Кредиттер саны: 3 3 страница
3-ДӘРІС:Саяси дамуға оңтайлы жағдай туғызатын негізгі шарттар. Саяси дамудың негізгі түрлері. Реформа жəне революция: ұғымдар мен типологиясы.
Мақсаты:саяси дамудың негізгі түсініктерін ашып көрсету, салыстырмалы зерттеу кезеңдеріне талдау жасау, саяси дамудың негізгі әдістеріне сипаттама беру
Сұрақтар тізімі:
1. саяси дамудың негізгі түсініктері
2. саяси дамудың кезеңдері
3.саяси дамудың негізгі әдістері
Негізгі түсініктер:саяси дамудың зерттеу бағдарламасы, әдіснамалық бөлім, әдістемелік бөлім, төлқүжаттық бөлім, негізгі жиынтық, бақылау, теориялық зерттеу, эмпирикалық зерттеу
Әдебиет:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.
2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.
3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.
4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.
5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.
6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.
7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007
8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической
модернизации. Астана, 2002
Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бір күнде, бір жылда жүзеге асырылған жоқ. Жалпы модернизацияны уақыттық шеңберде қарастыру оны дайын бағдарлама ретінде қабылдауға әкелуі мүмкін. Дегенмен, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту қалай жүргізілгені модернизациялық теорияның эволюциясын толыққанды қарастыруды қажет етеді.
Модернизация теориясы саяси ғылымда ең алғаш 20 ғ. 50-60-жылдары қалыптаса бастады. Модернизация теориясы қалыптасқаннан кейін алғашқы 15 жылдың ішінде модернизация бойынша әлемнің жеті тілінде 2,5 мың зерттеу библиографиясы жарық көрген өте ірі теория. 70-жылдардың аяғында АҚШ-да модернизация теориясы саласында 17,5 мың ғалым шұғылданды. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес американдық 20 жетекші университеттерінің әрбір үшінші факультеті осы облыста мамандарды даярлауға бағыттандырылды. Модернизациялық мәселені қозғаушылардың қатарында сөзсіз әлеуметтану мен сяасаттанудың классиктері саналатын К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм табылады. «Архаикалық», «екінші ретті» қоғамдық формация, «рационализация» концепциялары модернизация тақырыбын қозғады. Модернизация бойынша ең алғашқы концепцияның негізін қалап, оны оқытудағы басты әдістерді негіздеген Т. Парсонс, М. Леви, Д. Аптер, Ш. Эйзенштадт, С. Хантингтон, У. Ростоу, Алмонд, Р. Арон, Д. Белл, С. Блэк, Л. Биндер, Т. Веблен, С. Верба, Р. Инглхарт, Д. Коуэлман, Л. Пай, Д. Ла Паламбара, А. Турен, Ю. Хабермас, В. Цапф, Д. Эптер, және т.б.
Модернизация теориясы өзінің даму барысында үш кезеңді өткерді: 1950-1960 жж., 1960-1970 жж., және 1980-1990 жж.
1950-1960 жылдар аралығындағы үлгіге сәйкес модернизация теориясы универсализм методологиясына негізделді. Барлық мемлекеттердің дамуы бірдей бағытқа негізделді, барлығына ортақ заңдылықтар мен даму фазасы тән әмбебап құбылыс ретінде қарастырылды. Ұлттық ерекшеліктердің бар болуы мойындалғанымен, олар екінші дәрежелі маңызға ие болды.
Модернизация ұғымының өзі дәстүрлі қоғамнан заманауи қоғам бағытындағы даму үдерісі ретінде қарастырылды. 50—60 жылдардағы модернизация теориясының басым көпшілік авторлары технологиялық детерминизм идеясын негізге алды. Теоретиктердің пайымдауына сәйкес қоғамдық дамудың негізі өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік мәселелерді шешуге жетелейтін экономика мен технологияның ілгерілеуі болып табылады (атап өтер жәйт, осы кезеңде У. Ростоу, Р. Арон, Д. Белл және т.б. еңбектерінде модернизация теориясымен ортақ идеялар байқалатын индустриалдық қоғам теориясы қалыптаса бастады). У. Ростоу өзінің "Экономикалық даму кезеңдері" еңбегінде қоғамдық-экономикалық дамуды технологиялық прогресс негізінде зерттейді. Әрқайсысы өзінше, бірақ барлық елдер басынан кешіретін экономикалық өсудің бес универсалды кезеңін ұсынады.
