Компания 5 страница

3. Геологиялық процестер қандай жерлерде жүргізіледі?

4-апта. 12-тәжірибелік сабақ

79-тапсырма. Мәтіннен геологияның басқа ғылымдармен байланысын оқып, оның әдіс-тәсілдерінің пайдалануы жөнінде әңгімелесіңіздер.

Геологияның басқа ғылымдармен байланысы

Геология өзінің даму барысында әртүрлі жаратылыстану ғылымдарына негізделген. Ал фактілік материалдар жеткілікті жинақталған сайын геологиядан кейбір жаратылыстану ғылымдары бастау алды. Олар қазір геологияның жеке ғылымдары саналады. Мәселен, заттың құрылысы мен өзгерісін, оның қасиеттері мен қозғалыс заңдарын зерттеуде геология физикамен және химиямен тығыз байланысты. Осы ғылымдардың заңдылықтарын және негізгі әдіс-тәсілдерін кең пайдаланады. Бұл байланыстың нәтижесінде геофизика мен геохимия ғылымдары қалыптасты..

Геофизика Жердің физикалық қасиеттерін және онда орын алатын физикалық процестерді қарастыратын ғылымдар жиынтығын біріктіреді.

Геохимия Жердің химиялық құрамы мен химиялық элементтердің таралу, жіктелу, бірігу заңдарын және олардың жер қыртысында жылыстауын зерттейді. Бұл ғылымдардың әдістемесі мен қорытындыларын қолданбай қазіргі геология тиісті нәтижелерге жете алмайды.

Геология геодезия мен физикалық география сияқты ғылымдармен де тығыз байланысты. География геологиялық ортаны анықтайтын табиғи жағдайлардың (бедер, климат, топырақ қабаты, т.б.) ауқымды комплексін қамтиды. Жерде тіршіліктің пайда болуы мен дамуына қатысты мәселелер бойынша геология биологиялық ғылымдармен байланысты. Кендерді игеру барысында тау-кен ісімен, минералды шикізаттарды үнемді және кешенді игеруде металлургиямен де тығыз байланысты. Ал Жердің пайда болу проблемасын анықтау, оның басқа аспан денелерімен қарым-қатынасы және Ғаламдағы жағдайы бойынша ол астрономияның қорытындылары мен ғарыштанудың жетістіктерінсіз алға баса алмайды.

Сонымен, геология жаратылыстанудың барлық саласымен тығыз байланысты. Бұл әсіресе қазір, бізді қоршаған табиғаттың тұтастығына байланысты барлық табиғи процестер мен құбылыстар өзара қарым-қатынаста екендігі анық біліне бастаған кезде және экологиялық проблемалар шешімін табуды қажет ететін көкейтесті мәселелерге айналғанда қатты сезіледі.

80-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

ХХ ғасырда ..... ғылымдардың ..... жалғасты. Геологияның ..... литология, геохимия, геофизика, тектоника, т.б. бөлімдері сәтті дамыды. Олар жекелеген ..... геологиялық зерттеулерге ....., жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп салаларының ..... шикізат базасын молайтты. Геология геохимиямен мен ..... бірігіп, ..... мен мантияның ..... танымдауға жол ашты. Тау жыныстарына кіріккен тіршілік ..... мен іздерін зерттеу ..... сол тіршілік түрлерінің ..... болуын және даму барысын зерттейтін ..... саласы – палентология.

Тірек сөздер:нәтижесінде, жіктелуі, минералдық, стратиграфия, қалдықтары, геофизикамен, ғылым, бағытталып, пайда, жер қыртысы, терең белдемдерін, геологиялық, аймақтарда,

81-тапсырма. Кестені мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Сұрақтар Жауаптар
1. Геологияның даму барысы қандай ғылымдарға негізделген? 2. Заттың құрылысы мен өзгерісін, оның қасиеттері мен қозғалыс заңдарын зерттеуде қандай ғылыммен тығыз байланысады? 3. Геофизика нені зерттейді? 4. Геохимия нені зерттейді? 5. Биологиялық ғылымдармен байланысы бар ма? 6. Астрономия мен ғарыштанудың геология ғылымына қатысы бар ма? 7.Экологиялық проблемаларды шешуде қандай рөл атқарады? 1. ______________   2. ______________     3. ___________________________   4.____________________________ 5. ___________________________   6.___________________________   7.____________________________

