КІРІСПЕ

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:Қасенов Қ.М., проф., т.ғ.д., ТҚжҚОҚ кафедрасының меңгерушісі, Бектұрғанова Г.С., доцент, т.ғ.к., Қалдыбаева С.Т., аға оқытушы., Ph.D д-р/

 

 

Әдістемелік нұсқаулар университеттің барлық мамандық студенттеріне дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімін орындауға көмек беруге арналған.

Әдістемелік нұсқаулар «Білім туралы» заңына сәйкес бакалаврларды дайындауда білім беру үрдісінің соңғы кезеңінде оқу үрдісін табысты аяқтау мақсатында дайындалған.

Аталған әдістемелік нұсқаулар: соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелерінен, ТЖ кезіндегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғаудың, жобаланатын технологиялық жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарынан, еңбекті ұйымдастыру және өртке қарсы қауіпсіздіктен, сонымен қатар соңғы кәсіби жұмыста өндірістік қауіпсіздік бойынша материалдарды рәміздеу ретінен тұрады. Аталған бөлімде жұмыс атқаруға қажетті кейбір анықтама материалдар келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулардың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі және ҚР қолданыста жүрген нормативтік құжаттары келтірілген.

 

 

Рецензенттер:техн.ғылымд.докт., проф. Долгов П.В.

 

 

Университеттің мамандық бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес басылып шығады.

 

 

© Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012

 

МАЗМҰНЫ

  Кіріспе………………………………………………………………………….
1. Соңғы кәсіби жұмыста ұйымдастырылатын өндірістік қауіпсіздіктің негізгі ережелері. ..............................................…………………………...    
2. Дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінің ұсынылатын мазмұны...…………………………………………………    
2.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы. …………………………………………………………….    
2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру...............................................................................................  
2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар …………………………………  
2.4 Электр қауіпсіздігі ……………………………………………………..
2.5 Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі ...................  
2.6 Шу және дірілмен күресу іс-шаралары …………………………..
2.7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары…………………………………………………………………….  
2.8 Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар. …………………………………………………..  
2.9 ТЖ зардаптарын жою ……………………………………………..
2.10 Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету. ………………………………………………………….  
2.11 Жұмыс орындарының атесстациясы …………………………………
2.12 Техникалық регламент талаптарын еңгізу …….………………...
2.13 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету……………………….
2.14 Өрт-жарылыс қауіпсіздігі ……………………………………………..
2.15 Жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсері мәселелері ...........…
  Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………………………………………….  
  Қосымша 1 ………………………………….
  Қосымша 2 ……………………………….
  Қосымша 3 ……………………………………  

КІРІСПЕ

Көбіне кәсіпорындарда орын алатын жазатайым жағдайлар жобалау кезінде ережелер мен нормалардан ауытқу, сәйкес техникалық регламент талаптарын бұзу себептеріне байланысты болады, сәйкесінше ол қауіпсіздік шарттарының бұзылуына әкеліп соғады.

Жобалау кезінде жіберілген жеке қателіктер мен кемшіліктер жазатайым жағдайлардың, техногенді апаттардың, өрттер мен кәсіптік науқастанудың жанама, тіпті тікелей себебі де болуы мүмкін. Бұл себептердің барлық ұйымдастырушылық және техникалық құралдармен алдын-алу олардың пайда болуының мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді және өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндіріс басшылары мен мамандардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Соңғы кәсіби жұмыста орындалатын қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар оса салада қолданылып жүрген техникалық регламенттерге, қауіпсіздік бойынша міндетті нормалар мен жетекшілік ережелеріне сәйкес болуы қажет.

Жобалау кезінде, әсіресе жаңа технологиялық үрдістері көзделген нысандарды жобалау кезінде (оған қоса қолданыстағы нормалар мен ережелерді дамыту), жаңа қорғаныс құралдары мен қауіпсіздік бойынша белгілі әдістерді жаңа шарттарда пайдалануды негіздеу және өзіндік ұйымдастыру мәселелері аса маңызды.

Соңғы кәсіби жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы техника және ТЖ кезіндегі қорғаныс бойынша туындайтын сұрақтар ауыртпалылығы және мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Демек, аталған сұрақтар бойынша қабылданатын шешімдер қарастылып отырған кәсіпорынның немесе өндіріс цехының технологиялық үрдісімен тығыз байланысын айқын көрсетуі шарт.

Жоба тақырыбына байланысты қауіпсіздік талаптары мен шарттарын ұйымдастыру және жанжақты мұқият бағалау, кейбір мәселелер бойынша ерекше негізделген шешімдер, сәйкесінше жұмыстың құндылығын арттыра түседі, бітіруші студенттің университет қабырғасында алған теориялық білімі мен тәжірибелік икемін көрсетеді.

