Макроорта

Медиаорта

Микроорта

Макроорта

МАРКЕТИНГ ОРТАСЫ

Маркетинг ортасы дегеніміз - ол фирманың маркетинг бөлігінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субьектілердіңжәне күштердің жиынтығы.

Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлерге бөлінеді:

♦ макроорта

♦ микроорта

♦ медиаорта

Макроорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды,

Макраортаның құрамын былай бейнелеуге болады:


1- сурет. Макроортаның топтасқан факторлары құрамы

Ал әрбір факторлар тобының ішкі мәні 1-кестеде көрсетілген.