Компания 11 страница

241-тапсырма. Шағын мәтіннен алған мәліметті мазмұндаңыздар.

Қазақстан Республикасының көмірсутегін барлау, игеру, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен акционерлік қоғам нысанында «Қазақойл» ұлттық Мұнай-газ компаниясы құрылды. Қазақстан Республикасы үшінші мыңжылдықтың табалдырығында ірі мұнай державасына айналады. Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан жақын арадағы 10-15 жылда әлемдегі негізгі мұнай өндірушілердің бірі бола алады. «ҚазМұнайГаз» ҰМҚ қызметінің жекелеген бағыттары бойынша бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында еншілес мамандырылған сервистік кәсіпорындар құрылды.

Әдістемелік ұсыныс:«Қазмұнайгаз» компаниясының мақсатын, негізгі жұмыс істеу бағытын есте сақтау.

Әдебиет: Нег.: 12[364-365]; Қос.: 24[1-3]

Бақылау сұрақтары:

1. «ҚазМұнайГаздың» ірі мұнай державаларының арасында алатын орны қандай?

2. Компания қандай бағытта жұмыс жүргізеді?

3. Компанияның негізгі мақсаттары және экономикалық және стратегиялық бағыттары қандай?

 

13-апта. 38-тәжірибелік сабақ

242-тапсырма. Мәтіннен түсінгендеріңізді топ болып әңгімелеңіздер.

«Қазмұнайтеңіз» компаниясы

«Теңіз мұнай компаниясы» акционерлік қоғамы 2003 жылы 14 наурызда құрылды. «Қазмұнайгаз»-дың еншілес компаниясы болып табылады.

«Қазмұнайтеңіз» – теңізде және жағалауға жақын аумақтардың яғни Каспий және Арал теңіздерінің мұнай жобаларын тиімді басқару жолымен мұнай операцияларын жүзеге асыратын компания болып табылады.

Қоғам қызметінің негізгі мақсаты – теңіз жобаларындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы мердігерлік функцияны орындау, сондай-ақ республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеру, мұнай мен газ ресурстарын ұдайы өндіру және бұдан әрі арттыру жөніндегі функцияларды іске асыру.

Қоғамды дамыту перспективасы халықаралық рыноктарда бәсекелестікті көтеруге бағытталған және «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы топтарының өсуінің ұзақ мерзімдік стратегиясын белгілейді.

Каспий және Арал теңіздері қайраңында көмірсутектердің қоры мен өндірілуі бойынша Ұлттық компанияның көрсеткіштерін қарқынды өсіруді қамтамасыз етеді. Қазмұнайтеңіз теңіз барлауы және көмірсутек ресурстарын өндіру саласында қазақстандық көшбасшы компания.

Компанияның стратегиялық бағыттары теңіз кенорындарын игеру арқылы көмірсутек қорларын молайту және өндіру; жаңа технологияларды енгізу; қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту; кадрлік әлеуетті дамыту; еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жүйелерін арттыру болып табылады.

Каспий теңізінің қазақстандық өңірін игерудің Мемлекеттік бағдарламасына сай елімізде теңіз мұнай операцияларын игеруде мамандар даярлау жағынан біліктілігі жоғары озық мұнайшы инженер мамандар әзірлеуде «ҚазМұнайТеңіз» бастамашы болды. Бағдарламаның ізгі мақсаты теңіз мұнай операциялары, соның ішінде шет елдік және мердігерлік компаниялар құрамында қазақстандық мамандар санын көбейту мен ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін іске асыру болды.

Халықаралық мұнай және инжинирингтік компаниялар құрамында ұзақ мерзімді оқыту мен машықтану үшін үздік түлектер мен жас инженерлерді іріктеу жүргізді. Компания Shell, ExxonMobil, ConocoPhillips, Eni, KBR, Total, Keppel, Worley Parsons, Aker Solutions, BUE, Baker Hughes және тағы басқа халықаралық мұнайгаз және осы салада қызмет көрсетуші компаниялармен серіктес болды.