Бірінші кезең - қарапайым технология негізіндегі дәстүрлі қоғам. Бұл жерде ауылшаруашылығы мен жанұялық, кландық байланыстар басым.
Екінші кезең - өтпелі қоғам. Жаңа элита қалыптасып, өзгерістердің қозғаушы күші ұлтшылдық пайда болады.
Үшінші кезең - өрлеу. Ұлттық кіріс салмағы өсіп, жаңа өндіріс салалары дамиды. Бұл кезең индустриализациядан басталады.
Төртінші кезең - толысу. Экономикада шаруашылықтың көп салалы құрылымы қалыптасып, химиялық, электротехникалық өндіріс, күрделі машина жасау пайда болады.
Бесінші кезең - көпшілік тұтынушылық қоғам қалыптасады. Экономика құрылымы қызмет көрсету саласы мен ұзақ пайдаланылатын күрделі тұтынушылық тауарларды өндіруге ойысады. Адамдардың басым көпшілігі тамақ пен киімге емес, қолайлы үй, теледидар, тоңазытқыш, автомобиль сияқты мұқтаждықтарын өтеуге ұмтылады.
Бұл ілімге сүйенер болсақ барлык елдер оқиғаның объективті дамуын күтпей-ақ келесі кезеңдерге жетуге ұмтылулары қажет деген қорытынды шығады. Сондықтан, модернизация қоғамның барлық саласын қамтитын көпқырлы процесс.
4-ДӘРІС:«Саяси модернизация» ұғымы. Саяси модернизация теориялары-саяси
дамудағы бағыттарының бірі. Модернизация типтері.
Мақсаты:саяси модернизация теорияларының түсінігі мен ерекшелігі анықтау, әлем мемлекеттерін жіктеу мәселесіне талдау жасау, модернизация типтерінің мәнін ашу
Сұрақтар тізімі:
1. саяси модернизация теорияларының түсінігі мен ерекшелігі
2. саяси модернизация теорияларын талдау
3.модернизация типтері
Негізгі түсініктер:саяси модернизация теориялары, әлем мемлекеттерін жіктеу мәселесіне талдау жасау, модернизация типтері
Әдебиет:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.
2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.
3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.
4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.
5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.
6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.
7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007
8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической
модернизации. Астана, 2002
Ғылыми техникалық прогресс барысында заманауи, рационалды құндылықтар мен құрылымдар - дәстүрлі құндылықтар мен қоғамдық құрылымдардың орын басуы жүзеге асырылды. Модернизация теориясының өкілдері ең дамыған мемлекет ретінде барлық Еуропа мемлекеттері соған қарап бой түзеген АҚШ деп санады. Дегенмен, артта қалған мешеу мемлекеттердің әлеуетті державалардың даму деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндіктері болды. Саяси экономикалық модернизация теориясы аталмыш мәселенің шешілу жолдарын түсіндірді. Ең алдымен мешеу қалған мемлекеттердің идеалға қаншалықты деңгейде сәйкес екендігі анықталып, ұлттық ерекшеліктер айшықталып мәселенің шешу механизмі белгіленеді.
