Компания 9 страница

Мұнай ұңғыларының өнімі мұнай, газ және жерасты қабатының суынан тұрады. Мұнай мен судың қуатты араласуынан көбінесе қоспа-эмульсия түзіледі. Мұнай мен газды жинау, тасымалдау және бір-бірінен ажырату үшін көптеген қызметтер атқарылады. Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін теміржол, су көлігі, құбыр жолыжәне автокөлік қолданылады. Кейбір жағдайларда олар ұшақпен және тікұшақпен тасылады.

Су көлігі – теңізбен, өзенмен ішкі мұнайды және мұнай өнімдерін – бензин, керосин, дизель отынын, мазутты, т.б., өздігінен жүретін – танкерлер, өздігінен жүрмейтін – лихтерлер, баржалар типтегі кемелермен тасиды.

Автокөлікпен мұнай өнімдері ірі мұнай базарларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады.

Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен өте көп мөлшерде және кез-келген қашықтыққа тасымалдауға болады.

189-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мұнай қандай жолдармен тасымалданады? 2.Тасымалдану ерекшеліктеріне тоқталыңыз? 3. Мұнай тұтынушыларға қалай жеткізіледі? 4. Мұнай өнімдеріне нелер жатады. 5. Қандай мөлшерде тасымалдауға болады? 6. Оларды жинау, тасымалдау және бір-бірінен ажырату үшін не істелінеді? 7. Мұнай мен судың араласуынан пайда болатын нәрсе?

190-тапсырма. Орыс тіліндегі аудармасымен салыстыра отырып, есте сақтаңыздар.

Газ тасымалдау жүйесі – тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуге арналған, өзара байланысқан газқұбырлары және оларға жалғасқан құрылыстардың жиынтығы. Құрамына газқұбырлары – қосқыштар, таратқыштар, жеткізгіштер, компрессор станциялары кіреді.

Газотранспортная система – совокупность взаимосвязанных газопроводов и сопутствующих им сооружений, предназначенных для обеспечения газом потребителей. В состав газотранспортной системе входят: магистральные газопроводы и распределительные газопроводы – перемычки, отводы, подводы, компрессорные станции.

191-тапсырма. Сөздікті жаттап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Газ ұңғысы–газовая скважина, жерасты қоймасы – подземное хранилище, пайдалану – эксплуатация, бұрғылау – бурение, газ түзілуі – газообразование, газ құбыры – газопровод, отын газы – топливный газ, газдық күкірт – газовая сера, табиғи газ – природный газ, бастапқы шикізат – исходное сырье, қайта тиеу – перевалка, құрғақ ұңғыма – сухая скважина, құрғақ табиғи газ –сухой природный газ, шикі мұнай – сырая нефть

192-тапсырма. Сөздерден сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Тасымалдау, сақтау, орналастыру, жинау, дайындау, жобалау, игеру, бұрғылау, өндіру, барлау, тұтыну, пайдалану, жеткізу, қолдану, атқару.

193-тапсырма. Тордағы тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

Мұнай ..... алыс ... мұнайды мұнай, өңдеу және ..... орындарына жеткізіп беру. Мұнай тасымалы ....., теміржолдық, теңіздік, өзендік және автомобильдік ..... атқарылады. Мұнай мен газды ....., тасымалдау және бір-бірінен ..... үшін көптеген қызметтер атқарылады. ..... мұнай өнімдері ірі мұнай ..... ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай ..... жеткізіледі. Мұнай және мұнай ..... қашық жерлерге жеткізу үшін ....., су көлігі, және автокөлік қолданылады.

Әдістемелік ұсыныс:Мұнай өнімдерінің тасымалдану жолдарын меңгеріп, есте сақтау.

Әдебиет: Нег.: 4[341-346]; 10[221-225]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай тұтынушыларға қалай жеткізіледі?

2. Қандай мөлшерде тасымалдауға болады?

3. Мұнай мен судың араласуынан пайда болатын нәрсе?

 

10-апта. 30-тәжірибелік сабақ

194-тапсырма. Мұнай кәсіпшілігі туралы мәліметті меңгеріп, оны қалай ажыратуға болатындығын есте сақтаңыздар.

 

Мұнай кәсіпшілігі

Мұнай кәсіпшілігі ең ірі тұтынушылардың бірі болып табылады. Кендегі мұнайды өндіру және жинау, сондай-ақ ұңғы өнімдерін өңдеуге және одан әрі тұтынушыларға тасымалдауға арналған технологиялық комплекс.

