А.Ухтомскийдің ұсынған доминанта қағидасының міні зор. Бұл принцип бойынша, мида әр уақытта да қозудың үстемдік ететін орталығы болады. Ол өзіне миға бара жатқан барлық қозуларды шақырады және осының арқасында оларға үстемдік етеді. Осындай орталықтың пайда болу негізі тітіркендіргіштің күші ғана емес, сонымен қатар бүкіл жүйке жүйесінің толық жағдайына байланысты.

Сонымен, доминантадеп бір уақытта адам санасына ісер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреуінің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомский зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіргендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті ісер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталығы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминантадеп атаған еді.

Доминанта бар кезінде қозудың басқа орталықтары (әлсіз тітіркеңдіргіштер - "субдоминанталар") көп жағдайда жоғалып кетпейді. Олар доминантамен бірігіп кетеді, оны күшейтеді немесе доминантаға қарсы күреседі. Осы күрестің нәтижесінде субдоминанталар өздері доминанта болуы мүмкін, ал бұрынғы доминанта субдоминантаға айналады. Доминанта қозудың үстемдік орталығы ретінде біздің зейініміздің белгілі бір затқа бағытталуы мен жинақталуының физиологиялық негізі болып табылады.

Зейін көп жағдайда организмнің ерекше бейімделуі өзгерістеріне байланысты аңғарылады. Мәселен, заттар мен құбылыстарды көру қабылдауы арқылы зейін қоюда біздің көзіміз затқа немесе құбылысқа ерекше бағытталады, көзді алмай қарайды. Дыбысты қабылдауда да зейін салып тыңдаймыз, біз мойнымызды бұрып, ұйып тыңдаймыз. Егер де зейін шығармашылық қиялмен байланысты болса, адам көзі алысқа бағытталған болады. Ой үстінде зейін салудың ерекшеліктері бар. Зейіннің күшеюіне байланысты тыныс алу да сиректейді немесе ұзара бастайды. Зейін қою кезінде бұлшық ет жүйесінде де өзгерістер іске асады. Барлық артық қозғалыстар азаяды. Бұлшық ет жүйесі ерекше жағдайда болады.

Зейіннің түрлері және оларға сипаттама

Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні – белсенді зейін деп атайды.

Еріксіз зейін депалдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, күші, көлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Мәселен, әдемі ашық түсті және жарқыраған ойыншық мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің зейінін өзіне ерекше аударады.

Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, өткір иіс — еріксіз зейінімізді аударады. Еріксіз зейінімізді аударуда ерекше рөл атқаратын тітіркендіргіштердің арасында контраст (қарама-қарсы) болуы мүмкін.

Мәселен, келе жатқан бір топ адамдардың ішінде біреуі басқаларына қарағанда өте бойшаң болатын болса, соған еріксіз назарымызды аударамыз. Сонымен қатар күнделікті өмірлік бақылаулар, арнаулы тәжірибелер көрсеткендей, кей жағдайда өте әлсіз тітіркендіргіштер зейінді шақырады. Мәселен, кенеттен тыныш ортада болған қатты дыбыс немесе керісінше, кенеттен пайда болған тыныштық ол да еріксіз біздің зейінімізді аударады.

Сонымен қатар тітіркендіргіштердің жаңа болуыеріксіз зейінді шақыруға себепші болады.

Еріксіз зейіннің ең негізгі себептерінің бірі жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының әрекеті, оның ішінде қызығулардың мәні орасан зор. Не нәрсе қызықты болса, ол еріксіз зейінді аударады.

Психологтардың еңбектерінде еріксіз зейіннің пайда болу себептерінің бірі - зейіннің бағыттылығы іс-әрекеттің құрылымына тәуелді болуы.

Еріксіз зейіннің алғашқы физиологиялық негізі бағдарлы немесе зерттеу рефлекстері болып табылады. Бұл рефлекстерді академик И.П.Павлов басқаша "бұл не?" рефлексі деп атайды.

Ерікті зейін депсаналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын таңдай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық тұрғыдан көп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды. Студент алдына күні бұрын лекцияны түсініп, жазып алу жөнінде мақсат қояды, өзінің зейінін профессордың лекциясына аударады.

