Cаяси режим.

1. Саяси режимнің мәні және түсінігі

2. Тоталитарлы саяси режим

3. Авторитарлық саяси режим

4. Демократиялық саяси режим

Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады. Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:

- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;

- саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;

- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;

- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;

- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.

Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:

· саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;

· басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;

· қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;

· бюрократиямен қатынас жағдайы;

· қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;

· қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы

Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

2 сұрақ. Тоталитарлы саяси режимол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:

- азаматтардыңжаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;

- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;

- террористік полицейлік бақылау жүйесі;

- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;

- қарулы-әскери күшпен бақылау;

- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;

- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы

- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;

- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;

Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді. Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады. Үстемдік жүргізетін – идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі. Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады. Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды. Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген. Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тәртіптің ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді өздері-ақ биліктен алып тастайды.

Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында. Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.

Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.

Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады. Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды. Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды. Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған.

Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:

- күшті орталықтанған билік

- бір топтың немесе партияның билікке монополиясы

- элитаның қалыптасуы

- оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы

- билік өзгеруінің күштеу мінезі

- шектелген плюрализм

- билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы

- өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.

- халықты билікке жібермеуі

- қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.

Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді. Мысалы:

- Азаматтық қоғамның дамымағандығы

- Экономиканың артта қалуы

- Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі

Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі – ол демократия.

«Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып келеді. Демократия ол:

- бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек қатысуына негізделген;

- қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;

- халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік-саяси қозғалыс;

Демократияны мемлекеттік құырылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көресетеді:

- қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;

- саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;

- жалпы сайлау құқығы;

- өкіметтік институттардың өкімет іс-әрекеттік бақылау;

- саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;

- пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.

Демократия анықталған жағдайда пайда болады және сақаталады. Біріншіден. Экономикалық дамудың биік деңгейі. Пипсет С Дженмен В. мен Куртпен жасалған. Зерттеу қорытындысы бойынша тұрақты экономиканың өсуі ең соңында демократияға әкеледі. Екіншіден. Қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын сыйлау. Үшіншіден. Қоғамның базалық құндылығына, тең құқығына, қатысты келісімі. Төртіншіден. Халықтың саяси қатысушылыққа ұмтылысы (біріншіден сайлау түрінде). Демократиялық саяси режимді демократиялық тәртіпке негізделген басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде – адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау. Демократияда өмірді реттейтін ол заң болып табылады. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады. Плюрализм принципі қоғам өмірінің бүкіл саласына таралған. Сондықтан мемлекеттік және қоғамдық құрылымнан туындайды. Бұған әсер ететін азаматтық қоғам және әртүрлі әлеуметтік қабаттың мәдениет демократиясы. Тұрғындардың билік құрылымының әрекетіне бақылау жүргізуіне мүмкіндігі бар және орын өз басқарушылығынан дамыған. Тікелей немесе өкіметтік демократия. Осындай принцип: «Заң мен тиым салмағанның бәріне рұқсат» бар. Осымен демократия саяси режимнің жүргізуші элементі болады. Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай басқару түрлерін ажыратады:

1. Президенттік режим

2. Парламенттік режим

Президенттік режим түрі онда парламенттің және заңшығарушылық қызметінің орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар және заң шығаруға құқығы бар; парламентті шашыратуға және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқықығы бар және т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та көруге болады. Парламенттік режим түрінде толық заңшығарушы билік парламентте мемлекет басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да осы режимде Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқықығы бар; және т.б. Маңызды қызығушылық қазіргі демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді: Ол А. Лейпхарттың «вестминистерлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық үлгісін» ұсынуы. Бірінші үлгі көпшілік принципін білдіреді. Бұл үлгі өмір тәжирибесінде атқарушы биліктің концентрациясын сипаттайды (бір патиялық кабинет немесе «таза көпшілік кабинеті»); биліктің тұтасуы; ассиметрикалық екіпалаталы парламент; партиялырдың біртүрлілігі; плюралистік сайлау жүйесі; унитарлық және орталықтанған басқару; парламент суверениеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай демократия үлгісі Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде бар. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп - білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат – мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып – үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ықпалы әр түрлі. Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық – құқықтық заңда айқындалады. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді адамның мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғы шарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саясатта жеке адамның мәдениетінен басқа негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамассыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.
Негізгі әдебиеттер:

1. Лейпхарт А. Многосоставные общества и демократические режимы М., 1997

2. Поппер К. Демократия и народовластие.//Новое время, 1991, №8

3. Гаджиев К.С.. Тоталитаризм как феномен XX века //Вопросы философии, 1992, №2

4. Громыко А.Л. Политические режимы. М., 1994 6.

5. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

6. Жамбылов Д. Саясаттану.- Алматы., 2009.

Дәріс. № 8. Демократия теориясы : тарихы және қазіргі жәйі.

1. Демократияның негізгі түсіктемелері. Демократияның қазіргі теориялары.

2. Демократияның мәні, өлшемдері.

3. Демократияның кешендік сипаттамалары.

4. Саяси демократияның қалыптасу механиздері.

5. Қазіргі демократия, оның қайшылықтары мен қауіптері.

Демократия туралы жалпы түсінік.Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1.Мемлекет түрі. 2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.3.Қоғамдық құрылымның мұраты. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
2. Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты. Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
1.Маңызды мемлекттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
2.Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
3. Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Принциптері:
1. Билік органдарын сайлау.
2. Биліктің бөлінуі.
3. Саяси пікірдің әртектілігі.
4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
5. Заң.
6. Қоғамдық пікірді ескеру.
7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
8. Жариялылық.

