бап. Орта білімнен кейінгі білім беру

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдар­ламалары негізгі түрі колледж болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдар­ламалары бойынша мамандарды даярлау, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін гуманитарлық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

34-бап. Жоғары техникалық мектептер

Жоғары техникалық мектептер техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.

35-бап. Жоғары білім беру

36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

37-бап. Қосымша білім беру

38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы

39-бап. Білім беру туралы құжаттар

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

40-бап. Білім беру ұйымдары

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы

42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату

43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару

1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.

45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі

1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер

Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.

47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

Тарау.

ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі

51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.

52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі

53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

55-бап. Білім беру сапасын басқару

56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау

58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау

60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беру жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.

9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері


62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту


10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының білім беру сала­сындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республи­касының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. Білім беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітіріп, оларға білім туралы белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

3. “Білім туралы” 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 71-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.

18. Жоғарғы оқу орыңдағы дәріс түрлері

Дәріс логикалық тұрғыда қарастырылған, ғылыми дәлелденген, оқытушының аудиторияда беретін мәліметі.

Дəріс – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі.

Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), комплексті, қорытындылау жəне шолу, дәстүрлі, тақырыптық- түрлерімен ажыралады.
Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне орай дəрісбаян түрлері төмендегідей:
- ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;
- проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
- бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
- шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
- дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
- Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланысты оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары ажыралады;
- мазмұны бойынша; академиялық жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары белгілі;
- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды– бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні – мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.

*Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады: І.Кіріспе. 2. Ағымдағы лекция. 3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы. 1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн. 2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады.

18. Жоғарғы оқу орыңдағы дәріс түрлері

Дәріс типтері
Нұсқау беру
Оқу материалын меңгеруге қатысты негізгі ережелермен танысу; білім алушылар курс (бөлім, тақырып) бойынша күрделі тақырыптар мен сұрақтарға назарларын аудару Зертхана-тәжірибелік сабақтарға дейін өткізіледі Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік
Кіріспе

Студенттерді аталған курс жұмысының жүйесіне назарларын бағыттайтын оқу пәніне байланысты ең алғашқы түсініктерін қалыптастыру Студенттерді курстың мақсат, міндеттерімен, оның басқа пәндер жүйесіндегі орны мен рөлімен таныстыру. Курстың қысқаша сипаттамасы, ғылым мен практиканың даму кезеңдері, ғылымның болашақтағы дамуы. Педагог СӨЖ орындауға байланысты әдістемелік нұсқаулар, әдебиет тізімін береді, есеп берудің мерзімі мен формасын анықтайды Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік
Ақпараттық (дәстүрлі)

Ғылыми ақпаратты студенттерге баяндау және түсіндіру Оқытушы мазмұнды даяр күйінде береді, студенттер міндеті - ойлау, есте сақтау Оқыту әдістері: сөздік көрнекілік
Проблемалық
Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамыту Оқытушы мақсатты бағытталған бірізділікпен білім алушылар алдына танымдық міндеттерді қояды, олар оны шеше отырып, белсенді түрде білімді толығымен игереді Әдістері: проблемалы-ізденістік, дискуссия, танымдық міндеттерді алға қою
Жалпылау
Студенттерді төмен танымдық деңгейден жоғары деңгейге ауыстыру, оқу материалын меңгерудің тереңдігі мен сипатын анықтау Оқытушы бөлімдер мазмұнындағы ең негізгілерін талдап алады, түсініктер, заңдылықтар мен принциптер арасындағы қисындық байланысты белгілейді Әдістер: дедукция, индукция, салыстыру, жалпылау, модельдеу
Шолу
Ғылыми білімді жүйелеу, теориялық ережелерді құру Бөлім, курс материалдарын толық меңгерген соң өткізіледі, емтихан мен сынақтардың алдында міндетті түрде өткізіледі Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік
Визуалдау (көру) Вербалды-визуалды түрде оқу материалдарын техникалық құралдар немесе аудиобейне техника көмегімен беру Оқытушының көру материалдарын (слайдтар, суреттер, модельдер және т.б.) толық және қысқаша үлгіде түсіндіруі Әдістері: сөздік, көрнекілік
Бинарлы
Оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық (ғылым аралық) байланыс тұрғысынан беру Өзара туыстас екі пән оқытушыларымен немесе екі ғылыми мектеп оқытушыларымен өткізіледі Белсенді әдістер: «миға шабуыл», «жұптасқан дәріс», техникалық құралдар және аудиобейне
Алдын-ала жоспарланған қателерімен дәріс Оқу материалының мазмұнына алдын-ала қателер енгізіледі (фактілік, әдістемелік, мінез-құлықтық т.с.с.) студенттер міндеті дәріс барысында өздері байқаған қателерді белгілеп алып, дәріс соңында атап көрсету Тақырыпты немесе бөлімді оқып біткен соң, студенттерде негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасқан уақытта өткізіледі. Келесі сабақтарда материалды меңгерудегі қиындықтар диагностикасы жүргізіледі Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік, ОТҚ мен аудиобейне құралдары
Пресс-конференция Курстың белгілі бір тақырыбына студенттер сұрақтар құрастырып, оқытушыға береді. Лектор жинақтаған сұрақтарды мазмұнына байланысты топтастыра отырып, дәріс оқиды. Материалды беру тек сұрақтарға жауап беруден тұрмайды, өзара байланысқан тақырыпты ашатын толық дәріс үлгісінде болады. Дәріс соңында оқытушы студенттер білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалайды Тақырыпты немесе бөлімді берудің басында, не ортасында, не аяғында өткізіледі. Бірінші жағдайда студенттердің қабілеті мен қызығушылық деңгейлері, олардың жұмыс істеу қабілеттерінің деңгейі, пәнге деген көзқарастары анықталады. Екінші жағдайда - студенттер көңілі оқу пәні мазмұнын негізгі бөліктеріне ауады, студенттер білімі жүйеленеді, анықталады. Үшінші жағдайда дәріс жұмыстары қорытындалады, меңгерілген білім көлемінің келесі бөлімдерде қолданылу деңгейі анықталады Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік проблемалық және белсенді әдістер.

19. Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық университетіңдегі кредиттік жұйенің ерекшеліктерін көрсетіңіз

Кредиттік жүйе бастапқыда республикамсыздың бірнеше жоғары оқу орындарында бастамалық сипатта енгізілгенімен, қазірде бүкіл халықтық сипат алып, республикамыздың барлық дерлік оқу орындарында кредиттік жүйеде қызмет көрсетілуде. «Білім туралы» заңды негізге ала отырып 22 қараша 2007 жылы «Оқу үрдісін кредиттік оқыту технлогиясында ұйымдастыру ережелері» бекітілді.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына кредиттік технологияны енгізу себептері: еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік стандартқа келтіру, мамандардың дипломдарының халықаралық деңгейде жарамды болуы, отандық және дүниежүзілік еңбек рыногында біздің мамандарға деген сұраныстың биік деңгейге көтерілуі, біздің студенттердің шетелден білім алуына жағдай туғызу, шет елдермен студенттерді, оқытушыларды, мамандарды академиялық ауыстыруға мүкіндік жасау. Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның дүниежүзілік деңгейге көтеріліп, біздің ұлттық білім беру бағдарламамызды халықаралық дәрежеде тануға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Кредиттік технологияның мәні – академиялық бағдарламалардың икемділігі мен әрбір студент үшін оқудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігінде. 2008 жылы университетте бірінші рет бакалавриаттағы 2726 пән қамтылатын 60 мамандық үшін қазақ және орыс тілдерінде элективті курстардың каталогтары қалыптастырылды. Бұл студенттердің әр деңгейдегі оқыту аясында оқу пәндерін шын мәнісінде таңдап алуына жағдай тудырады.

Кредитттік оқыту жүйесінің басты ерекшелігі – қойылатын бағаның әділдігімен оның ашық, айқындығы, яғни студентке белгілі алын-ала ұсынылған бағалау шкаласы (көрсеткіш) арқылы өзінің білім сапасын өзіне бағалап отыруға мүмкіндіктің берілуі.

Оқу бағдарламасында әрбір пән бойынша екі немесе үш кредитке бөлінген. Олардың әрбір кредит көлемінде атқаратын қызметті, міндеттеріде айқындалынған. Студенттер өздеріне жүктелінген міндеттерді уақытылы орындап, ұпай санын арттырып отырмаса, сол пән бойынша «жазғы семестрге» қалу, тіпті GPA төмен болған жағдайда курстан курсқа көшпей қалуы да қаупі бар.

Екінші жағынан бұрынғы жүйедегі секілді ұпай санын бір мезетте көтере де алмайды, яғни әрбір кредит әрбір оқу күніне, сағатына тәуелді. Ал студенттің әрбір сабақтағы еңбек өтімділігі сол сабақ көлемдегі игерілуі қажетті материал мазмұны мен білім сапасына тәуелді. Демек бір сабақ көлемде бірнеше тақырыпты формальді түрде игеруге жол бермейді. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге әрбір пән бойыншша бағдарламалық материалды игеруге қажетті әрбір кредитке – 45 сағаттық оқу жүктемесі бекітілген. Оның 15 сағаты міндетті түрде аудиториялық сабақ болса (дәріс немесе практикалық сабақ) 15 сағат студенттің оқытушының бақылауында орындайтын өзіндік жұмысына, 15 сағат студенттің өздігінен орындайтын жұмыстарына арналған.

Кредиттік жүйеде 1 кредитке 45 академиялық сағат бекітілген, ал шетелдік ECTS жүйесі бойынша 1 кредитке 27 сағат бекітілген.

