Компания 12 страница

266-тапсырма. «Қазақстанның қазіргі әлемнің мұнай саласындағы орны» тақырыбына қысқаша өз пікіріңізді жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныстар:Кенорнынан алған мәліметті жадыда сақтап, меңгерту. Ауызша тіл дағдысын қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 12[123-125], Қос.: 23[5-6]

Бақылау сұрақтары:

1. «Теңізшевройлдың» мақсаты қандай?

2. Қандай жобаларға ат салысады?

3. Өнім өндіру деңгейі қандай?

14-апта. 42-тәжірибелік сабақ

267-тапсырма. Ғылыми-зерттеу институттарының негізгі бағыттары мен мақсаттары туралы берілген мәтіндерді түсініп оқып, төменде берілген сөздіктің көмегімен мазмұндаңыздар.

 

Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу

геологиялық барлау институты

 

 

Қазақстан Республикасы геологиялық қызметінің жүйесіндегі мұнай мен газ жөнінен мамандандырылған бірден-бір салалық ғылыми-зерттеу мекемесі Атырау қаласында орналасқан. Институт 1946 жылы академик Қ.Сәтбаевтың бастамасымен құрылған. 1956 жылы Мұнай институты болып қайта ұйымдасты. 1960 жылы Геология және геофизика институтына айналды. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары мынадай:

а) Батыс Қазақстанның мұнай және газ кендерінің геологиялық құрылысын зерттеу және орналасу заңдылықтарын анықтау;

ә) мұнайгаз қорларына болжамдық және өндірістік баға беру және мұнай газға жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын жасау;

б) мұнай ұңғыларынан сынама алу мен сынақтан өткізудің әдістерін жетілдіру және бұрғылау технологиясы мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін жақсарту;

в) түрлі мақсаттағы тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу;

г) терең ұңғыларды бұрғылаудың жобалық- сметалық құжаттарын жасау;

д) сыртқы экономикалық байланысты жүзеге асыру;

ж) өз нәтижелерін сыртқа шығару және шетелдік фирмалармен бірлескен зерттеулер жүргізу.

Институт құрамында литология және стратиграфия, мұнайлылық-газдылықты болжау және геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау, мұнай кәсіпшілік геологиясы, бұрғылау т.б. бөлімдер жұмыс істейді.

Институтты ұйымдастыруға, ғылыми-зерттеулер бағыттарының дамуы мен қалыптасуына оның бұрынғы директорлары Т.Жұмағалиев, С.Өтеғалиев және С.Шақабаев, Ақтөбе бөлімшесінің бастығы М.Таңқыбаевтар зор еңбек сіңірген.

Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты геология және мұнай кендерін пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулермен, әртүрлі мұнай кәсіпшілік жабдықтарын, мұнай өңдеу кәсіпорындарын және көмекші өндірістерді жобалаумен шұғылданатын мамандырылған мекеме. 1940 жылы Атырау қаласында «Қазақстанмұнайкомбинаты» құрамында «Ембіпроект» жобалау конторы негізінде салынды. 1957-70ж. «ГипроКазмұнай» мұнай жобалау институты, ал 1970 жылдан Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты болып құрылды. 1978 жылы институттың Ақтауда, Атырауда бөлімшелері болды. 1995жылы Атырау бөлімшесінің негізінде дербес «Каспиймұнайгаз» институты ұйымдастырылды. Институт жұмысының негізгі бағыттары мыналар: 1) мұнай мен газ кендерінің геологиясы және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; 2) көмірсутегі шикізатын өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеу саласында жобалау-іздеу жұмыстарының кешенін орындау; 3) мұнайгаз өндірісі мен еңбек саласындағы қауіпсіздік техникасының ғылыми-техникалық нормативтік құжаттарын жасау.

Институттың жобалары бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарында көптеген газ-мұнай кендері пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта да институт мұнай саласындағы өзінің дәстүрлі тапсырыс берушілеріне және шетелдік капиталмен жұмыс істейтін біріккен кәсіпорындарына ғылыми-жобалау инженерлік қызмет көрсетіп келеді.

268-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыздар.

