Введение 13 страница

Шартты-тұрақты және ауыспалы мәліметтерді, өндірістің даму барысында пайда болған алғашқы мәліметтер деп атауға болады.

7 Мәліметтер басқару жүйесіне қатыстылығы бойынша кіріс және шығыс мәліметтері болып бөлінеді. Басқару объектісіне келетіні – кіріс, басқару объектісінен шығатыны – шығыс мәліметтері делінеді.

Басқару процесінің мәліметтік сипаттамасыәр түрлі кезеңдер мен сатылардағы мәлімет рөлі, оны пайдалану нышаны мен сипаты, параметрлері ықпал етеді.

Мұндай сипаттамаларға жататыны:

1 Басқару процесінде пайдаланатын мәліметтердің саны мен сапасы. Мәліметтердің барлық түрін саны мен сапасы бойынша мұқият бағалау мүмкін емес. Мұндай бағалау көп жағдайда мәліметтердің тіркелу әдістеріне, әр түолі тасымалдаушылардың қолданылуына т.б. тәуелді.

Кейде басқару аппатаратындағы қызметкерлерге мәліметтер шамадан тыс көп келеді, яғни мәлімет молшылығы пайда болады.мұның өзі шешім қабылдауды қиындатады. Кейде керісінше – басқару аппаратының қызметкерлеріне қажетті мәліметтер жетіспейді де , мәлімет тапшылығы пайда болады, мұндайда мәлімет жеткіліксіздігі жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.

2 Мәліметтердің толықтылығы, мұның өзі басқару үшін қажетті және алынған мәліметтердің ара қатынасы бойынша анықталады. Қажетті мәлімет саны , оны жинауға және таратуға кететін уақыт шығынына байланысты. Мәліметтер сапасын бағалау үшін мынадай сипаттамаларды пайдаланады: дұрыстығы мен дәлдігі, толықтығы, өзектігі, құндылығы және пайдалылығы.

3 Мәліметтің дұрыстығы мен дәлдігі басқару ісін мәліметтермен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Кез – келген нақты деректер шынайы оқиғаның анықтылығын көрсетеді. Мәліметтер неғұрлым дұрыс болса, тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі.

4 Мәліметтің өзектілігі – басқару ісін мәліметтермен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Мәліметтерді дер кезінде алмасу жөніндегі айшықты сөзді біз А.И . Бергтің жазғандарынан кездестірдік. Ол былай дейді: “…Мәліметтерді аз шамада шарапқа теңеуге болады, ол көп тұрған сайын сапасы мен хош иісі жақсара түседі”.

5 Мәліметтердің құндылылығы, пайдалылығы басқаруды мәліметпен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Бұл сипаттама салыстырмалы түрде, өйткені мәліметтің құндылығы оны қабылдайтын субъктілерге байланысты Міне, сондықтан а мәліметтердің құндылылығын қатаң бағалауға немес өлшеуге болмайды. Дегенмен де, басқару практикасында әрбір басшы шешім шығаруды ойластыра отырып, алынған деректерді бағалайды. Егер, басшы жұмысына кедергі жасайтын тиімсіз мәліметтер тым жиі келетін болса, онда ол басқару процесіндегі мәліметпен қамтамассыз етілуді теріс бағалайды.

6 Мәлімет тығыздылығы – бұл оның саны. Тиісті өңдеу техникалары болмағанда мәлімет тығыздығының төмендігі басқару процесінде қол жұмыстары көлемін ұлғайтып, мәліметтерді сақтау және іздестіру процесін күрделендіреді, соның әсерінен өндірістік басқару еңбегі кемиді. Мәліметтің өте тығыз болуы, оны пайдалану үшін арнайы техникалық құралдарды қажет етеді. Мәліметтің тығыздылығы, оны таратушыда тіркелуіне ғана емес, тіркелу белгілеріне, тіліне де байланысты . Іс құжаттарында терминдердің үйлестірілуін, құжаттарды толтыру тәртәбәнәң үлкен рөлі бар.

7 Тиімді пайдалану мүмкіндігіне қарай мәліметтерді пайдалы, жалған және артық деп бөледі.

Басқаруды мәліметтермен қамтамасыз ету мәліметтер жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.