Өндірістік қауіпсіздік талаптары қамтылмаған, толық ашылып қарастырылмаған немесе технологиялық үрдіспен байланыстырылмаған соңғы кәсіби жұмыс толыққанды және қорғауға жіберілген жұмыс деп таныла алмайды.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар университеттің барлық мамандық студенттеріне дипломдық жобаны орындауда көмек беруге арналған.

Дипломдық жобалау жұмысының тиімді әрі жүйелі түрде орындалуы үшін шығарушы кафедра ТҚжҚОҚ кафедрасымен соңғы курс студенттерінің тақырыптары мен ғылыми кеңесшілерін бекіткен сәтінен бастап тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.

 

1 СОҢҒЫ КӘСІБИ ЖҰМЫСТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ұйымдастырылатын және жоспарланатын қауіпсіздік іс-шараларының мазмұны мен сипаты соңғы кәсіби жұмысқа (СКЖ) берілетін тапсырма тақырыбына байланысты болады.

Осылайша өндірістерді жобалау кезінде аймақ территориясы мен бас жоспарға, ғимарат құрылысы мен құрылыс элементтеріне, цехтарды жобалауға, өндірістік үрдістерді орналастыру, көлік ағындарын ұйымдастыру, өртке қарсы су құбыры жүйесі мен оның қуатына, территорияның көркейтілуіне, тұрмыстық үймереттерге және т.б. қатысты техника қауіпсіздігі мен өрттің алдын-алу шаралары едәуір маңыздылыққа ие болады. Бұл мәселелердің әрқайсысы еңбек қорғау бойынша СКЖ-та жеке тақырып бола алады.

Цехтарды жобалау кезінде қауіпсіздік шарттарын өндірістің технологиялық үрдісінің сиапты мен ерекшеліктеріне сәйкес (шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, өндірістік қалдықтарды сақтау мен тасымалдауды қоса алып), жабдықтардың жинақталуына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына, эвакуациалау жолдарының, тұрмыстық ғимараттардың орналасуына байланысты қарастырған жөн.

Қандай да бір технологиялық үрдістің сұлбасын ұйымдастыра отырып, механикалық, химиялық, электрлік және басқа да жарақат түрлері мен кәсіптік зияндылық түрлерін, оның ішінде пайдалану кезіндегі апаттық шарттар мен қоршаған ортаға кері әсерлерін қоса алып зерттеу аса маңызды. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып негізделген қорғаныс шараларын ұйымдастыру қажет.

Қолданыстағы өндіріс орынын немесе цехты қайта құру мақсатын қолға алған тапсырмаларды орындауда, ең басты еңбекті қорғау тұрғысынан нақты шарттардың дәл және толық сипаттамасын берген жөн секілді. Бұл жағдайда СКЖ алдында болған өндірістік тәжірибе барысында жүргізген өзіндік бақылау мен статистикалық мәліметтер бойынша кәсіби науқастану мен жарақаттану анализін беру ұсынылады. Жүргізілетін зерттеуден жарақаттану себептерінің сипатын анықтауға болады және қорытынды ұсыныс ретінде олардың салдарын жою бойынша құрастырмалы-техникалық, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар ұсынуға болады.

Құрастырушылық сипаттағы тапсырмаларды орындауда (машина, аппарат, қондырғыны жобалауда) пайдалану шарттарына сәйкес қажетті қауіпсіздік құралдарының құрастырушылық ұсыныстарын ескеру қажет (қоршаулар, қауіпсіздіктің блокталуы, герметикалылық, ескертуші дабыл және т.б.).

Егер соңғы кәсіптік тапсырманың тақырыбы зерттеушілік (эксперименталдық) жұмыс болса, онда мақсаттық бағыт пен зерттеу әдістері, орындау техникасы, зерттеу аппаратурасы мен құралдар оны жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей тұрғыдан қарастырылуы қажет. Бітіруші түлекпен ұсынылатын қорытындылар мен ұсыныстар еңбек шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына негізделеді.

Демек жоба тақырыбына қарамастан жоба мәтіні мен сызбаларында қауіпсіз және салауатты еңбек шарттарын ұйымдастыруға бағытталған келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет:

машиналар, аппараттар және жабдықтарды пайдалану кезінде ауыр, қауіпті, еңбек сыйымды және монотонды жұмыстар мен операциялардың механизациясының міндеттілігі;

механикалық, термиялық және электрлік қауіптілікті ескере отырып, жабдықтардың қауіпті элементтерінің блоктауыштарының және құрастырымдық қоршауларының бар болуы;

бақылаушы-өлшеуші, реттеуші, сақтандырушы және дабыл беруші автоматтар мен құралдардың орналасуы және құрылысы, жұмыс атқару тиімділігі;

жоғары қауіптілікті үрдістер үшін арнайы қауіпсіздік талаптары (қысыммен жұмыс істейтін аппараттар, көтергіштер, жоғары электр қауіптілігі және т.б.);

қолайлы метеорологиялық орта мен қолайлы жұмыс орынын ұйымдастыру (желдету, жылыту, жарықтандыру, өтпелдердің, қондырғылардың орналасуы; техникалық эстетика элементтері);

Өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда өрттердің пайда болуының алдын-алу шаралары тек халық шаруашылығының материалдық құндылықтарын ғана емес, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін және олардың денсаулығы мен өмірін де сақтайтынын есте сақтау қажет.

