Кредиттер саны: 3 2 страница

Қысымшы топтар — билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан коғамдық бірлестіктер.

Легитимдік — халықтың үстемдік. етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның зандылығы мен шешімдерін растауы.

Лобби— белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым.

Лояльдық— өкіметті, оның зандарын, қаулыларын құрметтеу, орындау.

Мажоритарлық жүйе — сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Макиавеллизм —алға койған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі.

Мандат— 1) біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат (мы-салы, депутаттық мандат); 2) кайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.

Манифест— 1) маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі; 2) саяси партия, қоғамдық ұйымдардың және т. б. өз көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі.

Нәсіл — шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене құрылысы, терісіне, көзінің түсіне және т. с. с.) байланысты бірлескен адамдар тобы.

Нигилизм — жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т. с. с. жоққа шығару

Нонсенс — қажетсіздік, артық кетушілік.

Обструкция — белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларына қарсы наразылық білдіріп, кедергі жасап, кабылдаттырмауға тырысудың бір түрі.

Өктемшілдік— жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп.

Пакт — халықаралық келісім.

Парадигма — жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Парламент— жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде ол әр түрлі аталады.

Пауперизм— біраз халықтың қайыршылануы, жаппай жарлы жақыбайлық.

Пацифизм — соғыстың қандай түріне болмасын (мақсатына, сипатына қарамастан) қарсы тұрып, бейбітшілікті жақтайтын ағым, қозғалыс.

Петиция — жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын (немесе жолданған) ұжымдық түрде жазылған өтініш.

Плебисцит — ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау, анықтау.

Плутократия— 1) мемлекеттік билік байларға (плутократтарға) бағынышты болған саяси құрылыс; 2) байлардың билігі, акшаның үстемдігі.

Позиция— 1)белгілі бір мәселеге, іске ұстаған көзқарас, пікір; 2) орналасу орны, бағыт.

.Радикализм — партияның, козғалыстың, фракциянын, жеке басшының және т.с.с. қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті, қимылы.

Ратификация— мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітуІ

Реакция— 1) белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл; 2) қоғамдық прогреске қарсы бағытталған, күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат.

Реваншизм — жеңілген мемлекеттің жаңа соғыс аркылы бұрынғы жерін қайтаруға немесе саяси күштің алғашқы жағдайды қалпына келтіруге тырысуы.

Революция— қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс.

Стагнация— саясатта, экономикада, мәдениеттегі және т.с.с. тоқырау.

Статус— белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдайды сақтау.

Страта — қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың әр түрлі топтарға бөлінуі.

Сыртқы саясат — мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты.

Теократия— діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның қолында болатын мемлекеттік басқарудың түрі.

Терроризм — саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.

Узурпация— өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.

Ультиматум — 1) саясатта жазалау шаралары қолданылады деп қорқыту арқылы қойылатын талап; 2) халықаралық құқықта бір мемлекеттің екінші мемлекетке белгілі бір мерзімге нақтылы ұсыныстарды міндеттеген үзілді-кесілді талабы.

Унитарлық мемлекет — саяси билік бір орталыққа бағынған, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі.

Центризм— саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұстанатын партиялық бағыт.

Шовинизм— ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын, ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын, ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.

Эклектизм — саясатта әр түрлі көзқарастарды, идеяларды, теорияларды араластыру.

Юнеско— БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы. Онын жарғысы 1945 жылы қабылданды. Секретариатының тұрақты тұратын жері - Париж.

Глоссариймен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Саясаттанудың түсіндірме аппараты зерттелетін шындық туралы түсінікті толықтыратын жаңа ұғымдарды көрсетеді, жаңа мазмұнымен толтырады, жаңарады. Түсіндірме аппаратының басқа бір ерекшелігі саяси білімнің көпнұсқалылығында және аспектілерінің көп болуында жатыр

Түсіндірме аппаратымен жұмыс істеудің алгоритмі келесідей көрсетіледі:

