Шымкент, 2008ж.

 

 

УДК

ББК

 

 

Құрастырған : аға оқытушы Карибов В. М.

 

 

«Маркетинг» пґнiнен лекция конспектілерінің ґдiстемелiк нЅс¶ауы, Шымкент: М. Ауезов атындаµы О¬МУ, 2008ж., - 120 бет

 

 

¦дiстемелiк нЅс¶ау о¶у жоспары жґне «Маркетинг» пґнiнiє жоспарларыныє талаптарына сґйкес ¶Ѕрастырылµан жґне барлық тақырыптардың конспектілерін ¶амтиды.

Әдістемелік нұсқау «Экономика» мамандықтарының және 050904 «Тұрмыстық қызмет және сервис» мамандығының студенттеріне арналған.

 

 

Әдістемелік нұсқау тақырыптар бойынша ұсынылған әдебиеттер мен конспектілер жинағын қамтиды.

 

 

Пiкiр жазғандар: М. Ауезов атындағы ОҚМУ- дың,

«Менеджмент» кафедрасының

э.ғ.к., доцент м. а. Айдаров Т. А.

«Маркетинг» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және баспаға ұсынылды (№ ______хаттама «_____»________200__ ж)

Экономика және қаржы институт комиссиясы

(№ ______хаттама «_____»________200__ ж)

 

 

Баспаға М.Ауезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік Кеңесі ұсынған

№ _____ хаттама «____» _____________ 2007ж.

 

 

© М.Ауезов атындағы Оңтүстік Казахстан мемлекеттік университеті, 2008

 

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................4

Маркетингтің теориялық негіздері және концепциялары...................................5

Маркетинг ортасы....................................................................................................18

Маркетингтік зерттеулер.........................................................................................28

Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез- құлығы........................................36

Нарықты сегменттеу................................................................................................47

Маркетинг жүйесіндегі тауар.................................................................................53

Маркетингтегі тауар саясаты..................................................................................62

Маркетингтің баға саясаты.....................................................................................67

Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты.................................................................79

Маркетингтегі коммуникациялық саясат..............................................................86

Маркетинг жүйесіндегі жарнама............................................................................86

Маркетингті жоспарлау және бақылау..................................................................98

Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау...............................................................100

Халықаралық маркетинг.........................................................................................107

Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі.................................114

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................................120

КІРІСПЕ

Рынок қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Рынокта калыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат рынокта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б. с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.

Маркетинг деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерінде ХІХ-ХХ ғасырдан бастап қолданыла бастады. Маркетинг концепциясының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл концепцияның өмірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірілуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделілене түсуінде. Сондықтан да XX ғасырдың басында маркетингті өтім әдісі ретінде қолданып, маркетинг жөнінде коммерциялық түсінік орын алды. Яғни өндіруші, демек сатушы сатып алуға жеткілікті шамасы бар сатып алушыны тауып, өнімін шығаруы тиіс еді. Яғни маркетинг теориясын басқару жүйесінде қолданып, оның басты принциптеріне сәйкес тек сенімді түрде сатылатын өнімді өндіру және фирма осыған сай ұйымдастырылуы тиіс еді.

Сондықтанда маркетингтің мәні оның алдына қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленеді десек те болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп өзгерді. Оның мәнінің өзгерісі өнімді шығару және өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда алу үшін рыноктың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (тауарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда есте болатыны маркетингке сүйене отырып фирманың түбінде пайдалы әрекетін ұйымдастыру үшін, алғашқы оның қадамдары уақытша пайдасыз, кейде тіпті шығынды болуы мүмкін. Бұл болжамды шығындар, немесе ойда болған уақытша кездесетін қиыншылықтар болып табылады. Одан кейін мол табыс әкелетін, немесе фирманың қанағатты пайда тауып рынокта тұрақты іс-әрекетін көздеген маркетингтік нысанасы орын алуы тиіс. Осы тәрізді маркетинг нысанасы тек пайданы көбінен табу ғана емес, керісінше әлеуметтік, тұрақтылық, фирманың іс-әрекетінде қауіпсіздік т.б. с.с. нысанасы болуы мүмкін.

Ұсынылып отырған оқулықта маркетинг осы тұрғыдан қарастырылады. Бұл еңбек тұңғыш рет жоғары оқу орындарына арналған 1999 жылы бекітілген типтік бағдарламаға сәйкес жазылды.

1- тақырып

МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

 

1. Маркетингтің әлеуметтік - экономикалық мән-мағынасы

2. Маркетинг концепцияларының дамуы

3. Маркетинг принциптері

4. Маркетинг түрлері