Мәліметтер жүйесі – бұл кәсіпорынды басқарған қажетті мәліметтердің барлық түрлері. Кең мағынада мәліметтер жүйесі – бұл қажетті және дәлме – дәл мәліметтерді басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне ықпал ететін, басқару процесіндегі мәліметтерді қамтамасыз ету құралы.

Мәліметтер жүйесі мынадай элементтерден тұрады:

- Мәліметтер қоры – жүйедегі айналымда жүретін барлық мәліметтер, жиналған мәліметтер дерегі, әр түрлі таратушылардың алуан түрлі архивтері, сондай-ақ жүйедегі мәліметтің өту процесін регламенттейтін әдістемелер, нұсқаулар мен бағдарламалар, оларды өңдеу, сақтау, көрсету;

- Мәліметтер қоры, соның ішінде мәліметтерді таратушылар, мәліметтерді жинайтын, беретін, өңдейтін техникалық құралдар;

- Айналымдағы мәліметтер каналы – мәліметтер тасқынының жолдары;

- Мәліметпен жұмыс істейтін қызметкерлер тобы.

Мәліметтер жүйесінің осы аталған элементтеріне сүйене отырып, басқару процесін қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін барлық амалдар мен тәсілдер жиынтығын анықтауға болады.

Мәліметтер жүйесінің толып жатқан параметрлері:

- Негізгі мәліметтер ауқымының көлемінің;

- Мәліметтер жүйесі каналының өткізу қабілеті:

- Мәліметтер бірігіп сақтау қабілеті:

- Алуан түрлі мәліметтер жұмысына жүйенің жауап беру уақыты;

- Жүйе жұмыстарының тоқтаусыз жұмыс істеуі;

- Мәліметтердің тез әрекет етуі, оның тез арада табылуы мен таратылуы, жеделдігі бойынша анықтауға болады.

Мәліметтер жүйесінің қалыптастырған кезде басқарушы неғұрлым жалпы айқындаушыларды және сапалық сипаттамаларды басшылыққа алуы тиіс.

Кәсіпорынды дамытудың және техникалық жарақтандырудың кез келген сатысында мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кездегі маңызды айқындаманың бірі – шығыс құжаттары болып саналады.

Шығыс құжаттары – бұл мәліметтерді өңдеудің және қалыптастырудың аяқталу сатысы, мұның өзі тиісті басқару командасын ойластыру үшін қажет.

Біріңғай мәлімет айқындамасы шартты – тұрақты мәліметтер ауқымын құруды көздеген. Мұндай мәліметтер қорын жасау мәліметтер жүйесінің жұмысын едәуір дәрежеде жеңілдетеді, әрі жоспарлы және есеп беру құжаттарындағы мәліметтердің тым көп болуын едәуір азайтады.

Егер, мәліметтердің сапалық сипаттамасы сақталмайтын болса, онда мәліметтер жүйесін ұйымдастыру біршама нәтижесі болып шығады. Мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кездегі мұндай талап мәліметтер сапасының айқындамасын көздейді.

Мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кезде қамтамасыз етілуге тиісті ең басты сипаттамаларға мыналар жатады:

1 Дұрыстығы. Басқаруға пайдаланылатын кез келген шығыс құжаттарының мәліметтері өндірістің дамуының нақты көрсеткіштеріне дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс. Мәліметтердің бұрмалануы дұрыс шешім қабылдауға, нәтижесінде бар мүмкіндіктің толық пайдалануына әсер етеді.

2 Түсініктілігі. Мәліметтер басқарушы адамның шешім қабылдауына қиындық келтірмеуі тиіс.

3 Бір мағыналылығы. Шығыс құжаттарының мәліметтерінде әр түрлі түсінік болмауы тиіс.

Мәліметтер жүйесін жарақаттандыру деңгейі туралы мәселені шешкен кезде, үстемділік принципі сақталуы тиіс. Техникалық құралдарды пайдалану шығыны негізделуі қажет.

Жоғарыда аталған принциптерді сақтаумен мәліметтер жүйесін жетілдіру аяқталмайды, сонымен қоса шығыс құжаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін мәліметтер тасқынының балық түрін ретке келтіруге тура келеді. Осы мақсатта әрбір шығыс құжатында мәліметтер моделі жасалып, онда кіріс мәліметтерін өңдеу, қажетті шығыс мәліметтерін беру көзделеді.

