Введение 4 страница

Ұйымдастыру менеджменті: 1) тар мағынасында - басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі - ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты (мектебі, ілімі) жалпы ұйымдастырудың принциптері мен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.

Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық құрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.

Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.). Ол ұйымдық менеджменттің негізін қалаушы деп саналады. Нақ сол Файоль басқаруды айрықша қызмет түрінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап (универсал) деп санаған (еңбек бөлісі, билік, дисциплина, басшылықтың бірлігі, орталықтандыру, тәртіп, қызметкердің тұрақтылығы және т.б.) басқарудың 14 принципін әзірледі.

Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік әдістерімен, яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.

Тәжірибе менеджменті - менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжыжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Басқару ісімен байланысты объективті құбылыстарды түсіндіріп беретін принциптер де жоқ емес.

Тәжірибе сипатында болатын менеджмент бар. Ол басқарудың іс-тәжірибесінде пайдалануға болатын идеяны, ережені және принципті қамтиды.

Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі – прагматикалық, екіншісі - ғылыми. Біріншісі - мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған болса, екіншісі - сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.

Бұл менеджмент әр түрлі қызмет салаларында - өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасын жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын (артықшылықтарын), тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айрықшалалады. Бірақ, басқару саласында емес.

Өндірістік менеджмент - менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы - басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады.

Өндіріс - бұл қандай да бір өнімді немесе қызмет көрсетуді әрқашан дайындап отырады. Өндірісті басқару адам қызметін басқару болып табылады. Өндірісті басқаруды басқа да әлементтер қамтиды (МТС, ресурстар, өнімді өткізу, технологиялық процестер).

Өндірістік менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйесінің құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты сапаға ие қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкер белгілі бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек.

Стратегиялық менеджмент - менеджменттің әр түрлілігі. Оның басты ерекшелігі - болжағыштық (дальновидность), мақсаткерлік (целеустремленность), келешектігі (перспективность), стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ол экономикалық даму, өткір бәсекелестік, ҒТП (НТП), басқаруда адам факторы рөлінің арту динамикаларының тереңдей түсуінің нәтижесінде пайда болды. Оның артықшылығы ресурстарды, ең бастысы уақыт ресурсын ұтымды пайдаланады. Стратегиялық менеджмент басқаруды ұйымдастыруда және әдістемелерінде, басқарудың тетіктері мен технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында көрініс табады.

Бұл менеджменттің маңызды сәттеріне мыналар жатады:

- фирманы сипаттауға арналған мәртебе (статус), оның әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуеті:

- фирманың басқару мақсаты болып табылатын фирманың мақсаты. Мақсат - болашақта болатын шындық (реальность будущего), ол үлкен талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табылады;

- басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезеңдерін, басымдықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Стратегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын, қайсысы ауытқымайтынын көрсетіп береді;

- басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.

Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы (тудырушы) менеджмент болады («Мацусиба дэнки» (Жапония) -бүгін кешегіден гөрі барынша жақсы жұмыс істеп қалуға ұмтылу) және басқалар.

3-тақырып Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

1.Жүйе туралы түсінік және олардың қасиеттері

2. Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер

1.Жүйенің жалпы теориясы - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясынын әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.

Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.

Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей тән емес. (Берталанфи анықтамасы).

Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:

- тұтастық (оның элементтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);

- құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі);

- иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).

Жүйе, ең аддымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.

Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.

Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің құрамында болмайтын жаңа касиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.

Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элементтерінің жай жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.

Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:

- техникалық;

- биологиялық;

- әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.

Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтары бар.

Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.

Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, түтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы), адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі дамытады.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі - оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады. Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары (подеистема) мен қосалқы жүйе (субсистема) ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.

Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың жүйе тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсолюттік сипатта да бола береді.

Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді.

Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:

1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.

2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек. яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барасында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.

3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.

4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек.

5. Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онеыз бақылау мен басқару мүмкін емес.

Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады.

Жүйелі тәсілдеме - экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.

Өзінің алғашқы мағынасында - грек тілінен аударғанда «жүйе» сөзі көптеген элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.

Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты; өндіріс-пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен өнімдердің жиынтығы ретінде болады.

1.1Өндіріс - бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: «Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда қалыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын (типін) экономикалық жүйе деп ұғуға болады»,

Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға байланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер тән.

Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.