Мұнай кәсіпшілігінде мұнай мен газдың араласып кетуінен пайда болатын бөлгіштігі қиын қоспаны мұнай эмульсиясы деп атайды. Мұнай жер қабатынан шығып, ең соңғы айырғыш қондырғыларға жеткенге дейін ұдайы араласуда болатындықтан мұнай эмульсиясы түзіледі. Мұнай эмульсиясының тұтқырлығы өте жоғары болады. Жай тұндырумен суды мұнайдан ажырату мүмкін емес, сондықтан оны арнаулы өңдеуден өткізеді.

Өңдеу алдындағы мұнайды дайындау екі операцияға бөлінеді: сусыздандыру және тұзсыздандыру. Мұнайды тұщы су қабатынан өткізеді, сонда мұнай құрамындағы тұз суға еріп, сумен бірге кетеді.

Мұнай эмульсиясын бұзуды жылулық, химиялық және электрлік әдістермен іске асыруға болады. Жылулық әдісімен тұндырғанда мұнайды 45-80 градусқа дейін қыздырады. Эмульсия құрамындағы мұнай мен суға химиялық реагент-деэмульгаторлармен химиялық әдіс арқылы әсер етеді. Электрік әдіс айнымалы және тұрақты тоқтың әсер етуіне негізделген.

Кей жағдайларда тұзсыздандыру дәрежесін жақсарту үшін бір тұндырғыш орнына тізбектеліп қосылған бірнеше аспаптар қолданылады. Онда мұнай біржолата тұзсызданады.

Мұнайды тұрақтандыру, яғни пропан, бутан сияқты жеңіл көмірсутектерді ажырату үрдістері қысым мен жоғарғы температура жағдайларында арнаулы тұрақтандырғыш колонналарда өткізіледі. Жеңіл көмірсутектерден босатқаннан кейін мұнай өңдеуші зауыттарға тасымалдауға болады.

Мұнай кәсіпшілігінің ғимараттары мен коммуналдық жүйелері негізгі және қосалқы болып ажыратылады. Негізгі ғимараттар мен олардың коммуналдық жүйелеріне пайдалану, айдамалау, бақылау ұңғылары, құбыр желілері, сорап және компрессор станциялары, мұнай мен суды дайындау қондырғылары, сыйымдылық жиындары т.б., жатады. Қосалқы ғимараттар мен олардың коммуналдық жүйелеріне энергия және сумен қамтамасыз ету, канализация және байланыс, механикалық шеберханалар, тасымал торабы т.б. жатады.

Мұнай ұңғыларының саны кеннің өлшемдеріне, оны пайдалану схемаларына байланысты. Ұңғы өнімі құбыр желісі арқылы топтық өлшеу қондырғысына түседі, мұнда одан келген мұнайдың шамасын өлшейді. Бұдан соң мұнай орталық жинау пунктіне немесе үстемелеуші сорап станциясына жөнелтіледі.

195-тапсырма. Төменде берілген сөздікті жаттап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тұзсыздандыру – обессоливание, сусыздандыру – обезвоживание, тұрақтандыру – стабилизация, мұнай өңдеу технологиясы – технология переработки, қолданылады – применяется, отындық – топливная, ажырату – расщеплять, тұщы су – пресная вода, тұндырғыш – отстойник, топтық өлшеу қондырғысы – групповая замерная установка.

196-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Мұнай мен суды дайындау қондырғылары, сыйымдылық жиындары ... .

Мұнай ұңғыларының саны оны пайдалану схемаларына ... . Мұнай ұңғыларының саны кеннің өлшемдеріне, оны пайдалану схемаларына ... . Келіп түскен мұнайдың шамасына .... Сосын мұнай орталық жинау пунктіне немесе үстемелеуші сорап станциясына ... .

197-тапсырма. Кестедегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

кен орындары өндірді

өлшеу қондырғысы

айыру зауыты мұнайды

тасымалдайды

өндірушілер өлшейді

198-тапсырма. Сөйлемдерді оқып шығып, мазмұнын қазақ тілінде айтып беріңіздер.

Нефтяной промыселтехнологический комплекс, предназначенный для добычи и сбора нефти на месторождении, а также обработки продукции скважин для подготовки его к дальнейшему транспортированию потребителям. Сооружения и коммуникации нефтяной промыслей подразделяются на основные и вспомагательные. Количество нефтяных скважин зависит от размеров месторождения, схемы его разработки. Продукция скважины по трубопроводу поступает на групповую замерную установку (ГЗУ), где по каждой скважине периодически замеряют количество поступающей из нее нефти. Затем нефть направляется на центральный пункт сбора или разливную насосную станцию.