Жүзеге асыру формалары:
Сайлау өткізу, есеп беру. Жобаларды бүкілхалықтық талқылау. Референдум өткізу. Митинг, жиналыс. Съезд, конференция, пленум. Шеру, бойкөрсетулер. Сессия. Шетелге сапарлар.
Ереуілдер.
4.Демократиялық қоғам белгілері:Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында:
1.Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
2.Меншік түрлерінің әркелкілігі;
3.Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
4.Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы;
5.Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
6.Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада:
1. Саяси пікірдің әралуандығы;
2. Көппартиялылықтың болуы;
3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
5. Оларды іс жүзінде қолдану;
6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
8. Оппозицияның болуы;
Рухани салада:
1.Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;
2.Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
3.Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
4.Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
5.Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
6.Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу;
Әлеуметтік салада:
1.Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
2.Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
3.Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
4.Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
5.Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
6.Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

5.Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі.Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.
Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.
“Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
6.Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:
1.Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі.
2.Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар.
3.Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар.
4.Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес.
5.Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы.
6.Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы.
7.Жер мәселесі жене әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы.
8.Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.
7. Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру
Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар:
Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.
Барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру.
Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау.
Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау.
Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.

8. Қазақстан Республикасындағы демократия
Біз жоғарыда демократия қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайттардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап). 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
“Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді – сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православилік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, онституция негізінде құрылы, жұмыс істейді. Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы. Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін – “заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі” , мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – “заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат” болып табылады. Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы “бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму” үйлестіріледі. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын – елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады.
Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп көрсетілген Конституцияда.
Сонымен, біз алдыңғы тақырыптарда демократия ұғымына халықаралық көлемде сипаттама бердік. Қазақстан жағдайына демократияның әмбебаптық дәрежесіне оның әлемдік стандартқа сәйкестігіне тоқталдық. Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, ол қамтамасыз етілді. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда. Жергілікті атқарушы органды Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі басқарады. Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы.
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Адам өмірге келгенде тең болып туады, мұны Аристотель – табиғи құқық деп атаған. Феодализм уақытында әр таптың өзгеше құқығы болды. Ал капитализм уақытында құқық либерализммен байланысты болды. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы бар, үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған.
АҚШ – тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді.
26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация қабылдады.1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады.
1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды. БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі. Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар:
1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды дейді.
2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады.
3. Марсизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді. 4. Жеке адамдардың құқықтарының жіктелуі. Қазіргі уақытта жеке адамның құқықтары негативтік, позитивтік, азаматтық , эканомикалық, мәдени болып жіктеледі.
Негативтік – бостандық, мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет тарапынан адамды қауіп-қатерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды.
Позитивтік құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттігін көрсете білуді білдіреді.Мұнда мемлекеттің, ұйымдардың азаматтарды қайсібір игіліктермен қамтамасыз етуі, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауы көрсетіледі.
Азаматтық құқық – мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, адамдардың құқықтары кіреді. Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну заттары, жеке меншігін, жұмыс көзін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени құндылықтарды көруге, өнер техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады. Адам құқығын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бейбітшілікті сақтауға кепіл бола алады.
Әдебиеттер:

1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997.

2. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

3. Жамбылов Д. Саясаттану.- Алматы., 2009.

4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.

5. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М.,2000.

6. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.

 

Сайлау жүйелерінің түсінігі.

Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.

ПР, саяси жарнама және имиджелогия.

Сайлау саяси процестің бір түрі.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігін білдіретін процесс сайлауға қатысу. Кез-келген мемлекеттің саяси жүйесінің жұмыс істеуі үшін маңызды сайлау жүйесі болып табылады, себебі оның сипатынан биліктің сайлау органдарының құрамы тәуелді. Сайлау жүйесі бұл ұғымның кең мағынасында –бұл сайлаулардың тәртібін құраушы және биліктің көпшілік органдарының сайлауымен байланысты реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:

-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;

-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;

-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.

Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:

-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)

-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)

-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)

-аралас жүйе

Сайлау жүйесі, белгіленген уақытта заңға сәйкес өткізіліп отырады. Сайлау мәселесі – билік басына неғұрлым сенімді түрде қоғамның жақсы деген өкілдерін әкелу мүмкіндігі. Бірнеше кандидатураны ұсынған кезде жалпы сайлау арқылы саяси қайраткерлер мандатқа ие бола отырып сайлау науқанына қатысады. Демократиялық дәстүр дамыған елдерде билік органдарына сайлану міндетті болып саналады. Мұндай жүйе өзінің қаншалықты дәрежеде негізгі азаматтық және адамның негізгі бостандық құқын құрметтеуде құрылған қоғамдық ұйымды қамтамасыз ете алатынын көрсетті. Сайлау демократиялық саяси режимдегі саяси процестің маңызды орталық бөлігі болып табылады. Сайлаудың тиімділігі бірнеше экономикалық, әлеуметтік және рухани факторларға байланысты. Экономикалық қатынастар саласында – кәсіпкерліктің еркіндігін талап ететін жекеменшік қатынастар мен нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық еркіндігі бар және жеке меншігі бар адмға демократиялық сайлау өзінің экономикалық қызығушылығын, мүддесін жоғалтып алмау үшін және қорғау үшін аса маңызды мәселе.

Әлеуметтік факторлардың ішіндегі маңызды қоғамның тұрақтылығын қолдайтын экономикалық жағдайы жағынан “ орта таптың ” қуатты болуын, өмір сүруін алға қоямыз. Сондай-ақ тұрғын халықтың белгілі бір территорияда тұрақты тұруы ( оседлость ), семьялық қатынастың тұрақтылығы, еңбек мәселесі де ескерілетін жағдай.