Танысу (зерттеу):түсінік білімін зерттеу, берілген түсініктің барлық амал-тәсілдерін қарастыру, яғни «мән-мағыналарды» ашу, түсінік этимологиясын анықтау, түсінік мазмұнының диалектикасы, алғашқа түсінікті анықтау, қазіргі мағынаны анықтау және мазмұнның трансформациясы, мәнді сипаттарды анықтау, анықтамаға сұрақтар қою, мәтінмен жұмыс істеу арқылы жасау, рөлдік ойын;

Бекіту (орнықтыру): логикалық есептерді шешу, «қателері» бар мәтінді жөндеу, тестілеу, еске сақтауға арналған тренинг, ойын нысандары («Саяси дебаттар»);

Бақылау (білу және түсіну): диктант, тест, есептерді шешу, түсініктерді қолдану білімін тексеруге бағытталған есептер, бақылау: ағымдық, межелік, қорытынды.

 

 

3. «Саяси модернизация» пәні бойынша дәрістің қысқаша конспектісі

1-ДӘРІС:Саяси даму: ұғымы мен критерийлері. Саяси дамудың басқа қоғамдық мəселелерден айырмашылығының параметрлері.

Мақсаты: саяси модернизацияның объектісі мен пәніанықтау,саяси пәндер жүйесіндегі саяси модернизацияның маңызын ашып көрсету, саяси модернизацияның қызметтерін қарастыру

Сұрақтар тізімі:

саяси модернизацияның объектісі мен пәні

Саяси пәндер жүйесіндегі саяси модернизацияның

саяси модернизацияның қызметтері

Негізгі түсініктер:саяси модернизацияның, компаративистика

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

 

Саяси ғылымда модернизация ұғымы, жалпы модернизация үдерісі туралы ғылыми зерттеулер көңіл толтырарлықтай. XXI ғасыр аясында кең құлаш жайған инновациялық дамудың жаңа кезеңінде қоғамның барлық салаларын қамтыған модернизация үдерісі терең маңыздылық сипатына ие болды. Бүгінде саяси ғылымда өзіндік орны бар бұл үдеріс, ағымдағы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан зерттелуде.

Әр елдің географиялық орналасу, мемлекеттік құрылым және қоғамның менталдық ерекшеліктеріне байланысты модернизация үдерісінің моделі айрықша сипатқа ие. Осы орайда, бүгіндері Қазақстандағы реформалар тәжірибесінің нәтижелі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің өздері де мойындап отыр. Оң нәтижелер туралы айту әрдайым жақсы. Дегенмен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырау кезеңіндегі Қазақстан жағдайында жоспарлы - әкімшілдік экономикадан нарықтық қатынасқа «көшу» керектігі айқын болды. Алайда, ғылым жүйесі жаңа тенденцияларға сай келетін нарықтық экономикаға көшудің, демократияға негізделген мемлекет құрылымының айқын моделін бере алмады. Барлық қалған әлемді «қуып жетушінің» жағдайындағы Қазақстан республикасының алдында тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпы мемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір қазақстандықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Қазақстан бірінші болып посткеңестік кеңістікте нарықтық экономиканың институттарын құрумен қатар, мемлекеттік басқару және реттеу секілді әлемдік тәжірибеде мойындалған стратегиялық жоспарлауды таңдап алды. Ли Куан Ю-дың саяси кредосына негізделген «Әуелі экономика, ал сонан соң саясат» деген Н. Назарбаевтың саяси ұстанымы нарықтық қатынастарға негізделген демократиялық мемлекетті құруда қалтқысыз үлгі болды. Өтпелі дәуірде сәтті таңдап алынған саяси-экономикалық үлгі – күшті президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар. Біздің үлгінің мәні мемлекеттік билікті әлсіретпестен, нарықтық экономиканың негіздерін жасауға және демократияландыруға бағытталған, сонымен бірге «естен тандырмайтын», түбегейлі реформалардың жиынтығына саяды. Әрине, бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты емес. Бұл – жалпы конституциялық ережелерді ғана емес, сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси-экономикалық модернизациялық үлгі. Бұл аса бай ауқымды дүние. Әлем елдерін дүрліктірген қаржы дағдарысы модернизациялық үдерістер үлгісін қайта қарауды талап етуде. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу тақырыбы уақыт талабынан, тәжірибе қажеттілігінен туындап отыр.

