А-сурет. Профиль.

Кесте

Кесте

Жер қисықтығының әсерінен горизонталь ұзындықтарды өлшегенде кететін қателер.

D, км
∆d, м 0,008 0,028 0,066 0,13 1,02 8,14
∆d/D 1:1200000 1/54000 1/304000 1/95000 1/49000 1/12000

Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады: егер АВ доғасын АВ жанама кесіндімен аыстырсақ, онда 10км-ге дейінгі арақашықтықты өлшегенде, осы ұзындығынан 1/106 есе кем қате жіберіледі. Демек, радиусі 10 км-ге тең шеңбердің ауданында жердің деңгейлік бетінің қисықтығының горизонталь арақашықтар үшін іс жүзінде маңызы жоқ. Инженерлік есептерді шешкен кезде геодезида жазықтық үшін 20км-ге тең деңгейлік бет учаскесіналуға толық болады, өйткені жердің пішіні оның қисықтығының әсеріне қарамай, қатесіз кескінделеді. Енді 8-формуладағы D-ға әртүрлі шамалар бере отырып, ∆һ қателерініңде мәндерін анықтауға болады (3-кесте).

Жер қисықтығының әсерінен биіктерді өлшегенде кететін қателер.

D, км 0,1 0,4 0,6 0,8
∆һ, см 0,078

Бұдан, инженерлік мақсаттар үшін жүргізілетін геодезилық өлшеулерде (техникалық нивелирлеу кезінде) жер беті нүктелерінің биіктігін көбіне 1км-ге 2см-ден аспайтын қателікті жобалап, салыстырмалы түрде жоғары дәлдікпен анықтау қажет. Демек, нүктелер биіктерін анықтамаған жердің қисықтығын, горизонталь арақашықтар - D аз болса да, ескермеуге болмайды.

 

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1. Геодезияда қолданылатын координаталар жүйелеріне анықтама беріңіз.

2. Геодезияда қандай проекциялау әдістері қолданылады?

3.Жер қисықтығының горизонталь және вертикаль арақашықтықтарға тигізетін әсері?

4.Нүктелердің абсолют және шартты биіктіктері дегеніміз не?

5.Нүктелердің салыстырмалы биіктігі дегеніміз не?

 

Әдебиеттер:

1.Селиханович В.Г. «Геодезия» М.: Недра, 1981г.

2. Нурпейсова М.Б. «Геодезия» Алматы-2005ж.

 

 

Дәріс № 4. Жер бетін жазықтықта бейнелеу.

Дәріс мақсаты: План, карта, профиль. Масштабтар мен олардың дәлдігін студенттерге түсіндіру, көрсетіп үйрету.

Кілт сөзі:Карта, план, ірі масштаб, профиль, қима, сандық, сызықтық, паралель.

Қысқаша мазмұн:

Жер бетінің және оның жеке бөлшектерінің кішірейтіліп, арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазықтық бетке кескінделуін карта дейді. Ал, шағын аймақтың дәл осындай кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план деп атаймыз. План мен карталардың біздің халық шаруашылығымыздың қай саласында болсын атқарылатын рөлі зор. Жерге байланысты ғылыми және практикалық жұмыстар ең алдымен карта арқылы сол территорияны жете зерттеу қажет, яғни зерттеу объектісін белгілеп, жүретін маршруттарды, жолдарды, т.б. қағаз бетіне (планға) түсіру керек. Жергілікті жердің территориясын зерттеп, көптеген жаңалықтар енгізіліп, бұрынғы карта мен план толықтырылады.

Демек, барлық жүргізілген жұмыстар картадан, планнан шығады және картаға (планға) түседі, картадан (планнан) басталады да, картамен (планмен) аяқталады.

План мен картаның негізгі ерекшеліктері:

1. Планда жердің шағын аймақтары үлкен масштабпен алынса, 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен 1:50000, 1:100000 алынады.

2. Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады, ал план бетінде тік бұрышы координаталардың толық кескіні ғана болады.

