Коммуникацияны жетілдіру 2 страница

Таңдау критерийлерін анықтау. Мәселенің шешу жолдарын құрастырмас бұрын, басқарушы ең жақсы шешіммен салыстырылатын көрсеткіштерді анықтап алуы қажет. Ол көрсеткіштерді таңдау критерийлері деп атаймыз.

Баламаларды құру. Мәселені шешу кезінде барлық баламаларды қарастырсақ қана оптималды шешімге келе аламыз.

Бірақ басқарушы барлық баламаларды ескеріп, бағалап жатуына толық қандай білімі және уақыты жеткіліксіз.

Сондықтан менджерлер қолайлы шешімді тауып мәселені шешуге тырысады.

Баламаны таңдау. Мәселені шешудің барлық амалдарын қарастырып болған соң, оларды бағалап, жетістіктері мен кемшіліктерін салыстырып, мүмкін болатын нәтижелерін талдау қажет.

Басқарушы мәселені шешудің жолдарын қарыстару барысында салыстырмалы көлемдердің болжамды бағаларымен жұмыс жасайды., олар әрқашан ықтималды болады. Сондықтан әрқашан тәуекелділік кіру керек, яғни әр баламаның орындалуы мүмкіндігін айқындау қажет.

Шешімнің кесімділігі. Қазіргі басқару жүйелерінде еңбек бөлінісінің нәтижесінде шешімді дайындайтын ұйымның бір жұмысшылары ал қабылдаушы және бекітуші – басқалары болып қалыптасты, ал орындаушылар мүлде басқалары, яғни басқарушы өзі қарастырылмаған дайындаоған шешімді бекітеді, шешімді дайындалған, талдаған мамандар оның жүзеге асырылуына қатыспайды, ал орындаушылар шешімдерді дайындауға, талқалуға қатыспайды. Сондықтан шешімді қабылдау негізінде келісушілік кіруі болады. Шешімдердің келіспеушілігінің ең жақсы әдісі – жұмысшыларды шешімді қабылдау жұмыстарына тарту. Кейде шешімді келісіп қабылдау тиімсіз, мүмкін емес кезеңдер болады, мұндайда шешімді менджер өзі ғана қабылдайды.

Жүзеге асыруды басқару. Мәселені шешу процесі балама жолдарда таңдаушымен шектелмейді: шыңайы нәтиже алу үшін қабылданған шешім жүзеге асырылуы керек. Сәтті жүзеге асыру үшін шаралар шешімін, ресурстарды анықтап, оны орындаушыларға мерзімі бойынша болу керек. Егер шешімдер өте маңызды болса, оларды жүзеге асырудың арнайы бағдарламалары жасалады.

Нәтижелерді бағалау және бақылау.

Шешім іске қосылған соң да, оны толығмен аяқталды деп есептемейміз, себебі ол өзіне-өзі анықтайтындығына көз жеткізуіміз қажет. Оны бақылау арқылы жүзеге асырамыз, бақылау – кері байланыс қызметін атқарады. Бұл кезеңде шешім нәтижелеріне бақылау, өлшеу жасалады.

Шешімдер уақытша болатынын бақылаудың негізгі мақсаты – шешімнің нәтижелігінің шешілмелі кезеңін уақтылы анықтау, осы өңдеп, қажет болса басқа шешім қабылдау. Бұл кезең шешім қабылдау тәжірибесінде бастама болып саналады.

Басқаруышылқ шешімдердің бақылау мәселесі өзекті болып табылады, әсіресе, ірі ұйымдар үшін. Әр түрлі тиімді, саналы шешімдер қабылдап, бірақ оларды жүзеге асыруды бақылайтын тиімді ұйымдастырылған жүйе болмаса, олар құжат дайылдау ісінің шеңберінде қалады да, тиісті нәтиже бермейді.

 

Қорытынды

Сонымен басқару шешімін қабылдау менеджердің негізгі функцияларының бірі. Басқару шешім процесі бірнеше стадияларға бөлінеді және сипаттамаларға байланысты бірнеше түрі болады.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару әдістеріне аса көңіл аудару керек және де әсерететің факторлардың сипаттарына назар аудару керек.

Әдебиеттер

1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

Тақырып 9 - Рыноктық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі

 

Мақсаты: Басқару әдістерінің классификацияларының әдістемесін қарастыру, олардың ұйым қызметіндегі маңыздылығы мен қолдануы.

1. Басқару әдістерінің мәні

2. Экономикалық басқару әдістері

3. Басқарудың ұйымдастыру – жіктеу әдістері.

