Компания 4 страница

зерттеу әдістері – методы изучения барлау – разведка

жер беті – поверхность земли ашық тәсіл – отрытый способ

іске асырылады – воплотить в действие іздеу – поиск

кен өндіру – производство руды ұлғайту – расширять

даму деңгейі – уровень развития болжау – прогнозировать

49-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелерді оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

Жер қойнауы – топырақ қабатынан, ол жоқ болса – жер бетінен және су қоймаларының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі.

Пайдалы қазба – жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйінде кездесетін материалдық өндірісте қолдануға жарамды табиғи минералдық зат (соның ішінде жер асты сулары мен шипалы балшық).

Әдістемелік ұсыныс:Геологиялық барлаудапайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың мәнін түсініп, зейінде сақтау.

Әдебиет:Нег.: 1[21-31]; Қос.: 23[33-41]

Бақылау сұрақтары:

1. Пайдалы қазба кенорындарын барлау қаншалықты маңызды?

2. Геологиялық барлау нені анықтайды?

3. Пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау қандай жағдайларда іске асады?

3-апта. 8-тәжірибелік сабақ

50-тапсырма. Мәтінді оқып, кенорындарын іздеу мен барлау туралы қандай мәліметтер алдыңыздар, баяндаңыздар.

 

Кенорындарын іздеу мен барлаудың

геологиялық негізі

 

Жер қойнауындағы пайдалы қазба немесе пайдалы компонент іздеу және барлау арқылы табылса, ол барлау жұмыстары нәтижесінде кенорнына айналуы мүмкін. Кенорнына айналмаған шоғырларды жай кен көзі деп атайды. Кен орындары өнеркәсіптік және бейөнеркәсіптік деп бөлінеді. Кен орындарды сипаттайтын негізгі көрсеткіш жер қойнауындағы пайдалы компоненттердің мөлшері оның қоры деп аталады.

Қоры жағынан ұсақ, орташа, үлкен, өте үлкен және теңдесі жоқ деп бөлінеді. Геологиялық барлау жұмыстары күрделі, көп сатылы, ұзақ мерзімді жұмыстар. Көп жағдайларда барлау жұмыстары басталғаннан кейін қор жөніндегі мемлекеттік комиссияға тапсырғанға дейін бірнеше ондаған жылдар өтуі мүмкін.

Кенорындарды барлау дегеніміз комплексті зерттеулер болып табылады. Олар кенорындарды өнеркәсіптік мәнін анықтауға қажет жұмыстарды анықтауды көздейді. Жер қойнауындағы бөлікшені геологиялық зерттеу, оны жобалауға дейінгі өнеркәсіптік игеру сатысында барлаумен аяқталады.

Іздеу жұмыстары – бұл болжау процесі, әрі қарай барлауға тұратын жаңа перспективалы пайдалы қазба кенорнын ашу немесе оны бағалау.

Іздеу жұмыстары элементерінің құрамы: пайдалы қазбаны болжау, оларды ашу және перспективалы нысандарын бағалау әдістері барлау жұмыстары мәселелерін дұрыс шешу мақсатында жүргізіледі.

Іздеу геологиялық барлау жұмыстары процесінің құрамына кіреді және оның негізгі бір сатысы болып табылады.

52-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыздар.

кенорнына айналмаған – не руда қор – ресурс

шоғырлар – скопления жобалау – проектировать

көп сатылы – многоступенчатый теңдесі жоқ – уникальный

анықтау – выявить, разьяснить дәлдікті барлау – детальная

игеру сатысы – лестница освоения игерімдік барлау – эксплуатационная

жай кен көзі – место источник ископаемого

53-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

Барлау мәселелеріне оның сандық түрде өрнектелген нәтижесіне пайдалы қазбаның қорын есептеу жатады. Сондықтан барлаудың басты мәселесі кенорындар құрамындағы пайдалы қазбаның саны мен сапасын анықтау болып табылады. Пайдалы қазбаның мөлшері оның кеңістіктегі көлемін анықтау арқылы есептеуі мүмкін. Осыған байланысты бұл мәселені шешу үшін, барлау процесінде пайдалы қазба денелерінің пішіні, өлшемдері, жатыс жағдайлары мен бұзылғандығы зерттеледі.

54-тапсырма. Тордағы сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

 
 


55-тапсырма. Кенорындарын іздеу мен барлау жұмыстары жайында бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.

56-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, түсінгендеріңізді баяндаңыздар.

