Азан революциясына дейінгі зерттелуі

Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, калыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шүғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалек-тологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.

Революцияға дейінгі түркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер мен оның диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топка бөлуге болады:

а) В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды;

ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиоранский, М. Терентьев т.б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады.

Қазақ тіліндегі сөйленістерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар революциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш.Уәлиханов, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Лаптев т.б.) бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсқаларында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық жинакталып қорытылған жоқ.

Кеңес дәуірінде зерттелуі

1. Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.

Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы — ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді. Оның "Еңбекші қазақ" газетінің 1926 ж. 9-наурызындағы санында "Тіл туралы" деген көлемді мақаласы жарияланған.

Осы күні ғалымдар қолданып жүрген "Жергілікті тіл ерекшеліктері" деген атауды алғашқы колданған Ж. Аймауытов.

КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет Алматы облысының Кеген, Нарынқол; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал; Қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедияциялар 1939 жылы Мақтаарал, Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып, материал жинады. Міне, осы кезден бастап күні бүгінге дейін Қазақ-станның әрбір аудандарына жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар шығарылып келеді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс біржола тоқтап қалған жоқ. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып, материал жинаған. 1944 жылы Ж. Досқараев "Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері" деген тақырыпта кан-дидаттық диссертация қорғады.

Соғыстан кейінгі жылдары тіл ерекшеліктерін жинап-зерттеу жұмысының көлемі әлдеқайда артты. Диалектологиялық экспедициялар бұрын болмаған көптеген басқа аудандарда болып, бірнеше рет материалдар жинады. Қазіргі кезде республиканың оңтүстік, батыс аудандары тіл жағынан едәуір зерттелді деуте болады. Ал орталық, шығыс аудандары соңғы жылдарда ғана колға алына бастады. Қазір олардың бірсыпырасында диалектологиялық экспедиция бірнеше рет болып қайтты. Бұл жерде әлі де болса кейбір орталық, солтүстік аудандардың жете қамтылмай келе жатқанын айта кеткен жөн.

Тіл ерекшеліктерін жинау жұмысын ұйымдастыруда 1945 жылы КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл жөне әдебиет институтында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттейтін арнаулы бөлім қүрудың зор мәні болды. Бұл бөлім қазіргі кезде бүкіл республика көлеміндегі диалектологиялық зерттеу жұмысын басқарып отыр. 1956 жылы "Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сүраулық" жарық көрді. Алғашқы тәжірибе екендігіне қарамастан, сұраулықтың тіл ерекшеліктерін жинауда әжептәуір көмегі тиді. 1959 жылы бұл сұраулық толықтырылып, кайта басылып шықты.

Сонымен бірге Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты диалектологиялық зерттеу жүмыстарына арнап, ғылыми жинақтар шығарып келеді. Бұл жинақтарда республикадағы және одан тыс жерлердагі қазақ тілі ерекшеліктері мен кәсіби сөздері туралы материалдармен бірге тіл тарихының да әр түрлі мәселелері қамтылды.

1950 жылдардың орта тұсынан бастап қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинап зерттеу жұмысында жаңа бетбұрыс басталды. Бұған дейін пікір таласының шарпуы тиіп, қүлаш жая алмай келген қазақ диалектологиясында енді зерттеу жұмысына тікелей кірісуге мүмкіндік туды. Жалпы қазақ диалектологиясындағы қол жеткен табыстардың басым көпшілігі 1950 жылдардың орта тұсынан кейінгі уақыттың ішінде іске асылуы кездейсоқ емес. Оған дейін казақ диалектологиясының зерттелу дәрежесі жеке мақалалар аясынан шыға алмай келсе, енді алғашқы көлемді монографиялық енбектер, сездіктер пайда бола бастады. Мысалы, Ж. Досқараев 1955 жылы "Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері" (лексика) деген атпен диалектологиялық сөздік шығарды,

С.Аманжоловтың 1959 жылы «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» деген атпен көлемді монографиясы жарык көрді.Бүл еңбектерде тіл ерекшеліктері нақты зерттелумен бірге диалектілік лексикографияның алғашқы үлгілері жасалды. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясына арнап жеке жинақтар шығарып отыру мәселесі де осы кезенде қолға алынды.

1953 жылдан бастап қазақ диалектологиясын зерттейтін маман кадрлар көбейе бастады. Қазак, тіл біліміне келген жас мамандардың бір тобы халықтық сөйленістерді зерттеуге белсене кірісті. Соның нәтижесінде жеке сөйленістер туралы монографиялық еңбектер жазылды.