Кредиттік оқыту жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:

- Қазақстан жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдарын әлемдік университеттік қоғамдастықтың мойындауы;

- білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сол арқылы қазақстандық жоғары мектептің халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу үрдісін қамтамасыз ету;

- академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының көп нұсқалылығы, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі;

- оқу үрдісі мен жеке білім алу жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау мүмкіндігі;

- студенттерге академиялық ұтқырлықтарды қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар жаңа жағдайларға бейімдейтін икемдерді қалыптастыруға, алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге көмек көрсету;

- оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қағаз жүзінде және электронды түрде қамтамасыз ету;

- оқытудағы мәжбүрлеу әдісінен студенттің өзін білім алуға белсенділендіруге көшу. Мұнда студенттің өздік жұмысына баса назар аударылады, ол бітірушілерді «өмір бойы» оқуға дағдыландыруы керек;

- студенттердің аудиторлық және өздік жұмыстарының тиімді арақатынастарын белгілеу.

20. Жоғарғы оқу орыңда оқыту жүйесін жетілдірудің бағыттарын атаңыз

Жоғары оқу орындарында оқыту жүйесін жетілдіру кредиттік жүйе жағдайында түсіндірсек. Кредиттік оқу жүйесінің оңтайлы деп табылған құрылымын біз мына түрде көре аламыз.

1.Оқыту жұмысын ұйымдастыруға профильдік тұрғыдан келу. Жоғары оқу орнындарында көптеген мамандықтар бойынша бірнеше бакалавр бағыттарына сәйкес мамандар дайындалады. Әр мамандықтың оқу бағдарламасының әр түрлілігі абитуренттің мамандықты дұрыс таңдай алуына қиындық туғызады. Сондықтан, бірінші курсқа студентті қабылдағанда мамандық немесе бакалавр бағытына сәйкес емес профильдік тұрғыдан келуді іске асырған жөн деп есептейміз. Профильдік оқу бір немесе екі жыл болуы мүмкін. Осы уақыт ішінде студенттер іргелі базалық білім беретін пәндерді меңгереді. Профильдік оқу кезінде студент болашақ мамандығын саналы түрде түпкілікті таңдай алады. Белгілі бір профильдегі студенттер тобынан бакалавр бағыттары айқындалады. Осы бакалавр бағыттары бойынша магистр және мамандарды дайындайтын оқу бағдарламасы жасалады. Профильдік дайындықтан өткен студенттер мамандық алу мақсатында өзі оқып жүрген немесе еліміздің кез-келген оқу орындарында білімін жалғастыра алады.

2.Оқу үрдісін ұйымдастырудың сызықтық емес түрлерін қолдану. Профильдік оқу үрдісі кезінде студенттің ары қарай теориялық және практикалық білімін жетілдіру мақсатында негізгі білім алу кезеңіне өтер алдында пәндерді таңдап алу мәселесіне ерекше назар аудару керек. Өйткені таңдап алған пәндер студенттің келешек таңдаған мамандығын меңгеру үрдісіне әсер етеді. Аталған оқу бағдарламалары оқытудың вариативтік принципін іске асырады. Студент немесе магистрант өзінің мүмкіншіліне сәйкес бағдарламамен жұмыс істейді. Бұл оқытудың оңтайлы білім алу траекторияларының болуын қаматамасыз етеді.

3. Оқу процесін модульдік түрде ұйымдастыру. Оқыту үрдісін кредиттік жүйеде ұйымдастыру оқытуды модуль әдіспен іске асырудың артықшылығын дәлелдеп отыр. Модульдік оқыту кезінде құрылымы және мазмұны өзара байланысқан тақырыптар жекелей топталады және әрбір осындай топтарға балл түрінде рейтингтер тағайындалады. Осы баллдардың мөлшеріне сәйкес әрбір модуль кредит санымен өлшенеді. Студент модулдағы оқу материалдарын меңгере алса соған сәйкес кредит жинай алады. Модулды пәнаралық байланыс принципіне сәйкес құрса оның дидактикалық мәні күрт артар еді. Егер белгілі бір мамандық бойынша аталған пәндер қатар жүретін болса, интеграциялап оқыту іске асады және бұл жағдайда пәндердің оқу материалдарын студенттер жеке дара емес бір-бірімен байланыстыра меңгерер еді. Жоғары оқу орындарындағы оқу пәндерін интеграциялап оқыту бірнеше мақсатты көздейді: студенттердің оқып үйренуге қажетті оқу материалдары ықшамдалады; қоршаған орта туралы білімдер жүйесінің тұтастығы нәтижесінде оқу үрдісінің тиімділігі артады және оқу үрдісінің жандануына бірден бір себеп болатын оң педагогикалық-психологиялық атмосфера орнайды.

