Компания 3 страница

18-тапсырма. Берілген сөздердің сыңарын сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

топографиялық түсірім

ұсақ сарапталады

геологиялық құжаттар

тыңғылықты масштабты

толық зерттеу

далалық өңдеу

болжау ерекшеліктері

жұмыс жасау

байқау аспап

геодезиялық нүктелері

 

19-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңіздер.

Кім болғым келеді?

Тау мен тасты қопарар Ұлағатты атанған

Кенші болғым келеді. Ұстаз болғым келеді.

Достық сәлем апарар Алар озып бәйгені

Елші болғым келеді. Малшы болғым келеді.

 

Темір жонар екпінді, Жеткен жыры ғаламға

Токарь болғым келеді. Ақын болғым келеді.

Жолда өткізер көр күнді Ғарышқа ұшқан ағамдай

Шофер болғым келеді. Көкке жеткім келеді.

Елім үшін аянбай

Еңбек еткім келеді.

М. Құрманалин

20-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Жер қыртысының ..... қабаттарының геологиялық ..... жасау үшін жүргізілетін геологиялық ..... геофизикалық, геохимиялық тәсілдер қолданылады. Дала жұмыстары кезінде ...... геологиялық материалдар одан әрі нақтыланады. Геологиялық ғылыми-зерттеу ...... атқару барысында геологиялық байқаулар ...... білудің маңызы өте зор. Тау жыныстарының ... анықтауға және әртүрлі органикалық ..... түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Геологиялық ..... кезінде жиналған ..... ғылыми болжамның ..... болып қалыптасады.

Тірек сөздер:түсірімдерде, жүргізе, жинақталған, негізі, картасын, қалдықтардың, жұмыстарын, байқаулар, деректер, өте қалың, құрамын,

21-тапсырма. Геолог мамандығын несімен бағалар едіңіздер? Сұрақ төңірегінде өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

22-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелерді қазақша баламасымен салыстыра оқып, сөздік жасап, есте сақтаңыздар.

Игерулік барлау – кенді ұқсату кезінде жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының сатысы. Иірімдердің құрылысы, таралу мөлшері, ішкі құрылысы, мұнайдың, газдың құрамы, физика-химиялық қасиеттері жөнінде нақты барлау кезінде алынған деректерді дәлелдейді.

Эксплуатационная разведка – стадия геолого-разведочных работ, проводимых в процессе разработки месторождения. Уточняет полученные при детальной разведке данные о строении, контурах распространения, внутреннем строении залежей, состава, физико-химических свойсвах нефти, газа.

Әдістемелік ұсыныс:Геологиялық түсірім жұмыстары жөнінде қосымша толық мәлімет беру. Кәсіпті меңгеру мақсатында қызығушылықтарын арттыру.

Әдебиет: Нег.: 2[11-31]; Қос.: 19[15-28]

Бақылау сұрақтары:

1. Геологиялық түсірім жұмыстары қандай кезеңдерге бөлінеді?

2. Масштабына қарай геологиялық түсірімдер қалай анықталады?

3. Жұмыс ерекшеліктеріне қарай қандай геологиялық түсірімдер жасалынады?

2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

23-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, өздеріңіз оқитын институт туралы мәліметті меңгеріңіздер.

Геология және мұнай-газ ісі институты

* * * * *

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Институт 2003 жылы геологиялық-барлау факультетінің негізінде геологиялық барлау институты болып құрылып, 2011жылы Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ ісі институты болып қайта жасақталды. 2006 жылы институтқа белгілі геолог-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың аты берілді.

Институтта 9 академик, 36 ғылым докторы, профессор, 91 ғылым кандидаты, PhD докторлары қызмет етеді.

Институттың материалдық-техникалық базасы өте бай. Бай қоры бар геологиялық мұражай, оқу-зертханалық кешен, 45 кафедралық арнайы зертхана, 17 компьютерлік сынып, 5 оқу-зерттеу орталығы, 3 оқу полигоны бар.

Институт келесі мамандық салалары бойынша жоғарғы дәрежелі мамандар даярлайды: «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау»; «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы». Сондай-ақ магистратура және докторантура мынадай оқыту бағдарламалары бойынша өткізіледі: «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау», «мұнай-газ ісі», «органикалық заттардың химиялық технологиясы», «мұнай химиясы», «пайдалы қазба кенорындарын іздеудің геофизикалық әдістері».

