Туристік аудандастыру

Жауап: Жалпы алғанда, негізгі рекреациялық аудандарды анықтау үшін аудан халқының рекреациялық сұраныстарының аумақ бойынша бөлінуі, табиғи потенциалының сапасы және аумақтың рекреациялық тұрғыдан игерілуі дәрежесі туралы деректер синтезі негіз болады. Аумақты рекреациялық сұраныстарды қанағаттандыру жағдайы бойынша рекреациялық аудандастырудың бірінші сатысы табиғи рекреациялық ресурстарын анықтау және оның сапасы бойынша деңгейлерін (айтарлықтай қолайлы, қолайлы, қолайлылығы төменірек, қолайсыз) бөлуге қолданылады. Географиялық зерттеудің бұл кезеңінде аумақты табиғи ландшафттардың туристік аттрактивтік дәрежесі бойынша аудандастыру жүргізіледі. Аудандастыру негізінде табиғатты пайдалану проблемалары анықталады, рекреациялық қызметті басқару және оның дамуын болжау мақсатында осы проблемаларды шешу жолдары анықталады, болашақ демалыс ортасын құру жүргізіледі.

Келесі кезеңде ауданды игеру үшін мүмкіндіктер деңгейінің сипатымен анықталатын рекреациялық сұраныстарды қалыптастыру мен қанағаттандырудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттарымен қанығу дәрежесі бойынша аудандастыру жасалады. Бұл жағдайлардың таралуын шкаламен көрсетіп, жоғары, орташа, жоғары емес және төмен деңгейлі аудандарды бөлуге болады.

 

34. Рекреациялық аудандарға бөлудің үрдістері.

1-кезең: Әлеуеттік рекреациялық ресурстары бар меңгерілген, бірақ стратегиялық мңызды территориялардың бар болуы.

2-кезең: Жаңа рекреациялық ауданның тез дамуы басталады. Көпшілік санасында оның рекреациялық ресурстары айрықша деген сенім бар. Рекреация көп халықты тартады, ол жаңа аудандарды меңгереді және онда өмір сүруге қалып қояды. Аймаққа көптеген қаражат құйылады, арнайы территорияның халқын қамтамасыз етуге бағытталған рекреациялық инфрақұрылым құрылады.

3-кезең: Ауданның рекреациялық атақтылығының төмендеу периоды. Көпфункционалды тар маманданған рекреациялық ауданның артық өсуі байқалады. Рекреация басқа рекреацияны жояды. Ауданда басқа да экономикалық функциялар жеткілікті, тіпті рекреацияның жойылуы оның экономикасын жоя алмайды. Аудан өзіндік жеткілікті болып табылады.

4-кезең: Рекреациялық ауданның тұрақтануы мен қайта бағытталуы. Рекреациялық аудандар өз алғышарттарын өте сирек жоғалтады, дамуын көпфункционалдылық рекреацияны еш уақытта ығыстырып шығара алмайды. Аудандағы рекреанттар саны азаяды, онда ағындар тұрақтанады. Сақталған рекреациялық мамандану дамудың жоғары деңгейіне жетеді. Аудан тұрақты рекреациялық орталық болып табылады.

35. Рекреациялық және туристік аудандардың негізгі белгілері:

Рекреациялық ауданның негізгі белгілері:

ü Рекреациялық мамандануы және оның даму деңгейі

ü Халықтың рекреациялық қызмет көрсетуінің ішкі құрылымдық-территориялық өзара байланысының болуы.

ü Рекреациялық сала тұрғысынан территорияларды жеке дамушы бөліктердің жалпы мәселелері.

Туристік ауданның негізгі белгілері:

ü Пайда болу уақыты

ü Тарихи қалыптасу ерекшеліктері

ü Табиғи

ü Тарихи-мәдени

ü Әлеуметтік –экономикалық

ü Халықтық қалыптастыру алғышарттары

ü Туристік инфрақұрылым дамуының деңгейі

ü Туристік мамандану

36. ҚР-дағы аудандар типологиясы.

