Введение 24 страница

Әзіл-оспақты түсіне білу. Өз кемшілігіне дер кезінде күле білудің айрықша маңызы бар. В.У.Терещенконың айтуынша, АҚШ-та әрбір менеджерлердін өз лақап аты болады, ол мұны білуі тиіс. Карикатура келемеждеу емес. Адам неғұрлым әйгілі болған сайын, газеттер мен журналдарда ол жөнінде карикатура соғұрлым көп болады. Адамды достық тұрғыда әзілдеу — бұл оның әйгілігінің, оны жақсы көретіндігінің жақсы қарым-қатынаста екендігінің белгісі. Рузвельт өмір бойы өзі жайлы карикатураны жинаған екен. В.И.Терещенконың пікірінше, егер адамның беделі болса, егер ол көпке құрметті болса, онда ол карикатурадан сескенбейді, оған ашуланбайды, қайта өзіне-өзі күледі.

Басшы өз ісіне сенуі, батылдығы, мақсаткерлігі, қайсарлығы арқылы көрінуі, әрі осы қасиеттерін карамағындағыларға көрсете білуі тиіс.

Егер адамдар өз ісіне сенетін қасиеті болса, онда оған басқа адамдар да еліктейді. АҚШ-та басшыларды даярлағанда және білімін жетілдіргенде осы қасиеттерін қалай көрсету қажеттігін үйретіп қана қоймай, бұған қалай кол жеткізу, өзінде қалай қалыптастыру жолдарын да түсіндіреді.

Бұл мәселе жөнінде мынадай бірқатар психологиялық ұсыныстар бар: кәсіпорынға келгенде өзіңді тік ұстап, басыңды төмен түсірме. Тік жүру, басты тік ұстау, ширақ жүру өзіңе деген сенімділік дағдысын қалыптастырады. Сен амандасқан кезде, қолынды селқос бермей, өзіңмен сәлемдескен адамның қолын қатты қыс. Батылдық, табандылық және өзіңе деген сенімділік — жақсы басшының ұнамды, байсалдылық қасиеті, Күйгелектік, ашуланшықтық басшыға мүлде жараспайды.

Жоспарлау — адам қызметінің ажырамас бөлігі. Карл Марс пен Фридрих Энгельс былай деп жазған болатын: «... ең нашар деген сәулетшінің (архитектурдың) бал арасынан айырмашылығы сонда, ол балауыздан ұя салар алдында, оны әуелі басында ойластырып алады. Өзінің еңбек әрекетін жоспарлау арқылы жұмысты белгілі біржүйеге келтіріп, ең басты, кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге жүмылдырады».

С.Н.Архангельский былайша атап көрсетеді: «...психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда адамның болашақ іс-әрекетін жоспарлауының мәні сол, ол белгілі бір іс-әрекетті орындаудың жолдарын, амалдары мен құралдарын ой елегінен өткізеді де, түпкі мақсатқа жетуді ойластырады». Сондықтан да басқару аппаратының тиімді қызметі жоспарлануы тиіс. Ол үшін дербес жұмыс күнінің тәртібі, кәсіпорын жұмысының жалпы тәртібі, адамдарды өзара алмастыру графигі, жеке творчестволық жоспары т.б. жасалады.

Дербес жұмыс күнінің тәртібі белгілі бір жүйемен жүзеге асырылады. Әуелі жекелеген қызмет түрлері еңбек операцияларына бөлініп, жұмыс уақытының құрылымы ойластырылады. Сараптап (эксперттік) бағалау арқылы жекелеген жұмыс түрлерін орындауға жұмсалатын қажетті жұмыс уақыты анықталады. Жұмыс күнінің қолайлы, құрылымын және нақтылы қалыптаскан жұмыс күні тәртібін ескере отырып дербес жұмыс графигі жасалады. Әрбір басшының дербес жұмыс күні тәртібіне, ең алдымен, атқарылатын жалпы жұмыстар (мәжілістерге нарядтарға қатысу), содан кейін кәсіпорын басшысына қатысты басқа жұмыстар енгізілуі тиіс.

