Плитаны арматуралау
Лекция № 22-23
Тақырып: «Контур бойынша тірелген плиталы тұтас қырлы қабатаралық жабындар»
Жоспар:
1. Конструктивтік жүйесін үйлестіру.
2. Плитаны арматуралау.
3. Контур бойынша тірелген плитаны есептеу.
1. Конструктивтік жүйесін үйлестіру.
Қабатаралық жабынның конструктивтік жүйесінің құрамына екі бағытта иілуге жұмыс істейтін плиталар жэне оларды көтеріп тұратын арқалықтар кіреді. Барлық элементтер бір-бірімен тұтас байланысты . Осындай қабатаралық жабынның екі түрі белгілі.
Қабатаралық жабынның бірінші түрінде аралықтарды ұсыныстардың осьтері бойынша орналыстырылады жэне олардың адымы (4-6) м-ге тең. Арқалықтардың биіктігі бірдей болады жэне плиталардың ұзындықтардың
қатынасы l2/l=1-1,5 тең болады.
Қабатаралық жабынның екінші түрі кессонды деп аталады. Осындай жабындарда арқалықтарды жиі орналастырады, аралық ұстындар болмайды және плиталардың өлшемдері кіші болады. (2м - ден аспайды.)
Контур бойынша тірелген плиталы тұтас қырлы қабат аралық жабындарды ғимараттың үлкен зал бөлмелерді жэне вестибюлді жабу үшін қолданады. Осындай жабындар сэулеттік талаптарына сэйкес жэне көрінісі өте айқынды, бірақ арқалықты плиталы жабындармен салыстырғанда арматуранның жэне бетонның шығыны көбірек, яғни материалдың шығыны бойынша тиімсіз болады.
Сурет . контур бойынша тірелген плиталы тұтас қырлы қабатаралық жабындар: а) 1 түрлі; б) 2 түрлі (кесонды).
Контур бойынша тірелген плита екі бағытта жұмыс істейді жэне
дәнекерленген торлармен арматураланады. Плитаның аралығында торлар
төменгі аймақта жатады, ал тіректерде- жоғары аймақта.
Аралығы 2,5 м-ден жоғары болған плитаны жеке арматуралау схема бойынша арматуралайды. Плитаның аралығы екі бағытта жұмыстық стерженьді торлармен арматураланады (1-Т; 2-Т). Арматураны экономдау үшін бір торды (1-Т) тіректерге дейін жайады, ал екінші тор (2-Т) тіректерге
арақашықтыққа жетпейді. Егер плитаның бір шағы бос болған кезде осы арақашықтықтең болады.
Тіректердегі арналасқан тордың (3-Т) көлденең жұмыстың стерженьдері
аралықтарға перпендикулярды орналасады және аралыққа бірінен кейін
жэнекіріп тұрады.
Плитаның аралығы 2,5 м-ден кем болса, арматуралау үшін орамалық
торлар қолданылады.
Сурет. Плитаны арматуралау : а) аралықта; б) тіректе; Сурет. Плитаны жеке арматуралау схемасы.