Педагогика

1. Жоғары мектеп педагогикасы пәнінің мақсаты, міндеттеріне анықтама беріңіз

Педагогика термині гректің екі сөзінен: «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика пәні қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Т.А. Ильина педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу деп дәлелдеген.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие.Тәрбие дегеніміз адамдарды қоғамдық өміргі және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа, қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады. Тәрбие – белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс;

- жас ұрпақтың рухани-дене күштерін дамыту;

- ғылыми-материалмстік дүние тануды қалыптсатыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру;

- қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды.

Білім беру деп табиғат және қоғам жайлы ғылымдар жинақтаған білім жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Бұл ұғымды тұңғыш рет еңгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоции.

Оқыту– бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрект жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу үрдісі. Жеке адамның дамуына жетіліуне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту шешуші роль атқарады.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі үздіксіз білім алу принципі негізінде халық-ағарту жүйесін қайта құруды талап етіп отыр. Сондықтан «өздігіне білім алу» заңдылығы, оның мазмұны қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне айналды. Осыған орай педагогиканың анықтамасының құрамына: «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар «өздігінен білім алу» ұғымын аламыз.

Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады.

Сонымен бірге адамның «жетілуі», «дамуы», «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдармен бүгінгі педагогикада өзінің зерттейтін проблемаларының шеңберін толықтырады.

Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Педагогиканың міндеттері:

1) Үздіксіз білім берудің бірынғай жүйесін жасау.

2) Халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландыру, ғылыми теориялық прициптерін ашу.

3) Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы оқушылардың жеке тұлға ретінде танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғам дамуы мен жеке бастын өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау.

4) Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.

5) Оқыту үрдісін «технологияландыру», оны оқыту үрдесіне еңгізу.

6)Халық педагогикасының педагогиа ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына еңгізу.

7)Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздық ролі мен маңызын көрсету және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми- практикалық негізін айқындау жатады.

Педагогика ғылыми пән ретінде және өзінің тарихи даму барысында мынадай салалардықамтиды:

1. Жалпы педагогика – барлық жастағы жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне ортақ негізгі заңдылықтары мен принциптерін зерттейді.

2. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді.

3. Мектеп педагогикасы – мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, оны ұйымдастыру жолдарын қарастырады.

4. Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары оқу орындарындағы оқитын жастарды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарын зерттейді.

5. Арнаулы педагогика бірнеше салаға бөлінеді:

- сурдопедагогика – саңырауларды оқыту және тәрбиелеу педагогикасы;

- тифлопедагогика – соқырлар мен көзі нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін педагогика;

- олигофренопедагогика – ақыл-ойы кемшіл балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді;

- логопедия – тілінің кемісі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

6. Педагогика тарихы - әртүрлі тарихи дәуірлердегі педагогикалық идеялар мен тәрбиенің даму тарихын зерттейді.

7. Оқыту әдістемесі - әртүрлі оқу пәндерін оқыту әдістемесінің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді.

2. Әлемдік білім беру кеңестігі және жаһандану ұдерісі

КешегіКСРОбілімберукеңістігікезіндежоғалтыпалажаздағанруханиқұндылықтарымызғаБатысүлгісібасымдықтанытып, жаһандануүрдісіұлттыққұндылықтарымыздыжұтыпқоймайдыма?- дегенсұрақтуындайды. Әлемдікбілімкеңістігіжәнебілімберудегіжаһанданутуралытереңтеориялықжәнепрактикалықтұрғыдажәнесалыстырмалыпедагогиканегізіндезерттеулердіқажететедігіашықсұрақтардыңбіріекендігіанық.

Қазіргітаңдахалықаралықбілімберудізерттеугеарналғансұраныстыңкөбейюі, ұлтпенмемлекеттіңдамуыныңүрдісіжаһанданужәнеинтеграциякезіндегібілімберуекендігініңайқынкөріністеріболыптабылады.