Жұмыстың көптеген түрлерінде көп жағдайда ерікті зейінді қажет етеді. Мәселен, корректордың жұмысы, тас қалауда құрылысшының жұмысы, жүргізушінің жұмысы, мұғалімнің жұмысы т.б. ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей. Осындай негізі белгілеріне белгілі бір нысанаға сананың шоғырлануы мен бағытталуы жатады. Белгілі бір жұмыс үстінде, оның ішінде тиімді оқу үрдісінде ерікті зейін еріксіз зейінге ауысуы мүмкін, керісінше, еріксіз зейін еріктіге. Мәселен, қандай болмасын оқу материалын меңгеру барысында әр уақытта да шәкірттерден ерікті зейіннің болуын қажет етеді. Бірақ меңгеру үрдісінде зейін жиі еріксіз зейінге айналады. Зейіннің осындай өзгеруі оқу материалы мазмұнының кейбір ерекшеліктеріне байланысты (мәселен, оның ашықтығы, қызықтылығы) баяндау ерекшеліктеріне тәуелділігі, көрнекілігі, түсініктілігі, сонымен қатар шәкірттердің оқуматериалы мазмұнына қызығуына байланысты. Зейінді еріктіден еріксіз үрдіске қайта құру білімді меңгеруді біршама жеңілдетеді.

Кейде кері құбылыс та болады. Егер іс-әрекет үрдісінде (мәселен, білімді меңгеру үрдісінде) қандай да болмасын қиындық кездессе, онда еріксіз зейін ерікті зейінге ауысады.

Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын алады. Осындай құбылысты зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің бөлінуі жұмысқа жағымсыз әсер етеді.

Зейіннің қасиеттері

Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады.

Осы қасиеттердің байқалу және көріну дәрежесіне қарай жекелеген адамдардың зейінінің белгілі бір жағымды және жағымсыз сапалары анықталады.

Зейіннің ауыспалылығы- бұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мәселен, кітап оқудан шәкірт өз зейінін, суреттерді көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Шәкірттер өз зейінін бір пәнді оқудан, екінші пәнді оқуға, онымен жұмыс істеуге ауыстыруы мүмкін. Тарихтан-математикаға, әдебиеттен-қазақ тіліне және т.с.с. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруымен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады.

Зейіннің ауысуы кей жағдайларда қиыншылықтарға байланысты: кейде бұрынғы нысанадан жаңа іс-әрекетке кірісу қиындық туғызады. Зейіннің ауысуының қиындығы мен жеңілдігі әр түрлі себептерге байланысты. Осындай себептерге жататындары бұрынғы және кейінгі іс-әрекеттің мазмұнының арасындағы байланыстың болуы мен болмауы. Осы байланыс болған жағдайда зейін жеңіл, тез ауысады. Зейіннің ауысының жеңілдігі мен қиындығының себебі сонымен қатар адамның қатынасы, зейін нысанына қызығудың болуы мен болмауы жатады. Егер де адам бұрынғы нысанына өте қызыға зейін салса, кейінгі нысанына қызығуы әлсіз болса, ондай жағдайда бұрынғы нысанының зейінді аударуы қиынырақ болады және зейіннің ауысу үрдісі жай іске асады. Керісінше, егер де кейінгі нысаны бұрынғыға қарағанда өте қызықты, тартымды болса, онда зейіннің ауысуы ешқандай қиындықсыз іске асады. Тез ауысуға қабілетті зейін бағалы болып есептеледі. Зейіннің бұл сапасының арқасында адам қоршаған жағдайды тез бағдарлай алады, өзгерген жағдайда әр түрлі элементтердің мәнін тез ескере және анықтай алады.

Іс-әрекет үрдісінде зейін тек бір ғана нысанаға бағытталып қана қоймайды, сонымсн қатар екі немесе үш нысананы қамтиды. Біздің зейініміз жекелеген іс-әрекет түрлерінде орналаса алады.

Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануыдейді. Мәселен, біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуыдегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға (екі, үш) бағытталуын айтады. Мәселен, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінін дұрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жол жүрушілердің, автомобилдердің және басқа трамвайлардың қозғалысын, сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек. Сол сияқты жүргізуші де өзінің зейінін осылай орналастыруы қажет. Мұғалімге де сабақты түсіндіру кезінде шәкірттердің мінез-құлқына, тәртібіне, көрнекі құралдарды көрсетуге, тақтаны дұрыс пайдалануға өз зейінін орналастыра білуі керек.

Шоғырлану және орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады. Сонымен, зейіннің орналасуын тез арада зейіннің бір нысаннан екінші нысанға тез ауысуы деп түсінуіміз керек. Юлий Цезарь туралы мынадай әңгіме сақталған. Ол бір уақытта бірнеше күрделі жұмысты орындай білген: жаза, оқи, тыңдай білген және сөйлей білген. Психологиялық тұрғыдан мұндай құбылыс мүмкін емес. Юлий Цезарь тез арада зейінін бір нысаннан екінші нысанға ауыстыру қабілетін меңгере білген талантты ғұламалардың бірі болды. Өз талантының арқасында ол өз зейінін бір уақытта іс-әрекеттің төрт түрлі түріне шоғырландыра білді.

Мынадай да жағдай әркімге белгілі: адам тыңдайды (дәріс баяндама) сонымен қатар белгілі бір басқа құбылыстар туралы қиялдайды, ойлайды, кітап оқиды. Бұл жағдайда зейін тез арада бір нысаннан екінші нысанға ауысады (лекция тыңдаудан кітап оқуға).

Зейіннің көлеміөте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Адам зейінінің көлемі бірдей бола бермейді. Кейбір адамның зейінінің көлемі кең болса, кейбіреулердікі өте тар болады.

Зейіннің көлемі бір мезгіл ішінде бірнеше нысанды қабылдай алуға байланысты.

Көлеміне қарай зейін тар немесе кеңболуы мүмкін. Эксперимент жағдайында зерттелушіге бір уақытта қабылдау үшін әр түрлі әріптерді, сөздерді, заттарды, фигураларды ұсыну арқылы зейіннің көлемі анықталады.

Зерттеуші неғұрлым көп нысанды қамтыса, соғұрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды тез арада экран арқылы көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.

Тахистоскоп арқылы жүргізілген тәжірибенің нәтижелері көрсеткендей, ересек адам бір уақытта зейіні арқылы үштен алтыға дейін бір-бірімсн өзара байланыссыз нысандарды қамти алады.

Бірақ қабылданатын нысандар мағынасы жағынан байланысты, егер бұл нысандар тұтастық элементі болса, онда олар сан жағынан көп көлемде зейін арқылы қамтылуы мүмкін.

Мәселен, егер тахистоскопта бөлшектелген әріптер емес, ал 3-4 әріптен тұратын сөздер көрсетілетін болса, онда сауатты адам 3-4 сөзді қабылдайды, демек, 9-дан 16-ға дейін әріпті, сондықтан сауатты адамдар жекелеген әріпті оқып қоймайды, ол бірден тұтас сөздерді оқиды. Эксперименттік зерттеулерде зейіннің көлемі тахистоскоп арқылы және зейіннің кейбір дара ерекшеліктері анықталған.

Зейіннің көлемінің кеңдігі, қабылдаудың дәлдігі мен бірігуі жағымды қасиет болып табылады. Зейіннің кеңдігі, мәселен, педагогке сабақ кезінде қажет: педагог өзінің көзінің қырында сыныптағы барлық шәкірттерді ұстауы қажет.