Ғылыми әдебиеттер әлемінде саяси және экономикалық модернизация үдерістерінің мәнін анықтап, келелі мәселелерін сараптауға мүмкіндік беретін еңбектер баршылық. Рухани индивидуализм, «рационализация», «механико органикалық келісім», «бірінші» және «екінші» қоғамдық фармация концепцияларының негізінде модернизациялық мәселенің зерттелуінің көш басында К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм және т.б. есімдерін атауға болады. Модернизацияның мақсатын, әдістерін, кезеңдері мен түрлерін анықтауда Г. Алмонд, Д. Аптер, Р. Арон, Д. Белл, С. Блэк, Л. Биндер, Т. Веблен, С. Верба, Р. Инглхарт, Д. Коуэлман, Л. Пай, Т. Парсонс, Д. Лапаламбара, М. Леви, У. Ростоу, А. Турен, Ю. Хабермас, Ш. Эйзенштадт, В. Цапф, Д. Эптер, С. Хантингтон және т.б. танымал зерттеушілердің ғылыми тұрғыда фундаменталды үлес қосты. Батыс теоретиктері Азия, Африка, Латын Америка елдерінің саяси және экономикалық дамуының сипаты мен заңдылықтарын зерттей отырып, модернизацияның мәнін түсіндіріп, типологиясын теориялық деңгейде ұсынды. Модернизация үдерісін жүзеге асырудың қиындықтарын айшықтады. Ресейлік зерттеушілердің ішінен Штомпка, С.А. Панкратова, В.А. Жукова, Л.В. Полякова, В.Г. Пуляева, С.В. Рогачева, А.И. Уткина, В.Г. Федотова және т.б. авторлардың есімдерін атауға болады. Ресей ғалымдарының еңбектерінде қазіргі заманғы модернизацияның ерекшеліктері Ресейде жүргізіл тәжірибесінің негізінде тұжырымдалады, модернизация үдерісіне детерминанта болатын факторлар анықталады. Ресейде қазіргі кезде жүргізіліп жатқан модернизациялық үдерістерге Л.В. Сморгунова, М.Г. Делягина, Д.С. Львова, А.А. Кокошина, Б.И. Кретова, Д.С. Кузьмина, С.Г. Кара-Мурза, Р.Т. Мухаева, О.Н. Смолина сынды зерттеушілердің сараптамалық еңбектері арналған. Саяси және экономикалық модернизация, жергілікті жүйенің әлемдік саяси экономикалық үдерістермен үйлесімділік мәселелеріне қатысты ғылыми және тәжірибелік ызығушылық жылдан жылға артуда. Аталмыш мәселелер бірқатар Қазақстандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың еңбектерінде қамтылған.

Саяси модернизацияның теориялық әдістемелік аспектісі, Қазақстан Республикасындағы модернизациялық үдерістердің тарихи қажеттіліктері, «Қазақстан 2030» стратегиясының аясында еліміздің модернизациялық болашағы Г. Нұрымбетованың «Саяси модернизация» еңбегінде қарастырылған.

Сонымен қатар, В.А. Жексембекованың «Саяси модернизация процесі және қазіргі кезең» оқу құралы саяси модернизацияның теориясын, Қазақстандағы модернизацияның ерекшеліктерін, қазіргі кезеңде Қазақстандағы саяси модернизация процесінің даму динамикасы мәселелерін қамтиды. Қазақстандағы модернизацияның ерекшеліктерін Қазақстанның сыртқы прагматикалық саясатын, президент институтының және парламентаризм эволюциясын, саяси плюрализмнің қалыптасу ерекшеліктеріне талдай отырып көрсетеді.

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» еңбегінде модернизация үдерісін жүзеге асыруда «Әуелі экономика сонан соң саясат» деген қарапайым қағидаға негізделген Қазақстандық нұсқаның бейімі аңғарылады.

Саяси транзитология бағытының зерттеліп, тұжырымдалуы саяси модернизация концепциясының жан-жақты дамуына серпін берді. Саяси транзитология мемлекеттердің даму эволюциясындағы өтпелі кезеңді зерттеумен байланысты ғылыми бағыт болып табылады. Өтпелі кезеңді ғылыми тұрғыда зерттеу 1970 жылы жарыққа шыққан Д. Ростоудың мақаласымен тікелей байланысты. «Демократизацияның үшінші толқыны» атты С. Хантингтонның мақаласы қоғамның өтпелі кезеңін саяси модернизация үдерісінің шеңберінде қарастыратын дербес бағыт болуына түрткі болды. Бұл бағыт кейіннен саяси транзитология деп қарастырылды.