Әлемдікбілімберукеңістігіндегіұлттықбілімберужүйесініңдамусатысыменкірігуі, әлемдегібілімберудіңдамуыныңбасымбағыттарыболыпотыр. Интеграциятұрғысындағыжаһандануқұрылымдарысолмемлекеттіңбілімберудегісаясатын, жұмыспенқамтылуын, кадрлардыдаярлау, халықаралықұйымдардыңәлемдегіжәнеаймақтағырөлініңкүшейуініңобъективтіжәнеқарқындыіс-әрекетініңкөрінсінайқындайды.

«Жаһандану» терминісоңғыбірнешежылдардаүлкенқолданысқаиеболды. 1980 жылдарданбастапжаһанданужағдайындабілімберудіңнегізгімақсатыболыпжұмысынтиімдібасқаратынмектептердіңқасиеттерінсипаттауболыптабылды,1990 жылдардатимдімектептердіайқындау, 2000 жылдардатиімдімектептердіңнегізінқазіргізаманталабынасайтүсіндіру, ал 2010 жылданбастапбілімберуұйымдарыноданәрітиімдіжасаумәселесікүнтәртібінешықты.

«Қазіргіуақытташекараларадамдарғашектеуболмайды, қашықтықтақиындықтуғызбайды. «Жаһандану» ұғымы «өзарабайланыс», «интернационализм» терминдерініңорнынакелді. Бұлөзкезегіндехалықаралықбайланыстардыңэкономикалық, саясижәнемәденисалаларындадамукезеңіналыпкелді. Әлемменбайланысорнатуүшіншеттілдерінмеңгеругемұқтажбыз» - дедіол.

Жаһандықбілімберужүйесікезіндееліміздеұлттықбілімберужүйесіндамытужәнетүрлісалалардағышетелдердіңмамандарыментығызқарым-қатынасқұрып, тәжірбиеалмасаалуымызүшінолелдердіңтілдерінеркінмеңгеруімізкерек, дейдіұстаз.

ОльгаКудрявцеваның айтуынша, алдымызданшығатынқиындықтардыңбіріотандықЖООдипломдарыныңбілімалғануақытының сайкелмеуісебебінен шетелдердемойындалмаумәселесі.

Қазақстандықоқуорындарыбілімберудіңкредиттікжүйесінекөшуібәсекелестіккетөтепберудіңұтымдыжолы.

Айтакетукерек, дипломныңшетелдердемойындалуыменсұранысқаиеболуыбілімберумекемесіжүйесініңәлемдікстандарттарғасайболуынабайланысты.

БүгіндеЕуропалықелдерітарапынанбірыңғай «Еуропалықтілдердорбасы» бағдарламасыжұмысістейді. Бұлбағдарламаосыелдердіңөзаратілдерінмеңгеруінемұрындықболадыдепесептеледі.

Соныменқатар, азаматтардыңшеттілінүйренуіүшінотандықЖООшетелуниверситеттеріментығызқарым-қатынасқұруыкерек.

Все права защищены.

При использовании материалов strategy2050.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт strategy2050.kz обязательна.

При использовании материалов strategy2050.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.strategy2050.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта strategy2050.kz «www.strategy2050.kz».

Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері

  • Білім беру жүйесіндегі әлемдік үрдістер халықтың жалпы білім деңгейінің өсуімен, үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуымен, жалпы орта білім берудің ұзақтығының ұлғаюымен сипатталады;
  • Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр;
  • Бүгінгі таңда педагогика адамзат қажеттілігіне жауап беретін, қоғамның қарқынды дамуына сәйкес келетін білім беру мақсатына және жаңартылған әлеуметтік рөліне баса назар аударады.
  • Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