243-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

1. «Қазмұнайгаз» ұлттық ..... бірлескен ..... акционерлерінің құрамына ену ..... қатынастарды ..... жаңа ..... берді. 2. «Теңізшевройл» ..... құру туралы Қазақстан Республикасы мен ..... компаниясы ..... келісімге 1993 жылығы 2 сәуірде ..... қойылды. 3. ТШО-ның ..... түрлері Атырау облысындағы ..... және Королев кен орындарында ..... шикізатын ....., өндіру және ..... болып табылады. серпін, әріптестік кәсіпорын компаниясының дамытуға, қол ЖШС-ны «Шеврон» арасындағы, сату барлау көмірсутегі Теңіз, негізгі қуаттарды,
4. Теңізшевройл ..... жөнінен аса ірі, теңдесі жоқ ..... кеңейту жобасы ..... пайдалануға ..... кейінгі бір жыл ішінде ..... дамыды. 5. Қауіпсіздік ..... сақтау және еңбекті ....., өнім өндіру ..... ұлғайту бағытындағы жаңа .... мен көрсеткіштер ..... ұдайы көтерумен келеді. қарқынды нысандарын бергеннен технологиясы қорғау, көлемін техникасын, деңгейін жетістіктер

244-тапсырма. Сөйлемдердегі жақшаны ашып, аударып жазыңыздар.

1. Әлем Қазақстанды (деловое партнерство) дамытуды негізгі бір басымдығын анықтаған ел деп таныды. 2. «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының бірлескен кәсіпорын акционерлерінің құрамына ену Теңіз қорын игеру жобасының аясында әріптестік қатынастарды дамытуға жаңа серпін берді. 3. «Қазмұнайтеңіз» (разведка углеводорода) мен өндіруге 40 жыл мерзімге лицензия берілген. 4. (Партнеры участники) бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық «Шеврон» және «ЭксонМобил», «Қазмұнайгаз» ҰҚ АҚ және «ЛукАрко» компаниясы.

245-тапсырма. «Қазақстанның қазіргі әлемде мұнай саласындағы орны» деген тақырыпқа қысқаша өз пікіріңізді жазыңыздар.

246-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

 

1. теңіз 2. әріптестік 3. жаңа 4. әлемге 5. теңіз 6. жер 7. ұтымды 8. бірлескен □ қатынастар □ серпін □ танымал □ қоры □ кәсіпорын □ игеру □ қайраңы □ қойнауы

Әдістемелік ұсыныс:Компанияның негізгі мақсаты мен стратегиялық бағыттарын меңгеріп, зейінде сақтау. Тыңдау дағдысын жаттықтыру.

Әдебиет: Нег.: 12[83-85]; Қос.: 25[3-5]

Бақылау сұрақтары:

1. «Теңіз мұнай» компаниясы акционерлік қоғамы қашан құрылды?

2. «ҚазМұнайТеңіз» компаниясы қызметінің мақсаты қандай?

3. Көмірсутек ресурстарын өндіру саласындағы алатын орны?

4. Компанияның стратегиялық бағыттарын атап шығыңыз.

13- апта. 39-тәжірибелік сабақ

247-тапсырма. Мұнай-газ компаниясы туралы берілген мәтінді мұқият оқып, алған мәліметтеріңізді мазмұндаңыздар.

« Шеврон» мұнай-газ корпорациясы

 

Шеврон мұнай-газ корпорациясы байырғы аса ірі мұнай компанияларының бірі.1873 жылы Лос-Анжелесте құрылған. 1900 жылы компанияны Д.Рокфеллер сатып алған. Қазіргі кезде штаб-пәтері Сан-Францискода (Калифорния штаты).

Шеврон мұнай-газ корпорациясы мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді барлауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысады. Сонымен бірге мұнай-химия өнімдерін өндіру, оларды бөлшек сауда бағасымен сату ісімен де айналысады. Корпорация дүние жүзінің 90-нан астам елінде жұмыс жасайды. 23 елде мұнай мен табиғи газды барлап өндіреді. Қызметкерлерінің жалпы саны 34 мың адамға жуық. Ол АҚШ-та мұнай өнімдерін сататын жетекші кәсіпорын. Өз елінде табиғи газ өндіру жөнінен 3-орын алады. Компания жыл сайын 75 миллион тонна мұнай, 26 млрд. м3-ге жуық табиғи газ өндіреді.

Қазақстанда компания бірнеше жобаға қатысады. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шеврон мұнай-газ корпорациясы арасындағы 1993 жылы қол қойылған келісім бойынша ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінде 40 жыл бойына көмірсутектерді барлап, өндіреді. Ол Теңіз-Новороссийск мұнай құбырын салуға қатысты. Каспий мұнай құбыры консорциумына да белсене қатысушы.

248-тапсырма. Мәтінді оқып танысқан соң, материалды қаншалықты меңгергендіктеріңізді сұрақтарға жауап беру арқылы пысықтаңыздар.

1. Шеврон мұнай-газ корпорациясы қашан, қайда құрылды? 2.Компания қандай қызметтер атқарады? 3. Корпорацияның қандай елдермен қатысы бар? 4. Қызметкерлерінің жалпы саны қанша? 5. Мұнай-газ өнімдерін өндіруден АҚШ-тағы рөлі? 6. Қазақстанда қандай жобаларға қатысады?