 

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Орыс түркологтарының қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер туралы пікірлері қандай?

2. Диалектілер туралы ең алғашқы мақала авторы

3. Қазақ диалектологиясы ғылымының іргетасын қалағандар кімдер?

 

Әдебиет:

1. Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.

2. Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.

3. С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.

4. Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.

5. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.

6. Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.

7. Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.

8. С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.

9. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.

10. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.

11. Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.

 

14-тақырып. СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫ

Дәріс мақсаты: С.Аманжоловтың диалектология ғылымына сіңірген еңбегімен таныстыру.

 

Сұрақтар:

 

1. Аманжолов Сәрсен Аманжолұлының өмірбаяны

2. Ғылымыи мұрасы.

3. Диалектология саласындағы еңбектері

Қазақтың аса көрнекті тілші ғалымы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бір, ҚР Ғалым, көрнекті тілші ғалымы академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Аманжолов 1903 ж. 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Егінсу деген жерде туған. 1916 жылы Шыңғыстай орыс-қазақ мектебін, 1920 жылы Семейдегімұғалімдік курсты, 1930 жылы Ташкенттегі педагогика факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді.

1931 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтке оқытушылық қызметке келді. 1931 жылы бұл институтта әрі асперант, әрі ассистент болып, 1932 жылдан доцент қызметін атқарды. 1931 жылдан педагогикалық институтте лекция оқып, 20 жыл бойы сол институттағы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болумен қатар, басшылық қызметтер де атқарды. Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу институтының тұңғыш директоры, Одақтық Ғылым академиясының Қазақ филиалында тіл мен әдебиет секторының меңгерушісі (1937-1942) болды.

С.А. Аманжолов осындай ұйымдастыру-басшылық жұмыстарын атқара жүріп, негізінен ғылыми еңбектер, оқулықтар жазу ісімен шұғылданды. Ол – ғылымда құлашын кең сермеген шығармашылығы жан-жақты адам. Сондықтан Одақтың Оқу министрлігінің жанындағы жоғарғы аттестациялық комиссия С.Аманжолвқа доцент атағымен қоса, қорғамай-ақ филология ғылымының кандидита дәрежесін берді. Осы жылдардың ішінде ғалым қазақ тілінің сырына әбден қанық болып, оның барлық салалаларын ддерлік зерттеді.

С.Аманжолов осындай шығармашылық өрлеу үстінде жүргенде, Ұлы Отан соғысы басталып, өз тілегімен майданға аттанады. Карел майданында үгітші (1942-1944), Кеңес Армиясында (1944-1946) қызмет етті.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Мәскеуде Ленин атындағы кітапханада «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» атты докторлық диссертациясын қорғады. Ғалымның бұл еңбегі – елімізбен қатар шетелдерде де кең танымал болған көрнекті табыстардың бірі.Қазақ филологиясына үлкен еңбек еткен профессор С.А. Аманжоловтың ғылыми қызметі бағаланып, 1954 жылы республика ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

 

С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы

Профессор С.А Аманжолов 1925 жылдан бастап филология ғылымының әр түрлі мәселелерімен тұғылдана бастаған. Оның қаламынан көлемі 500 баспа табақтай 200-ден аса еңбегі басылап шықты, қалғаны қолжазба күінде сақталған. С.Аманжолв зерттемеген қазақ тіл білімінің саласы жоқ денсек артық болмайды. ғалымнаң негізгі еңбектерін 6 салаға бөліп қарауға болады.

І Жалпы тіл білімі және қазақ тіл білімінің мәселелері

ІІ Тіл тарихы мен диалектология. Түркология.

ІІІ Қазіргі қазақ тілі

ІҮ Мектептерге арналған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалар

Ү Тіл және әдебиет Әдебиет пен фольклор.

ҮІ Тарих. Археология және этнография.

С.Аманжоловтың диалектология саласындағы еңбектері

30-шы жылдардаң аяғына дейін үлкен еңбектерімен танылған С.А. Аманжолов қазақ тілінің фактілерін басқа түркі тілдерімен салыстыра зерттеп, көрнекті түрколог деген атаққа ие болды. Ол еңбек, қырғыз қарақалпақ, башққұрт, алтай чуваш, якут т.б. түркітілдерін жақсы білгендігін былай қойғанда, парсы, араб тілдерін де тәуір білген.