Институтта гидрогеология және инженерлік геология; пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау; ұңғымаларды бұрғылаудың технологиялары және техникасы; геофизика; мұнай және газ геологиясы; мұнай және газ кенорындарын игеру; мұнай және газ өндіру мен дайындау процестерін пайдалану және қызмет көрсету; мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары; газмұнай құбырларын жобалау, салу және пайдалану; мұнай және газды қайта өңдеудің химиялық технологиялары кафедралары бар.

Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану мамандығы бойынша мұнайшы тау-кен инженерлері өнеркәсіптің әртүрлі салаларында жұмыс істей алады. Олар: құрылықтағы және теңіздегі мұнай, газ газоконденсатты кен орындарын игеру үрдісін жоспарлау және бақылау, кеніш басында мұнай, газ, конденсатты дайындау жұмыстары.

Институт студенттері арнайы далалық тәжірибені Қаратау, Қапшағай полигондарында өтеді. Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден Қазақстанның әр аймағындағы жетекші мемлекеттік және жеке меншіктегі геологиялық барлау және мұнай-газ компанияларында өтеді. Институттағы білім беру ісі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тығыз байланысты. Студенттердің ақылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндігі бар.

24-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

геологиялық барлау – геологическая разведка

жасақталу – преобразовывать

қоғам қайраткері – общественный деятель

материалдық-техникалық – материально-техническая

далалық тәжірибе – внеучебная практика

аймақ – округ, регион

жеке меншіктік – частная собственность

тығыз байланысты – тесно связано

оқу-зерттеу орталығы – учебно-исследовательский центр

25-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Мұнай-газ ..... кәсіпорындары, ..... мен газды өндіру, оларды жинау және ..... жұмыстарын жүргізетін өте күрделі кешен болып табылады. Сондықтан мұнайшы ..... өте жоғары ..... және инженерлік дайындықтары болуы керек. Олар жер қыртысындағы ..... қозғалыс үрдісін басқара біліп, оларды бүгінгі күнгі ..... технология, автоматтандырылған ..... мен электрондық ..... техниканың көмегімен мұнай және газ ...... жер бетіне көтерудің ..... білуі тиіс.

Тірек сөздер:ғылыми, мамандардың, сұйықтардың, дайындау, мұнай, өндіру, тәсілдерін, озық, жабдықтар, өнімдерін, есептегіш.

26-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, мазмұнын түсіндіріңіздер.

КазНТУ готовит специалистов для горно-металлургической, нефтяной и геологической, машиностроительной и химической промышленности, по информационным технологиям, а также по экономическим специальностям.

На территории республики установлено более двухсот месторождений нефти и газа, большая часть из которых уже вовлечена в разработку. Международную известность получили такие месторождения – гиганты как Тенгиз, Карачаганак, Узень. Большие перспективы развития нефтяной и газовой промышленности связаны с разработкой месторождений на море, первые из которых вступят в строй уже в ближайшие годы.

27-тапсырма. Төменде берілген мамандықтардың салалары жөнінде өз тараптарыңыздан мәлімет беріңіздер.

«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы».

28-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер.

1. Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі. (Абай) 2. Оқымаған маманның ойы шабан. 3. Сүйіп істеген іс шаршатпайды. 4. Жаның сүйген еңбегің жан рахаты. 5. Игілік кілті – еңбекте.

29-тапсырма. «Мамандығым-мұнайшы», «Геолог болғым келеді» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс:Институт туралы мәліметті есте сақтау.

Әдебиет:Нег.: 12[34-41; Қос.: 26[30-35]

Бақылау сұрақтары:

1. Институт қай жылы құрылды?

2. Қаратай Тұрысовтың Геология және мұнай-газ ісі институтымен

байланысы?

3. Институт қандай мамандар даярлайды?

4. Қандай бағдарламалар бойынша жұмыс істейді?

2-апта. 5-тәжірибелік сабақ

30-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, алған мәліметтеріңізді мазмұндаңыздар.

