Компания 8 страница

Мұнайдың элементтік құрамы міндетті түрде бес химиялық элемент болуымен сипатталады: көміртегі (83-87%), сутегі (12-14%), оттегі (1,5%), күкірт пен азот. Мұнайдың құрамында барлығы 500-ден аса химиялық көмірсутегімен мен гетероорганикалық қосылыстар бөлінеді.

Мұнайдың күлінде никель, ванадий, натрий, күміс, кальций, алюминий, мыс және т.б. анықталған. Ол элементтер кейбір органикалық қосылыстар құрамында болған. Мұнайды жаққан кезде пайда болатын күлдің мөлшері өте аз болады.

Мұнайдың тығыздығы оның көлем бірлігіндегі массасымен анықталады. Әр түрлі мұнайдың қату және балқу температурасы да әр түрлі болады. Табиғатта мұнай сұйық күйде кездеседі, бірақ олардың кейбіреулері шамалы салқындаған кездің өзінде қоюланып кетеді. Мұнай құрамындағы парафиннің мөлшері артқан сайын, оның қату температурасы да жоғарылай береді.

Тұтқырлығы – сұйықтың (газдың) қозғалыс кезінде бөлшектерінің жылыстауға қарсылық білдіруі. Табиғи жағдайларда мұнай мен газдың жылыстау масштабы олардың тұтқырлығымен анықталатындықтан, оны өндіруге байланысты есептеулерді де ескеру қажет.

Құрамындағы еріген газ мөлшері біршама мол болған жағдайда қойнауқаттық мұнайдың қасиеттері – тұтқырлығы, тығыздығы күрт өзгеретін болады. Ол игеру барысындағы қойнауқаттық қысым мөлшерінің азаюы салдарынан да өзгереді. Сондықтан да мұнайды тиімді игеру жүйелерін жобалау барысында алынған сынамаларды алдын-ала жете зерттеу шаралары іске асырылуы қажет.

164-тапсырма. Сөздікті жаттап, аударма жұмысында пайдаланыңыздар.

мұнайлы жатын – залежь нефтяная жатын – залежь

мұнайлы қойнауқат – пласт нефтяной көміртек - углерод

тығыз мұнай – тяжелая нефть тұтқырлық – вязкость

көмірсутектер – углеводороды тығыздық – плотность

ауыр көмірсутек – углеводороды тяжелые құрамы – состав

қосылыстар – соединения қоспа – смесь

сұйылтылған – сжиженный жылыстау - миграция

165-тапсырма. Кестені мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Сұрақтар Жауаптар
1. Мұнай қандай қосылыстардан тұрады? 2. Әр түрлі жатындардағы мұнайдың химиялық құрамының айырмашылығы бар ма? 3. Элементтік құрамы қандай? 4. Мұнайдың күлінде не бар және оның мөлшері қаншалықты? 5. Мұнайдың тығыздығы қалай анықталады? 6. Табиғатта мұнай қандай күйде кездеседі? 7. Мұнай электр тогын өткізе ме? 1. ______________   2. ______________   3. ________________________   4.________________________   5. ________________________   6.________________________   7._________________________

166-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып жазыңыздар.

Көмірсутектер тек қана сутек пен (углерода) элементтерінен құралатын (соединения). (В твердом), (жидком) және газ тәрізді күйде кездеседі.

(Тяжелый) көмірсутек фракцияларының мөлшері көп болуының әсерінен АМИ-дің меншікті (плотностью) жоғары немесе АМИ тығыздығы төмен (сырая нефть) – тығыз мұнай деп аталады. Сұйылтылған мұнай газы дегеніміз мұнайлы қойнауқаттан шығатын жеңіл көмірсутектер (смесь). Қалыпты температурада (газообразном) күйде болады. (При охлаждении) немесе сақтауды және тасымалдауды жеңілдету үшін қысымға алынған жағдайда (сжигается). Әдетте (в оснавном) пропан мен бутаннан тұрады. Кейде конденсат деп аталады.