199-тапсырма. Дөңгелектегі сөз және сөз тіркестерімен сұхбат құрастырыңыздар.

_______________________________ пайдалану, айдамалау,

_______________________________ ұңғылары, құбыр желілері,

________________________________ компрессор станциялары, сорап,

_______________________________ мұнай мен суды дайындау,

Әдістемелік ұсыныс:Мұнай кәсіпшілігін ажырату жолдарын меңгеру.

Әдебиет:Нег.:4 [334-338]; 5[42-48]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай кәсіпшілігі немен айналысады?

2. Қалай ажыратылады?

3. Мұнай ұңғыларының саны қанша болады?

4. Мұнайды жинау пункітіне жөнелтуден бұрын не істейді?

 

11-апта. 31-тәжірибелік сабақ

200-тапсырма. Су ұңғыларын бұрғылаудың тарихы туралы мәтінді мұқият оқып, қажетті мәліметтерді есте сақтап, мазмұнын айтып беріңіздер

Мұнай кәсіпшілігін сумен қамтамасыз ету

* * * * *

Су ұңғыларын бұрғылаудың тарихы

Жер асты суларын жер бетіне көтеру үшін арнайы гидрогеологиялық ұңғылар мен құдықтар қазылады. Бастапқы суға бұрғыланған ұңғының қай уақытта, қай жерде қазылғаны туралы деректер жоқ. Табылған мағлұматтар мен қолжазбаларға қарағанда су алуға арналған құдықтар біздің эрамыздан 2000 жыл бұрын Ніл өңірінде қазылған. Осы өңірде сол кездегі құдықтар әлі күнге дейін сақталған. Европа мен Аравия ескі құдықтардан осы күнге дейін су алып жүр. Картаджа, Ниферия мен Тайра өңірлерінде де тереңдіктері бірталай суға қазылған ескі құдықтар табылған. Бұрынғы заманда құдық қазу үшін адамдар ағаштан тұтқасы бар қатты тастардан қашаулар қолданса, ал қола дәуірінде олардың орнына бұрғы-қашаулар қолданған. Бұрғы қашауларды тек қана суға құдық қазу үшін емес, олармен пирамида жасайтын тастарды да өңдеуге пайдаланған. Кейінгі табылған деректерге қарағанда тас қашаулар мен бұрғы қашауларды адамдардың біздің дәуірімізге дейінгі 25000 жыл бұрын пайдаланғаны белгілі болып отыр.

Жер асты суын пайдалану үшін қытайлықтар ұңғы бұрғылауда жібек арқанын пайдаланып, қазіргі арқанды-соққылама әдісінің ең алғашқы түрін қолдана бастаған. Олар жер астындағы тұздарды алу үшін де ұңғы қазған. Қытайлықтардың ұңғы қазу әдістері кейінірек Батыс Европа елдеріне тараған.

Ресейде жер астының суларын пайдалану және тұз ерітіндісін жер бетіне шығару жұмыстары 15-16 ғ. басталған. Кейіннен терең ұңғылау жұмыстары жүргізіліп, қалаларды сумен қамтамасыз ете бастаған.

Қазақстан жерінде бірінші ұңғының қай уақытта, қандай жерде және кімдер бастап бұрғылағаны туралы мағлұматтар жоқ. Қазіргі кезде жылына 30 мыңдай ұңғы қазылып, суды жер бетіне шығару үшін 2400-ға жуық құбырлы ұңғылар, 36150-ден астам шахталы құдықтар жұмыс істейді.

201-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді пысықтаңыздар.

1. Жер асты суларын жер бетіне көтеру үшін не істейді? 2. Су алуға арналған құдықтар қашан пайда болған? 3. Құдық қазу үшін адамдар қола дәуірінде нені қолданған? 4. Адамдар тас қашаулар мен бұрғы қашауларды қашаннан бастап пайдалана бастаған? 5. Жібек арқанды не үшін пайдаланған? 6. Қазақстан жерінде бірінші ұңғыны қай уақытта қолданғаны туралы мағлұматты білесіз?

202-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелерді қазақша-орысша баламасымен салыстыра оқып, есте сақтаңыздар! Термин сөздерден сөздік жасаңыздар.

Су асты мұнай қоймасы мұнайды немесе бастапқы өңдеу өнімдерін сақтау үшін су астында орнатылған жасанды резервуар. Мұнай мен газдың теңіздегі тікелей өндіру орнының жанында қойманы орналастыру жағада резервуарлар паркін тұрғызуды, сондай-ақ ұңғыдан жағадағы өтпелі мұнай жөнелту базасына суасты құбыр желісін тартуды қажет етпейді.