Жұмыс күні тәртібінің негізгі міндеттері: бір жұмыс күніндегі, аптадағы, ай ішіндегі басшылармен мамандардың жұмысын ретке келтіру, басқару аппараттарының жалпы үйлесімділігі мен ұйғарымдылығын белгілеу, кәсіпорын жұмысының ұйғарымдылығы мен ырғақтылығына қол жеткізу мақсатында өндірісті басқарудың оперативтілігін арттыру.

Негізгі күн тәртібі кәсіпорын басшысының жұмыс графигі болып сақалады. Бұл құжатта өндіріс объектілерін аралау, қол астындағылармен кездесу, күнделікті және болашақ мәселелерді шешу, қоғамдық тапсырманы орындау, басқа ұйымдарға бару, әр түрлі мәжілістердін қатысу жоспарлаиады. Орынбасарларының, бас мамандардың күн тәртібімеи танысады.

Басшылар мен мамандардың дербес жұмыс күні тәртібіне, бірінші кезекте кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша басқару жұмыстарын орындауға тиісті уақыт белгіленеді. Сондықтан да басқару аппаратының жұмыс күні тәртібінің негізі белгілі бір бөлімшелердегі технологиялық бірізділік сақталатын жұмыс процесін орындау уақыты болуы тиіс.

Жұмыс күнінің регламенті ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маусымдылық ескеріле отырып жасалады. Қажет болған жағдайда жылдық кауырт науқанды кезеңдеріге (егіс, жиын, терім т.б.) арнап жеке жұмыс күнінің тәртібі белгіленеді. Әрбір басшы мен маманның жұмыс күнінің тәртібі кәсіпорындағы жалпы жұмыс күнінің тәртібімен үйлесуі тиіс.

Бұл құжатта жұмыстың басталуы мен аяқталуы, түскі үзіліс, адамдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау уақыты, өндірістік мәжілістерді, жиналыстарды, конференцияларды, диспетчерлік сағаттарды, агрозоотехникалық және экономикалық оқуларды, қоғамдық шараларды, сыртқы ұйымдармен байланысу уақыттарын көрсетеді.

Бұл құжатты кәсіпорын басшысы бекітеді. Басшылар мен мамандардың жұмысының тәртібі өз белгілеуіне сәйкес келуі үшін, олардың өзі уақыт аралықтары бойынша, сондай-ақ аудандык әкімшілік пен қоғамдық ұйымдардың жұмыс регламенті бойынша сәйкес келуі, еңбек заңдарының талаптарына сай болуы тиіс.

Ең маныздысы, басшы қызметкерлер дербес уақытын дұрыс жоспарлауы, тыиығатын күндерін және демалысын ұдайы пайдаланып тұруы тиіс. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда демалыс күндерінің, егіс басындағы қауырт жұмыс кезіндегі кезекшілігінің және мереке күндерінің ауыспалы графиктері пайдаланылады.

Жекелей творчестволық жоспарға өндіріс техникалары мен технологияларын жетілдіру, оны ұйымдастыру мен басқару, қызметкерлердің еңбек жағдайын жаксарту, осының негізінде өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру көзделеді.

Айрықша қажеттісі:

- ой еңбегінде өзінің жұмысын жолға қою. Егер алғатикы сағаттарда жұмыс ойдағыдай істелетін болса:

- әуелі ең қиын жұмысты қолға алған жөн;

- жұмысқа кіріскенде бір минутты да босқа жіберме, сонда жұмысың өнімді болады;

- қиын жұмыстан жеңіл жұмысқа, жағымсыз жұмыстан жағымды жұмысқа, тартымсыз жұмыстан тартымды жұмысқа бірте-бірте ауыс.