Қаратай Тұрысовтың өмір жолы

Қоғам қайраткері, халқымыздың ардақты ұлдарының бірі - Қаратай Тұрысов 1934 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы «Жасөркен» ауылында туған. Мәскеу геологиялық барлау институтын, КПСС Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін, КСРО Халық шаруашылық Академиясын бітірген. Экономика ғылымының докторы, ҚР Инженерлік академиясының академигі. Ол туған халқының мақсат-мүдделері үшін тер төккен абзал аға, асыл азамат. Еңбекхор геолог Қаражал, Саяқ, Жезді, Ұлытау далаларын көп аралаған. Бір қиырдағы Қоңырат, Ақадыр, Аюлы-Ақсау, Кеңгір, Құланның геологиялық-барлау карталарын жасап, геодезиялық есептер шығарған. Оның қайда жұмыс істесе де алдына қойған мақсаты жер асты байлықтарының көзін ашып, өндіргіш күштерге жан бітіру болды.

1955 жылдан бастап аға геолог, геологиялық партияның бастығы, Ақшатау өнеркәсіптік аймағы бойынша партиялық-мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы, Қаражал қалалық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. Сонымен қатар Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы, Мемлекеттік тау-кен жұмыстарындағы қауіпсіздікті сақтандыру комитетінің төрағасы, Қазақ ССР Министрлер Советі төрағасының орынбасары, ҚР Туризм және спорт министрі, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екі рет сайланған депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің екі дүркін депутаты болған.

Еңбектегі табысы үшін оннан астам медальдармен, екі рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 2001 жылы тәуелсіз Қазақстанның екінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

31-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

ардақты ұлы – почитаемый, уважаемый сын

мақсат-мүдделер – цели, желание

тер төгу – трудиться в поте лица

асыл азамат – благородный гражданин

геологиялық барлау карталары – геолого-разведочные карты

геодезиялық есептер – геодезические расчеты

көзін ашу – просвещать, доводить до сознания

өндіргіш күштер – производительные силы

жан бітіру – оживлятся

қауіпсіздікті сақтандыру – сохранение безопасности

32-тапсырма. Қаратай Тұрысовқа арналған өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыздар.

Сіз көрдіңіз ауыр жолын тағдырдың, Білім, ғылым нұрландырып сананы,

Білім алып қаласында Жамбылдың. Кеудеңізге талай медаль қадалды.

Ұлы едіңіз көп балалы отаудың, Политехты бітірдіңіз жақсы оқып,

Бүгін енді ұлысыз Сіз халқыңның. Жолға түсіп жүректегі қалаулы.

Қаражалдан қанат қағып әріге,

Қиындықтың шыдадыңыз бәріне.

Қазақ халқы айбатты ғып өсірді,

Қажырыңыз таусылмасын әлі де.

33-тапсырма. Инженер геолог немесе мұнайшы мамандығын неге таңдадыңыздар? Шағын мәтін құрастырыңыздар.

34-тапсырма. Торда берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

асыл азамат барлау жер асты байлық сапалы
шаруашылық қажырлы өнеркәсіп геологиялық академик
геолог геодезиялық қауіпсіз еңбектегі табысы хатшы

Әдістемелік ұсыныс:Қайраткердің өмір жолын зейінде сақтау.

Әдебиет:Нег.: 9 [18-19], 26 [18-19]

Бақылау сұрақтары:

1. Қаратай Тұрысов кім?

2. Оның алдына қойған мақсаты қандай еді?

3. Геолог ретінде қандай еңбегін бағалар едіңіз?

4. Қандай лауазымды қызметтер атқарды?

5. Марапаттары жөнінде айтыңыз.

 

2-апта. 6-тәжірибелік сабақ

35-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, институттың халықаралық байланысын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

 

