Сортамент

Лекция №1

Тақырып: «Болат және алюминий қорытпалары бұйымдардың сортаменті»

Жоспар:

1. Сортамент

2. Болат қаңылтырлар

3. Болат профильдері

4. Алюминий қорытпалардың профильдері

Металлургия зауытында болат прокатталып шығарылады. Прокат-талған болат екі топқа бөлінеді: қаңылтыр болат - қалың, жұқа және әмбебап; профилденген болат - бұрыштар, швеллерлер, қоставрлар, таврлар, құбырлар және т.б. Дайын прокатты элементтердің бар болуы және олардың механизмдер арқылы өңделуі конструкцияларды индустриялық тәсілмен даярлауға мүмкіндіқ береді.

Прокаттық профилдердің сыртқы сұлбасы, геометриялық сипатта-малары, ұзындық бірлігінің массасы, қамтамасыз ету шарттары мен ауытқулары келтірілген қатар - "сортамент" - деп аталады. Профилдер түрлерінің көптігі, бір профилді өлшемдерінің әртүрлілігі конструкцияларды тиімді жобалауға және әртүрлі конструктивтік сұлба құруға мүмкіндік береді.

Сурет 1. Прокатты профильдердің негізгі түрлері

 

2. Болат қаңылтырлар

Болат қаңылтырлар құрылыста көп қолданылады, олардың келесі түрлері бар:

Қалың болат қаңылтырлар. Бұлардың қалыңдығы 4 - тен 160 мм дейін; ені 600-ден 3800 мм. Ыстықтай тартылған қаңылтар ұзындығы 6-12м, қалыңдыңы 160 мм; қалыңдығы 1,2 ден 12 мм дейін, ені 500-2200 мм дейін орама түрінде шығарылады.

Қалың болат қаңылтыр, қаңылтыр конструкцияларда, бүтін жүйелі элементтерде (арқалықтарда, ұстындарда, рамаларда және т.б.) көбірек пайдаланылады.

Қалыңдығы 4мм дейін жұқа болат қаңылтырлар суықтай және ыстықтай тартылып прокаттанылады. Суықтай тартылған болат (МЕСТ 19904-74); ыстықтай тартылған болаттан (МЕСТ 19903-74) көп қымбат. Жұқа болат қаңылтыр төбе жабындары үшін жұқа қабырғалы майыстырылған профилдерді дайындауға пайдаланылады. Суықтай тартылған цинкпен апталған оралған болаттар профилденген төсеніштер даярлау үшін қолданылады.

Кең белдеулі әмбебап болат (МЕСТ 8200-70) төрт біліктермен прокатталатын болғандықган шеттері тегіс болып шығады. Бұндай болат-тардың: қалыңдығы 6-дан бОмм, ені 200-ден 1050мм дейін, ұзындығы 5 - тен 12м дейін. Кең белдеулі болаттарды пайдалану конструкцияларды даярлау кезінде еңбек шығынын азайтады.