Компания 10 страница

1983 жылы Өзен кенорнында қабаттық қысымды қолдау жүйесінде қабатқа су айдау толық орын алды. Бозащыда теңіз суын жинақтау қондырғысы тұрғызылып, Қаламқас – Қаражанбас су құбыры жасалды.

213-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікпен танысып, жаңа сөздерді жаттаңыздар.

судың ластануы – загрязнение воды сулы тосқауыл – водяной слой

сулы қабат – гидратный слой сұрыптау – сортировка

сумен бұрғылау – мокрое бурение сығымдау – отжимка

тұндырғыш – отстойник қондырғы – установка

сутек көрсеткіші – водородный показатель тазарту – очистить

судың үлесті шығыны – удельный расход воды

214-тапсырма. «Ағынды суларды дайындау және пайдалану» жөнінде не білесіздер? Бір-біріңізбен сұхбаттасыңыздар.

215-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

1. ..... арқылы скважина ..... өткізгіштік қасиетінің ..... себептері бірнеше.   2. Солардың бірі ..... каппилярлық қысымның ..... . 3. Ол ..... өткен ..... әсерінен байқалады.   түбінің судың өтуі төмендеу әсері қабат қуысындағы сүзіліп су
4. Қабаттан ..... ығыстырып ..... барысында қабат ..... төмен қысым қажет.   5...... бойынша каппилярлық ..... беттік тарау күшіне ..... пропорционалды және каппиляр ..... кері ..... . шығару қысымынан суды қысым Лаплас заңы пропорциаланады тура радиусына

216-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1 тұщы су, Мұнайды, барысында, тұзсыздандыру, қолданатын

2. суларды, кәсіпшілігіндегі, дайындау, мұнай, ағынды

3. құралдары және дайындау, мен заттарды бөлу, тазарту, технологиясы

4. арзан, әдіс, қарапайым, және, бұл, ең

5. және дайындау, мен құралдары заттарды, мүмкіндігіне, керек, тазарту, технологиясы, бөлу, қарай, таңдалуы

6. қабаттарға, суға, негізгі, бар, Өнімді, айдалатын, қойылатын, талаптар

Әдістемелік ұсыныс:Ағынды суларға қойылатын талаптар мен оларды дайындау әдістерін есте сақтау.

Әдебиет: Нег.: 11[124-128], 13[83-86]

Бақылау сұрақтары:

1. Қабат қысымын ұстау жүйесінде қандай суларды қолданады?

2. Мұнайкәсіпшілігіндегі ағын суларды дайындау әдістерін атап, сипаттап

беріңіздер.

3. Ашық типті қондырғылардың жұмысының артықшылығы неде?

4. Өнімді қабаттарға айдалатын суларға қандай талаптар қойылады?

12-апта. 34-тәжірибелік сабақ

217-тапсырма.Мәтінді оқыңыздар. Мұнай өнімдерін шығаратын зауыттар жайлы алған мәліметтеріңізбен топ болып сұхбаттасыңыздар.

Мұнай-газ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар

* * * * *

Мұнай-газ өңдеу саласы

Мұнай мен газды өндіруді дамытумен қатар, өңдеу өнеркәсібі де құрылуда. Қазіргі уақытта республикада 3 мұнай өңдеу және 4 газ өңдеу зауыттары жұмыс жасайды.

Қазақстандағы отын-энергетика өнеркәсібінің мұнай-газ өңдеу саласы 40-жылдардың ортасынан бері қалыптасып келеді. Тұңғыш құрылған Атырау мұнай өңдеу зауыты 1945–1960 жылдар аралығында Түрікменстан, Татарстан, Башқұртстаннан тасып әкелінетін мұнайды өңдеген. Зауыт мұнай өнімдерімен Қазақстанның батыс облыстарын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар олардың қуат қабілеттілігі тек 40%-ға пайдаланылып келеді. Бұл қондырғылардың жұмысына және 60% құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6,25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60% өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет.

Өнімділігі жөнінен Қазақстандағы ең қуатты Павлодардың мұнай өңдеу зауыты. Шымкенттің «Мұнайоргсинтез» зауыты елдің оңтүстік-шығыс бөлігін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. Өнімділігі бойынша екінші орында. Зауыт жылына 6млн.т. мұнай өңдейді. Өңдеу тереңдігі 59%.