Егер жұмыс аяғында ісің жақсы жүретін болса:

- ең жеңіл жұмысты алғашқы кезекке қалдыр;

- әуелі жұмысқа қажетті нәрселеріңді мұқият әзірлеп ал;

- әуелі жүріс-тұрысты көп қажет ететін шаруаларды тындыр, күнделікті міндеттерді күнделігіңе жазып қой, цифр деректерін есепте;

- жеңіл еңбектен ауырына, тартымды еңбектен тартымсызына бірте-бірте ауыс.

И.В.Ревельскийдің ой еңбегінің гигиенасы жөніндегі ұсынысы ерекше көңіл аударарлық:

1. Еңбек етуді тынығумен мұқият, әрі дұрыс алмастыр.

2. Қатты шаршама.

3. Дұрыс демала біл.

4. Жиі тынық және белгіленген күні еркін серуендеп демал.

5. Жұмыс күнінде толық бір сағаттық демалыс уақытын белгіле.

6. Ой еңбегің мен дене еңбегіңді дұрыс үйлестіре біл.

7. Күн сайын бірнеше сағат жұмыс істеуге дағдылан. Ұзақ сарылып жұмыс істеу зиян.

8. Жұмысқа бірте-бірте құлшына кіріс.

9. Өз жұмысынның үйреншікті карқынын тездетуге де, баяулатуға да болмайды.

10. Ой еңбегіңде үзілісті тым жиілетуге болмайды.

11. Күні бұрын енжарлыққа салынба.

12. Зейініңе бөгет жасайтын, мазалайтын жайттарды барынша азайтуға тырыс.

13. «Ештен кеш жақсы» деген халық мақалы есіңізде болсын.

14. Бір іспен ұзақ уақыт шұғылданба.

15. Зерттелетін заттармен тұрақты байланыс орнат.

16. Толып жатқан цифр деректері мен анықтамалық сипаттағы нақты материалдарды есіне сақтап, басыңды ауыртпа.

17. Істейтін жұмысынның мақсаты айқындалғанда және оның пайдалы екендігіне көз жеткенде ғана қолға ал.

18. Уақытында тамақтанып отыр.

19. Көзіңді сақта.

Уақыт тапшылығын азайту, өзіңнің мақсаткерлігіңді, ұйымдастыру-шылығынды арттыру үшін неміс маманы Л.З.Зайверт өзіндік менеджментті ұсынады.

Өзіндік менджменттің басты міндеті — өз мүмкіндігіңді барынша пайдалану, тіршілігінің бағыт-бағдарын саналы түрде меңгеру, сыртқы жағдайды меңгеру, оның өзі кәсіттгік және өмірлік мақсаттарына жетуге, үнемдей отырып, жұмысты тиянақты орыидауіа, еңбекті жақсы ұйымдастыруға, әрі асығыстыққа, әбігершілікке салынбай-ақ жоғары нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Жұмысты уақытты пайдалануды талдаудан бастайды, ол үшін өзін басшы ретінде қатысатын барлық жұмыс түрлерінің тізімі жасалып, оның деректерін кестеге түсіреді.

Басшылар жұмыс уақытының көпшілік бөлігін өзінің қарамағындағы адамдармен әңгімелесуге, жұмыстың орындалуын бақылауға, келушілерді қабылдап жаңа мәліметтер алуға арнайды. Мұның өзі кездесуді ұйымдастырғанда, біріншіден, жұртшылықтың сеніміне ие болу үшін, екіншіден әңгімелесуші колайлы, әрі түсінікті нышанда оған қажетті мәліметтерді беру, өз жұмыс тәжірибесін көрсету, пайдалы инициативаны колдау үшін іскерлік танытуды қажет етеді.

Басшы жекелей кездесудің кепшілігін қызмет үстінде қабылдау кезінде жүзеге асырады. Қабылдау мәнері бойынша басшылар 3 топқа бөлінеді:

I топ - мұндай басшыларға барлығы тобымен келеді, жалған демократ. Егер басшының қарамағында жиырма шақты қызметшілері болса, онда «Ашық есік саясаты» дұрыс деп саналады.