Өрттер көбінесе жазатайым жағдайлармен қоса жүретіндіктен, ал кейде жазатайым жағдайларға әкеліп соғатын себептер жанудың өршуін дамытатындықтан, СКЖ орындау барысында қауіпсіздік техникасы мен өрттің алдын-алу шараларын бірге қоса алып қарастырған жөн.

«ТҚжҚОҚ» кафедрасының кеңесшілері мен шығарушы кафедралар жетекшілерінің келісімімен дипломдық жобада келесі сұрақтар қамтылуы мүмкін:

1. Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жақсарту, санитарлы қорғаныс аймағы

2. Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру

3. Көтеру-көліктік құрылғылар

4. Электр қауіпсіздігі

5. Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі

6. Шу және дірілмен күресу іс-шаралары

7. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары

8. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар

9. Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету

10. Жұмыс орындарының аттестациясы

11. Техникалық регламент талаптарын еңгізу және оларды сақтау мониторингі

12. Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету

13. Өрт-жарылыс қауіпсіздігі

14. Жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсері мәселелері

Аталған сұрақтар дипломдық жобаның сәйкес бөлімінде қамтылуы мүмкін және жеке бөлім ретінде бөліп қарастыруды қажет етпейді. Мысалы, белгілі бір технологиялық үрдісті ұйымдастыру кезінде, оның қауіпсіздігі жайлы мәселелер жеке параграфқа шығарылып немесе мәнмәтіні ретінде сол бөлімнің өзінде қарастырылуы мүмкін.

Одан басқа студент дипломдық жоба кеңесшісі мен жетекшісінің кеңесімен жоғарыда аталып кеткен сұрақтарды қамтымай-ақ көлемі 5 тен кем емес өндірістік қауіпсіздік бойынша қажетті инженерлік есептеу жұмыстарын орындауына да болады, сәйкесінше олар дипломдық жобаның жеке бөлімі ретінде рәмізделуі қажет.

Аталған сұрақтарға қатысты қолданылған әдебиеттер тізімі, нормативтік құжаттар тізімі және техникалық регламенттер әдістемелік нұсқаулардың соңында келтірілген.

Еңбекті қорғау, төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік есептеу жұмыстарын орындауға қажетті материалдар ТҚжҚоҚ кафедрасында электронды нұсқауда беріледі.

Бөлімді дер кезінде және сапалы түрде орындауы үшін студент дипломдық жоба жетекшісінен тапсырма алған соң кеңесшіге келуге міндетті.

Тапсырманы орындау барысында нормативтік ережелерді және т.б. ресми құжаттарды көшіріп алумен шектеліп қою рұқсат етілмейді. Өндірістік қауіпсіздік, ТЖ кезіндегі қауіпсіздік және еңбек пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтитын сұрақтардың қосынды есебі 3-5 бетті құрауы қажет.

Орындалған жұмыстың мазмұны мен сапасы студенттің өзіндік тәжірибелік қызметке дайындығын, алынған теориялық білімі және тәжірибелік икемі мен ептілігін шығармашылық түрде пайдалану қабілетін көрсетуі қажет.

Тапсырманы орындау барысында студент диплом алдындағы тәжірибеден жинаған материалдарын зерттеп, қажетті есептеу жұмыстарын жүргізеді және қауіпсіз, салауатты еңбек шарттарын, ТЖ кезінде нысандардың тұрақтылығын, жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсерінің төмендеуін қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырады.

 

 

2 Дипломдық жобаның «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» бөлімінің ұсынылатын мазмұны

2.1 Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы

Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

а) бөлінетін зияндылықтар (газ, шаң, түтін, шу т.б.) түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты;

Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

б) құрылыс алаңы бетінің күйі (орналастыру, көлбеулер, шалағай және сарқынды суларды шығаруды қамтамасыз ету);

в) кәсіпорын алаңында жолдардың орналасуы және адамдардың қауіпсіздігін ұйғару бойынша оларға қойылатын талаптармен қамтамасыз ету;

г) алаң бойына адамдардың жүруі үшін аяқжол ұйымдастыру (аяқжолдардың ені, жабындысы, авто көлік пен темір жол көлігіне қатысты орналасуы);

д) адамдар мен көліктердің жұмыс істеу және қозғалыс алаңдарын жасанды жарықтандыру.