Қазақстанда таза газ өңдеумен айналысатын Қазақтың газ өңдеу зауыты 1973 жылдан бастап істейді. Ол Жаңаөзен қаласында орналасқан.

Ақтөбе облысының Жаңажол газ өңдеу зауыты 1984 жылдан бері күкіртті ілеспе мұнай газын өңдейді. Жылына 2,0 млн. т. мұнай, 0,8 млрд. мЗ газ дайындайды. Батыс Қазақстан облысында «Қарашығанақ» кешені бар. 1991 жылдан бері Теңіз газ өңдеу зауыты іске қосылды.

218-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікпен танысып, жаңа сөздерді жаттаңыздар.

отынның түрі – виды топлива

көмірсутегі шикізаты – углеводородного сырья

энергетика өнеркәсібі – энергетический профиль

қалыптасу – формируется

өнімділігі жөнінен – для удовлетворения потребности

ең қуатты – самое мощное

қамтамасыз етеді – обеспечивает

даму – развитие

газ өңдеу – газоперерабатывающий

219-тапсырма. Мұнайды өңдеу зауыттары туралы не білесіздер? Қосымша материалдардан ізденіп, мысалдар келтіріңіздер.

220-тапсырма. Мәтінді оқып танысқан соң, материалды қаншалықты меңгергендіктеріңізді сұрақтарға жауап беру арқылы пысықтаңыздар.

1. Мұнай мен газды өңдеу өнеркәсібі қай уақыттан дамыды? 2. Тұңғыш мұнай өңдеу зауыты қай жылы қай жерде құрылды? 3. Олар қандай мұнайды өңдеген? 4. Қазақстанда қандай газ өңдеу зауыттарын білесіздер? 5. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты қанша? 6. Қазақстандағы ең қуатты мұнай өңдеу зауыты? 7. Таза газ өңдеумен айналысатын зауыт қайда орналасқан? 8. Күкіртті ілеспе мұнай газын өңдейтін қандай зауытты білесіздер?

221-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

Наряду с развитием добычи нефти и газа в республике создана и развивается отрасль, осущестляющая переработку нефти и газа, производящая различные виды топлива и углеводородного сырья. Павлодарский НПЗ самое мощное по производительности нефтеперерабатывающее предприятие в Казахстане. Казахский газоперерабатывающий завод в городе Жаңаөзен является чисто газоперерабатывающим заводом.

222-тапсырма. Сөйлемдердегі бос орындардың орнына, төменде берілген сөздерді мағынасына қарай дұрыс орналастырыңыздар.

Қазақстандағы отын-энергетика өнеркәсібінің мұнай-газ өңдеу саласы 40 жылдардың ортасынан бері .... Зауыт жылына 6 млн.тонна ...Мұнай мен газды өндіруді дамытумен қатар, өңдеу өнеркәсібі де ... Қазақтың газ өңдеу зауыты Жаңаөзен қаласында .... Ол ... мұнай газын өңдейді.

Барлаудың ... бойынша белгілі бір нәтижелерге жетсе, онда мұнайды ... экономикалық тиімділігі анықталады.Мұнай мен газды ... дамытумен қатар, өңдеу өнеркәсібі де ... , республикада мұнай өңдеу және газ өңдеу ... жұмыс жасайды. Түрікменстан, Татарстан, Башқұртстаннан тасып ... мұнайды өңдесе, Қазақстанның батыс ... қамтамасыз етуге болады.

Керекті сөздер: әкелінетін, күкіртті ілеспе, қорытындысы, құрылса, қалыптасты, пайдаланудың, облыстарын, жұмыс істейді, өндіруді, зауыттары, орналасқан, мұнай өңдейді

223-тапсырма.Жақшаны ашып, аударып жазыңыздар.

Өнімділігі жөнінен Қазақстандағы (самое мощное) – Павлодардың мұнай өңдеу зауыты. Мұнай мен газды өндіруді дамытумен қатар, (переработку) өнеркәсібі де құрылуда. Қазақстанда (газоперерабатывающий) айналысатын Қазақтың газ өңдеу зауыты 1973 жылы бастап істейді. Қазақстандағы (виды топлива) энергетика өнеркәсібінің мұнай-газ өңдеу саласы 40 жылдардың ортасынан бері қалыптасып келеді.

Әдістемелік ұсыныс:Мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап бере отырып, сұхбат тілі дағдысын жаттықтыру.