II топ - мұндай басшыға кіру де, оны орнынан табу да өтеқиын.

ІІІ топ - мұндай басшының қабылдау тәртібі болады, кезектілік пен регламент сақталады, бұл ұнамды топ.

Қабылдауды екі түрге болуге болады: басшының инициативасы (шақыруы) бойынша қабылдау және қол астындағылардың өтініші бойынша қабылдау.

Басшы қол астындағыларды қабылдауға шақырғанда қоятын мақсаты, олармен танысу жұмысын ауыстыру, тапсырма беру немесе жаза қолдану.

Басшы қол астындағыларды әңгімеге тарта білуі, өзіне сендіре білуі тиіс. Егер кол астындағылар өз мәселесін басшысыз шешуге тырысатыи болса, онда мұндай басшыға сенім болмайды.

Кездесудің бастапқы сәті бірнеше түрге бөлінеді:

1. Басшы орнынан тұрмайды, бірақ келген кісіге қарайды.

2. Орнында отырып амандасады.

3. Орнынан тұрып амандасады.

4. Келушіні қарсы алып амандасады, орын ұсынады. Тиімді қабылдау үшін қажеттісі:

- қызмет мәселелерінің және тікелей өзі қабылдайтын адамдардың тізімін белгілейді:

- кезек күттірмейтін мәселелер бойынша қабылдау уақытын дәл белгілеу, мұндай қабылдау бағыныштының баяндамасы немесе мәлімдемесі түрінде өтеді (көбінесе жұмыс басталған кезде).

Кезек күттірмейтін шаруалар бойынша қабылдағанда басшылар, олардың орынбасарлары, көмекшілері қатыстырылады. Басқадай қызмет мәселелері боііынша қабылдауды дербес, әңгімелесу түрінде өткізеді.

Өзіңнін ой-пікіріңді, позициянды жеткізудің, осыған көз жеткізудің ең қолайлы жолы жылы жүзді әңгімелесу. Әңгімелесу жиі өткізіле бермейтндіктен, әсіресе кездесуге әр түрлі мамандар мен басшылар қатысатын болса және егер де әңгіме өткізу инициативсы қызметі жоғары адамдар тарапынан болған жағдайда мұндан кездесуде барлық мүмкіндікті пайдалану қажет.

Осыған орай әңгімелесудін тәртібімен және тактикасымен, сондай-ақ әңгімелесушінің ой-ниетін бағалау тәсілімен жете танысудын зор маңызы бар.

Г.П.Мициг алуан түрлі жағдайға қатысты іскерлік әңгімені өткізудің бес негізгі принциптерін ажыратады. Бұл принциптер әмбебап және де кез келген жағдайда қолданылуы мүмкін.

Егер біз әңгімелесушінің көңілін аудара алмасақ, егер ол бізді тыңдамаса, онда бізге жалпы бір нәрсе айтудың қажеті канша? Сондықтанда бірінші принцип — әңгімелесушінің көнілін аудару(әңгімелесудін басталуы).

Әңгімелесуші адам біздің сөзіміздің пайдалы екеніне сенімді болса, ол бізді ықылас қойып тыңдайды. Демек, біз әңгімелесушіні сөзге тарта білуіміз қажет. Бұл екінші принцип (мәлімет беру).

Келесі қадамның мәні мынада: біздін идеямыз бен ұсыныстарымызға келісе отырып, ол колайлы шешім қабылдайды, ейткені бұл идея мен ұсынстарды жүзеге асыру оған және оның кәсіпорнына (бөлімшесіне) едәуір пайда келтіреді. Бұл іскерлік әңгіме өткізудің үшінші принципі — мұқият негіздеу прииципі (дәлелдеу).