 

Кесте 1

Түңгі мезгілде кәсіпорын алаңын жасанды жарықтандыру нормалары (жарықтандыру жер деңгейінде көлденең жазықтықта алынады)

 

Жарықтандыру орындары Жарықтандыру жүйесі Жарықтандыру, лк
Зауыт алаңының шекара жолдары бойына Жалпы 0,5
Өтпелдер, жолдар бойында, кіре берістерде (күзеттік жарықтандыру)
Автокөлік жолдарында
Түсіріп-тиеу жұмыс орындарында
Жұмысшы механизмдер маңында Аралас
Өлшеуші құралдар маңайында
Шыны ыдыс қабылдауыштар маңында
Авто және вагондық таразылар қалқаларында Жалпы
Таразы шәкілінде Аралас

 

е) кәсіпорын алаңында орналасатын өндірістік ғимараттар, үймереттер, жабық қоймалар және қосалқы ғимараттар арасындағы негізгі өртке қарсы алшақтық (кесте 2);

ж) өндірістік зияндылықтар бөлінетін барлық өндірістік ғимараттар басқа ғимаратттар мен тұрғылықты кварталдарға қатысты алғанда басым желдердің бағытына сәйкес орналастырылуы керек;

з) кәсіпорынның бас жоспарында өртке қарсы іс-шаралар кешеніне кіретін барлық ғимараттар, оның ішінде гидранттардың орналасуымен өртке қарсы су құбырлары да белгіленуі қажет

 

 

Кесте 2

Ғимараттар мен үймеретер арасындағы алшақтық

 

Ғимарат немесе үймереттің отқа төзімділік дәрежесі Көршілес ғимараттар немесе үймереттердің отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес ғимараттар мен үймереттер арасындағы ара қашықтық, метр.
I және II III IV-V
I және II Г және Д категориялы ғимараттар мен үймереттер үшін нормаланбайды, ал А, Б, В кате­гориялары үшін 9 деп қабылданады.
III
IVжәне V

 

Бас жобада ғимараттар мен үймереттер өндірістің өрт қауіптілігіне, құрылыс бөлшектерінің отқа төзімділігіне, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың (шаң, газ, зиянды сәулеленулер және т.б.) бар болуына және сипатына байланысты бір-бірінен және жақын маңайда орналасқан тұрғылықты аймақтардан белгілі ара-қашықтықта орналасуы қажет. Өндірістік ғимараттар мен тұрғылықты аймақ арасындағы алшақтықтар бөлінетін зияндылықтардың сипаты мен көлеміне байланысты, өндірістің бес кластың біріне жатуына орай санитарлық қорғаныс аймағының шамасына тәуелді анықталады.

Кәсіпорын алаңында рельстік, сонымен қатар рельссіз де жолдар жобалануы мүмкін.

Алаң өлшемі 5 гектардан көп өндірістік кәсіпорындар үшін екіден кем емес кіре беріс ұйымдастырылуы керек.

Кәсіпорын алаңына кіруге негізделген автокөлік жолдарының ені қолданылатын автокөліктердің енінен плюс 1,5 м ге кем болмауы керек, демек барлық жағдайларда 4,5 м ден кем болмауы тиіс. Темір жол қақпаларының ені 4,9 м ден кем емес.

Автокөлік жолдарының беттік қабаты берік және барлық ғимараттарға өрт сөндіруші көліктері кіре алатындай мүмкіндігі болуы қажет. Ғимарат немесе үймерет ені 18 м-ге дейін болған жағдайда барлық ұзындық бойына бір жағынан ғана бір кіре беріс ұйымдастырылса жеткілікті, ал ені 18 м-ден көп болса кіре беріс міндетті түрде екі жағынан, сонымен қатар барлық ұзындық бойына да ұйымдастырылуы шарт.

Құрылыс ошағының аумағы 10 гектардан көп немесе ені 100 м-ден көп ғимараттар үшін кіре берістер барлық жақтарынан да болуы қажет.

Бір жақтық бағыттағы жолдардың ені 3,75 м-ден, ал екі жақтық бағыттағылар үшін 7,5 м ден кем болмауы тиіс.

Өндірістік аймақ алаңындағы жолдар мен өтпелдер тұйық, сақиналы және аралас жүйелі болуы мүмкін. Тұйық жүйелі жолдарда тұйықталу соңында радиусы 10 м-ден кем емес топсалы айналып өту жолдарын немесе өрт сөндіруші көліктердің бұрылысы үшін өлшемі 12x12 м болатын алаң ұйғарылуы керек.

