Исторические предпосылки и проблемы внедрения стратегического планирования 13 страница

Келеңсіз салдар- жалпы ұтысты алу мақсатында алу мен қосуды салыстырғандағы мәселе. Көптеген қатыстарда басқару шешімдерін қабылдау ымыраны табу өнері болып абылады. Жетекші қорытындыда нәтижеге жету жолында қандай келеңсіз жағдайлардың болуы мүмкін екендігі туралы өздік талқылау жасау керек, бірақ кейбір келеңсіздіктен шығу ұйымның жетекшілерінің қолдарынан келмейді.

Уақыт және өзгеретін орта.Уақыт барысы оқиғаның өзгерісіне ықпал етеді, олар соншалықты жиі құрылғандықтан, шешім қабылдауға қажетті белгілер жеткіліксіз. Шешімді ақпаратпен жіберуді орынды және нақты болып тұрғанда қабылдап, өмірге енгізу қажет.

Ақпаратты шектеулер.Қосымша ақпарат алу уақыт пен ақшаны қажет етеді. Адамның қабілеті ақпаратты игеру мен қолдануға шектеулі болғандықтан, мұндай ақпарат шешім қабылдауға үнемі көмектеспейді. Ақпарат мәселені ұтымды шешу үшін қажет, көбінесе ол қол жетпейтіндей болмайды, мұндай жағдайда ақпараттан алынған пайда мен ақпаратқа жұмсалған шығындар салыстырылады.

Шешімдердің өзара тәуелділігі.Ұйымда барлық шешімдер өзара байланысқан. Жеке қабылданған маңызы бір шешім көбінесе маңызы елеусіз жүз шешімнен басым болады. Тиімді жұмыс істейтін басқарушы шешім-дердің өзара байланыстылығын түсінуі керек және ұйымның ортақ мақсатқа жетудегі іске үлкен үлес қосатын баламаларын таңдау керек.

Басқаруда қолданылатын кез келген шешім қабылдау әдісін техникалық үлгілердің әр түрлілігі ретінде қарастыруға болады. "Үлгі" термині әдетте алдын ала игерілген жалпы сипаттағы әдістерге жатады. Жетекші қабылда-ған әрбір шешімнің мәні алдын ала бекітілген белгілер бойынша бірнеше баламаларға таңдау жасайды.

Бұлар - жетекшілерге бірнеше баламалы мақсаттарға жетуге көмектесетін шешімді табуға көмектесетін әдістер.

Төлемдік матрица- бұл жетекшіге нұсқа таңдауға көмектесетін шешімнің, әдістің статистикалық теориялардың әдістерінің бірі.

Төлем ақалай мадақтау болып табылады. Егер төлемдерді кескін формасында көрсетсе, төлемдік матрица аламыз. "Нақты жағдайлар мен сәйкес" сөздері төлемдік матрицаны қашан қолданып, бағалау керектігін түсіну үшін өте маңызды, осы негізбен қабылданған шешім сенімді болады. Жалпы матрица төлемнің белгілі бір оқиғаларға байланысты екенін білдіреді. Егер мұндай оқиға немесе табиғат жағдайы істе ұшырасса, төлем басқаша болады.

Төлемді матрица мынандай кездерде пайдалы:

• Баламалардың саны шектеулі немесе олардың арасындағы таңдаудың стратегиялық нұсқалары болғанда;

• Толық анықтылықпен не болатыны белгісіз кезде;

• Қабылданған шешімдердің нәтижелері балама таңдағанына және қандай жағдайлардың орын алатынына байланысты болған кезде.

Шешім бұтағы - қолда бар нұсқалар арқылы қозғалыстардың ең жақсы бағытын қолданатын басқару ғылымының атақты әдісі.

Шешім бұтағы - шешім қабылдау мәселелерінің кескіндеме көрінісі. Күтетін мақыздылығы бар қағида шешім бұтағының ерекше бір бөлігі болып табылады.

 

Шешім бүтағын қолдана отырып, жетекші қайтарым жолымен екінші нүктеден неғұрлым қолайлы екі типтегі шөп машинаны шығаруда өндіріс қуаттарын өсіруге шешім қабылдайды.