Мәліметтер жүйесін шартты түрде шамалы күрделі, күрделігі орташа және едәуір күрделі деп бөледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындардағы шамалы күрделі жүйеге, адамдардың белгіленген модель бойынша мәліметтерді алуын, жиналуын, таратуын, өңдеуін және қалыптастыруын жүзеге асыру жатады. Мұндайда шағын есептеу техникаларын пайдалануға болады. Қазіргі кезде мұндай жүйе ең көп тарағаны.

Күрделілігі орташа мәліметтер жүйесінде мәліметтерді өңдеу жөніндегі технологиялық операцияның біреуін адамдар, басқасын – технкалық құралдар көмегімен жүзеге асырады. Мұндай жүйелер шағын кәсіпорындарда құрылды.

Едәуір күрделі мәліметтер жүйесінде мәліметтерді өңдеудің барлық технологиялық процестері толық автоматтандырылады. Мұндай жүйеде мәліметтерді алу, жинау, тарату, өңдеуден бастап шығыс құжаттарын қалыптастыруға дейінгі барлық процесс прогрессивті техникалық құралдар көмегімен автоматтандырылып жүзеге асырылады. Демек, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі құрылады. Алайда, мұнда бір атап көрсететін жәйт, мұндай жүйеге адамдар қызметі де қатыстырылады.

Соңғы кезде мәліметтер жүйесінің тағы бір типі – автоматтандырылған түрі кездесетін болады. Мұнда мәліметтерді алудан бастап басқару командасын беруге дейінгі барлық процесс техникалық құралдар жиынтығымен жүзеге асырылады.

Басқаруды жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешуде құжаттермен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың зор маңызы бар.

Барлық басшылар мен мамандардың міндеті- мәліметтер қызметінің маңызды құралы болып саналатын құжаттармен тиімді жұмыс істеуді үйрену. Кәсіпорынды басқару процесінде мәліметтеорді тіпкеу, жүйелеу, өңдеу, тарату, жинақтау және пайдалану құжаттау арқылы жүзеге асырылады.

Құжат - жазбаша іс қағаздардың материалдық таратушысы ( қағаздар, кино мен фотопленка, магнит таспасы, перфокарта т.б). Қарапайым түсінікте құжаттар дегеніміз белгілі бір тәртіппен жасалған, қол қойылған және расталған іс қағаздар. Бұл құжаттар әр түрлі шаруашылық – қаржы операцияларында, праволық қарым – қатынаста және азаматтардың ісінде жасалады.

Құжаттар кәсіпорынның ішкі және сыртқы қызметтерінде кеңінен пайдаланылады. Онда сан алуан деректердің кез-келген түрі (әріптік, цифрлық, графикалық) тіркелуі мүмкін. Мұндай мәліметтерді адамдар тез қабылдайды. Құжаттардың заңдылық мәні жоғары болады, оларды сақтау, тасымалдау оңай. Құжаттық мәліметтер басқару шешімін қабылдаудың негізі, оның орындалуының және жинақталуының көзі болып саналады. Басқару ісінде құжаттар еңбек құраллы ретінде де, еңбек нәтижесінде де жүреді.

Кәсіпорындар, мекемелер, ведомстволар және олардағы лауазымды адамдар өз қызметін жүзеге асыру процесінде әр түрлі іскелік қарым – қатынас жасайды да , мұның өзі тиісті құжаттарда ( бұйрықтар, қызмет жазбалары, жарлықтар, шарттар, актілер, шешімдер т.б.) көрсетіледі. Бұл құжаттардың барлығы тиісінше толтырылған жағдайда ғана дұрыс, әрі заңдылық мәні болады.

Басқару ісінің көптеген нышандары тиісті құжаттар арқылы: жоспарлау – әр түрлі жоспарларды әзірлеу арқылы, есебін алу статистикалық, бухгалтерлік және жедел техникалық құжаттарды жасау және өңдеу түрінде: нұсқаулық - нұсқаулар, әдістемелік көрсеткіштер шығару түрінде; бақылау-жазбаша турде деректер жинау жолымен көрсетіледі.