Зейіннің ерекше негізгі қасиеттеріне оның күші мен тұрақтылығыжатады. Зейіннің әр түрлі дәрежеде күші болады, ол күшті және әлсіз болуы мүмкін, зейін неғұрлым күшті болса, соғұрлым нысанаға көп шоғырланған болады. Тахистоскоп — грек сөзі қазақша тез, жылдам қарапайым мағынасында қолданылады. Сырттай қарағанда, зейіннің күші туралы негізінен зейіннің бөліну дәрежесіне қарай бағалауға болады. Мәселен, егер шәкірт әр түрлі, тіпті әлсіз, таныс емес тітіркендіргіштерге жауап беріп отырады (бұрылып қарайды), карандаштың жерге түскенін, көршінің әңгімесін, дәліздегі дыбыс және т.б. бұл оның зейінінің сол сәттегі әлсіздігін білдіреді. Егер де шәкірт осы бөтен тітіркендіргіштерді ескермесе, толықтай белгілі бір жұмысқа зейінін шоғырландырса, шәкірттің зейіні күшті деп есептейміз.

Өте әлсіз зейінді алаңғасарлықдеп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бір де біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының өмірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мәселен, шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.

Зейіннің тұрақтылығы.Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойына белгілі бір нысанда зейінін шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісіндс зейін қысқа мерзімнің ішінде басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейіндеп атайды. Шәкірттің зейінін тұрақты деп сол уақытта айта аламыз, егер ол бүкіл сабақтың бойына зейінін сабаққа аударып, ешқандай алаңдамай, мұғалімнің барлық айтқанын тыңдап отырған жағдайда.

Егер шәкірт оқытушының түсіндіргенін зейін қойып, тыңдайды, бірақ 10-15 минуттан кейін басқа іспен айналысады немесе бірдеңе туралы ойлайды. Осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атаймыз. Зейіннің тұрақтылығы оның қандай түрі еріксіз және ерікті болуына байланысты, сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты зейін әр түрлі бағаланады.

Зейіннің күші мен тұрақтылығы әр түрлі жағдайларға байланысты: зейіннің нысанының мазмұндылығына, іс-әрекетке, жұмыс жасалып жатқан жағдайға, сезімдерге, адамның ерік-жігеріне және оның қызығуына байланысты.

Зейіннің дамуы мен тәрбиеленуі. Баланың зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды, оның дамуы сезімдерінің, қажсттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.

Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Оның ішінде, еріксіз зейіннің оқу үрдісінде мәні зор. Еріксіз зейін арқылы оқу материалын меңгеру жеңілдейді, ол шәкірттердің шаршауын болдырмау арқылы іске асады. Ерікті зейінді қолдауға көрнекілік, оқытудың әсерлігі, оқылатын материалдың мазмұнына қызығуды ұйымдастыру, жаңа хабарлайтын материалдың шәкірттердің бар білімдерімен байланысы.

Бірақ бүкіл оқу үрдісін тек қана еріксіз зейінге құруға болмайды. Оқу жұмысы және жалпы адамзат әрекетінің барлық түрлері негізінен ерікті зейін арқылы іске асады.

Зейіннің дамуы жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен емес, мектептің бүкіл оқу-тәрбие жүйесінде іске асады. Зейінді тиімді тәрбиелеу төмендегі негізгі шарттарға байланысты:

1. Бала әр уақытта кез-келген іс-әрекетте, кез-келген жұмысты орындауда зейінді болуға тиісті, әр уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеу қажет.

2. Мектеп оқушыларын кез-келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді жаттықтыру.

3. Баланы сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетте зейін қоюға үйрету.

4. Зейінді болу әдетіне тәрбиелеу, зейінділік мінез-құлықтың үйреншікті түрі болуы тиіс.

Мұғалім әрбір шәкірттің зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір шәкірттің немесе бүкіл сыныптың кемшіліктерін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады.

Мұғалім әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде мектеп шәкірттерін үйрету керек. Мұғалімнің зейінді тәрбиелеу туралы бір жүйелі жұмысы әр уақытта да жағымды нәтиже береді; шәкірттермен кез-келген жұмысы зейін салып орындау әдетін дамытады.

12-дәрісбаян.

Жоспары:

Ес

1. Ес туралы жалпы түсінік және теориялар.

2. Естің түрлері.

3. Адамдардың даралық және психологиялық ерекшеліктеріне орай естердің түрліше сипатта болуы.

4. Ес үрдістері және оның түрлері.

5. Естің дара ерекшеліктері.

6. Есті дамыту және тәрбиелеу.

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.