3. Жоғары білімнің мақсаты мен міндеттерін атаңыз

Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм туралы құжат беретiн және бiлiм беру, кәсiптiк ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыратын, заңды құқы бар мекеме жоғары оқу орыны болып табылады. Жоғары оқу орындары өзiнiң iс-әрекетiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы", "Жоғары бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасының ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" заңдарына, жоғары бiлiм беру саласын реттейтiн заң актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ өз құжырына қатысты Жоғары оқу орындарын (ЖОО) басқарудың басқа да нормативтi актiлерiне сай жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасына мемлекеттiк ЖОО мен қатар мемлекеттiк емес те (жекеменшiк) ЖОО жұмыс iстей алады.
Мемлекеттiк ЖОО үшiн мамандар құрамын және материалдық-техникалық базасын, олардың мәнiн және тағы басқа жағдайларын есепке ала отырып: Жоғарғы, бiрiншi және екiншi - үш дәреже белгiлендi.
ЖОО дәрежесi туралы Ереженi Республика Үкiметi бекiтедi.
Құрылтайшы мемлекеттердiң бiрлесiп қаржыландыру келiсiм-шарттары негiзiнде мемлекетаралық органдар мен бiрлесiп басқарылатын халықаралық ЖОО ұйымдастырылуы мүмкiн.
2. Мемлекеттiк ЖОО Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бiлiм беру министрлiгiнiң және тиiстi орталық атқарушы органдарының ұсынуымен Республика Үкiметi құрады, қайта құрады және таратады.
3. Әрбiр жоғары оқу орны (ЖОО) осы Ереже негiзiнде ЖОО қызметiн реттейтiн өз Жарғысы мен Iшкi тәртiп ережелерiн дайындайды және бекiтедi.
Жоғары оқу орынының Жарғысы белгiлi тәртiп бойынша ЖОО бағынышты басқару органдарында тiркеледi.
Жаңадан құрылған мемлекеттiк жоғары оқу орындарында Жарғыны 1 жылға дейiнгi мерзiмге ғылыми кеңес қалыптасқанша құрылтайшы бекiтедi.
Халықаралық ЖОО Жарғысы құрылтайшы мемлекеттердiң үкiметтерiмен бекiтiледi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн бiлiм беру қызметi мен жеңiлдiктерiнiң құқысы ЖОО лицензия берiлген күннен бастап есептеледi.
ЖОО бiлiм беру қызметiн жүргiзу лицензиясы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тәртiбiне сәйкес берiледi және керi шақырылады.
5. ЖОО бiлiм беру, ғылым және мәдениеттiң орталығы ретiнде басты мiндеттерi мыналар:
- жеке адамның мәдени және рухани дамуы, жоғары бiлiм мен таңдаған кәсiби қызметiне сай мамандығын алу қажеттiлiгiн қанағаттандыру;
- қоғамның жоғары бiлiмдi мамандарының әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;
- кәсiби және жоғары бiлiмдi ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау;
- iргелi, iзденгiш, қолданбалы ғылыми және тәжiрибе құрастырушылық жұмыстарды, сондай-ақ әдiстемелiк зерттеулердi ұйымдастыру;
- басқарушы қызметкерлермен әртүрлi бағытты мамандардың бiлiмiн жетiлдiру мен көтеру;
- қоғамның iзгiлiк, мәдени және ғылыми құндылықтарын жинау, сақтау және көбейту;
- жұртшылық арасында бiлiм тарату, оның бiлiмдiк және мәдени деңгейiн арттыру;