Әңгімелесуші біздің идея мен ұсыныстарды, оның тиімді екендігін мойындауы мүмкін, алайда, ол әлі де сенерін де, сенбесін де білмейді, әрі біздің идеямыз бен ұсыныстарымызды өз кәсіпорынында (өз ұсынысы ретінде) қолдану мүмкіндігіне көзі жетпейді. Сондықтанда әңгімелесуші айтылған жайттарға кызықтыра және сендіре отырып, біз оның не ойлап отырғанын айқындауыңыз қажет. Демек, төртінші принцип — бізбенәңгімелесушінің тілегін айқындап, күдігіни сейілту.

Іскерлік әңгімені еткізудін маңызды сегіз нұсқауын есте сақтау қажет. Оның әмбебап, тың сипаты мынадай қарапайым фактіге негізделеді: біз кез келген кеңесуде әңгімелесушіге бейімделуіміз немесе онымен оңтайлы қарым-қатынас орнатуымыз қажет.

Әңгімелесушінің сөзін ақыр аяғына дейін мұқият тыңда.Көп жағдайда әңгімелесушілер бірін-бірі мұқият тындамағандықтан кеңесу нәтижесіз болып шығады. Өкінішке орай, бір француздын айтқаны шындық: «Қызу айтыс — бұл көбінесе кінәмшіл әңгіме, мұндайда екі адам бір-біріне сез айтқанымен, тек өз сөзін ғана тындайды». Әңгімелесушінің не айтқысы келетінің мұқият тындау — бұл оған деген ізет, құрмет кана емес, кәсіптік қажеттілік.

Әңгімелесуші адамның иландыра айтқан сөзін ешқашан теріске шығарма. Жок нәрсеге сене қалатын, тырнақ астынан кір іздейтін адамдар өкінішке орай, арамызда жиі кездеседі. Өз басымыздан өткенді еске түсірейікші: біз көп жағдайда фактілерді мұқият таразылап алмай тұрып, пікір айтамыз. Өзіміз де, әңгімелесуші әріптесіміз де осындан кемшілікті мойындауға тиістіміз.

Кикілжіңнен, дәлелсіз сөзуарлықтан аулақ бол! Айтқан сөзің түсінікті, көрнекі, жүйелі, қыска, ең алдымен қарапайым, әрі гүсінікті болсын.

Әңгімелесуші әріптесіңді қүрметте! Өйткені, әңгіме еткізу техннкасы – бұл адамдармен қарым-қатынас орнату өнері. Іскерлік әңгімеде сөз байыбына бармай әріптесіне қарсы дәлел айту, кекесін-ишара көрсету ешқашан тиімді нәтиже бермейді.

Мүмкіндігінше сыпайы, ашық-жарқын, кең пейілді, өнегелі бол.Сыпайылық өтіпішіне немесе бұйрығына көп жағдайда кедергі жасай алмайды, қайта әңгімелесушінің іштей қарсылығын тежейді. Әрине, мұндайда сыпайылық, жарамсақтыққа, арзаң мақтауға ұласпауы тиіс. Жылы шырайлы қалыпта болу іскерлік әңгіменің ойдағылай аяқталуына ықпал етеді.

Қажетті жерінде жігерлі бол, бірақ әңгіме барысы қызу айтысқа ұласқанда салқын қандылық көрсет. Егер әңгімелесуші ашуға ерік жіберсе, шиеленіске барма. Кеңесуге төселген тәжірибелі адамдар мұндайда табандылық көрсетіп, әріптесіне реніш білдірмейді.

Бар мүмкіншілікті пандаланып әңгімелесуші әріптесіңе өз тезистерің мен ұсыныстарыңды жеткізуге тырыс. Ол үшін оның іштей ықыласы мен нақты мүмкіндіктерін ескер. Басқаша айтқанда, әріптесің сіздің қысым көрсетуіңізбен жеңілген сыңайтанытқандай болмасын немесе ол өзінің бастапқы ой-пікірінен мүлде бас тартты деп ойламасын.