Құжаттау - құжаттарды әзірлеу және жасау процесі. Заңдастырылған актілерде бірқатар қағидалар қарастырылған. Мәселен, мәліметтерді құжаттау міндетті болып саналады, сондықтан да оның өзі заңдылықты, орындауды, бақылауды, еңбек тәртібін нығайтудың бірден бір құралы болып саналады.

Нақты бір мәселелерге, оқиғаларға, құбылыстарға және т.б. арналған құжаттар жиынтығын құжаттау деп атайды.

Құжаттаумен жұмыс істеу логикалық және техникалық операциялардан тұрады.

Логикалық операцияны – құжаттарды әзірлеуді – аппараттағы барлық мамандар атқарады. Техникалық операцияға ( көпшілік бөлігі творчестволық емес) құжаттарды әзірлеу (машинкамен басу, қосу, көбейту) және оларды өңдеу ( қабылдау, бөлу , жүйелеу) т.б. жатады.

Кәсіпорынның барлық буындарын қамтамасыз ететін құжатталған мәліметтердің жиынтық операциясы іс жүргізу саласына жатады.

 

14-тақырып. Менеджменттегі коммуникация

1. Басқарудағы коммуникацияның ролі

2. Коммуникациялық процесс оның кезеңдері

 

1. Коммуникациядегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Баскдрудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.

Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар – бұлар тиімді қарым-қатынас ориата білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Олар тұтынушыларға жарнама арқылы және басқадай жолдармен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпыұлттық немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше кеңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасуы мүмкіндіктері, жеңілдіктері т.б. туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуынын баска да толып жатқан әдістері бар.

Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблемаларға байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар т.б. жасалады.

Ұйымда мәліметтер бірінен бірі беріліп, алмасып отырады. Жоғарғы басшылықтан төменгі басшылықка күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар, ұсыныстар т.б. беріледі. Төменгі деңгейдегі басшылықтан жоғары деңгейдегі басшылыкка берілетін мәліметтер еңбек өнімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.

Төменгі деңгейден жоғарғы деңгейдегі басшылыкка берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болатын варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылар мен төменгі басшылардын мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме нышанында болады.

Әр түрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға жатады. Кез келген ұйым ұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені, оның өзі өзара байланысты элементтерден тұратындықтан басшы мақсатқа жетуі үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәліметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды.

Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

2.Коммуникациялық процесс бұл екі немесе оданда көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтін түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация — бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Мәлімет (ақпарат) алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады:

— мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;

— символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау;

— канал, мәліметті беру құралы;

— алушы. бұл мәліметті қажет ететін адам.

Мәліметті алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұларлың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жаккада түсінікті болуын қарастыру. Мәлімет алу кезеңдері мынадай:а) идеяның пайда болуы; ә) кодтау және канал таңдау; б) беру; в) декодтау.

Мәлімет алмасу процесінің моделі

                               
 
Жө-нел-туші
 
Тұжы-рым-дайды немесе жөнде-теді
 
Қодтай-ды ка-налды таңдай-ды
 
  Хабар-лау
 
Канал – арқы-лы береді
 
    Алу-шы
 
Де-код-тау
 
Идея-ның түсі-нікті-лігі

 


Мәлімет алмасу процесінің кезеңдерін қарастырайық мәлімет алмасу идеяны тұжырымдаудан немесе мәліметті тандаудан басталады. Бұл кезеңде жөнелтуші ақпарат алмасу үшін қандай концепцияны басшылыкка алу қажет екендігін шешеді де, мұнда ол көптеген факторларды ескереді. Мәселен, басшы жұмыс нәтижесін бағалау туралы мәлімет алмасқысы келсе, ол мынадай жайтты есте сақтауы тиіс: идеянын мәнісі сол, өзінің қарамағындағыларға олардың күшті және әлсіз жақтары туралы нақты мәліметті хабарлау, әрі олардың жұмыс нәтижесін қалайша жақсартуға болатындығы жөнінде кеңес беру.