6. Өзiнiң Жарғысына сай мемлекеттiк Жоғары оқуының құрамына ЖОО немесе заңды тұлға құрылымдарының бiрлiк статусы бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бюджеттiк, шаруа есептiк бөлiмшелер кiруi мүмкiн. ЖОО оқу тәрбие кешендерiн, оқу-ғылыми өндiрiстiк бiрлестiктер, ассоциацияларды республикадағы, сондай-ақ шетелдердегi басқа да бiрлестiктердi құруға немесе соларға енуге құқылы.
Жоғары оқу орны барлық құрылымдармен бiрге бiлiм мекемесi - бiртұтас оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейдi.
7. Мемлекеттiк ЖОО (филиалдар, оқу және ғылыми институттардан басқалары) құрылымдық бөлiмшелерiн құру Бiлiм министрлiгiн хабардар ете отырып және қалыпты тәртiп бойынша ЖОО Жарғысына түзетулер енгiзе отырып, сол оқу орынының өзi шешедi.
Мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер және ұжымдарды (бюджеттiлердi қоса отырып), соның iшiнде заңды тұлға статусы бар мемлекеттiк ЖОО жанында немесе құрамында құруды құрылтайшы қалыпты тәртiп бойынша жүзеге асырады.
ЖОО заңды және қаржылық дербестiгi бар аймақтық жекеленген оқу-ғылыми құрылымдарының бөлiмшелерiн құру жергiлiктi атқарушы үкiмет органдарымен келiсу арқылы, Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрлiгiмен немесе оның келiсiмiмен өзi бағынатын ведомстволық басқару органымен келiсу арқылы iске асырылады.
8. Мемлекеттiк ЖОО өзiндегi мемлекеттiк емес ЖОО, сондай-ақ барлық ұйымдық құқылық формалары бар басқа кәсiпорындарға, мекемелер мен ұжымдарға негiзгi де құрылтайшы бола алады.
9. Жоғары бiлiм алу мақсатымен оқу төмендегi жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады: университет (классикалық, салалық университет), академия, институт (және соларға теңдестiрiлген ЖОО-лар).
Университет (классикалық) - қызметi iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары оқу орынынан кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылымның, техника және мәдениеттiң табиғи-ғылыми, гуманитарлық және басқа бағыттарын кең көлемде оқыту арқылы бiлiмнiң, ғылымның және мәдениеттiң дамуына бағытталған жоғары оқу орыны. Университет, халық арасында мәдени-ағартушылық қызмет атқаратын және ғылыми бiлiмдi таратуға мүмкiндiк туғызатын, бiлiм, ғылым және мәдениеттi дамытудың жетекшi орталығы болып табылады.
Академия (салалық университет) - қызметi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары мектептен кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылым, техника, мәдениет салаларының бiрiн басым оқыту арқылы бiлiмдi, ғылымды және мәдениеттi дамытуға бағытталған университеттiк типтегi жоғарғы оқу орыны. Академия өзiнiң қызмет өрiсiнде жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылады.
Институт - ғылымның, мәдениеттiң, техниканың бiрнеше бағыттарында бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларды жүзеге асыратын және ғылыми-зерттеулер жүргiзетiн дербес жоғары оқу орыны немесе университеттiң бөлiгi (құрылымдық бөлiмшесi).