1. Іздеу элементтері дегеніміз не? 2.Жер қойнауындағы пайдалы компоненттердің мөлшері қалай аталады? 3. Кенорнынан туындайтын аномалияларды қалай анықтайды? 4. Іздеу жұмыстары қандай мақсатта жүргізіледі? 5. Нәтижесінде қандай өнеркәсіптік мәнге ие бола алады? 6. Іздеу жұмыстары дегеніміз не және оған толық сипаттама бер? 7. Пайдалы қазбаның мөлшері қалай есептеледі?

57-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелерді жазып алып, есте сақтаңыздар!

Барлау– пайдалы қазбалар кенорындарын іздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар.

Барлау үшін бұрғылау – белгілі бір зонада немесе құрылымда көмірсутектер бар-жоғын анықтау үшін бұрғылау

Әдістемелік ұсыныс:Барлау мен іздеу арқылы кенорындарын табу мақсатындағы геологиялық жұмыстардың тиімділігін есте сақтай отырып, тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылау.

Әдебиет:Нег.: 3[48-53]; 2[22-34]

Бақылау сұрақтары:

1. Кенорнына айналмаған шоғырлар дегеніміз не?

2. Кен орындары қалай бөлінеді?

3. Барлау жұмыстарында не істелінеді?

4. Іздеу жұмыстары дегеніміз не?

 

3-апта. 9-тәжірибелік сабақ

58-тапсырма. Мәтіндегі кенорындарын барлау міндеттерін оқып, түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

Кенорындарын барлаудың

міндеттері

Пайдалы қазба кенорындары көбінесе қасиеттері әр түрлі және өзгергіш табиғи денелерден тұрады. Бірақ әр кенорын өзінің дербестігімен ерекшеленгенімен, оларды барлаудың негізінде барлығына ортақ бірегей принциптер қойылады. Геологиялық барлау процесі өндіргіш күштері дамуының белгілі бір деңгейінде жүргізіліп, бір мақсатты – жер қойнауында пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік қорын анықтауды көздейді. Кенорындарды барлау өте қымбат әрі ұзақ процесс,ол көптеген мамандардың қатысуымен материалдық ресурстардың едәуір шығынын қажет етеді. Сондықтан геологиялық барлаудың басты принципі – халық шаруашылығына тиімді болу.

Барлаудың міндеттері. Барлау жұмысының негізгі міндеттері келесі мәселелерді шешу арқылы орындалады:

1. Кен денесін ашу немесе қиып өту;

2. Оның жатыс жағдайын анықтау;

3. Пайдалы қазба кен денелерінің шоғырларын, контурын анықтау;

4. Пайдалы қазбаны сынамалау, сынамалау жұмысын жүргізу;

5. Кен денелерінің ішкі құрылымын зерттеу.

Барлаудың негізгі жобасы кен орнының қалыптасуына геологиялық болжам жасау жатады. Кен денелерінің орналасу заңдылығына, оның морфологиясына және жатыс жағдайына, заттық құрамына, пайдалы қазбаның сапасы мен қасиеттеріне геологиялық болжау жасау. Геологиялық барлау процесі кезінде геологиялық болжау мәліметтері нақтыланады. Кенорынды барлау кешенді жұмыстар жүйесін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Оның құрамына міндетті түрде ірі масштабта жер беті немесе жер астының геологиялық түсірілуі, геофизикалық зерттеулер, пайдалы қазбаны сынамалау жұмыстары, гидрогеологиялық зерттеулер кіреді.

59-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

табиғи дене – природное вещество

дербестігі – обособленность

бірегей принцип – уникальный принцип

бір деңгейде – на одном уровне

едәуір шығын – значительный расход

өндіргіш күш – производительная сила

денелердің шоғырлары – скопления веществ

геологиялық болжам – геологический прогноз

орналасу заңдылығы – закономерность размещения

заттық құрамы – состав вещества

ішкі құрылым – внутренняя структура

шоғыр – скопления

кешенді жұмыс – комплексная работа

60-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

  1. 1. Пайдалы ..... сапасының көрсеткіштері оның ... қолданылуына ..... болады. 2. Металл ... мен ..... щикізат үшін маңызды – ..... және зиянды компоненттер мен ... ... анықтау, ... материалдары үшін – физикалық ... анықталады. 3. Пайдалы қазбаның ..... оны ары қарай ... ... мен мүмкіндіктеріне қарай, яғни ..... сапасына байланысты бағаланады. рудалары, агрохимиялық пайдалы қосылыстардың мөлшерін құрылыс қасиеттері, байланысты қазба, өнеркәсіпте сапасы, өңдеу жағдайы технологиялық
4. Пайдалы қазбаның сапасын ... үшін барлау ... оның ... минералдық және химиялық құрамы, физикалық-химиялық ... мен барлық сапалық ... кеңістікте таралу ... анықталады. процесінде заттық қасиеттері көрсеткіштерінің ерекшеліктері

61-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

Экономикалық – географиялық сипатты мәліметтер: ауданның өнеркәсіптік игерілгендігі, климат, бедер, энергетикалық ресурстар, көлік мүмкіндіктері, ауызсумен және техникалық сумен қамтамасыздығы, құрылыс материалдарының болуы және т.б. Осы айтылғандар бойынша, барлаудың негізгі мәселесіне кенорынды игеру үшін қажет және жеткілікті геологиялық, кен-техникалық және экономикалық ақпарат алу жатады.

