Сурет. Шартты белгілер

а-контурлық; б-сызықтық; в-масштабтан тыс; г-арнайы (түсіндірме); 1-орман, 2-кесілген ағаштар, 3-шалғын, 4-жемісті бақ, 5-асфальт жол, 6-темір жол, 7-байланыс жүйесі, 8-электр өткізгіш жүйе, 9-газ трубасы, 10-ағаш көпір, 11-желдермен, 12-зауыт фабрика, 13-киллометрлік діңгек, 14-трангуляция пункті, 15-трасса, 16-су жүйесі, 17-канализация,18-су жинағыш коллонка, 19-фонтан.

 

Жер бетіндегі заттарды планға масштабпен кішірейтіп салу үшін қолданылатын шартты белгілерді контурлық деп атайды.

Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және оладың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және шын мәндегі сулбаға ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.

Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар объекті өсін оның табиғи орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.

Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы , көпірді ұзындығы мен көтеруілігі, геодезиялық пункттердің, ормандағы ағаштардың жанында жазылған сандар, т.б. түсіндіргіш белгілеріне жатады.

Елді-мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т.б.аттары толық жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз-вокзал; ск-скважина; қ-құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардағы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өзіне сәйкес болып келеді; Мәселен: ормандар-жасыл, су-көк, жер бедері-коңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері-қара бояулармен боялады.

Жер бедері және оларды пландар мен карталарда бейнелеу:

Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинағын жердің бедері дейді.Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтығын геодезияда ситуация дейді.

Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері–шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.

Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктіктерді жазу арқылы бейнеленеді. Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.

Тау бір-біріне параллель жазықтықтармен қиылып, біркелкі қиылысу нүктелері планда тұйық сызықтар арқылы бейнеленген.

 

Бейнелеу кезінде жер беті бедерінің төмендегідей негізгі түрлері ерекше көзге түсуі.

1) тау, төбе – айналадағы жазық кеңістік пен биік көсетілген, күмбез, конус тәрізді жер бедері. Оның төбесі, беткейі және етегі болады.

2) қазаншұңқыр- жер бетіндегі қазанға ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйіріліп беткейі, кернеуі болады.

3) жота, тау – жотасы–бір бағытта созылып жатқан таудың не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады.

4) өзен – екі таудың, жотаның арасындағы созылып жатқан, су жататын ойыс, оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Өзектің ең төменгі нүктлері арқылы жүргізілген сызықты – су ағар (тальвет) деп аталады.

5) қайқы, бел – асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады.

6) жыра – жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы жарлардың тереңдігі 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ сызықтармен белгіленеді.

Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері, т.б. жатады. Горизонтальдарға перепендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықтар – бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңқырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрылысының ішінен қойылады. Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады.

Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды (заложение) табан деп аталады. Егер горизонтальдар бір-біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алыс болса онда беткейдің жатық болғаны.

Іргелес орналасқан горизонтальдар биіктігінің айырмышылығын (һ) қима биіктігі деп аталады. Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен релбефтің күрделілігіне тікелей байланысты. Осыған орай әртүрлі масштабтағы карталар үшін төмендегідей қима биіктіктер (һ) қабылданған.

 

Масштабтар 1:500 1:1000 1:5000 1:10 000 1:25 000
Һ   0,5 0,5 1,0 2,0 5,0
Рельеф күрделі болса   1,0 2,5 5,0 10 т.б.

 

Жер бедерінің халық щаруашылығының қай салсына болсын тигізетін әсері зор. Әсіресе, тау-кен жұыстарын ашық әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды.

Горизонтальдардың қасиеттері және оларды биіктіктер арқылы жүргізу:

Жердің бедерін кескіндейтін горизонтальдың мынадай қасиеттері бар:

1. Бір горизонтальдың бойына жатқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады.

2. Тұйықталған горизонталь төбе не қазаншұңқырларды білдіреді. Оларды бергштрихтар немесе жазулар арқылы айыруға болады.

3. План мен карталардағы горизонтальдар үздіксіз болуы тиісті.

4. Горизонтальдар бір-бірімен қиылыспайды.