Өрт сөндіру мақсатында пайдаланыла алатын суаттарға немесе табиғи су көздеріне өту үшін ені 3,75 м, аумағы 12x12 м болатын өтпелдер ұйымдастыру қажет.

Кәсіпорынның шекарасы аумағынан жолдардың шетіне дейіңгі ара-қашықтық 1,5 м-ден кем, ал эстакадалар мен тіреуіштердің сыртқы бөліктеріне дейіңгі ара-қашықтық 0,5 м-ден кем болмауы қажет.

Жобаланатын нысанның бас жоспарында ғимараттар мен үймереттер арасындағы алшақтықты минималды етіп, яғни санитарлы және өртке қарсы талаптарға сәйкес жолдар, аяқжолдар, инженерлік жүйелер мен коммуникациялар өткізуге лайықты етіп ұйымдастру қажет.

Өндірістік аймақта әрбір ғимаратқа жоба бойынша бос жатқан аумақ бойымен өрт сөндіруші машиналар кіре алатындай кем дегенде екі жағынан ені 6 м-ден кем емес, ал ауданы 10 гектардан көп ғимараттар үшін барлық жақтарынан да кіре берістер ұйымдастырылуы керек.

Кәсіпорынның бас жобасында гидрант жүйесі ұйымдастырылған сыртқы су құбырының сақиналы желісі жобаланады, олар сәйкесінше бір-бірінен 150 м-ден алшақ болмауы, ғимарат дуалдарына 5 м-ден артық жақын болмауы, жолдардан 2 м алшақ орналастырылмауы қажет. Өрт болған жағдайға резервті су қорын қарастыру қажет (жер қойнауында орналасуы жағдайында бас жоспарда ол пунктир сызығымен көрсетіледі).

 

 

2.2 Технологиялық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және орналастыру

Цех ішінде (өндірістік ғимарат ішінде) қондырғыларды орналастыру тәсімдері технологиялық сұлбаның талаптарын ескере отырып, яғни қызметкерлерге арналған өтпелдер мен цехішілік көліктерге арналған өту жолдарының минималды ені ұйымдастырылады.

Жобаланатын технологиялық үрдіс пен қондырғыларды зерттеу негізінде құрамында: айналмалы және қозғалмалы элементтері бар, жұмыстардың биіктікте орындалуымен, жүктердің биіктікте тасымалдануымен сипатталатын, электрлік желісінің жоғары кернеуінде жұмыс істеуімен, жоғары немесе төмеңгі температурадағы элементтері немесе беттік аймақтарымен, бу немесе жоғары температурадағы судың бөліну мүмкіндігі бар аймақтарымен т.б. сипатталатын жарақат қауіпті аймақтар белгіленеді.

Жарақаттардың алдын-алу іс-шаралары (қоршаулы, қорғаушы, тежекті құрылғылар, қашықтықтан басқару, жабдықтар арасында, ғимараттың құрылыс элементтері мен жабдықтар арасында алшақтықтар ұйымдастырылады, желілердің айқындауыш бояулары болады, сусымалы материалдарды шығару кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары, апаттық дабыл секілді ескертулер, апаттық өшіп қалу т.б.), сонымен қатар апаттық жағдайлардың алдын-алу (ЭЕМ көмегімен қондырғыларды басқару, автоматтық бақылау және дабыл, өндірістік үрдістерді автоматтандыру, жұмыс көрсеткіштерін, зиянды және қауіпті факторларды бақылау жылдамдығы, блоктауыштар және шектеуіштер, бақылауыш-өлшеуіш құралдар, аса жүктемеден қорғаныс, қадағалаулар мен талдау жұмыстары) іс-шаралары ұйымдастырылады. Қауіпсіздік және эргономика тұрғысынан басқару пульттарына, сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс орындарын ұйымдастыруға мұқият назар аударған жөн.

 

 

2.3 Көтеру-көліктік құрылғылар

Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді еңгізу, көтеру және тасымалдау бойынша қолмен атқаратын жұмыстарды механизациялау кәсіпорындағы еңбек шарттарының қауіпсіздігін және жеңілдігін қамтамасыз етуге себеп болады.

Қауіпсіздік техникасының талаптарына сай қолмен көтеру механизмдерінде қауіпсіз ұстағыштар көзделуі керек; электрлік жүккөтергіштерде кинематикалық тізбек қатаңдығы қарастырылуы қажет, көтергіштерде ұстағыштары бар жылдамдықты тежегіштер жасалуы, жылжымалы жүктерді ұстау мен басып қалуға негізделген құрылғыларда өздігінен үзіліп кету мүмкіндігі болмауы қажет, механизмдердің қозғалысын шектеу мақсатында кинематикалық тізбекке соңғы ажыратқыш құралдар еңгізіледі. Машинаның барлық жеңіл қол жетімді және қозғалыстағы бөліктері металл қоршаулармен жабылуы керек.

