Репарация механизмі
Репарация – тірі ағзалардың мутагендік факторлар әрекетіне байланысты ДНК молекуласында пайда болған бұзылуларды қайта қалпына келтіру қасиеті. Репарация құбылысы тек ДНК құрылысындағы мутациялық бұзылуларды жөндеуде емес, сонымен қатар тұқым қуалайтын аурулардың қалыптасуында, ерте қартаю процесінде, жасушалардың ісіктік трансформациясында (канцерогенез) т.б. маңызды рөл атқарады.
Жалпы, мутациялық өзгергіштік гендер мен хромосомалардағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасады да, генетикалық материалдың геномдық, хромосомалық және гендік (ДНК молекуласы) деңгейлеріндегі кез келген сандық және құрылыстық бұзылуларға әкеледі. Осыған байланысты, яғни бұзылуларды қайта қалпына келтіру үшін ДНК репарациясы жұмыс істейді. Қазіргі өзіндік жұмысымда репарацияның түрлерімен және оған жауапты ферменттердің кемістігінен болатын ауруларды атап, олар туралы мәлімет бере кетпекпін.
Биосинтез кезінде және химиялық немесе физикалық агенттер әсерінен өзгеріске ұшыраған Днқ молекуласының құрлымының қалпына келу процессі репарация деп аталады. Латынша “ reparatio” - түзелу, қалпына келу деген мағынаны береді.
Репарация бір жасушалыларда, өсімдік жасушаларында және жануарларда тірі қалу деңгейн көтеріп, аберациямен гендік мутацияларды төмендетеді.
Репарация ерекше ферметтер арқылы жүзеге асады.
Днқ молекуласын зақымдайтын агенттер 3-ке бөлінеді:
1.Физикалық
2. Химиялық
3.Биологиялық
№ 30 емтихан билеті
1.Белок биосинтезінің кезеңдеріне сипаттама.
Трансляция кезінде амино-ацил-т-РНҚ қатысады, ал бос аминқышқылдар қатыспайды. Осы комплекстің пайда болуы аминқышқылдардың реакциялық қабылетін жоғарылатады және аминқышқылдар өзінің антикодонымен кездеседі.
Рибосомада 2 орталық немесе бөлік бар.
1. Амино-ацильді (А-бөлік) бөлікте – аминқышқылын алып жүретін, амино-ацилді т-РНҚ орналасады.
2. Пептидильді (П-бөлік) бөлікте– пептидті байланыспен қосылған аминқышқылды тізбегімен т-РНҚ орналасады.
Рибосомада әрқашан 30 нуклеотидтер болады, бірақ тек қана екі т-РНҚ, м-РНҚ-ның жақын орналасқан екі кодонымен әрекеттеседі. Ақпаратты аминқышқылдар тіліне трансляциялау, м-РНҚ-да жасалған ақпараттарға сәйкес пептидті тізбектердің біртіндеп өсуінен тұрады.
Трансляциялау кезеңі 3 фазадан тұрады:
1. Инициация
2. Элонгация
3. Синтездің терминациясы