4. Болон үдерісіне және академиялық мобилдікке сипаттама беріңіз

2010 жылғы науырыз айында Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қосылуы білім мен ғылымның ұлтаралық қатынасы жолында өте маңызды кадам болды.

Болон үдерісіне Қазақстанның қатысуы жоғары білімдер аумағында салыстырмалы жүйені қабылдау арқылы Еуропалық білімге қол-жетерлік жағдай туғызуға, білім сапасын арттыруға және студенттер мен профессор-оқутышылар құрамының мобильдік деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады. Болон үдерісі – жоғарғы білімнің біртұтас еуропалық кеңістік құру мақсатымен Болон келісім-шарты шеңберінде білім жүйелерін үндестіру және жақындастыру үдерісі. Сонымен бірге білім және ғылымның ұлтаралық қатынасы әлемде қазақстандық білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, еуропалық өңірде отандық дипломдардың еркін конверсиялануын, бітірушілердің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын мойындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Орталық Азия мемлекеттерінің арасында Болон декларациясының мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігіне толық құқықты қатысушы болған тұңғыш мемлекет болып табылады. Болон үдерісіне қосылғаннан кейін, қатысушы елдер оның негізгі қағидаларын орындау міндеттемелерін қабылдады.

2010 жылғы қыркүйек айында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Болон декларациясының қатысушы университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойды.
ШҚМТУ-дің халықаралық ынтымақтастығы университеттің халықаралық білім және ғылым интеграциясының ажырамас бөлігі болып табылады.
Болон үдерісінің негізгі қағидалары.

Міндетті қағидалар Еуропалық жоғары білім аймағын құру және еуропалық жоғары білім жүйесін әлемге тарату үшін аса маңызды деп қарастырылады.

Болон үдерісінің міндетті қағидалары:

· Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

· ECTS академмиялық несиелер;

· Жоғары оқу орны студенттерінің, оқытушыларының, және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық мобильдігі;

· Дипломға берілген еуропалық қосымша;

· Жоғары білімнің сапасын бақылау;

· Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.


Ұсынымдық шамалардың ұсынымдық сипаты бар және де Болон үдерісі қағидаларын таратуда бұлар маңызды болып табылады.

Болон үдерісінің ұсынымдық қағидаларына:

· Біртұтас еуропалық бағалаулар;

· Студенттердің белсенді қатысуы;

· Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау;

· Өмір бойы білім алу.

Факультативтік қағидалар жұмыс берушілердің мүдделері және қоғам талаптарын есепке алынып оқу үдерісін жоспарлауда және ұйымдастыруда аса маңызды болып келеді.

Болон үдерісінің факультативтік қағидаларын:

· Дайындау бығыттары бойынша білім беру мазмұнын үндестіру;

· Студентердің дәстүрлі емес оқу траекториясы, таңдау бойынша курстар;

· Модульдік жүйе;

· Қашықтықтан оқыту, электрондық курстар;

· Оқытушылар мен студенттердің академиялық рейтингтері.

Ал академиялық ұтқырлық деген не? Бұл еліміздегі кез келген жоғары оқу орнында оқып жатқан білім алушының оқу орнын, оқу бағдарламасын, профессор-оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік беру, оқу кезеңінің аралығында білім алушының белгілі бір оқу бағдарламасын еліміздегі немесе шет елдегі жоғары оқу орнында игеруге жағдай жасау. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық екі бағыт бойынша жүзеге асуда. Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық. Сыртқы академиялық ұтқырлық білім алушыдардың шет елдердегі ЖОО-дарында оқуы, сонымен қатар зерттеуші-оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде жұмыс жүргізуді білдіреді. Ішкі академиялық ұтқырлық деген білім алушылардың оқуы және зерттеуші-оқытушылардың қазақстандық ЖОО-да жұмыс істеуі. Ұтқырлықтың негізгі мақсаты оқушыға өзі таңдаған мамандық бойынша көпжақты білім алуына мүмкіндік беру.

 

5. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің құрылымы

Жоғары бiлiм берудiң құрылымы
Жоғары оқу орындарында оқытудың сипаты мен көлемi, мазмұны мен мерзiмi жөнiнен әртүрлi сабақтас бiлiми-кәсiби бағдарламалар iске асырылуы мүмкiн, олардың меңгерiлгенi түрлi деңгейдегi жоғары бiлiм туралы дипломдармен куәландырылады.
Жоғары бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымы жеке адамның алуан түрлi мәдени-бiлiм талаптарын қанағаттандыруда жоғары мектептiң мүмкiндiгiн кеңейтуге, экономика мен еңбек рыногының өзгермелi қажеттерiн ескере отырып, мамандарды жалпымәдени, ғылыми және кәсiби даярлаудың икемдiлiгiн арттыруға бағытталған.
Жоғары бiлiм мамандарын көп деңгейлi даярлау туралы ереженi республика Үкiметi бекiтедi.