4. Оқу процесінің нәтижелерін тексеру әдістерін жетілдіру. Оқушы жастардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушы немесе студент білімін объективті түрде бағалау арқылы тұлғаның өзін-өзі және қоршаған ортасын силай білуін, өз орнын табуын, өзінің іс-әрекетіне сын көзбен қарауды, ұжымда оң психологиялық ахуал тудыруды, білім алуға деген ынтасының күшеюін қаматмасыз етеді. «Тәлімгердің білім сапасын тексеру арқылы оның белгілі бір оқу материалын меңгерудегі жетістіктері мен кемшіліктерін сынай отырып бағалауды, сойтіп оның оқу жұмысын жүйелі және жүйелілікпен қайта құруын іске асырады. Сөйтіп жеке тұлғаның білім сапасын тексеру үрдісі онда жоспарлы жұмыс істеу, жауапкершілік, тәртіптілік, саналылық, алға ұмтылушылық, нәтижелілік сияқты қасиеттерді тәрбиелейді»

Білім алушы тұлғаның білімін бағалау жүйесін жетілдіру жалпы оқу үрдісінің жағдайын жақсартуға тікілей әсер ететіні белгілі. В.С.Аванесов бұл мәселеге қатысты былай дейді: «Әлемде білім беру жүйесін реформалау мақсатында жасалған көптеген жұмыстардың қомақты нәтижелер бермеу себебінің негізгісі аталған реформалардың білімді бақылау және бағалау жүйесінің жетілмеуі болып табылады» .

Жоғарғы оқу орындарының кредиттік жүйеде жұмыс жасай бастауына орай білімді тексеру және бағалау технологияларын жетілдіру мәселесі де бірінші кезекке шықты. Сызықтық оқыту жүйесінде қолданылып келген студенттердің білім сапасын тексерудің рейтингтік және тестік әдістері оқытудың кредиттік жүйесінде кең түрде қолданылу өз артықшылықтарын дәлелдеп отыр. Студенттің білімін бағалаудың бұрын қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдістері рейтингтік-тестік әдістермен үйлестіріле қолданылса жоғарғы оқу орындарындағы оқыту және оқу үрдістері жоғарғы дәрежеде болатыны сөзсіз. ЖОО-да студенттердің білімін арттырудың тәсілі кредиттік жүйе негізіндегі академиялық ұтқырлық болып табылады. Әлемдік озық тәжірибелерді талдап, таразылай отырып жасалған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында – жоғары оқу орындарының қызметін жоғары білім берудің әлемдік үлгісіне сәйкестендіріп, академиялық ұтқырлықты қалыптастыру – жүзеге асырылуға тиісті міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігін құраушы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің басты ұстанымы – Болон декларациясының қағидаларын басшылыққа алу болып табылады. Бұл қағидаларға азаматтардың өмір бойы білім алуына оңтайлы жағдай жасау, жоғары білім берудің әлеуметтік бағыттылығын жүзеге асыру, жоғары білім беруде бәсекеге қабілеттілікті

арттыру, бакалавриат-магистратура-докторантура сатыларынан тұратын өзара сабақтас академиялық білім беру жүйесін қалыптастыру, оқыту үдерісін кредиттік технологияның негізінде ұйымдастыру, оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіре отырып, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қалыптастыруға қол жеткізу, т.б. жатады. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығына қол жеткізу үшін – Еуропалық жоғары оқу орындары қауымдастығының негізгі талаптары болып

табылатын жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет. Ал академиялық ұтқырлық деген не? Бұл – еліміздегі кез келген жоғары оқу орнында оқып жатқан білім алушының оқу орнын, оқу бағдарламасын, профессор-оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік беру, оқу кезеңінің аралығында білім алушының белгілі бір оқу бағдарламасын еліміздегі немесе шет елдегі жоғары оқу орнында игеруге жағдай жасау. Қазіргі таңда білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Tempus, Erasmus Mundus, Erasmus Mundus Partnership және т.б. айырбастау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі.Болондық үдерісте академиялық ұтқырлықтың екі түрін ажыратып көрсетеді: «тігінен» және «көлденеңнен». Ұтқырлықтың тігінен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да толық білім алуы, ал ұтқырлықтың көлденеңнен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да белгілі бір шектеулі мерзімде білім алуы (семестр, оқу жылы). Академиялық ұтқырлықтың мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция (бірігу, кірігу).

