Н-3. нивелирі
Кесте
Қателіктер нұсқаға ндивидуальды тапсырманы тапсырмаға берілуі
Нұсқа | Өлшем нөмірі | |||||
+1 | -5 | +2 | -1 | +2 | -6 | |
-5 | +1 | +4 | +2 | -5 | ||
-3 | -5 | +1 | +3 | -2 | -2 | |
-3 | -1 | +2 | +4 | -3 | -6 | |
-4 | -4 | -1 | +4 | +2 | -6 | |
+1 | -4 | +2 | +1 | -7 | ||
+1 | -8 | +1 | +2 | -3 | -1 | |
-7 | +1 | +4 | -3 | -2 | ||
-4 | +2 | -3 | -6 | |||
+3 | +1 | -1 | +5 | -5 | -4 | |
+4 | +1 | +2 | -4 | -5 | ||
-3 | +4 | -1 | -7 | |||
-2 | -1 | +3 | +2 | -3 | -5 | |
-1 | -3 | +4 | -8 | |||
-4 | +2 | +2 | -9 | +1 |
Бақылау сұрақтары
1.Қателіктер жүйесін өлшеу дегеніміз не?
2.Қателіктер жүйесін өлшеудің негізгі себептерінің пайда болуы қандай?
3.Қандай қателіктер жүйесі әсер ету мағынасына байланысты өлшеулерде
кездеседі?
4.Тең дәлдікті және тең дәлдіксіз өлшеулер деген не?
5.Өрескел қателіктер деген не?
6.Кездейсоқ қателіктер деген не?
7.Жүйелі қателіктер деген не?
8.Абсолют қателіктер қалай анықталады?
Тәжірибелік жұмыс № 13
Қыл жіпті қашықтық өлшеуіш арқылы арақашықтықты анықтау.
Сілтеме:НеумывакинЮ.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж
Жұмыстың мақсаты: қыл жіпті қашықтықты өлшеуішпен ара қашықтықты анықтап үйрену және өлшенген қорытындыны жөндеу.
Керекті құрал-жабдықтар:теодалиттің жинағы, рейкілер, калькулятор,өлшеу журналы.
Тапсырма. Теодолиттің қыл жіпті қашықтықты өлшеуішімен иілу қашықтығының ұзындығын және мұғалім берген көлбеу жатқан түзуді.
Жұмыстың мазмұны мен жүрісі.
Теодолиттің және нивелирдің дүрбісі арқылы ара қашықтықты анықтау үшін қашықтықтың kk және ll¢ штрихі бар болады. (22-сурет)
22-сурет.Жіптік дальномер арқылы ара қашықтықты өлшеу:
а - Өлшеудің схемасы; б – Дүрбінің көру деңгейі.
АВара қашықтығын өлшегенде(22,а сурет) А нүктесіне теодалит, Внүктесіне рейка орнатамыз да, теодолиттің көру дүрбісін осы рейкіге жүргіземіз.Қашықтық штрихтарының арасындағы рейкінің бөліктерін қашықтық өлшеуішпен есептеу деп атайды және n арқылы белгілейді.17б қашықтық n=13,0 ке тең.Қыл жіпті қашықтықты өлшеуіш мына формула арқылы есептеледі
D=Kn+c, (27)
K– қашықтықтың коэффиценті, с– тұрақты қашықтықтың қосылғышы.Қазіргі оптикалық қашықтық өлшеуіштерде К=100, ал сқосылғышы дәл өлшеммен салыстырғанда өте кішкентай шама.Сондықтан көбінесе мына формула қолданылады
D=100n(28)
Көлбеу түзулерді өлшегенде горизонтальдық v- дүрбінің визирлік осьтегі иілу бұрышы.
d=(Kn+c)cos²v (29)
Көлбеу бетті көбінесе калькулятормен есептейді.
Мысалы. Т30 теодолиттің қашықтығын қыл жіпті қашықтық өлшеуішпен өлшегенде ( К =100, с =0,1) мыналар алынды: n = 128,7 және
v = -3º30´. Берілген түзудің көлбеу жағдайын анықтау.
Шешуі: ( 29) формула бойынша
D = (100 * 128,7 + 0,1) * cos² (-3º30´) = 128,3 м.
Бақылау сұрақтары.
- Қыл жіпті қашықтықты өлшеуішпен ара қашықтықты анықтау үшін қандай құралдар пайдаланылады?
- Қашықтықтың К коэффиценті неге тең?
- Қыл жіпті қашықтықты өлшеуішпен ара қашықтықты анықтағандағы операцияның мәні қандай?
- Т30 теодолиттің қашықтығын қыл жіпті қашықтық өлшеуішпен өлшегенде не алынады?
Тәжірибелік жұмыс № 14
Нивелирлер мен рейкалардың жабдықтары.
Сілтеме: НеумывакинЮ.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж
Жұмыстың мақсаты: аспаптың негізгі бөліктерінің атауларын білу, олардың өзара әрекеттерін меңгеру, рейкадан есеп алып үйрену.
Құрал-жабдықтар:Н-3, НВ-1, нивелирлері, нивелирлік рейка, тапсырма бланкы, жұмыс дәптері.
Тапсырма:
1. НС-4 ( 25сурет) нивелирінің бөліктеріне сипаттама беру.
2. Орташа және алыс өлшер штрихы бойынша нивелирлік рейкадан есеп алу.
Нивелирдің көру дүрбісінің 5 объективі 8 мен окулярында 3 қорапша болады. Оның ішінде цилиндрлік деңгей орналасады. Деңгейдің түзеткіш бұрандасы қорапшаның ұшқы бөлігіне бекітілген 4. Көру дүрбісін рейкаға жақындатып көру үшін көздегіш қолданылады 7. Дүрбінің фокустық арақашықтығын реттеу үшін оның бүйірінде орналасқан кремальерді 9 пайдаланады. Дүрбіні бір затқа нысанаға келтіруүшін бекіткіш 10 және жетекші 11 бұрандалар
қолданылады. Цилиндрлік деңгей көпіршігін нуль пунктке келтіру элевациондық тетікті 2 бұрау арқылы жүзеге асырылады. Дөңгелек деңгей 12үш түзеткіш бұрандамен 13 жабдықталған. Аспап тұрағының 1 үш көтергіш
бұрандасы 14 болады.
Көру дүрбісінің көру алаңына деңгей көпіршігінің шеткі көрінісі шығарылған. Көпіршіктің нөл – пункт көрсетуінде жартылардың көріністері 23,б суретте көрсетілгендей, қиылысуы тиіс.
Арттыруларды анықтауда рейкадан есеп алуды ортаңғы жіп арқылы жүргізіледі. Ескере кететін жәйт: көру дүрбісі бізге нәрсенің кері көрінісін береді. Соған байланысты дүрбісінің көру алаңында есептер жоғарыдан төмен қарай өседі. 23,б-суретте есеп 1145-ке тең.
Нивелирдің көру дүрбісінің жіп торларында алыс өлшер штрихтары да бар.
Алыс өлшердің жіптің коэффициенті к =100
Суретте орташа штрих бойынша есеп 1552, ал алыс өлшер штрихтары бойынша 1513, 1591.
23 сурет. Нивелир Н-3: а – нивелир жабдықтары; б – көру алаңы.