Нацист терроры.
Дамуы.
Сабақтың мақсаты:ХІХ-ХХ ғасыр-да Германияда мемлекет және құқықтың
дамуы туралы оқып танысу.
Жоспар:
1.Герман одағының құрылуы.
2.1896 (1900)ж. азаматтық кодекс, оның өзгеруі мен толықтырулары.
3.1933-1945 ерекше заңдар.
4.Нацист терроры.
5.Германияның соғыстан кейінгі қылмыстық процессі.
1. Герман одағының құрылуы.
1814 жылы Германдық одақы қалыптасты, оның құрамына 34 мемлекеттер кірді, олар: корольдықтан, княздықтан, герцогствадан және төртеркін қалалар: Франкфурт, Гамбург, Бремен және Любектен тұрды.
Германдық одақ-ол, біріккен халықаралық мемлекеттері болды. Осы одақ құрамына кірген мемлекттер өздерінің тәуелсіздігін сақтады. Одақтың ішіндегі шынайы басшылық етудің рөлі Австрияға жатты. Одақтың ішіндегі нақты орталық билік орган «Сейм» болды. Оның ішінде, одақ құрамында тұрған әр мемлекеттің үкімет өкілдерінен тұрды. Сеймнің шешімі тек бірауздан қолдаған жағдайды талап етті. Сол себептен оның жұмыс істеуіне дағдарыс келтірді.
Германияның біріктіру күшіне өз рөлін көрсетуге Автрияның орнына Пруссия өміткер етті. Сол себептен 1818 жылы Пруссия кеден заңын қабылдап, Пруссия корольдық шеңберіндегі барлық кеден шекараларын жойып, барлық аумақтармен өзара емін-еркін жүріп-тұруды, сауда жүргізуді жария етті. 1819 жылы Вена конференциясында германдық одақ өкілдіктерінің алдында Пруссия өзінің кедендік заңын барлық одаққа тарату туралы сөз сөйледі. Бұл ұсынысқа кейбіреулері қарсы болды, бірақ германдық одақтың кейбір үкіметтерімен келсімге келіп Пруссия өзінің мақсатна жетті. Оның нәтидесінде 1834 жылы Германдық мемлекеттердің Кедендік оджағы құрылды, оған 20-ма мүше- мемлекет одағы кірді, оған жетекшілік етуші Пруссия болды. Австрия Кеден одағын «Одақтың сейміне» бағындырмақ әрекетін жасады, бірақ Пруссия оған тосқаул жасап жол бермеді. 1847 ж. Кеден одағының конференциясында «Жалпыгермандық вексельдік жарғысы» қабылданды. Оның қабылдануы Пруссияның көзқарасын бекітті. 1857 жылы Одақ сеймінде «Сауда кодексінің» екі жобасы бірі Пруссия екінші Австриянікі ұсынылды. Заңшығарушылар Пруссия жобасын қолдап, оның өте қысқаша, нақты, дәл екендігін айқындай келе, қабылдады.
2.1896 (1900) ж. азаматтық кодекс, оның
өзгеруі мен толықтырулары.
Германияның осы аталған кодекстің алдында болған заң жынағы мынадан тұрады: ХІІІ ғ. дейінгі кезеңде Германия құқықтары жазылмаған әдеттегідей дәстүрлік құқықтан тұрды, ол тек адам ойында қалды. Жеке меншікті пайда болуы нәтижесінде: Саксаондық зерцало-судя Эйке фон Репковтың; Швабтық зерцало- атаусыз келісімі туралы айтылды. Бірінші азаматтық кодекс-ол, Бавария корольдығының1756 жылы қалыптасқанАзамат кодексі болды.
Германдық азаматтық жинағы 1896 жылы рейхстагта қабылданып, ал, 1900 ж.1-қаңтарда іске қосылды. Азаматтыққұқықтық қатанстарсубъектісіреінде, осы заң жинағы жеке және заңды тұлғаларды таныды. Жекетұлғалардың құқытық қабілеттігі заңбойыншатепе-теңдік қағидасы бойынша негізделген. Кәмелеттік жас 21-жастан болды. Ал 7-ден 21-ге дейінгі жастағы адамның әрекет қабілеттігіне, заң жинағы әр-түрлі шектеулерді қойды. Германдық азамттық жинағы заңды тұлғалардың екі түрін айтады, атап айтқанда:
-ферейндер (ферейны)- (қоғам, одақ), одақ құрамындағы мүшелердің әр қайсысыынң құқығы мен міндеттері орнатылған. Бұндай одақта шаруашылық жұмысы өнімдерді алу немесе ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу туралы айтады. Мысалы: Өндіріс-шаруашылығы: ААҚ, АҚ, Холдинг компаниясы; Шаруашылық емес одаққа жататындар: «Өнертақыштар ұйымы, Кримнология одағы, Тарихшылар одағы, Жазушылар одағы т.б.».
