Компания 13 страница

1. Геологияның зерттеу саласы

А) палентология

В) сынамалау

С) топырақ

D) экономика

2. Геологияның негізгі әдісі

А) қабаттан суды ығыстыру

В) геологиялық түсіру

С) ұңғыны бұрғылауға жағдай туғызу

D) кенорнының контурын анықтау

3. Кенорнын барлаудың міндеттерінің бірі

А) кешенді жұмыс жүргізу

В) шикізат ресурстармен қамтамасыз ету

С) кен денелерінің шоғырларын анықтау

D) сумен қамтамасыз ету

4. Ертеде мұнайды қалай атаған?

А) су

В) қара май

С) топырақ

D) шөп

5. Жерді пайдалану және Мұнай туралы заңдар не үшін қажет?

А) халықты мұхтаждықтан құтқару үшін

В) шетелге сату үшін

С) айырбас жасау үшін

D) табиғи ресурстарды қорғау үшін

6. Ертеде жібек арқанды не үшін пайдаланған?

А) суға батыру үшін қолданған

В) жер асты суын пайдалануда жібек арқанның еш пайдасы болмаған

С) жер асты суын пайдалану үшін ұңғы бұрғылауда пайдаланған.

D) жер асты суын пайдалану үшін ұңғы қазған

7. Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты қай жылы

құрылды?

А) 1940

В) 1935

С) 1944

D) 1952

8. Ең алғашқы мұнай кен орнының табылған жері

А) Қарашығанақ

В) Доссор

С) Өзен

D) Ембі

9. Өнімді қабаттарға айдалатын су мөлшерін немен анықтайды?

А) қолмен

В) арнайы есептеулермен

С) көз мөлшерімен

D) ыдысқа құю арқылы

10. Мұнайды жинақтау және тасымалдау қызметін көрсететін

А) «ҚазТрансОйл»

В) «Өзенмұнайгаз»

С) «Ембімұнайгаз»

D) «Қазақойл»

11. Өнімділігі жөнінен Қазақстанның ең қуатты мұнай айырушы

кәсіпорны

А) Атырау мұнай өңдеу зауыты

В) Шымкент мұнай өңдеу зауыты

С) Павлодар мұнай өңдеу зауыты

D) Қостанай мұнай өңдеу зауыты

12. Кен орындарын пайдаланғанда қандай өзгерістер болады?

А) жер массивтері бұзылады

В) топырақтар сарғаяды

С) топырақтар құрғайды

D) су басып кетеді

13. Мұнай геологиясы немен айналысады?

А) су мен қабаттардың ылғалдығын зерттейді

В) иірімдер мен кендерден мұнай мен газды бөліп алуды зерттейді

С) кен орындарында мұнай мен газды сүзіп алады

D) иірімдерді табады

14. Мұнайдан қандай өнімдер алынады?

А) мұнай майлары, церезиндер, техника

В) еріткіштер, басқа қағаз өнімдері

С) жанар май , мұнай майлары, церезиндер, вазелиндер

D) мұнай битумдары; жарықтандырғыш керосиндер, ағаш бұйымдары

15. Жер асты суларын жер бетіне көтеру үшін не істейді?

А) арнайы гидрогеологиялық ұңғылар мен құдықтар қазылады

В) тесік жасап жер бетіне шығарады

С) ұңғыларды қазбай-ақ шығарады

D) жер асты суын шығарудың қажеті жоқ

16. Бұрынғы заманда құдық қазу үшін адамдар нені қолданған?

А) темірді

В) бұрғы қашауды

С) ағаш таяқты

D) қолмен қазған

17. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қашан құрылды?

А) 1996

В) 1997

С) 2000

D) 2002

18. Мұнай химиясы шикізатын өндіретін кәсіпорын

А) мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты

В) мұнай айыру зауыты

С) арнайы гидрогеологиялық ұңғылар

D) Қазақойл ұлттық Мұнай-газ компаниясы

19. Қоршаған ортаның ластанбауы үшін не істеу керек?

А) жайылым және орманды жерді пайдалану керек

В) пайдалану схемаларын қолдану қажет

С) мұнай мен газды барынша мол алу керек

D) қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптарын орындау керек

20. Жер асты суларын жер бетіне көтеру үшін не істелінеді?

А) сол қалпында қолданылады

В) жер бетіне шығарылмайды

С) арнайы гидрогеологиялық ұңғылар мен құдықтар қазылады

D) суды техникамен тартып алады

21. Кен орнын жобалау неден басталады?

А) бірден игеруден басталады

В) игеру жобасын құрастырудан басталады

С) зерттеу жүргізілмейді

D) жобаның қажеті жоқ

22. Ірі инвестицияларды келтіру үшін не істеу қажет?

А) шартқа қарамайды

В) ешқандай келісімнің қажеті жоқ

С) бірнеше шарттарды орындау қажет

D) өздері сұранады

23. Табиғи энергияның негізгі қоры ...

А) газ айдау қондырғысының құрылысын салу

В) ұңғыманы қайта құру

С) қабат суларының арыны болып саналады

D) қайта өңдеуші қуаттылықтар құрылысын салу

24. Ағынды суларды тазартудың негізгі әдістері...