167-тапсырма. Кестедегі сөздерді қолданып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

табиғатта элементтер органикалық қосылыстар құрамында жаққан кезде шамалы кейбір болған мұнайды сұйық күйде кездеседі кейбіреулері қоюланып кетеді тұтқырлығы тығыздығы сұйықтың меншікті тасымалдау сақтау мөлшері

168-тапсырма. Есте сақтап, жазып алыңыздар.

Ауыр көмірсутектің екі мағынасы бар:

1. Табиғи газдарда ұшырасатын метанның газ түріндегі гомологы. Бұлардың ең жарқын өкілі –этан.

2. Мұнайдың тез қайнайтын фракциясы құрамына кіретін жоғары молекулалы сұйық және қатты түріндегі көмірсутек.

3.Тұтқырлық – сұйықтықтың қозғалысқа қарсылығы. Әдетте температура көтерілген сайын азая түседі.

169-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. ... сыртқы ... май, бұл, түсі, болады, түрі, Мұнайдың, сұйықтың, көбінесе, сияқты, қара,

2. ... жатындардағы ... химиялық, бойынша, өзгеше болатындықтан олардың... мәні де, Әр түрлі, практикалық, мұнай, бір-бірінен, құрамы, әркелкі.

3. Мұнайдың ... кейбір ... қосылыстар, болған, органикалық, күлінде, құрамында.

4. ... жаққан кезде, болатын, мөлшері, болады, пайда, күлдің, өте аз, Мұнайды,

5. ... тығыздығы, бірлігіндегі, анықталады, Мұнайдың, оның көлем, массасымен,

6. Әр түрлі, ... және балқу, да ... болады, қату, мұнайдың, әр түрлі, температурасы,

7. ... мұнай ... кездеседі, бірақ олардың ... шамалы салқындаған, Табиғатта, кездің өзінде, сұйық күйде, қоюланып кейбіреулері, кетеді.

Әдістемелік ұсыныс:Мұнайдың қасиеттері туралы жалпы түсінік алу және оның құрамын білу.

Әдебиет:Нег.: 5[10-18]; 4[52-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнайдың тығыздығы қалай анықталады?

2. Тұтқырлығы дегеніміз не?

3. Табиғатта мұнай қандай күйде кездеседі?

4. Мұнай электр тогын өткізе ме?

9-апта. 26-тәжірибелік сабақ

170-тапсырма. Мұнайдың қасиеттерінің анықталу әдістерін мәтіннен меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Мұнайдың қасиеттері

 

Мұнай – жер қойнауындағы химиялық элементтердің сан-алуан қосындыларынан пайда болған сұйық каустобиолиттер. Негізінен алғанда көмірсутектерінен тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді, және ароматты тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр, қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алаңында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай электр тогын өткізбейді, сондықтан ұнғымалар қимасындағы мұнайлы қабаттарды анықтау үшін электр әдістері пайдаланылады. Ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады.

Мұнайдың физикалық параметрлерін өлшеу, оның тауарлық сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір параметрлері (тығыздығы, тұтқырлығы және т.б.) мұнай жиналымдарды өндіру, мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды есептеу мен жобалау кезінде пайдаланылады. Геологияда физикалық параметрлер ішінде ең үлкен мәнге ие болатыны: тығыздығы, тұтқырлығы, қату және балқу температурасы, оптикалық белсенділігі және т.б.

Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл болып бөлінеді. Оның тығыздығы артқан сайын қайнау температурасы да арта түседі. Мұнайдың тығыздығы тұщы судың тығыздығымен салыстырылады. Мұнай суда ерімейді. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65 – 0,95 г/см3 . Бұл қасиетті қабатқа су айдау процесінде мол қолданады. Ал кейбір органикалық – бензин, хлопарм, эфир сияқты ерітінділерде тез ериді.

171-тапсырма. Мәтінді оқығаннан кейін мұнайдың қасиеттері туралы қандай жаңа мәліметтер алдыңыздар, баяндап беріңіздер.

172-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, түсінгендеріңізді пысықтаңыздар.