-мекемелер- олар жеке тұлғалардың іс-әрекет жасауы нәтижесінде өзінің көздеген мақсатын орындау болып табылады. Мысалы: шағын кәсіпорындар, мекемелер, шаруашылық қожалығы, ЖШС т.б.
Азаматтық жинақ, заңды тұлғалардың құқытық қабілеттігінің мазмұнын анықтамайды. Ол, сол қалыптасу фактісінен шығатын болады.
Өзгерістер мен толықтыру енгізілуі:
1.ГАЖ (ГГУ): кәмелелетке келетін жас 21-ден есептелсе, ал 1974 жылдан
бастап 18 жастан есептелді.
2.Жанұялық құқыта 1946 жылдан бастап некелік шарттар қөабылданды.
3.Жұмысшы міндеттемені орныдамаған жұмыс берушіден, жұмыс кезінде
келтірген зардап орнын толтыруды талап етуге құқылы болды.(1948ж)
3.1933-1945 ерекше заңдар.
Германияда фашизмнің келуіне негізі себеп болған-ол, бірінші дүнежүзілік соғыстың аяқталуна байланысты, ұлттық ағымдағы милитаристік реакцияның бір түрі ретінде болды. 1921 жылы фашистік ұйымның негізі ретінде «Ұлттық-социалистік жұмысшы партиясы (НСРП)» қалыптасты. Оның басшылық жүргізу рәсімі шексіз билікке ие болу және оны қолдануға , көсемдік «фюрер» билік жүргізді. Оның негізгі мақсаты: фашистік идеологиясын тарату, демократиялық және антифашистік қозғалысты басып-жаншу үшін арнайы террорлық апарттарын дайындау және ең маңызыды мақсаты билікті басып алу болды. 1923 жылы фашистер билікті өз қолына алу үшін төңкеріс әрекетін жасамақ болады, бірақ сәтсіз аяқталады. 1925 ж. «Рейхстаг үшін шайқас» бұл мақсаты сол кездегі өмірге риза емес жұмышыларды үгіттеу, жұмыссыздықты жою, шаруалардың ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын көтеру, ұсақ судагерлеге- ірі дүкендерді жою т.б. 1928 жылы фашистердің тактикасы алға басты, олар рейхстагта-12 орынға ие болды. Ал 1932 жылы фашистер партиясы көп мандатқа ие болып, рехстагта басқа партиядан көп орынға ие болды. 1933 жылы 30- қаңтарда, Гинденбургтыңөкімібойынша Гитлер Рейхсканцлерміндетіне ие болды. Осы кезден бастап Рейхстаг тек формальды түрде сақталды.
Фашистік Германия бірінші күннен бастап буржуазиялық-демократиялық бостандықты жойды. Осымақсатқабайланысты төтеншедекреттер шығарыла бастады, атап айтқанда:
-жек тұлғалыққа, сөзге, баспаға, жиналысқа деген еркіндіктері түгел жойылды;
-полицияларға шексіз құқықтар берілді;
-партиялар оның ішінде, әсіресе коммунистер партиясың, содан соң басқа да партиялардың, сонмен қатар буржуазиялық партиялардың болуына тиым салынды.
Сүруге және қызмет жасауға тек ұлттық-социалистік жұмысы партииясы ғана қүұқылы болды. Мемленкетте тек бір жүйелі парития орнатылды. НСРП- патшалық билік секілді өзінің билігін жүргізді.
1934 ж.,2-тамызда Гинденбург өлген соң Гитлер үш лауазымға ие болды: партия фюрері, атқару биліктің басшысы және мелекет басшыс болды. Гимлер- партия басшысы болып барлық паолицияны өзіне бағындырды, ал Геринг- фюрердің орынбасары, әуе флотының министрі болды. 1933 жылы Пруссияның ұсынысымен «Geheimestaatspolizei» (Гестапо), бұл органға барлық полиция органы бірікті ал кейіннен қаупсіздік полиция органы болды.