Әдебиет:Нег.: 4[384-387]; [327-329]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай мен газды өңдеу өнеркәсібі қай уақыттан дамыды?

2. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты қанша?

3. Қазақстандағы ең қуатты мұнай өңдеу зауыты?

4. Күкіртті ілеспе мұнай газын өңдейтін қандай зауытты білесіздер?

12-апта. 35-тәжірибелік сабақ

224-тапсырма. Мұнай өңдеу зауыты туралы мәтінді оқып шығып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Атырау мұнай өңдеу зауыты – мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Атырау қаласында 1945 жылы мұнайды отандық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды. Ол АҚШ-тан арнайы алынған жабдықтар негізінде салынған. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстістік аймақтарын қамтиды.

Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын өңдей бастады. 1993 жылы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы мен «Марубени Корпорейшн» компаниясының келісім шарттары негізінде зауытты қайтадан жасақтау жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 235 млн. АҚШ доллары. Зауыт АИ-95 автомобиль бензинін Евро стандартқа сәйкес өндіруге және қыстық дизелдік отынды қоспалар қоспай-ақ шығаруға қол жеткізеді.

Зауыт парафині мол ауыр мұнайлармен қатар, сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған «Тосол-А-50М» майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол» сұйығын өндіреді.

Шикізат - стиролмен ресейлік компания қамтамасыз етті. Алайда, сырттан келетін шикізаттың бағасы, оның сапасы зауыт шығаратын полистиролдың құны мен нарықтағы бәсекелестік қабілетіне тікелей өсерін тигізді. Осыған байланысты, Атыраудағы мұнай өндіру зауытында бензол шығаратын қондырғы жобасының жапондық «Марубени» компаниясы дайындаған техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілді. Бензол салада кең пайдаланылатын қасиеттерімен қатар, аса қажетті стирол шығаратын шикізат.

225-тапсырма. Мұнай өңдеу өндірісі жұмыстарына көңілдеріңіз тола ма? Топ болып өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

226-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. органикалық қышқылдар, күкірт, кәсіпорын, еріткіштер, сұйылтылған газ, шикізатын өндіретін,

2. мұнай химиясы, күкірт қышқылы, жұмыстары атқарылады, газды фракциялау.

3. Қолданылатын, технологиялары, мұнай өңдеу, үстемелей тазарту, асфальтсыздандыру, майды, гидротазарту, гундронды.

227-тапсырма. Төменде берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

отандық бағытта, өңдеу зауыттары, арнайы жабдықтар, ауыр мұнайлар, жалпы құны, дизелдік отын, қоспа, қол жеткізу, мұнай өңдеу зауыты, мұнай өнімдері, кәсіпорын, келісім шарттар, аймақ, нарық.

228-тапсырма. Берілген сөздіктермен сөйлемдер құрастыңыздар.

мұнай айыру – нефтеперерабатывающий

өндіретін кәсіпорын – промышленное предприятие

мұнай өңдеу технологиясы – технология переработки

таяз өңдеу – с неглубокий переработки

терең – глубокий

өңделмеген – сырой

отындық – топливная

майлық өңдеу – масляная

229-тапсырма. Төменде берілген сұрақтар төңірегінде қосымша деректер жөнінде топ болып пікір алмасыңыздар.

1. Мұнай айыру зауыты немен айналысады? 2. Өңделмеген мұнайды не істеуге болады? 3. Майды үстемелей тазарту, гундронды асфальтсыздандыру жұмыстарын атқара ма? 4. Мұнай өңдеудің қандай технологияларын білесіздер? 5. Мұнайдың қайнау температурасы қандай? 6. Ерігіш көмірсутектерінде күрделі қоспалар бар ма? 7. Дисстилляттар деп нені атайды?

Әдістемелік ұсыныс:Жоғарыдағы жаттығуларды орындай отырып жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.

Әдебиет: Нег.: 5[68-75]; Қос.: 21[32-35]

Бақылау сұрақтары:

1. Атырау мұнай өңдеу зауыты қашан қандай мақсатта ашылған?

2. Зауыт өнім шығару мақсатында қай аймақтарды қамтиды?

3. Қандай компаниялармен келісім шарттар орнатқан?