249-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікпен танысып, жаңа сөздерді жаттаңыздар.

табиғи газ – природный газ келісім – договор

табиғи ылғалды газ – влажный природный газ жоба – проект

мұнай құбыры – нефтепровод барлау – разведка

мұнай өнімдері – нефтепродукция бағалау – оценка

көмірсутек – углеводород құрылтайшы – учредитель

250-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын сәйкестендіріп, сөйлем құрастырыңыздар.

1. бөлшек 2. сауда 3. жетекші 4. жобаға 5. қамтамасыз 6. келісім 7. басты 8. көмірсутекті □ кәсіпорын □ бағасы □ қатысу □ сауда □ құрылтайшы □ барлау □ бойынша □ ету

251-тапсырма. Көп нүктенің орнына тордағы тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

«КазРосГаз» ЖШС өңделген ..... құрғақ газының негізгі ..... Қазақстан тұтынушыларының ..... қамтамасыз ету үшін ішкі ..... жеткізеді. Қостанай облысы ..... ресей газын және Қазақстанның оңтүстік ..... тұтынатын өзбек газын ..... бағалар бойынша ..... қарашығанақ газының баламалы көлемдерімен ..... арқылы жүзеге асырылады. ..... жеткізілімдер сызбанұсқасы Қазақстан Республикасындағы ..... үдерістерін тоқтатуға және Қазақстан халқы үшін тиімді ..... табиғи газды оңтүстік аймақтар мен Қостанай облысына ..... мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстар:Компания туралы алған мәліметті есте сақтау. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, сұхбат тілі дағдысын жаттықтыру.

Әдебиет:Нег.: 12[47-49]; Қос.: 25[2-4]

Бақылау сұрақтары:

1. Шеврон мұнай-газ корпорациясы қашан, қайда құрылды?

2. Корпорацияның қандай елдермен қатысы бар?

3. Қазақстанда қандай жобаларға қатысады?

14-апта. 40-тәжірибелік сабақ

252-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, кенорны туралы алған мәліметтеріңізді баяндап беріңіздер.

Мұнай-газ кенорындары және ғылыми-зерттеу институты

* * * * *

Қарашығанақ кенорны

Қарашығанақ кенорны 1979 жылы ашылып, 1984 жылы игеруге берілді. 1992 жылы Би Джи Групп пен ENI компаниялары кенорнын одан әрі қазбалау бойынша келісім жүргізуге деген айрықша құқыққа ие болды.

1997 жылдың қараша айында Өнім бөлісу туралы тиісті Келісімге қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес пайдалы қазбалар өндіру үшін 40 жыл мерзімге лицензия берілген. Кенорнының бағаланған қорлары 2,4 млрд. баррельден астам газ конденсатын және 16 трлн. текше футтан астам газды құрайды. Олар лицензия берілген мерзім аясында қазылып алуға тиіс.

Инфрақұрылымдық шектеулерге байланысты Қарашығанақ кенорнында өндірілген конденсат пен газдың барлығы дерлік өткен жылдары «Газпром» компаниясының иелігіндегі Орынбор газ өңдеу зауытында өңделіп, Ресей нарығында сатылады. Жобаның екінші сатысының аясында тікелей әлемдік нарықтарға экспортқа шығаруға мүмкіндік берілді.

Компанияның таза инвестициялары 1 млрд. доллардан асады. Ол жаңа өндірістік әрі қайта өңдеуші қуатты құрылыс салуды, 100 шақты ұңғыманы қайта құруды, газ айдау қондырғысының құрылысын салуды қамтиды.

Мамандардың бағалауы бойынша, кенорнының өнімділігі тәулігіне 200 мың баррельден астам сұйық көмірсутекті және жылына 7 млрд. текше метрден астам газды құрайтын болады.

Қарашығанақ кен орнының шикі газы – «КазРосГаз» компаниясының негізгі ресурстық қоры. Ол өңделген Қарашығанақ құрғақ газының негізгі көлемдерін Қазақстан тұтынушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа жеткізеді. Ол Қостанай облысы тұтынатын ресей газын және Қазақстанның оңтүстік аймақтары тұтынатын өзбек газын кесімді бағалар бойынша өңделген Қарашығанақ газының баламалы көлемдерімен ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Қарашығанақ құрғақ газы Қазақстан Республикасындағы құнсыздану үдерістерін тоқтатуға және Қазақстан халқы үшін тиімді шарттарда табиғи газды оңтүстік аймақтар мен Қостанай облысына жеткізуге мүмкіндік береді.