1. Мұнай қалай пайда болады? 2. Оның түсі қандай? 3.Қандай химиялық элементтердің қосындыларынан тұрады? 4. Мұнайлы қабаттарды анықтау үшін қандай әдістер қолданған? 5.Мұнайдың физикалық параметрлерін не үшін пайдаланады? 6.Салмағына қарай қалай бөлінеді? 7.Тығыздығын қалай анықтайды?

173-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып жазыңыздар.

мұнай тасымалы, алғашқы өнім, темір құты, халық шаруашылығы, керекті заттар, судың тығыздығы, дербес үйірімдер, меншікті салмақ, алғашқы легі, сарғыш түсті, электр тогы, қайнау температурасы, машина дөңгелектері, салмағына қарай, ауыр және жеңіл, шайыр қосындылары, химиялық элементтер, физикалық параметрлер, судың тығыздығы,

174-тапсырма. Сәйкес сөздерді тауып, жазыңыздар.

физикалық тығыздығы

дербес түсі

судың параметрлер

мұнайдың үйірімдер

электр салмағы

мұнай тогы

меншікті құбырлары

керекті қосындылары

шайыр заттар

 

 

175-тапсырма. Берілген сөздікті жаттап, аударма жұмысында пайдаланыңыздар.

жерқойнауы – недра земли қоңыр қошқыл – бурый

ақшыл түсті – беловатый цвет өндіріледі – производится

меншікті салмағы – чистый вес өткізбейді – не проводит

жарықшақтар – трешины жер қыртысы – земная кора

тау жыныстар – породы жатын – залежь

тізіміне кіріпті – вошел в ряд алғашқы легі – первая партия

бірнеше темір құтыға – в несколько железных ступ

ауруды емдеуге ғана – только для лечения болезней

176-тапсырма. Мұнай-газ саласына байланысты терминдерге берілген түсініктемелерді оқып, мазмұндаңыздар.

Газ кенорны дегеніміз – жер қыртысының жергілікті құрылымдық элементі ауқымындағы кеуекті немесе жарықшақты жерасты қорқоймасы міндетін атқаратын әртүрлі тұтқыш таужыныстардағы бір жатыннан тұрытын, немесе бірнеше дербестелген өндірістік жатындар құрайтын табиғи газ жиынтықтары.

Мұнайды газсыздандыру деген не?

Шығарылып жатқан мұнайдан онда еріген метанды, этанды, пропанды, сондай-ақ, күкірт-сутекті, азотты, көмір-қышқыл газын бөліп алу.

Әдістемелік ұсыныс:Мұнайдың химиялық және физикалық қасиеттерінің мәнін ажырата білу.

Әдебиет: Нег.: 4[56-59]; 5[10-11]

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай химиялық элементтердің қосындыларынан тұрады?

2. Қандай әдістер қолданған?

3. Салмағына қарай мұнай қалай бөлінеді?

9-апта. 27-тәжірибелік сабақ

177-тапсырма. Газдың қолданылуы және оның қасиеттері жөнінен алған мәліметтеріңізді мазмұндаңыздар.

Газ және оның қасиеті

«Газ» (французша gas, грекше chaos – бей-берекет) атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген. Газ тәрізді күй – заттардың ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары сан алуан болып келеді.

Табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде табиғи және мұнай газдары болып бөлінеді.

Жер қыртысының шөгінді қабатында жаралатын көмірсутекті газдар әр түрлі күйде болуы мүмкін: еркін, еріген және қатты. Еркін күйдегі газ өнеркәсіптік мәнге ие шоғырлар жасайды. Көмірсутекті газдар жерасты сулары мен мұнайда жақсы ериді. Мұнайда еріген газдарілеспе мұнай газыдеп аталады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серіктес газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серіктес газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серіктес газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Жанар газдардың құрамы көмірсутектерінен тұрады. Олардың ішінде метан, этан, пропан, бутан, пентан, т.б. газдар кездеседі. Атмосфералық жағдайда жеңіл газдар метан мен этан газ күйінде кездеседі. Олар газ құрамында көп болған сайын оның салмағы артып, тез қызу бөледі. Ал ауыр газдардың құрамында метан мен этан аз мөлшерде болады. Пропан мен бутан газ күйінде кездеседі де, шамалы қысым арқылы сұйық көмірсутегіне тез айналады.

