Введение 17 страница

 

Ұйымдық тәптіштеу нәтижесінде сол кәсіпорында:

— ұйымдық құрылым;

— басқарудың лицензиялық және функционалдық буындар туралы жалпы Ережелері;

— лауазымды адамдар және қызметтер туралы жеке ережелер жасалуы тиіс.

Құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды адамдар туралы ереже нақты болып, бөлімшелердің негізгі міндеттерінің тізбесін (қызметтің нысаналы мақсатын) айқын белгілеуге, онда бар буындар мен бөліктердің ішкі құрылымы мен құрамын, сол бөлімше функцияларының сипаттамасын, басқару жүйесінің басқа буындарымен өзара қатынастарын және бөлімшенің жауапкершілігін баянды етуге тиіс. Мұнда бөлімшенің қызметін сипаттайтын көрсеткіштердің дәл көрсетілуі керек. Жауапкершіліктің көмескі формада тұжырымдалуына жол беруге болмайды.

Жекелеген адамдар (бас инженер, цех, бөлім бастығы) туралы Ераженің негізгі мазмұны сол адамның құқықтары мен жауапкершілігін, оның тағайындалу, орнын басу, орнынан алыну тәртібін, оған бағындырылған бөлімшелер мен адамдардың құрамын белгілеу болып табылады.

Ұйымдық ықпал етудің басқа бір, неғұрлым икемді формасы нормалау болып табылады.

Немен айналысу керек екекін анықтаумен қатар, белгілі бір функцияны немесе міндетті қалай орындау керек екенін дәл білу қажет. Осы мақсаттар үшін ұйымдық нормалау қолданылады. Кез-келген кәсіпорында көп мөлшерде нормалар мен нормативтер жұмыс істейді, оларда мыналар қамтылады:

— сапалық-техникалық нормативтер;

— технологиялық;

— еңбек;

— қаржы-несие;

— календарлық-динамикалық (өндіріс процесінің ұзақтығы, запастың, артық нәрсенің мөлшері, операциялар бойынша календардан озықтық және т.б.);

— құндық-калькуллциялық;

— рентабельділік және бюджетпен өзара қатынас;

— экономикалық ынталандыру;

— транспорттық;

— құрылыстық;

— материалдық-техникалық жағынан жабдықтау (шығынды);

— жекелегек бөлімшелер мен адамдардың қызмет тәртібін, олардың өзара іс-қимылын белгілейтін ұйымдастырушылық-басқарушылық нормалар мен нормативтер.

Нормативтер объективті факторлардың ықпалымен ғана ауытқуға болатын белгілі бір процестер дамуының шекараларын, шектерін белгілейді. Басқарылатын және басқаратын жүйелер тұрақты жұмыс істеу үшін нормативтердің алуан түрлі топтарын жасап, бекітуді талап етеді. Мәселен, басқарылатын жүйеде бұл өндірісті, бірлескен еңбекті ұйымдастыру нормативтері, экономикалық нормативтер, техника мен технологияны пайданалу нормативтері және басқалар.

Өндірісті ұйымдастыру жүйесі нақты бөлшектер мен тораптардың оңтайлы топтары мен артық бөліктерінің мөлшері, товарлардың түр-түрі, сұранымның маусымдылығын (тұрақты сұранымды ескере отырып), оларды дайындаудың мерзімділігі сияқты нормативтер әзірлеуді талап етеді.

Бірлескен еңбекті ұйымдастыру жүйесі өте үлкен нормативтік шаруашылықты керек етеді, онда қызметкерлердің әртүрлі категорияларының (басшылар, мамандар, техникалық атқарушылар, инженер-техник қызметкерлер, қызметшілер, жұмысшылар), еңбек ақыларының, тарифтік разрядтарының, ставкаларының, демалыс көлемінің, ынталандыру қорлары нормативтерінің, еңбек жұмсау нормативтерінің арақатынасы белгіленеді.

Шикізатты, отынды, электр энергиясын жұмсаудың, рентабельділіктің, қор қайтарымының, финанс қызметінің, кредит жүйесінің және т.б. нормалары ретінде экономикалық нормативтер сипаты жөнінен экономикалық бола тұрып, олар да басқарудың түрлі деңгейлерінде әртүрлі қызметкерлердің талдамаларды қатаң белгіленген мерзімде ұйымдастыруын (әзірлеу, бекіту, пайдалану) талап етеді

Басқару жүйесінің, өз нормативтері болады, олар:

— ішкі тәртіп ережелері;

— өндірістік мәселелерді шешу мерзімдері;

— есептер дайындау мерзімдері;

— еңбекке ақы төлеу, сан мөлшері, басқару қызметкері нормативтері;

— функцияларды орындаудың реті мен кезеңдері;

— ақпарат тасқыны, ұйымдық және ақпараттық байланыстар егжей-тегжейлі белгіленген.

