Цин империясы.

Абсолютті монархия.(жартылай абсолюттік монархия).

Жапонияда 1889 жылы Конституция жарияланды. Ол Пруссиялық үлгі бойынша монархия мен жоғарғы төрешілдік аппаратарымен, помещиктермен, ірі буржуазиямен бірігу одағын бекітті.

Император—ол,мемлекет басшысы ретінде кең шеңбердегі құқыққа ие болды. Оның құзыреттік міндетіне мыналар кірді:

-соғысты және бейбіт келісімі туралы жария етуге құқылы болды;

-халықаралық келісімдері бекітуге құқылы болды;

-өзінің қолына барлық билікті шоғырлай отырып, төтенше жағдайды енгізуге

құқылы болды;

-жоғарғы бас қолбасшы ретінде әскери құрамдар мен оның басшыларын

айқындауға құқылы болды;

-мемлекеттік азаматтық басқаруды жүргізу саласында министрліктің

құрамдарын тағайындау, міндеттен босату, еңбек ақы мөлшерін анықтау,

жоғарғы лауазымды тұлғаларды тағайындау міндеттерін атқарады. Император атқару билік басшысын тағайындады (министр-президентті, ал оның ұсынысы бойынша министрлерді тағайындады).

Әдебиеттер:

Н/ә: 4, 231-239; 5, 115-1124. Қ/ә: 8,187-195.

Бақылау сұрақтары:

1.Жапонияда буржуазиялық республиканың пайда болуына қандай

себептер болды?

2. Мейдзи Революцисы кімді қолдады?

3. 1889 ж.Конституция қандай модель бойынша қалыптасты?

4. Императрдың мемлекет билігіндегі құзыреті қандай болды?

5.Атқару билігін кім атқарды?

№ 15 ДӘРIС

Тақырып: ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қытай мемлекеттілігі мен

құқығының дамуы

Сабақтың мақсаты:ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қытай мемлекеттілігі мен

құқығының дамуы туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Цин империясы.

2.Қытай халық республикасының құрылуы және оның дамуының негізгі

кезеңдері.

3.Гоминдан.

 

1644 жылы Қытайда билік басына манчжуриялық Цин әулеті келді. Цин әулетінің билік жүргізуі кезінде, ірі манчжуриялық және қытай феодалдарына , қуатты армия күшімен және жақсы кең шеңбердегі баланысы бар төрешілдік аппаратарына арқа сүйей отырып, деспотиялық монархия қалыптасты.

Қытай императоры барлық мемлекет билік тізбектерін өз қолына біріктірді, атап айтқанада: жоғарғы заң шығарушылық, соттық және әкімшілік билігін. Сонымен қатар ерекше құқығы болды: «Жоғарғы Аспанға» найзағайға құрбандық шалуға жіберді. Император-ол ұрпақтан-ұрпаққа тақты беретін болды. Бірақ тірі кезінде өзінің тақ-мұрагерін атауға құқылы болды.

Император кезінде мемлекеттік жоғарғы орган: Импертор хатшылығы және Әскери кеңес болды.

Жоғарғы атқару билігі: бұрынғыдай алты ведомства арқылы (бұйрқы жазу) арқылы: чиндер, салықтық (қаржылық), рәсімдеу арқылы, әскери, қылмыстық жаза, қоғамдық жұмыстар.

Сот билігі барлық деңгейлерде әкімшілікпен байланысты болды.

 

2. Қытай халық республикасының құрылуы және оның

дамуының негізгі кезеңдері.

Революция дейінгі Қытай мемлекеті жартылайфеодалдық, жартылай-отаршылық мемлекеті болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай аумағында, азат етілген 160 миллион тұрғындары бар 19 аудан болды. Солтүстік-шығыс ауданын Совет армиясы Жапондық жаулаушылардан азат еткен соң Манчжурия базасы ерекше роль атқарды. Бұл аумақта Қытай коммунистік партиясы үлкен мемлекеттерді басқару тәжірибесін игере білді. Қытай республиксаың дамуына СССР ерекше көңіл бөлді және әскери көмек көрстеу мен болды. Жапонияның милитаристік бұғаунда болған Қытай 1945 жылы СССР екі айдың ішінде Жапон әскерлері талқандалды. Ал одан соң сол жылы 8 және 10 тамызда АҚШ Жапонияның қаласы Хиросима мен Нагасакиге атам бомбасын тастады. Бұдан соң жапония мүлдем дәрменсіз түрде тізе бүкті. Қытай: 1949 жылдың 1-ші қазанда, Қытай Халық Республикасы деп жария етілді. Оның құрылтай құжаты ретінде Қытай халықтық саяси кеңесінің пленарлық сессиясы болды.