Газ құрамында аздаған көмірқышқыл газы, азот, күкірт, сутегі, гелий, т.б. кездеседі. Газдың физикалық қасиеттерінің қатарына оның тығыздығы жатады. Табиғи газдың химиялық құрамы оның физикалық қасиеттерін анықтайды. Газдардың физикалық қасиеттерін сипаттайтын негізгі параметрлер: тығыздық, тұтқырлық, қысым мен температура, диффузия, ерігіштік және т.б. Көмірсутекті газдардың мұнайда ерігіштігі судағыдан шамамен 10 есе артық.

Республика жыл сайын 15-16 млрд. текшеметр газ тұтынады. Ал өндіріс көлемі 7-8 млрд. текшеметрден аспайды. Қалған газ Өзбекстаннан, Түркіменстаннан және Ресейден алынады. Газ өңдейтін негізгі кенорны Қарашығанақ. Ол дүниежүзіндегі аса ірі кенорындарының қатарына жатады. Есеп бойынша газ қорының көлемі 566 млрд. текшеметр. «Бритиш газ» және «Аджип» компанияларымен Қазақстан арасындағы келісімшартқа байланысты газ өндіру көлемі әдәуір өсті. Қазақстандағы газ өнеркәсібінің мүмкіндіктері жоғары.

178-тапсырма. Газға қатысты мәселелер төңірегінде достарыңызбен әңгімелесіңіздер.

Газ, газ өндіру, газды тұтыну, газды алу,

газды тасымалдау, газ қоры, газ өнеркәсібі,

газбен қамтамасыз ету, газдың құрамы,

физикалық қасиеті, жеңіл газдар, жерасты сулары

179-тапсырма. Мәтінді әңгімелеп, орыс тіліне аударыңыздар.

180-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сәйкесін тауып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

жанғыш газ газ природный

мұнай газы газы редкие

серіктес газ газ горючий

табиғи газ газы сереводородные

дербес газ газы жирные

биохимиялық газдар газ природный

жаңартау газдары газ свободный

бейтарап газдар газы благородные

шашыранды газдар газы вулканические

сирек газдар газы рассеянные

майлы газдар газы биохимического происхождения

181-тапсырма. Сөздікті жаттап, газ өндірісі жөнінде шағын мәтін құрастырыңыздар.

Тұтынушы – потребитель, өндіріс көлемі – обьем производства, текшеметр – кубометр, қатарына жатады – числится в ряд, әдәуір – значительно, мүмкіндіктері – возможности, келісімшарт – договор, газ кенорны – газовое месторождение, газ түзілуі – газообразование, газ құбыры – газопровод, жоғары күкіртті газ – высокосернистый газ, табиғи ылғалды газ – влажный природный газ, газ шығару құбыры – выводная труба

182-тапсырма. Көп нүктенің орнына тордағы тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

1. ..... газ өндіру ..... беретін газ конденсатын ..... өңдейді. 2. «Маңғыстаумұнайгаз» ..... және Жетібай газ-мұнай кендерінің ... және табиғи газдары ..... . 3. Ол Жаңаөзен ..... орналасқан. 4. Зауыттың ..... кезегі ..... 1973 жылы берілді. 5. Өнімнің ..... тұтынушылары: ..... газды республика халқы, негізінен Алматы облысы және ..... оңтүстігі. 6. Құрғақ газ Орта Азия – Орталық .... ..... беріледі. 7.1996 жылы бастап мұнай ..... кәсіпорындар ..... газ тарату көлемінің төмендеу бағыты ..... . 8. 1996 жылы зауыт пен Маңғыстау газ өндіру ..... негізінде «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының ..... Газ өндіру және ..... құрылды.

 
 


 

Әдістемелік ұсыныс:Газдың орналасуы және оның қасиеттері туралы жалпы түсінік алып, мәліметтерді толықтыру.

Әдебиет: Нег.: 4[57-60], 5[14-18]

Бақылау сұрақтары:

1. Көмірсутекті газдар қандай күйде болады?

2. Мұнайда еритін газдар қалай аталады?