Ең қолайлысы, сізбен әңгімелесуші адам өзіңіздің пікіріңіздің дұрыс екендігіне бірте-бірте көзін жеткізгеннен кейін иланатын болсын. Демек, сіз әңгімелесушіге ешқандай дайын шешіміңізді қабылда деп талап етпейсіз, қайта екеуіңіз бірлесіп «үңгірдің екі жағынан жол ашасыз». Сондықтан ешқашанда асығыстық жасамай, оңгімелесуші әріптесіңізге өз идеяңыздың дұрыстығына көзі жететіндей жеткілікті уақыт беріңіз.

Іскерлік кеңестің табысты болуы, әріптесіңіздін мінез-құлқыңдағы ерекшеліктерді қаншалық білгендігіңізге, әрі әңгімені дұрыс арнаға салатындығыңызға байланысты.

Қабылдауды ұйымдастырудың техникалық жактары: келушілерді алдын ала «сүзгіден өткізу» және есебін алу, оларды белгіленген мерзімге шақыру, кезегін сақтау т.б. Мұның ең дұрысы қызметкердің біреуіне (хатшыға немесе кемекшіге) жүктеген жөн.

Қабылдауды ұйымдастыру:

- белгіленген уақытты мүлтіксіз орындау қажет. Егер 10 минуттай кешіксеңіз кешірім сүрайсыз, ал 30 минуттан астам кешігетін болсаңыз басқа уақытты белгілеңіз;

- қабылдауды ұйымдастырғанда басқа келушілер де, телефон шылдыры да бөгет жасамайтын болсын.

Мәжілісті немесе кеңесуді ойдағыдай еткізу үшін басшы өзін ғана айтып кана қоймай, тындай да білсін. Шет елдердегі іскерлік, әкімшілік мектептері өз бағдарламасына «жасампаздық тыңдау» атты пәнді енгізетіні белгілі.

Әлеуметтік психология жөніндегі мамандар тыңдаушылардың қателіктері мен зиянды әдеттерін зерттеп, осының негізінде арнайы курс ұйымдастырып, онда жаттықтыру арқылы тындау тиімділігін едәуір арттыруға болатындығын дәлелдеген.

Әңгімелесушіні тыңдай білу - ерекше төзімділікті қажет ететін күрделі іс. Әрине, мұндайда сіздің көкейіңізде көптеген проблемалар тұрғанымен, әрі сіз күні бойғы жұмыстан шаршағаныңызбен немесе жүйкеңіз қажып, мазаңыз болмай тұрса да әңгімелесушінің сөзін зейін қойып тындауға тиіссіз.

Лидия Стронг «Кәсіпорынды прогрессивті басқару» кітабында былай деп жазды: «шала-шарпы тыңдау - бұл двигательдің зая жүрісінде газды барынша берумен тен. Мұндайда алға қарай қөзғалу болмай, бензин текке шығындалады».

Іскерлік мәжіліс - белгілі бір міндеттерді ойластырудың және көпшілік болып қабылдаудын кең тараған тәсілі. Қазіргі техникалық құралдар мене басқарудың ғылыыи тәсілдері кенінен қолданылып отырғанына қарамастан, іс-әрекеттің мұндай нышаны казір де өз рөлін жойған жоқ. Оның үстіне үнемі күрделеніп отырған басқару жүйесі жағдайынла іскерлік мәжіліс ерекше маңызды бола түсуде.

Жеке дара ойластырудан. нәтиже шыкпаған жағдайда, басшы жұртшылықтың пікіріне жүгініп, қажетті мамандар мен кызметкерлерді тындайды. Іскерлік мәжіліс барысында койылған міндеттер қаралады да, мұнда әртүрлі пікірлер айтылып, оны шешудің ең қолайлы жолдары таңдап алынады.

