Ж.(1789) Конституция.

АҚШ Конституцясы 1787 жылы қабылданып, ол сол кезден бастап қазәргі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Содан бері осы конституцияға тек 27 өзгерістер ғана енгізілді. 1787 жылғы Конституция. Жапай халық қозғалысы барлық жағынан айқындалып, ол тек ортақ өкiметтiң әлсiздiгiн ғана емес, сондай-ақ оған төнген қауiптi де көрсеттi.

1787ж Конституция штаттағы одақты күшейтiп, тиiмдi федералдық үкiметтi құруға тиiс деген.

Конвентке қатысушылардың қарастырған барлық проблемалары үлкен дискуссияның тақырыбы болып табылды.

Азаматтардың бостандығы мен құқығы жөнiнде дербес бөлiм жоқ болғанмен, кейбiр конституциялық кепiлдiктер белгiленген заңның қарсы күшiн тоқтату және жазасыз сот, қылмыстық iстегi машықтанған соттың кепiлдiгi, мемлекетке опасыздық жасау туралы түсiнiкке шек қойылды.

Мемлекеттiк лауазымға қояр алдында оның дiнмен байланысына, сенiмiне тыйым салынды.

Конституция АҚШ-тың барлық аумағында буржуазиялық- демократиялық құрлысты бекiттi. Халық атынан ресми түрде дворянның лауазымы мен атағы өзгертiлдi, состовиелiк жеңiлдiктер жойылып, өкiлдiк басқарма принциптерiн дәйектi түрде жүргiздi, билiктiң тепе-теңдiгiмен бөлiнуi, шататтың бұлжымас одағы тиiмдi федералдық заң шаруашылығымен қамтамасыз етiлдi.

Конституция билік тізбектерін айқындады, атап айтқанда:

1.Заңшығарушылық билігі-ол.., парламент- Конгресс болды, ол екі палатадан тұрды: а) Сенат палатасы –ол, 6 жылыға сайланды, әр 2-кі жылда үшінші мерзімге жаңартылып тұрды; Сенат төрағасы вице-президент болды;

б) Өкілдіктер палатасы- депутаттары 2-кі жылға сайланатын болды. Осы палатаның төрағасы спикер деп аталады.

2.Атқарушылық билігі-ол, АҚШ атару биліктің міндеті президентке жүктелген, президентел басы және Үкімет басшысы болып табылады. АҚШ Президенті 4-жылға сайланады.

3.Сот билігі-ол, АҚШ сот билігі Жоғарғы сотқа жүктелген. Сот билігінің құрамы мынадан тұрады: федералдық сот; штаттың соттары; жергілікті соттар. Федералдық сотты Жоғарғы сот басшылық етеді, оның құрамында: аудандық және округтік (апеляциялық) соттардан тұрады. Барлық федерелдық соттың судьяларын сенат палатасының келісімімен президент тағайындайды.

Кейбір маңызыд істер жөнінде алқалы сот- присяжныйлары енгізілген.

3. Ф.Д.Рузвельттің мемлекеттік реформалары.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ экономикалық жағдайы дүниежүзілік деңгеде салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Бірақ 1929-1933 жылдарда каписталистік мемлекеттерде экономикалық дағдарыстың пйада болуының нәтижесінде АҚШ- да осы дағдарыстырға тап болды.

Оның нәтижесі мынадай зардапқа келтірді:

-өндіріс көлемдерінің қысқатылуы- АҚШ өнеркәсіп өндірісі 56% дейін төмендеді;

-қаржы жүйесі нашарлады- ұлттық кірістер 48% дейін қысқартылды;

-өндірістік, сауда және қаржы фирмалары банкротқа және тапшылыққы ұшырады- 40% банктер банкротқа тап болды;