Әр қазақстандық аудан мамандану белгілеріне және мәселелеріне байланысты экономикалық, табиғи, әлеуметтік-саяси, демографиялық факторларға ие.

Экономикалық даму деңгейі бойынша:

ü Жоғары дамыған аудандар

ü Дамушы аудандар

ü Нашар дамыған аудандар

Экономика, қаржы, әлеуметтік сала, табиғи ортаның жағдайы бойынша:

ü Нарықтық шаруашылық модельмен жабдықталуды қолға алған, сәтті дамушы аудандар.

ü Жеке салалары немесе шаруашылық секторларының критикалық жағдайы бар, дағдарысқа тап болған аудандар

ü Күйзелген аудандар, онда барлық халық шаруашылық кешендер толық немесе оның жеке салалары немесе өндірісінің ттолық күйзеліске ұшырауы.

Табиғи-географиялық және геосаяси сипаттамалары бойынша:

ü Экстремальды және табиғи-климаттық зоналар (аймақтар)

ü Теңіз жағалауындағы аудандар

ü Шекараға жақын аудандар

ü Елдің негізгі территорияларынан шалғай аудандар

 

37. Аудандардың тактикалық және стратегиялық типологиясы.

Такттикалық типология:

ü «тіреуішті» немесе негізінен экономикалық көзқарас бойынша жақсы дамыған аудандар

ü «аз қамтитын» аудандар (нарықтық қатынастарды қалыптастыруда ауданның қатысу ерекшеліктері ескеріледі

ü «қаржылай тұрақты» аудандар

ü «тұрақсыз» (ең алдымен әлеуметтік-экономикалық көзқарас тұрғысынан) аудандар

Стратегиялық типология:

ü Ескі өндірістік аудандар

ü Ауыспалы типтегі аудандар

ü Меңгерілген типтегі аудандар

38. Территориалды-өндірістік кешен және территориалды-шаруашылық кешен түсінігі

Территориалды-өндірістік кешен – бұл арнаулы халық шаруашылық функциясын орындайтын және өндірістік байланыстардан басқа территориялар мен еңбек ресурстарын қолдануы қоса жүретін, сондай-ақ, өндірістік инфрақұрылымы бар (ғимаратар, құрылыстар, көліктік жүйелер) кәсіпорындар мен мекемелер тобы. Олардың барлығы елдің бірыңғай халықтық-шаруашылық кешеннің бөлігі болып табылады. Онда әдетте, территорияның жетекші табиғи ресурсына негізделген мамандануы сақталады. Өзара байланысқан территориялық-өндірістік кешендер жиынтығын құрайды, ол экономикалық ауданның қалыптасуы үшін негіз болып табылады.

Территориалды-шаруашылық кешен-бұл территориялық, әлеуметтік, табиғи, экономикалық жүйелердің кешені. Ол адами қызметпен байланысқан әлеуметтік, экономикалық жүйелердің, экологиялық жүйелердің жиынтығы және ол қоршаған ортаны дұрыс қолдану және сақтауда қажетті шарттарда пайдалану. Территориалды-шаруашылық кешеніне жергілікті шаруашылық принципімен тіршілік ететін кез келген территориалды-әкімшілік түрленулерді жатқызуға болады.

 

39. Экономикалық кеңістік түсінігі, факторлары

Экономикалық кеңістік – бұл қаныққан территория, өзіне көптеген объектілерді (елді-мекендер, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық меңгерілген және рекреациялық аудандар, транспорттық және инженерлік желілер, инфрақұрылымдар және т.б.) және олардың өзара байланысын сыйдырады.

Экономикалық кеңістіктің факторлары:

Сыйымдылық(тығыздық) –халық саны, кеңістіктің бір бірлігіне келетін ақша аймақтық өнімнің көлемі, табиғи ресурстар.