СС-күзету отряда болды; СД-жандармерия және арнайы тәртіптік қызметі болды. Бұның бәрі рейсфюрер Грмлерге бағынды. СС-отрядтары түнгі «Ұзын пышақ түні» террорлық опрациясын жүргізді. Олар шабуыл отрядтарының басшыларын өлтірді. Соғыс кезінде СС-отряда концларелерді күетті. Сонымен қатар террорлық соттар болды: 1937 ж. Лейпциг процесі онда Георги Димитровты соттады, бірақ оны босатуға мәжбүр болды. 1944 жылы Шпандау түрмесінде Эрнст Телман өлім жазасына кесілді. 1939ж., 1-қыркүйекте Польшаны басып алды ,бұл 2-ші дүнежүзілік соғыстың бастамасы болды. Сол жылдары шығыс Еуропа елдерін Болгария, Румыния, Венгия, Чехословакия, Югославия және Францияны басып алды. Ал 1941ж., 22-маусымда СССР-ге шабуыл жасап Ұлы Отан соғысы басталды. 1945 ж.,9-мамырда Фашистік Гнрмания тас-талқан болып тізе бүкті, СССР толық жеңіске жетті.
5. Германияның соғыстан кейінгі қылмыстық процессі.
1945 жылыдң жазында Потсдам конференциясында СССР-И.В.Сталин, АҚШ-Г.Труман, Англиядан-У.Черчиль келісім жасау арқылы, басып алынған Германия аумағына уақытша оккупациялық режимді орнату туралы шешім қабылданды, ол 27-шілденен бастап орнатылды. Сонымен қатар Германияның қауптік жасау әрекеттерін жою үшін бірнеше іс-шаралар жүргізілді:
1.германия қарулы күштерін тегіс тарату; герман армиясының бас штабын
жою;
2.әскери қылмыскерлерді тұтқындап оларды сотқа беру;
3.мемлекеттік аппарттарды әскери қылмыскерлерден тазартуды жүргізу;
4.Германияның әскери-өндірістік күштерін жою;
5.демократиялық институттарының жұмыстарын қайта орнату-жергілікті өзін-
өзі басқару, еркін жиналыстарды жүргізі, еркін сөз, баспа сөз т.б.
1946 ж., желтоқсан айында екі бастыстық зонамен сепараттық басқару орнатылды, ол үш зонадан тұрды. Оның нәтижесінде Германия екіге бөлініп екі мемлекет пайда болды: ГДР-шығыс жағы және ГФР-батыс жағы.
1945-1946 жылдарда Баврия аумағында орналасқан Нюренберг қаласында Ұлыбритания, АҚШ және СССР – заңгерлерінің қатысуымен фашистік Германия әскери қылмыскерлерінің әскери сот трибуналы өтті. СССР-ден басты айыптаушы сол кездегі Украина одақтас республикасының прокуроры Р.Я.Руденко айып тақты. Онда тек қолға түскен басты қылмыскерлер: Герман Геренг.адмирал Дениц, Э.Кольтенбруннер, А.Роззенберг, Рудольф Гесс, т.б. Нюренберг сот процесі әлемге әйгілі ,фашист басқыншыдарын тізе бүккізген Совет Армиясының беделі өте зор деуге болады.
Әдебиеттер:
Н/ә:4, 105-112; 5, 94-105. Қ/ә: 8,145-149.
Бақылау сұрақтары:
1.Германдық одақ қай жылы құрылды және оның құрамына қанша
мемлекеттер кірді?
2. Фашистік партияның билік басына келуге қандай себептер болды?
3. Гитлер қандай заңнамаларды шығарды?
4. Фашистер қандай саяси террорлық әрекеттерін жасады?
5. Фашистік Германияның тізе бүгуіне қандай себептер әсер етті?
6.Фашистік әскери қылымскерлер қайда сотталды?
7.Жеңілген Германияны қаупсіздендіру үшін Одақтас мемлекеттер қандай
іс-шараларды жүргізді?
№ 13 ДӘРIС
Тақырып: Ресейдің мемлекет және құқығының дамуы
Сабақтың мақсаты:Ресейдің мемлекет және құқығы туралфы оқып танысу.
Жоспар:
1. Ресейдегі абсолюттік монархияның құрылуы.
2. Ұлы Петрдің мемлекеттік әрекеті.
3. 1905жылғы оқиға. Қазан төңкерісі.