 

1. Басқару әдістері – бұл белгілі нәтижеге жету үшін басқару субъектісінің объектіге әсерінің тәсілдерінің жүйесі. Басқару әдістерінің теоретикалық негізі терең және мұқият өңдеуді қажет етеді. Өйткені басқару құралының аса белсенді қазіргі оны дұрыс қолданбауында теріс зардаптарын алып келуі әбден мүмкін. Бұл басқару механизмінің деформациясы немесе дұрыс құралмауында терең қарастырылады.

Басқару әдістерінің классификациясында бірнеше шарттары бар. Алайда адамдар мен ұжымдарға олардың олардың мүдделеріне қатысты (қарастыратын) қатынас құралдарды қолданудың мағынасы бар. Сондықтан да қатынастар құрамы бойынша: экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-психологиялық. Берілген сыныптамада (классификация) негізі жеке жұмысшылардың (қызметкерлердің) еңбекке, тұтыну мен мүдделерін қарастыру. Нақты осылар адамдардың мінезін анықтайды.

return false">ссылка скрыта

- Экономикалық әдістер табиғат, қоғамның объективті әлемінің даму заңдылығы мен әлеуметтік – экономикалық заңдарға негізделеді. Осы әдістердің қолданылуы тұлғаның, ұжымның және қоғамның экономикалық мүдде жүйесіне сүйенеді.

- Ұйымдастыру-ұйғару әдістері – адамдардың барлық деңгейдегі шаруашылық және басқаруындағы құқықтары мен жауапкершілігіне негізделеді. Бұл әдістер басшының билікті қолдануын, бағыныштыларының жауапкершілігін және ұйымдастыру қатынастарының жүйесін құруды қажет етеді.

- Әлеуметтік-психологиялық әдістер – қоғамдық көзқарастың құрылуында және дамуында, қоғамдық және дамуында, қоғамдық және индивидуалды мағынасы бар бағалылықта – жақсылық пен зұлымдық тұлғаға қатынас негізінде құрылған. Басқару тәсілін таңдауға болады. Тәжірибе бойынша, ең жоғарғы ықпал, әрбір әдіс басқасын толықтыруы мен күштеу негізінде қолданылғанда пайда болады. Нақты бір адамға қатынас құралын таңдаған жағдайда, оның жеке тұлғалық қасиеттерін, еңбекке деген толынысын, оған материалдық немесе рухани құндылықтың артық екенін ескереді. Басқарудың әдісін таңдауда бизнес мақсатынан, жекеменшік пен шаруашылықтан, кәсіпорын көлемінен, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететіндігін, кадрлардың даярлылығының деңгейінен, нарық құрылымымен, мемлекеттің агробизнеске қатынасының саясатынан байланысты. Басшы барлық басқару әдістерін толық меңгеруі тиіс, жоғары экономикалық мәдениетті игеруі, құқықтық қатынас саласынан тәжіриеблі және психолог, тәрбиелеуші болуы керек.

 

2. Басқарудың экономикалық әдістері - бұл экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, өндіріске тікелей емес, жанама әсер етеді, қоғамға керекті бағытта кәсіпорын жұмыскерлердің қызметін ұйымдастыру.

Экономикалық әдістер жүйесі өзіне 2 үлкен топты қамтиды: орталықтандырған тікелей есеп айырысу және шаруашылық есеп айрысу.

Басқарудың экономикалық әдістер жүйесі барлық шаруашылық жетіктерге сүйенеді: жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ынта және т.б.

Басқарудың экономикалық әдістері - өндіріске тікелей емес, ол жанама әсер ететін, кәсіпорынның қызметі мен қызметкерлерінің қоғамға керекті бағытта ұйымдастыратын экономикалық рычагтың жүйесі экономикалық қызығушылық мемлекеттің, ұжымның және тұлғаның қызығушылығына мүмкін болатын қоғамда жүйені құрады. Осы қызығушылықтар арасында далектикалық қарама – қайшылықтар бар. Бұл қарама – қайшылықтар жасанды емес, бастапқыдан, объективті болады.