Орналастыру - біркелкілік, дифференциация, шоғырлану халықтың таралу және экономикалық қызметінің көрсеткіші, соның ішінде шаруашылық меңгерілген және меңгерілмеген территориялардың болуы.

Байланыстылық – кеңістіктің экономикалық байланыстарының бөліктері мен элементтері арасындағы интенсивтілік, транспорттық және коммуникативтік желілердің дамуымен анықталатын, тауардың, қызмет көрсету, капитал, адамдар мобильдік шарттары.

 

 

40. Туристік орталық пен туризм орталығы түсініктерінің айрмашылығы

Туризм орталығы – қала, жергілікті жер немесе объект. Онда туристік, экскурсиялық қызмет көрсетудің кешені ұйымдастырылады.

Туристік орталық – рекреациялық ресурсы бар ыңғайлы, көліктік-географиялық орналасқан және ол туралы туристтің ақпараттануына қолжетімді туристтерді тартатын жергілікті жерлер

41. Туристік орталық классификациясы

Туристік орталық-туристік контингенттерге қызмет көрсететін, туристік ресурстар мен соған сәйкес инфрақұрылымға ие (жол қатынасы, тамақтану, орналасу орындары, ойын-сауық және т.б.) территоряи. Функционалдық құрылымы бойынша туристік орталықтар классификациясы:

ü Климаттық

ü Бальнеологиялық

ü Табиғи (ұлттық парктері, адам қолы тимеген табиғатымен)

ü Спорттық (дәстүрлі спорт түрлеріне арналған)

ü Тарихи (архитектуралық ескерткіштерімен берге)

ü Діни

ü Фольклорлы (ұлттық өнерге негізделген мерекелер, жәрмеңкелер)

ü Мәдени (көрмелер, концерт, опера маусымы, театр, кино, конференция,съездер,т.б.)

ü Іскерлік және сауда

ü Конгресс, симпозиум, семинарлар орталығы

ü Ойын-сауық орталықары

 

42. Туристік дестинация және оның даму фазалары

Туристік дестинация-туристік жүйенің шешуші элементі. Барлық жағдайлары жасалған, қызмет көрсетулермен қамтылған территория болып табылады.

Туристік дестинация болу үшін керек шарттар:

1. Орналастыру, тамақтану орындарының, дамыған көлік инфрақұрылымының болуы.

2. Аттрактивтілігі (туристерді қызықтыратын нысандардың болуы)

3. Ақпараттық және коммуникативті жүйенің болуы (глобальді ақпараттық жүйе «Amadeus», «Galileo», «Worlds pan», «Sabre» және т.б.

Туристік дестинация фазалары:

1. Туризм әсерінен өзгеріске ұшырамаған территорияның дестинациялық тартымдылығының болуы.

2. Табиғаттың тартымдылығы әсерінен туристер санының өсуі. Туристік инфрақұрылым негізінің пайда болуы.

3. Жергілікті биліктің жарнамалық әрекетінен туристік ағымның болуы. Туристік нарық пайда болып, дестинацияны белсенді дамыту.

4. Туристердің келген мөлшерін бақылай алмау, инфрақұрылымды ары қарай дамыту дестинация түрін өзгеріске ұшыратады (дүкендер, бар, қонақ үй, казино, т.б. қызмет көрсетуге қажетті нысандарды салу)

5. Жаңа жұмыс орындарының пайда болуы. Басқа аудандардан жұмысқа орналасуға келген адамдардың қоныстануы т.б. нәтижесінде бұл дестинация сәнді емес, басқалары сияқты унификацияланған болады.

6. Туристік ағынның азаюы (біртипті дестинацияға айналғаннан соң)

7. Қызмет көрсету нысандары қолданылмайды (қонақ үйлердің бос қалуы т.б)

8. Жеңілдіктер, жаңа баға саясаты немесе дестинацияны дамыту үшін жаңа идея, тартымдылықтың жаңа факторын ойлап табу.