4. 1991 ж. СССР-дің құлауы.
1. Ресейдегі абсолюттік монархияның құрылуы.
Ежелгі Орыс мемлекеті Киев-Русь аумағында пайда болды. Ең алғашқы билікті жүргізуші князь Олег болды, кейін оның жұбайы княгиня Ольга билікті қолға алды. Одан соң олардың ұрпақтары князь Владимир, кейін оның баласы Святослав болды.
Ресейдің мемлекеттік құрлымы Владимир княздың тұсында қалыптасты. Ол Русьтің тоғызіріқалаларына, князьдық билікті жүргізуге өзінің балаларын жіберді, атап айтқанда: 1)Новгородқа-Вышеславты кейінне Ярославты; 2)Полоцкіге (кривичи)-Изяславты; 3)Туровқа (дреговичиге)- Святополкті; древлян жеріне-Святославты; 4)Владимир-Волынскге (волыняне)-Всеволдты; 5)Смоленскге (кривичи)- Станиславты; 6) Ростовқа (финдық-тілдегі тайпаның жеріне)- Ярославты, кейін Бористы; 7) Муромға (финдық тілдегі муромдар)-Глебты; 8) Туматараканиге (Таманский түбегіндегі орыстың жер иелік аумағына)-Мстиславты.
Ресейде абсолюттік (шексіз) монархия , орталықтандырылған мемлекет Мәскеуден басталды, ол ХҮ ғас. екінші жартсында, яғни 1453ж. Константинополь құлаған соң және Алтын Орданың отаршылдығы 1480 ж, джойылған соң басталды. Ресейдің патшасы Иван-ІІІ кезінде Ресей мемлекетәі үлкейе бастады. 1510 жылы оның құрамына Псков, Рязань княздығы кірді. Ресейдің билік басына Иван Грозный (1530-1584) келген соң қатаң билік жүргізді. Иван-ІҮ (Грозный) деп аталуы ол өте қаталдық әпекетін айтады. Иван Васильевич, 16 жасында 1547ж. Москваның Успенск Соборында ресми түрде некеге тұрды. Иван-ІҮ тұсында сайланған үкіметі «Сайланған Рада» боды 1549-1560 ж. Көптеген реформалар жүргізілді. Сайланған Рада құрамына мыналар кірді: А.Ф.Адашев, священик Сильвестр, митрополит Макарий, А.М.Курбский және т.б. бұлар Иван-ІҮ аса сыйымдылығн білдірді.
1549 жылы бірінші Земский собор салынды, онда сословиелік жиналыстар өткізілді. Оның құрамына Боярлар думасы, дінилер, феодалдар, кейіннен қала басшылары енді. 1550ж. жаңа «Судебник» қабылданды. Бұл заңда жергілікті аумақта билік жүргізуші «Наместниктің» және «Волостнойлардың» бұрынға шек қойылған қызметтерін ретіне келтірді және бірінші ретПарақорлықты жазалау шарасы енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің орталық аппаратарына да өзгерістер енігізлді. Бұрығны екі ғимарат сарайдан тұрған мемлекет органы кейіннен Приказдар үйін құрды. Сыртық істер жөнінде «Посолдық приказдар»; мемлекет қаупсіздігін қамыту туралы «Разбойный приказ»; әскери мәселесі туралы «Разрядный және Стрелецкий приказы»; Арыз-шағымдарды қарау туралы «Челобитный приказы»- (оны Адашев басқарды). 1556 жылдары жергілікті реформа болды онда ғы наместиниктер мен волостнойдың жұмыстары қайта өзгертілді олардың орнына «Губной староста» болды, оларды жергілікті уезд дворяндары сайлады.
1560 жылы сайланған «Рада» таратылды. Сильвестр- айдауға жіберілді; Адашев Москвадан кетірілп кейін тұтқындалды. Осындай саяси дағдарыста Иван-ІҮ «Опрична» қызметін ұйымдастырды. Оның билік тәсілі «Опричнаны» (одан басқа) енгізген соң террорлық әрекеттерді жүргізді. Опричнаның қызметшілері үстеріне қара киім киген, ат жалының үстіне иттің басын, ал ат құйрығының соңына сыпырғышты байлайтын болды. Опричнаны енгізудің себебі орталықтандрылған мемлекеттік (абсолюттік монархия) билігін нығайту болды.(Горинов М.М.,М.2000,70С.). Иван Грозныйдың үшінші 9-жасар баласы Дмитирий 1591 ж. Угличте бедлгісіз жағдайда қаза табаы. Оған Б.Годунов кінәлі деп сөз таратылады.