253-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қарашығанақ кенорны Қазақстанның қай облысында орналасқан? 2. Қай блоктар Би Джи Групп компаниясының басқаруына жатпайды? 3. Қазақстан Республикасына өз газы мен мұнайын нарыққа жеткізу барысында қай елдермен тығыз байланыста? 4. Кенорнында өндірілген өнім қайда сатылады? 5. Инвестицияны қандай мақсатта жұмсайды?

254-тапсырма.Төменде берілген мәселелер бойынша топ болып пікірлесіңіздер.

1. Қарашығанақ кенорнының Қазақстан

Республикасы үшін маңызы

2. Бұл кенорнын қазбалау жұмыстарына қатысатын

шетелдік компаниялардың үлес салмағы және рөлі

 

255-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып, жазыңыздар.

Қазір Қазақстан Республикасының үкіметімен және серіктестермен арада ..... жатқан ..... үшінші сатысы газ бен ..... көмірсутектер ..... көлемін арттыруға әкелуі мүмкін. ..... бекітілген жағдайда, ..... газдың бір бөлігі жаңа газ өңдеу зауытына жеткізілетін болады.

1857 жыл – Атырау облысының Ембі ауданында мұнай ..... кездестіріп, олар жөніндегі ..... мәліметтерді 1860 жылы тасқа ..... жариялағандар Н. Северцев пен Н. Бортащов болды.

1892 жыл – Ембі ауданындағы ..... жұмыстарында қол бұрғы станоктары ..... бастады.

Тиісті сөздер:жобаның.өндірілген, қолданыла, сұйық,талқыланып, көздерін, өндіру, алғашқы, Жоба, бастырып, барлау,

256-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, орыс тіліне аударыңыздар.

 

 
 


 

257-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. бойынша келісім, ие болды, қазбалау, деген, айрықша, құқыққа, жүргізуге

2. Келісімге, туралы, тиісті, Өнім бөлісу, қол қойылды

3. 1 млрд. доллардан астам, құраған ,екінші сатысы, жаңа өндірістік өңдеуші, қуаттылықтар құрылысын салу, соманы, жобаның, әрі қайта, Инвестициялар, үшін берді

4 желісі бойынша, әлемдік нарықтарға, экспортқа мүмкіндік берді, Құбыр, тікелей, шығаруға,

5. үкіметімен және серіктестермен арада, жатқан жобаның, өндіру, әкелуі мүмкін, Қазақстан Республикасының, талқыланып, үшінші сатысы, газ бен сұйық көмірсутектер, көлемін арттыруға,

6. жағдайда, өндірілген, бір бөлігі жаңа газ өңдеу, жеткізілетін болады, Жоба бекітілген, газдың, зауытына,Әдістемелік ұсыныс:Мәтіннен алған жаңа мәліметті жадыда сақтап, сұхбат тілі дағдысын жаттықтыру.

Әдебиет: Нег.: 5[124-126], Қос.: 23[4-6]

Бақылау сұрақтары:

1. Қарашығанақ кенорнының орналасқан жері?

2. Компания қандай елдермен тығыз байланыста?

3. Кенорнының өнімділігі тәулігіне қанша сұйық көмірсутекті және газды құрайды?

14-апта. 41-тәжірибелік сабақ

258-тапсырма.Кенорнын игеру компаниясының дамуы және әріптестік қатынастары жөнінде мәліметтерді меңгеріп, түсінгендеріңізді мазмұндап беріңіздер.

«Теңізшевройл»

«Теңізшевройл» ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Еліміздегі аса ірі Теңіз кенорнын игеру жөнінде Қазақстан Үкіметінің «Теңізшевройл» арасында жасаған келісімшартты біздің республиканың қалыптасуында елеулі рөл атқарды. Әлем Қазақстанды іскерлік әріптестікті дамытуды негізгі бір басымдығы ретінде анықтаған ел деп таныды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бірлескен кәсіпорын акционерлерінің құрамына ену Теңіз қорын игеру жобасының аясында әріптестік қатынастарды дамытуға жаңа серпін берді.

ТШО-ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген. Оның негізгі нысандары Атырау облысындағы Теңіз және Королев кенорындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Бірлескен әріптестері бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық «Шеврон» және «ЭксонМобил», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ және «ЛукАрко» компаниялары. Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы тиесілі.

«Теңізшевройл» технологиясы жөнінен аса ірі, теңдесі жоқ қуаттарды кеңейту жобасы нысандарын пайдалану, қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғау, өндірістің экологияға әсерін азайту және өнім өндіру көлемін ұлғайту бағытындағы жаңа жетістіктерді көрсетіп келеді.