82-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

83-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. мен қозғалыс, зерттеуде, және химиямен, байланысты, Заттың, қасиеттері, заңдарын, геология, физикамен, тығыз,

2. Геологиядан, жаратылыстану, жеке, ғылымдары, алады, қазір геологияның, саналатын, бастау, кейбір, ғылымдары,

3. Геология, барлық, байланысты, әсіресе, бізді, табиғатпен, жаратылыстанудың, саласымен, тығыз, қоршаған,

84-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

өзгеріс – изменение біріктіру – соединение

қозғалыс заңдары – законы движения жылыстау – уклонение

ғылымдар жиынтығы – цикл наук жетістіктер – достижения

табиғаттың тұтастығы – целостность природы табиғи – природный

көкейтесті – кардинарный, заветный ғарыштану – освоение космоса

85-тапсырма. Геология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы шағын мәтінді оқып, мазмұнын есте сақтаңыздар!

Геология ғылымының іргесін қалап, дамуына ерекше еңбек сіңірген ғалымдар: А.П.Карпинский, В.А.Обручев, И.В.Мушкетов, В.И.Вернадский, И.М.Губкин, Н.С.Шатский, А.Е.Ферсман, С.С.Смирнов, А.Л.Яншин.

Қазақстан геологиясының әртүрлі саласын дамытуда Қ.И.Сәтбаев, Н.Г.Кассин, Д.Н.Казанли, И.И.Бок, Р.А.Борукаев, М.П.Русаков, Е.Д.Шлыгин, А.А.Абдуллин, Ж.Айталиев, А.М.Машанов, Н.Л.Бубличенко, В.Д.Беспалов т.б.ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Республикада геологиялық жұмыстар мен зерттеулерді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, оның аумақтық-өндірістік мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары мен лабораториялары және Геологиялық ғылымдар институты жүргізеді.

Әдістемелік ұсыныс: Геологияның басқа ғылымдармен байланысын оқып, меңгеріп, сабақ барысында пайдалануға ұмтылдыру.

Әдебиет: Нег.: 1[95-104], Қос.: 23[93-101]

Бақылау сұрақтары:

1. Заттың қасиеттері мен қозғалыс заңдарын зерттеуде қай ғылым саласымен байланысты болады?

2. Геология ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіздер?

3. Басқа да қандай ғылымдармен тығыз байланысты?

5-апта. 13-тәжірибелік сабақ

86-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, геологияның маңызын терең меңгеріп, халық шаруашылығы салаларындағы қолданылуын мазмұндаңыздар.

Геологияның маңызы

Жер қойнауы және мұнай туралы Заңдар

* * * * *

Геологияның шаруашылықтағы маңызы

Геологияның адам өмірінде қолданылатын практикалық маңызы орасан зор. Халық шаруашылығының барлық саласы, оның қуатты техникасы мен өнеркәсібі жер байлығын пайдалануға негізделген. Жаңа кенорындарын іздеп табу қажеттілігі геологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына әсер етеді.

Геологияның жалпы табиғаттану мақсатында да маңызы зор. Ол жердің жаратылысын және оның даму кезеңдерін зерттеумен қатар, жер бетінде алғашқы тіршіліктің пайда болуын мен одан кейінгі даму проблемаларын қозғайды.

Геологияның халық шаруашылығында атқаратын қызметі халық шаруашылығының әртүрлі салаларын шикізат қорымен қамтамасыз ету; әртүрлі құрылыс нысандарын салу мүмкіндігін дәлелдейтін инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу; ас суы және техникалық су қорымен қамтамасыз ету мәселесін шешу.