21. Жоғарғы оқу орыңдағы дәрісшіге қойылатын талаптар

Жоғары мектептегі оқытудың әдістері мен түрлері. Дәсүрлі оқытудың түрі: дәріс Дәріс – Ежелгі Гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Пән мұғалімі кітаптар оқыды, мәтінге өз тарапынан көзқарас білдірді. Ортағасырлық университетттерде таңертең қарапайым түрде дәрістер оқылды, ал кешке – қысқаша түрде қайталанып отырды. Дәрістен шыққаннан кейін студенттер бірлесе отырып дәрістің мазмұнын еске түсіріп талдаулар жасады. Дәріс (латын тілінен «lectіоң - оқу ) жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрі. Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым болып табылады. Дәріс беруші аудитория (студенттер) алдында түзетусіз “таза” сөйлеуі қажет. Жазу столында жіберген қателікті оңай сызып тастай алсақ, дәрісті оқу барысында қате жіберу мүмкін емес. Бұның бәрі дәріс берушіден лекцияға дайындалу кезінде тіл және баяндау стилімен көп жұмыс істеуді талап етеді. Мазмұндаманың қарапайымдылығы мен жеңілдігі жоғарғы мектептегі дәрістің басты жетістігі болып табылады. Анықемес және бұрмаланған мазмұндаманың екі себебі бар: 1) дәріс берушінің жауап беріп отырған сұрағын терең түсінбеу; 2) өз ойындағын тыңдаушыларға қарапайым түрде жеткізе білмеуі. Дәрістің қарапайымдылығы мен түсініктілігі мазмұндаманың қысқа болуымен тығыз байланысты. Ғылым тілі қысқа. Академиялық дәрісте көп нәрсе айтуға болады, бірақ көп сөйлеуге болмайды. Дәріс берушінің ұзақ мағынасыз сөзі тыңдаушыны жалықтырады және шаршатады. Өкінішке орай жоғарғы оқу орындарында өзімен өзі түсінікті қарапайым нәрсені қайталап түсіндіре беретін, көп сөйлейтін дәріс берушілер кездеседі. Дәрісті оқу шаблонды болмауы қажет. Дәрістің формасы бірқатар жағдайларға және ең бастысы материал мазмұны мен тақырыбының сипатына байланысты болады. Дәрістегі шаблон дәрісшінің оқылатын дәрісті дайын кітаптағы фраза түрінде бергенде пайда болады. Дәріс – арнайы белгілері: ғылыми ортада қабылданған өзінің терминологиясы, фразеологиясы мен этикеті бар ғылыми стильдің ерекше жанры. Сонымен қатар дәріс кітаптық стильден ерекшеленетін ораторлық сөйлеудің жанры да болып табылады. Дәрісшінің ауызша сөзі жасбаша сөзбен тура сай келмейді. Ғылымды баяндайтын академиялық дәрісте студенттер үшін маңызды болатын білімдер, әдістер мен терминдер ашылады. Бірақ дәрісші ғылыми терминологияны көп қолданбауы қажет. Ғылым тілі “ғылыми образды” тілмен ешқандай байланысы жоқ. Студенттерге дәрістегі ғылыми терминдер қандай ауыр әсер ететінін ұмытпау қажет. Терминологияларды ойланып және үнемді пайдаланған дұрыс. Дәріске дайындалу кезінде қандай жаңа терминдер енгізілетінін және түсіндірілеzтінін анықтау қажет. Дәрісші орысша аудармасы бар шет тіліндегі сөздерді көп қолданбауы қажет.Шет тіліндегі сөздер дәрісті бұзады. Шет тіліндегі сөздерді дұрыс айта алмау және оның мағынасын дұрыс түсіндеу дәрісшінің ең үлкен қателігі болып табылады. Дәрісші не айту керектігін ғана емес, қалай айту керектігін де ойлауы қажет. Сөйлеу мәдениетіне үлкен талаптар қойылады. Дәрісшіні ордаған, кейде жүздеген студенттер тыңдайды олар дәрістің мазмұнын ғана қабылдап қана қоймай тілді де қабылдайды. Дәрісшінің дұрыс әдеби тілі студенттердің сөйлей білуін дамытады және байытады. Дәрісшінің сөйлеу кезіндегі ұқыпсыздығы мен салақтығы дәрістің сапасын төмендетеді. Студенттердің материалды жеңіл қабылдауы, материалдың мағыналылығы мен мәнділігі жақсы дәрістің басты сапасы болып табылады. Әдемі және таза киінуге тырысыңыз. Бұл сіздің өзін-өзі құрметтеуіңізге көмектеседі, сенімділігіңізді