62-тапсырма. Барлау міндеттері туралы досыңызбен пікір алмасыңыздар.

____________________________

___________________________________

Әдістемелік ұсыныс: Кенорнын барлау міндеттерінен алған мәліметтерді жадыда сақтап, топ болып сұхбат ұйымдастыру.

Әдебиет:Нег.: 3[232-237]; Қос.: 23[87-96]

Бақылау сұрақтары:

1. Пайдалы қазба кенорнын барлау принципіне негіз келтіріңіздер?

2. Пайдалы қазба кенорнын барлау кезінде туындайтын қандай мәселелерді білесіздер?

3. Барлау міндеттері қандай геологиялық жұмыс түрлерін қамтиды?

4. Геологиялық барлау жұмыстарының сатыларына сипаттама беріңіздер?

5. Қандай мақсатта барлау жұмыстарын жүргіземіз?

4-апта. 10-тәжірибелік сабақ

63-тапсырма.Мәтінді оқып шығып, геологияның қолданбалы ғылымда бөліну жолын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Геология ғылымының салалары, зерттелуі

* * * * *

Геологияның зерттеу салалары

Геологияның салалары арасында ғылыми пәндер жер қыртысының заттық құрамын, оның құрылысын, геологиялық процестер мен олардың тарихи реттілігін зерттейді. Геологияның басты салалары зерттеу оъектісіне қарай 6 топқа бөлінеді: 1. Жер қыртысының, литосфераның заттық құрамын зерттейтін геологиялық пәндер – кристаллография, минералогия, петрография, петрология, литология және геохимия. 2. Геологиялық процестерді зерттейтін пәндер кешені геотектониканы, құрылымдық геологияны, вулканологияны, сейсмологияны және геоморфологияны біріктіреді. 3. Геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын зерттейтін салалар – стратиграфия, геологиялық формациялар туралы ілім, палеография. 4. Тау жыныстарына кіріккен тіршілік қалдықтары мен іздерін зерттеу нәтижесінде сол тіршілік түрлерінің пайда болуын және даму барысын зерттейтін ғылым саласы – палентология. 5. Кен байлықтарын зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және геологиялық экономикалық тиімділігін зерттейтін салалар – іздеу-барлау істері, кеніштік геология. 6. Іс-тәжірибе шараларын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын геология салалары – кен байлықтары жайлы ілім, гидрогеология, инженерлік геология, аймақтық геология. Кейбір зерттеу салаларына назар аударалық.

Пайдалы қазбалар туралы ілім – геологиялық білімнің өте көне саласы, ол экономикаға қажет барлық табиғи минералдық жаралымдарды зерттейді. Пайдалы қазбалардың әртүрлілігі мен олардың өте маңыздылығы бұл ғылымның көптеген жеке бөлімдерінің жіктелуіне әкелді. Мәселен: руда кенорындары туралы ілім, бейруда кенорындары туралы ілім, мұнай геологиясы, көмір геологиясы, радиобелсенді элементтер геологиясы, т.б.

Гидрогеология – жерасты суының жаралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қозғалысы мен жату жағдайлары және жер бетінде білінуі туралы ғылым.

Инженерлік геология – инженерлік құрылыстарды (ұңғыма, щахта, ғимарат, құбыр, жол т.б.) тұрғызу мен пайдаланудың геологиялық жағдайын және динамикасын зерттейтін сала.

Кеніштік геология – кеніштердегі, шахталық геология – шахталардағы игеру жұмыстарын геологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету және сол кеннің барланған қорын толықтыру мүмкіндігін анықтаумен шұғылданатын сала.

Іздеу-барлау істері – кен белгілері мен кендердің геологиялық жағдайын, сол кендерді іздеу, барлау, бағалау және игеру шараларының ең тиімді тәсілдерін анықтау мәселелерімен айналысады.

64-тапсырма. Мәтін бойынша сөздікті жаттап алыңыздар.