Ақпаратты нормалаудың ерекше маңызы бар, өйткені оның көлемі үнемі ұлғайып, өндеу мен пайдаланудың қиындығын арттыра түседі.

Нормалардың прогресті болуы, кәсіпорындағы жағдайлардың қазіргі жай-күйін, ғылым мен техниканың жетістіктерін бейнелеуі маңызды.

Ұйымдық ықпал етудің біршама ұзақ уақыт кезеңінде қызметкерлер жұмысының мазмұны мен сипатын анықтайтын анағұрлым икемді формасы — ұйымдық-методикалық нұсқау беру, ол жекелеген операцияларды, тәсілдер мен процестерді орындау женіндегі ұсыныстар, жәрдемдер, нұсқаулар әзірлеуді көздейді. Негізінен алғанда, бұлар — жүйенің қажеттері белгілейтін басқару процестерінің етуін қамтамасыз ететін қызметтік және методикалық нұсқаулар. Мысалы, еңбек әдістері, тәсілдері жөніндегі тапсырмаларды өзірлеп, оны қызметкерлерге жеткізу.

Тәптіштеу сипатындағы нұсқаулардан айырмашылығы — еңбек әдістері жөніндегі ереженің немесе жарлықтың ұсыныстық сипаты болады.

Ұйымдастырушылық талдау — пайдаланылмаған резервтерді анықтау үшін басқару жүйесін зерттеу процесінде жүргізіледі және ұйымдастырушылық жоспарлау мен жобалаудың қажетті кезеңі болып саналады.

Сипаты жағынан алғанда ұйымдастырушылық талдау жұмыс тың ұйымдастырылуын, әдістерін, басқарудың, іс жүргізудің және құжаттар айналымының техникасын, ақпарат тасқынын талдау болып бөлінеді;

талдау нәтижелеріне баға берудің формалары бойынша — сан және сапа жөніндегі;

өткізілу кезеңіне қарай — жүйелі, мерзімді, жоспарлы;

талдау объектісі бойынша — құрылымдық, функционалдық;

басқару технологиясы бойынша — пәндік немесе операциялық процедуралық талдау болып бөлінеді.

Бірінші жағдайда басқару циклдары (ақпараттық, логикалық ойлау, ұйымдық), екінші жағдайда жекеленген операциялар мен процедуралар (істің жөн-жосығы) талданады;

субъектісі бойынша — ішкі заводтық немесе ведомстволық (министрлік, мемлекеттік комитет, бірлестік) және ведомстводан тыс (ғылыми-зерттеу институттары, бақылау-тексеру басқармалары) болады;

Ұйымдастырушылық талдауды оның өткізілу мақсаттары бойынша топтауға болады, олар: нақты кәсіпорын ісінің жайын анықтауға арналған ішкі талдау; бір деңгейдегі буындардың жұмысын салыстыру үшін салыстырып талдау (бөлімдерді, бюроларда немесе бірдей кәсіпорындарда).

Объектіні немесе элементті қамтуы турғысынан алғанда, ұйымдастырушылық талдау шағын көлемді немесе жүйенің барлық элементтеріне талдау жасалатын кешенді болуы мүмкін,

Ұйымдастырушылық талдаудың мәні - оның дәйекті жүргізілуін талап етеді, сондықтан оны жүзеге асыруды төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.

Талдау жоспарын әзірлеу, онда талдау міндеті, мерзімі, формалары, әдістері, пайдаланылатын техника және жауапты адамдар айқын көрсетіледі. Жоспарда мыналар белгіленеді:

— талдау жасауға жататын элемент (бүкіл жүйе), талдау объектісі (құрылым, процесе, техника, технология);

— талдау жұмысын жүргізу мерзімі;

— басқару жүйесіне талдау жүргізіліп отырған кезең (бір жыл, 3 жыл, тұтас бесжылдық);

— талдау нәтижелерін бағалаудың формалары. Мысалы, құжат айналымын, ақпараттық тасқындарды қысқарту жөніндегі шаралардың экономикалық тиімділігін есептеп шығару немесе оларды басқару сатыларына суреттеп сипаттама беру;

— талдаудың нәтижелері қайда беріледі және қалайша пайдаланылуға тиіс?

