Лекция № 12. Саяси процесстер. Саяси даму мен модернизация

1. Саяси процесс туралы ұғым.

2. Саяси процестердің ерекшеліктері. Саяси даму.

3. Саяси өзгерістердің типтері.

4. Саяси жанғыру теориясы, оның даму кезеңдері.

5. Қазіргі мемлекеттер дамуының негізгі езеңдері.

6. Қазіргі қазақстан қоғамы жаңғыруының ерекшеліктері

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда әмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықган ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін артгыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жи- нақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солардың іс-қимылдарымен айкындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын.

Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсаттандалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер катынасады т.т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.

Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажетгіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл — саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл-кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі. Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты қызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі қандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бакылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді. Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс-әрекетінде жанашылдык, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл аткарады.

Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі.

Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақгалудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақгарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлдырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.

Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады.

Саяси модернизация түсінігі мен мәні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеуұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.Модернизацияның мәні неде?Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады:

- модернизация жєне оны жүзеге асыру процессінде негізінен жүгінетін бағыттар, үлгілер жєне басқару принциптері қандай болу керек?

- модернизация процесі барысында теориялық мєнге мемлекеттіњ қатысу дењгейініњ сєйкестігі қаншалықты жєне либералды нарықтық экономикасы бар плюралистік қоғамдағы өзін өзі басқару мен ұйымдастыру дењгейі бұл процессте 0аншалықты автономды болып отыр?

Формациялық, өркениетті жєне жахандық сараптама сызбалар негізіндегі бағам көрсетіп отырғандай бұл аталмыш мєселелер тек теориялық тұрғыда анна емес, сонымен қатар саяси жоспарда да күрделілік танытып отыр. Ал бұл жағдай тєжірибеде өтпелі қоғамда демократияландыруда мемлекеттік саясатты белгілі бір импровизацияға ие болуымен сипатталады.

Әлеуметтік саяси ғылымдарда қабылданданғандай өтпелі қоғамға жағдайлар дєстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға өтуі мінездейтін модернизация теориясыныњ бастысы болып табылады.

Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму зањдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер жєне єлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар жєне мєдени құрылымдар мен оныњ функцияларыныњ қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сєйкестігін тану.

Екіншіден, өтпелі қоғам – ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам:

- жоғары дењгейдегі индустриализация;

- жоғары валдық ішкі өнімдер мен энергрияныњ органиқалық емес көзгерін кењінен қолдануда тұрақты экономикалық даму;

- қоғамдық процесс мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану;

- халықтың жоғары жєне сапалы тұрғыды өмір сүру дењгейін арттыру;

- өндіріс, ғылым жєне тұтынушы салаларымен байланысты аймақтыњ жоғары мобилді кєсіби – салалық құрылымдарын барынша өркендету;

- єлеуіметтік стратификация жүйесіндегі орта класқа ерекше көњіл бөлу жєне т.б.

үшіншіден, модернизация – бұл қоғамдық өмірдегі баолық салаларындағы сєйкес өзгерістердіњ қажеттігін жєне психологиялық бағыттағы түрленудіњ кешенді процесі.

Төртіншіден, демократиялық модернизацияныњ феномені – жањару механизмінін игеру жєне саяси қызмет технологиясыныњ өзгеруі, сонымен қатар саяси мақсат, доктрина, крнцепция, бағдарлама жєне жобасы болып табылады.

Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын. Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Өзгеру емес, жетілуЖоғарыда айтқанымыздай, саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Алайда, толыққанды саяси даму басыбүтін көппартиялыққа да, Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін жасанды шектеуге де тіреліп тұрған жоқ. Қоғамның өзін-өзі реттейтін төменгі инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол - жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ. Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық кешені жүйесін толықтай реформалау қажет. Өз үйінің, ауласының дамып, гүлденуіне ықпал ете алмайтын сайлаушы мемлекетке не береді? Одан мемлекет не күтеді? Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де. Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес. Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз. Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады. Оң өзгерістер мемлекеттік ағзаның тұрақтылығы мен тиімділігіне кепіл болып отыр. Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөле-жара атауға болады:

1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика);

2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі (Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді);

3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс (заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес).

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек. Өйткені, жоғарыда айтқандай, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандардың сан түрлі пікір-долбарлары кереғар, қайшылықты. Олардың жаңа саяси модернизациясы мемлекеттік құрылымды өзгертуге алып келуі де мүмкін ғой...Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз.