Ресейдегіабсолюттік(шексіз)монархиялық билігінмынакезеңдерде
төмендеаталғанпатшаларжүргізді:
-Иван-ІҮ-Иван Грозны- Ұлы князь, кейіннен патша болды-1533-1584
(1547ж патша болды);
-Борис Годунов-1598-1605;
-1605-1606 Лжедмитри-1;
-1606-1610 Василий Шуйский;
-1610-1612 Жетібоярлық (7-ті боярлар) патшалық билікті жүргізді;
-1613-1645 Михаил Романов;
-1645-1676 Алексей Михайлович;
-1676-1682 Феодор Алексеевич;
-1682-1725 Ұлы Петр-1(Отан әкесі);
-1725-1727 Екатерина-І;
-1727-1730 Петр-ІІ;
-1730-1740 Анна Ивановна;
-1741-1761 Елизавета Петровна;
-1761-1762 Петр-ІІІ;
-1762-1796 Екатерина-ІІ;
-1796-1801 Павел-І;
-1801-1825 Александр-І;
-1825-1855 Николай-І;
-1855-1881 Александа-ІІ;
-1881-1894 Александра-ІІІ;
-1894-1917-Николай-ІІ (Ресей Империясының ең соңғы патшасы).
(авт.М.М.Горинов и др. «История России с древнейших времен до начало
ХХІ века»).,М- «Дрофа»-2005,652С.
2. Ұлы Петрдің мемлекеттік әрекеті.
Ресей патшасы Алексей Михайловичтен бұрынғы әйелінен Мароия Ильинична Милославскаядан 13 бала туған болатын, олардың ішінде Феодор, Иван және Софья да болды. Ал екінші әйелімен 1671 ж,22-ақпанда Наталья Кириловна Нарышкинамен некеге тұрды. Одан ер бала Петр туды. 1676 жылы патша Алексей Михайлович өлген соң оның орнына баласы Феодор Алексеевич патша болды. Бірақ денсаулығы нашар болғандықтан 1682 жылы Федор кенеттен қайтыс болады. Содан соң патша жанындағы бай-шаонжарлар, боярлар кеңесінде бірінші әйеліне туған және жасы үлкен Иванды патшалыққа ұсынбай, екінші әйеліне туған 10-жасар Петрді ұсынады. Кейіннен-(1682-1725 Ұлы Петр-1 (Отан әкесі) деген құрметті атаққа ие болады. Петр-1 билікке клгеннен бастап үш маңызды оқиға есте қалды, атап айтқанда:
1.Архангельскге барып, онда - теңіз флот мәселсін шешу болды;
2.1625-1696 ж Азов әскери жорығы болды;
3.Ресейді қайта құру жөнінде Ресейлік елшілік құрамында жәй қарапайым
қызметкер ретінде шетелдік сапарға аттанып Голландия және Англия
мемлекетінде болды. Осы шетелдік сапарда Пертр ең алғаш рет батысеуропалықтың дамуын, оның әскери құдыретін, күшін және мәдениетін деніне қуат келгендей таң қалуыне шек болмай ынтыға көңіл бөлді. Пертр еуропадан тек көрген, естіген көңілін алп келумен қатар Ресейді қайта құру мәселесіне ерекше назар аударды.
Ағылшын адмиралы, патша секілді ақыл-ойы, кең және жедел дұрыс әскер ишешім қабылдаун аса байқады. Ғалымдардың айтуы бойынша «Петр-еуропаға терезені ашты» деген, тегін сөз болмады.
Сонымен қатар Петрдің осы сапарынан кеін Ресей аймағына шетелдік ғалымдардың саяси-құқытық ойлары тарай бастады, атап айтқанда: Бекон, Спиноза, Локк, Гассенди, Гобсс, Лейбниц осы аталған ғалымдардың ойлары 1-Петр реформасымен қоса тарала бастады. Әсіресе Томас Гоббстың мына сөзі: «Мемлекет дегеніміз-ол, корабль, үй сияқты құрлыс салу объектісіне ұқсайды» деген.