Геология және мұнай-газ ісі институтының

халықаралық байланысы

Геология және мұнай-газ институты әлемнің көптеген елдерімен халықаралық байланыстар орнатқан. Атап айтар болсақ, Колорадо кен мектебімен (АҚШ), Познанидегі Адам Мицкевич атындағы университетпен (Польша), Берлиндегі Гумбольдт университетімен (Германия), Нанси университетімен (Франция), Томск политехникалық университетімен, Серго Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетімен, Ресейдің минералогиялық шикізатты синтездеу ғылыми зерттеу институтымен, Чанъян техникалық университетімен (ҚХР), француздың Vivendi Water компаниясымен және халықаралық геологиялық қауымдастықпен белсенді әріптестік байланыс орнатқан. Көптеген мемлекеттермен ғылым-білім және практикалық сипаттағы қарым-қатынасы бар. «Шел» компаниясымен мамандар даярлау жөнінде келісім-шарт, М.Ю.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік жұқа химиялық технология академиясымен ҚазҰТУ-дың екіжақты келісімшарты жасалған. Конкурс негізінде студенттерге шетел компаниялары шәкіртақы бөліп отырады. Мысалы «Шлюмберже» компаниясы арнайы тестілеуден өткен институттың 15 студентіне ай сайын 100 АҚШ долларын, «Аджип» компаниясы 20 студентке 70 АҚШ долларын, «Шел» компаниясы 4 студенттің оқу төлемін, сонымен қатар әр айда 100 АҚШ долларын шәкіртақы ретінде тағайындайды. Ал білімін жоғарылату үшін керекті оқу құралына 200 АҚШ доллары тағайындалған.

Институтта Темпус желісі бойынша магистрлік, ғылыми-зерттеу бағдарламалары жұмыс істейді.

5В070600 – «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» және 5В070800 – «Мұнай-газ ісі»мамандықтары ASIIN (Германия) аккредитациялық орталығы өткізген халықаралық аккредитациядан сәтті өтті. Ал 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын Ресейдің АИОР агенттігі аккредитациялады.

36-тапсырма. Берілген сұрақтарды пайдаланып досыңызбен пікір алмасыңыздар.

1. Институттың шетелдік әріптестермен байланысынан хабарыңыз бар ма? 2. Шетелдік ғылыми зерттеу институттарында өз біліміңіздің деңгейін көрсете алар ма едіңіз? 3. Олардан тәжірибелік сынақтан өтуге дайынсыз ба? 4. Болашақта шетелдік компанияларда еңбек еткіңіз келе ме?

37-тапсырма. Төменде берілген жоспар бойынша "Кім боламын" тақырыбына мәтін құрастырыңыздар.

1. Мен ұнататын мамандық.

2. Ол мамандықтың ерекшелігі.

3. Ол мамандықты қалау себебім.

4. Сол мамандықта еңбек етіп жүрген ардагерлер.

5. Олардың ел құрметіне бөленуі.

6. Өз мақсатыма жету үшін алдағы жоспарым мен ойларым.

38-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 

 

 


39-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып жазыңыздар.

Геология – наука об истории и развитии земной коры. Месторождение – географическое пространство, содержащее запасы нефти или газа. Нефтяник - бакалавр по разработке и эксплуатации нефтяных и газовых месторождений. Он занимается проектированием и контролем за процессами разработки нефтяных, газовых и газоконденсатных месторождений.

40-тапсырма. «Шетел білім саласындағы қандай жайттарды біздің еліміздің білім саласына енгізгіңіз келеді?» сұрақ төңірегінде өзара пікір алмасыңыздар.

41-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар. Жаңа сөздерді аударма жұмысында пайдаланыңыздар.

халықаралық байланыс – международная связь

синтездеу – синтезировать

қауымдастық – ассоциация

әріптестік байланыс – партнерская связь

практикалық сипаттар – практические свойства

екіжақты келісімшарт – двусторонние соглашение

оқу төлемі – плата за обучение

42-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Мұнайшы

Даланың төсі өрт бүгін! Осылар алып тұлға анық

Дидарын аптап отты күн. Қондырған қолмен қырға құт,

Мұнайшы-батыр көтеріп жатыр иықпен Болатты бұрғы-найзасы сынды

Мұнайлардың шоқтығын! қыпшақтың

Сүңгиді жерге ырғалып.

Достыққа мәңгі шам жағып,

Бас қосты бүгін сан халық,

Мұнайшы мұнда даланың командиріндей

Барады самғап алға нық.

Ф. Оңғарсынова

Әдістемелік ұсыныс:Институттың халықаралық байланысынан хабардар болу.

Әдебиет:Нег.: 12 [364-373]; Қос.: 26[18-21]

Бақылау сұрақтары:

1. Институттың қандай елдермен халықаралық байланыстары бар?

2. Кімдермен қандай мақсатта келісімшарт жасалған?

3. Институт студенттерге қандай жағдай жасап отыр?

4. Шетелдермен байланыстың қаншалықты маңызы бар?