Осылайша модернизация теориясы бірінші кезеңінің негізгі белгілерінің бірі телеологизм және евроцентризм (дәлірек айтқанда американоцентризм) болып табылады. Мұның дәлелі ретінде осы кезеңде туындаған модернизация ұғымының анықтамаларын келтіруге болады. Мысалы, Ш. Эйзенштадт модернизация ұғымына төмендегідей сипаттама берді: «Саяси модернизация XIX-XX ғғ. Оңтүстік Америка, Азия және Африка континенттеріне, кейіннен Еуропа мемлекеттеріне таралған, XVIIғ - XIXғ. Солтүстік америка және Батыс Еуропа мемлекеттерінде негізі қаланып дамыған әлеуметтік, саяси және экономикалық жүйе типтерінің бағытындағы өзгеру үдерісі болып табылады». В.Мур бойынша: «Модернизация - дәстүрлі қоғамнан саяси тұрақтылықпен сипатталатын, экономикалық гүлденуші батыс мемлекеттеріне тән әлеуметтік мемлекет түріне трансформациялануы».
Жоғарыда аталған ерекшеліктеріне байланысты теория қолданбалы мағынаға ие болды: оның желісі АҚШ ның сыртқы саясатына қызмет көрсетуде кеңінен қолданылды.
Модернизация теориясы өз дамуының бірінші кезеңінде төмендегідей сипатталды:
· Дамушы мемлекеттердің батыстық үлгіде демократизациялануы (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы немесе үстемденуі, биліктің өкілді органдарын қалыптастыру, сайлау институтын енгізу);
· Құндылықтар жүйесінің өзгеруі (жеке бас құндылықтарының дамуы) және билік легитимациясы әдістерінің өзгеруі (заманауи әдістер дәстүрлі әдіс тәсілдерді ығыстыруы қажет).
Саяси модернизация теориясының өкілдері дамушы мемлекеттер үшін аталмыш үдерістің қолайлы және қолайсыз факторларын анықтады. Қолайлы факторлардың қатарында «үшінші әлем» елдерінің қарқынды әлеуметтік экономикалық дамуы, АҚШ және Батыс Еуропа мемлекеттерімен белсенді әріптесті үдерістері болды. Қолайсыз факторлар ретінде дәстүрлі қоғам элементтерін сақтау, билік басындағы элита өкілдерінің мемлекеттің жаңғыруы үшін өз құндылықтарын ығыстыруға ыждаһарсыздығы, сауатсыздық, халықтың басым көпшілігінде рационалды түсініктің болмауы, дәстүрлі әлеуметтік қабаттар мен дәстүрлі өндіріс секторының болуы. Теоретиктердің көзқарасына сәйкес модернизация барысында қолайсыз факторлар бірте - бірте жойылуы тиіс еді.
5-ДӘРІС: Саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт. Президенттік
институтының типологиясы.
Мақсаты: саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт жіктемесін сипаттау, салыстырмалы саясаттанудағы өтпелі режимдер жіктемесін анықтау, президенттік институтының типологиясы.
Сұрақтар тізімі:
1. президенттік институт жіктемесі
2. президенттік институт және өтпелі режимдер жіктемесі
3. президенттік институтының типологиясы
Негізгі түсініктер:саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт, салыстырмалы саясаттанудағы өтпелі режимдер жіктемесін анықтау, президенттік институтының типологиясы.
Әдебиет:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.
2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.
3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.
4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.
5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.
6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.
7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007
8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической
модернизации. Астана, 2002
9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.