— Басқару жүйесінің қызмет ету тиімділігінің өлшемдерін, мысалы, басқару процесі операцияларының орындалу реттілігі.

— Талдау объектісін оның құрамын, құрылымын, қасиеттерін, байланыстарын айқын және толық білу үшін талдап бөлшектеу.

— Заттарды, құбылыстарды, олардың элементтерін топтау мен саралау.

— Құбылыстардың және олардың элененттерінің сан және сапа сипаттамаларын, олардың арасындағы байланыстарды зерттеу.

— Басқарушы жүйенің жұмыс істеу тиімділігіне ықпал ететін факторларға баға беру.

— Анықталған резервтерге сан және сапа жағынан баға беру.

— Талдау деректерін қорыту, көрсеткіштерді салыстыру, байланыстарды, заңдылықтарды, тенденцияларды анықтау.

— Басқаруды, жоспарлауды, жобалауды ұтымды етудің кейінгі сатыларында пайдалануға арналған қорытындылар мен ұсыныстар айтылған анықтамалар жазу.

Ұйымдық жоспарлау (техникалық-экономикалық және перспективалық жоспарлау — ықпал етудің экономикалық әдістері) түпкі мақсаттарға мерзімінде жету үшін ресурстарды бөлімшелер (цехтар, бөлімшелер) арасында нақты бөлуге тиіс. Тапсырмаларды орындаушыларға жеткізу, ресурстардың жеткілікті болуын, жұмыс жағдайларын, ережелердің, нормалардың, бағаның, технологиялық режимдердің, өндірістік, еңбек және мемлекеттік тәртіптің сақталуын тексеру — экономикалық және ұйымдастырушылық жоспарларды орындаудың кепілі.

Ұйымдық жоспарлау — жалпы басқару жүйесін немесе оның кіші жүйелерін ұтымды етудің аса маңызды әдісі Ол ұйымдастырушылық нормативтер мен ұйымдастырушылық талдау негізінде жүзеге асырылады және құрылады немесе процестің моделік жасауды мақсат етеді, сөйтіп жұмыстың мынадай түрлерін қамтиды;

— жаңа өндірістік құрылымды жобалау;

— өндіріс процестерін жобалау, соның ішінде: қызметкерлердің өндіріс процестерін орындау жөніндегі еңбегін бөлу мен кооперациялаудың ұтымды жүйесін жобалау;

— шешімдерді жедел қабылдау, өндірісті есепке алып, оның барысына бақылау жасау үшін қажетті хабарламамен жұмыс істеуге (жинау, беру, тіркеу, өндеу, сақтау) арналған әр түрлі техникалық құралдарды қолдана отырып, өндірісті басқару жүйесін кешенді түрде жобалау,

Басқарудың кешенді жобасы жүйенің аса ірі элементтерін, атап айтқанда, басқару құрылымын (басқару органдарын, штат кестесін, техникасын), процестерін, іс жүргізу мен құжат айналымын, ақпарат базасын көрсетуге тиіс.

Тақырыптық бұл сұрағын аяқтай келіп, тағы да мынаны еске сала кеткен жөн: ықпал етудің ұйымдық әдістерін іске қоспайынша, басқарудың кез келген функциясын орындау мүмкін емес. Мысалы, «өндірісті техникалық жағынан дамыту мен әзірлеу» функциясын нормалар мен нормативтерді, ГОСТ-тарды, ТУ-ды, мерзімдерді, ережелерді, нұсқауларды, сондай-ақ, қалған функциялардың бәрін пайдалануды талап етеді.

 

19-тақырып. Менеджменттегі жоспарлау

1. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері, түрлері

2. Жоспарлау қағидалары.

 

1. Жоспарлау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір-біріне объектівті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді. Зерттелетін процестерге әсерінің нақтылығына және өзгешеліктеріне қарай болжаудың үш түрі айқындалады: ғылыми болжам (гипотеза), болжау, жоспар .

Кез келген алдын ала болжаудың алғашқы формасы – ғылыми болжам (гипотеза, грек сөзі – негіздеме, жорамал). Бұл – бірден байқауға келмейтін фактілер туралы ғылыми дәлелденген болжамдар немесе анықталған құбылыстар жиынтығын белгілі тәртіп бойынша түсіндіру. Гипотеза (болжам) алдын ала болжауды жалпы теория дәрежесінде сипаттайды. Гипотеза теорияға незізделіп зерттеліп отырған нысандардың байланыстары мен себеп-салдарлары жөніндегі заңдылықтарды көрсетеді. Ғылыми болжамдар дәрежесінде сапалық мінездемелер ғана беріледі. Болжам (гипотеза) тексеріліп, тәжірибемен салыстырылып, дұрыстығына көз жеткізілгеннен кейін, жалпы теориялар негізінде ғылыми болжауға негіз бола алады.