Подводное нефтехранилище –искусственный резервуар для хранения нефти или продуктов первичной переработки, установленный ниже водной поверхности. Размещение подводное нефтехранилище непосредственно у места морской добычи нефти и газа исключает необходимость сооружения на берегу резервуарных парков, а также дорогостоящих и менее надежных подводных трубопроводов большой протяженности от скважин к береговой транзитной нефтеперевалочной базе.

203-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Қолдану, өңдеу, пайдалану, орналастыру, тарту, жөнелту, сақтау, ету.

204-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 


Әдістемелік ұсыныс:Су ұңғыларын бұрғылау тарихына қажетті мәліметтерді зейінде сақтау.

Әдебиет:Нег.: 11[225-232], 8[122-130]

Бақылау сұрақтары:

1. Су алуға арналған құдықтар қашан пайда болған?

2. Жібек арқанды не үшін пайдаланған?

3. Суды жер бетіне шығару үшін қанша құбырлы ұңғылар, шахталы

құдықтар жұмыс істейді?

11-апта. 32-тәжірибелік сабақ

205-тапсырма. Берілген мәтіннен кәсіпорындарды сумен қалай қамтамасыз ету қажеттілігін оқып, түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

Мұнай өндіруші кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету

Мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіруші кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етіп отыру қажет. Қазіргі кездегі мұнай кен орындарындағы тәуліктік су шығыны жүздеген мың текше метрге жетеді. Қабаттың мұнай бергіштік әкоэффициентін әдәуір ұлғайту үшін және мұнай ұңғыларының фонтандау мерзімін ұзарту мақсатында кенішке су айдайтын қабат қысымын ұстаушы цехтар суды ең көп тұтынушылар болып табылады.

Өнімді қабаттарға айдалатын су мөлшері көптеген факторларға тәуелді болады және арнайы есептеулермен анықталады. Игерудің алғашқы екі кезеңінде қабат қысымын бастапқы деңгейде ұстап тұру үшін қабатқа айдалатын су мөлшері қабат жағдайына келтірілген қабаттан алынған мұнай мен судың жинақталған мөлшеріне тең болуы қажет, яғни тепе-теңдік сақталуы керек.

Өзен, көл, су қоймаларының сулары қабат қысымын ұстап тұру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, артезианды және өзен арнасы астынан бұрғыланған ұңғылардан алынатын жер асты суы пайдаланылады. Ал бұрғыланған ұңғылардан алынған тұщы жер асты суларының артықшылықтары; біріншіден олардың құрамы жыл мезгілдеріне қарай өзгермейді; екіншіден құрамындағы қатты бөлшектердің мөлшері аз және оларды тазартпай-ақ пайдалануға болады.

Өзендер мен көлдердің суы сапасы жағынан жерасты суларынан нашарлау болады, әсіресе көктемгі қардың еруі кезінде және оларды су тазалау станцияларында тазартуға тура келеді.

Бұрғылау барысында жуу сұйығы ұңғы ішіндегі гидростатикалық қысым қабат қысымынан жоғары болатындай етіп алынады. Су негізгі жуу сұйықтары қолданған жағдайларда, су қабатқа сүзіліп өтеді. Сүзіліп өтетін судың көлемі жуу сұйығының су беру қасиетіне, қабаттың жарықшақтылық дәрежесіне және гидростатикалық қысым мен қабат қысымдарының айырмашылығына байланысты.

Судың ұңғы түбіндегі өткізгіштігі мен ұңғыны пайдалану үрдісіндегі зияндылығы көптеген зерттеулер арқылы анықталған.

206-тапсырма. Мәтінді оқып танысқан соң, материалды қаншалықты меңгергендіктеріңізді сұрақтарға жауап беру арқылы пысықтаңыздар.

1. Тәулігіне су шығыны қанша болуы мүмкін? 2. Суды не үшін тұтынады?

3. Су мөлшерін немен анықтайды? 4. Қабат қысымын ұстап тұру үшін не істеу керек? 5. Жабық түрдегі қондырғының жұмыс істеу принципі қандай? 6. Олардың артықшылығы неде? 7. Ашық және жабық су қоймасынан тұщы суды дайындаудың мәні неде? 8. Сүзіліп өткен судың көлемі қаншалықты?

207-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікпен танысып, жаңа сөздерді жаттаңыздар.

мұнай ұңғылары нефтяная скважина қабатслой

фонтанды ұңғы фонтанная скважина су шығыны расход воды

бастапқы деңгей начальный уровень тепе-теңдік уровнение

арнайы есептеу специальный расчет тұтынушы потребитель

208-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 

 


209-тапсырма. Сөздердің тиісті қосымшаларын қойып, жазыңыздар.