269-тапсырма. Төменде берілген сөздікті жаттап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

геологиялық қызмет – геологическая служба

мамандандырылған мекеме – специализированное учреждение

бастамасымен – по инициативе

қайта ұйымдасу – реорганизована

негізгі бағыттары – оснавные направление

зерттеу – исследование

геологиялық құрылысы – геологическое строения

орналасу заңдылықтары – закономерность размещения

болжам – прогноз

өндірістік баға беру – промышленная оценка

сынама алу – опробования

сынақтан өткізу – испытания

мұнай ұңғылары – нефтянная скважина

бұрғылау ерітінділерінің қасиеттері – свойство буровых растворов

270-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Основные направления исследований института: изучение геологического строения и выявление закономерностей размещения нефтяных и газовых месторождений Западного Казахстана, прогнозная и промышленная оценка нефтегазовых ресурсов и разработка направлений геолоразведочных работ на нефть и газ; совершенствование методов опробования и испытания и испытания нефтяных скважин и улучшение технологии бурения и свойств буровых растворов; проведение опытно-методических работ различного назначения.

271-тапсырма. Жақшадағы сөздерді аударып жазыңыздар.

Мұнай газға жүргізілетін (геолоразведочных работ) бағыттарын жасау қажет. Мұнай ұңғыларынан сынама алу мен (испытания) әдістерінің жетілуі. Геология және геофизика институтының зерттеулерінің (основные направления). Онда мұнай кәсіпшілік геологиясы, бұрғылау т.б. (отделы работают). Атырау қаласында бірден-бір салалық ғылыми-зерттеу (специализированное учреждение) орналасқан. Батыс Қазақстанның мұнай және газ кендерінің геологиялық құрылысын зерттеп және (закономерность размещения) анықтайды.

272-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

мұнай ұңғылары барлау бағыттары мұнай кәсіпшілігі кенорындары геологиялық құрылыс орналасуын анықтау геофизика институты сынақтан өткізу негізгі бағыттары геологиялық қызмет ғылыми-зерттеу мекемесі барлау жұмысын жоспарлау бұрғылау ерітінділері терең ұңғылар

 

 

273-тапсырма. Зерттеу бағыттары жөнінде досыңызбен сұхбат құрастырыңыздар.

274-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Институттың жобалары бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарында көптеген газ-мұнай кендері ..... . Қазіргі уақытта да институт мұнай саласындағы өзінің дәстүрлі тапсырыс берушілеріне және шетелдік капиталмен жұмыс істейтін біріккен кәсіпорындарына ғылыми-жобалау инженерлік қызмет ..... . Институт жұмысының өз бағыттары ..... . Өндірістерді жобалаумен шұғылданатын мамандырылған ..... .

275-тапсырма. «Ғылыми-зерттеу

және жобалау институтының қызметкері

болғыңыз келе ме?» тақырыбына

сұхбат құрастырыңыздар.

276-тапсырма. Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мәтіні бойынша берілген сөздікті меңгеріңіздер. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жобалау институты –проектный институт, ғылыми зерттеулер –научные исследования, мұнай өңдеу кәсіпорындары –разработка нефтяных месторождений, мұнай кәсіпшілік жабдықтары –нефтепромысленное оборудования, негізгі бағыттар – оснавные направление, сақтау–хранение, көмірсутегі шикізаты – углеводородное сырье, жобалау-іздеу –проектно-ызыскательный, тасымалдау–транспортировка.

Әдістемелік ұсыныс: Мәтін бойынша сұрақ-жауап қою арқылы сұхбат тілі дағдысын жаттықтыру.

Әдебиет: Нег.: 7[86-91], 13[56-61]

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институты немен

шұғылданады?

2. Институт жұмыстарының негізгі бағыттары қандай?

3. Жаңа жобалар бойынша қандай газ-мұнай кендері пайдалануға берілді?

4. Институттың шетелдіктермен байланысы бар ма?

15-апта. 43-тәжірибелік сабақ

277-тапсырма. Қазақстан кенорындарын меңгерудегі кездесетін экологиялық проблемаларды мәтіннен мұқият оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Кен өндірудегі экологиялық проблемалар

* * * * *

Кенорындарын игерудің экологиялық проблемалары

Қазақстан және Орта Азияның мұнай және газ кенорындарын меңгерудің экологиялық проблемаларының аймақтық географиялық, геологиялық, геодинамикалық, әлеуметтік ерекшеліктері бар.

Мұнай мен газды өндіру және өңдеу кезінде табиғатты қорғау бойынша маңызды бағыттар; экологиялық таза процестер игеру және қалдықтарды азайту, мұнай-химиялық өндірістердің газды қалдықтарынан тазарту, лас суларды тазарту, қоршаған ортаны мұнай және мұнай өнімдерінен ластануын қадағалау болып табылады.

Қоршаған ортаның ластануы іздеу-барлау және газ өндіретін ұңғылар құрылысынан басталады. Бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді.