 

3-апта. 7-тәжірибелік сабақ

43-тапсырма. Мәтінді оқып, геологиялық барлау жұмыстары туралы өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

Геологиялық барлау, іздеу

және оның міндеттері

* * * * *

Геологиялық барлаудың дамуы

Минералды шикізаттардың халық шаруашылығындағы және қазіргі замандағы пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеу өте маңызды.

Қазақстан экономикасының және әлеуметтік дамуының қазіргі кезеңінде геология саласына еліміздің минералдық-шикізат базасын нығайту мен ұлғайту үлкен мәселе. Бұл пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың прогрессивтік әдістерін енгізу, кенорындарды болжау мен геофизикалық және геохимиялық зерттеу әдістерін, жер беті мен оның қойнауларын зерделеу үшін аэроғарыштық құралдарды тиімді пайдалану негізінде іске асырылады.

Кен-өндіріс өнеркәсібінде жер қойнауын, табиғатты қорғау мен тиімді пайдалануға қатысты ғылыми-техникалық процесте геологияның мәні айрықша. Геологиялық барлау кенорындар мен кеніштердің қазіргі кен-геологиялық ахуалының ұдайы күрделенуі жағдайларында жер қойнауын барлау мен игерудің проблемаларын нәтижелі шешуге әр түрлі минералды шикізаттардың өнеркәсіптік типтерін анықтайды.

Қазақ даласында кенорындарын барлау мен кен өндіру ісі осыдан 3-4 мың жыл бұрын басталған. Бұл замандарда кенорындардың жер бетіне шыққан жоғарғы бөліктері ғана игеріліп, кен өндіру ашық тәсілмен жүргізілген. Осыған байланысты пайдалы қазбаларды барлау және оны өндіру туралы білімнің даму деңгейі төмен болған. Дегенмен ортағасырлық заманның басында кенорындар туралы алғашқы мәліметтер Ибн-Сина (Авицена), Әл-Бируни және басқа ғалымдардың еңбегінде жинақталып, жазыла бастаған.

Кенорындарын барлау туралы біршама толық мәліметтер орта ғасырларда жиналған. Барлау нәтижесінде жекелеген ұсақ кен өндіруді біршама ірі, тұрақты кен өндіретін кеніштер алмастырған. Кен өндіріп, металл қорыту жұмыстары Батыс және Орталық Еуропада, кейінірек-Оралда, Алтай мен Сібірде қарыштап дами бастады. Кенорындар мен кен ісі туралы алғашқы ірі ғылыми қорытындылаулар Агрикола (Георл Бауэр) мен Рене Декарт еңбектерінде келтіріледі.

44-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы, түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

1. Геологиялық барлау жұмыстарының алдында қандай мәселе тұр? 2.

Пайдалы қазба кенорындарын іздеу маңызды ма? 3. Ғылыми-техникалық процесте геологияның рөлі қандай? 4. Қазақ даласында кен өндіру қандай тәсілдермен жүргізілген? 5. Кен өндіру қазақ даласында қашан басталған? 6. Кенорындар туралы алғашқы мәліметтерді қай ғалымдардың еңбектерінен көруге болады?

45-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарларын сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. пайдалы 2. толық 3. ашық 4. кен 5. жоғарғы 6. геология 7. геохимиялық 8. табиғатты □ мәлімет □ бөліктер □ өндіруші □ қазбалар □ тәсіл □ зерттеу □ қорғау □ саласы

46-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастыңыздар.

1. қазбаларды, мен, прогрессивтік , енгізу, болжау мен геофизикалық және, зерттеу әдістерін, пайдалану, Пайдалы, іздеу, барлаудың, әдістерін, кенорындарды, геохимиялық, тиімді, қажет, 2. мен оның, зерделеу үшін аэроғарыштық, пайдалану, іске асырылады, Ондай жағдай, жер беті, қойнауларын, құралдарды, негізінде, тиімді, 3. өнеркәсібінде, табиғатты, мен тиімді, маңызы, Кен-өндіріс, жер қойнауын, қорғау, пайдаланудың, зор, 4. мен, жер қойнауын, проблемаларын, шешуге, шикізаттардың өнеркәсіптік, қажет, Геология, кенорындары, кеніштердің, игерудің, нәтижелі, әр түрлі, минералды, типтерін, анықтауы.

47-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударып, есте сақтаңыздар.

 
 

 

 


48-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.