Қазақстан Республикасының ұлттық білім жүйесінің моделінің құрылымы:
Жоғарғы білім

Базалық жоғарғы (Бакалавр) (Университет, академия 4 жыл)
Ғылыми –педагогикалық (Магистр). Университеттер,академиялар-1-2 жыл

Вуздан кейінгі білім
Аспирантура (Университеттер, академиялар,НИИ,институттар-2-3 жыл)
Докторантура (Университеттер, академиялар,НИИ-3 жыл)

 

Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі құрылымы туралы Ереже
І. Жалпы ережелер

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау мазмұны мен мерзімі жағынан мынадай түрлі оқу-кәсіптік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:

- бакалавриатта іске асырылатын - жоғары базалық білім;

- магистратурада іске асырылатын - жоғары ғылыми-педагогикалық білім;

- жоғары арнаулы білім.

2. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім мамандықтарының Жіктегішін (тізбесін), жоғары кәсіби білімнің мазмұны мен сапасына қойылатын талаптарды, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнаулы білім және жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы ережелерді білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекітеді.

3. Университеттер мен академиялар білім беру саласындағы орталық атқарушы органмен келісе отырып, нақты білім бағдарламалары бойынша кадрларды даярлаудың құрылымын айқындайды.
4. Институттар мен оларға теңестірілген білім беру ұйымдары мамандыққа байланысты кадрлар даярлауды жоғары базалық білім немесе жоғары арнаулы білім бағдарламалары бойынша жүзеге асырады.

2. Жоғары базалық білім
5. Жоғары базалық білімнің оқу-кәсіптік бағдарламалары бойынша жалпы орта немесе кәсіби орта білім негізінде Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім мамандықтары Жіктегішіне (тізбесіне) сәйкес республиканың жоғары оқу орындарының бакалавриатында 4 оқу жылы ішінде іске асырылады.
6. Жоғары базалық білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдарға "бакалавр" академиялық дәрежесі мен біліктілігі тағайындала отырып, жоғары білім туралы диплом беріледі.

7. Жоғары базалық білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдардың өзіне берілген біліктілік бойынша жұмыс істеуіне немесе "магистр" біліктілігі мен академиялық дәрежесін алу үшін жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің тиісті оқу бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруларына болады.

3. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім

8. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің оқу-кәсіптік бағдарламалары Республика жоғары оқу орындарының магистратурасында Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Жіктегішіне (тізбесіне) сәйкес жоғары базалық білім негізінде 2 оқу жылы немесе жоғары арнаулы білім негізінде 1 оқу жылы ішінде іске асырылады.

9. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдарға "магистр" академиялық дәрежесі мен біліктілігі тағайындала отырып жоғары білім туралы диплом беріледі.

10. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітірген адамдардың өзіне берілген біліктілік бойынша жұмыс істеуіне немесе аспирантурада өзінің ғылыми даярлығын жалғастырына болады.

4. Жоғары арнаулы білім

11. Жоғары арнаулы кәсіптік білімнің оқу-кәсіптік бағдарламалары Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Жіктегішіне (тізбесіне) сәйкес:
тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында көзделген мамандықтар бойынша жағдайларды қоспағанда, жалпы орта білім негізінде - кемінде 4 оқу жылы;
салалас мамандықтар бойынша кәсіби орта білім негізінде 3 оқу жылы ішінде іске асырылады.<*>
12. Жоғары арнаулы білімнің оқыту бағдарламалары бойынша оқу бітіргендерге нақты мамандық бойынша "жоғары кәсіби білімі бар маман" біліктілігі тағайындала отырып, жоғары білімі туралы диплом беріледі.

13. Жоғары арнаулы білім бағдарламасы бойынша оқу бітірген адамдардың өзіне берілген біліктілігі бойынша жұмыс істеуіне не белгіленген тәртіппен магистратурада немесе аспирантурада оқуын жалғастыруына болады.

6. Жоғары мектеп ұстазына қойылатын талаптарды көрсетіңіз

Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.

Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.

Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.

Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.

Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.

Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

В.А. Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын баліп керсет-кен:
1. Үйымдастырушшық. Мүғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жүмысты жоспарлау, атхдрылған ісгің қорьггын-дысын шыгару және т.б. біліктерінен байқалады.
2. Дидактикалық. Оқу материалын көрнекілік, қүрал-жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын үғынықты, анық, мөнерлі, сеніңді жене бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар меи рухани қажетгіліктердің дамуын ынталан-дыру, оқу-таньгмдық белсенділігін артгыру және т.б.
3. Рецептивтік. Төрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоцио-нальдық көңіл-күйін объсктивті бағалау, психика ереииеліктерін анықтау біліктерінде корініс береді.
4. Коммуникативтік. Мүғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық максатқа сөйкес қарым-катынастар орната алу білігінен байқалады.
5. Суггестивтік. Окушыларға эмоциональды-еріктік ықпал жасаудан корінеді.
6. Зерттеушшк. Педагогикалық сиіуациялар мен процестерді танып бцш жоне объективті бағалау білігінен көрініс береді. «
7. Ғылыми-танымдық. Мұғалімнің педагогика, психология, одістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.

 

7. Жоғары мектеп ұстазының жеке тұлғалық құзыреттіліктерін бейнелеңіз

Құзіреттілік- белгілі бір кәсіптік сферада жұмысты толықтай жүргізу үшін индевидте білімнің, біліктіліктің, іскерліктің және әртүрлі кәсіптік ситуацияларды шеше білу қабілетінің болуы деп қарастырылатын тұлғаның қасиеті болып табылады.

Егер болашақ пелагогтың құзіреттілігінің қалыптасуына келетін болсақ, онда білімділік, біліктілік, іскерлік, қабілеттілік, яғни маманның дайындығы қарастырылады. Кейбір ғалымдар құзыреттілікті адамның әр уақытта еңбекке деген кәсіптік көзқарасын,, тұлғаның ортамен қарым-қатынасындағы құндылығын, жеке және шығармашылық біліктілігінің өркендеуін көрсететін ғылыми және кәсіптік жүйе деп қарастырады.

Бұл қасиеттер жаңа қоғамдық қарым-қатынастарды болдыратын жаңа идеялардың, құбылыстардың, мәдениет объектілерінің пайда болуына әкелетін педагогикалық ситуацияларды тудыру үшін қолданылады.

Төменде жоғары мектеп оқытушысының құзыреттілігінің негізгі аспектілері келтірілген:

- Басқару аспектісі (оқытушының студенттермен оқу үрдіс қарым-қатынасын қалай басқаруы, жоспарлауы, анализдеуі, ұйымдастыруы, қадағалауы)

- Психологиялық аспект (оқытушы тұлғасының студенттерге қалай әсер ететіндігі және студенттердің жеке қабілетін оқытушының қалай ескеретіндігі)

- Педагогикалық аспект (қандай жүйе эәне әдістер қөмегімен оқытушының оқу үрдісін жүргізуі.

Қорытындылай келе жоғары мектеп оқытушысының кәсіптік құзыреттілігі- педагогикалық және тәрбиелік жұмыстарды дұрыс жүргізе алу үшін керек біліми, ғылыми және тәжірибелік біліктілктің жиынтығы.

8. Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама беріңіз

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Стандарт бойынша магистрант қандай білім, білік, дағдыны игеруі тиіс:

  • қазіргі білімдендіру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді меңгеруді үйренуі және өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуді;
  • жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерін білуі және оны практикада қолдана білуді;
  • апараттық және білімдендіру технологияларын қолдана отырып, курс аяқталғаннан кейін де өзіндік оқып, білім жинақтауды;
  • мәдени ойлауды, көпшілік алдында сөйлеуді, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс, қисынды құрастыра білуді және т.б.

Білім берудідамытутұжырымдамасымемлекеттіктәуелсіздіктіқалыптастыруменнығайтудың, елдіңпрогресшілдамуыныңнегізінқұрайтынҚазақстанРеспубликасының білім беру жүйесіндамытудыңмақсаттарыменміндеттерін, құрылымыменмазмұнынжәненегізгістратегиялықбағыттарынайқындайтынғылыми-теориялық, әдіснамалыққұжатболыптабылады.

