A) сынадан пайда болады
$$$ 399
Интерференция кезінде көлбеулігі бірдей жолақтар …
B) қалыңдығы бірдей қабыршықтан пайда болады
$$$ 400
Шағылған жарықтағы 4-ші күңгірт Ньютон сақинасының радиусы 2 мм. Егер линзаның қисықтық радиусы 1 м болса, жарықтың толқын ұзындығы неге тең?
E) 1 мкм
$$$ 401
Саңылаулардан экранға дейінгі қашықтық 3 м, саңылаулардың арақашықтығы 1 мм, ал жарық толқынының ұзындығы 500 нм болса, Юнг тәжірибесіндегі интерференциялық жолақтың ені неге тең?
B) 1,5 мм
$$$ 402
Линзаның қисықтық радиусы 1 м, ал жарық толқынының ұзындығы 1 мкм болса, шағылған жарықтағы 4-ші күңгірт Ньютон сақинасының радиусы неге тең?
D) 2 мм
$$$ 403
Жарық толқынының ұзындығы 500 нм, саңылаулардың арақашықтығы 1 мм, ал интерференциялық жолақтың ені 1,5 мм болса, Юнг тәжірибесіндегі саңылаулардан экранға дейінгі қашықтық неге тең?
B) 3 м
$$$ 404
Саңылаулардан экранға дейінгі қашықтық 3 м, саңылаулардың арақашықтығы 1 мм, ал интерференциялық жолақтың ені 1,5 мм болса, Юнг тәжірибесіндегі жарық толқынының ұзындығы неге тең?
D) 500 нм
$$$ 405
Саңылаулардан экранға дейінгі қашықтық 3 м, жарық толқынының ұзындығы 500 нм, ал интерференциялық жолақтың ені 1,5 мм болса, Юнг тәжірибесіндегі саңылаулардың арақашықтығы неге тең?
A) 1 мм
$$$ 406
Ньютон сақиналарының шағылған жарықтағы m-ші және 1-ші күңгірт радиустарының қатынасы 4-ке тең. m-ші сақинаның нөмірі қандай?
D) 16
$$$ 407
Фазалық жылдамдық дегеніміз:
Е) Толқын фазасының таралу жылдамдығы
$$$ 408
Лоренцтің теориясы бойынша дисперсия пайда болады:
С) Электромагниттік толқындардың оптикалық электрондармен әсерлесуі нәтижесінде
$$$ 409
Толқындардың интерференциясының шарты қандай?
А) Толқындар когерентті болу керек
$$$ 410
Қандай толқындар когерентті деп аталынады?
В) Жиіліктері және фазалар айырымы тұрақты болса
$$$ 411
Когеренттілік дегеніміз не?
D) Толқындардың жиіліктері бірдей және фазалар айырымы уақыт бойынша тұрақты толқындардың тербелісі
$$$ 412
Бірдей көлбеулік жолақтары дегеніміз не?
B) Жазық параллель пластинадан пайда болатын интерференция
$$$ 413
Магниттік кванттық сан нені сипаттайды?
E) Берілген бағытқа электронның импульс моментінің проекциясын
$$$ 414
Көршілес үш Френель зонасының қорытқы амплитудасы қандай болады?
В)
$$$ 415
Интерференцияның максимумы қандай жағдайда байқалады?
С) Когерентті толқындардың фазалары бірдей нүктелерде
$$$ 416
Толқындар когерентті деп аталады, егер:
С) Олар бірдей жиілік пен тұрақты фазалар айырмасына ие болса
$$$ 417
Зоналық теория бойынша қатты дене мына жағдайда шала өткізгіш бола алады:
Е) Рұқсат етілмеген зонаның ені шамамен 0,1 эВ
$$$ 418
Интерференция құбылысының минимум шарты өрнегін көрсетіңіз.
С) ∆= (2m+1)
$$$ 419
Нүктелік жарық көзі 5м қашықтықта максимал 8лк жарықтандырады. Жарық күшін табыңыз.