 

43. Рекреациялық аудандастыру.

Территорияның аудандастырылуы мен баға беруі рекреациялық мақсаты үшін әр түрлі факторлардың – табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, архитектуралық және т.б. есебін талап етеді. Туристік аудандастырудың әдістері аудандастырудың мақсаты мен масштабтарына тәуелді:

1) шаруашылықты дамытудың перспективалық жоспарлардың техника – экономикалық дәлелденуі үшін мемлекеттің ірі бөліктерінің туристік әлеуетін анықтау;

2) бөлек облыстардың аумағында халықтың демалысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтау;

3) жоспарланған демалу аймақтарында белгілі нақты туристік объектілерді орналастыру және олардың толық жоспарлауын құрастыру.

Туризм үшін жер бедері, сулар, өсімдіктер, климат, табиғи және мәдени объектілер бағаланады. Рекреациялық аудан керекті рекреациялық әлеуетке ие территория ретінде көрсетілінеді.

Аумақтың аудандастырылуы – аумақтық жоспарлаудың негізін көрсететін, географиялық зерттеу әдістерінің бірі. Аудандастыру табиғи және мәдени бай әлеуетімен экологиялық таза территориялардағы адамдардың тез өсетін қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен ауданның ресурстык мүмкіндіктері туралы керекті ақпаратты жинаудың жіберу сәті болып табылады.

Туристік – рекреациялық аудандастыру туристік саланы басқару мен жоспарлау үшін негіз болып табылады. Туристік аудандастыру мақсатында оның негізгі даму бағыттары анықталынады, туризмнің материалдық – техникалық базасының қоғамдық тиімді өсуі үшін аумақтық алғы шарттар бағаланады.

Табиғи және әлеуметтік – экономикалық ресурстар, көліктік жағдайлар, туризм инфрақұрылымының деңгейі, басқа қызметтер түрлерінің туристік қызметке оң және теріс әсері, туристік ауданның ішкі өндірістік және аумақтық құрылымға баға беру негізінде аудандастыру барысында әр түрлі таксономикалық дәрежедегі рекреациялық территориялар шектелінеді, олардың функционалдық және әлеуметтік мағынасы анықталынады, рекреациялық сыйымдылықпен рекреациялық игерудің реттілігі орнатылынады.

Аудандастырудың әр түрлі әдістерін қолдану аумағындағы әр түрлі мемлекеттердің тәжірибесін зерттегеннен кейін, келесі тұжырымға келуге болады, яғни территорияның аудандастырылуы бір немесе екі доминантты өлшемдердің бар болуымен жүргізіледі, ал ол әдетте табиғи және антропогенді ресурстар болып табылады.

 

 

44. Туристік кеңістік жайлы.

Туристік кеңістік-туризм мен рекреацияға маманданған көптеген объектілер мен субъектілер қызметтерімен сипатталады.

Туристік кеңістіктің 3 элементі бар:

1. Тұтынушылардың туристік – рекреациялық қызметтерінің сұранысын қалыптастыру территориясы.

2. Қызмет көрсетуді ұсынатын территориялар («туристік дестинация,( «туристік жер», «туристік аудан»)

3. Өзара байланыстыратын территориялар.

Туристік кеңістік кең түрде аудандардың жиынтығы:

-Оларда туристік өнімдер сұранысы қалыптасады.

-Оларда сұраныс қанағаттандырылады.

-Олардың арасында байланыстырушы рольді орындайды.

 

45. Экотуризм түсінігі және белгілері.

«Жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмнен айырмашылықтары бар. Олар төмендегідей белгілер:

-экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;

-туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы.

-басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;

-экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі-экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру.

-бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік экономикасын көтеретіндей дәрежеде болуы.

 

46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы, топтары.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:

1.Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.

 

47. Қорықтар түсінігі, құрылу мақсаты.