Қозғалыстағы жүктің салмағы қосалқы жабдықтардың, яғни басып қалғыш, арқандарды ескере отырып, механизмдердің жүк көтергіштігінен аспауы қажет.

Арқандардың мықтылығы созылымға және иілімге тексеріліп есептелуі қажет. Сонымен қатар тасымалдағыш үлесінің де қауіпсіз жүктемесі есептелуі қажет.

Конвейерлер құрылысының қауіпсіздік талаптары да ескеріледі (пайдалану қауіпсіздігі, жетекті бекеттер басқарылуын шоғырлау, жарықтық және дыбыстық дабылдардың болуы және т.б.).

Көлбеу түспелер, науалар, тартпалар тасымалданатын заттың (ыдыстың) қажалу коэффициентін және сырғымалы беттік қабатын ескеретіндей етіп көлбеу бұрышта жобалануы керек, осылайша 1 ÷ 1,5 м/сек шамасында жүктердің тасымалдануының қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз етуі қажет.

 

2.4 Электрқауіпсіздігі

Электр тоғымен зақымдалу дәрежесіне сәйкес электр қондырғыларымен жабдықталған ғимарат класын белгілеу қажет.

Белгіленген класс негізделген нышандарды көрсету қажет.

Электр тоғымен зақымдалудан қорғану іс-шараларын, электр желілерінде қысқа тұйықталудың нәтижесінде жарылыс пен өрттердің пайда болуынан қорғаныс (арнайы орындалған электр қондырғыларын пайдалану; қауіпсіз кернеулік, күштік және жарықтандырғыш желілердің тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулау; оларды қолмен ұстап қалудан жеткіліксіз жерге орналастыру; блоктауды, ескерту дабылдарын қолдану; қорғаныстық жерсіндіру мен өшіп қалуды; жеке қорғаныс құралдарын пайдалану т.с.с.).

 

Кесте 3

Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша ғимараттарды топтастыру (ЭҚЕ нен таңдама)

Ғимарат класы Белгілері
Жоғары қауіптілігі жоқ Өзге класс ғимараттарының белгілері жоқ
Жоғары қауіптілікті -ылғал (меншікті ылғалдылық 75% дан жоғары); - тоқ өткізгіш шаң бөлінеді; - тоқ өткізгіш еденнің болуы (металл, жер, темір бетонды, кірпіш және т.б.); -жоғары температура (тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын 35°С тан жоғары болып тұрады); - адамның бір мезетте бір жағынан ғимараттың жерсіндірілген метал жабдықтарымен, технологиялық қондырғыларымен, механизмдермен және т.б. екінші жағынан электр қондырғысының қаптамасымен жанасуы.
Аса қауіпті - аса ылғалды (меншікті ылғалдылық 100% ға жақын); - химиялық активті немесе агрессивті орта; - жоғары қауіптілікті ғимараттың мір мезетте екі немесе одан да көп белгілерінің болуы.

 

 

2.5 Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі

 

Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғыны қарастыру, Мемтехбақылау ұйымының тіркеуіне жататындарын және кәсіпорын әкімшілігінің бақылауында болатындарын анықтау қажет. Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты зиянды және қауіпті факторлар мен мүмкін болатын апат себептерін анықтау қажет.

Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты бақылаушы-өлшегіш аппаратураны, қауіпсіздік жабдықтары мен автоматикасын таңдап, оларды негіздеу қажет. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын, оны орналастыруға лайықты ғимарат пен қызмет атқаратын жұмысшыларға деген талаптарды негіздеу қажет.

 

 

2.6 Шу және дірілмен күресу іс-шаралары

Ғимараттағы шу мен дірілдің пайда болу көздері белгіленеді және ғимараттағы діріл акустикалық активті қондырғыларды есепке ала отырып, жұмыс орындарындағы олардың нақты деңгейлері бағаланады.

Шекті рұқсат етілген дыбыс қысымдары, дыбыс деңгейлері, дыбыстың эквивалентті деңгейі (кесте 4), діріл үдетуінің және діріл жылдамдығының шекті деңгейлері, сонымен қатар оның түзетілген, эквивалентті түзетілген деңгейлері (кесте 5) анықталады.