Әрбір қызметкер біріншіден өзінің еңбегінің нәтижесіне, екіншіден өндірістік ұжымның еңбегінің нәтижесінде, өзі мүше болып табылатын, үшіншіден жалпы қоғамдық өндірістің нәтижесіне қызығушылық білдіреді. Бірінші орында қоғамның қызығушылығы, содан кейін өндірістік ұжым мен әрбір тұлғаның қызығушылығы болу керек. Қоғамның бар болуының материалдық жағдайын туғызбастан, оның өмір сүруінің қамтамасыз етуінсіз, тұрақтылығын қамтамасыз етуінсіз тұлға мен ұжымның қалыпты болуы мүмкін емес. Ұжымның қызметінің жақсы шарттармен қамтамасыз етуінсіз әрбір қызметкердің тиімді дамуы мүмкін емес. Жеке тұлғаның, ұжымның және мемлкеттік қызығушылықты саралау әрқашан күрделі мәселе болды. Ол бірқатар тапсырмаларды шешуді қамтуы, мысалы; бөлу мен тұтыну қорлары арасында, жалақы мен қолдау қорлар арасында әр кезеңде аса рационалды қатынас орнату болып табылады. Басқарудың экономикалық әдістерін қолдану экономикалық заңдар мен қоғамдық дамудың категориялары барлық жүйелерін пайдалану үшін қажетті. Экономикалық әдістер жүйесі екі үлкен бөліктен (топтан) тұрады; тікелей орталықтанған есеп беру және шаруашылық есеп беру.

Тікелей есеп беру материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың орталықтанған жоспарлы бағытталған бөлу мен қайта бөлудің кеңейтілген өндірістің макропропорциясын қамтамасыз ету мақсатында негізделген. Бұл әдіс төтенше жағдайлардың зардаптарын (табиғи және техногенді) жоюда және басқа жағдайлар қатарында, субсидия түрінде, субвенция және дотация түрінде.

Шаруашылық есеп беру бағалық категориялардың пайдалануының реттеуші құрал ретінде, шығындардың өндірісте және өнімдерді жүзеге асыру негізінде болады.

Басқарудың экономикалық әдісінің жүйесі шаруашылықтың барлық шартына жүгінеді, олар; жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ықпал ету және т.б.

Жоспарлау.Басқарудың ғылыми түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етілуіне: басшылар мен мамандардың лауазымдық өкілеттілігін (бөлу), басқару кадрларын даярлау және олардың тәжірибесін жоғарылату, басқару технологиясын жүргізу, басқару еңбегін қамту.

Өндірістің жоспарлы басқарылуы мен басқару қызметкерлерінің бірлігін, ұжымның жоспарлы және динамикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Қоғамдық өндірістің прогрессивті құрылысының басты маңызы, оның тұрақты және пропорционалды дамуы, ғылыми – техникалық және өндірістік потенциалды пайдалану болып табылады. Осы тапсырмаларды орындау жоспарлауды түрақты түрде жақсартуды талап етеді. Оның негізгі жолдары мыналар: нарықтық құрылымның кең есебі, жоспарлы көрсеткіштердің – жақсартылуы, олардың бағыттылығын соңғы нәтижеге жеткізу; болжаулар мен болашағы бар жоспарлардың қызметін нығайту; ұзақмерзімді, қазіргі және жедел жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету прогрессивті экономикалық нормативтерді енгізу; техникалық құралдарды қолдану; тиімді жұмыс үшін биржа, көрме және аукциондарды пайдалану, келісім – шарт қатынастарды дамыту.

Экономикалық талдау.Экономикалық реттеудің маңызды талабы, барлық бөлімшелерге тең экономикалық жағдайлар туғызу, тең еңбекке тең еңбек ақымен қамтамасыз ету. Алайда, еңбектің тиімділігін ескеру қажет және қолдау шарасын оның деңгейімен белгілеу керек.

Кең ұғымда экономикалық реттеу өндірістің дамуында мынадай экономикалық шарттарды қамтиды; баға, өзіндік құн, кредит, пайда және т.б. Осы шарттарды қолдану комплексті және жүйелі түрде болады.

Реттеу әдістерінің жүйелі және комплексті пайдаланудың соңғы мақсаты – объективті шарттарды қоғамдық даму заңдарының әлеуметтік – экономикалық тиімді жүзеге асыру үшін тұлға, ұжым және қоғам мүддесінде құру.

Мүдделердің бірлігі әлі өндірісте, бөлуде, айырбас пен қоғамдық өндірістік өнімді тұтынуда оптималды қолдануды білдірмейді. Экономикалық мүдделер – динамикалық, қозғалыс категориясы болғандықтан экономикалық жағдайлар оған реттеуші немесе тежеуші ықпал жасау мүмкін. Сондықтан да барлық жағдайда басқарудың механизмінің барлық жағдайын қарастырған жөн болады.

 

1. Басқару әдістер жүйесінде ұйымдастырушылық – жіктеу әдістері ерекше орын алады. Олар өзіне басқару субъектісіне объективті ықпал ету тәсілдерін күш және билік беделіне негізделіп қамтиды - заң, жарлық, қаулы, бұйрық, ұйғарым, нұсқау және т.б.