геологияның салалары – отрасль геологии

ғылыми пән – научная дисциплина

жер қыртысы – кора земли

минералдық жаралым – минеральное рождение

бейруда кенорны – безрудное месторождение

көмір геологиясы – геология угля

радиобелсенді элемент – радиоактивный элемент

жерасты суы – подземная вода

қамсыздандыру – защищать

мұнай кеніштік – нефтяной рудник

қолданбалы ғылым – прикладная наука

65-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыздар.

66-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. Геология, инженерлік, мен, зерттейді, Инженерлік, геологияны, іске қолдану, жақтары, мәселелерін.

2. Қазбалардың, мен, өте, бұл ғылымның, жеке, әкелді, Пайдалы, әртүрлілігі, олардың, маңыздылығы, көптеген, бөлімдерінің, жіктелуіне.

3. Инженерлік, құрылыстарды, мен, геологиялық, ғылым, геология, инженерлік, тұрғызу, пайдаланудың, жағдайлары, туралы,

67-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Кристаллография ....., физиканы және геометрияны біріктіріп, әртүрлі ..... тән кристалдардың ..... мен пішінін, ерекшеліктерін зерттейді. ..... табиғи минералдардың құрамын, физикалық қасиеттерін, қалыптасу және өзгеру жағдайларын анықтайды. ..... тау жыныстарының химиялық және минералдық құрамын олардың құрылыс ерекшеліктерін ..... . Петрология магмалық және метаморфтық тау жыныстарын олардың ..... құрамын, геологиялық ерекшеліктерін және пайда болуын зерттейтін ..... . Литология шөгінді ..... құрамын, құрылымын және пайда болуын ..... негізінде олардың қалыптасу жағдайын ..... айналысады. Геохимия ..... ..... және Жер планетасы қимасында химиялық элементтердің ..... заңдылықтарын анықтайды.

Тірек сөздер: Минералогия, заттық, саралау, құрылысы, зерттейді, минералдарға, анықтаумен, таралу, Петрография, ғылым, жер қыртысында, жыныстардың, геологияны,

68-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 

 

 


69-тапсырма. Геологияның салалары туралы не білдіңіздер? Алған мәліметтеріңізді мазмұндаңыздар.

70-тапсырма. Мәтін мазмұнының негізінде сұхбат құрастырыңыздар.

71-тапсырма. Төменде берілген геология салаларын есте сақтаңыздар!

Экологиялық геология – литосфераның биота мекендеп, тіршілік ететін горизонттарын жоғары деңгейде ұйымдасқан экожүйелер компоненті ретінде қарастырады. Бұл сала литосфераны бірінші кезекте адамның кең ауқымды (әртүрлі заттар мен энергетика көзі ретінде) игеруі нәтижесінде туындаған.

Мұнай кеніштік және кен-өнеркәсіптік геология – мұнай мен кен кәсіпорындарын (шахта, кеніш, карьер, ұңғыма) жобалау, салу, пайдалану және жою кезінде геологиялық сүйемелдеу мен қамсыздандыруды зерттейді.

Әдістемелік ұсыныс:Геологияның көптеген салалары жөнінде түсінген мәліметтерін меңгеріп, баяндап, есте сақтау. Жоғарыдағы жаттығуларды орындай отырып жазбаша тілдің дағдысын қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 1[56-64]; 2 [62-69]

Бақылау сұрақтары:

1. Геология қандай ғылымдар түріне жатады?

2. Геологиялық білімнің қандай салаларын білесіздер?

3. Әр ғылым саласы нені зерттейді?

 

 

4-апта. 11-тәжірибелік сабақ

72-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, геология ғылымының зерттелуі туралы топ болып пікір алмасыңыздар.

Геологиялық процестер және зерттеу нысандары

Геология Жердің құрамын, құрылысын және тарихын, жер қыртысының қалыптасу заңдылықтары мен процестерін, оны құрайтын минералды таужыныстарды, пайдалы қазбаларды және олардың арақатынасын зерттейтін болғандықтан оның практикалық мәні өте үлкен және әртүрлі. Экономиканың барлық саласында жер қойнауының минералдық шикізат деп аталатын өнімдерін мұнай, көмір, металл, түрлі құрылыс материалдарын, жерасты суын т.б. пайдалану негізделген. Әртүрлі минералдық шикізатты іздеу мен өндірудің қажеттілігі геологиялық зерттеулерді дамытуға ықпал жасап, геологияның алдына жаңа теориялық және практикалық мәселелер қояды және оларды жедел шешуді қажет етеді.

Геологияның тікелей зерттейтін нысандары – минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, қазба органикалық қалдықтар, геологиялық процестер.