 

 

16-тақырып. Экономикалық басқару әдістері

 

1. Экономикалық әдістердің басқару әдістер жүйесіндегі орны

2. Басқарудың экономикалық әдістерінің классификациясы

 

1. Басқару дегеніміз – алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.

Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор.

Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі.

Басқару әдістері дегеніміз – басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.

Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, әдістер – басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:

А) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер)

Б) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымдағы әдістер)

Басқарудың жалпы әдістері:

- кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;

- министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;

- түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістеріне;

- белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді.

Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерге қатысты.

Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.

Іс жүзіне басқару әдістерінің:

- өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді);

- мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);

- қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді);

- қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.

Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді, сның ішінде:

- экономикалық;

- ұйымдық-әкімшілік;

- әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.

Басқару әдістерін оқшау емес, бірге пайдыланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты .Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің,

көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады.

Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты , әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйыдық формасан бөліп көрсетуді талап етеді.

Басқару әдістері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен басқару әдісі дегеніміз –объективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі .Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты .

Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз . Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен өзі ,өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.

Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды.

Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды праволық жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбіне мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.

2. Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді.

Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.

Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа:

А) материалдық себеп негіздеріне;

Б) әлеуметтік себеп әдістеріне;

В) билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады.

Осы топтардың әрқайсысы:

- оңды себепті (ынталандыру);

- теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) қамтиды.

Бұл әдістер жекелеген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды. Мәселен, материалдық қажеттерді қанағаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады.

Материалдық себептер мынадай 3 түрде:

- қоғамдық;

- ұжымдық;

- жеке түрде көрінеді.

Материалдық себептерге:

- материалдық жағынан ынталандыру;

- күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да материалдық жазалар қолдану жатады.

Әлеуметтік себеп құралдарының арсеналы өте зор – кең көлемді насихат және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін жетеді. Әлеуметтік себептер оңды (материалдық көтермелеу) және теріс (жазалау) болуы мүмкін.

Билік ету себебі қызметкерді кез-келген жағдайда қимыл жасауға мәжбүр ету мүмкіндігіне негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, қоғамның беделімен қамтамасыз етіледі.

Ықпал ету үлгісі бойынша басқару әдістері мыналарға:

А) тура немесе тікелей ықпал етуге;

Ә) міндеттер қоюға;

Б) ынталандыратын жағдай жасауға бөлінеді.

Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-тегжей нұсқау түрінде өкім беруі тән.

Міндет қою – сан қырлы әдіс, өйткені міндеттердің тәптіштелу дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудың негізгі типі.

Ынталандыратын жағдай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиіс. Адамдағы жұмыста бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі, ол ұзақ мерзімді перспективаға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады.

Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр.

Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.

Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдалануын көздейді.

Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты – кәсіпорынның коллективтті мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенілік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.

Экономиканы басқарудың түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды, үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді. Олар сонымен қатар барлық экономикалық көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді. Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:

- шаруашылық механизмі және оның құрылымы;

- әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару;

- экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлануды пайдалану;

- мемлекеттік реттеудің әдістері.

Осы көрсетілген әдістер тобына қысқаша сипаттама беру қажет.

Шаруашылық механизмі - шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдіс. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.

Шаруашылық механизмі, басқаша айтқанда, өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді деген сөз. Яғни шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұл орайда негізгі элемент: біріншісі үшін залал шекпеу, екіншісі үшін өнімді пайдалану тілегі, үшіншісі үшін салық алу мен гүлдену тілегі өлшем болады. Сонымен, шаруашылық механизмі ғылым тұрғысынан алғанда нарықтық механизмге өте жақын деуге, ал іс жүзінде оларды бір-бірімен балауға болады.

Сондықтан экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмінің енгізілуіне байланысты. Бұл орайда мыналарға:

- кәсіпорындардың залалсыз жұмыс істеуіне;

- пайдасы жоқ дотациялардың тоқтатылуынан;

- басқалармен салыстырғанда, ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізетін кәсіпорындардың экономикалық айқындамаларын күшейтуге, яғни ғылыми-техникалық прогрестің енгізілуін ынталандыруға;

- өндіруші жөнінде де, тұтынушы жөнінде де экономикалық мүдде категорияларының пайдаланылуына;

- мемлекет арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын күшейтуге;

- кәсіпорындардың шын мәнінде нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс деңгейін күрт көтеруіне және т.б қол жеткізуге болады.