Сонымен қатар 1-Петр заң мәселесіне де көңіл бөлді, ол шетел сапарында заңгер-ғалымдардың еңбегін де алып келді. Содан бері Ресейде заңгерлік және мемлекеттану ғалымдардың: Гуго Гроция, С.Пуфендорф, Д.Локк т.б. тарады. С.Пуффендорфтың «Адам мен азамттың лауазымы» (О должности человека и гражданина) деген еңбегі 1-Петр тұсында орыс тіліне аударылып, өте жоғары бағаланды.
Армия реформасына байланысты 1716 ж «Әскери Жарғы» деген құжаты шықты.Бұл құжатта әскер тәртіп және әскери қылмыстық, әкімшілік зағы көрсетлді. Бұл Жарғы негізніен Швеция, Франция, Австрия, Дания әскери заңнамсынан алынып Ресейдің жағдайына сәйкес қайта қаралып өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1700 жылдың 1-қаңтары, Ресейде «Жаңа жыл» мейрамы 1-Петр тұсында жария етілді. 1-Петр Ресей аумағында ескілікті жоюжа ынтығы кірісті:
-Сақалды кесіп тастау; кафтанды киу; парикті кию міндетті болды.
-Жаң жылдық күнтізбесін санау және оны тойлап өтуді орнаты;
- халықтың көбісі оқудан бас тартқаны үшін 1-Петр 1714 жылы «Оқулық
міндет» деген жарлығыв шықты, ол міндетті түрде білім алуды талап етті, егер
үйлнгісі келген дворяндық жігіт ең алдымен мекетпті ойдағыдай бітірді деген
құжаты болуы керек.
-1714 жылы «Жеке-дара мұрагерлік» деген жарлығы шықты, онда батыс еуропа талабы бойынша жаңалық енгізілді, яғни жерге деген барлық мүлік дворяндардың балакларынынң тек біреуіне ғана бероілетін болды, ал қалғандары өз күндерін өзі көру үшін басқа пайдалы істермен айналыцсуы керек деген.
-әскери борышты өтеу үшін әскерге бармас үшін әр-түрлі сылтау тапты, оны шешу үшін 1-Петр 1724 жылы «Табель рангсі туралы» (Табель о рангах) Жарлығы шығып «ранг» ол шен әр дворянның шендік деңгейі болды сол үшін ақы төленді. Ол 14-дәрежеден тұрды. Мысалы «статский советник» т.б.
-экономика мәселесі бойынша, егерде өзінің кәсібін құрғысы келген дворянға өте үлкен жеңілдіктер және крепостнойылық жерлерді сатып алуға құқық берілді;
-ширек ғасыр ішінде Ресейде 200 мануфактуралар жұмыс істеді; Оның ішінде Туланың қару жасаушы шебері Демдовтарды айтуға болады.
1-Петрдің өмір сүрген 52 жасының ішінде, 37 жылы Ресейддің үнемі соғысболуымен өтті. 1721 жылдың 30-қазанда Ништадтағы беибіт келісімн бекіткені үшін, ол Полтава түбіндегі 1709 жылы Швед әскери тас-талқанын шығарып жеңіске жеткені үшін, Ресей Сенаты шешімімен, 1-Петрге «Отанның Әкесі» деген құрметті атағы беріліп «Ұлы Петр» деп аталды.
3. 1905 жылғы оқиға. Қазан төңкерісі.
Бұл төңкерістің болуына мынадай себептер болды:
-Священик Георги Гапоның басшылығымен Петербургтегі жұмысшылардың қозғалысы болды.
-Бұл қозғалыстың болуына, қисындық жағынан алғанда Мәскеудің охранка бөлімінің бастығы, полковник С.В.Зубатовтың арандатушылық әрекеті бойынша жүзеге асырылды.
Зубатовтың көздеген мақсаты, революция кең шеңбрге трамас үшін ең түбінде жасырынған басшылыран, көсемдерін тауып оларды жою болды. Соныдқтан охранканың бақылауымен «Жұмысшылардың және механикалық өндірістере өзара көмек көрсету қоғамы» деген атпен ұйым құрылды.
Зубатов ұйымдастырған ұйым мүшелерінің алданда атақты ғалымдар сөз сөйледі, олар:В.Э.Ден, Н.Х.Озеров, П.Г.Виноградов, А.А.Мануйлов болды. Кульминациялыкқ кезі, ол 19 сәуірдің 1902 жылы Кремль аумағында «Боже, царя храни» деп өлеңдетіп өтті. Зубюатов қоғамының базасында Гапон Санкт-Петербургте «Орыстың зауыт-фабрикалық жұмысшларының жиналасын» ұйымдастырып , оған 10 мың адам жиналды. Осы қозғалыста Зубатов- жұмысшыларды самодержавиямен татуластыруды кеөздесе, ал Гапон-ол, осы қозғалыс ағымына қарайтын болды, яни не болса-о-болсын деген ойда болды.