ТШО ұзақ жылдардан бері шикі мұнай өндіру көлемін ұдайы өсіру арқылы мемлекетке қосымша табыс әкеліп отырғандығын мақтан тұтады.

Теңізде қосымша өндірістік қуаттарды іске қосу, өнім өндіру деңгейін бұдан да жоғары көтеруге мүмкіндік береді.

ТШО Қазақстан Республикасы Үкіметінің мұнай-газ саласындағы ірі инвестициялық жобаларға пайдалану үшін қазақстандық тауарлар мен қызмет түрлерін арттыруға белсене араласады. “Теңізшевройл” жобасында қазақстандық қамтушылар көп. Компания сан түрлі қажеттіліктер мен мердігерлерге қойылатын талаптар туралы жан-жақты ақпарат беретін түрлі форумдарды өткізуге бастамашы және ұйымдастырушы болып келеді. Осы бағытта өткен барлық шаралар жобадағы қазақстандық қамтушылардың үлесін арттыруда айтарлықтай табысты болды. Сондай-ақ ТШО жергілікті кәсіпкерлікті дамытуды белсене қолдайды. Компания 174 қазақстандық кәсіпорынға шамамен 7,2 миллион доллар шамасында несие берді.

259-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді пысықтаңыздар.

1.Қазақстан Республикасы «Теңізшевройлды» құру туралы келісімге қай компаниямен қашан қол қойды? 2. ТШО-ға лицензия неше жылға берілген? 3.

Көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру сату орындарын атаңыз? 4. Бұл кен орындар қай облыста орналасқан? 5. Компанияның мұнай және газ саласындағы алатын орны? 6. «Теңізшевройл» технологиясы жөнінен қандай жетістіктер жетті?

260-тапсырма. Төменде әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының аттары берілген. Олар қай елге жататынын тауып, жазыңыздар.

1.«ЭксонМобил» 2.«ҚазМұнайГаз» 3. «Роснефть» 4. «Бритиш Петролиум» 5. «Лукойл» 6. «Шеврон» 7. «Аджип» 8. «Тотал» 9. «Тексако»   АҚШ Ресей Федерациясы Жапония Ұлыбритания Италия Франция Қазақстан

 

261-тапсырма. Мұнайшыларға арналған әнді жаттап алыңыздар.

Марқасқа мұнайшылар.

Өлеңі: И. Шұғаевтікі

Әні: М. Аяғанова мен Е. Нұрымбетовтікі.


Мұнайы Каспийімнің бұрқап жатқан,

Жайылып даңқы әлемге ән тыңдатқан.

Қойнауы Жайығымның тұнған байлық Өзені қара алтынның шырқап аққан.

Қаламқас, Өзен, Теңге, Жетібайым,

Мақталып батысымда аты дәйім.

Құлсары, Мақат, Доссор мұнайлы алқап,

Сарқылмас байлық көзі - Атырауым.

Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбеміз,

Айында шалқып жүзген ақ кемеміз.

Мұнайым жер құйқасын солқылдатқан,

Дәулеті есебі жоқ өскен елміз.

Мұқалмас өткір алмас жігері де

Кернейді еңбек талмас бұл өңірде.

Мұнай, газ күре тамыр тіршілікке

Мұнайшы берген қуат ұлы өмірге


262-тапсырма. Әнде кездесетін жер-су аттарына тоқталып, әр жердің өзіндік ерекшелігін әңгімелеп беріңіздер.

263-тапсырма. Ән мәтініндегі мына сөздерге назар аударып, мысалдармен түсіндіріңіздер.

Даңқ, байлық, дәйім, дәулет, жігер, тіршілік, өткір алмас, күре тамыр,

264-тапсырма. Мұнайдың еліміздің экономикасына ықпалы жайлы ойларыңызды ортаға салып, әңгіме-сұхбат құрастырыңыздар.

265-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мазмұндаңыздар.

ТШО қаражатына Құлсары қаласында жастарға кәсіптік-техникалық білім беретін жаңа техникалық лицей салынды. ТШО жобаны қаржыландырумен қатар, лицейді заманауи жабдықтармен қамтыды. Ұлттық мұнай-газ өнеркәсібіне білікті кадрлар даярлайтын техникалық бағыттағы жаңа оқу орны пайда болды. Оның 420 оқушыға есептелген, дәнекерлеуші, бұрғылау қондырғысының механигі, электрик сияқты мұнай өнеркәсібіне қажет мамандар даярлауға мүмкіндік беретін жақсы жабдықталған базасы бар.