Коммуникацияны жетілдіру 7 страница

Басшыда өз ісін жете білу, ұйымдастырушылық және педагогикалық ерекшеліктер, талап етушілігі, принципшілдігі, адамдарға көңіл аудара білушілігі, ынталылығы, сенімділігі т.б. қасиеттерінің болуы ұжымды ойдағыдай басқаурына ықпал етеді.

 

2. Ресми және бейресми топтар

Ресми топ (құрылым) басшының өз еркімен құрылады. Бұл жөнінде алдыңғы тарауларда толығырақ баяндалған болатын.

Адамдардың өзара әрекет қылуы басшының жарлығымен болмайды. Бейресми топтардың (құрылымдардың) пайда болуы да басшының бұйрығымен құрылмайды. Мұндай бейресми топтармен басшының санасуына тура келеді. Өйткені, олар жеке адамдарға жеке қызметшілердің жұмыстығы жүріс-тұрысына күшті ықпал етеді.

Кез келген ұжымда адамдардың қарым-қатынас жасауы, ортақ мүддені ойластыру, бір-біріне құрмет көрсетіу немесе бірін бірі сынап-мінеуі табиғи нәрсе, әрі мұның өзі ешбір ережеде, нұсқауда көрсетілмейді.

Бейресми қарым-қатынас – бұл бірін бірі құрметтеуден, ортақ мүддені, сыйластықтан туындайтын достық, бауырластық байланыс. Мұндай қарым-қатынас адамдардың өзіне қажетті болғандықтан пайда болды және де оның өзі жұмыс бабына, ұжымдағы психологиялық ахуалға ықпал етеді.

Басшы шешім қабылдарды ұжымдағы осындай бейресми құрыммен санасуына, ақылдасып кеңесуіне тура келеді. Басшы мен бейресми топ арасындағы қарым-қатынас неғұрлым алшақтаған сайын, ұжымдағы байланыс соғұрлым күрделене, шиеленісе түседі.

Жүргізілген зерттеулерде ұжымның түсінушіге, топтасқандығы, ауызбіршілігі бейресми және ресми құрылымдардың ынтымақсатық дәрежесіне байланысты екендігі анықталған. Және де аынтымақтастық дәрежесі неғұрлым жоғары болса, ұжым соғұрлым табысқа жетеді. Мәселен, адамдардың жұмыс орнын операцияларды бірлесіп істеуге тілек білдіруіне қарай орналастырудың өзі ғана еңбек өнімділігін 10-12%-дай арттырады екен.

Ұжымның бейресми құрылымына адамдар арасындағы қарым-қатынасты айқындауда, ұжымда болып жатқан жайттарға терең үңілуде социометриялық зерттеулер (социометрияның негізіні қалаған американдық ғалым Дж. Морено) едәуір көмек береді. Социометрияның түсінігі: «социо» - жолдас, «метрия» - өлшеу.

Құрам дегеніміз жеке адамдардың проблема шешудегі пікірлері мен көзқарасының үйлесімділігі. Зерттеулердің көрсеткендей, топ қабылдаған топтық норма жеке адамдардың бағыт-бағдарына және ұйымның мақсатқа жетуіне ерекше зор ықпал етеді.

Топтық норманың жіктелуі: 1)ұйым үшін мақтаныш сезімі; 2) мақсатқа жету; 3) табыстылық; 4) ұжымдық еңбек; 5) жоспарлау; 6) тапсырушылармен қарым-қатынас; 7) адалдықты қорғау.

Топтың ұйымшылдығы – топ мүшелерінің бір біріне көңіл бөлуі. Ұйымдағы ұйымшыл топ жақсы жұмыс істейді, әрі мүның өзі бүкіл ұйымның тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Топтық пікірлестік – жеке адамдардың көзқарасы, ойы бір жерден шығатын, ниеттес, көңілдес болуы, топ бірлігін, ұйымшылдығын, ауызбірлігін жақтауы.