60-жылдардағы саяси оқиғалар модернизация теориясының жетілмегендігін және қайта қараудың қажеттігін айқындады. Модернизация - дамушы елдер халқының мәдениетін жоюға әкеліп соқтыратын жасырын нәсілшілдік түрі ретінде бағаланды. Себебі, батыс мәдениеті, кәсіпкерлік индустриалдық өндіріс және экономикалық өрлеу бүл халықтар үшін жат құбылыс ретінде қабылданды. Қазіргі қоғам мен дәстүрлі қоғам бір біріне сай келмейтін түсініктер ретінде түсіндірілді. Дамушы елдер халқының ұлттық мәдениетін жаңғырту, батыс және жергілікті мәдениет теңдігі мәселелері көтерілді. Модернизация теориясы осы кезеңде екі бағыттық сипатта терең сынға ұшырады:
1. Модернизацияның дамушы мемлекеттердің өкілдері мен 60-жылдардағы солшыл қозғалыс өкілдерінің тарапынан радикалды сынға ұшырауы. Олардың пайымдауынша модернизация колонизацияны ақтады. Олар Батыс экспансиясына қарсы көзқараста болып, антимодернизацияны (батыстық үлгідегі модернизацияға қарсы) қолдады;
2. «Артта қалу» теориясының шеңберінде модернизация теориясының сынға ұшырауы. Бұл үлгіде модернизация теориясы батыс мемлекеттері мен кейбір дамушы мемлекеттерінің солшыл радикалдарының тарапынан қоғамдардың спецификасын жеткілікті дәрежеде ескермегендіктен, мәдениет ерекшеліктерін ескермегендіктен терең сынға ұшырады. Бұл зерттеушілер батыстық үлгідегі модернизация тәуелділікке, артта қалудың бір деңгейлі қалыптылығына, экономикалық құрылым мен экологиялық жағдайдың нашарлап, әлеуметтік шиеленістерге алып келу ықтималдығын пайымдады.
Әрине, бүл модернизацияға қарсы шектен шыққан көзқарас, қандай да болмасын жаңашылдықты, өзгерісті қаламау, мойындамау деп айтуға болады.
60-жылдарда модернизация теориясына балама жол ретінде "артта қалушылық", "тәуелділік" жэне "тәуелді даму" теориясы қалыптаса бастады. Артта қалушылық теориясының өкілдері алға қарай даму стратегиясын ұсынған жоқ. Олар негізінен өз елдерінің болашағын ойлайтын әлеуметтік топтарға емес, керісінше өткенді аңсайтын топтарға сүйенді.
Модернизация теориясының екінші кезеңі саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың әртүрлі факторларының негізінде туындаған пайымдаулармен сипатталды (әсіресе саяси мәдениет факторы бойынша). Бұл кезеңдегі барлық еңбектер евроцентризмнен алшақтай бастады.
Осы кезеңнің модернизация теориясының көптеген өкілдері ғылыми назарларын саяси дамудың тұрақтылығы әлеуметтік экономикалық өркендеудің алғышарты мәселесінің төңірегіне аударды. Ғалымдар мұндай тұрақтылықты қамтамасыз етудің әрқилы жолдарын жобалады.
6-ДӘРІС: Интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация. Саяси лидерлер, олардың модернизация процестеріндегі саяси рөлі.
Мақсаты: интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация түрлеріне сипаттама беру, саяси лидерлер, олардың модернизация процестеріндегі саяси рөліне талдау жасау
Негізгі түсініктер:интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация түрлері, саяси лидерлер, олардың модернизация процестеріндегі саяси рөлі теориялары
Сұрақтар тізімі:
1. Интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация
2. Саяси лидерлер, олардың модернизация процестеріндегі саяси рөлі.
Әдебиет:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.
2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.
3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.
4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.
5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.
6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.
7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007
8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической
модернизации. Астана, 2002
9. Хантингтон С. Третья волна. Демократизация в конце ХХ века. – М.: РОССПЭН, 2003. – С. 123-126.
10. Алмонд Г., Пауэлл Дж., Стром К., Далтон Р. Сравнительная политология сегодня. Мировой обзор. – М., 2002.
Модернизация теориясына арналған әдебиеттердің басым көпшілігі модернизация ұғымы бойынша консервативті және либералды бағытындағы екі ағымның бар екендігін баяндайды.
Консервативті ағымның өкілдері (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, X. Линц және т.б.) модернизацияның негізгі мәселелерінің бірі халықтың мобилизациялануы, саяси өмірге белсенді араласуы мен институционализациясының арасындағы шиеленіс, олардың мүдделерін артикуляциялау мен агрегациялауға қажетті механизмдер мен құрылымдардың болуы деп санайды. Сондай-ақ, бұқараның басқарылуға дайын еместігі, Билік институттарын қолдана алмау, олардың саясатқа араласудағы менмендігінің болымсыздығы саяси режимнің тұрақсыздығына алып келеді.