Аталмыш бағыттағы Қазақстандық авторлардың ішінен М.Ашимбаевтың, С. Дьяченконың, И. Тасмагамбетовтың, Р. Кадыржановтың еңбектерінің жігін ажыратып көрсетуге болады. И.Тасмагамбетовтың «Социальная политика и политическая трансформация» атты еңбегінде саяси жүйелердің модернизациялану үдерісінің аясында әлеуметтік саясаттың қалыптасу ерекшеліктерін талдамалы анализ негізінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ұсынуы саяси, әлеуметтік салаларға модернизациялық үдерістің қаншалықты деңгейде әсер етуін көрсетеді. Саяси экономикалық модернизацияны мемлекеттілікті нығайтып, демократизациялануды өрістетуде кешенді құбылыс деп қарастырады.

Саяси транзитты зерттеудің теориялық методологиялық негіздерін, жаһандық демократия шеңберіндегі саяси транзит модельдері, Қазақстан Республикасының саяси транзит үдерісінің мәні және сипаты М. Ашимбаевтың «Политический транзит: от глобального к национальному измерению» еңбегінде талқыланады.

Әртүрлі саяси жүйелер қызметін теориялық және тәжірибелік түрғыдан салыстырмалы зерттеу келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1) олардың негізгі ерекшеліктері мен белгілерін, әлеуметгік табиғатын, мазмұнын жақсырақ түсінуге;

2) қоғамдық теория мен тәжірибенің үдемелі дамуына көмек беретіндей олардың әлді және әлсіз жақтарын нақты анықтауға;

3) әртүрлі саяси жүйелердің экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық негіздерін, олардың икемделу тетігін тереңірек зерттеуге.

 

 

2-ДӘРІС:Даму теориясы. Даму жөніндегі зерттеулер санаттары.

Мақсаты: даму теориясының маңызын ашып көрсету, даму теориясының әдіснамалық мәселелерін талқылау

Сұрақтар тізімі:

1. даму теориясының маңызы

2. Салыстыру даму теориясының әдісі ретінде

3.даму теориясының әдіснамалық мәселелері

Негізгі түсініктер:әдіс, салыстыру, даму теориясы,әмбебаптылық, ұқсастық, ерекшелік, критерий

Әдебиет:

1. Әлемдік саясаттану антологиясы. 10 томдық. Алматы (Мәдени мұра), 2005. 1-10 том.

2. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.

3. Штомпка П. Социология социальных изменений. М., 1996.

4. Алимова СБ. Политическая модернизация: Учебное пособие. Караганда, 2002.

5. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. А., 1997.

6. Дьяченко С.А. Политический транзит в современном Казахстане. Астана, 2001.

7. Нұрымбетова Г.Р. Саяси модернизация. Алматы, 2007

8. Касымбеков М. Институт президентсва как инструмент политической

модернизации. Астана, 2002

 

XX ғасырдың 50 жылдарында модернизация тұжырымы дәстүрлі қоғамнан ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-құрылымдық, ережелік және құндылық жүйелерінің өзгерісі нәтижесінде тиімді қоғамға өту сипаты мен бағытын анықтау мақсатында пайда болды. Зерттеушілерді мұндай ізденістерге итермелеген әлемдегі геосаяси өзгерістер еді, яғни әлемдік саяси картада тәуелсіз жаңа мемлекеттердің пайда болуы.

Жалпы модернизация теориясы дегеніміз - дәстүрлі қоғамнан адамның жеке меншік пен саяси биліктен жатсынуынан арылтуға ұмтылатын қазіргі заманға өту үрдісін түсіндіруге ұмтылатын қоғамдық даму тұжырымы. Дәстүрлі қоғам мен қазіргі заманды салыстырмалы түрде зерттеген М. Вебер пікіріне сүйене отырып, олардың сипатындағы келесі айырмашылықтарды көрсетуімізге болады /N-1 кесте/.