Горизонтальдар арасындағы қашықтар еңістің қаншалықты құлама екенін білдіреді, яғни құлама бұрышын-ν көрсетеді.

Топографиялық түсірістер нәтижесінде жер бетіндегі нүктелердің пландық орны мен биіктіктері алынады. Осы нүктелер биіктіктері негізінде жердің бедері горизонтальдар арқылы бейнеленеді. Ол үшін ең алдымен жер бедері қимасының биіктігі таңдалып алынады. Содан кейін бір еңістікте жатқан нүктелер түзу сызықпен қосылады да, сол сызықтар бойынан жер бедері қимасының биіктігіне сай келетін нүктелер табылады. Бұл әрекетті интерполяциялау деп атайды.

Іс жүзінде интерполяциялау үшін миллиметрлік қағаздың орнына паралель сызықтар жүргізілген мөлдір қағаз (калька) жиі қолданылады. Калькадағы паралель сызықтарды жер бедерінің қималары мен пландағы нүктелердің биіктіктеріне сай етіп цифрлайды.

Горизонтальдар арқылы топографиялық карталар мен пландарда есептерді шешу:

Горизонтальдар арқылы мынандай есептер шығарылады:

1) Нүктелердің биіктіктерін анықтау;

2) Жердің профилін сызу;

3) Құламаның тігін анықтау;

4) Су жиналу ауданының шекарасын анықтау;

5) Картадағы шартты белгілерді оқып-білу, т.б.

 

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1. Жердің пішіні қандай?

2. Жердің көлемі немен сипатталады?

3. Жердің физикалық және деңгей беттері дегеніміз не?

4.Жердің негізгі сызықтарын атаңыз?

 

Әдебиеттер:

1.Қалабаев К.Б., Нурпейсова М.Б., Жарқымбаев Б.М. «Картамен жұмыс істеу» Алматы:

КазПТИ 1990. 12б.

2.Селиханович В.Г. «Геодезия» М.: Недра, 1981ж.

 

 

Дәріс №6. Пландар мен карталардың номенклатурасы.

Дәріс мақсаты: Топографиялық карталардың тармақталуы мен номенклатурасы. Жер бетін цифр түрінде бейнеленуін студенттерге түсіндіру.

Кілт сөзі:Карта, план, номенклатура, трапеция, планшет, әріптер, картография.

Қысқаша мазмұн:

Пландар мен карталарды пайдалану қолайлы болу үшін олар белгілі бір жүйемен белгіленеді. Әрбір планды, картаны белгілеу (нөмірлеу) жүйесін-номенклатура дейді.

Халықаралық географиялық конгрестің шешімі бойынша миллиондық (1:1000000) масштабтағы карталар жасалынып, оның трапециясының мөлшері бойлық бойынша 6°, ал ендігі 4° болып тағайындалған. Демек Гринвич меридианнан бастап жер шарын 6°-тық бойынша меридиандармен бөлсек, зоналар шығады. Егер зоналарды белгілеу нөмірлеу Гринвия меридианынан бастамай бойлығы 180°-тың меридианнан бастап, сағат тілінің бағытына қарсы нөмірлесе, онда колонна деп атаймыз. Сонда әрбір зона нөмірінің оған сәйкес колонна нөмірінің айырмашылығы 30-ға тең болмақ. Яғни, 37 колонна 7 зона, ол 43 колонна 13 зона болып кете бермек.

4° сайын жүргізілген параллельдер экватордан бастап латын алфавитінің бас әріптерімен солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай белгіленеді, яғни эллипсоидында трапециядан тұратын картографиялық тор құрылып, әрбір трапеция қатарлары әріппен және колонна нөмірімен белгіленеді. Мысалы, Москва 37 трапециясында, ал Алматы K-43 трапециясында орналасқан. Бұл трапециялар картаға 1:1000 000 масштабпен салынған. 1: 500 000 масштабтағы картаны алу үшін әрбір миллиондық (1:1000 000) трапецияны меридианмен параллель арқылы төрт бөлікке бөліп, әрқайсысын А, Б, В, Г әріптерімен белгілейді

(8-сурет). Бөлетін трапециялардың номенклатурасы K-43-A, K-43-Б, т.б. болады.