А) химиялық, қолданбалы

В) механикалық, кейде физика-химиялық

С) физикалық немесе химиялық

D) ақпараттық-технологиялық

25. «Қарашығанақ» кешені қай өңірде орналасқан?

А) Батыс Қазақстан облысында

В) Шығыс Қазақстанда

С) Орталық Қазақстанда

D) Оңтүстік Қазақстанда

26. Жеңіл газдар дегеніміз не?

А) құрамында метан мен этан көп

В) этан мен метан аз мөлшерде

С) құрамында пропан мен бутаны бар

D) этан мен пропаны көп

27. Мұнайдан алынатын өнімдер

А) дәрі-дәрмек, мұнай майы, киім, нан

В) пластмасса, машина дөңгелектері, тамақ, су

С) бензин, керосин, парафин, кремдер, дәрі-дәрмектер,

D) битум, қоқыс, сіріңке, шұлық, бас киім, оқ-дәрі

28. Мұнай қандай қосылыстардан тұрады?

А) материалдық ресурстардан

В) топырақтардан

С) көмірсутектерден

D) аммиактардан

29. Мұнайдың тығыздығы қалай анықталады?

А) көлем бірлігіндегі массасымен

В) өндіруге байланысты есептеулер арқылы

С) жылыстауға қарсылық білдіруі арқылы

D) мұнайды игергенде анықталады

30. Мұнайдың физикалық қасиеті

А) көлемі

В) саны

С) тығыздығы

D) уақыты

 

Өздік бақылау үшін тест тапсырмаларының кілті

1 – А 6 – С 11 – С 16 – В 21 – В 26 – А

2 – В 7 – А 12 – А 17 – D 22 – С 27 – С

3 – С 8 – В 13 – В 18 – В 23 – С 28 – С

4 – В 9 – В 14 –С 19 – В 24 – А 29 – А

5 – D 10 –А 15 – А 20 –D 25 – А 30 – С

 

1.5. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Жер туралы білім қашан пайда болған?

2. Тас, қола, көмір ғасырында не өндірген?

3. Қазіргі геологияның дамуы қай кезден басталады?

4. Минералдың физикалық қасиеттерін немен анықтады?

5. Геологиялық түсірім жұмыстары қандай кезеңдерге бөлінеді?

6. Масштабына қарай геологиялық түсірімдер қалай анықталады?

7. Жұмыс ерекшеліктеріне қарай қандай геологиялық түсірімдер

жасалынады?

8. Геология сөзі қайдан шыққан?

9. Жалпы геологияның маңызды бағыты қандай?

10. Геологиялық процестер қандай өзгерістер әкеледі?

11. Жалпы геология қандай мамандар даярлайды?

12. Мамандар нені білуі тиіс?

13. Институттың қандай елдермен халықаралық байланыстары бар?

14. Кімдермен қандай мақсатта келісімшарт жасалған?

15. Институт студенттерге қандай жағдай жасап отыр?

16. Қаратай Тұрысов кім? Геолог ретінде қандай еңбегін бағалар едіңіз?

17. Пайдалы қазба кенорындарын барлау қаншалықты маңызды?

18. Геологиялық барлау нені анықтайды?

19. Пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау қандай жағдайларда іске асады?

20. Заттың қасиеттері мен қозғалыс заңдарын зерттеуде қай ғылым

саласымен байланысты болады?

21. Геология ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды

білесіздер?

22. Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

23. Мұнайдан қандай өнімдер алынады?

24. Мұнай тектес газдардан не алынады?

25. Ертеде мұнайды не үшін пайдаланған?

26. Мұнай өнеркәсібінің рөлі қандай?

27. 1960 жылдары қандай кенорындары ашыла бастады?

28. Мұнайды игеру үшін ашылған қанша кәсіпорынды білесіздер?

29. Іздеу жұмыстары неше кезеңнен тұрады.

30. Алғашқы кезеңде қандай жұмыстар атқарылады?

31. Жер қабаттарының көнелігі мен аумағын қалай анықтайды?

32. Барлау әдісі арқылы нені анықтайды?

33. Бұрғылау жұмыстарының маңызы қандай?

34. Бұрғы қондырғыларының түрлерін атаңыздар?

35. Бұрғылау ұңғыларын қайда орнатуға болады?

36. Ұңғы дегеніміз не?

37. Мұнайдың тығыздығы қалай анықталады?

38. Тұтқырлығы дегеніміз не?

39. Табиғатта мұнай қандай күйде кездеседі?

40. Мұнай электр тогын өткізе ме?

41. Мұнайлы қабаттарды анықтау үшін қандай әдістер қолданған?

42. Мұнайға серік газдарды қалай пайдаланған?

43. Мұнай кәсіпшілігі немен айналысады?

44. Су алуға арналған құдықтар қашан пайда болған?

45. Өнімді қабаттарға айдалатын суларға қандай талаптар қойылады?

46. Жанар майға қандай майлар жатады?

47. Мұнай майлары дегеніміз не?

48. Мұнайды өндіру,тасымалдау кезінде мұнайдан қандай заттар алынады?

49. Қазақстанда қандай газ өңдеу зауыттарын білесіздер?

50. Мұнай мен газды өңдеу өнеркәсібі қай уақыттан дамыды?