Жер ішкі және сыртқы қабықтардан тұрады, олар ұдайы өзара қарым-қатынаста болады. Олардың осы қарым-қатынасы нәтижесінде геологиялық процестер туындайды. Геологтың практикалық жұмысы қатты қабықтың жоғарғы бөлігі – жер қыртысы ауқымында өтеді. Жер қыртысы өзінен құрамы мен физикалық қасиеттері бөлек Жердің ішкі және сыртқы қабықтарымен ұдайы әрекетте болады. Осыған байланысты геологиялық процестер екі топқа бөлінеді:

1.Сыртқы – жер қыртысының сыртқы қабықтарымен әрекеттесуінен туындайтын процестер; 2.Ішкі – жер қыртысының ішкі қабықтарымен әрекеттесуіне және планетаның терең қойнауларындағы материяның дамуына байланысты процестер.

Геологиялық процестер жер қыртысының жоғарғы горизонттары тікелей табиғи ашылымдарда және жасанды ашылымдарда – кен үңгімелерінде жүргізіледі. Жер шарының терең бөліктерін зерттеу үшін негізінен геофизикалық әдістер қолданылады.

73-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1.шикізатты, мен өндірудің, геологиялық, дамытуға, жасайды, Минералдық, іздеу, қажеттілігі, зерттеулерді, ықпал, 2. нәтижесінде,туындайды, геологиялық, процестер, Қарым-қатынастың, 3. Жерде, мен, зерттейді, Геология, тіршіліктің, ғылымы, даму, тарихын, пайда болуы, 4. Процестер, жоғарғы, тікелей, ашылымдарда және, жүргізіледі, Геологиялық, жер қыртысының, горизонттары, табиғи, жасанды, ашылымдарда,

74-тапсырма. Мәтінде кездесетін сөз және сөз тіркестерімен 6-7 сөйлем құрастырыңыздар.

Табиғи, жер қыртысы, қойнау, сала, таужыныстары, дамыту, жерасты,қалыптасу, тіршілік, Жердің құрамы, жер қыртысы, әрекеттесу, қалдықтар.

75-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Геология ғылымы нені зерттейді? 2. Геологияның теориялық, практикалық мәні неде? 3. Минералдық шикізатты іздеу мен өндірудің қажеттілігі бар ма? 4. Зерттеу нысандары қандай? 5.Геологиялық процестер қандай жағдайда туындайды? 6. Геологиялық процестер неше топқа бөлінеді?

76-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

жер қабығы – земная кора қыртыс – залежь

тау-жыныстары – горные породы жер қыртысы – кора земли

қалыптасу – формироваться тіршілік – существование

таужыныстар – полезные ископаемые қуатты – мощный

жерасты суы – подземные воды қабықтар – оболочки

органикалық қалдықтар – органические остатки іздеу – поиск

қатты қабық – твердая оболочка жоғарғы бөлігі – верхняя часть

77-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Геологиялық зерттеулер негізгі үш бағытта жүргізіледі. Тау жыныстарының, минералдардың, қазба байлықтардың жер бетінде орналасуына сипаттама беру, картаға түсіру мәселелерімен сипаттама геология шұғылданады. Жер бетіндегі және оның қозғалыс процестерін динамикалық геология зерттейді. Бұл процестерге өзен, теңіз, мұхит суы, жер сілкіну, тау жыныстарының үгілуі т.б. сияқты құбылыстар жатады. Жер қыртысының жарылуын, геологиялық даму сатыларын олардың жер қыртысы жарала бастағаннан бергі өзгеру, даму заңдылықтарын тарихи геология зерттейді.

78-тапсырма.Терминдерге берілген түсініктемелерді есте сақтаңыздар.

Табиғи ашылымдар дегеніміз таужыныстарының жер бетіне шыққан жерлері.

Жасанды ашылымдар дегеніміз кен үңгімелері ор, шруф, карьер, шахта, бұрғылау ұңғымалары, т.б.

Жердің ішкі қабығына – жер қыртысы, мантия мен ядро;

Жердің сыртқы қабықтарына – атмосфера, гидросфера мен биосфера жатады.

Жердің қатты қабығы – литосфера

Сыртқы экзогендік, Ішкі эндогендік

Әдістемелік ұсыныс:Геологияның зерттеу нысандары мен процестері жөнінде алған мәліметтерді есте сақтап, баяндап беру.

Әдебиет:Нег.: 1[87-95]; Қос.: 23[77-89]

Бақылау сұрақтары:

1. Геологияның зерттейтін нысандарын атаңыз?

2. Геологиялық процестер қаншаға бөлінеді?