Теодолит 2Т30

Теодолит Т30 модификациясы. Мұнда аспаптың кейбір сипаттары жақсартылған: көру құбырының үлкейтілуі 20х тең. Көлденең дөңгелек алидадаксы кезіндегі деңгейінің бөлу бағасы 45² құрайды, аспап салмағы 0,2 кг азайтылған.

Теодолит 2Т30 есептеу құрылғысында бөлу бағасы 5¢ болатын микроскоп қолданылған. Мұндағы есептеулер бағанның бөлуінің оныншы деңгейіне дейін, яғни 0,5¢-ке дейін. 13а-суретінде көлденең дөңгелек бойынша есептеу 8°+ 0,7*5¢=8° 3,5¢-тең, ал 13б-суретінде – 111° 35¢ + 0,5*5¢ = 111° 37,5¢.

Тік дөңгелек бағанның (13 сурет) екі қатар цифрлеуі бар: жоғарғы қатар бойынша «+» белгісімен, төменгі қатар бойынша «-» белгісімен. Жоғарғы қатар таңбаларын цифрлеуді бағанды «+» белгісі бар штрих лимба кесіп өткен кезде қолданады. Баған таңбалары бұл жағдайда солдан оңға қарай өседі. 13а суретінде тік дөңгелек бойынша есептеу 1° 35¢ + 0,3*5¢= 1°36,5¢-ке тең. Егер штрих лимбаның «-» белгісі бар таңбасы болса, бағанның төменгі цифрлеуі қолданылады, ондағы таңбалар оңнан солға қарай өседі. Сонымен, 13б суреттегі тік дөңгелек бойынша есептеу – 0° 40¢- 0,5*5 ¢= - 0°42,5¢-ке тең.

 

20 сурет Теодолит 2Т30 микроскоппен көру ауданы:

а – көлбеудің оң бұрышы; б – көлбеудің теріс бұрышы.

 

а) б)

21 сурет Теодолит 2Т30-дың құбырының орналасуы:

а – оң жағы; б – сол жағы.

Бақылау сұрақтары

1. Теодолиттің негізгі бөліктерін атаңыз

2. Теодолиттер қалай жіктеледі?

3. Теодолиттің вертикаль осін қалай тік бағытқа келтіреді?

4. Сәулелік оптикалық қондырғыларға теодолиттің қандай бөлігі арналған?

5. Теодолитті тексергенде қандай талаптар қаралады?

6. Электронды теодолиттер арқылы не өлшенеді?

7.Теодолит Т30 модификациясы.

 

 

Тәжірибелік жұмыс № 12

Қателік жүйелері.

Сілтеме: НеумывакинЮ.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж

Жұмыстың мақсаты: Жүйелі қателіктердің механизмдік іс-әрекетін ұғыну және оларды өлшеу нәтижесінен шығарылу әдісін анықтау.

Құрал-жабдықтар: калькулятор,есеп және жұмыс дәптері.

Тапсырма. 16-кестеде шын қателіктер келтірілген Di бірнеше рет өлшеген ұзындықтың кесіндісі. Кестеде көрсетілген жүйелік қателіктер бөлігін өлшеу және шығарып алу.

Жұмыстың мазмұны мен жүрісі:

Анықталған көлемді өлшеген кезде оны басқа қабылданған бірлік өлшем көлемімен салыстырады. Өлшеу нәтижесі- өлшенген көлем мен бірлік өлшем арасындағы сандық қатынасты көрсететін сан. Өлшеу нәтижесі l кей жағдайда шын мәндегі X анықталған көлемнен біраз айырмашылықта болады, олардың арасындағы айырмашылықты шын жүйелі қателік деп атайды.

D= l – X (17)

Өлшеудің нәтижеге сипаты бойынша әсер етуіне қарай қателіктерді жүйелі және кездейсоқ деп бөледі.

Жүйелі деп нәтижесінде математикалық тәуелділік бойынша кіретін өлшем қателіктері.

Жүйелі қателіктердің мынандай түрлерге бөлінеді: тұрақты және біржақты әрекет етуші.

Өлшемдердің нақты шартында біруақытта жүйелі қателіктердің толық (бірнеше) қатары әрекет етеді.Бұл қателіктердің мәнін тәжірибе жүзінде анықтау мүмкін емес, сондықтан олардың біріккен әсерін орташа арифметикалық түрде анықталады. λ = (18)

мұндағы n – қателік (өлшем) саны.

16-кесте Өлшеу дәлдігін бағалау және қателіктерін зерттеу.

№ өлш DI, см hI= DI-l hi2 № өлш DI, см hI=DI-l hi2 № өлш DI, см hI=DI-l hi2
+2 +3,3 10,89 -3 -1,7 2,89 -6 -4,7 22,09
+1 +2,3 5,29 +1,3 1,69 +1 +2,3 5,29
-1 +0,3 0,09 +4 +5,3 28,09 -4 -2,7 7,29
-5 -3,7 13,69 -1 +0,3 0,09 +5 +6,3 39,69
-3 -1,7 2,89 -11 -9,7 94,09 -5 -3,7 13,69
+5 +6,3 39,69 -3 -1,7 2,89 +2 +3,3 10,89
+1,3 1,69 +3 +4,3 18,49 +1,3 1,69
-4 -2,7 7,29 +1,3 1,69 -8 -6,7 44,89
сумма -5 +5,4 81,52 сумма -11 -0,6 149,92 Сумма -15 -4,6 145,52

Ескерту. Қима өлшемінің қателік жүйе бөлшегін (18) формула бойынша есептейміз. Ол үшін 2 графа бойынша қателіктердің сомасын санаймыз және есептейміз. l = (-5-11-15)/24 = -31/24 = -1,3.

Алынған мәнді қолдана отырып жүйелі бөлшекті алып тастаймыз, және hi=Di-l анықтаймыз. Алынған мәнді 3 графаға жазамыз.