3. Жеңіл газдар мен ауыр газдардың айырмашылығын айтып беріңіздер.

4. Газ өңдейтін қандай кенорнын білесіздер?

 

10-апта. 28-тәжірибелік сабақ

183-тапсырма. Мәтіннен мұнайдан қандай өнімдер алынатыны жөнінде мағлұматты мұқият оқып, меңгеріп алыңыздар.

Мұнай өнімдері және оның тасымалдануы

* * * * *

Мұнай өнімдерінің алатын орны

Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы және мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар.

Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағармай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады.

Мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынады: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіс-су түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері, т.б. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады.

Мұнайдан алынатын мынадай өнімдерді айтуға болады:

1. Жанар май. 2. Мұнай майлары. 3. Парафиндер, церезиндер, вазелиндер.

Жанар майға – әуе ұшақ бензиндері, автокөлік бензиндері мен реактивті, дизельдік, газтрубиналық, трактор жанар майлары жатады.

Мұнай майларына – моторлық-авиациялық, автокөлік және дизельді қозғалтқыштарды майлайтын, ауыр өнеркәсіптік жабдықтарды майлайтын, теміржол вагондарының қосылатын өстерін майлайтын, теміржол көліктері қозғалғанда үйкелетін жерлерін майлайтын майлар жатады.

Парафиндер, церезиндер, вазелиндерді қатты тауарлы парафиндерді синтетикалық майлы қышқылдарды, спирттерді өндіру үшін шикізат ретінде қолданады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы парафиндер алынады. Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Жасанды вазелинол минералды май мен парафиннің қоспасы, ал техникалық вазелин ауыр өнеркәсіп майы мен парафиннің қоспасы. Медициналық вазелин ол ақ церезиннің және парафиннің парфюмер майымен қоспасы. Парафинді медицинада тамақ өнеркәсібінде шырпы жасауда, свеча ағаш жіпті плита және т.б. өнімдерді алуда қолданады.

Мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде мұнайдан петролатум мен парофиндерден церезина алынады. Церезинаны электрлік және радиотехникалық, изоляциялық материалдар ретінде, вазелин, крем әртүрлі қорытпаларды майлайтын заттар алуда қолданады.

184-тапсырма. Сөздікті жаттап, аударма жұмысында қолданыңыздар.

тұтқыр – вязкий бу қазаны – паровой котел

дизелді қозғалтқыш – дизельный мотор сұйық отын – жидкое топливо

үйкелетін жерлер – места трения өстерін майлау – смазка осей

майлы қышқылдар – масленные кислоты көмірсутектер – углеводороды

қосымша айдау – дополнительная дистилляция

туындылардың қоспасы – вторичные примеси

185-тапсырма. Тордағы сөз тіркестерімен 5-6 сөйлем құрастырыңыздар.

186-тапсырма. Мұнай өнімдері жөнінде топ болып әңгімелесіңіздер.

187-тапсырма. Мұнайдан халық шаруашылығына қажетті қандай заттар алынады? Достарыңызбен сұхбат құрастырыңыздар.

___________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________

Әдістемелік ұсыныс:Өнеркәсіпте мұнайдан алынатын өнімдердің қажеттілігін оқып біліп, зейінде сақтау.

Әдебиет:Нег.: 10[56-67]; 4[374-377]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай өнімдері дегеніміз не?

2. Жанар майға қандай майлар жатады?

3. Мұнай майлары дегеніміз не?

4. Мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде мұнайдан қандай заттар алынады?

10-апта. 29тәжірибелік сабақ

188-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, газ өнімдерінің тасымалдануы жөнінде пікір алмасып, сабақ барысында талқылаңыздар.

Мұнай және газ өнімдерін тасымалдау

 

Мұнай тек экономика емес, ол сонымен бірге үлкен саясат та. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның геосаяси мүддесі көп ретте мұнайды тасымалдау жолдарын таңдауда шешуші рөл атқарды.

Мұнай өнімін өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол арқылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалдайды. Негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда құбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақтандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау – Новороссийск, Атырау – Самара, Атасу – Алашаңкоу және Омск – Павлодар – Шымкент.