Елімізде минералдық-шикізат қорын ұлғайту мақсатында геологиялық барлау-іздеу жұмыстарының сапасын жақсартуға, барланған кенорындарын игеру мақсатымен жүргізілетін дайындық жұмыстарының тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Ашық әдіс арқылы қазып алуға болатын кенорындарын іздеп-табу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асты. Қара және түсті металлургияны сапалы шикізат қорымен қамтамасыз ету, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдарын және жер асты суларын іздеп-табу мақсатында маңызды барлау-іздеу жұмыстары жүргізілді.

Геологияның басты нысанасы – барлық салаларды жоспарлы түрде жаңа техникамен қайта жабдықтау; геологиялық барлау-іздеу жұмыстарын автоматтандыру; механикаландыру және техникалық арнаулы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Құрылықты зерттеумен қатар, континентальдық шельф және мұхит түбінде кездесетін минералдық байлықтарды игеріп, халық шаруашылығында тиімді пайдалану жұмыстарының маңыздылығы өте зор.

87-тапсырма. Геология халық шаруашылығында қандай қызметтер атқарады? Топ болып жауап іздеңіздер.

88-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

жиналу нысандар орналасқан болжау сапалы
түбегейлі қолданбалы кенорындары айрықша байланысты
зерттеу қарқынды шикізат өнеркәсіп техникалық

89-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударып жазыңыздар.

Геология кен ісі, өнеркәсіп, энергетика мен мұнай-газ индустриясы үшін айрықша мәнге ие болуда. Бұл жағдайларды болжау кен өндірісінің қарқындылығына, минералдық шикізат сапасының нашарлау тенденциясының артуына және кенорындарды игерудің кен-геологиялық жағдайларының күрделенуіне байланысты. Бұл мәселелер түбегейлі геологиялық зерттеудің базасында ғана шешілуі мүмкін.

90-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. кезде, қыртысының, жақын, пайдалы, кенорындары негізінен анықталып болып, қарқынды игерілуде, Қазіргі, жер, бетіне, орналасқан, қазба . 2. Сондықтан, түсіру, және, негізінде, белдемдерді, зерттеу, болып табылады, геологиялық, карталау, барлау, тереңдегі, түбегейлі, маңызды,. 3. үлкен, жалпы, және, тұрғыдан, болады, Геологияның, мәнділігін, ғылыми, экономикалық, қарастыруға.

91-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

халық шаруашылығы – народное хозяйство сапа – качество

түсті металлургия – цветная металлургия кен ісі – горное дело

жер байлығы – земельные ресурсы зерттеу – исследовать

түбегейлі – основательный, значительный сала – отрасль

қарқындылық – интенсивность жабдықтау – оборудовать

92-тапсырма. Терминге берілген түсініктемені есте сақтаңыздар!

Жер қойнауын пайдаланудың қауіпсіздігі – жер қойнауын пайдалану Операцияларын жүргізгенде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Әдістемелік ұсыныс: Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы туралы топ болып дөңгелек үстел ұйымдастыру.

Әдебиет: Нег.: 1[88-93]; Қос.: 23[105-110]

Бақылау сұрақтары:

1. Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

2. Барлау-іздеу жұмыстары қай бағытта жүргізіледі?

3. Арнаулы құрал-жабдықтар қажет па?

 

5-апта. 14-тәжірибелік сабақ

93-тапсырма. Мәтіннен Жер және Жер қойнауын пайдалану туралы Заңды мұқият оқып, заң актілері мен міндеттерін меңгеріп алыңыздар..

Жер және жер қойнауын пайдалану туралы Заңдар

Қазақстан Республикасы Президентінің

Жер заңдары және жер қойнауын

пайдалану туралы 1993жылғы

10 желтоқсандағы Жарлығының

ресми мәтіні

 

2-бап. Жер және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың міндеттері

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың міндеттері – Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында Операция жүргізуді реттеу болып табылады.

3-бап. Жерге меншік

Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

4-бап. 6-бап.Жер заңдары және жер қойнауын пайдалану туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасындағы Жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсімдіктерді, жануарлар дүниесін, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

3. Жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және қоршаған ортаның өзге де объектілеріне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуге тиіс.

