Ежелгі Араб мемлекеттері.

Араб халиыатының мемлекетi және оның құқығының тарихын оқып үйрену маңызды. Мұсылман құқығының принциптерi бүгiнгi саяси өмiрде кнеңiнен қолданылады. Кейбiр кездерде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуi де мүмкiн. Мұсылман құқығы өте кең тарағн және сақтайтын елдерге жататындар: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкiстан, Ирак т.б.жатады.

Қоғамдық өмiрде жалғыз ғана реттушi заң ретiнде шариғатты ұзақ мерзiмге орнықтыруға бiрнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдерiндегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы исламдiнi жетекшiлiк еттi және оның батыс дiндерден елеулi айырмашылығы болды. Феодализм дәуiрiнен берi қарай ислам дiнi мыңдаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындақ болды.

Айтарлықтай маңызыд орын алатын жағдайдың бiрi- мешiт ұзақ бойы дiни орын ретiнде қызмет еттi. Онымен қатар шариғаттың тiркеген әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделiктi тұтынатын ислам қағидалары дiни құқық болып қалыптасқан.

Арабтар жаулап алу кезiндегi шариғат шарттары құқық ретiнде Егшипет,Сирия, Мессопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдерiнде қабылданған. Адат шариғаттың, шариғат адаттың сақталуына мүмкiндiк туғызып отырған Яғни бiр-бiрiне көмегi тиетiн болды деп айтуға болады.

Ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен дiни үкiметi бiр адамның (халифаттың,сұлтанның, әмiрдiң) қолында болып келдi.

Араб халифатының пайда болуы. УI-УII ғ.Аравиядағы әлеуметтiк қатнастар Мұхаммед нанымының қарсаңында өте күрделi жағдайда болды. Рулық қарым-қатынастарының арасында (отбасы мүшелерiмен рулық байланыс,кек алу салты, жердi иелену) ру ақсақалдарының бөлiнiп шығу кезеңi жүрiп жатты.

Орта ғасырлардағы шығыс үшiн Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқытық жүй Мұсылман құқығы-“Шариғат” болып табылды. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыста, Батыс және Солтүстiк Африкада, Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Азияда қолданылы бастады. Яғни халифат жеткен жерге дейiнгi аралықты қамтыды.

Мұсылман құқығы дiн ретiнде феодалдық қатынастардың дамуына және нығайуына мүмкiндiк туғызды.

Мұсылман құқығының әдебиеттегi бағасы әртүрлi сипатта, кейде тiптi қарама-қарсы мағынада қолданды. Француз ғалымы Давид Ренге мұсылман құқығың дүниежүзiлiк құқық жүйесiнде алатын орнын анықтап бердi. Давид Рене мыналарды бөлiп көрсеттi: романдық-гераманиялық құқытың отбасы, ортақ немесе роман- германиялық отбасы, социалистiк құқытық отбасы жүйесi, дiни жүйелерi. Дiни жүйелер кезеңiнде үшке бөлiнедi: мүсылмандық, иудаизм және индуизм.

Мұсылмандық құқығы мен мемлекеттiң арақатынасының өзiндiк ерекшелiгi бар. Шариғаттың барлық нормалары құран мен суннадан шығады. Олардың құдайдың құдiретiнен тыс болуы және принциптi түрде қоолданылуы мүмкiн емес. Алайда, мемлекет дiн сенiмiнiң негiзi және дiни мiндеттердiң орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгiзедi.

Мұсылман мемлекеттерiнiң заң шығаратын формальды түпнұсқалары халифатың алғашқы қалыптасу кезеңдерiнде ғана қолданды. (УII-УIIғ). Мұсылман құқығының ерекшелiгi-оның доктриналығы, құқықтанушы беделдi оқымыстылардың еңбектерiнен тұрды. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзiнiң рөлiн жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығығның доктриналығымен және өнегелiгiмен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшiлiк және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсiз болып келедi. Өзiнiғң еңбегiнде Р.Шарль мынаный айтты: “Мұсылман ойының бағыты- ол қатаң тәртiп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелдi болмау”,деген.

Мұсылман құқығы –дiн мен құқытың сабақтасуының жарқын көрнiсi. Мұсылман құқцығы ғылымның жеке ғана саласы емес, ол ислам iлiмiнiң бiр ғана жағы. Бұл дiн мынадан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы,мiне,мұсылмандар осы ұғымға сенуi керек: шариғат-адамгершiлiк жолы. Мұсылманқұқығына жалпы сипаттама бере тұра оның шығу көзерiн дей айта кету қажет болады. Сонымен мұсылман құқығынаың шығу көзерi неден тұрады?

2. Мұхаммед-жалпы араб мемлекеттілігінің негізін қалаушы.

Жерорта теңізі аумағындағы мемлекеттердің ішіндегі ең дамыған және қуатты мемлекет ол Араб халифаты болды,пал оның негізін қалаушы Мұхаммед Пайғамбардың атымен тікелей байланысты екені әлемге мәлім. Мұхамммедтің шщығу тегі ол Мекке қаласында дүниеге келді (570-632 ж). Мұхаммедтің еңбек етуі ол көпестік қызметті және керуен басшылық қызметін атқарды. Мұхамммед 40-жасында құдай Алламен кездескен соң діни уағызын жедел жүргізді және ол өз сөзінде: «Алла бар» одан басқа құдай жоқ» , «ал Мұхаммед оның елшісі» деп әлемге жар салды. Мұхаммед 640 жылы өзінің төңірегіне көптеген хылқтардан қолдау тапқан соң Меккеге оралды. Міне осыдан бастап ислам діні деген дүниеге келді. Ал ислам дініннің көптеген оқулық құжаттары шыға бастады. Ол туралы мына төменде көрсетлген қасиетті кітаптарды айтуға болады, атап айтқанда:

1).Құран- ислам дiнiнiң бас кiтабы.

2).Сунна- құдайға байланысты дәстүрлер.

3).Иджмак- мұсылман қоғамының бiртұтас келiсiмi.

4).Қияс- аналогиялық пiкiрлер.

Құран – Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жiберген қасиеттi кiтабы. Бiрақ ол құқы кiтабы немесе кодекс емес.

Сунна-Пайғамбардың тұрмыс- тiршiлiгi жөнiнде дiни нанымдағыларды қалай басқару керектiгi туралы әңгiмелейдi. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жиынтығы. Бұл Мұхаммедтiң қағидаларының бiр тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледi.

Иджма-докторлардың өзара келiсiмiнен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды. Ижджма Еуропа салтына жатпайды.

3. Отбасы құқығы. Мұрагерлік құқық, Қылмыстық құқық.

Отбасы құқығы:Неке мәселесі жөнінде шариғат талабы бойынша –ол, әр мұсылманның діни міндеттілігі болып есептелді. Некеге тұру үшін міндетті түрде екі жақтың келісімі болуы керек сонымен қатар қалыңдықтың да. Қалыңдық үшін некеге тұру келісімін беруге ата-аналары құқылы болды, сол себептен неке –ол, кезде сауда секілді жасалатын мәміле ретнде болды. Құран ережесі бойынша мұсылман еркегіне бірден төрт әйелге ие болуға рұқсат беріледі. Күйеуі әрбір әйеліне мүлікпен, баспанамен, киім-кешекпен өзінің әлеуметтік деңгейіне сай қажеттермен қамтамасыз етуге міндетті болады. Әйел ешқандай мүліктік айналымдар істеріне араласпады, өз бетінше ешқандай мәміле жасамады, ол тек үй шаруашылығымен және бала тәрбиелеу мәселесімен айналысатын болды. Некен бұзу, ажырасу-ол бірнеше түрден тұрды. Күйеу әйелімен натық себептер бойынша немесе ешқандай себепсіз ажырасуға құқылы болды. Әйел, сот арқылы нақы орнатылған қатаң негіздер бойынша ажырасуды талап етуге құқылы болды.

Мұрагерлік құқық:Мұрагерлік құқығында заң бойынша және өсиет бойынша ие болуға құқылы болды.

Заң бойынша мұрагерлікке ие болу кезінде мынадай тәртіп болды: Қайтыс болған адамның оны жерлеуге және басқа да рәсімдеуге шығарылған шығыстарды төлеу және оның бұрынғы қарыздарын төлеу кере болды. Содан соң қалған мүліктер оның заң бойынша мұрегеріне өтетін болды. Мүлікті бөлу тәртібі былай болды: ең алдымен бірінші ширет бойынша өлген адамның балалары, одан кейін оның інілері, ағалары т.б. Әйелге деген мұрагерлік мүліктің мөлшері еркетен көрі екі есе аз болды. Мұрагелік құқыққа ие болуға мына адмдардың құқытары болмады:

-діннен безгендер; ажырсқан ерлі-зайыптылар; мұраберушіні өлтірген адам немесе өлуіне себеп болған адамдар.

Өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың мынадй ерекше сипаттары болды:

-өсиет, заң бойынша мұрагерлікке ие болушының пайдасына жасалуы мүмкін

емес болды;

-өсиет, өсиет қалдырушының жалпы мүлкінің үш бөлігінен аспауы керек

болды;

-өсиетті жазар кезінде екі куәгердің қатысуы міндетті болды.

Қылмыстық құқық: Мұсылман құқығы бойынша барлық қылмыстың түрлері үш топқа жіктелді. Олар мына топтан тұрды:

1-топқа: Діни негізіне және мемлекетке қарсы бағытталған қылмыстар, оған кіретіндер: біріншіден -ислам дінінен бас тарқандар; бүлікшілік жасағандар, мемлекет билігіне қарсылық көрсеткендер, ұрлық жасағандар, алкогольдік ішімдіктерін ішкендер, зайыб сенімін бұзғаныдар (ашыналық жасағандар). Осы аталған қылмыс тобы ешқандай құрметтеуге жол берілмеді және бұл қылмыстарды жасағандарға өлім жазасы жиы-жиы қолданылды.

2-топқа: Кейбір жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар: Бұл қылмыстарға көбінесе және ненгізінде қанды кек алу, кек алу қағидаты бойынша бағытталған болды. Осы үшін жауапты болды.

3-топқа: Қатаң түрде жазаны талап ету шарты орнатылмаған, құқық бұзушылық фактілері.

Жазаның қай түрін салу (қолдану), оны тек сотайқындады.

Жазаның мынадай түрлері болды:

-өлім жазасына кесу- (әр түрлі әлдіс-тәсілдері бойынша);

-денемүшесіне зақым келтіру және денеге жарақат сау жазасы;

-бас бостандығынан айыру (түрмеге қамау, үйде тұтқында болу; мешітке

отырғызу);

-мүліктік санкциясы (тәркілеу, айыппұл);

-жер аудару және т.б.

Соттық іс жүргізу мақсаты тек айыптау сипатында ғана болды. Сот мына қағидадан тұрды: сот мәжілісі үзілмеді; сот шешімін тек судя даралық негізде шешім қабылдады; сот отырысы қылмыстық және азаматтық түріне бөлінбеді.

Қылмыстық істі тек тиісті тұлғаладың талабы бойынша қозғалды, мелмекеттік оргадар өздері қозғамады.

Негізгі дәлел ретінде: тараптадың мойындауы, куәларадың беген жауабы, ант

беру.

4. Жеке мұрагерлік жер иелік: Мүлік, Икта, Вакуф.

Жеке мұрагерлік жер иелігі дегеніміз-ол, заңды түрде ие болған мұрагерге қайтыс болған адамның жер аумағы және сол жер аумакғында орналасқан басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер өтетін болды. Мүлік-ол, жеке немесе мемлекет органдарында орнакласқан жылымалы және жылжымайтын мүлікті айтады. Мүлік екі түрде бөлінеді:

1.Жылжымайтын мүліктер:

-құрлыс қондырғылары;

-үйлер, ғимараттар, сарайлар т.б.;

-жерлер, жер аумағы;

-су, орман, қорықтар, таулар.

2-Жылжымалы мүліктер:

-малдар;

-техникалық жабдықтар;

-арба, соқа, тырма, құрал-сайимандар;

-ұй заттары, жиhаздар, киім-кешектер, бағалы тағымдар.

Икта- дегеніміз-ол, соғыс кезінде жаулап алған, басып алған жерлерді немесе жер аумақтарының бөлігін мемлекеттік қызмет органдарына және әскер құрамына берілетін жер бөлігін айтады. Мысалы, фашистік Германия 1945 жылы тізе бүгуіне байланысты біздің елге келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін «Кингсберг» (қазіргі Калининград) қаласын берді.

Вакуф(вәкф)-дегеніміз- ол, мұсылман қауымында, қайырымдылық жасаушы адам, өзінің жылжымалы мүлкін қайырымдылық көмек ретінде мешітке, мұсылман мектебіне, медіресіге, жетім балалар үйіне тарту ретінде берілген сый-сыйапатты айтады. Вакуфты сыйға берген адм оны басқару құқығын өзінеде сақтауға қалдырды. Вакуфтың пайдасы сол- өйткені ол мемлекеттік салықтан босатылатын болды. Вакуфтың бір бөлігін мүлік иесі өзіне сақтайтын болды, оны кейіненен өзінің туған- туысқанына беруге құқылы болды.

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 211-213; 3, 78-84. Қ/ә: 7,89-95.

Бақылау сұрақтары:

1.Араб елі қалай және қандай жағдайда пайда болды?

2. Мұхаммет Пайғамбардың Ислам дінін ашудағы еңбегі қандай?

3. Халифат дегені кімдер және оның билігі қандай?

4. «Икта» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

5. «Вакуф» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

 

№ 8 ДӘРIС

Тақырып: Қытайдың феодалды мемлекеті мен құқығы. Жапонияның

феодалды мемлекеті мен құқығы.

Сабақтың мақсаты:Қытайдың феодалды мемлекеті мен құқығы.

Жапонияның феодалды мемлекеті мен құқығы

туралды оқып танысу.

Жоспар:

1. Қытайдағы ортағасырлық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен оның

дамуының негізгі кезеңдері.

2.Тан династиясының кодексі (653ж), (963 ж).

3. Ру-тайпалық құрлыстың ыдырауы және мемлекеттің

пайда болуы.

4. «Тайхоре» заң жинағы (702-718).

 

1. Қытайдағы ортағасырлық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен

оның дамуының негізгі кезеңдері.

Б.э.1-ші ғасырларында Қытайдың толық федолдық таптық қатынастың орнатылғаны бекітілді.Оған дәлел ретінде федролдың жерег деген иелігі түкпілікті орнығып, толық иегер екендігі байқалды. Сол кезеңде Қытайда үш патшалық (Вэй, Шу және У) үнемі, өзара күес жүргізудің нәтижесінде ІІІ ғас. тоқталып, елдер қысқа мерзімге дейін бірігіп, Батыс Цзинь әулеті билдігінің қол астына көшті. Бірақ бұл империяны 316 жылдың соңында Солтүстік Қытайға баса көктеп кіргеген көшпенді халықтары жойып жіберді. Қытайдың оңтүстігінде Цзинь әулеті өз патшалықын қалыптастырып, кейіннен Шығыстық Цзинь (317-420 ж) деген атқа ие болды. Ал Қытайдың солтүстігінде ІҮ ғас таман сяньбилер тайпалары өз үсмтемдігін орнатып, оның басшылық және үстемдік етуші Тоба Вэй әулеттер билік басына келді. ІҮ –ғас. соңына дейін оңтүстік және солтүстік патшалық аралығанда соғыс қақтығыстары болып тұрды, одан әрі патшалық ішінде де өзаралық қақтығастар болды.

ІҮ ғас екінші жартысында әскериқолбасшы Ян Цзянь Суй әулетінің негізін қалаушы 589 жылы Солтүстік және Оңтүстік Қытайды біріктірді. Осы аталған әулеттің өкілдері біртұтас державаны орнатуға бар ынталарын салды. Суй әулетінің билігінің нәтижесінде ұзаққа созылған соғыстар, сонымен қатар Қытай аумағында құрлыс жұмыстары қызу жүріп жаты кандалар, сарайлар және басқа да құрлыс объектілері салына бастады. Осындай іс-әрекеттер нәтижесінде шығымдар да көп болды. Оның нәтижесі халықтың бас көтеруіне әкеліп соқтырған соң 618 жылғы халық көтерілісінің нәтижесі билік басына Тан әуелеті келді.

2.Тан династиясының кодексі (653ж), (963 ж).

Ортағасырылық Қытай мемлекетінің ерекше және жалпыға бірдей заңшығарушылық мәселесі, паташлық биліктегі әулеттердің заң жинағынан тұрды. 1647 жылы манчжуриялық бай-шонжарладың және судьялардың ықпалымен кодекс құрастыралды, бұл кодексте көбіне Мин әулетінің шығармашылығынан алынған болды. Бірақ бұл орын таппады. Кейін келе нағыз талқыланған және тәжірибелік тексеруден өткен және ортағасырдың алғашқы кезеңінен бастап ретке келтірілген Тан әулетінің заңы (618-907 ж.) болды.

Тандық кодексі («Тан люй шу и»). Бірінші және ірі көлемді заң жинағы ретінде Тандық қылымыс кодексі болды. Бұл кодексте комментариялық түсінігі берілді. Осы аталған колдекс ол тек практикаға ғана колайлы емес сонымен қатар әрбір қылымыс фактісіне нақты түсініктеме берілді. Тан кодексін құрастыру жұмысы 653 жылы аяқталды , ал оның жариялануы 737 жасалды. Тан кодексінде өзінің ата-аналарыңа, бірінші және екінші сатыдағы туған-туысқандарына сыртынан құпия, арыз-шағым беруге тиым салады. Тан кодексі мына құрлымнан тұрады: 502- бап 30-тараудан (цзюаннан) тұрды, ол, 12-тақыптарға бөлінді. Әрбір тақаратар мына мәселелерді реттеді:

1.Жазаның мөлшері және заңды қолданудың қағидалары;

2.Тиым салынға жерді күзету;

3.Шенеуниктің лауазумдық міндеті және оны орындаудың ережесі;

4.Үйшруашылығы және неке қию мәселесі;

5. Мемлекеттік атқора және бидай сақтау қоймасы;

6. Әкімшіліктің өз бетінше іс-әрекеті;

7. Тонау және ұрылық;

8. Төбелес және ауыртпалық;

9.Алааяқтық және жалғандық;

10. Заңдылықты орнатудағы әр-түрлі жазалау шаралары;

11. Ұстау және қашу;

12. Соттық өндірістер және түрмеде ұстау.

Ежелгі Қытайда «Хань» тұсында моральдық жағынан ұятқа келтіру жазаның бірі «Жеңіл таяқпен ұру» деген. Ол жеңіл таяқ бамбук болды. Оның мақсаты: «Ұру-ол , жаза ретінде және ақылға келтіретін іс-әрекетті айтады» деген. Тан таяғы итмұрын шыбығынан даярланды.

3. Ру-тайпалық құрлыстың ыдырауы және

мемлекеттің пайда болуы.

ІІІ-ші ғас. Жапонияда алғашқы қауымдық құрлыстың ыдрау кезеңі басталып, оның нәтижесі таптық қоғамға өтіп, мемлекеттің пайда болуына әкелді. (О.А.Жидкова.1988,320С.). Рулардың ішінде мүлік-теңсіздік, қырықсы-қақтығыстар, аристократтар, рулық ақ сүйектері пайда болудың нәтижесінде бытыраңқылыққа әкелді. Құлдық жұмыс күштері кеңінен таралып, ол ақсүйектердің тұрмыс жағдайын нығайтты.

ІҮ ғас. Жапонияда тайпалық одағы қалыптасты, ал Ү ғас. тайпа одағының көсемі Ямато елдің көп жерін өзінің қол астына біріктірді. Жақсы және құнарлы жер аумақтары рулық аристокартиялары өздерін алып қойды.

Жапонияда таптық қоғамның және мемлекеттің қалыптасуына байланысты үлкен әсерін тигізген рулық қауым арасындағы ұзаққа созылған қақтығыстар болды, оның мақсаттары жоғарғы «тайпалық одақ» билігіне ие болу болды. Осындай күестің нәтижесі 654 жылы Тайака жетекшілігімен тайпалық-одақ билік басына келіп жеңіске жетті, бұл төңкеріс «Тайка төңкерісі» деп аталды. Кейіннен бұл «Үлкен өзгерістер» деп аталды. Содан соң 645-656 ж. көптеген бірнеше реформалар жүргізілді, ол «Тайка реформасы» деп аталды. Жекенің қолында болған жер аумағы және сондағы жұмысшыларымен бірге алынып, ол мемлекеттік деп жарияланды. Жер аумақтары шаруаларға үйлестірілді. Мемлекет жердің меншік иесі ретінде шаруалардан үш міндетті талап етті: шаруа жер рентасын төлеу, азық мөлшерін тапсыру, нақты кәсіпке салық төлеу, осы үш міндет артылды.

4. «Тайхоре» заң жинағы (702-718).

701 жылы император Момму тұсында «Тайхо рицуре» деген жаңа кодексін құрастыру бастады. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрды. Шынында бұл екі кодекстен түрды, ол былай аталды: 1. «Тайхо рe»; 2. «Тайхо рицу». Осы айтлған әрбір әріп-сөз мынадай түсініктеме береді: термин «ре»-ол, жалпы мемлекеттік құрлысы, конституциялық және әкімшілік маңыздағы мағынасын білдіреді. Ал келесі «рицу»-ол, жазалау туралы және соттық шешім туралы айтылды. (Толстогузов А.А. «Очерки истории Японии ҮІІ-ҮІҮ в.,М.,1995»).

«Тайхо ре» заң жинағында: 30-заңды түрде орнатылған талаптардың реттелу ережесі туралы айтылған, атап айтқанда:

-кең шеңберде салық және еңбетік міндетті атқару туралы айтылған;

-лауазымды тұлғалардың міндеттері туралы айтылған;

- қоғамдық қатынастардағы жалпы тәртіпті сақтау туралы ұсыныстар;

-мемлекет басшысының және халықтың қоғамдық міндетті әділ түрде сақтауды

және жүзеге асыру туралы айтылады;

-дәстүрлік әдет-ғұрыпты, моральдық- этностық талапты сақтау туралы

айтылады.

«Тайхо рицу» заң жинағында: басқарушылық және соттық мәселесі жөнніде ерекше көңіл бөлінген. Қылмыстың түрі жіне оған қолданатын жазаның түрі туралы айтылған. Мемлекеттік құпияны жария еткені үшін каторгаға жіберілді.

Жеткізген хабардың маңызы өте аз болса немесе тікелей қатысы болмай тек жанама болса, онда сол хабаршыға жаза ретінде 60 таяқ-дүре соғылатын болды. Шенеуниктер қызметке ешқандай себепсіз келмегені үшін дүре соғылатын болды, ал әрбір күнге-20 дүре соғылды, мыслы: 5 күн х 20=100 дүре.

Егерде шенеуник мемлекет басшысынапетицияны немесе құжатты жазған кезде қателік жібергені үшін 50-дүре соғылатын болды. Тиым салынған әдебиеттерді оқығаны үшін қатаң жазаға тартылатын болды. Оның ішінде: (Астраномия туралы, әскери өнер туралы, ауладағы 7-ті күндік күнтізбе туралы, балгерлік туралы) оқығаны үшін.(В.Г.Графский.М.2003.,364-С).

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 225-248; 3, 95-101. Қ/ә: 7,114-117.

Бақылау сұрақтары:

1.Қытайда таптық қатынастар қай кезде орнатылды?

2.Тан әулетінің билікке келуіне қандай себептер болды?

3. Жапонияда «Тайпалық одақтың» құрылуына қандай себептер болды?

4. «Тайка реформасының» ерекшелігі неден тұрды?

№ 9 ДӘРIС

Тақырып: Ұлыбритания мемлекеті мен құқығының дамуы.

Сабақтың мақсаты:Ұлыбритания мемлекеті мен құқығының дамуы туралы

оқып танысу

Жоспар:

1.Буржуазиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы.

2.Стюарттарды қайта келтіру кезеңіндегі монархия.

3.Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі.

4. Отбасы құқығы

1.Буржуазиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы.

Англядағы буржуазиялық төңкерiстiң салдары. 1628 ж “Құқытық жайлы петиция”. Ағылышын буржуазиялық төңкерiсiнiң негiзгi кезеңдерi мен ерекшелiктерi. 1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкерiс бүкiл дүнежүзiлiк тарихқа әсерiн тигiзiп, халық өмiрiн жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтiрдi. Англияның төңкерiсi буржуазиялық төңкерiске жатады. Бұл жағдайда өнекәсiптiң ауыстырылуы және басқа үстем таптар билiктi өз қолына алды . Ағылшын буржуазиялық төңкерiсiнiң дамуына байланысты көп ерекшелiктерi болды. Төңкерiс кезiнде Англияның мемлекеттiк құрлысы аяқталмаған шексiз феодалдық монархияға жатқан. Корольдiң билiгi шексiз болса да, ол парламенттi таратқан жоқ. Англияның жергiлiктк өзiн-өзi басқару органдары демократиялық принцитерiн сақтаған болатын және қуатты төрелiк сот өзiнiң қызметтерiн тоқтатпады.

Төңкерiстiң алдында Англияның әлеуметтiк жағдайы өте қызық болды. Олардың дворяндар топтары екiге бөлiндi. Бұндай жағдайда басқа да Еуропа мемлекеттерiнде де болды. Мысалы, Францияда дворяндар ескi және жаңа дворяндар болып екiге бөлiндi. Бiрақ Англядағы жағдайлар ерекше қалыптасты. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын сатып алушы адамдарболды. Сондықтан олар жерлерiн таза пайдаланғаннан басқа, өнеркәсiппен немесе саудамен де айналысты. Ескi ақсүйек дворяндар қой бағып жүр деп оларға күлетiн болды. Олардың ең пайдалы қызметтерiн жүнмен байланысты болды, олар өздерiнiң шаруаларына бостандық берiп, босаған жерiне қой бағатын. Қойдың жүнiнен бүкiл дүние жүзiне белгiлi шұғаны шығаратын. Сондықтан,бұл тап корольдi жақтаса да, олардың мүдделерiн өнеркәсiптiң дамуына байланысты екенi түсiнiктi. 1640 жылы күзде корольдiң де , мемлекеттiң де жағдайлары нашарлады.Феодалдық абсолюттiк құрлыс терең де саяси қайшылыққа әкелдi. Корольдiң жағдайы ауырлай түстi. 1640 жылы 3-қарашада ол парламенттi мәжiлiсiне шақырды. Бұл парламент Ұзақ деген атқа ие болып, Англиядағы төңкерiсте буржуазияның органы ретiнде үлкен роль атқарды, Парламент 1653 жылға дейiн үзiлiссiз қызмет жасады. Ол кейбiр жоғарғы корольдiң уәзiрлерiн жазалау, төтенше соттарды жою, жұрағаттық етушiлердi жауапкершiлiкке тарту туралы да корольге талап қойды. Парламент халықтың тiрегiне сезiне отырып, феодалдық- абсолюттiк құрлысқа шабуылға шықты. Кейiннен корольдi жақын көрушi-лорд Страффорд, архиепископ Лорд және басқа да корольдiк абсолютизмнiң белсендi мүшелерi тұтқындалды. Парламент корольдiң әлсiздiгiн пайдаланып, өмiрбойы сайланатын сотты енгiздi.

1641жылдцың аяғында парламент корольгеҰлы ремонстрацияны бердi. Парламент бұл заңды соғысып қабылдады, дегенмен король оны қабылдаған жоқ. Бұдан кейiн парламент корольге 19 баптан тұратын ұсыныс енгiздi. Бұл талаптарда корольдiң билiгiн шектеу туралы айтылған болатын. Бiрақ король бұған да көңiл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттiң арасында ашық шиеленiс басталды. Король өзi бұрыннан келе жатқан әдеттердi бұзып, парламенке оппозицияның өкiлдерi қамауға келдi. Бiрақ олар тығылып ұстатқан жоқ.

2. Стюарттарды қайта келтіру кезеңіндегі монархия.

Англядағы буржуазиялық революцияның нәтижесіде индепендент өкілдігінің жеке билігі буржуазияның жоғарғы басшыларының талабна сай келмеді. Оның себебі буржуазия-дворяндардың және джентерилердің қарсыластары корольдық билігі емес, ол төменнен көтерілген жұмысшы мен шаруалар қозғалыстары болды. Протекторат Оливер Кромвельдің өлімі буржуазия қоғамының ойларын іске асыруға тездетті. 1653 жылы Кромвель өлген соң оның баласы билік жүргізді. Бірақ Парламент құрылтайлық билігін жариялап 1660 жылы бұрынғы жазаланған король Карл-1 баласы Карл-ІІ (1630-1685 ж) таққа отырды. Сол кезеңде Англияда екі партия пайда болды, олар: тори және виги. Тори партиясы король мүддесінің өкілдігін көрсетті, ал екіншівиги-ол, буржуазияны және орта дворяндықтарды біріктірді. Парламентте тори билік-белсенділігін көрсетті. 1679 жылы Парламентте Виги партиясы көп орынға ие болып, онда мынадай заң қабылдады: «Теңіз сыртында қамауда ұстамауды ескерту және бодандықтардың бостандығын жақсарту туралы АКТ» деп аталды. (Харбес корпус актісі-1679ж.). Бұд актіде король шенуниктері, виги партиясынының Парламент мүшесінің өкілдерін қудалаудан және қолсұпаушылқтан қорғау туралы айтылды. Осы заңда тұтқынға,қамауға алынған адамды бір тәулік ішінде сотқа алып келуге міндетті болды және оның ұсталу себебін анықтау, заңды ма әлде заңсыз ба екендігін анықтауды талап етті. Қамауға алынған адамды кепіл пұл төлеу арқылы босату туралы шешілді. Егерде осы аталған заң талабын орындамаған жағддайда лауазымды тұлғалар және суьдя айыппұл 500 фунт стерлинг төлеуге және қызметтен босатылатын болды. Кейін келе осы аталған Акт мемлекеттің маңызды конституциялық құжаты болды.

3. Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі.

ХҮІІ-ХІХ ғас.Англияда азаматтық құқығында жылжымалы және жылжитын мүлік деп бөлінбеді, ол, орта ғасыран бері былайша аталатын болып және бөлінетін болды:

-шынайы заттар (мүліктер)-оған кіретіндер: жер, өсімдіктер, ғимвараттар және жер аумағына, жерге байланысты мүліктьердің заңдылығын анықтайтын құжаттар болды;

-жекенің (тұлғаның) заттары- оған барлық заттар кіретін болды.

Англияда барлық мүлік құқықтары меншік құқығының бір түрі ретінде қаралды. Мүліктердің ішінен мындай түрлері бөлінді:

-жылыжымайтын мүлікті жалгерлікке алудағы заттық құқығы;

-сервитуттар, сонымен қатар жекелер;

-сенім артылған меншіктер;

-заттық құқықты қамтамасыз ету.

Англияда шарттық құқытың сипаттығымынадан тұрды:

-тараптардың өздерінің нақты құқықтарын анықтай білуі және тараптардың өз міндеттерін анықтай білуі;

- борышқордан алған міндетін толық және жан-жақты дұрыс орындалуын талап ету құқығы.

4. Отбасы құқығы

Англияның жанұя құқығы мынадай болды: Көп уақыттай бойы некеге тұру рәсімі шіркеу нысаны бойынша жүргізілді, ал азаматтық некеге тұру тек 1836жылдан бастап рұқсат берілді. Неке нысаны, болашақ зайыптылардың таңдауы бойынша айқындалды. Зайыптыладың жеке қатынастыры күйеуді басшылық етумен негізделді. Жанұя мүліктерімен басқару және басқа да мәмілелік істерін жүргізу күйеу құқылы болды. Әйел тек өзінің нақты мүліктерін басқаруға және күнделікті істерді жүргізуге құқылы болды. Тек 1882 жылы, заң бойынша тұрмысқа шыққан әйел, өзінің тиесілі мүлкімен еркін, өз бетінше айналысуға және шешуге толық құқылы болды. Ажырасу тек 1857 жылы танылды.