С. Хантингтон «Политический порядок в меняющемся обществе» атты еңбегінде «саяси модернизацияның негізгі міндеті ұйымдасушылық пен беріктік деңгейіне негізделген саяси институттардың өзгермелі жағдайға машықтану ерекшелігі болып табылады» деп жазады. Өзгерістер сатысында тәртіпті реттейтін қатаң авторитарлық режим ғана трансформацияға қажетті ресурстарды жинақтауға және ұлттық бірлік пен нарыққа өтуді қамтамасыз етеді. С. Хантингтон реформистік саясатты тиімді жүргізу мақсатында өтпелі кезеңдегі авторитарлы басшыларға ескеруге қажетті кеңестер мен шарттарды белгіледі. Жалпы шарттар мен кеңестер саяси күштердің коньюнктурасын ескеретіндей деңгейде.
Консервативтік бағыт өкілдері әлеуметтік топтардың стихиялық іс әрекеттерінен гөрі, саяси ұйымдар басым роль атқарады деп есептейді. Яғни саяси модернизацияда мемлекет жетекші роль атқаруы тиіс деген қағида негізделеді.
Либералды теория. Консервативтік бағыттағы саясаттанушылар сияқты либералдар да (Р. Даль, Г. Алмонд, Л. Пай, К. Дойч) саяси модернизацияның негізгі міндеті саяси жүйенің мүмкіндіктерін қалыптастыру тұрғындардың әлеуметтік экономикалық, саяси қажеттіліктеріндегі өзгерістер мен сол сұраныстарға дұрыс жауап қайтару деп санайды. Егер консерваторлар саяси тәртіпті қамтамасыз ету үшін негізгі басымдықты орталық институттардың тұрақтылығы мен беріктігіне бағыттаса, либералдар модернизациялық мәселелерді шешуде билік иелері мен халық арасындағы ұдайы диалогқа басым назар аударады. Осындай диалогтың қалыптасуы (саяси жүйе мен қоғам арасындағы өзін өзі реттеуші механизмдермен қамтамасыз етілген ) ашық әлеуметтік және саяси жүйеге бір саты жақындаудың айқын көрінісі болып табылады. Либералдық бағытты ұстанушы ғалымдардың пікірінше, орта пайда таптың қалыптасып, тұрғындардың білім деңгейінің өрістеуі басқару үдерістерінің сипаты мен ұйымдастырылуына маңызды өзгерістер енгізеді. Либералдардың пайымдауынша аталмыш құбылыс әлеуметтік үдерістерді реттеу идеологиясына шек қояды.
Осы орайда Р. Дарендорфтың тоталитаризмнен демократияға өту туралы төмендегі ойы жоғарыда аталған теориялық концепцияның негізін айшықтай түседі: «Жаңа қадамға өту бір жүйенің екінші жүйеге ауыстыру деген мағынаны білдіруі міндетті емес. Еркіндікке апарар жол жабық қоғамнан ашық қоғамға өту. Ал ашық қоғам бұл жүйе емес, альтернативаларды үйрену үшін қолданылатын механизм».
Либералды бағыттың өкілдері саяси модернизацияның негізгі критериі ретінде, «өкілдік демократия жүйесіне бұқара халықтың қатысу деңгейін» қарастырады. Осылайша К.Дойч сяаси модернизацияны қатысу және мобилизациялану категориясымен айқындайды. Оның пайымдауына сәйкес, модернизация бұқараның қатысуына тікелей байланысты. «Саяси қатысудың өсуі саяси дамудың негізгі кілті» деп, - К. Дойч пайымдаған.
Саяси модернизация либералды концепцияны жақтаушылардың пікіріне сәйкес саяси шешімдерді қабылдауда қатысу құқығына ғана емес, сонымен қатар ықпал ету мүмкіндігіне ие топтар мен индивидтердың санын ұлғайту болып табылады.