-жаппай жұмыссыздық пайда болды- 17 миллион адм жұмыссыз болды. Мемлекетте осындай дағдарыстың нәтижесі таптар арасындағы қайшылықтар пайда болып, жұмысшылар табының ереулдік минтингке баскөтеру әрекеттері жиы-жиы болып жатты. Президент Г.Гувердің үкіметі монополияны қолдауға бірнеше әрекеттер жасап көрді бірақ ештеңе өнбеді. 1932 жылы келесі банкроттық әрекет ішкі саясатқа келіп тірелді. Оның нәтижесі кезекті президенттік сайлау кезінде демократтар партиясының кандидаты Ф.Д.Рузвельт жеңіске жетті. Ф.Д.Рузвельт өзінің жаңа бағдарламасымен ашық жариялады. Осы дағдарыстан шығу үшін «Жаңа курс» деген бағдаралмасын ұсынды. Бұл бағдаралама мерзімі-1933-1938 аралығна арналып, экономикалық маңызы бар мына ұсыныстарды жасау қажет болды:

-Банк қызметі туралы заңды қабылдау;

-Бағалы қағаздардың орлымы туралы Заңын қабылдау;

-Өндірісті қалпына келтіру туралы заңды қабылдау;

-Ауылшаруашылыған ретке келтіру Заңды қабылдау;

-Еңбектік қатынастар туралы Заңды қабылдау; (Вагнер заңын).

-Жұмыссыздарға әлеуметтік қаупсіздендіру және көмек беру туралы Заңды

қабылдау;

-Әділетті негізде жұмысшылар күшін жалдау туралы Заңды қабылдау.

 

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 233-251; 3, 110-116. Қ/ә: 7,151-158.

Бақылау сұрақтары:

1. АҚШ Тәуелсiздiгi үшiн күрес кiмдерге қарсы жүргiзiлдi?

2. АҚШ штаттардың құқытық мәртебесi қандай болды?

3. “Жаңа курстың” негiзiн қалаушы кiм болды?

4. Ең алғаш кезінде АҚШ неше штаттан тұрды және мәртебесі қандай болды?

5. АҚШ-тың егемендігін Ұлыбритания қай жылы ресми нысанда таныды?

 

№ 11 ДӘРIС

Тақырып: Францияның мемлекет және құқығының дамуы.

Сабақтың мақсаты:Францияның мемлекет және құқығының дамуы туралы

оқып танысу.

Жоспар:

1.Ұлы Француз революциясы және оның мемлекеттік-құқықтық маңызы.

2.Франциядағы азаматтық кодекс.

3.Екінші республика және оның заңамада және 1848 ж. Конституцияда

рәсімделуі.

 

1. Ұлы Француз революциясы және оның мемлекеттік-

құқықтық маңызы.

Францияда абсолюттік- феодалдық құрлысына шешуші күйретте соққы берген ол, Ұлы Француз революциясы болды (1789-1794 жж.). Бұл революциясының әлеуметтік- саяси мақсаты-ол, конституциялық тәртіпті орнату және жаңа демократиялық қағидадан тұратын мемлекеттік билікті ұйымдастыру болды. Осы ХҮІІІ ғас. Француз революциясы, бүкіл әлем аумағында, жаңа саяси-ой толғаудың, жаңа мемлекет құрастыру жолдарын, болашақта өмірдің жақсарту жолдар бар екендігі туралы үміт әкелді және жаңадан күш-жігер тудырды.

1789-1794 ж.Революция әрекеті заңды түрде пайда болған әлеуметтік-саяси сілкінісі болды. Үзақ уақт бойы үнемі дағдарыс құрсауынан шықпай клеген және болашақты көксеген халыққа жол ашылды. Революцияның болуына мындай себептер болды:

- мемлекет билігі жалпы халықтың мүддесіне ешқандай көңіл бөлмеді;

-ортағасырдағы артықшылығы бар сословие құрамдарын қорғады;

-жерге деген құқықтары бар дворяндардың мүддесін қорғады;

-цехтық құрлысты қолдады;

-сауда монополиясын орнатты және т.б.