Кенорындарын пайдаланғанда үлкен жер массивтері бұзылады. Мысалы, Қарашығанақ кенорнын игеруде 3000 га. егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады.Теңіз кенорнының ауданы 200 км2.

Мұнай негізгі энергия көзі мен әртүрлі жанармай алумен мұнайхимия өнімдерінің негізгі шикізаты болып табылатындықтан, ол мұнай өндіру аудандарында шоғырланбайды. Керісінше, жердің барлық бұрыштарына тарайды және тасымалданғанда көп мөлшері жоғалады. Теңізге түскен мұнай өнімдері қоршаған ортаға әртүрлі жолдармен тарайды. Мұнайдың бір литрі тұщы судың миллион литрін жарамсыз қылады екен. Осылайша, табиғат байлығы – көмірсутек қазба шикізаты адамзат үшін аса қауіпті қатер болып отыр.

Нағыз экологиялық күйзеліс мұнай-газ өткізгіштері мен өнім өткізгіштерінің жарылуы, мұнай өнімдерін тасымалдауда транспорт құралдарындағы апаттар мен өрттер, бұрғылау кезіндегі мұнай мен газ фонтандары болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту үшін мұнай мен газ кенорындарында бұрғылау кешендерін игеруде, табиғи көмірсутектер мен олардың өнімдерін дайындауда, өңдеуде, тасымалдауда, сақтауда табиғатты қорғау шараларын тиімді іске асыру қажет.

278-тапсырма. Берілген сұрақтар арқылы мәтінді пысықтаңыздар.

1. Экологиялық проблемалардың ерекшеліктері неде? 2.Негізгі бағыттары қандай? 3. Табиғаттың ластану себебі неде? 4. Қандай шаралар қолдану қажет? 5. Кенорындарын пайдаланғанда қандай өзгерістер болады? 6. 7. Мұнайды тасымалдағанда қандай күйге ұшырайды? 8. Негізгі экологиялық күйзеліске әкеліп соқтыратын нәрсе не? 9. Қоршаған ортаны қорғау мәселесін жақсарту үшін не істеу қажет?

279-тапсырма. Сөздермен 5-6 сөйлем құрастырыңыздар.

Аймақтық – окружной, әлеуметтік – социальный, қоршаған орта – окружающая среда, транспорт құралы – транспортное средство,

280-тапсырма. Көп нүктелердің орнына, тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

Қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша негізгі істелінетін ..... . Кен орындарын меңгерудің ..... проблемалары бар. Игеру және қалдықтарды ..... мәселелері қамтылған. Мұнаймен және мұнай өнімдерінің ластанбауын ..... және лас суды тазартуға көп көңіл бөлінеді. Кен орындарын пайдаланғанда үлкен ..... бұзылады.

Тиісті сөздер: мәселелер, экологиялық, азайту, қадағалау, жер массивтері

281-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. экологиялық өзіндік аймақтық географиялық, геологиялық, геодинамикалық ерекшеліктері бар, меңгерудің, кен орындарын, және әлеуметтік, Мұнай-газ, проблемаларының,

2. ортаны, бағытының істелінетін, көп, Қоршаған, қорғау, негізгі, мәселелер

3.түскен, қоршаған, тарайды, Теңізге, мұнай өнімдері, ортаға, әртүрлі, жолдармен

4. шикізаты, аса, қауіпті, қазба, көмірсутек, үшін, адамзат,

282-тапсырма. «Қазақстан шөгінді алаптарының экологиялық мәселесі» жөнінде топ болып, пікір алмасыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Қоршаған ортаны қорғау проблемаларына атсалысу, патриоттық сезімін ояту.

Әдебиет: Нег.: 4[409-418], Қос.:19[23-54]

Бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық проблемалардың ерекшеліктері қандай?

2.Қоршаған ортаны қорғау мәселесін жақсарту үшін не істеу қажет?

3.Экологиялық күйзеліске әкеліп соқтыру себебі неде?

15-апта. 44-тәжірибелік сабақ

283-тапсырма. Теңіздің экологиялық проблемаларын баяндаған мәтінді оқып, өз пікіріңізді қоса отырып, мазмұндап беріңіздер.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы

Каспий теңізі планетамыздағы әрқилы биологиялық ресурстарға бай ірі су қоймаларының бірі. Құртпа – бекіре тұқымдас балықтар осы мекенде дамып көбейеді. Құртпа-бекіре тұқымдас балықтар ішіндегі ең ірі, әрі айтарлықтай бағалы түріне жатады. Оның уылдырығының бағасы да әлемде өте қымбат. Дүниежүзіндегі азық-түлік тауарлары ішінде оның бөлшек саудадағы 1 келісінің бағасы 5 мың АҚШ доллары тұрады.