1948 жылы «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, осы жылы С.Аманжоловқа профессор деген атақ берілді. Ғалымның бұл еңбегінде қазақ тілі дара қалпында алынбай, басқа да көптеген түркі тілдерімен салыстыра зерттелді. Мұнда тек диалектология мәселесіғана емес, қазақ халқының ертедегіжәне кейінгі тарихы, этнографиясы, мәдени мұрасы да терең, кең көлемде қамтылды. Сол арқылы қазақ тілінің сипаттама диалектологиясы мен тарихи диалектологиясының негізін салды.

Профессор С. Аманжолов өмірінің соңғы кезінде қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы екінші кітабын жазуға кіріскен еді. Ол Алматының Абай атындағы педагогикалық институтындағы тарих-филология факультетінде қазақ тілі тарихы курсынан лекция оқыды. Негізгі еңбектері:

Қазақ тіліндегі диалектілер туралы мәселеге (1940, мақала, орыс тілінде)

Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері (1948, докт. дисс. қолжазбасы, орыс тілінде)

Қазақ диалектілерін меңгеру тарихына (1948, мақала, орыс тілінде)

Көне түркі жазба ескерткіштері және олардың қазіргі түркі тілдеріне қатысы туралы (1957, қолжазба, орыс тілінде)

Қыпшақтың тайпалық одақ тілі туралы (1957, қолжазба, орыс тілінде)

Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері (1959, орыс тілінде)

Қазақ тілі тарихына материалдар (мәтіндер, қолжазба, орыс тілінде ) т.б.

 

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. С.Аманжоловтың докторлық дисссертациясы қалай аталады?

2. С.Аманжоловтың диалектология саласындағы негізгі еңбегін ата.

3. Ғалымның еңбектері қандай салаларға бөлінеді?

 

Әдебиет:

1. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.

2. Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.

3. Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.

4. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.

5. С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.

6. Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.

7. С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.

8. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.

 

15-тақырып. ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖИНАУ ТӘСІЛДЕРІ

Дәріс мақсаты: Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап-зерттеу жолдарымен таныстыру

 

Сұрақтар:

 

1. Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері

2. Диалектологиялық материалдарды құжаттандыру

3. Фонетикалық транскрипция

4. Лингвистикалық география

Қазіргі диалектологияның алдында тұрған міндет, негізінен, екі саладан тұрады: бірінші, сөйленістердің тіл жүйесін барлық жағынан сипаттай отырып, арнайы зерттеу; екінші, тілдегі сөйленістердің өзара қарым-қатынасын, байланысын, тараған аймағын анықтай отырып, толық классификациясын жасау. Бұл міндеттер тек қазақ диалектологиясы үшін емес, жалпы қазақ тіл білімі үшін маңызды болып табылады. Өйткені қазақ тіл білімінің диалектологияға қатысы бар мәселелерінің түбегейлі шешілуі тікелей осыларға байланысты.

1. Байқау тәсілі. Диалектілер мен сөйленістерді зерттеудегі ең негізгі материал жергілікті халық тілінен тікелей жиналған материал болып табылады. Халық тілінен материал жиюда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Солардың бірі - байқау тәсілі. Байқау әдісі екі түрлі кезеңге бөлінеді: алдын-ала жалпы байқаужәне негізгі нысан бойынша тікелей байқау. Диалектолог жергілікті жерге келген бетте-ақ байқаған ерекшеліктерін жазып алуға асықпауы керек. Қайта, ол біраз уақыт жай тыңдап, жергілікті халық тілі жайында жалпы түсінік алуға тиіс. Бұл, біріншіден, зерттеушінің жергілікті халық тілінің қай жағына өте-мөте көңіл аудару керектігін анықтауына, кейбір нәзік ерекшеліктерді аңғартатындай болуына, екіншіден, өз мақсатына сай болашақ байқау нысандарын тыңдап алуына, үшіншіден, жергілікті адамдармен танысып жақындасуына, халық өмірін неғұрлым жетік білуіне мүмкіндік береді. Жалпы байқау мөлшері зерттеу мақсатына байланысты. Егер тұтас сөйленіс зерттелетін болса, жалпы байқау мерзімі ұзағырақ болғаны жөн.

Алдын ала байқаудан соң, зерттеуші өз мақсатына сай тікелей байқау әдісіне ауысады. Ол енді жалпы байқау кезінде белгілеп алған адамдармен жұмыс істей бастайды. Мұның өзінде әңгімелесу, тыңдау, сұрақ қою сияқты әр түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл тәсілдер қалай болса солай қолданыла бермейді, әрқайсысының орны, реті бар. Мәселен, әңгіме кез келген адаммен емес, алдын-ала белгіленген адамдармен ғана өткізіледі.