арттырып, тыңдаушының сізге деген құрметін арттырады. Күлімдеңіз және жағымды реакция көрсетуге тырысыңыз. Көрермендер құлақпен тыңдағаннан көрі көзбен көргенге көп сенеді. Аудитория көру арқылы оратор туралы (адамгершілік, адалдық, энергиялық) алғашқы пікірін білдіреді. Сізді мұқият тыңдап отырған адам орындықтың шетіне отырып, сізді көзімен барлап отырады, ал тыңдауға құлқы болмай отырған адам есінеп, терезеге қарап отырады. Тыңдаушылардың тәртібін бақылай отырып, баяндап отырған мәтініңізге қандай толықтыру мен өзгерту енгізу керектігін, нені алып тастау керектігін анықтай аласыз. А.Монро сөйлеу мәнері шындықтан алыс келесі ораторлар типін келтіреді: тек өзін көрсету үшін ғана сөйлейтін, еш қандай қарым – қатынас жоқ; өзін қолпаштау үшін ғана сөйлейтін, түсінік туралы ойламайтын, бәрін білетінін көрсеткісі келетін; өзінің айтқан нәрсесі үшін ұялатын, кінәлі оратор; бос сөздермен аудиторияны жалықтыратын мылжың адам. Дәстүрлі оқыту – пән оқытушысының белсенділігін көрсетеді. Дәстүрлі оқытуда студенттердің белсенділік таныта алмауына байланысты жаңа дәріс түрлері пайда болды. Олар: Проблемалық дәріс Кеңес беру дәрісі Пресс – конференция дәрісі Екі жақты дәріс беру дәрісі Әңгіме дәрісі Пікір сайыс дәрісі Әдейі қатеге негізделген дәрісі Зерттеу дәрісі Анық мағынаны талдау дәрісі Кері байланысты техниканы қолданудәрісі Көзбен шолу тағы басқа. Жаңа дәрістертің түрлері түрлі әдіс – тәсілдерді қамтиды. Кейде дәрісші студенттердің белсенділігін ұйымдастыру барысында «Дәріс – семинарң сабақтарын жүргізеді. Дәріс белгілі бір ғылыми білімнің тәртібі бойынша жүргізіледі. Студенттердің ғылымилыққа, күрделілікке, туындаған сұрақтардың жауабын шешуге , олардың танымдық іс – әрекетін және шығармашылық ойлау қабілетін ашады. Дәріске қойылатын талаптар: 1Құрылымдық негізін құру (жоспар) және сұрақтарды қисынды етіп қойып, оған нақты жауап беру. 1.Теоретикалық өзекті мәселелерді анықтап алу. 2.Теоретикалық білімді өмірмен байланыстыру. 3.Нақты дәлелдер мен дәйектерді жеткілікті мөлшерде қолдану. 4.Логикалық фактілерді келтіре отырып студенттердің қызығушылығын арттыру, өздік жұмыстарға бағыт беру. 5. Қазіргі кездегіғылым мен техниканың даму сатыларын және солардың жақын уақытта дамубарысын болжай білу. 6. Материалға арнап әдісті өңдеу. 7. Жан – жақты демонстрациялық оқытуды пайдалану. 8.Қарапайым да, түсінікті тілмен жеткізу, кензденскен жаңа терминдердің мағынасын ашып беру. Дәрістің негізінде – ой, ойлылықты, қызықты, қисынды сұрақтармен жеткізу , анық, дәл, есте қаларлықтай әрекет жасау. Студенттердің күш – жігерін, қызығушылығын баурайтындай ету, ойды – ойға жалғастыру өзекті ойдың дамуына қол жеткізу қажет. Жоғары оқу орыныдағы дәрістің құрылымы 1. Кіріспе Тақырып, жоспар, әдебиеттеро 2. Негізгі бөлім (шығарма) Тақырыптың ғылыми мазмұны 3. Аяқтау --дәріс беруші тақырыпты еске салады. –Тақырып бойынша әдістерді айту Тақырып бойынша сұрақтарға жауап, қысқаша қортындылау.Сұрақтар негізінде тақырыпты толықтыру. Мақсат Міндеттер Мазмұн Әдістер Тәсіл Түр Тапсырма Менделеев «Дұрыс қойылған сұрақ – дұрыс жауаптың жартысың дейді. Сондықтан дәрісті түсінікті етіп жеткізу керек. Дәрісті оқуда дауыс екпініне аса ден қою міндетті. Интервал. Сөзбен, сөз топтарын ажырата кесектеп оқу. Кідіріс. Жаңа сұраққа көшу барысында міндетті түрде кідіріс жасау керек Темпті өзгерту. Дәріс оқуда (біркелкі , асықпай, жылдам, қатты, жоғары, бәсең, орташа, төмен) оқудың арқасында студенттердің конспектілеуіне мүмкіндік туады. Дене қимылы. Мимеика, қол сермеу, керек. Дискілерді қолдану.т.б.