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

· үйлер мен ғимараттар, көпшiлiк пайдаланатын жолдар, труба құбырларын, электр беру желiлерi мен басқа да коммуникациялар салуға;

· мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және түрлi iздестiру жұмыстарына;

· ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң суға деген қажеттерiн өтеу үшiн және өзге де шаруашылық мұқтаждар үшiн жер үстi және жер асты суларын пайдалануға;

· орман қорғау шараларын жүргiзу және ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға, орманды жанама пайдалануға және орманды сауықтыру мақсаттарына және орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалануға;

· шөп шабу мен мал жаюды қоса алғанда, өсiмдiктер дүниесiн шаруашылық мақсаттарға пайдалануға;

· аң аулауға, кәсiпшiлiк балық аулауға және аңшылық пен балық аулау объектiсiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалануға;

· флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге;

· қоршаған ортаға кез келген химиялық, биологиялық және физикалық ықпал жасауды қолдануға;

· арнаулы рұқсат болмайынша табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктердi алып қою арқылы коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;

· азаматтардың арнайы рұқсатсыз және келуге бөлiнген орындардан тыс жерлерде болуына тыйым салынады.

Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.

 

48. Қорықтар-қорықшалар, қорықтар-ұлттық саябақтар айырмашылығы мен ұқсастығы.

Қорық пен қорықшалардың айырмашылығы.

Қорықтар- Типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендері бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса қорғауға алынады.

Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады.

Қорықшалар- Бүкіл табиғат кешені емес, оның тек бір бөлігі ғана қорғалады.Табиғат корғау жұмыстары қорыққа қарағанда онша қатаң түрде жүргізілмейді. Шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Ұқсастығы:Қорғалатын нысандарының құндылығына қарай жергілікті және республикалық мәндегі болып бөлінеді.

Табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында ұйымдастырылады.

Қорық пен ұлттық саябақ айырмащылығы

Қорықтар - Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі.

Өсімдіктер мен жануарлардың генофондын сақтайды. Бірінші кезекте құрып кету қаупі төніп тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қорғауға алынады.Қорық территориясындағы өзгерістер адам қызметінің қатынасынсыз өзімен-өзі жүруі қажет.

Ұлттық саябақтар- Шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. Табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі.Туристтердің келуіне рұқсат етілген. Кейде арнайы рұқсат бойынша белгілі бір мөлшерде аң аулауға да жағдай жасалады.

Ұқсастығы: бірегей ландшафттардың, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрлерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

49. Қазақстандағы қорықтар

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

ҚР-дағы қорықтар тізімі:

1. Ақсу-Жабағылы қорығы

2.Наурызым қорығы

3. Алматы қорығы

4.Барсакелмес қорығы

5. Қорғалжың қорығы

6.Марқакөл қорығы

7.Үстірт қорығы

8.Батыс Алтай қорығы

9.Алакөл қорығы

10. Қаратау қорығы

 

50. ҚР-дағы қорықтардың құрылу тәртібі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорықтары мен олардың филиалдарын құруды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және басқа да ғылыми мекемелердiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жүзеге асырады.

2. Мемлекеттiк қорықтар құру жөнiндегi материалдарды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi.

3. Мемлекеттiк биосфералық қорықтар ЮНЕСКО-ның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысымен құрылады және олар осы халықаралық ұйымда тiркелуге жатады.

4. Жер-жердегi атқарушы өкiмет органдары мен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң бөлiмшелерi мемлекеттiк қорықтар жүйесiн дамытуға жәрдемдеседi және олардың қызметiне көмек көрсетедi.

 

51. Қорықтардағы экскурсиялық-ағартушылық қызмет

1. Қорықтардағы экскурсиялық-ағартушылық қызмет ғылыми-танымдық және экологиялық экскурсияларды, сондай-ақ табиғатты қорғау мен қорық iсi мәселелерi жөнiнде оқу-насихаттық, көрмелiк, мұражайлық, мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.