«Экономикалық жүйіс кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық өндірістің жүйесі ретінде, яғни өңдіріс күштері (табиғи және еңбек ресурстары, өндіріс құралдары, өнім) мен өңдірістік қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі» (акад. Н.П. Федоренко).

Экономикалық қатынас, байланыс (салааралық байланыстар жүйесі), заңдылықтар (техникалық прогреетің, өндірісті ұйымдастырудың даму заңдылықтарының жүйесі), міне, осы аталғандар экономикалық жүйе болып табылады.

Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы теория жүйесіне қызмет етеді, ал басқару ісі жалпылай түрде жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.

Жүйелі тәсілдеме XX жүз жылдықта пайда болды деуге болады, әйтсе де, XVIII және XIX ғасырларда ғылым әр түрлі жүйелерді зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.

Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:

- бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық қажеттілігінің баламалы (бағдарлы) салалары мен ауқымдары белгіленеді;

- екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге асырылады;

- үшінші кезеңде белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде, тәуеллсіз сараптама қолданылады).

Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Мақсатка жеткізетін жолда кездесетін кедергілерді, кемшіліктерді анықтап, жою. Мұнда ең алдымен басқарудағы жүйелі тәсілдеменің принциптері алға шығады. Нақты тәжірибеде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны жүзеге асыруы ықтимал барлық нүсқаларын талдайды. Әлеуметтік жүйеде бұл принцип басқарушылық міндетті шешу процесінде саяси және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.

Басқару процестері найда болғалы бері жүйелі талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек .

Экономикадағы жүйелі тәсілдеме - басқару саласындағы ірі, кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып табылады.

Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі принциптерін айқындап береді: жүйелердің динамикалығы, құбылыстардың байланысы, өзара ықпалдастығы мен өзара байланысы басты буын принциптерінің кешенділігі, тұтастығы және иерархиялығы.

Процестер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:

1) жай кездері (простом случае) қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе экономикалық аспектіде зерттеледі;

2) әлдеқайда күрделі жағдайда (бөлее полной формой) көп аспектілі тәсілдеме қолданылады. Бұл арада өзара байланыстар басқарудың саяси, экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экологиялық және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.

1.2Өндірісті басқаруға басқарудың өз объектісі мен субъектісі тән. Басқару процесі көп қырлы қоғамдық қатынастардың кешенін қамтиды әрі объективті және субъективті факторлар жиынтығының әрекетімен анықталады.

Басқару процесінде объективті мен субъективтінің арақатынасы «анықтаушы» және «шешуші» ұғымдары арқылы анықталуы мүмкін. Оның өзінде де, «анықтаушы» құбылыстың қажетті шарты ретінде болғанда ғана анықталмақ. Алайда, мұнын өзі жеткіліксіз. Объективті процеске субъективті фактордың кері әсерін білдіретін «анықтаушыны» ұштастырғанда ғана процееті жүзеге асырудың нағыз шынайы шартын тудырады. Басқаруда субъективті фактор болған күннің өзінде басқару ісін субъективті ете алмайды.

Ықпал етудің тиімділігі адамдардың басқару объектісінің объективті жағдайын, оның ішкі заңдылықтарға бағынатын табиғатын қалай түсініп, қалай қабылдайтынын көрсететін деңгейімен анықталады.

Объективті мен субъективтінің өзара ықпалын талдау тек жалпы дүниетаныммен, гносеологиялық аспектімен ғана шектеліп қалмайды: объективті алғашқысы, субъективтісі оның көрінісі, сөйтсе де, оның шартын тудыратын белсенді кері әсер етуді көрсетеді.

Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы, өндірістің негізгі буындары - кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады.

Мұнда басқару өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес болады.

Қоғамдық өндірістің басқару обьектісіне барлық халық шаруашылығының кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс құралдарымен біріктіретін саналы ұйымдар жатады.

Халық шаруашылығының басқару обьектісіне саналы түрде қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді.

Басқару ұлғайтылған ұдайы өндіру процесінің объектісіне ие.

Өндірістің басқару объектісі - бұл ел территориясына өндірістік күштерді ұтымды орналастыру барынша тиімді территориялық кешендерді құру.

Өндірісті басқаруда объекті ретінде маңызды орынды бейөндірістік салалар алады - ғылым, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет.

Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталық буынына қызметкерлердің ұжымы жатады.

Осылайша, кен мағынасында барлық өндіріс басқару объектілері деп саналады.

Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы кіреді.

Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік оргаңдар жатады. Барлық мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажыратып көрсету қажет: өкілдікті органдар; атқарушы және билеуші органдар; әділ сот органдары; өндірістің басқару функцияларын орындаушы және тікелей мемлекеттік басқару (орындаушы) органдары.

Өндірістің басқару мәселелерін мына органдар шешеді;

- билік органдары (өкілдікті органдар);

- мемлекеттік басқару органдары - мемлекеттік комитеттер, министрліктер.

2. Үлекен жүйелер деп аталған күрделі жүйелері пайда болып ,жұмыс істеуде,Жекелеген бөлінген элемененттрге бөлшектемитін зерттеу және оларды белгілі бір ретпен орналастыру мүңкін болмайтын жүйелер үлкен жүйелерге жатады.

Жүйенің анықтамасынан және келтірілген мысалдардан көрініп отырғандай, жүйе құрамдас бөліктердің (компоненттердің) және компонеттердің арасында байланыстардың болуы керек етеді. Жүйеде компоненттердің екі түрі болады;

1) Кіші жүйе- Бұл жүйенің басқа бөліктерге ыдырау бөлігі

2) Элемент- бұл ендігі жерде құрамдас бөлікке ыдырауы мүмкін емес бөлігі.

Элемент дербес болады. Сондықтан кіші жүйе дегеніміз элементтердің жйынтығы. Сонымен бірге, не құрлым жоғары иеярхиялық жүйе жөнінде жүйе кіші болуы мүмкін. Мысалы , бір жағынан , кәсіпорын дербес жүйе болып табылады, екінші жағынан – оны саланың кіші жүйесі және бүкіл халық шаруашылығының элементі ретінде қарастыруға болады. Бұдан элементтің кіші жүйемен жүйенің арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта обсалютті сипатта болады деген қорытынды шығады.

Жүйенің аса маңызды ерекшіліктері-оны құрайтын элементтер жиынтаығы болып табылатын қасиеттерінің болуы. Бұдан элементтердің қандай болсада жиынтығы жүйе болмайтын деген қортынды шығады. Мысалы, белгілі бір территорияда орналасқан кәсіпорындар тобы әлі де өздігінен жүйе бола алмайды. Одан белгілі бір кәсіпорынды шығарып тастауға немесе, керісінше, олардың санын көбейтуге болады, ал мұның өзі бұл топқа сапалық жағынан ешқандай әсер етпейді. Егер осы топқа кіретін кәсіпорындар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып, белгілі бір түрде өз ара іс қимыл жасайтын болса, мысалы, белгілі бір өнімді дайындауға бірлесіп қатысса, онда сөз басқа. Бұл ретте, кәсіпорындардың осы тобы жеке алғанда, әр бір кәсіпорында болатын сапалар мен салыстырғанда өзге сапасы бар жүйе болады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, жүйеге нақты неғұрлым анықтама беруге болады. Өзара іс-қимыл жасаған жағдайда жекелеген компоненттерге тән емес. Белгілі бір жиындағы жүйе деп түсіндіріледі.

Ашық жүйелердегенімізорта мен материалдық, немесе хабарламалық тасқындар мен алмасып отыратын жүйелер (тірі организм).

Ашық жүйелерге тән ерекшелік- олардың барлық зор ұйымдастыққа ұмтылуы болып табылады.

Егер ортаның қайсы бір материалдық немесе хабарламалық тасқындар мен байланыста бөлігі жүйеге негізделсе, онда ашық жүйені жабық жүйеге айналдыруға болады. Жабық жүйенің аса маңызды ерекшелігі олр үшін екі негізгі олық көлемді, күшінде болады, оған сәйкес бұл жүйелер барынша немесе ретсіздікке ұмтылады.

Жүйенің оның ұйымдастырылу деңгейінің сипаттамасы, шарасы болуы тиіс.

Басқару бұл процестердің қарсы тұрып, жүйені жүргізуіндегі озайту есебінен оны азайтуға тиіс.

Жүйе ұғымымен қатар процесс деген ұғымды айыра білу керек.процесс дегеніміз-жүйе элементтері арасындағы іс-қимыл.

Құрылым – жүйені тыныштық жағдайда сипаттайды (тұрған күйінде).

Ұйым-жүйені қозғалыс үстінде көрсетеді (динамикада).

Адам әр түрлі жүйелермен кездеседі, сондықтаноларды бір қатар кластарға бөлген жөн. Мысалы, жүйелерді ст.бир, міне, былайынша топтарға бөледі. Оның топтарға бөлу негізіне екі өлшем алған.