Сұрақ қою тәсілікөбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т.б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады. Сұрақ қою үстінде білгісі келіп отырған тұлғаны не зат атауын зерттеушінің өзі айтып қоюдан сақтану керек. «Сіздерде былайша айтыла ма?» , «Мұндай сөз қолданыла ма?» деп сұрақ беру орынсыз. Мұндай сұрақтарға жоқ, бар, не айтылады, айтылмайды деп жауап қайтаруы мүмкін. Ал егер зерттеуші затты көріп тұрып, «Бұл қалай аталады ?», «Бұл не ?» деген сұрақ берсе, білгісі келген сөзді я тұлғаны естиді. Сондықтан сұрақ мүмкіндігінше тікелей емес, жанама түрде қойылғаны жөн.

3. Ауыл жайында мәлімет жинау.

Материал жиюшы өзі зерттеп жүрген ауылға да көңіл бөлуі керек. Оның қай облысқа, ауданға, ауылдық әкімшілікке қарайтыны, дәл аты (ресми атынан басқа жергілікті аты), өзінде не маңында өндіріс, кәсіпорны бар, теміржолға, қалаға, аудан орталығына алыс-жақындығы, қандай мәдениет орындары бар, олар қашаннан бері жұмыс істейтіні т.б. жөнінде толық мәлімет берілу керек. Сол сияқты ауылдың және оның тұрғындарының тарихына байланысты материал жинау да қажетті жұмыстардың бірі.

Диалектологиялық материалдарды құжаттандыру

Аса бір жауапты істің бірі─диалектологиялық материалды дұрыс құжаттай білу. Әрбір диалектілік ерекшелікке бөлек сауалнама толтырады. Диалектологиялық материалды сауалнамаға түсірмес бұрын ұқыпты түрде дайындап алу керек. Дәл айтылуы, жиі, сирек қолданылатыны, қандай адамдардың (қарт, жас) тілінде кездесетіні жайында материал толық болу керек. Күдікті жері әбден салыстырылып тексерілгені жөн. Диалектілік ерекшеліктер (әсіресе грамматикалық, лексикалық, мағыналық) сөйлем ішінде берілуі керек, онсыз өзгешеліктердің қолданылу үстіндегі, мағынасындағы және басқа сөзбен байланысынан туатын өзіндік ерекшелігін білу қиын. Сол себепті берілетін сөйлем ерекшеліктің жоғарыдағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретіндей болуы керек.

Фонетикалық транскрипция

Диалектологиялық жазбада тілдік ерекшеліктер мүмкіндігінше айтылған қалпында дәл берілуі керек. Бұл үшін фонетикалық транскрипция пайдаланылады. Фонетикалық транскрипция, әсіресе фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерді жазуда өте қажет. Қазақ тіліндегі ерекшеліктерді беруде шартты түрде біраз қосымша таңбалар қосып, қазіргі қазақ әліпбиін пайдалануға әбден болады. Тәжірибеде мынандай қосымшалар пайдаланып жүр:

А-а және ә дыбыстары аралығында айтылатын, жіңішкеруге бейім дыбыс, көбінесе басқа тілдерден енген сөздерді жазуда қолданылады: айал, адауір.

йЕ- ашық дифтонг, кейде сөз басындағы едыбысының құрамында аздап й- дің қатысы барлығын білдіреді. Мысалы: йел, йекі.

уО- ашық дифтонг, кейде сөз басындағы о дыбысының құрамынды аздап у-дың қатысы барлығын білдіреді. Мысалы: уол, уоқу.

уӨ-ашық дифтонг, кейде сөз басындағы ө дыбысының құрамында аздап у-дың қатысы барлығын білдіреді. Мысалы: өмір, өкініш.

Ж(ж) - аффрикат дифтонг. Сөз басындағы ж дыбысының қатаңға жақындап, шұғыл айтылатынын білдіреді. Мысалы: жол, жылқы.

>-дыбыстардың бір-біріне ауысуын білдіреді. Мысалы: қ>у (қыстақ-қыстау).

/ -дыбыстардың алмасуын білдіреді. Мысалы: Ш/ч (шапан- чапан), б/п (болат-полат).

// -қатар қолданылатын фонетикалық нұсқалар мен лексикалық дублеттерді білдіреді.

Белгілі территориядағы сөйленіс я диалектінің барлық ерекшеліктері түсірілген осындай картадан диалектологиялық атлас жасалады. Тілдегі жеке құбылыстардың тараған шекарасы бір-бірімен сәйкеспейтініне қарап, кейбір зерттеушілер (француз, неміс ғалымдары) тілде бірыңғай өзіндік белгілері бар сөйленіс, диалект жоқ, тек жекелеген ерекшеліктер бар деп есептеген.

