Діни мерекелер мен культтер

1. Христиандық бағыттағы қозғалыстар «бірлестік Шіркеуі» немесе «Құдайдың балалары», «Христос Шіркеуі» т.б. Бұл бірлестіктер дәстүрлі христиандық сенімге сүйенеді. Солай бола тұра олар Библияны өздерінше түсіндіріп, дін туралы басқа да деректерге өзгерістер енгізеді. Олар негізгі басымдықты эсхатология (ақыр заман туралы ілім) мен мессиандыққа бере отырып, басшылары Құдайдың жіберген елшісінің деңгейіндегі пайғамбарларға саналады.

2. Ориенталистік бағыттағы ағымдар (қозғалыстар) «Кришна санасының қоғамы», «Құдайлық Сәуленің миссиясы», «Трансцендентальдық медитация», «Вайшнав-тар» т.б. Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Олардың ілімдерінің мазмұны – медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.

3. Сатанистік, оккультты-мистикалық ағымдар (қозғалыстар) христиандық ілімге қарсылық ретінде пайда болды. Бұл ағымның өкілдері саналы түрде зұлымдық пен жауыздықты ұлықтап, Сатана, шайтан сияқты зұлымдықтың көздерімен мистикалық байланысқа түсуге шақырады. Бұл ағымның белді өкіліне «Сатана Шіркеуі» жатады.

4. Сцентистік бағыттығы ұйымға «Саентология Шіркеуі» жатады. Аталған бағыттың өкілдері әртүрлі белгісіз мистикалық құбылыстарға назар аудара отырып, ол адамның физикалық, психикалық табиғатына әсер етеді деп түсіндіреді. Ұйымдарына жаңадан кіргізгісі келген адамның психикасына агрессивті түрде шабуыл жасайды. «Жаңа ғасыр» ағымы мектептер мен үйірмелер, қауымдастықтарға атын беріп көне өркениеттерге баса назар аударады (Атлантида, Гипербория). Олар бұл өркениеттерге балама тарих ретінде өздерінше сипат беріп әртүрлі теорияларды, құпия ұйымдар туралы ілімді ойлап тауып бір кездері осы өркениеттерді басқарамыз деген ойларын білдіреді. Жалғанпсихологиялық және парамедициналық ұйымдар психотерапевтикалық, дәстүрлі емес халықтық емдеу әдісі арқылы емшілікпен айналысады. Олардың ішінде көп тарағаны «Әлла-Аят» (фархатшылар), «Ата жолы», т.б.

 

 

8 Экстремизмнің негізгі белгілері мен түсінігі

Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болған экстремизм - саяси Экстремизм ал діни ортада пайда болған экстремизм - діни Экстремизм деп аталады.Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көр соқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен шынайы жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс бағыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, әрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды. Сондықтан, аяғы әртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мәжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да, әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады.Экстремизмнің негізгі белгілері: біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық тәртібін орнатуға ұмтылады.Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату.Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі, терроризмнің ең соңғы сатысы. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылық көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады.

9 Ар-ождан бостандық.Қазақстандағы діни ұйымдарға арналған заңнамалар

Бостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер аясы. Қазақстан Конституциясы дін бостандығына кепілдік береді, бірақ Қазақстан үкіметінің ережелері оның заң арқылы қорғалуын шектейді. Ол мемлекетті зайырлы деп танып, азаматтарға діни ұстанымдардан бас тарту бостандығын береді.Үкіметтің дін туралы заңы Конституцияда көрсетілген дін бостандығын заң тұрғысынан қорғау ісін шектеп, 2005 жылы заңға енгізілген өзгертулер тіркелу талабын күшейткен. Сол өзгертулер діни бірлестіктердің орталық үкіметте жəне конгрегациялары орын тепкен жергілікті облыстарда тіркелу талабын айқындайды. Діни ұйым ретінде тіркелу үшін бірлестіктің кемінде он мүшесі болып, Əділет министрлігіне өтініш тапсыруы тиіс. Дін туралы заңнама барлық адамдар өз дінін «жеке өзі немесе өзге адамдармен бірге» ұстануға ерікті дейді.

10 Қазақстандағы кеңестік мінездеме: поликонфессиялдық және межнационалдық диалог,төзімділік.