1905 жылдың 9-шы ақпанда бірінші орыс революциясы басталды. Кеіннен ол, «Қанды жексенбі» деп аталды. Бұл революцияға қатысқанда саны 200 мыңға таман халық шеруімен «Қысқв сарайға» жүрді. Шеруді бастаушы Гапон болды. Халықтар қолына патшаның портреттерін, бейбіт мазмұны бпар шерулік салтанаты болды. Ал петицияда халықтың мынадай талаптары жазылды: экономикалық жағдайды жақсартумен қатар жанакма салықты жою, сатып алу төлемін жою, сонымен қатар келіспейтін саяси талаптар болды, оаған жататындар: «Құрылтай жиналысын шақыру» онда тең құқықта құпия түрде сайлауды өткізіп, тең түрде дауыс беру, министрлердің «халық алдында» жауапкершілігі, негізгі саяси бостандықты енгізу болды. Бұндай жағдаға және халықпен тілдесуге жоғарға билік органдары, қала басшысы И.А.Фууллон дайын болмады. Бұдан бұрын 7-қаңтарда петицияны Гапон Әділет министрі Н.В.Муравевқа тасрыған болатын.Муравев бұған мынадай жаувап берді; «Сіздер самодержавияға шек қоймақ болдыңдар». Қантөгісті алдын ала ескертуге, сол кездегі беделді тұлғалар: Н.Ф.Аненский, М.Горький, В.И.Семеновский, А.В.Пешехонв т.б. болмады. Самодержавия біржолата бүлікті жою мақсатын көздеді, сол үшін қарусыз халықты, қалың әскер оқтың астына алды. Сол кездегі есеп бойынша, шамамен 130-200 адам қаза болды, 500-700 адам жараланды. Міне осы аталған оқиға «Қанды жексенбі» деп аталуы осында боды. «Қанды жексенбі» оқиғасы Ресей аумағын дүр сілкіндірді. 1905 ж.,9-ақпан Революциясы туралы В.И. Ленин «Басты дайындық» (Генеральная Репетиция) деп баға берді. «Бұл, болашақта алда күтіп тұрға 1917 жылығы қазан төңкесісне соңғы дайындық болды» деген.
«Қазан төңкерісі»
1917 жылдың24-қазанда (6-қарашада) большевиктер партиясының ОК және ӘРК Петроградтағы телеграф, почта, түрмені басып алу және юнкерлер әскеріне , уақытша үкімет әскеріне қарсы төтеп беру шаралары әзірленді. Сол күні В.И.Ленин болшевиктер басшыларына А.Ф.Керенскиді құлату керек екендігі туралы телеграммаа жіберді. Ал 25 қазанның (7 қарашаның) таңында бас көтерушілер вокзал, телеграф,телефон станциясын және басқа да маңызды объектілерін басып алып өз қолдарына алды. Күндіз ӘРК әскері маринский ғимаратында өтіп жатқан парламентті таратты. Сол күні В.И.Ленин сағат-10-да ӘРК және «Ресей азаматтарына» деген сөзінің жолдауында билік ӘРК өтті деді. Ендігі мәселе «Қысқа сарайды» шабуыл мен алу болды. В.И.Ленин ӘРК асықтырғанмен кідіру созылды. Революция шабуылын басқарушы В.А.Антонов-Овсеенко және Г.И. Чудновский қан төгістің көп болуына жол бергісі келмеді. Қысқа сарайды қорғаушы уақытша үкімет әскер тобы аза бастады, олар уақытша үкімет министрлерін қорғағысы келмеді. Сол күні сағат 19-да бастап Уақытша Үкіметке өз еркімен берілуге талап қойылды. Бірақ бұл талпты орындаудан олар бас тартты. Сол күні сағат 21-40 та «Аврора» крейсері оқ атқан соң «Ол арнайы белгі болатын» ӘРК әскери шабуылға дереу кірісаті. Революция отряды қысқы сарайға еніп, екі сағат бойы министрлерді тұтқынға алды. 22-40 сағ. ОАК атынан ІІ Бүкілресейлік Жұмысшылар және Солдаттар депутаты Кеңесінің ІІ-съезі ашылды. Ондаиктер мен меншевиктер партиясы саяси дағдарыстарды бейбіт түрде ретіне келтіру жұмыстарын жүргізу қабылданды. Сол күні 26-қазанның (8-қарашада) В.И.Лениннің баяндамасынан кейін «Бейбітшілк туралы Декрет» және «Жер туралы Декрет» қабылданды. Съезде құрылтай жиналысқа дейінгі «Халық Комиссарларының Кеңесі деген жұмысшы және шаруалар үкіметі» құрылды. Осы қазан революциясы бөльшевиктер партиясының басшылығымен кейінне коммунистук партияға ауысып 1991 жылдың желтоқсан айына дейін СССР мемлекеті болып өмір сүрді.