Әдебиеттер:

1. Әбсоттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

2. Жамбылов Д.Саясаттану.–Алматы.,2009.
Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.

3. Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000.

4. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.

5. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.

 

 

Лекция № 13. Саяси мәдениет және идеология.

1. Саяси мәдениет түсінігі және мәні

2. Саяси мәдениет типологиясы

3. Саяси идеологияның түсінігі, құрлымы, қызметтері

4. Саяси сана және оның идеологияға тигізетін әсері

5. Қазіргі кездегі негізгі идеологиялардың түрлері

 

Саясат әлемі - күрделі де алуан турлігімен өте бай жүйе. Бүкіл 6илік және билік қатынастары, қоғамның, мемлекеттік — саяси ұйымдарды өзіне қамти келе, сонымен бірге өзінше дербес және өзара тығыз байланыстағы салаларды қамтитын мәдениет оған мемлекеттік құқықтың, партиялық, саяси шешімдер қабылдайтын механизмдер, саяси процесс, саяси қатынастар т.б. жатады. Кез келген қоғамның саяси өмірін түсінуде «саяси мәдениет» категориясының маңызы күшті. Қоғамдағы басқа да құбылыстармен байланысты болғандықтан саяси мәдениет Платон, Аристотель, Макиавелли, Монтескье, Токвиль, Гегель және басқа көрнекті саяси ойшылдардың, әр дайым назарында болған. Өйткені саяси мәдениет адамдардың, мінез - құлқына және әртүрлі ұйымдардың іс қимылына, олардың ішкі және халықаралық саясатының құбылыстарына, қоғамда үстемдік ететін саяси режимдер мен жүйелерді бағалауға ықпал етеді және, ең ақырында, саяси процестердің динамикасы мен бағытын, көп жағдайда түсіндіріп отырады. Саяси мәдениеттің дәрежесі мен жағдайына көп нәрсе байланысты: саяси бағытты белгілеу және оны халықтың қабылдауы саяси болжамның сапасы, саяси—басқару, шешімдер қабылдау және оны тиімді түрде. Іске асыру, Ол халықтың саяси жағынан жетілуі мен белсенділігінің олардың саяси күрес тәжірибесін игеру дәрежесін, саяси билікті пайдаланудағы бостандықтың өлшемін сипаттайды. Қоғамның саяси мәдениетін үйрену мен зерттеудің мақсаты саяси системаның және оны демократияландырудың, тиянақтылығын нығайтудың әлеуметтік - саяси механизмдерін іздеп табу, оны өмірге пайдалану. Зерттеудің дербес саласы ретінде саяси мәдениет қазіргі жағдайында америкалық саясаттанушылардың еңбектерінің арқасында кейінгі жылдары ғана бөліне бастады. 1955 жылы Г. Алмонд өзінің «Салыстырмалы саяси жүйе» деген мақаласында саяси жүйелерді тереңірек зерттеуде саяси мәдениетті зерттеудің қажеттілігі мен пайдасы жайлы соны ойлар ұсынды. Осы мақаласында ол саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға алғашқы рет әрекет жасады. Кейінірек саяси мәдениеттің негізі концептуалды түсініктері жайлы зерттеу жұмыстарын Г, Алмонд, С. Вербамен бірлесіп жасады. Сонымен қатар Л. Пай, Р. Такер, С. Липсет, Е. Шейх және басқалары зерт­теу жұмысын жургізуде.

Саяси ғылымда бұл тақырыптың маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін саяси үрдістердің даму жолын және бағытын түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.

Осы ұғымның саясаттануға енгеніне көп уақыт болған жоқ.

Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-толғам болмаған деуге болмайды. Өйткені, антикалық ойшылдар Платон («Мемлекет», «Заңдар» деген еңбектерінде), Аристотель («саясат» деген еңбегінде), кейінірек Макиавелли, Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, арқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бір ыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы , фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстық ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты.

Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады. Мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды. Осы ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы – 60 жылдарының басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген американдық зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды. Олар кейін «Саясат мәдениеті» деген атаумен кең тарап кетті.

Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның Кеңес Одағының, Болгарияның және т.б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі «дамыған социалистік қоғамның» саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге тырысты.

Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетті оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделігінен әлі жет тексерілмегендігін білдіру керек.

Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жоқ. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың,, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды. Олардың ойынша саяси мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың индивидуалдық позициясы мен бағыт-бағдары. Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтерімен толығады:

- танымдық бағыт-бағдар – саяси объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі;

- белсенді бағыт-бағдар – саяси объектілер қарым – қатынасындағы қарама-қайшылықтар т.б.;

- бағалаушылық бағыт-бағдары саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру пікірі;

Сонымен қатар басқа да көзқарастары бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р: Карр мен М: Беркстейн саяси мәдениетке саяси идеялар әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси мәдениетке әлеуметтік таптардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдер, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.

Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болды. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзінің-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, онық іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.

Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

2Белгілі бір қоғамдағы жағдайға және ондағы саяси сипатқа байланысты әр елдің саяси мәдениеті ерекшеленеді. Батыс саяси ғылымында оны жіктеудің кең тараған түрі Г. Алмонд, С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» (1963ж) деген еңбегінде көрсетілген. Онда Англия, АҚШ, ГФР, Италия, Мексиканың саяси жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктері мен жұмыс істеу түрлері сараланып, салыстырылады. Соның нәтижесінде олар саяси мәдениеттің патриархтық, азаматтық, қоғамшыл деп үш тұрпатын көрсетеді. Патриархтық мәдениет азаматтардың саяси өмірге ықылас-ынтасының жоқтығымен анықталады. Азаматтық мәдениет түрінде адамдар саяси институттардың шешімдерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына белсенді араласпайды. Саяси мәдениеттің қоғамшыл азаматтар саясатқа зер қойып, оның жұмысына белсене қатысады. Ал өмірде көрсетілген тұрпаттар (түрлері) «таза» күйінде емес, бір-бірімен аралас түрінде кездеседі. Зерттеушілердің айтуынша, солардың ішінде кең тарағаны және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ыңғайлысы азаматтық мәдениет көрінеді. Мәдениеттің өзгешелігі болмысты ұғынудың, оны бағалаудың, соған байланысты әрекет ету тәсілінің ерекшеліктеріне әкеледі. Белгілі бір жағдайға сай келетін саяси жүйелер басқа жағдайларда күйзеліс тауып жатады, белгілі бір әрекеттер бір халықты ойдағыдай жетістікке жеткізсе, екіншісін сәтсіздікке ушыратады. Мұның бәрі көп жағдайда саяси мәдениетке байланысты.

Саяси мәдениеттің жоғарыда аталған түрлерінен басқа жеке әлеуметтік, этникалық, аймақтық және басқа саяси субъектілеріне тән құрылымдары да қалыптасады. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б. өзіндік көзқарастары пайда болады. Мұндай құрылымды субмәдениет дейді. Субмәдениет деп қоғамда үстемдк еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады.

Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әр түрлі саяси субмдәниеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениттің де көп түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениетті саясаттын жүргізуі керек.

3Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі-саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс - әрекетті бағыттайды.

Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогрес идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.

Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол – адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді. Еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтыстырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың, іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дүйектілі еңгізеді.

Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, торптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықта, бағалы бағыттар жйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдарымен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бір ыңғай қоғамдаастықтың мүшесі болып сезіну - әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология-сезім тудытартын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекетіне мән-мағына беріп күшейтеді. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін, адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

Идеологиялық танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді

Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік және т.б. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағдар көрсетеді

Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат- мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.

Амортизация қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді.

Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды.

4 Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асыруымен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

1. Қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу.

2. Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеалогия атқарды.

3. Саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.

Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананның төменгі сатысына жатады.

Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымында, әлуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады.

Саяси психологияның мазмұнында адам психикасының түрлі көріністері мен қасиеттері жинақталады. Ол белгілер сөз жоқ саяси оқиғалардың ағымына ықпал жасайды, олардың бөлігі болып табылады. Саяси мінез-құлықтың стратегиясы мен тактикасын анықтаудың маңызды элементі болып саяси психологияны орнықты және орнықсыз, тез ауыспалы феномендерге жіктеу саналады. Саяси психологияның бұл саласының көрінісі болып ұлттық мінез-құлық қызмет етеді. Белгілі бір саяси оқиғалар кезеңінде түрлі халықтар әрқилы көрінеді, олардың қатынасуы, мақсатты мәселені шешудегі талап-тілектері, бағдарлары, ұмтылыстары өзгеше болады. Саяси сана сан қырлы, оның маңызды деген құрылымдық элементтері саясатта атқаратын функцияларымен анықталады.