Лингвистикалық география әдісімен жүргізілген зерттеулер бұл пікірдің негізінен қате екенін көрсетеді. Шынында, әр түрлі тіл ерекшелігінің изогластары бір-бірімен дәл келіп сәйкеспегенмен, географиялық жағынан алғанда бір-бірінен сонша алыстап кетпейді, біресе жуықтан, біресе бірін-бірі қиып өтіп, изогластар өзара шоғырланып отырады. Изогластардың осылайша өзара шоғырланып топтасуы тілдегі сөйленіс я диалектілердің нақты сипатын танытумен бірге, олардың тарихи жағынан қалыптасқан белгілі көлемі, іргесі бар екенін көрсетеді.

Тіл ерекшеліктерін лингвистикалық география әдісімен зерттеу қазақ тілінде енді-енді ғана қолға алынып келеді. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институтындағы қазақ диалектологиясы бөлімі қазақ тілінің диалектологиялық атласының бірінші томын жасады. Кейінгі отыз жылда қазақ сөйленістері біршама тәуір зерттеліп келеді. Қазақ диалектологиясы мен жеке сөйленістері жөнінде бірнеше монографиялық еңбек жазылды. Диалектологиялық сөздіктер құрастырылып, бірнеше жинақ жарық көрді. «Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық» жасалып, ол арқылы едәуір материал жиналды. Міне, осының бәрі қазақ тілінің диалектологиялық атласын жасауға мүмкіндік береді.

Диалектологиялық атлас жасау – аса күрделі, қиын жұмыс. Оған үлкен дайындық керек, өйткені диалектологиялық атлас – қазақ тіл білімінің диалектологиясында ондаған жылдар бойы жүргізілген барлық жұмыстың нәтижесі болмақшы. Одан қазақ тіліндегі жергілікті сөйленістер мен диалектілердің негізгі тілдік сипаты, тараған көлемі, бір-бірімен қарым-қатынасы - қысқасы, қазақ тілінің бүкіл диалектілік жүйесі көрінуге тиіс.

 

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Жергілікті ерекшеліктерді жинауда қандай тәсілдер қолданылады?

2. Диалектологиялық карта дегеніміз не?

3. Фонетикалық транскрипция дегеніміз не?

4. Лингвистикалық география дегеніміз не?

 

Әдебиет:

1.Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.

2.Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.

3.Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.

4.Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.

5.Ғ. Қалиев. Қазақ диалектологиясы. Практикум. Алматы, 1967.

6.Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы:Ғылым, 1973.

7.С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.

8.Казахская диалектология. Алма- Ата: Наука, 1960.

9.Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. Алматы: Ғылым,1990.

10. Т.Айдаров. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии. Алматы: Рауан, 1991.

11. Т. Айдаров. Лингвистикалық география. Алматы: Мектеп, 1977.

12. Н. Сауранбаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.

13. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық. Алматы, 1956.

 

 

Әдебиет:

Негізгі әдебиет

1. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.

2. Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.

3. С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.

4. Т. Айдаров. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1975.

5. Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.

 

Қосымша әдебиет

6. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.

7. С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.

8. Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.

9. Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.

10. Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.

11. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.

12. Ж. Досқараев, Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы, 1951.

13. Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.

14. Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.

15. Ғ. Қалиев. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. Алматы: Мектеп, 1985.

16. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. Алматы, 1996, 1998.

17. С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.

18. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.

19. Ғ. Қалиев. Қазақ диалектологиясы. Практикум. Алматы, 1967.

20. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы:Ғылым, 1973.

21. С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.

22. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.

23. Ж. Болатов. ШҚО Катонқарағай ауданында тұратын қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Арай» журналы, 1989, 9 қыркүйек.

24. Казахская диалектология. Алма- Ата: Наука, 1960.

25. Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. Алматы: Ғылым,1990.

26. Т.Айдаров. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии. Алматы: Рауан, 1991.

27. Т. Айдаров. Лингвистикалық география. Алматы: Мектеп, 1977.

28. Н. Сауранбаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.

29.Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.

30. М. Достанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау әдістері. Алматы, 1991.

31.М. Атабаева. Диалектілік сөз мағынасы. Алматы, 1996.

32.Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық. Алматы, 1956.

33.Ә. Нұрмағамбетов. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. Алматы: Мектеп, 1985.

34. Л. Рүстемов. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.