12-апта. 36-тәжірибелік сабақ

230-тапсырма. Ең қуатты мұнай айырушы зауыты туралы толық мәліметті мәтіннен оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Павлодар мұнай өңдеу зауыты

 

Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40%. Ол қондырғылардың жұмысына және шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес.

Мамандардың зерттеулері мұнай өңдеу өндірісін дамытуға толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері, мұнай мен газ қорлары және дүниежүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарында Қазақстан көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге ұмтылып отыр.

Павлодар мұнай өңдеу зауыты Батыс Сібір мұнай қоспасын өңдеуге маманданған. Өнімділігі жөнінен Қазақстанның ең қуатты мұнай айырушы кәсіпорны. Пайдалануға 1978 жылы берілді. Технологиялық және территориялық жағынан әзірге транссібірлік мұнай құбырларының жүйесімен байланысты. Зауыттың қуаты 12,7 млн.т. жылына 7,5 млн.т. мұнай өңдейді. Гидротазалаудың қарапайым схемасы іске қосылған. Зауыт А-80, А-91, АИ-95 маркалы автобензин, авиокеросин, дизель жағар майын, қазандық отынын (мазут), сұйылтылған газ, мұнай битумын, кокс т.б. шығарады.

Зауыт өзіне іргелес «Росмұнай» компаниясынан орнын толтыру келісімі бойынша барлық өңделген мұнайдың 60%-ға жуығын алды. Зауыт Батыс Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін мұнай алынған батыс сібірлік мұнайдың орнын толтыруға тиіс. Жалпы мұнай өнімдерінің 98%-ға жуығын Қазақстан өзі, 2%-ын Қырғызстан тұтынады. Қазақстанда мұнай өнімдерімен негізгі таратушы болып келген «Мұнай өнімдері» компаниясының 1995 жылы таратылуына байланысты зауыт енді «Павлодар мұнай өнімдері» АҚ акцияларының пакетін иелігіне алды. Зауыт қуатын жылына 6млн.тоннаға арттырудың жобасы жасалды. Батыс Қазақстан-Құмкөл мұнай құбырымен тығыз байланысты.

231-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыздар.

мұнай өңдеу зауыты нефтеперерабатывающий завод

ең қуатты самое мощное

күкірті аз малосернистый нефть

мұнай құбырлары нефтепроводов

іске қосылған введен в действие

орнын толтыру по замещанию

тұтынады потребляет

негізгі таратушы основной поставщик

232-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәліметтерді меңгеріңіздер.Өнімділігі жөнінен Қазақстанның ең қуатты мұнай айырушы кәсіпорны.Зауыттың қуаты 12,7 млн.т. жылына 7,5 млн.т. мұнай өңдейді. Зауыт Батыс Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін мұнай алынған батыс сібірлік мұнайдың орнын толтыруға тиіс. Зауыт енді «Павлодар мұнай өнімдері» АҚ акцияларының пакетін иелігіне алды. Келешегі Батыс Қазақстан-Құмкөл мұнай құбырымен байланысты.

233-тапсырма. Берілген сұрақ төңірегінде

достарыңызбен сұхбат құрастырыңыздар.

«Мұнай өңдеумен айналысатын басқа

кәсіпорын жөнінде не білесіздер?»

234-тапсырма.Төменде берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Құбыр, акция, мұнай өңдеу, мұнай айыру, таратушы, жоба, күкірт, кәсіпорын, келісім, айырушы, технология, территория, толтыру, тұтыну

Әдістемелік ұсыныс: Жоғарыдағы жаттығуларды орындай отырып жазбаша тілдің дағдысын қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 12[36-37], Қос.: 23[1-3]

Бақылау сұрақтары:

1. Павлодар мұнай өңдеу зауыты немен айналысады?

2. Ол пайдалануға қай жылы берілген?

3. Қандай құбыр жүйелерімен байланысы бар?

4. Жылына қанша мұнай өңдейді?

5. Зауыт бұрын қалай аталған?

13-апта. 37-тәжірибелік сабақ

235-тапсырма. Мұнай өндіруші ұлттық компанияның құрылуымен танысып, түсінгендеріңізді мазмұндап беріңіздер.

Мұнай-газ компаниялары

«ҚазМұнайГаз»ұлттық компаниясы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұлттық мұнай-газ саласында қазақ мүддесін қорғаушы, Қазақстандағы ірі мұнай-газ компаниясы 2002 жылы Астана қаласында құрылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – Қазақстанның аса ірі мұнай-газ кәсіпорны. «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы мен «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясын біріктіру арқылы құрылған.