4. 1991 ж. СССР-дің құлауы.
1917 жылдан бастап 1991 жылға дейін КПСС диктатурасының тоталитарлық жүйені ішінде бүкіл СССР аумағында азамп шеккеендер аз болмады. Оның ішінде 1933, 1937 жылдарды алатын болсақ сталиндік репрессия жылдарының айуандық, қанішерлік азаптары мәңгі есте қалады. Осы жүйенің соңғы кезеңі 1886 ж., желтоқсан оқиғасы нақты дәлел бола алады. Одан кейінгі 1990 ж. Грузиядағы «Шота Руставели» даңғылындағы адм қырғыны, сол жылы балтық жағалауындағы Рига, Вильнюс және Таллин қалаларындағы қызыл армия окупациясы нақты дәлел бола алады.
Коммунистік партияның жалған догмалық саясаты халықты алдау, арбау әдісі ұзаққа созылмай 15-одақтас республикалар бостандық жолын ізеді бейімделді.
1991 жылдың тамыз айының 18-21 күндері арасындағы Мәскеудегі әскери төңкерісті «ГКЧП» (ТЖМК) СССР-дің вице-президенті Янаев жария етті. Бұл әскери төңкерістің басталуы болды. Мұны дер кезінде сезген Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцен Ақ Үйдің жанында, халық алданда сөз сөйлеп қарсылық көрсетуге шақырды.
СССР-дің құлауына мындай себептер негіз болды:
-15 одақтас республикалары соның ішінде Қазақ ССР жеке өз алдына егеменді
мемлекет болуға толық жетуі;
-ұлттық намысты қорғау және көтеру болды;
-КПСС диктатурасының және оның жалған, көзбойаушылық саясаты
іріп-шіріп, бүкіл халық алдында беделін мұлдем жоғалтуы;
- елдің экономикалық дағдарыстан шыға алмауы;
- ақаш құқынынң мүлдем төмендеп гиперинфляцияға ұшырауы;
-өндіріс эжәне өнеркәсіп орындарынң тоқталуы;
-сырта шығатын рыноқтың жоқтығы.
Саяси жағына.н ең басты себептің болуы мынада болды:
-Украина Президенті Л.М.Кравчук, Беларусы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы С.Шушкевич және Ресей Президенті Б.Н.Ельцен үшеуі бірігіп Белорусы аумағындағы орман алқабында кездесіп СССР-дің ыдырауы туралы шешім қабылдады сол күніосыв үш мемлекет Украина, Белорусия және РСФСР өздерін егеменді мелекет деп жприялады. Бұл дегеніміз СССР-мемлекетінің тас төбесі жарылған деп айтуға негіз болды. Осы үш тұлғаның кездесуінің нәтижесінде «Беловежский келісімі» (Беловежское соглашение) деп аталды. Сонымен 1991 жылыдң 8-ші. желтоқсан айында СССР ресми түрде ыдырады.
Әдебиеттер:
Н/ә: 4, 187-189; 5, 115-118. Қ/ә: 8,153-163.
Бақылау сұрақтары:
1. Ең алғаш Орыс мемлекеті қай қалады орын тепті?
2. Орыстың ең алғашқы княздары кім болды?
3. Удельдік княздар деген кімдер, олардың мәртебесі қандай болдды
4. 1905 ж. революцияның кейінгі зардабы қандай саси зардабы туындады?
5. Қазан төңкерісін басқарушы және қозғалушы күштері кімдередн тұрды?
6. СССР одағының құлауына қандай себептер болды?
№ 14 ДӘРIС
Тақырып: ХІХ-ХХ ғасырлардағы Жапония мемлекеті мен құқығының