Сонымен қалыпты өндіріс пен тұтынуды қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылық механизмі нарықтық механизмге өтпей қоймайды деген қорытынды жасауға болады.

Шаруашылық механизмі нарықтық механизмге көшетін нарық жағдайында экономиканы басқару дегеніміз – қоғам алдына тұрған мақсаттарға бағытталған заңдар арқылы және экономикалық заңдарды мейлінше жақсы пайдалану жағдайында қоғамдық қондырманың мейлінше ұтымды, экономикалық жағынан дұрыс ықпал жасауы болып табылады. Мұндай көзқарас ғылыми принциптерге негізделеді, ал олардың болмауы стимулдар жоқ және мақсатқа жету мүмкін емес екенін дәлелдейді.

Тұтынушы, өндіруші және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырудың механизмі басқару құрылымынан тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан мұндай құрылымдар қажет. Басқарудағы еңбек бөлінісінің формасын басқару құрылымы деп түсіну қажет, ал бұл форма басқарудың белгілі бір функцияларға бөлінуін баянды етеді. Бұл орайда басқару құрылымы элементтерімен және олардың байланыстарымен сипатталады.

Элементтерге:

- басқару қызметкерлері;

- басқару техникасы;

- басқару органдары жатады.

Басқару қызметкерлеріне басқару функциясының белгілі бір бөлігін орындайтын индивидтер (адамдар) жатады.

Басқару техникасына жататындар – басқару процесі үшін қажетті еңбек құралдарының жиынтығы.

Басқару органдарына басқару еңбегінің бөлінісі қатынастарымен байланысты қызметкерлер тобы кіреді. Басқару органдарының жиынтығы бұл ретте басқару органдарының жүйесін құрайы.

Мұндай басқару органдары жоғары және төмен тұрған, тең құқықты органдарға бөлінеді. Бұл олардың басқару құрылымындағы жағдайына да байланысты. Басқару құрылымы басқару органдарының арасында бар байланыстар арқылы сипатталады.

Барлық нарықтық құрылымдар кез келген жағдайда белгілі бір принциптерге бағынатынын атап өту қажет. Бұл қағидалар басқару аппараттарына қойылатын талаптардан өз көрінісін табады. Бұл – ең алдымен басқару аппараты құрылымының оңтайлылығы; одан соң – құрылымды аңғарудың оперативтілігі экономикалық дербестік шеңберінде және шаруашылық механизмі анықтайтын жағдайда жұмыс істеудің сенімділігі мен басқару тиімділігі.

Қаралып отырған мәселеге байланысты еске ала кететін бір жай – шаруашылық механизмі нарықтағы белгілі бір талаптарға сай келуі тиіс. Нақтылы айтқанда ол:

- біздің санамыздан тыс әрекет ететін экономикалық заңдардың қолданылу шеңберінде оның толық сәйкес келуі;

- шаруашылық механизмінің ғылыми негізділігі;

- механизмнің іске асырылуы экономикалық мүдделер негізінде жүргізілуі тиіс;

- қоғамда әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер механизмін жасау;

- барлық деңгейдегі басқару объектілерінің мүдделерін біріктіру мен үйлестіру,

- шаруашылық механизмін түбірінен өзгертпей-ақ одан әрі икемді ете түсу.

Жалпы алғанда, ұғым ретінде шаруашылық механизмі нарықтық механизмге толық үйлеседі деуге болады.

Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану басқарудың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Осы орайда бір айта кететін жәйт – нарықтық экономикаға жоспарлау қажет емес деген жалған пікірлердің пайда болуы. Расында, бұрынғы тоталитарлық жүйе кезінде пайдаланылған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлаудың заманы өтті. Ол тұста жоспар әрқашанда дирекивалық құжат түрінде болған және заң күші берілген.