Өзініздің тікелей антқан ұсыныңызбен қоса, тиімді ұйымдастырған әрбір мәжіліс маңызды оқу-тәрбиелік қызмет атқаралы. Іскерлік мәжілісте қызметшілер пайдалы, үсыныс айтуға, сауапы сөйлей білуге, өз ойын айқын жеткізуге, өзінің дәлелі мен позициясын өткізуге дағдыланады. Бұл процесте басшы ерекше орын алады. Ол мәжілісті өткізу тәртібін ойластыруы, мұның оқу-тәрбиелік жағын қарастыруы тиіс.

Іскерлік мәжіліс шартты түрде қарастырылатын мәжілістің (әкімшілік, техникалық, кадр, қаржы, технологиялық, жедел шешілетін мәселелер) ерекшеліктеріне, қатысушылардың қүрамы мен сапасына, мәжілісте қаралатын мәселелердің ауқъшы мен санына, құрылымы мен ұйымдастырылуына. мәжілісті еткізу тәртібіне т.б. орай бөлінеді.

Келтірілген жіктеулер қызмет бабындағы мәжілісте толық қамтылмауы мүмкін. Дегенмен, мәжілісті өткізгенде бұл жіктеулерді басшылыққа алады.

Мәжіліс басқа белгілер бойынша да жіктелуі мүмкін. Оны өткізу стиліне қарай американдықтар диктаторлық, автократтық, сегретативтік, пікірлесу, еркін кеңесу деп бөледі.

Бізде шешілетін мәселелерге орай мынадай жіктеулер қолданылады:

Проблемалық мәжіліс — мұның міндеті — басқаруға колайлы шешім іздестіру, бұл талқылау нәтижесінде және де дауысқа салу арқылы қабылданады. Мұндай мәжілістін схемасы: баяндама жасау, баяндамашыға сұрақтар беру, жарыссөзге шығу, шешім шығару.

Нұсқаулық мәжіліс — оның міндеті — жоғарыдан төменге қарай басқару схемасы бойынша жарлық беру, қажетті байланыстар орнату, оларды жеделді орындату. Басшы жиналғандарға сол мекеменің, кәсіпорынның әкімшіліктері немесе жоғарғы органдар қабылдаған шешімдерді хабарлайды. Көп жағдайда нүсқауды тек айтып қана қоймай, нақтылап түсіндіреді, орындау мерзімін белгілейді. Қабылдаумен және де орындау үшін құжат (документ) нышанындаш директиваларды таратумен салыстырғанда нұсқаулық мәжілістің артықшылығы да, міне осында. Алайда сонғысы алғашқысымен ауыстырылмауы тиіс. Мәжіліс өткізіле тұрса да, құжаттар (документтер) таратылуы, бұлар мәжіліс материалдары бойынша айқындалуы, дәлелденуі тиіс.

Жедел мәжіліс - оның міндеті - басты өндірістегі күнделікті істің жайы туралы мәлімет алу болып саналады. Өзінің мақсаты мен өткізу сипаты жағынан бұл диспетчерлік мәжіліске ұқсайды. Мұнда басқару схемасы бойынша төменнен жоғарыға мәліметтер беру қамтамасыз етіледі. Мәжіліске қатысушьшардан қажетті мәліметтер алған мәжіліс төрағасы «осал тұстарды» айқындап, жедел шешім қабылдайды.

Мұндай мәжілістерде баяндамаларда ұзақ сөйлеушілер де болмайды, тек пікір алысады.

Күн тәртібі және мәжілістің ұзақтығы туралы. Әрбір мәжілісте қаралатын мәселелердің тізімін көбейту арқылы оны өткізу санын азайтқан жөн. Мәжілістегі күн тәртібінің маныздылығы артқан сайын нақты, әрі іскерлік әңгіме туындайды, адамдар мәжіліске қызу атсалысып, нақты пікірлерін айтады, сөйлеушілер де уақъпты көп алмайды. Соның нәтижесінде жұмыс уақыты барынша толық пайдаланылып қоймай, қабылданатын шешім сапасы да жақсара түседі.