Мәліметті жөнелтуші кодтауға аайдаланатын, символ типіне үйлесетін каналды тандай білуі тиіс. Каналдарға берілген сөздер мен жазылған материалдар, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары, компьютер желілері, электроникалар, пошталар, бейнетаспалар мен бейнеконференциялар жатады. Хабарды беру тек бір каналмен шектелмеуі тиіс. Көп жағдайда екі және одан да көп коммуникациялық құралдар пайдаланылады.

Үшінші кезеңде женелтуші идеяны екінші бір адамға жеткізу үшін мәліметті береді. Жөнелтуші хабарды жібергеннен кейін алушы оны декодтайды. Декодтау – бұл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.

Басшы мынаны ескеруі қажет: олардын басқа орындардар алған мәліметі дәл болмауы және алмасу барысында әр түрлі ауытқулар болуы мүмкін. Осыған орай кері байланысты жолға қою қажет.

Басшы өз уақытының көпшілік бөлігін әңгіме, кеңес өтікузге, тікелей байланыс орнатуға, мәлімет алмасуға жұмсайды. Осыған орай жеке адамдар арасындағы коммуникацияда қандай кедергілер болатындығын білудің айрықша маңызы бар.

Бірінші қабылдауға — түсініп, ұғынуға қатыстыкедергілер. адамдардьін қабылдап, ұғынуына алуан түрлі факторлар ықпал етеді, сондықтан коммуникация тиімділігін кемітпес үшін бұларды ескеру қажет. Коммуникациялық ахуал басшылар мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Кедергілердің өзі осылардын арасындағы келіспеушіліктегі немесе пікір қайшылықтарынан туындайды.

Семантика — сөзді және а.йтылған сез мәнін пайдалану әдісін зерттейді.

Екіншіден – байланысқа қатыса қатыса отырыпжәне символдардыпайдаланып, мәліметтер алмасады, әрі оны түсінуге тырысады да, мұндайда сөз символын, дене қимылы мен мәліметтерді қолданады.

Үшіншіден, вербалсыз (латынша вербалис — ауызша, сөздей деген мағынаны білдіреді) кедергілер. Вербалсыз қатынаста сөзден басқа кез келген символдар қолданылады. Вербалсыз хабар (передача) көп жағдайда вербалды хабармен қоса өтеді де, сөз мәнін күшейтуі де немесе өзгертуі де мүмкін. Вербалсыз қатынас мысалына пікір алмасуды, адамның бет-әлпетіндегі өзгерісті, мәселен, күлкісін, қабылдамау белгісін, ойнақы немесе түнерген қалпын, қабылдаған немесе қабылдамаған көзқарасын алуға болады.

Төртіншіден, нашар кері байланыс. Кері байланыс өте маңызды, өйткені оның өзі сіздің алған хабарыңыздың нақтылығын анықтауыңызға мүмкіндік береді. Басшылар тарапынан жіберілген хабарға қатысты кері байланыстың болмауы жеке адамдар арасында мәлімет алу тиімддігін шектейді.

Бесінгіден, тыңдай білмеу. Қарым-қатынас тиімділігін арттырудың маңызды жағдайларының бірі — адам хабарды жібергенде де және кабылдағанда да бірдей дәл болуы тиіс.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыруүшін мынадай жайттар ұсынылады:

— мұқият тыңдай білуге дағдылану;

— өз идеяңды айтпас бұрын айқындап алу;

— потенциалдық семантикалық проблемаларды қабылдай білу;

— өзіңнің дене тұрысыңа, қимылыңа, дауыс ырғағыңа зер салу;

— эмпатияға және ашық жарқын әңгімеге көңіл бөлу. Эмпатия — бұл басқа адамның сезіміне көңіл аудару, әрі өзара пікірлескенде, хабар алмасқанда қолдау, көңілді әңгімелесу;

— кері байланыс орнатуға тырысу.

Ұйымдық қарым-қатынас кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да, қандай кедергілер болатындығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар.

Кедергілердің бірі — хабардың бұрмалануы.Кәсіпорын ішінде мәліметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым-қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін. Екінші бір себебі — мәліметтің екшелік сүзілуінен (фильтрациялануынан), былайша айтқанда мәліметтін. дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны бұрмаланады.