Мұнай суларымұнайлы қабаттар... суы. Мұнай қабаты... жоғар... бөлігін біршама тереңдік... дейін жоғарғы шет... су толтыра... Төменгі шеткі су мұнайлылық... сыртқы жиегі... тысқары иірімдер... тіреп тұрады. Мұнай сулар... иондық-тұздық құрамы жағынан хлоридтік кальцийлі, хлорид... кальцийлі-магний... және гидрокарбонатты-натрийлі болып бөліне...

210-тапсырма. Дөңгелектегі сөз тіркестерімен сұхбат құрастырыңыздар.

________________________________ мұнай кәсіпшілігі,

_______________________________ су мөлшері, алғашқы игеру,

_______________________________ жабық су қоймасы, бастапқы

________________________________ деңгей, ірі тұтынушы,

211-тапсырма. * Керек дерек * Есте сақтаңыздар!!!

Тауарлы мұнай астындағы су – мұнайды ұзақ сақтау барысында тауарлы резервуарлардың түбінде жиналатын су.

Жерасты суы – топырықта және бүкіл жер қыртысына тән таужыныстарда әртүрлі физикалық күйде кездесетін сулардың жиынтық атауы.

Тұзүсті су – тұзды түзілімдерді бүркей таралған таужыныстарда шоғырланған жерасты суы.

Әдістемелік ұсыныс:Өнімді қабаттарды сумен қалай қамтамасыз етілу мәселесін біліп, есте сақтау. Тыңдау дағдысын жаттықтыру.

Әдебиет: Нег.: 11[241-244]; 10[86-93]

Бақылау сұрақтары:

1. Өнімді қабаттарда суды не үшін тұтынады?

2. Өнімді қабатта қысымды ұстап тұру үшін не істеу керек?

3. Жабық түрдегі қондырғының артықшылығы және оның жұмыс істеу принципі қандай?

11-апта. 33-тәжірибелік сабақ

212-тапсырма. Ағынды суларды дайындаудың әдістері мен оларға қойылатын талаптарды оқып меңгеріңіздер.

Мұнай кәсіпшілігінде ағынды суларды дайындау

Мұнай кәсіпшілігінде ағынды су ұңғы өнімінің бір бөлігі болып табылады. Суландыру тәсілдерін ұзақ қолдану барысында қасиеттері біршама өзгереді. Олардың көлемі көбейеді және мұнайды тұзсыздандыру барысында қолданатын тұщы су мен өндірістік канализация жүйесінде жиналған жауын-шашын суларының бір мөлшерінің араласуы әсерінен минерализациясы төмендейді.

Қабаттарға су айдау үшін мұнай кәсіпшілігіндегі ағынды суларды дайындау және пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі көрсеткендей, оларды тазарту және дайындау технологиясы мен құралдары заттарды бөлу мүмкіндігіне қарай таңдалуы керек.

Ағынды суларды тазартудың негізгі әдістері механикалық, кей жағдайда физика-химиялық болып келеді.

Ал ең көп тараған әдіс – тұндыру, бұл әдіс ең қарапайым және арзан. Оны атмосфералық қысыммен де, жоғары қысыммен де жүргізеді.

Өнімді қабаттарға айдалатын суға қойылатын негізгі талаптар:

1. Айдалатын судың химиялық үйлесімдігі және құрамының тұрақтылығы;

2. микроағзалардың болмауы;

3. коррозияға (тоттануға) пассивті яғни бейімсіз болуы;

4. мұнай ығыстырушылық қабілетінің жоғары болуы;

5. құрамындағы механикалық қоспалардың мөлшері ең аз болуы;

6. суды тазалау мен дайындауға кететін шығындардың ең аз болуы

1970 жылы Өзен кенорнында құнарлы қабаттарға ыссы су айдайтын дүние жүзінде алғашқы рет тәжірибелі өндірістік қондырғы өндіріске берілді. Жер асты қабаттарының қысымын өсіру үшін Жетібай кенорнында мұнай қабаттарына теңіз суын айдау басталды.

1980 жылы Қаражанбас кенорнында өндірістік пайдалану жұмыстары басталып, Қаламқаста жер асты су айдау жұмыстары жүргізілді. Каспий теңізінің толқынды суларынан қорғаныс бөгеттері салынды. Қызылқұм тұщы су кенорнынан су өндіру үшін Қияқты өндіру бөлімшесі іске қосылды.