4. Егер осы Жарлықта немесе басқа заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, шетелдік азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей құқықтармен пайдаланады және міндеттер атқарады.

5. Осы Жарлықпен белгіленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкіметтің, орталық әрі жергілікті атқарушы органдардың және мәслихаттардың актілерімен шектелмейді. Мұндай актілердің заңды күші болмайды және орындалуға жатпайды.

94-тапсырма. Төменде берілген сұрақтар төңірегінде топ болып, ой бөлісіңіздер.

Жарлықта белгіленген заң актілерінің күші қаншалықты? Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың міндеттері қандай? Жер қойнауын пайдалану қандай құқықтық актілермен шектеледі?

95-тапсырма. Мәтінге арналған сөздіктің көмегімен аударма жұмысын жүргізіңіздер. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

жерге орналастыру – землеустройство

жер ресурстары – земельные ресурсы

жер пайдалану құқығы – право землепользования

жер қойнауын пайдаланудың қауіпсіздігі – безопасное недропользование

минералдық шикізат – минеральное сырье

жер қойнауын геологиялық зерделеу – геологическое изучение недр

жер қойнауы – недра

пайдалы қазба – полезное ископаемое

жер қойнауын пайдаланушы (Мердігер) – недропользователь

96-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мазмұнын қазақ тілінде меңгеріңіздер.

Полезное ископаемое – содержащееся в недрах природное минеральное вещество в твердом, жидком или газообразом состоянии (в том числе подземные воды и лечебные грязи), пригодное для использования в материальном проиводстве.

Недропользователь (Подрядчик) – гражданин или юридицеское лицо, государство и (или) международная организация, получившие право осуществлять операции по недропользованию в соответствии с настоящим Указом.

Контракт – договор между Недропользователем (подрядчиком) и Компетентным органом на проведение Операций по недропользованию.

97-тапсырма. Есте сақтаңыздар! Жер туралы Жарлықта қолданылатын терминдер және анықтамалар.

Жерге заттық құқық – меншік құқығы, жер пайдалау құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы, міндеттілік және өзге заттық құқықтар;

Жер учаскесі – Жарлықпен белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субьектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекарада бөлінген жер бөлігі;

Жерге орналастыру– жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі;

Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекет меншігіндегі жер учаскесін мерзімсіз (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы. Жарлықта белгіленген шарттар мен шекте жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығына билік етуге хақылы.

Әдістемелік ұсыныс:Жер туралы Заңды мұқият оқып, қажетті мәліметтерді жадыда сақтау.

Әдебиет:Нег.: 17[3-10]; Қос.: 20 [80-83]

Бақылау сұрақтары:

1. Жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың міндеттері қандай?

2. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң қандай заң актілерімен реттеледі?

3. 1993жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес Жарлықта жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптері қалай негізделген?

 

5-апта. 15-тәжірибелік сабақ

98-тапсырма. Мұнай туралы Заңның шығуы мен оның қажеттілігін меңгеріп, топ болып өзара пікір алмасыңыздар.

 

Мұнай туралы Заң

Қазақстан Республикасының көмірсутегі бағамдары бойынша әлемдік қордың жалпы көлемінде орны ерекше. Мұнайдың расталған қоры бойынша Қазақстан әлемнің жетекші елдері қатарына кіреді. Қазақстан барлық ТМД республикалары арасында Ресей Федерациясынан кейін көмірсутегі қоры бойынша екінші орынды иеленеді. Құрлықты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының көмірсутегі шикізатының бекітіліп, алынатын қоры мынадай: мұнай – 30 млрд.барр. (4.0 млрд.тонна); газ – 3.0 трлн.м3

Қазақстан көмірсутегі қоры бойынша он жетекші елдердің қатарына кіреді. Ілеспе газдың барланған едәуір қоры Қарашығанақ, Теңіз және Жаңажол кен орындарында шоғырланған. Табиғи газдың барланған қоры бойынша Қазақстан Республикасы әлемде 15-ші орынға ие.

Каспий Теңізі Қазақстандық Секторының көмірсутегі шикізатының қоры шамамен 60 млрд.барр. (8 млрд.тонна) шартты отынды құрайды.