21- жасқа дейінгі қызжәне ербалалар ата-анасының қоластындағы билігінде болды. Шешесі, ата-аналық билікті тек әкесі болмаған жағдайда ғана жүргізуге құқылы болды. Некеден тыс пайда болған балалар танылатын болды, тек ерекше жағдайларда және парламент актісі бойынша. 1908 жылы заң бойынша өз бабаларына қатыгездік және дөрекілік көрсеткені үшін ата-аналадың жауапкершілігі орнатылды.

 

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 233-251; 3, 110-116. Қ/ә: 7,151-158.

Бақылау сұрақтары:

1. Англиядағы буржуазиялық революцияның ерекшелігі неде?

2. Парламенттің рөлі қандай болды?

3. Республика болып жарияланудың себебі неде?

4. Стюарт монархиясын қайта келтірудің себебі неден тұрды?

5.Англияда заттық құқытың қандай түрлері болды және қалай аталды?

№ 10 ДӘРIС

Тақырып: АҚШ мемлекеті мен құқығының дамуы.

Сабақтың мақсаты:АҚШ мемлекеті мен құқығының дамуы туралы

оқып танысу.

Жоспар:

1. Штаттардағы республикалық басқару формасынынң бекітілуі мен

тәуелсіздік үшін соғыс.

2. 1787 ж.(1789) Конституция.

3. Ф.Д.Рузвельттің мемлекеттік реформалары.

 

1. Штаттардағы республикалық басқару формасының

бекітілуі мен тәуелсіздік үшін соғыс.

ХҮІІ бас кезінде Солттүстік америка аумағында англия отаршыдығының коныстанушылары пайда болды, ол сол кезде «Жаңа Англия» деп аталды.(1643)

1765 жылыНью-ЙорктеболғанКонгресте қабылданған «Адам құқығының біріншідекларациясы» құжатында американдық отаршылыдқтары туралы мына мәселе жарияланды: «Барлық тәуелсіз халықтардың және ағылшындардың айрылмас құқықтарын сақту үшін, салық салыну мүмкін емес, ол тек халықтардың өз еркімен, сый ретінде берілуі мүмкін» деген. (В.Графский. М, 2003, 435С).

1776 жылдың 4-ші шілдеде Үшінші Континентальдық конгресс жаңа резолюциясын қабылдап онда революциялық сипатындағы «Тәуелсіздік декларациясын» қабылдады.

Тәуелсіздік декларациясында мына мәселелер көрсетлді:

- декларацияда американың метропльдаң мемлекеттік тәуелділігін жоюын

жариялады;

- тәуелсіз Америка Құрама Штаттарының қалыптасуы туралы жарияланды;

-балық адамдар тең, олар өздерінің ақыл-ойын еркін пайдалануға және бөлінбес құқығына толық ие, оған кіретін: өмірі, еркіндік, бақытты болуға ынталығы;

-адам бағытты болу үшін және оның мұң-мұқтаджықтан, ауыртпалықтан қорғау үшін, қажетті деген жағдайларды жасау үшін, Үкімет жұмыс істеу керек, ал егер ондай үкімет халық қамына мән бермесе онда ол үкіметті тарату немесе жою керек.

Ағылшын (метрополиямен) соғысу уақыты жақындаған сайын шатттардың бірігуі аса қажет болды. Өйткені сырттан келе жатқан жауға бірлесіп соққы беру қажет болды. Сондықтан 1781 жылында өткен Конгересте әр шаттың өкілдерінің қатысуымен «Конфедереация баптары» деген құжат қабылданды.

Осы аталған құжатта 13 шаттар «Өмірлік одақ» деп бірігу арқылы, конфедерекация былай аталды: «Америка Құрама Штаты» деп жарияланды. Әрбір 13 штат өзінің тәуелсіздігін сақтады. Штаттар өздеріне міндеттеме алды: бір-бірінің ішкі істеріне кіріспейтіндігі туралы және бірі-біріне көмек көрсету туралы айтылды. Штаттың тұрғындар емін-еркін бір-бірімен сауда-саттық жасауға, араласуға, емін-еркін келуге, кетуге құқылы болды. АҚШ жалпыға бірдей ортақ істерін жүргізу үшін Конгрес қалыптасты. Бұл конгреске әрбір штаттан делегациялар жіберілетін болды. Делегация саны 2-7 дамнан сайлау арқылы өткізілетін болды. Конгресте әрбір штат тек бір дауысқа ие болды.

АҚШтолық тәуелсіздігін 1783жылы Ұлыбританиямойындап , Версаль

бейбіткелісімінеқолқойды.