Алайда дүние жүзілік тәжірибеде қазіргі кезеңде нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы жоспарлауды кеңінен пайдалануда. Әсіресе, басқару жүйесінің төменгі сатысында (шағын және орташа кәсіпорындарда) жоспарлау міндетті түрде енгізіледі.

Жоспарлау – басқаруды объектісі мен субъектісінің де қоса алғандағы өндіріс дамуының перспективасын және өндіріс жүйесінің болашақтағы жай-күйін белгілейді.

Жоспарлау – жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері, бүкіл өндірістік организмді дамытудың әдістері мен формалары анықталады.

Өндірісті жоспарлау механизмінің ерекшелігі мынада: мұнда жоспарлы жұмыстың өндірістің негізгі мақсатымен, қоғамдық қажеттерді қанағаттандырумен диалектикалық байланысы нақты қойылуға тиіс. Жоспарлау жұмысының кеңістік – уақыт жөніндегі ерекшеліктері белгілі бір ауқыммен шектеледі. Өндіріс учаскесінің жоспарлау функцияларын атқару үшін лауазымды адам қажет, ал осы функцияны бірлестік деңгейінде атқару үшін функционалдық жоспарлаушы басқару органдары тұтас құрылады. Алайда жоспарлаудың мәні мен технологиясы барлық басқару объектілері үшін бірдей. Өндіріс учаскесінің, цехтың жұмысын жоспарлау, мысалы, бірлестік жұмысын жоспарлаудың бүкіл технологиясын кейбір шағын мөлшерде ғана көрсететін тәрізді.

Жоспар – шешімді әзірлеу, негіздеу және қабылдау процесінен тұрады, ол процестер өндірісті дамыту жоспарлары түрінде рәсімделінеді.

Жоспар – сайып келгенде неге қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, мұны қалай істеу керек екенін, жоспардың негізгі көрсеткіштері қандай және оны орындау уақыт пен кеңістік бойынша қалай өрістетілуге тиіс екенін көрсетеді.

Басқарудың негізгі функциясы ретінде жоспарлау: өндірістің болашақтағы дамуын анықтауды, алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін; болуы ықтимал зардаптарын көре білуді қамтиды.

Президент Н.Назарбаев жоспарлауды басқаруды молынан пайдалануды өте қажет деп санайды. Ол атап көрсеткендей: "Біз тіпті дамудың үш жылдық немесе тоқсаннан екінші тоқсанға, бір жылдан екінші жылға қарай бағытсыз өте беруімізді тоқтатқанымыз жөн. Міне, сондықтан жоғарғы экономикалық кеңес 2025-2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді, саясат пен дамудың стратегиясын талдап жасауға күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Ал Үкімет дамудың бес жылдық және жылдық индикативтік жоспарларын әзірлеуге кірісетін кезі келді және осы жұмысқа бүкіл атқару өкіметін және жеке секторды таратуға тиіс".

Әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару біздің республикамызда жаңадан дамып келе жатқан экономикалық әдістер тобына жатады. Аймақтық басқару келесі сатыға көтерілді. Оған дәлел – жалпы еліміздегі және жергілікті жерлердегі реформалардың тереңдету мәселелеріне арналған барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесі (маусым-1996ж).

Бұл кеңесте президент Н.Ә.Назарбаев реформалардың табысты болуы оған аймақтардың белсенді қатысуына байланысты деп, атап көрсетеді. Аймақ әкімдерінің алдында экономикадағы ең басты саяси міндет – барынша қысқа мерзім ішінде жекешелендіруді аяқтау, өндірістегі меншікті ретке келтіру. Меншіктің кәсіпорындарды дағдарыстан шығаруға қол жеткізе алатын, жақсы менеджментті ұйымдастыра алатын адамдардың қолына көшуі барлық жағдайды жасау қажет.

Басқару теориясы бойынша, басқарушы органдардың құрылымы атқаратын функцияларына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезеңде орталық пен аймақтардың қаржы жөніндегі өзара қарым-қатынастарын қайта құру керек. Сонымен қатар, ең алдымен инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу – көліктік қатынас жолдары мен коммуникацияны, сауда жолдарын дұрыстап реттеуде және т.б талап етуде.