Мұнай операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мүдделері мен оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы президенті 1995 жылғы 28 маусымда Жарлыққа қол қойды. Заң 1995 жылдың 1-шілдесінен күшіне енді. Заңның (Жарлықтың) басты тараулары мыналар: Жалпы ережелер; мұнай операцияларын өткізу саласындағы мемлекеттік басқару орындарының хабардардығы; мұнай операцияларын іске асыру құқығын иеленетін инвестициялық бағдарламалардың конкурсы; барлау мен өндіруде рұхсат беру; шарттар, мұнай операцияларын жүргізу; мердігердің құқықтары мен міндеттері; магистральдық құбыр желісі транспорты; коммерция жағдайы; құқықтық жағдай.

Қазақстан Республикасы Президентінің мұнай жөніндегі заң күші бар Жарлығының осындай 11 тараулық 59 бабында мұнайға байланысты барлық мәселе жан-жақты қамтылған.

99-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мұнай туралы заң не үшін қажет? 2. Заң күшіне қашан енді? 3. Заңның негізгі мақсаты неде? 4. Неше тарауы бар? 5. Негізгі тарауларында қандай мәселелер қамтылған? 6. Мұнай жөніндегі Жарлыққа қашан қол қойылды? 7. Заңның негізгі ережелеріне не кіреді? 8. Сіз қалай ойлайсыз? Мұнайға қатысты барлық мәселе Заңда қамтылған ба?

100-тапсырма. Достарыңызбен мұнайға қатысты негізгі мәселелер жөнінде әңгімелесіңіздер.

101-тапсырма. Мәтінге қатысты жаңа сөздерді жаттап, сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

жалпы ережелер общие положения

мұнай операцияларын өткізу проведения нефтяных операции

мемлекеттік басқару органдары органы государственного управления

барлау мен өндіруде рұхсат беру лицензирование разведки и добычи

мердігердің құқықтары мен міндеттері права и обязанности подрядчика

құбыр желісі трубопроводный

жанжақты қамтылған всесторонне охвачено

әлемдік қор мировые запасы

барланған қоры разведанные запасы

102-тапсырма. Сөйлемдердегі бос орындарға төмендегі сөздерді мағынасына қарай дұрыс орналастырыңыздар.

Мұнай операцияларын өткізу саласындағы ..... басқару орындары. Контрактар, мұнай ..... жүргізу. Магистральдық ..... транспорты. Табиғи ресурстарды ..... қамтамасыз ету. Мұнай жөніндегі заң күші бар ..... . Мұнайдан, ..... көмірсутектерден немесе ..... газдан алынатын аралық химиялық ..... этилен, пропилен, бензол, толуол, және ксилол.

Тірек сөздер: Мемлекеттік, операциялары, сұйық, құбыр желісі, табиғи, қорғауды, өнімдер, жарлық.

Әдістемелік ұсыныс:Заңның басты тараулары жөнінде топ болып пікір алмасу, сұхбат дағдысын қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 12[380-383]; Қос.: 25[2-5]

Бақылау сұрақтары:

1. Көмірсутегі шикізатының қоры қаншалықты?

2. Ілеспе газдың барланған қоры бойынша нешінші орында?

3. Мұнай туралы Заңның басты тарауларында қандай мәселе қамтылған?

6-апта. 16-тәжірибелік сабақ

103-тапсырма. Мәтіннен мұнайдың пайда болуы жөнінде алған мәліметтеріңізді өз тараптарыңыздан толықтыра отырып, мазмұндаңыздар.

 

Мұнай мен газ геологиясы

* * * * *

Мұнай мен газ көздерінің пайда болуы

Мұнай грек халқының «Нафта» деген сөзінен шыққан. Ол жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Жер бетінде кездесетін мұнай мен газ көздері терең орналасқан қабаттармен байланысты екені белгілі. Бірақ бұл жағдай алғашқы кездерде адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарда жер қойнауын жарып шығып атқылап, кейде бұлақ болып ағып жататын «қара май» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылды.