Коссель теориясы 1916 ж.

Негізгі қағидалары

1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, олардың сыртқы электрон қабаты өте тұрақты.

2. Атомдар молекулаға біріккенде, электрон беру немесе қосып алу арқылы сыртқы қабаттарын инертті газдардың сыртқы қабаттарына ұқсатқысы келеді.

3. Әрекеттесуші атомдардың электронын беріп жібергені оң зарядты ион- катионға айналады, ал электрон қосып алғаны - теріс зарядты ион - анионға айналады.

4. Иондық байланыс түзілгенде, бір атомның электрон бұлты екінші атомға толық ауысады. Иондық байланыс негізінде І және VІІ топтың элементтері арасында түзіледі.

-e

Na (Cl

 

Na (1s22s263s1)

Cl (1s22s263s25

Na+ (2s22 р6) - инертті газдың қабатына ұқсас

Cl- (3s26) - бұл да инертті газдың қабатына ұқсас

5. Иондық байланыс түзілу үшін 1-ші атомның иондану энергиясы 2-ші атомның электрон тартқыштығынан аз болу керек.

Коваленттік байланыс

Америка ғалымы Льюис - 1916 ж. коваленттік байланыс жөнінде теория ұсынды. Льюис теориясының қағидалары Коссель теориясына ұқсас, тек бұл теорияда екі атом әрекеттескенде, электрон қосағы екі атомға ортақ болады.

1-ші әдіс: Ковалентті байланыс алмасу арқылы түзіледі. Әрбір атом бір-бір электроннан береді.

2-ші әдіс - донорлы-акцепторлы - мұндайда 1-ші атом 2 электронмен, ал 2-ші атом орбиталмен қамтамасыз етеді.

“Бір немесе бірнеше электрон қосақтары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттік байланыс деп аталады”.

Н. +. Н → Н :Н

Льюистің көзқарасы бойынша элементтің валенттілігі электрон жұптарының санына сәйкес. Мысалы: H - F да 1 коваленттік байланыс, бұл молекулада фтор 1 - валентті, Н О Н - 2 коваленттік байланыс, бұл молекулада оттегі 2 - валентті, NH3 - 3 коваленттік байланыс, бұл молекулада азот 3- валентті.