Маркетинг салалары

Кесте

Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері

 

Маркетинг түрлері Сұраныс түрлері Маркетингтің міндеті мен мақсаты
Конверсиялық марке­тинг: барлық немесе бірнеше рыноктың сегменттері тауарды (қызметті) қабылдамайды жағымсыз сұраныс тауарды жақсарту, ба­ғаны төмендету, өткізу арналарын жақсарту, қоғамның пікірін өз мүддесіне сай өзгерту
Креативтік маркетинг (дамушы маркетинг): жасырын сұранысты әйгілеуге бағытталған маркетинг жасырынсұраныс рыноктың әлуетті сыйымдылығын бағалау, жасырын сұранысты қанағаттандыратын тауарларды іздеп табу
Ремаркетинг: сұраныс төмендеген жағдайда қолданатын маркетинг төмендейтін сұраныс Жаңа нысаналы рынокты табу, оған сәйкес тауардың қасиеттерін өзгерту, коммуникацияны тиімді жүргізу
Синхромаркетинг: сұраныс өндіріс күшінен біршама асатын болса, немесе бұл тауардың өндіріс көлемі рынок қажетінен көп болса қолданатын маркетинг тұрақсыз сұраныс сұранысты уақыт мерзімі бойынша реттеу, икемді баға қолдану
Демаркетинг: қанағаттандыра алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг артық сұраныс бағаны көтеру, өтімді ынталандыру шаралары мен сервисті азайту, сұраныс көлемін төмендету
Қарсы әрекет жасайтын маркетинг: тұтынушының және қоғамның жағдайын жақсарту мақсатымен зиянды тауарларға қарсы қолданатын маркетинг иррационалды сұраныс (өлшемге келмейтін сұраныс) бағаны кенет көтеру, тауардың қол жетерлігіне шек қою, тауардың денсаулыққа зияндығы туралы тұтынушыларға ақпарат тарату
Ынталандырушы маркетинг: ынталы әдістер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг жұраныс жоқ бағаны төмендету, жарнаманы күшейту, тауардың ұтымды жақтарын көрсету, өтімді ынталандыру шараларын қолдану
Демеуші маркетинг: сұранысты бір деңгейде сақтауға арналған маркетинг сұраныс толық қанағаттанған Тауардың сапасына және қызмет көрсету қасиеттеріне көбірек назар аудару

Маркетингті нақтылы жүзеге асыру ісі, яғни ол істің маңыздылығы мен бағыты кәсіпорынның салалық сипатына, оның ұсынатын тауарларының пайдалану орнына (жеке адам қажеті, немесе өндіріс қажеті орындауына) байланысты болады. Осыған сәйкес неше түрлі маркетинг салаларын айыруға болады.

Өнеркәсіптік маркетингідегеніміз өндіріс үдерісінде тұтынылатын тауарлармен, қызметтермен, оларды тұтынатын және сауда-саттықпен айналысатын фирмалармен шұғылданады.

Қызмет маркетингі дегеніміз өнім ретінде қызметтермен шұғылданатын маркетинг түрі. Қызмет маркетингтің нәтижесінде фирмалар маңызды маркетинг мәселелерін шешеді: бәсекелестердің көрсететін қызметтерімен салыстырғанда айырмашылығы мен артықшылығы болатын қызметтерді тауып, ұсынады, яғни қызметтің жаңалығын, оның бағасын, қызмет көрсету шарттарын жақсырақ қамтамасыз етіп, қызметтерге дифференциация жүргізеді; қызмет көрсету кезінде оның сапасын бақылауға алып еңбек өнімділігінің оңтайлы (оптималды) деңгейін қамтамасыз етуге қажет шаралар мен қажет жағдайын белгілейді.

Қызмет маркетингімен тауар маркетингінің айырмашылықтары кейінірек қарастырылады.

Халықаралық маркетинг - кәсіпорындардың сыртқы экономикалық әрекеттерінде қолданылатын маркетинг түрі. Халықаралық маркетинг маркетингтің сыртқы ортасын зерттеуді, сыртқы рынокқа шығу мүмкіндіктерін анықтауды, нақты рыноктарды тандауды және оларға шығу әдістерін, халықаралық маркетинг жоспарын өңдеуді болжайды. Сыртқы рынокқа шығу қажеті бірнеше факторлармен анықталады: ішкі рыноктағы бәсекелестік күрес сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігі болғанда, ішкі рыноктың тарылуы, шетелдік бәсекелесті өз жерінен "шабуылдау" мүмкіндігі, шетел рыногында көптеген пайдаға жету мүмкіндігі, өндіріс көлемін кеңейту мүмкіндігі болғанда және т.б. Нақты шетел рыногын тандау барысында жалпы шығуға болатын шетелдік рыноктар саны, олардың тартымдылығы анықталады. Ол үшін рынок көлемі, оның өсу мүмкіндігі мен өсу жылдамдығы, оны игеру шығындары, бәсекелестік басымдылықтар, тәуекелдіктің деңгейі және т.б. көрсеткіштер қарастырылады. Сыртқы рынокқа шығу әдістерінің бірнеше түрі бар: экспорт, бірлескен кәсіпкерлік, тікелей инвестициялау.

Халықаралық маркетинг жоспарын жасап өңдеу негізінде маркетинг кешенін шетелдегі жергілікті жағдайға бейімдеу қажет.