Болжау (прогноз – грекше алдын ала білу деген сөз) – алынған мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе жойылуын) алдын ала көре білу болып табылады. Болжаммен (гипотеза) салыстырғанда болжауда (прогноз) жағдай анығырақ көрінеді, себебі ол тек сапалық қана емес, сандық параметрлерге де сүйенеді, сондықтан нысанның болашағын сандық жағынан да нақты көрсете біледі. Болжау алдын ала көруді теория дәрежесінде және нақты қолданбалы түрде көрсетеді. Сонымен, болжау болжамнан анықтылығымен, дәлдігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар болжаудың зерттелетін нысан жөніндегі жобасы ықтималдық сипатта болады.

Ал жоспар болса, зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады. Онда қойылған мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі, сондай-ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады. Сонымен, жоспарда алдын ала көре білу дәлірек және айқынырақ көрініс табады. Болжау сияқты жоспар да нақты, қолданбалы ғылымдардың нәтижелеріне негізделеді.

Басқару мен жоспарлау жүйесінде алдын ала көре білу формалары (болжам, болжау, жоспар) бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл процестің алғашқы бастамасы – нысанның жағдайын жалпы ғылыми тұрғыдан алдын ала көре білу болса, соңғы кезеңі – нысанның жаңа қалыптасқан жағдайына жоспар жасауға көшу. Бұладың арасын байланыстырушы ретінде болжаудың маңызы зор.

Жоспарлау және болжау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе- тендігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты – экономикалық заңдарға сүйене отырып, халық шаруашылығын дамытудың жоспарына болжау жасау және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету. Осы міндет орындалғанда, бір жағынан, экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы қадағаланады.

Жоспарлау мен болжау мына бағыттар бойынша іске асырылады:

- халық шаруашылығы дамуының мақсатын анықтау;

- оларға жетудің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру;

- қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ресурстарды айқындау.

Жоспарлау деңгейлері:

а) мемлекет деңгейінде (индикативтық)

б) фирма ішілік

Индикативті жоспарлау – жоспарлы кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттерді, басынқыларды, әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторларын қалыптастыру процессі және көзделген нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық жағдайларға әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.

Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың бір қалыпты дамуын оның құрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

Сондықтан индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:

1.Республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу.

2.Нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу денгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсендігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау.

3.Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі делелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану.

4.Аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету.

Индикативті жоспардың негізгі көрсеткіштері индикаторлар және реттегіштер түрінде беріледі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторлары ел экономикасында қалыптасқан тенденцияларды, конъюктуралық, құрылымдық өзгерістерді, қаржылық жағдайды, халықтың өмір сұру деңгейін, экологиялық көріністерді сипаттайды. Негізгі индикаторлар экономика мен әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеу саясатың қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болып саналады.

Экономикалық реттегіштер жүйесі натуралдық, құндық және нормативтік көрсеткіштер кешенінен тұрады. Олардың көмегімен үкімет, индиативті жоспарда көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикаға әсәр етеді. Олар келесі көрсеткіштерден тұрады:

1. Жекелеген қызмет түрлерін, жекелеген өнімдерді экспорттау және импорттауды лицензиялау.

2. Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарға мемлекет қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өнім (қызмет) көлемін өндіруді тапсыру (мемлекеттік тапсырыс).

3. Мемлекеттік бағдарламаларды, ғылыми-техникалық прогресстің басынқы бағыттарын жүзеге асыруға және жекелеген салаларды, аумақтар мен кәсіпорындарды қолдауға қажет орталықтандырылған қаржылық, валюталық, несиелік қорлар көлемі.

4. Орталықтандырылған күрделі қаржы (инвестициялар) көлемі мен осы қаржыны пайдалану арқылы салынатын маңызды құрылыс объектілерінің тизімі мен шет елдерден тартылатын инвестиция көлемі мен олардың көмегімен жүзеге асырылатын жобалардың тизімі.

5. Салық мөлшерлемесінің, несие пайызының, кедендің алымдар мен басқада салымдардың мөлшерлері.

6. Мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру мен экономиканы реформалау жағдайларын анықтайтың көрсеткіштер.

7. Әлеуметтік мәселелерді шешу және халықты әлеуметтік қорғау шаралары.

Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі:

1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік әрекетіне байланысты жоспарлар мынандай түрлерге бөлінеді:

- стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі, олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді,

- тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;

- оперативті жоспарлау мұнда қолдабар мүмкіндіктер өте қысқа мерзімде (жыл, мауысым, ай, он күн) жүзеге асырылады.

2. Жоспарлар қамту көлеміне қарай бөлінеді:

- қойылған мәселеге қатысшылардың бәрін қамтитың жоспарлау (кешен немесе халық шаруашылығы бойынша)

- тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік жоспарлау.

-кәсіпорын дәрежесіндегі жоспарлау.

3. Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты:

- қысқа мерзімді (оперативті) жоспарлау;

- орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2ж-5ж)

- ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5ж. аса)

4. Жоспарлау сипатына қарай:

- жан-жақты

- нұсқалы

- шектелген

5. Қызмет салаларына қарай:

-өндірісті жоспарлау

- кадрларды (персоналды) жоспарлау

- қаржыны жоспарлау

- ғылыми жаңалықтарды жоспарлау

- дайындау мен откізуді жоспарлау т.б.

6. Мәліметтер мен жағдайлардың өзгеруін есепке алуға байланысты:

- қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгерту)

- икемді (жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, кезендік өзгерістер енгізу).

7.Уақыт кезеніне қарай

- тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткеннен кейін ұзартылады)

- жылжымалы жоспарлау

- кезектен тыс жоспарлау.

8.Тәсіліне қарай

- «төменнен жоғары» жоспарлау (прогрестік әдіс)

- «жоғарыдан төмен» жоспарлау (ретроградты әдіс)

- айналма әдіс (қарама-қарсы) жоспарлау.

 

2. Жоспарлау принциптері

Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, үдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.

Жоспар жасау логикасы – барлық денгейде жалпы мемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктің анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:

1. Жоспарлау кезеніндегі экономика дамуының мақсаттарының жүйесін қалыптастыру.

2. Базистік кезендігі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау.

3. Қоғамның қор көлемін, қаржылық мүмкіндітерін анықтау.

4. Жоспарлы кезендегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен құрылымын анықтау.

5. Қоғамның қорлары мен қажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы кезендігі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу.

6. Жоспар жобасын талқылау және бекіту.

Жоспар жасау логикасы жоспарлау қағидаларына сүйенеді. Олар:

а) Нарықтық экономика жағдайында жалпы мемлекеттік жоспар кәсіпорынның әр қадамын анықтайтың директивалық күжжат болудан қалады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпорындарының шешімдеріне оның әсері индикативтік сипат алады. Осыған байланысты бұрынғы қолданып келген директивтілік принцип индикативтілік принципімен ауыстырылады. Бұл – мемлекеттік жоспар елді ұсынымдылық, бағыттаушы сипат алады деген сөз. Қожалық етуші субъектілер өз қызметінде белгілі бағыттар мен әдістерді, оның нәтижелі көрсеткіштерін таңдай алады, олар өз кезегінде нарықта қалыптасқан жағдайлар мен экономикалық механизмінің ең тиімдісі болып табылады.

б) Жоспардың келесі басты принципі – жоспар есептері мен тапсырмаларының ғылыми негізделуі және нақтылығы. Ол экономиканың объективті заңдылықтарының талаптарын ескеру, ғылымның ең озық жаңалықтарын, жаңа техника мен озық технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда жетістіктерді қолдану арқылы жүзеге асады.

в) Келесі басты принцип – жоспар көрсеткіштерінің өзара байланысты болуы, тепе-теңдігі, пропорционалдығы, оның негізгі мәні – белгілі пропорция мөлшерінде әлеуметтік-экономикалық процесстерді (жалпы экономикалық, салалық, аймақтық) реттеу, олардың өзара байланысын, атап айтқанда, сұраным мен ұсыным арасындағы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімі арасындағы, қорлану мен жұмсалу арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Жоспардың барлық тарауларының сандық және сапалық, аналитикалық және синтетикалық сипаты жағынан, натуралдық және бағалық көрсеткіші, салалық және бөлімдік құрылымы жағынан байланысын қамтамасыз ету – барлық жоспарлаушы органдар мен жоспарлаушы экономистердің басты міндеттерінің бірі.