Компанияның мақсаты – мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; республиканың мұнай-газ қорының тиімді де ұтымды игерілуін қамтамасыз ету; мұнай мен газ қорын пайдалану; ұдайы өндіру және одан әрі ұлғайту стратегиясын әзірлеу. Осыған орай ҚР аумағында мұнай-газ операцияларына байқаулар ұйымдастыру, көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, өңдеу, өткізу, тасымалдау, мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ кәсіпшілігі инфрақұрылымдарын жобалау, салу, пайдалануға беру мәселелері бойынша корпоративтік басқару және мониторинг, ҚР-ның мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ішкі және халықаралық жобаларға ат салысумен айналысады. Өндіру және қайта өңдеу жөніндегі келісімдерде мемлекеттік мүдделерді білдіреді және қорғайды. Жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесін құрумен, мұнай-газ саласында қайта құру және жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеумен және іске асырумен айналысады.

Ұлттық компания біріккен «ҚазақОйл» және «ҚазТрансОйл» компанияларының толық мирасқоры болып табылады. ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы халықаралық қор нарығына шықты. Оның мұнай өндіруші еншілес кәсіпорындары: «ҚазақОйлЕмбі» және «Өзенмұнайгаз» ААҚ компаниялары. Компанияның жұмысы барысында 89 жаңа оқпан іске қосылды. Ұлттық компания үш бағытта жұмыс жүргізеді. Олар: а) экономикалық мүддені көздеу; ә) стратегиялық мүддені қамтамасыз ету; б) тиімділігі жоғары халықаралық сыныптағы мұнай-газ компаниясын құру.

Экономикалық және стратегиялық мүддеге байланысты мына бағыттағы іс-әрекет арқылы қол жеткізеді: 1. Ресурстық базаны дамыту. 2. Мұнай-газ саласының инфрақұрылымын дамыту. 3. Мұнай өңдеуді және мұнай химиясын дамыту. 4. Бизнес географиясын кеңейту. 5. Көмірсутекті тасымалдау бағытын диверсификациялау. 6.Көлемді жобалардағы қазақстандық үлесті көбейту.

236-тапсырма. Мәтінді оқып танысқан соң, материалды қаншалықты меңгергендіктеріңізді сұрақтарға жауап беру арқылы пысықтаңыздар.

1. «Қазақойл» ұлттық Мұнай-газ компаниясы қашан, қалай құрылды? 2. Ірі мұнай державаларының арасында алатын орны қандай? 3. Әлемдегі мұнай өндірушілердің қатарына қосыла ала ма? 4. «Қазмұнайгаз» алдына қандай мақсаттар қойып отыр. 5. Зерттеулердің мақсаты не? 6. Экономикалық және стратегиялық бағыттары қандай?

237-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты термин сөздерді тауып, көшіріп алыңыздар. Терминологиялық тізбек жасап, сол бойынша қандай ақпараттар берілетінін анықтаңыздар.

238-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі жақшаны ашып, аударып жазыңыздар.

Мұнай монополиялары (частной акционерной), мемлекеттік және (смешанной собственности) ірі шетелдік бірлестік. Өндіріс пен капитал шоғырлануының жоғарғы дережесі негізінде ең мол пайда түсіру үшін (контроль над отраслями нефтяного хозяйства) іске асырады. Мұнай монополиялары ұлттық және (международные, имеющие активы за рубежом) болып ажыратылады.

239-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сөз және сөз тіркестерімен 6-8 сөйлем құрастырыңыздар.

Акционерлік қоғам, сарапшылар, мұнай өндірушілер, жекелеген бағыттар, бәсекелестік қабілеті, сервистік кәсіпорын, зерттеу деректері, каспий аумағы, дамыту бағдарламасы, жоба, ынтымақтастық, жақын арада

240-тапсырма. Сөз тіркесін құрастырыңыздар.

Ақпарат, зерттеу, бағдарлама, бәсекелестік, барлау, игеру, өндіру, қоғам, өңдеу, деректер, кәсіпорын, компания, ұлттық, дәреже, көлемді, халықаралық, акционерлік, жобалау, салу, пайдаланды, барлау, өндіру, өңдеу, өткізу, тасымалдау,