2. Қорық қызметкерлерiнiң экскурсиялық-ағартушылық қызметiне қатысты мiндетiне: табиғатты қорғау, қорық iсi мәселелерi жөнiнде баспасөзде материалдар жариялау, радио мен телевизия арқылы сөйлеу, лекциялар оқу, әңгiмелер өткiзу; табиғат және экологиялық соқпақтар мұражайларына келушiлерге қызмет көрсетудi ұйымдастыру; қорықтың экскурсиялық объектiлерiн күтiп ұстау және безендiру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асыру енедi. 48. Мемлекеттiк қорықтар тиiмдi экскурсиялық-ағартушылық жұмыстар ұйымдастыру және қажеттi материалдар мен қаржы қаражатын тарту үшiн қорық қызметiн басқарушы мемлекеттiк органмен келiсе отырып, бөгде ұйымдармен шарттар жасай алады. 49. Қорықтағы экскурсиялық-ағартушылық жұмысты осыған уәкiлдiк алған қызметкерлер жүргiзедi. 50. Қорықтың экскурсиялық-ағартушылық жұмысында пайдаланылатын бағалау нарқы келiсiмдi болады. Мемлекеттiк қорықтардағы еңбек жағдайы мен ақы төлеу

3. Ғылыми, экскурсиялық-ағартушылық, жарнамалық-баспалық қызметтен түскен, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды қосқанда, кәсiпорындардан, мекемелерден, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардан тегiн көмек ретiнде алынған қаражат мемлекеттiк қорықтардың негiзгi қызметiне жұмсалады.

4. Қорықтарды қаржыландыру, қызметкерлерiнiң жалақы мөлшерiн қорықтардың ұсыныстарын ескере отырып, олардың қызметiн, басқарушы мемлекеттiк орган белгiлейдi. Қорық қызметкерлерiне қосымша ақы, үстемелер, сыйлықтар және қосымша көтермелеудiң басқа да түрлерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленедi.

5. Мемлекеттiк қорықтардың қызметкерлерi контрактi негiзiнде жұмысқа қабылдануы мүмкiн.

6. Мемлекеттiк қорықтардың тұрғын үй қоры белгiленген тәртiппен қызмет бабындағы санатқа жатқызылады және оны жекешелендiруге болмайды.

7. Маман қорыққа уақытша жұмыс iстеуге кеткен кезде ол және оның отбасы тұрақты тұрған үй-жайы еңбек шарты қолданылатын барлық уақыт бойы сақталады.

8. Ғылыми қызметкерлердi қосқанда, қорық қызметкерлерiне арнайы киiм-кешек, аяқ киiм, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi омырау белгiсi тегiн берiледi. Дала жағдайында жұмыс iстеген кезде қорық қызметкерлерiне шығын сметасында көзделген дала жұмысы үшiн қосымша ақы төленедi.

 

52. Ақпараттық қоғам

Қоғамдық қызметтің барлық салаларындағы кеңейтілген қарым-қатынас, нарықтағы өнім мен қызметті таңдау мүмкіндігінің артуы, ынтымақтастық шекарасының кеңеюі, әрі бизнес пен ғылымның өзара ұштасып, ақпаратттандырылуы, жаңаша таным құралдарының пайда болуы, білімге бағыт бұру, нысандарды электрондық орта үшін сандық түрде бейнелеу жетістіктері, өндірістің инновациялық табиғаты мен виртуалдық сипаты, ғаламдық ауқымдағы ақпараттық ресурстарға жедел түрде қол жеткізу мүмкіндіктері, міне осылардың барлығы ақпараттық қоғамның мәнін аша түседі.

Ақпараттық қоғамды қалыптастыру үшін:

- ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту;

- тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жаппай қолдану;

- бірыңғай ақпараттық қоғамды қалыптастыру;

- ақпараттық технологиялар бойынша мамандарды арнайы дайындау секілді т.б. шараларды жүзеге асыру қажет.