Ферментті катализ
Молекулалық биология және катализ теориясы қосылып зерттейтін ғылым саласы - ферментті катализ. Ферменттер - биологиялық катализаторлар - бұлар тірі ағзада жүретін барлық химиялық реакциялардың жүруіне себеп болады. Ферменттердің каталитикалық активтігі өте жоғары. Биологиялық процестерде - ас қорытуда, қанда жүретін процестерде ферменттер ролін - жай немесе күрделі белоктар атқарады. Қазіргі уақытта пепсин, трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза, уреаза деген ферменттер синтезделген.
Біздің ағзаға тағаммен түсетін витаминдер ферменттерді құрастыру үшін қажет.
Ферменттер зат алмасу процестерін - метаболизмді жүргізеді. Ферменттер ассимиляция процесін - анаболизмді, жоғары молекулалы заттардың синтезделуі және керісінше, диссимиляция - осы заттардың ыдырауы -.катаболизмді іске асырады.
Фермент әсер ететін затты фермент субстраты (S) дейді (substratus). Ферменттің өзі - энзим (Е). Егер түзілетін зат Р болса, жүретін реакцияның схемасы:
k1 k2
E + S ( ES ( E+P
k2 k1
Ферментті реакция үшін Михаэлис - Ментен теңдеуі қолданылады:
k2 [E]0 [S]0
V = ___________
Km + [S]0
[E]0 ; [S]0 - бастапқы концентрация
k2 - жылдамдық константасы
Km - Михаэлис константасы, моль/л
25. Химиялық тепе-теңдік
Химиялық реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді. Қайтымсыз реакциялар - бұлар тек қана бір бағытта жүретін реакциялар, мысалы
КСlO3 ® KCl + O2
“Қайтымды реакция” деп берілген жағдайда тура және кері бағытта жүре алатын процестерді айтады.
Мысалы, аммиакты алу:
кат
N2 + 3H2 ® 2NH3
Тура және кері бағытта жүретін реакциялардың жылдамдықтары тең болған кездехимиялық тепе-теңдік орнайды. Химиялық тепе-теңдік орнаған кезде реакция тоқтап қалмайды, тек екі процестің жылдамдығы теңеседі, сондықтан тепе-теңдік динамикалық болып саналады.
Мысалы: Н2 + І2 « 2HІ
Тура реакцияның жылдамдығы V1 кері реакцияның жылдамдығы V2.
Егер V1 = V2 болса динамикалық тепе-теңдік орнайды дейміз.
Әсер етуші массалар заңы
V1 = k1 [Н2 ] [ І2 ]
V2 = k2 [HІ]2
Тепе- теңдік кезінде V1 = V2 , сондықтан k1 [Н2 ] [ І2 ] = k2 [HІ]2
(Теңдеуден k1 табамыз, сосын k2 -ге бөлеміз).
Cонда k1 [HІ]2
____ = ___________
k2 [Н2 ] [ І2 ]
k1 және k2 тұрақты сандар, сондықтан олардың арақатынасы да тұрақты:
k1 [HІ]2
К = ____ немесе К = ________ -
k2 [Н2 ] [ І2 ]
бұл тепе-теңдік константасы.
Реакцияның жалпы схемасын қарастырайық:
mA + nB ( pC + dD , сонда
[C]p [D]d
К = _________ -
[A]m [B]n
- бұл формула әсер етуші массалар заңының қайтымды реакциялар үшін қалай қолданылатынын көрсетеді. К - тепе-теңдік константасы.
Әсер етуші массалар заңы тепе-теңдіктегі процестер үшін былай оқылады: “Тұрақты температурада жүретін қайтымды реакцияда тепе-теңдік орнау үшін түзілген заттардың концентрацияларының көбейтіндісінің бастапқы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне қатынасы тұрақты сан “K” болу керек”.
Концентрация өзгергенде К өзгермейді. Температура өзгергенде, К өзгереді. К-ның мәні үлкен болса, реакция тура бағытта жүреді.