Бүгінде Каспий теңізі акваториясында ғажап балық түрлерінің жоғалып кетуіне шынайы қауіп төніп тұр. Экологтардың болжамы бойынша, Каспийдің алдағы болашағы күңгірт, ол броконерлер ауларымен шырмалып, мұнай мұнараларымен бөгелген.

1993 жылы Республика Үкіметі әлемге әйгілі шетелдік компаниялардың тәжірибесіне сене отырып, Солтүстік-Шығыс Каспийде мұнайды барлау жұмыстарына рұхсат берген болатын. Мұндағы мақсат мұнай мен газ өнеркәсібін дамыту және дүниежүзіндегі ең ірі шельфтік мұнай-газ кенорнын игеру арқылы ел тәуелсіздігін нығайтып, халықтың жағдайын жақсарту еді. Алайда, олардың қызметі басталғалы бері бекіре балықтарының күрт азайып кеткендігі байқалып отыр.

Мұнай өндірілген жылдары 5млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл тек судың ластануы мен бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен, парниктің жанбайтын көмірсутектерімен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

· экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

· мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, бекіре балықтардың қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

· осы теңізге ғана тән эндемикалық балықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

· аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Арнайы органдар Каспий теңізінің биологиялық ресурсын сақтап қалу мақсатында экологиялық қауіпсіздік пен Аджип компаниясының табиғатты ұқыпты пайдалану мәселелерін алға қойып отыр.

284-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтінді пысықтаңыздар.

1. Каспий теңізінің қазіргі жағдайы қандай? 2. Каспий қоймаларында қандай балықтар мекен етеді? 3. Уылдырықтың әлемдегі құны қанша? 4. Каспий теңізінің болашағынан не күтуге болады? 5. Теңіздің ластануының себебі неде? 6.Теңіздің биологиялық ресурсын сақтап қалу үшін не істеу керек, ойларыңызды білдіріңіздер?

285-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 


286-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. теңіздің 2. әлемдегі 3. биологиялық 4. бағалы 5. ірі 6. игеру 7. уылдырық 8. шынайы □ құны □ ресурс □ шикізат □ ластануы □ арқылы □ қауіп □ шельфтік □ бағасы

287-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып, жазыңыздар.

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына ...... (шөл зонасы) еліміздің ..... саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол ... шөлді алапқа ылғал әкелуші ..... .... ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде ..... салынуы, мұнайhttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9 ..... өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл ..... мұнай мен газды ..... маңызды экономикалық ауданына айналды.

Тиісті сөздер: шаруашылық, кәсіпшілігінің, өндірудің, маңдағы, бөгендердің, су айдыны, байланысты, аймақ,

Әдістемелік ұсыныс: Тапсырмаларды орындай отырып , лексикалық материалды қайталау, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 13[88-92], Қос.: 19[52-65]

Бақылау сұрақтары:

1.Каспий теңізінің экологиялық жағдайына көңіліңіз тола ма?

2. Теңізге мұнай қаншалықты төгілуде?

3. Табиғи қорларды игеруде қандай проблемалар туындауда?

15-апта. 45-тәжірибелік сабақ.

III. Аралық бақылау жұмысы.

Қорытынды бақылау.