1. Саяси теория мен саяси ғылым сияқты саяси сананың құрылымдық элементтерінің көмегімен іске асатын саяси ақиқаттық объективті бейнеленуі.

2. Саясат әлеміндегі субъект қызметінің бағдары оның мүдделерінде тұжырымдамалар түрінде көрінеді, ал оның іске асуының осы функциясын идеология атқарады.

3. Саяси психологияның түрлі көріністеріне көңіл-күйлік жағдайда бейімдік ететіндіктен тек психологиялық импульс қана адамдарды іс-әрекетке итермелейді.

Саяси сана осы өзара әрекеттес қажеттер арқылы көрініп оны белсенді қимылға дайындап, наным арқылы қалыптасады. Ал ерік болса пісіп-жетілген саяси міндеттерді көрсете отырып саяси сананың себептерін нақтылы саяси әрекетке аударып оларды қозғалысқа келтіреді. Саяси сананың құрамының ұйымдастырылуы екі деңгейде жүреді: тұжырымдамалық - мұнда саяси сана саяси теория, доктрина, бағдарлама ілім түрінде қалыптасады, күнделікті немесе кәдімгі саясат құралы жүйелі емес жинақталған түсініктер, дәстүрлер, саяси мінез-құлық қағидалары болып кездеседі. Әрине адамзат бұл терминдерді өзінше түсінеді, сондықтан нағыз теориялық білімнің элементтері жетіспей жатады. Саяси сананың әрбір құрылымдық элементтері бір-біріне етене араласып ықпал етеді, сонымен бірге адамдардың ірі-ірі топтарының саяси мінез-құлықтарына әсерлі болады да бұқараның сана құбылысына қызмет етеді. Мұның өзі өмірдегі түрліше саяси және рухани қасиеттердің әлеуметтік табиғатының жиынтығы болып көрінгенімен психиканың түрі, психология мен идеологияның деңгейі, көңіл-күйі және теориялық білімдер түрінде байқалып отырады. Міне осы қасиеттерді саяси санаға жеткізетін идеология болып табылады. Сондықтан идеологияны саяси іс-қимылды белгілі мүдделерге сәйкес бағыттап отыратын ой деп атауға болады. Саяси сананың өзге элементтері идеологияның анықтаушы ықпалымен дамиды, оның әсерінің іздері анық байқалып тұрады. Саяси санадағы идеологияның ерекшелігі мен орнын дәл анықтау үшін оны саясаттағы теориялық қорытындылаудың бір түрі - саяси ғылымнан айырмашылығын көрсету керек.

5Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. Сондай тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеу үстінде.

Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне , дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.

Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789ж) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық және аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Өмірде әдет—ғұрып дәстүр негізгі рөл атқарады.

XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды.Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.

Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф 7 Энгельс (1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір құрал - социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.

Сонымен қатар социал-демократия идеологиясы, фашизм, неофашизм идеологиялары бар. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.

Әдебиеттер:

1. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

2. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.

3. Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000.

4. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.

5. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.

 

 

Дәріс № 13. Саясаттағы саяси қақтығыстар мен дағдарыстар

1. Саяси қақтығыстар, олардың қоғам өміріндегі орны

2. Саяси қақтығыстардың құрылымы және мазмұны. саяси дағдарыс.

3. Саяси жанжалдардың кезеңдері, олары реттеу және шешу тәсілдері

4. Ққазақстандағы саяси жанжалдардың алдын–алу тәсілдері мен жолдары

 

Қазақстандағы қазіргі модернизацияның ең басты және өзекті міндеті қоғамды жан-жақты реформалауда бейбіт заңды-конституциялық тәсілдерді қолдану керектігін дәлелдеудің қажеттілігі де шамалы. шындығында да, өтпелі кезеңдегі әлеуметтік және саяси зорлық, азаматтық соғыстар мүмкіндігі өсе түседі. Бұған дәлел - өткір саяси жанжалдарға ұласып жатқан қазіргі кезеңдегі посткеңестік кеңістіктегі саяси жағдай. жанжал-бұл қарсы іс-әрекет мақсатындағы екі немесе одан да көп әр түрлі бағыттағы күштердің өздерінің