 

Көрсеткіштер     Дәстүрлі аграрлық қоғам   Капиталистік қоғам    
Меншік сипаты Мұрагерлікпен берілетін әлеуметтік мәртебе (жер иеленуші аристократия) Өндіріс құралдарының барлық түріне жеке меншік және олардың кәсіпкерлер бақылауымен шоғырлануы
Жұмыстың механизация лануы Іс-жүзінде болмайды Еңбекті механизациялау капиталды дәл есептеуге мүмкіндікберетін мүмкіндік беретін басым технология ретінде. Өндірістегі басым жетекші принциптер қатарында: тиімділік, ендірістік, рационалды үйымдастыру
Мүмкіндік беретін басым технология ретінде.  
Жұмыс күшінің табиғаты Негізінен еріксіз, тәуелді (жеке құлдық немесе жерге бекіту формасында) Аймақ пен саланы тандаудағы еркіндік.  
   
Нарық Өте шектелген (салықтық кедергілер, тонау кауіптеріне, ақша айналымының әлсіз дамуына байланысты). Нәтижесінде жергілікті базарлар немесе алыста орналасқан байлық дүниелерін сататын шектелген базарлар пайда болады. Дәстүрлі шеңберлермен шектелмеген ашық базардағы сауда (таптық монополия, меншік шектеулері, протекция, т.б.). Нарық бөлу мен пайдалануды ұйымдастырушы принцип ретінде.
Басым заңдар Әр түрлі әлеуметтік топтарға қатысты қолданылатын жеке заңдар, ережелер. Келісімдерге отырған және құқты бекітуге мүмкіндік беретін әмбебап заңдар
Басым мотивтер Дағдыланған деңгейдегі мұқтаждықтарды өтеу төңірегінде шоғырланады Экономикалық мінез-құлық мотиві ретінде сатып алу мүмкіндігінің шектелмеуі

 

Ал Т. Парсонс дәстүрлі қоғам мен қазіргі қоғам арасындағы айырмашылық жөнінде басқаша ұстанымда болды:

 

2 кесте. Т.Парсонс бойынша дәстүрлі қоғам мен
қазіргі заманды салыстыру

 

Көрсеткіштер   Дәстүрлі қоғам Қазіргі қоғам
Әлеуметтік құрылымның нақты деңгейі Диффуздық, яғни әлеуметтік қатынастардың, ролдердің анық болмауы, бекітілмеуі Мамандану, топтарда өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін еңбек бөлінісі, рольдер мен қатынастардың мамандануы
Мәртебе негізі   Алдын ала айқын болуы, яғни туғаннан немесе туысқандық негізде анықталуы Жетістіктер, яғни мәртебеге, рольге, топтарға жеке табыстар негізінде қарау
Іріктеу белгілері   Партикуляризм, яғни партнерді таңдаудың орындап отырған жұмысқа байланысты емес, әлеуметтік қатынасқа негізделуі Әмбебаптық, яғни партнерді әлеуметтік байланыстар бойынша таңдау және бағалау.  
Бағалау белгілері ¥жымшылдық, адамдарды белгілі-бір топ, тайпа, ұжым мүшесі ретінде қабылдау және бағалау. Индивиуалистік, яғни адамдарды олардың жеке істеріне қарап бағалау және қабылдау
Сезім ролі   Сезімге берілу, яғни эмоцияның әлеуметтік өмірге араласуы Бейтараптық, яғни әлеуметтік өмірге эмоцияның араласуына жол бермеу. Іскерлік пен тиімділікке негізделу.  

 

Қазіргі заман белгілері қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Қазіргі заманды ұйымдастырушы негізгі принциптер ретінде келесі белгілерді көрсетуге болады: индивидуализм, жіктелу, тиімділік, экономикалық, ғаламдану. Саясат саласындағы маңызды өзгерістердің қатарына келесі үрдістерді жатқызуға болады: жаңа функцияларға ие болу арқылы мемлекет ролінің күшеюі, қызмет саласының кеңеюіне байланысты заң ролінің күшеюі, саяси және азаматтық құқы бар адамдар тобын көбейтетін қала тұрғындарының санының өсуі.