1789 ж.,26-тамызда Революциялық бағдарламасының «Адам және азаматтың құқығы» деген құжат қабылданды. Декларацияда демократиялық халықтың егемендігі туралы билікті орнату қажет екендігі айтылды. Адамның табиғи құқығы ешқашанда айрылмауы керек және билік тізбегінің бөліну қағидасы айтылған. Декларацияның 1-ші бабында: «Адамдар турады және еркін тең құқыта болып қалуы керек» деген. Адамның табиғи және айрылмас құқығы туралы Декларацияның 2-ші бабында жарияланған, атап айтқанда:

-бостандығы; мүлкі; қаупсіздігі; үстемдікке қарсылық көрсету. Декларацияның 4,7,9,10 және 11-баптарында бостандық-ол дегеніміз бәрінде жасауға болдады тек басқа біреуге зиян келтірмеу арқылы, еркіндік ар-намсты сақтау, өз еркімен дінге табынушылық, сөйлеу және баспасөз. 9-бапта: айыпкердің кінәсіздік презумциясы айтылған. Қылмыс жасағаны үшін ұсталған, күдікті адмам және айыпкер заңды негізде дәлелденбейінше кінәсіз деп есептеледі. Осы аталған декларацияның негізінде Құрылтай жиналысыконституцияны қалыптастыру жұмысына кірісті.

2.Франциядағы азаматтық кодекс.

Францияның азаматтық кодексі 1804 жылы, ал кейіннен 1807 жылдан бастап Напалеон кодексі деп аталды. Бұл кодексте азаматтық құқықтың субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды таныды. Құқықтық көлемі жағынан салыстырғанда заңдылық қағидасының тепе-теңдікті сақтады. Жеке меншік құқық баптарының мазмұны революциялық заңдары көрстелді және рим құқығынан да алынды. Кодексте құқытың субъектісіне байланысты меншіктер мына түрлерге бөлінді:

-жеке бастың (жекелік);

-мемлекеттік (қоғамдық иелігі);

-қауымдық (коммуналдық).

Напалеон кодексінде меншік құқығынан басқа, өзге де заттық құқықтар туралы айтылған, атап айтқанда: бөтен біреудің мүлкіне құқылы болу (узуфрукт, бөтен біреудің үйінде тұру, сервитут, кепілпұл құқығы) иелік ету, затты ұстау.

Осы кодексте мәміле жасау кезде адамдар арасындағы артықшылықтарды, руылық арасындағы айырмашылықтарды ескеруге тиым салды Жылжымайтын мүліктерді айырбас жасауға рұқсат берді.

Наполеон кодексіне сәйкес «шарт» дегеніміз-ол, келісім болып табылады,екі немесе бірнеше адамдар арасында өзара келісу арқылы жасалатын мәмілені айтады, шарттың пәні-ол, міндеттеменің пәні болады.

Шарттыққатынастардажасалатын қағидалар мынадан тұрады:

- тараптадың міндеттемені қабылдай отырып келісімге келуі;

-шарттың жойылмастық қағидасы.

Осы кодексте шарттың мынадай түрлерін көрсетеді:

-сыйға тарту шарты;

-айырбастау шарты;

-сатып алу, сату шарты;

-жалдау шарты.

Наполеон кодексінде неке туралы мәселе қарастырылған: «неке»- ол, шарт ретінде жасалатын мәміленің бір түрі деп аталады. Некеге тұру үшін мына шарттарды орындау қажет болады:

-ерлі-зайыпталардың өзара келісімі болуы керек (кәдімгі кез-келген шарт секілді- тараптардың өзара келісім беру қағидасы негізінде);

-некелік жастың болуы (еркектер-18 жасқа, ал әйелдер-15 жастқа келуі керек);

-басқа некелікте тұрмауы керек;

-некеге тұру жасына келмегендер үшін ата-аналарының келісімі болуы керек (жігіт-25 жасқа, қыз-21 жасқа дейінгі);

-туысқандық байланыста болатындарға некеге тұруға тиым салынды.

Некелік қатынаста күйеу үнемі қамқорлық, қолдау және қамыту жасайтын болды, ал әйел тек күйеуіне бағынышты болды. Мұрагерлік құқығы: заң бойынша және өсиет бойынша. Өсиет бойынша мұрегерлік көлемі шектелді. Егерде өлген адамнан бір бала қалса, онда өсиет алған адам тек жаты мүлкіне ие болуға құқылы, ал екі бала қалса, онда ол тек 4/1 бөлігіне ие болды. Ал егер балалары болмаған жағдайда онда өсиет алушы мұра қалдырушының тек ¾ бөлігіне ие болды. Заң бойынша мұрагерлік құқыққа ие болуға 12-аталық туыстық байланысқа дейінгі туыстары құқылы болды. 1917 жылы бұл туыстық шеңбері 6-атаға дейін қысқартылды.