Жалпы либералды концепцияның жақтаушылары модернизацияның сипаты мен динамикасын ашық конкуренцияның өсуімен тікелей байланыстырады.
Полиархия теориясы. Модернизация теориясының дамуына қомақты үлес қосушылардың бірі либералды концепцияның әйгілі өкілдерінің бірі Р. Даль болып табылады. Өтпелі қоғам мәселелеріне деген ерекше көзқарастарын білдіре отырып, американдық саясаттанушы полиархия теориясын дамытты. Р. Даль пайымдауынша, саяси модернизация және қоғамның дамуы қоғамдағы екі негізгі критерийдің деңгейіне байланысты:
· Азаматтардың саяси қатысуының жоғарғы деңгейіне байланысты.
· Саяси лидерлер мен әртүрлі топтардың ашық саяси бәсекелестігіне байланысты.
Экономикалық даму деңгейі мен полиархия арасындағы байланысты қарастыра отырып, Р. Даль мынандай қорытындыға келеді: экономикалық қиындықтар жұмыссыздық және жоғары инфляциялық сипат алса, гегемониялық режим және қатаң орталықтанған әлеуметтік тәртіп орнау қаупін тудырады.
Осылайша Р.Даль полиархиялық режимнің модернизация үдерісініің аясындағы тиімділігін:
· Бәсекелесуші элиталардың арасында өзара қауіпсіздікті қамтамасыз етумен;
· Мықты атқарушы билікті құрумен байланыстырады;
· Өзін-өзі басқару орталықтарын қалыптастырып, дамытумен тікелей байланыстырады.
Р.Дальдың пайымдауынша, авторитаризм модернизация үдерісінің негізгі мақсат, міндеттеріне келеңсіз жағдай тигізуі ықтимал.
Либералды ағымның өкілдері (Р. Даль, Г. Алмонд, Л. Пай және т.б.) модернизация ұғымын ашық саяси және әлеуметтік жүйені әлеуметтік мобильділікті күшейту және халықты саяси қоғамдастыққа интеграциялау арқылы құру деп түсінді. Саяси модернизацияның негізгі критериі халықтың саяси өкілдік жүйесіне қатынасуының дәреже көрсеткіші деп тұжырымдады. Яғни, Модернизацияның серпіні мен сипаты еркін элиталардың ашық бәсекелестігі мен азаматтардың саяси үдерістерге қатынасуының деңгейіне тікелей байланысты. Теоретиктердің пікірінше Сәтті жүргізілген модернизацияның шарты бұқараның мобилизациясы, тұрақтылығы мен тәртібін (элита мен бұқара арасындағы диалог көмегімен) қамтамасыз етуге байланысты. Бұл бағыттың өкілдері мобилизация үдерісінің төмендегідей өрбу нұсқасын ұсынады:
· Азаматтардың қатысуымен салыстырғанда элиталардың бәсекелестігінің басымдық жағдайында қоғамның әрі қарайғы демократизациялануы мен реформаларды жүзеге асырудың тиімді алғышарттары қалыптасады.
· Халықтың басым бөлігінің төмен дәрежелі белсенділігі мен элиталардың бәсекелестік ролінің айтарлықтай деңгейде күшеюі жағдайында өзгерістерді тоқтату мен авторитарлы режимнің қалыптасуына алғышарт туындайды.
· Халықтың саяси қатысуының элиталардың бәсекелестігімен салыстырғанда басым болуы охлократиялық тенденциялардың өсуіне жағдай туындатуы мүмкін. Бұл өз кезегінде режимнің күшеюі мен өзгерістерді жүзеге асыру үдерісінің баяулауына алып келуі ықтимал.
· Элиталар мен халықтың саяси қатысуының бәсекелестігінің бір уақыттағы минимизациясы хаосқа, социум және саяси жүйе дезинтеграциясына алып келеді. Бұл жағдайда диктатураның орнауы соңғы көрініс болып табылады.