 

Кесте 4

Өндірістік ғимарат жұмыс орындарындағы және кәсіпорын аймағындағы дыбыс қысымының деңгейлері, дыбыс деңгейлері және эквивалентті дыбыс деңгейлері

 

Жұмыс орындары     Орташа геометриялық жиілікті октавты жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері (дБ), Гц Дыбыс деңгейлері және эквивалентті дыбыс деңгейлері, дБА    
31,5

 

Жұмыс орындарының тізімі:

1 – дирекция, жобалау-құрастырушы бюро, есептеушілер, есептеу машиналары, теориялық жұмыстар мен мәліметтерді өңдеу зертханалары, науқастарды қабылдау және емдеу пункттері ғимараттарында;

2- цехтық басқару аппаратының, кеңселер мен зертханалар ғимараттарында;

3- диспетчерлік қызмет, телефон желісі арқылы дауыстық байланыс арқылы қашықтықтан басқару және бақылау ғимараттарында, машиналы жазбалы бюроларда, нақты жинақтау аймақтарында, телефон және телеграф бекеттерінде, шеберлер ғимаратында, есептеу машиналарында ақпараттарды өңдеу залдарында.

4- телефон желісі арқылы дауыстық байланысы жоқ қашықтықтан басқару кабиналарының пульттарында, шулы қондырғылармен жабдықталған зертханаларда, сонымен қатар есептеу машиналарының шу шығарушы агрегаттары орнатылған ғимараттарда;

5 – өндірістік ғимараттардағы тұрақты жұмыс орындарында және кәсіпорын аумағында.

 

Кесте 5

Өндірістік ғимараттардың тұрақты жұмыс орындарындағы технологиялық дірілдің санитарлық нормалары

Жолақтардың ортагеометриялық жиіліктері, Гц X0,Y0,Z0 өстері бойынша шекті рұқсат етілген мәндері
дірілүдету дірілжылдамдық
м/с2 дБ м/с∙10-2 дБ
2,0 0,14 1,3
4,0 0,10 0,45
8,0 0,10 0,22
16,0 0,20 0,20
31,5 0,40 0,20
63,0 0,79 0,20
Түзетілген және эквивалентті түзетілген мәндері мен деңгейлері 0,10 0,20

 

Шу мен дірілдің шекті және одан жоғары деңгейлерінде оларды төмендетуге қажетті деңгейлер анықталады, осыған сүйене отырып шығару көздеріне әсер ету, дыбыс оқшаулауыш және дыбыс сіңіруші, діріл оқшаулауыш және діріл сіңіруші құралдарды, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану іс-шаралары ұйымдастырылады.

2.7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары

 

Технологиялық үрдіс және қондырғыларды зерттеу негізінде өндірістік кәсіпорында пайда болатын зиянды заттар, олардың агрегаттық күйлері (шаң, газ, булар) анықталады.

Олардың шекті рұқсат етілген мөлшері (ШРМ) және қауіптілік класы белгіленеді (кесте 6). Қарастырылып отырған ғимарат ішіндегі басқа бір қондырғының жұмысын есепке ала отырып, кеңесшінің нұсқауымен біртекті зиянды заттардың бөліну қарқындылығының шамасы алынады (шаң, газ, булар немесе төмендегі теңсіздік сақталуы тиіс болатын бір бағытта әсер ететін заттар):

 

,

 

мұндағы С1, С2,…, Сn – атмосфералық ауадағы зиянды заттардың нақты мөлшері, мг/м3.

СШРМ1, СШРМ2, …, СШРМn – атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШРМ, мг/м3.

 
 
 

Ғимаратқа келіп түсетін әрбір зиянды зат үшін оның қауіптілік көрсеткіші белгіленіп, басым зат анықталады және ол арқылы жалпы алмасымды желдетудің өнімділігі есептеледі. Қауіптілік көрсеткіші (мг/м3)

Ро = М / СШРМ ,

Мұндағы М – ғимаратқа келіп түсетін қарастырылып отырған зиянды заттың қосынды мөлшері, мг/м3;

СШРМ – оның ШРМ, мг/м3.

Басым зат Ро шамасының ең үлкен мәні арқылы анықталады.

Кесте 6

Зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшері

 

Зат атауы ШРМ, мг/м3 Қауіптілік класы
  Газдар және булар    
Азот тотығы NO2 , NO II
Акролеин 0,2 II  
Амилацетат IV
Аммиак IV
Күкіртті ангидрид II
Ацетон IV
Бензин және керосин (С - ға шаққанда) IV
Бензол II
Хлордың қос тотығы 0,1 I
Дихлорэтан II
Ксилол III
Күкіртті қышқыл II
Тұз қышқылы II
Сірке қышқылы III
Металды сынап 0, 01 I
Күкіртті сутегі II
Скипидар (С - ға шаққанда) IV
Кальциленген сода III
Метил спирті (метанол) III
Этил спирті IV
Толуол III
Уайт-спирит (С - ға шаққанда) IV
Көмір тотығы IV
Көмірдің қос тотығы (көмірқышқылды газ) IV
Төртхлорлы көміртегі II
Ащы сілтілер (NаОН ке шаққандағы ерітінділер) 0,5 II
Этилді эфирлер IV
Диэтилді эфирлер IV
  Шаңдар    
Дақылды IV
Әктас IV
Ұнтақты IV
Крахмалды IV
Қантты IV
  Кремний қос тотығының қоспасы бар өсімдікті    
10% дан астам (дақылды) IV
2 ден 10% ға дейін IV
2%дан аз IV
  Көмірлі:    
Коксты және сланецті IV
Құрамында кремнийдің қос тотығы 2%дан аз IV