 

3. Екінші республика және оның заңнамада және 1848 ж.

Конституцияда рәсімделуі.

1814-1847 жылға дейінгі аралықта, Францияда монархияны қайта келтіру әрекеттерінің нәтижесіэкономикалық , сауда-өндірістік және қаржылық дағдарыстарына әкеліп соқтырды. 1848 жылдың қысында Париж тұрғындары қарулы көтеріліске шықты. Көтеріліс жасауға негізгі итерме-себеп болған-ол, бейбіт халықтарды демонстрация шеруіне шыққаны үшін оқтың астына алды, халықтың талабы елдегі экономикалық жағдайды жақсарту болды. Көтерілісшілер астананың негізгі стратегиялық объетілерін өз қолдарына алды. Кророль Луи-Филип тақтан бас тартты. Уақытша үкімет либерелдық-демократиялық оппозициялар құрамынан қалыптасып, 1848 жылыдң 25-ақпанда Франция «Республика» деп жария етілді.

Мындай декреттер жарияланды:

-тікелей жалпыхалықтық уақытша сайлау құқығын енгізу туралы - тек

еркетерге;

-еңбекке деген құқықты бекіту туралы;

- еңбекті ұйымдастыру кепілдігі туралы- барлығын еңбекпен қамтамасыз ету, Парижде жұмыс күніндегі уақытты бір сағатқа қысқарту. 1848 жылдың көктемінде Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді, бұл жиналыста конституцияны қабылдау мәселесі қаойылды. Жиналғандардың көбісі ірі буржуазия тарапынан,жер иелері, генерелдар және жоғарға діни қауымынан болды.

1848 жылғы Конституция мемлекеттік құрлыстың мынадай қағидаларын орнықтырды:

-республикалық нысанда басқаруды;

-билік тізбегінің бөлінуі;

-өкілеттік құқығын.

Жоғарғы заңшығару билігіне Ұлттық жиналыс болды.

Бұл ұйымға ерекше құқық берілді ,атап айтқанда: заңды қабылдау,бюджетті қабылдау, соғыс және бейбіт келісу мәселесін, сауда шарттарын бекіту және т.б. Ұлттық жиналыстың депутаттары 3-жылға сайланды.

Жоғарғы атқару биліктің басшысы болып Президент жарияланды. Президентке: армия, полиция, әкімшілік аппаратары тікелей бағынды. Президент парламенттен тәуелсіз боды, ол 4-жылға бүкіл халып болып тікелейсайланды. Президенткең шеңбердегі өкілдік құқығына ие болды:

-заңжобасына өзгерістер мен толықтыру енгізуге;

-бас тарту туралы ветоны қоюға;

-кешірімділік жасауға және т.б.

Сонымен қатар Президент әскери қолбасшыларды және басқа да жоғарғы лауазымды тұлғаларды тағайындауға және одан босатуға құылы боды. Президент екінші мерзімге сайлануға және Ұлттық жиналысты таратуға құқығы болмады. Конституцияда «Мемлекеттік Кеңес» органын бекіту мәселесін көрсеткен. Мемлекеттік Кеңес Ұлттық жиналыстың шешімімен 6-жылға тағайындалды. Оның міндеті әкімшіліктің жұмысына бақылау жүргізу болды.

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 255-262; 3, 132-139. Қ/ә: 7,177-182.

Бақылау сұрақтары:

1. Француз революциясының болу ына қандай негіздер болды?

2. Революция қандай маңызды құжатты қабылдады?

3. Напалеон кодексінің ерекшелігі неден тұрды?

4. Екінші республиканың прайда болуына қандай себептер болды?

5.Заң шығару органы қалай аталды және депутаттар мерзімі қандай?

 

№ 12 ДӘРIС

Тақырып: ХІХ-ХХ ғасыр-да Германияда мемлекет және құқықтың