3. Планда жердің дөңестігі ескерілмейді. Кескіндеу масштабы планның барлық бағытында тұрақты болса, картада ол тек меридиандар мен параллельдер бағытында ғана сақталады.

Жер бетін план мен картадан басқа профиль деп аталатын жердің вертикаль бағыттағы кесіндісі арқылы бейнелеп көрсетуге де болады (5,а сурет).

Жалпы алғанда профиль көлденең кескіннің (қиманың) дербес (жеке) түрі болып есептелінеді. Жер қыртысының бетінен оның терең қабаттарына дейінгі аралығының тік бағыттағы (вертикаль) көрінісін қима немесе көлденең кескінді дейді.

Қималар әрқашанда горизонталь және вертикаль масштабтарда сызылады. Жол және әртүрлі құрылыс салуда, сол жердің рельефі мен геологиялық құрылысы арасындағы байланысты анықтау қажет болғанда, қиманың вертикаль масштабы горизонталь масштабпен ондаған, кейде жүздеген есе үлкейтіліп (іріленіп) сызылады. Мәселен, горизонталь масштаб 1:5000 болса, оның 1:500 болып келеді.

Қималар(5,ә сурет). геологияда маркшейдер және тау-кен ісінде пайдалы қазбалардың орналасуын анықтауға, ізденіс және барлау, сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді.

5,б-сурет. Қима.

 

Масштабтар мен олардың дәлдігі:

Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб арқылы кішірейтіліп кескінделуі.

Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.

Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік арақашықтық планға 1см-лік кесінді түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сызық масштабтар1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10000, т.б. ірісінен ұсақтарына қарай, қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планға арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандық масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады. Бірінші мысал: Жер бетіндегі сызықтың проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275:5000, 00. 055м 5, 5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді.

Екінші мысал: 1:2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі ұзындығы 6,5 Ч20000·13000см 130м.

Іс жүзінде есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық, көбінесе көлденең масштаб қолданылады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнеленуін–сызықтық масштаб дейді.

Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығуы. Масштаб негізі әдетте 1 см-ге тең болып келеді (6– сурет). Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ ұшы 0-деп белгіленеді.

6-сурет. Сызықтық масштаб.

Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің ұсақ бөлшектерінің аралығын көл мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб қолданылады. 1:5000 масштабына сәйкес келетін көлденең масштаб 7-суретте көрсетілген.

7- сурет. Көлденең масштаб.

Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2 см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, , олар төменге түзу сызықтан бастап әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғаларға «10-ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар суреттегідей қиғаш сызықтармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bo» кесіндісі «ВО» -ның 1/10 не, яғни 0,2мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:

(9)

мұндағы a-масштаб негізі 2 см; n- масштаб негізі бөліктерінің саны;

m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны.

Мысалы: 1:1000;1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Карта дегеніміз не?

2. План дегеніміз не?

3. Карта мен планның негізгі ерекшеліктері?

4.Масштаб дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз?

Әдебиеттер:

1.Қалабаев К.Б., Нурпейсова М.Б., Жарқымбаев Б.М. «Картамен жұмыс істеу» Алматы:

КазПТИ 1990. 12б.

2.Селиханович В.Г. «Геодезия» М.: Недра, 1981ж.

Дәріс №5. Пландар мен карталардың шартты белгілері.

Дәріс мақсаты: Пландар мен карталардың шартты белгілері. Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу. Горизонтальдардың қасиеттері және оларды биіктіктер арқылы жүргізу. Горизонтальдар арқылы топографиялық карталар мен пландарда есептерді шешуді студенттерге үйрету және түсіндіру.

Кілт сөзі: тау, жота, маркшейдер, шартты белгілер, ойпат, сай, өзен, су, канал, жолдар, рельеф, интерполяция.

Қысқаша мазмұн:

Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман-геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады.

Топографиялық картадағы шартты белгілер: карталарды түрлі түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйеден тұрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердің әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлық белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің және ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді. (8-сурет)