2.2. СӨЖ тақырыптары және оларды орындаудың әдістетемелік ұсыныстары

  № Тақырыптар Әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттер
1. Геологияның даму тарихы Геология ғылымы туралы оқулықтардан өз бетінше іздену Нег.: 1, 3, 6 Қос.: 23
2. Геология және мұнай-газ ісі институты Университет басылымдарынан ақпараттар алу Нег.: 12 Қос.: 9,27
3. Геологиялық барлау жұмыстары Ғылыми басылымдармен танысу Нег.: 3, 8, 2 Қос.: 21, 23
4. Геологияның зерттеу нысандары Оқулық және оқу құралдарымен танысу Нег.: 2, 6 Қос.: 21,24
5. Жер пайдалану құқығы Жер және жер құқығын пайдалану туралы Заңның міндеттерін білу Нег.: 17 Қос.: 20
6. Мұнай өнеркәсібінің даму қарқыны Мұнай өндірісіне жалпы шолу жасау. Ақпарат құралдарымен жұмыс жасау Нег.: 4, 5 Қос.: 24, 2
7. Мұнай мен газды ірі компаниялардың өндіруі мен игеруі Ірі компаниялардың бағыттары мен міндеттері Нег.: 12,13 Қос.: 24, 26
1. 8. 2. Бұрғылау жұмыстарының маңызы Кітапханамен жұмыс   Нег.: 8, 11 Қос.: 21, 22
9. Мұнайдың құрамын зерттеу, және оның геологиялық тарихы Ғалымдардың еңбектерімен танысу Нег.: 10,12 Қос.: 23, 28
10. Маңғыстау мұнайлы өлкесінің зерттелуі. Қосымша әдебиеттерді пайдалану Нег.: 12, 3 Қос.: 28, 24
1. 11. 2. Мұнай өндіруші кәсіпорындардың суды тұтынуы Терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау Нег.: 11,13 Қос.: 22, 28
12. Республикадағы мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттары Баспасөз материалдарын пайдалану Нег.: 16, 12 Қос.: 21, 26
13. Қазақстандық мұнай-газ өнеркәсібіндегі компаниялар Интернет жүйесінен жаңа мәліметтер іздеу Нег.: 12,16 Қос.: 24, 28
14. Қазақ мұнай ғылыми-зерттеугеологиялық барлау институты Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдылану Нег.: 13, 16 Қос.: 21, 28
15. Экологиялық проблемалардың аймақтық, геологиялық, геодинамикалық, әлеуметтік ерекшеліктері Экологиялық проблемаларды шешуге үйрену Нег.: 15 Қос.: 19

2.3. СОӨЖ т а қ ы р ы п т а р ы

Тапсырмалардың тізімі мен түрлері

№ Апта Жұмыстың түрі Жұмыстың тақырыбы
1-апта Реферат 1. Геология туралы ұғым. 2. Геологияның даму тарихы 3. Геологиялық карта түсіру
2-апта Реферат 1. Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ институтының тарихы 2. Қ.Тұрысовтың өмір жолы 3. Институттың шетелдермен байланысы
3-апта Реферат 1. Ғылыми-техникалық процесте геологияның мәні 2. Пайдалы қазба кенорнын барлау кезінде туындайтын мәселелер 3. Геологиялық барлау жұмыстары
4-апта Реферат 1. Геологияның зерттеу нысандары 2. Геологиялық процестерді зерттейтін ғылымдар 3. Геология ғылымының іргесін қалап, дамуына ерекше еңбек сіңірген ғалымдар
5-апта Реферат 1. Жер пайдалану құқығы 2. Жер және жер қойнауын пайдалану 3. Мұнай-газ туралы Заң
6-апта Реферат 1. Мұнай өнеркәсібінің даму қарқыны 2. Оның шаруашылықтағы маңызы 3. Мұнай өндіру мен мұнай өңдеу салалары
7-апта Реферат 1. Мұнай мен газды ірі компаниялардың өндіруі мен игеруі 2. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстары 3. Геологиялық, геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу
8-апта Реферат 3. 1.Бұрғылау жұмыстарының маңызы 4. 2. Кенорындарын бұрғылау түрлері мен тәсілдері 5. 3. Ұңғыны бұрғылау жолдары
9-апта Реферат 1. Мұнай химиялық элементтердің қосындылары 2. Мұнайдың физикалық қасиеттері 3. Мұнайдың құрамын зерттеу, оның геологиялық тарихына қатысты мәселелерді шешу
10-апта Реферат 1. Маңғыстау мұнайлы өлкесінің зерттелуі. 2. Мұнай газдарының түрлері және олардың айырмашылықтары. 3. Жер қойнауындағы кен орындарының түрлері.
11-апта Реферат 3. 1. Мұнай өндіруші кәсіпорындардың суды тұтынуы 4. 2. Ағынды суларды тазартудың негізгі әдістері 5. Өнімді қабаттарға айдалатын суға қойылатын талаптар
12-апта Реферат 1. Республикадағы мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттары 2. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі 3. Қазақстанның ең қуатты мұнай айырушы кәсіпорны
13-апта Реферат 1. «ҚазМұнайГаз» – ұлттық компаниясы 2. «Қазмұнайтеңіз» компаниясының стратегиялық бағыттары 3. Қазақстандық мұнай-газ өнеркәсібіндегі компаниялар
14-апта Реферат 1. «Теңізшевройл» компаниясының мұнай және газ саласындағы алатын орны 2. Қарашығанақ кен орнының шикі газы 3. Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институты
15-апта hhhhh Реферат   1. Кен өндірудегі экологиялық проблемалар 2. Экологиялық проблемалардың аймақтық географиялық, геологиялық, геодинамикалық, әлеуметтік ерекшеліктері 3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы.

2.4. Өздік бақылау үшін тест тапсыралары