22. Кешендік дәрістер оқыту ерекшеліктерін талдаңыз

Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кіріспе лекциялар студенттерді курстың мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен және орнымен таныстыру сипатында, курсқа қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер ондай лекцияларда оқылатын ғылымның мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды, болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын және практикаға қолданылуын көрсетеді. Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың қоғамдық практикамен, студенттердің жеке тәжірибесімен және олардың болашақ жұмыстарының практикасымен байланыстырудың, ғылым тарихындағы атауларын, оның өрлеу және тежелген кезеңдерін айтудың, олардың басқа аралас ғылымдармен байланысын көрсетудің маңызы зор.

Кіріспе лекцияда курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттердің курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.

Тараудың немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау (біріктірілген) лекциялары, қосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, сол курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс.

Шолу жасау лекциясы – сол оқылған лекция курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау лекцияларында емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.

Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқыту ісінің мәні мынады: лекция түріндегі ұйымдастыру нысанының көмегі мен оқу процесін оқытушы есту арналары – құлақ-ми арқылы және ақпарат қабылдаудың тиімдірек арналары – көру, яғни көз-ми арқылы қабылдайтындай етіп беріледі. Сондықтан лекцияны тек тыңдап қана қоймай, дәріскердің ізінше тақтадағы формулалардың, суреттердің сызбасын жүргізу керек. Лекцияның басты кемшілігі – мұнда әрбір оқушының қабылдау қабілетін ескеруге мүмкіндік болмайды, қабылдау жеке адамға ғана қатысты, сондай-ақ көп жағдайда кері байланыс та болмайды, соның негізінде оқытушы әрбір студенттің оқу материалын меңгеру деңгейіне қорытынды жасайды. Бұл кемшіліктер оқытудың практикалық түрлерінде жойылады.

23. Жоғары мектептегі оқытушының коммуникативтік мәдениеті

Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру, араласу» дегенді білдіреді.

Коммуникация субъекті – объектілік байланыс, субъект қандайда бір ақпаратты береді (білім, идея, іскерлік хабарлама, мәлімет, нұсқау және т.б.) , ал объект пассивті алушы (қабылдаушы) ретінде болады.

Педагогикалы қарым – қатынастың технологиясын шешуде төмендегідей коммуникативті міндеттерді огрындау қажет:

- қарым – қатынас жағдайына бейімделу;

- сырттағы адамдарды өзіне қарату;

- нысанның жан дүниесін жаулап алу;

- сөздік қарым – қатынасты жүзеге асыру;

- эмоционалды және мазмұнды байланысты жүзеге асыру.

Коммуникативтік міндеттер хабар алуға және оны жалғастыру үшін қолданылады. Сонымен бірге коммуникативтік міндеттерді шешу барысында екі негізгі мақсатқа жүгінеді:

1. студенттерге хабар жеткізу;

2. белгілі бір әрекетке ұмтылу.

Коммуникативтік дайындық жас мамандар үшін төмендегідей жүргізілуі қажет:

1. белгілі бір топқа немесе ұжымға нақты білім беру барысын елестету;

2. нақты ұжыммен қарым – қатынасты сол ұжымға сәйкес бағытта қалыптастыру;

3. жағымсыз әсер ететін факторлардың алдын алу;

4. қарым – қатынас стилін күн талабына сәйкестендіру.

Коммуникативтік барьер – педагогикалық үдеріс барысында оған қатысушыларға оқу ақпаратын адекватты түрде жеткізуге кедергі келтіретін психологиялық барьер:

- жеке тұлғалық;

- әлеуметтік психологиялық;

- физикалық.

Жалпы коммуникативтік қатынас екі түрге бөлінеді:

1. Вербалды – сөйлеу (языковое)қарым – қатынас. Вербалды қарым қатынас құралына ауызша және жазбаша сөйлеу құралдары жатады.

2. Вербалды емес – сөзбен емес басқа да әдістер арқылы ақпарат алмасу, яғни мимика, ( жесты, мимика, различные сигнальные и знаковые системы) . Вербалды емес әдісте біріншілік және екіншілік деген ұғымдар кездеседі. Біріншілік, мысалы мимика, яғни адамның түріне қарап, оның қандай күйде тұрғандығын білуге болады. Ал, Морзе әліпби екіншілікке жатады, себебі әріптерді көрсету арқылы ғана біз адамның не айтқысы келіп тұрғандығын түсінеміз.

Педагогикалық қарым – қатынастағы тағы да бір ескере кететін жайт – оқушының немесе студенттің пікірін сыйлауы, яғни эмпатия. Эмпатия – өзге адамды түсіне білу қабілеттілігі.

24. Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы педагогикалық кадрларды дайындау мәселесінің мәнін ашыңыз

Қазақстанда білім беру жүйесін модернизациялау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен олардың нәтижелері елімізде білім беру реформасының жаңа кезеңге өтуге бет алғанын көрсетті.

Сонымен, шағын жинақталған мектептегі педагогикалық үрдістің табыстылығы ең алдымен, педагог кадрларды даярлау сапасына және педагог мәртебесінің айқындалатындығымен байланысты болғандықтан жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрларды дайындауда қандай мәселелерге көңіл бөлінуі қажет деген сұрақ туады?
Ең бастысы бүгінгі күнге дейін шағын жинақталған мектептерге педагог кадрларды дайындауды жүзеге асыру қажеттілігі негізге алынғанымен оны жүзеге асыру тетіктерінің жеткілікті деңгейде айқындалмағаны анық. Себебі мұғалімге шағын жинақталған мектепте жұмыс істеу қиын да, күрделігіне байланысты олардың сол ортаға жеңіл бейімделуі үшін алдын ала кәсіби даярлықтан өз деңгейінде және төмендегі жағдайларды ескеріп даярлануы шарт:

 

- мұғалім сабақтың жартысында сыныппен жұмыс істейде, қалған уақытта оқушылардың білімді өздігімен меңгеруге мүмкіндік береді. Өздігімен жұмысқа сабақтың 50% бөле білуі;

- мұғалімнің зейіні екі немес үш сыныпқа бөле алуы;

- оқушылардың өздігімен жұмысында мұғалім тарапынан тез арада көмек ала алмай, себебі басқа сыныптармен айналысады;

- оқушылардың өздігімен жұмысына басқа сыныппен жүргізіліп жатқан әңгімелесу немесе түсіндірулері кедергі келтіруі мүмкін;

- мұғалімнің педагогикалық әрекетінің көппәнділігі;

- шағын кешенді мектеп мұғалімі бірдей уақытта түрлі жастағы, түрлі сынып бағдарламасымен түрліше дайындалуы;

- бірнеше сыныппен бірдей уақытта сабақ жүргізу мұғалімнен тыңғылықты ізденісті, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестесін тиімді құруды және ұтқыр педагогикалық тактіні талап етеді;

- шағын жинақталған мектепте мұғалім күніне 8, 12 сабаққа дайындалуы мүмкін. Ауыл мектеп мұғалімдерінің қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық, ауылшаруашылық, мәдени-ағарту жұмыстарына тұлғалық, адамгершілік дайындықтары, ауыл өміріне психологиялық дайындықтары қажет. Сондықтан шағын жинақталған мектептерге маман дайындауда мынандай бағыттар ескерілуі қажет: болашақ маманның пәндік білімін тереңдету, кеңейту (кең бейімді мұғалім), психология, педагогика салаларынан білімі мол, тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстар бойынша тереңдетіп дайындау керек. Шағын жинақталған мектептердегі педагогтардың ауылдық социумға бағдарланған педагогикалық қызметі, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімі, төзімділігі, отанжандылығы, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуын талап етеді.

Бұл күрделі міндетті шешуде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде барлық мамандықтар бойынша шағын жинақталған мектептерге кадрлар дайындау қолға алынып, таңдау пәндердің есебінен қосымша мамандандыру жүргізіліп келеді. Қай кезде де шағын жинақталған бастауыш мектеп ауылдық елді мекендерде сақталады. Осы мақсатпен 5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша «кәсіби пәндер» таңдауы бойынша «Шағын мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде дүниатнуды оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде еңбекке баулу әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде дене тәрбиесін оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған бастауыш мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру» атты пәндер енгізіліп, барлығына 8 кредит беріліп отыр.

5В011400-Тарих мамандығы бойынша географияға, 5В011600-География мамандығы бойынша география-тарих, география-экология қосымша мамандандырылады. Студенттерге психологиялық-педагогикалық және әдістемелік пәндерді оқыту шеңберінде шешіліп, түрлі аймақтағы ауыл мектептеріндегі іс-тәжірибелермен танысып, саны аз сыныптағы оқыту-тәрбиелеу технологиясымен танысады. Кешенді сынып жағдайында оқытудың тиімді әдістерін таңдауға, үйлестіруге, түрлі жастағы балалардың ұжымын басқаруға, бір пәндік немесе бір тақырыптағы сабақты өткізудегі оқушыларды басқаруды, білім алушылардың жеке білім алу траекториясының толық жүйелі іске асуы мен жобалау мәселесін түсінуге, түрлі жастағы балаларды елді мекеннің әлеуметтік-мәдени, экономикалық үрдісіне араластыру біліктілігін меңгерту көзделеді. Диплом жұмысының тақырыптары шағын жинақталған ме;ы бойынша «кәсіби пәндер» таңдауы бойынша «Шағын мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде дүниатнуды оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде еңбекке баулу әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде дене тәрбиесін оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған бастауыш мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру» атты пәндер енгізіліп, барлығына 8 кредит беріліп отыр.

5В011400-Тарих мамандығы бойынша географияға, 5В011600-География мамандығы бойынша география-тарих, география-экология қосымша мамандандырылады. Студенттерге психологиялық-педагогикалық және әдістемелік пәндерді оқыту шеңберінде шешіліп, түрлі аймақтағы ауыл мектептеріндегі іс-тәжірибелермен танысып, саны аз сыныптағы оқыту-тәрбиелеу технологиясымен танысады. Кешенді сынып жағдайында оқытудың тиімді әдістерін таңдауға, үйлестіруге, түрлі жастағы балалардың ұжымын басқаруға, бір пәндік немесе бір тақырыптағы сабақты өткізудегі оқушыларды басқаруды, білім алушылардың жеке білім алу траекториясының толық жүйелі іске асуы мен жобалау мәселесін түсінуге, түрлі жастағы балаларды елді мекеннің әлеуметтік-мәдени, экономикалық үрдісіне араластыру біліктілігін меңгерту көзделеді. Диплом жұмысының тақырыптары шағын жинақталған мектептің мәселелеріне арналып қорғалуды. Бүгінгі таңда бірқатар түлегіміз шағын жинақталған мектептерде жұмыс істейді.

Сонымен қатар жағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің сағат жүктемесі жоғарылығына қарамастан жалақысының төмендігі, ақпарат көздерінің аздық жасауы, кітапханалары қазіргі ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жабдықталуы төмен болуы, бір мұғалім өзінің пәнінен басқа арнаулы дайындығы жоқ бірнеше басқа пәндерді беруі маманда