Банк маркетингі дегеніміз жалпы капитал рыногында және оның жеке салаларында, айталық банк саласында, несие саласында, құнды қағаздар рыногында болып жатқан үрдістерді зерттеуді және есепке алуды болжайтын банкті басқару жүйесін сипаттайды. Банк маркетингінің басты мәселесі - капитал рыногында жүріп жаткан үрдістерді талдау болады. Ол банк басшыларына банк әрекеттерін кеңейтуге және пайданы кеңейтуге бағытталған икемді шешімдер қабылдау үшін қажет.

Банк маркетингінің басты мақсаты - капитал рыногының талаптарына сәйкес қажетті бейімдеу жағдайын құру, рынокты зерттеу шаралар жүйесін қалыптастыру, бәсекелестік қабілеттілікті және пайданы жоғарылату жолын табу болып табылады.

Банк маркетингінің негізгі әрекеттері: капитал рыногында жәнеоның жеке сегменттерінде сұранымды зерттеу, пайыз саясатын талдау, жарнама, банк активі мен пассивін кеңейту, банкәрекеттерін жоспарлау жүйесін өңдеу, қызметкерлерді

басқару, клиенттерге қызмет көрсетуді үйымдастыру болады.

Бейкоммерциялық маркетингті институционалды маркетингі деп атайды. Оны ұйым және жеке тұлғалар өздерінің идеяларын тарату үшін қолданады. Бейкоммерциялық мар­тиниг дегеніміз нақты үйымдар және олардың әрекеттеріне мақсатты аудиторияның позициясын және қатынасын ұтымды өзгерту немесе қалыптастыру үшін қолданатын маркетинг түрі.

Инвестициялар маркетингі- бұл маркетингтің біршама жаңа бағыты. Инвестициялар объектісі өндіріс құралдарының өзара байланысқан жүйесін көрсетеді. Олардың негізгі сипаттамалары: технология және өндірісті ұйымдастыру болады. Сондықтан оларды жүзеге асыру үшін тапсырыс берушіге бәсекелестердің ұқсас объектілеріне қарағанда ұтымды экономикалық жетістіктерді қамтамасыз ететін техникалық шаралдар жиынтығын, шешімдерін және тәжірибелерін анықтайтын жүйелі тауарды, кәсіпорынды немесе инфрақұрылым объектісін ұсыну қажет. Инвестициялар маркетингінің негізгі ерекшелігі қажет қаржылар көзін анықтап, тарту болады. Объект көлеміне қажет қаржы көздері мемлекеттік, жеке меншік немесе халықаралық (шетелдік) болуы мүмкін.

Имнестиция объектілеріне сұраныс құрамын талдау ісі техникалық және өндірістік, экономикалық, валюта-қаржылық, объект құрылысын жүргізу мүмкіндігі және оның көрсеткіштері, құрылыс объектісін іске енгізу әдістері бағыттарында жүргізіледі. Бұл талдаудың мақсаты құрылысқа тапсырыс берушінің нақты талаптары жүйесін анықтау, соған байланысты коммерциялық және өндірістік стратегиясын таңдап алып, белгілеу болады.

Интеллектуалды өнімдер рыногындағы маркетинг. Таyap ретінде интеллектуалды өніммен маркетинг әрекетін жүргізу ерекше тәсілдерді қажет етеді. Өйткені бұл тауарлардың өзіндік ерекшеліктері болады:

♦ интеллектуалды өнімді құқықтық жағынан қорғау қажет, яғни интеллектуалды өнімнің иесін (авторын, өнертапқышты) опасыз бәсекеден, оның затын зансыз көшіруден қорғау қажет;

♦ патент, патенттік лицензия және басқа құжаттар құқықтық қорғау құралы ретінде интеллектуалды өнімнің иесіне рынокта ұзақ мерзім (15-20 жыл) монополиялық үстемдік алуға мүмкіндік береді;

♦ тауардың патенттік қорғауға алынуы - қаржы салушының капиталы тиімді болуына қосымша кепілдік жасайды.

Ал интеллектуалды меншік дегеніміз ғалымдардың, өндірістегі жеке зерттеушілердің, басқа да мамандардың нақты нәтижелі жаңалықка қолы жетіп, сол интеллектуалды әрекеттің нәтижесі өнершығарушылық пен авторлық құқықпен қорғалған меншіктік иелігі болады. Интеллектуалдық меншікке құқықты түрінде қорғалған әдеби шығармалары, ғылыми зерттеулер нәтижелері, радио және телебағдарламалары, сауда таңбалары, тауардың фирмалық атаулары және т.б. жетістіктері жатады.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жүмыстардың нәтижесін патенттермен қорғау жұмысы қоғам үшін аса манызды болғандықтан әрбір кәсіпорынның басты мақсатына айналған. Патент - жаңалықтың, авторлығын куәландыратын және патент иесіне ерекше құқық берілгенін айғақтайтын білікті орган тапсыратын құжат.

Ноу-хау (ағылшын тілінен аударғанда "қалай екенін білу") -өндірістің технологиясын, өнім дайындаудың құпияларын, жаңа әдістер мен жоспарлардың, өнер тапқыштардың, мамандардың қызметтерін сипаттайтын техникалык, коммерциялық және басқа ілімдердің жиынтығы. Ноу-хау патенті жоқ әртүрлі өндірістің түрін ұйымдастыруға керек дағдылы, немесе өндірістік тәжірибе түрінде алынған техникалық құжаттама ретінде дайындалады. Ноу-хау, әдетте, лицензиялық келісімдердің объектісі болады, оларды қолдану үшін құқық лицензиясымен бірге беріледі.

2-тақырып