 

2.8 Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс-шаралар

Бұл бөлімде екіншілей зақымдалу факторларының пайда болуы тұрғысынан өндіріс айналымындағы заттардың қауіптілігін бағалау қажет, шикізат қорларын, аралық өнім мен дайын өнімдерді, оларды сақтау қауіпсіздігі мен сыртқа шығару мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Одан әрі нысанның орналасу аймағын сипаттау қажет (жергілікті рельеф, орман массивтерінің болуы – өрттің пайда болу көзі ретінде; өзен, көл маңайында орналасқан өнеркәсіптер үшін – су басу мүмкіндігі; автокөліктік және темір жолдарының, су көліктерінің болуы және т.б.). Өнеркәсіп алаңы құрылысының сипатын (құрылымын, тығыздығы мен құрылыс типін, өрттердің пайда болу және өршу мүмкіндіктерін, ғимараттар арасындағы өтпелдер мен қорғаныс паналарына кіре берістерде үйінділердің пайда болуы), жабдықтардың орналасу сипатын (ғимараттарда, ашық кеңістіктерде, үлдіріктерде), ғимартаттар мен үймереттердің техникалық сипаттамаларын (қабаттылығы, өлшемдері, қабырғалық толтырымы, жарық саңылаулары, төбе жабындысы, аралық жабындылары, ғимартаттың отқа төзімділігі, ғимаратқа қосарласып және оған жақын орналасқан қорғаныстық паналардың болуы) көрсету керек.

Ең үлкен ауысымдағы тұрақты жұмыс орындары мен қызметкерлердің болуы мүмкін орындарын көрсете отырып жұмыскерлер санын келтіру керек, энергетикалық және байланыс желілерінің сипатын (жер үстілік, жер астылық, эстакада бойында орналасқан, ор, топырақ қабатында, ғимарат қабырғаларының ішінде орнатылған), ішкі энергиямен қамамасыз ету көздерінің болуы, қажеттілік туындаған кезде (мысалы АҚ дабылы бойынша) жеке аймақтардың немесе барлық жүйенің электр желісінен қашықтықтан ажыратылу мүмкіндігінің болуын көрсету қажет.

Өндірістің газбен қамтамасыз ету жүйесінен автоматты түрде ажыратылу мүмкіндігін (егер мұндай мәліметтер бар болса), өндірісті ҚӘУЗ мен оттегімен, жарылыс қауіпті және жанғыш заттармен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі жайлы ақпараттарды зерттеу қажет.

Өндірісті басқару жүйесінің санімділігіне, қызметкерлерді жұмылдыру аймағымен байланыс, хабарлау жүйесіне, жұмыс күшін толықтыру және басқарушы қызметкерлерді өзара алмастыру мүмкіндігіне баға беру қажет.

Қызметкерлер жоғалымын төмендету мақсатында өндіріс жұмысшыларын ТЖ қауіпі жайлы дер кезінде хабардар ету үшін жобада радиожелісі арқылы азаматтық қорғаныс (АҚ) дабылдарының, дыбыстық (сиреналар) және жарықтық (табло) дабылдарының таралуын қарастыру қажет.

Бөлімде дауыстап сойлегіштердің, сиреналар, таблолардың орналасу орындарын (өндірістік ғимараттардың, этажеркалардың және өндіріс аймақтарының белгілену өстерінің координаттарын, әкімшілік тұрмыстық ғимараттардың атауларын) көрсету қажет, сонымен қатар кәсіпорынның ТЖ және АҚ штабының дабылдарын цехтың ТЖ және АҚ құрылымдарының басшыларына тарату мақсатында қолданылатын ақпарат тарату микрофондары, сиреналарды қосу құрылғылары мен жарықтық таблолары орнатылған бөлмелерді атап көрсету қажет.

Жобада АҚ дабылдары бойынша өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жұмысты тоқтату, қызметкерлердің қорғаныс үймереттерінде жасырыну мүмкіндігін қарастыру қажет. Өндірістік технологиялық үрдіс немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, арнайы кезекші қызметкерлерге қорғаныстық паналар ұйымдастырылуы қажет.

«Әуелі дабылды тоқтату» белгісі бойынша қауіпсіздік туындаған жағдайда қорғаныстық үймереттер мен паналар маңайындағы өрт, радиациялық және химиялық жағдайларды бақылап, қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа шығару мүмкіндігін қарастыру қажет.