Топтағы іс әрекеттің мынадай түрлері болды:

- Мақсатты рөлі, мәлімет іздестіру, пікір жинау, мәліметті алу, пікір айту, талқылау, үйлестіру, сүйемелдеуші роль, көтермелеу, қатысуды қамтамасыз ету, өлшемдерді белгілеу, орындаушылық, сезімін білдіру.

Сонымен, ең тиімді топқа жататыны – көлемі міндетіне сай келетін, құрамында мінез-құлқы бір-біріне сай келетін алуан түрлі адамдар болатын, оларға белгіленген норма ұйым мақсатына жетуге, әрі ұйымшылдыққа шақыруға ықпал ететін, ынтымақтасып жұмыс істейтін, мақсаттық, сондай-ақсүйемелдеуші рольдер жақсы орындалатын топтар жатады.

Қорытынды

Топтың ұйымшылдығы – топ мүшелерінің бір біріне көңіл бөлуі. Ұйымдағы ұйымшыл топ жақсы жұмыс істейді, әрі мүның өзі бүкіл ұйымның тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Топтық пікірлестік – жеке адамдардың көзқарасы, ойы бір жерден шығатын, ниеттес, көңілдес болуы, топ бірлігін, ұйымшылдығын, ауызбірлігін жақтауы.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Әдістемелік нұсқау ретінде басқаруды ғылыми негізде қарастыра отырып, ондағы адам қызметі маңыздылығын анықтау. Адам қызметі қағидалары мен түрлерінің ерекшеліктерін нақтылап, оның тәжірибе жүзінде қолданылуын игеру керек.

 

Әдебиеттер

1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.1996

 

15- тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі

Мақсат: басқару стильдерін талдап, тиімдісін таңдау

1.Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары

2.Стиль түрлері және олардың сипаттамалары

 

1.Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары

Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердң, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі-бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қабылдауға болмайды.

Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:

- Іс-әрекет сипаты;

- Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

- Психологиялық қасиеті;

- Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

  1. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары

Мемлекеттік басқарудың негізі болып адамның рөлі, орны және қоғамның басқарудың объектісі ретінде болуы есептеледі.

Демократиялық басқарудың негізі – адам үшін күнделікті қызметі, жұмысы кәдімгі жағдай болып,

оның өзін-өзі ұстауға қабілетті болуы және жауапкершілікті мойындауы болып табылады. Сондықтан, сыртқы қадағалау мақсатқа жетудің бірден-бір жолы болып есептелмейді. Басқарудың мұндай стильі өкілеттікті дегалиттеуді қарастырады. Демократиялық басқару мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады: адам – қоғам – мемлекет. Ұлттың прерогативасы мемлекеттен кең және азаматтық, қоғамның өзін-өзі басқарудың институтын енгізеді. Демократиялық басқару қандай да мемлекеттік құрылымда болуы мүмкін. Мысалы, Англияның монархиялық жүйесі демократиялық институттардың болуына кедергі жасамайды. Ал Жапонияда монархия демократия мен коллективизм үйлестірілген. Демократия заңдарды қабылдаумен, Конституция жазылуымен бекітілмейді. Мемлекетпен демократиялығын молшылық деңгейімен, биліктің басынушылықпен күресуінен, шенеуніктер коррупциясы мен қылмысты көруге болады.

Авторитарлық басқару негізі – адам еңбек еткісі келмей, жауапкершіліктен қашып, атаққұмар, басқаға өзін басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, еңбек нәтижелілігін көтеру үшін оны зорлап бақылау қажет. Авторитарлық басқаруда жауапкершілік пен бақылау биліктің жоғарғы деңгейіне шоғырландырылған, көшбасшы жеке билікті имеденеді. Ал қызметкерлер оның жарлықтарын орындаумен айналысады. Басқарудың демократиялық стилі анархизмге, ал авторитарлық – тоталиторизмге негізделген.

Анархиялық басқаруда әртүрлі жағдайларға, заң мен факторларға ешкім араласпайды. Ал тоталитаризм кезінде қоғамның барлық салаларын мемлекет толық қадағалайды.