 

Жоғары білім мазмұнына айқындайтын нормативтік құқықтық құжаттар: оқу жоспары, оқу бағдарламасы.

Оқу жоспарларын құруға ғылыми тұрғыдан келу қажет. Ол "Оқу бағдарламасы", "Типтік бағдарламалар" негізінде жасалады. Мұндағы оқу бағдарламасы дегеніміз оқытылатын пән бойынша тақырыптар мен олардың мазмұны, міндетті тапсырмалар мен әдебиеттер тізімі көрсетілген құжат. Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білім беру стандары негізінде жасалады. Ал, оның негізінде оқытудың жұмыс бағдарламасы түзіледі. Студенттерге жұмыс бағдарламасының қысқартылған түрі яғни, силлабус таратылады. Мұның барлығы ОӘК құрайды.

Оқу -әдістемелік кешен ҚР білім беру стандартының мазмұнымен сәйкестелініп өңделеді. Оның құрылымының сипаттамасы, мамандықтың типтік және практикалық оқу жоспары мен пәннің негізгі мазмұнына және дайындық бағытына әсер етеді. Ол студенттердің пәндерді таңдауын жеңілдетеді. Оқу-әдістемелік кешен мынандай міндеттерді шешуге бағытталған:

- белгілі бір мамандықтың білім беру бағдарламасында оқу пәнінің орны мен ролін анықтау;

- оқыту процесінің тақырыбын және өткізу түрін оқу уақытымен бөлу;

- студенттердің аудиториядағы және аудиториядан тыс жеке жұмысын ұйымдастыру;

- студенттердің танымдық және шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырыу;

- оқыту мен зерттеу процесінің өзара байланысын қамтамассыз ету;

Ереже бойынша оқу-әдістемелік мынадан тұрады:

- типтік бағдарлама;

- пәндік жұмыс бағдарламасы;

- глоссарий;

- дәрістің қысқаша конспектісі;

- әдістемелік материалдар;

- әдебиеттер тізімі;

Оқу-әдістемелік кешен- кафедра жиналысында және оқу-әдістемелік бюрода қарастырылады

9. Жоғары мектептегі педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз

Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды.

Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
Педагогикалық бақылау.
Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді.
Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.
Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген.
Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.
Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.
Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.
Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.
Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.
Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудық бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.
Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудық табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.
Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі - жекелеген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.
Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.
Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.
Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.
Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.
Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа ңа-былданған оқушыларды зерттеу. Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.
Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудық өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізеді. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтың кезінде барлығын түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған жөн.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардық дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.
Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысапы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді.
Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бөліп алу керек.
Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу- тәрбие, басқару жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді. Зертханалық эксперимент арқылы зерттеуші өзінің гипотезасын алдын ала тексеру үшін жасанды жағдайлар жасайды. Ол рөлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп, табиғи экспериментке енгізу үшін өзірленеді. Нәтижесінде эксперимент бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға әзірленеді. Табиғи педагогикалық процестің нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша тәрбие, білім беріледі.
Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат мәліметтері, сынып журналдары, оқушы күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, үйірме мүшелерініңбаяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері менкемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көз-қарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудық тиімді жолдарын іздестіреді.
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепте таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни, бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.
Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану эксиперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу жасау үшін қажет.

10. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттерін көрсетіңіз

Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.

Оқыту процесі – білімді , біліктілік пен дағдыны меңгертеді ,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын , қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы . Оқу барысында оқушының сана-сезімі , адамгершілік қасиеттері , эстетикалық талғамы , тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:

Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы, Оқыту әдістері, Оқытуды ұйымдастыру түрі, Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру, педагогикалық диагностика.

 

Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы.

1 .Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім

2. Іс-әрекеттің әдістері.

3. Шығармашылық тәжірибе

4. Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері.

Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді.

Білім алушының жалпы психикалық дамуы – жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқыту – екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу –студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту тұлғаға білім беру , тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі , жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.