Халық керекті және орынды мемлекеттік құрылымды таңдайды. Ол адамдарға молшылық әкеліп, экономиканың нәтижелілігін және әділетті бөлуді қамтамасыз еткенге дейін белгілі мерзімге таңдалады. Мемлекеттік жүйеге ең алдымен, халық кедейшілігі, әлеуметтік және т.б. Құлдыраулар қауіп төндіреді.

Орталық биліктің мемлекет құрамына кіретін әкімшілік, ұлттық бірліктермен қарым-қатынас сипатына қарай мемлекеттік басқару жүйесі координациялық және субординациялық болуы мүмкін.

Координациялық басқару федерация және конфедерация түрінде жүзеге асырылады. Федерацияда мемлекеттік биліктің бірыңғай органы бар, ал конфедерацияда жоқ. Федерация мүшелерінің өздерінің конституциялары, заң шығарушылық, орындаушылық және сот органдары болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірыңғай федеративті органдары құрылады. Жалпы азаматтық, ақша бірлігі орнатылады.

Конфедерация құрған мемлекеттер толық тәуелсіздікті сақтап, өзінің мемлекеттік билік пен басқару органдарының иеленеді. Белгілі мақсаттағы әрекеттерді сәйкестендіру үшін (жоғарғы саяси, әскери және т.б.) мемлекеттер бірлескен органдар құрады.

Субординациялық басқару қатал әкімшілік бағынуға бұйрықтарды орындауға мәжбүрлеуге негізделген. Субординациялық биліктің мысалы ретінде КСРО-ның мемлекеттік жүйесі бола алады, онда билік республикалардың облыстардың партиялық комитеттеріне бағынады және орталық комитеттің бұйрықтарымен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып саналады.

Қорытынды

Басшының стилі - бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қабылдауға болмайды.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Басқару стилінің мәнін ашу үшін басқару әдістерінің классификациясына ерекше көңіл бөлу керек. Берілген дәрісті оқу үшін міндетті түрде басқарудың әлеуметтік - экономикалық аспектілерінің негізгі бөлімдерін талдап, білу қажет.

Әдебиеттер

  1. Анафияева Ж. Менеджмент. ОӘК, Астана, 2008 ж.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

 

 

8. ПӘННІҢ ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

Оқу-әдістемелік кешенде студенттің курс бойынша материалдарды игеруі үшін қажетті материалдар толық қамтылған. Өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін әдебиеттер тізімі де ұсынылған. Курс бойынша жақсы балл алу күнделікті сабаққа қатысымынсыз мүмкін емес. Сондықтан студенттер сабақ кезінде сабаққа белсенді қатысуға қызығушылық білдіруі керек. Себебі, қорытынды бағаны көтеру үшін белгілі бір пайыз көлемін иеленеді. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін дайындықпен келуі керек. Сонымен бірге студент сабақ барысында қажетті ақпараттарды ала алады. Аралық бақылауды және қорытынды емтиханды кешігіп тапсыруға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Студенттің білімі практикалық және СОӨЖ, СӨЖ сабақтарында бағаланады.

Практикалық сабақта студенттер дәріс сабақғында алған білімдерін қаншалықты терең түсінгендігін дәлелдейді және қосымша материалдар бойынша сабақ айтады. Уақыт шектеулігіне, студенттер санының көптігіне байланысты сабақта тақырып бойынша тест тапсырмаларына жауап беруге болады.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша талқылауға арналған сұрақтар, мәнжазба және баяндамаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.

Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.

Мәнжазба – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.

Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:

1) Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;

2) Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;

3) Мәнжазба жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;

4) Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.

Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:

- кіріспеден;

- негізгі мәтіннен;

- қорытындыдан;

- пайдаланылған әдебиеттен.

Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:

- тақырып таңдау;

- әдебиет таңдау және оқу;

- мәнжазба жоспарын құру;

- нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;

- мәнжазба жазу;

- мәнжазбаны қорғау.

Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.

Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.

Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:

1) титулдық бет;

2) жұмыс жоспары мен атауы;

3) кіріспе;

4) негізгі мәтін;

5) қорытынды;

6) әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.

Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Мәнжазбаның беттері нөмірленуі керек.

Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғылыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.

СӨЖ тапсырмалары студенттің өз бетімен орындайтын келесідей тапсырмаларды қамтиды: өз бетімен қосымша ізденуге мүмкіндік беретін сұрақтар тізімі, практикалық немесе СОӨЖ сабақтарында орындалатын әр тақырып бойынша қысқаша тест тапсырмалары, аралық бақылау тапсырмалары (коллоквиум сұрақтары, тест тапсырмалары) және емтихан сұрақтары.

Тест тапсырмалары практикалық немесе СОӨЖ сабақтары барысында студенттің тақырыпты меңгергендігін бағалау үшін қажет. Мұндай тест тапсырмалары уй тапсырмасын сұрауда уақыттың шектеулігіне қарамастан студенттердің барлығын бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттің білімін бағалау мақсатында екі аралық бақылау ұйымдастырылады. 1-шісі 7 аптада, 2-шісі 15 аптада. Курс бойынша аралық бақылау аясында студент ауызша нысанда коллоквиум немесе жазбаша нысанда тест сұрақтарына жауап беруі қажет.

Коллоквиум тапсыру студенттердің ауызша жауап беруге және пәннің негізгі ұғымдарын терең түсінуге дағдыландырады және семестр бойына 2 рет жүргізіледі. Коллоквиумға дайындалғанда сұрақтың мазмұнына байланысты дәріс материалдарын, сонымен қатар негізгі және қосымша әдебиетті пайдалануы керек.

9. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР және СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

9.1 ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

Әдістемелік нұсқаулар: 1-15 тақырыптарды қарастыру кезінде әкімшілік басқаруда қолданылатын негізгі көрсеткіштерді анықтаудың басты анықтамалары, мақсаттары, міндеттері мен формаларына назар аударған жөн.

 

1- тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары

1.Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

2.Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты

3.Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

 

Сұрақтар:

- басқарудың негізгі түсініктері;

- басқарудың анықтамасы;

- менеджменттің анықтамасы.

Тапсырма:Кез-келген ұйымды алып, оның мақсаттарын жазып, көрсетіңіз. Мақсаттарды жазу барысында оларды біріншілік және екіншілік кезектегі мақсаттарға бөліңіз.

Әдебиеттер:

1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

2 - Тақырып - Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

Сұрақтар:

5.Жүйенің жалпы теориясы

6. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі

7. Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті

8. Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары

Әдебиеттер:

1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

3- тақырып . Менеджмент эволюциясы

1.Басқарушылық ойдың эволюциясы

2.Менеджменттің қазіргі концепциялары

Сұрақтар:

- басқарудың негізгі түсініктері;

- басқарудың анықтамасы;

- менеджменттің анықтамасы.

Тапсырма:

1. Мына тақырыптарға реферат жазыңыз «Басқарудың діни-коммерциялық революциясы», «Өндірісті құрлыстық революция», «Г.Фордтың өндірістік принціптері».

2. Келесі тақырыптарға баяндама жазыңыз «Маккиавели теориясы», «Г. Эмерсонның өндірістік принциптері», «Г. Ганттың жоспарлау графигі», «А. Файольдің әкімшілік принциптері».

Әдістемелік нұсқау: бұл сұрақтарды орындау барысында тәжірибеңізбен талдаулық мәліметтерді қолданыңыз.

 

Әдебиеттер:

1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

4 - Тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері

1 Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты.

2 Мақсат түсінігі мен оның классифкациясы

3 Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері.

 

Сұрақтар:

- ұйымның түсінігі;

- ұйымның классификациясы;

- мақсат түсінігі.

Тапсырма:

«Менеджер қызметінің жүйесі», «Дж. Вудворд жүйесі» тақырыптарына рефераттар жазыңыз.

Әдістемелік нұсқау: бұл берілген сұрақтар бойынша өзіңіздің жеке тәжірибеңізді және сараптамалық біліктілігіңізді қолданыңыз.

Әдебиеттер:

1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.