Бұл әдістер басшы мен қызметкердің әрқайсысының міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін анықтайды, сонымен қатар басқарудың әр деңгейі мен звеносына қатысты.

Олар жоғарыда тұрған билеушілердің мүддесін орындалуына қызметкерлердің персоналды жауапкершілігімен қамтамасыз етуі керек.

Ұйымдастырушы - жіктеу әдістерінің негізі – кез келген қоғамда бар, кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйеде бар ұйымдастырушылық қатынастар. Сол тарапта басқарудың неше түрлі қатынастары қалыптасады. Кез келген нақты ұйымдастырушылық қатынастар - бұл өзіне құқықтық қатынастарды және жауапкершілік, билікті қамтитын субъективті - объективті қатынастар.

Ұйымдастыру – ұйғару әдісінің негізі – кез-келген қоғамда объективті болатын, кез келген әлеуметтік – экономикалық жүйедегі ұйымдастыру қатынастары. Олардың негізінде басқарудың көпжақты катынастары құрылады. Кез келген ұйымдастыру қатынастары – бұл алдын ала өзінің құрамына енетін құқықтар мен жауапкершілік билікті білдіреді. Ұйымдастырудың қатынастары объективті тек қоғамдық дамудың тек қана заңымен емес, сондай-ақ әлеуметтік – экономикалық және саяси шарттармен, объективті және субъективті табиғатқа ие.

Кез келген жағдайда ұйымдастыру қатынастары биліктің иерархиясын құрудың негізі қызметін атқарады, яғни құқық пен жауапкершілік қатынас жүйесін білдіреді. Олардың тиімді жұмыс істеуі үшін, екі негізгі шарт қажет:

- Басқарудың субъектісі мен объектісінің ұқсастығын құратын (тудыратын) құқық пен жауапкершіліктің тұрақтылығын әр деңгейдегі жағдайы.

- Басқару деңгейлерінің құқық пен жауапкершілік тұрақтылығы, осының негізінде аралық деңгейі басқару жүйесінде берілетін құрал болады.

Ұйымдастыру ұйғарым әдістері басқаруда жан-жақты алайда оларды ықпал ету бағыты бойынша бөлуге болады. Ықпал ететін шарттар регламенттер, нормалар, ережелер, басқару талаптары, жауапкершілік және өкілеттілік, бұйрықтар мен ұйғарымдар болып табылады.

Ұйымдастыру – ұйғарымдық әдістер үш топқа бөлінеді.

- ұйғарымдық;

- ұйымдастырушылық – тұрақтандырушы;

- қатаңдылық (тәртіптілік).

Ұйғарымдық және тәртіптілік басқару әдістері әрқашан ұйымдастыру-тұрақтандырумен бірге, регламенттеуді, нормалауды және ережелеуді қамтамасыз етеді. (сур. 7). Бағыттардың әрекеті келесілер:

Әлеуметтік – экономикалық жүйенің ұйымдастырушылық құрылымының тұрақтылығын және олардың функционалдауының шарттарын қамтамасыз ету.

- әлеуметтік – экономикалық жүйеде, билікте болатын әрбір процесстің бағынуы.

- осының негізінде барлық ұйымдастырушылық – ұйғарымдық әдістер комплексте жүйенің тұрақтануында қолдану керек.

Регламенттеу сондай-ақ басқарудың әдісін қамтиды.

- жалпы ұйымдастырушы, кәсіпорын мен билік органдарының құрылысының принципін анықтайды;

- құрылымдық, билік органдарының құрылымын анықтайды, яғни басқарудың деңгейі мен бөлімшелерін теру;

- қызметтік, әрбәр тұлғаның қызметтік статусын анықтайды;

- функционалды, билік құрылымының және қоғамдық ұйымның қызмет ету реті;

Нормалау.Бұл басқару нормативтерді пайдалануға арналған. Норматив ұғымын норма түсінігімен айыру керек. Норма – бұл өлшем, табиғи және антропогендік процесстердің ағымының жағдайлары. Норматив – бұл шартты бөлу. Нормалау басқару әдісіне келесі нормативтер жатады:

- уақыт (тұтынушыға тауар бірлігіне жұмсаған уақыт);

- саны (1 мың адамға шаққандағы медицина қызметкерлер саны)

- өлшем (зақым келтіретін заттар концентрациясы 1 м3 өндіріс орын)

- өңдеу (уақыт бірлігіне өндірілетін, өнім көлемі);

- қатынастың (оқу орындағы студенттер мен оқытушылардың қатынасы)

Нормалар мен нормативтердің пайдалануы өте маңызды оларды дұрыс пайдаланбаған жағдайда нашар нәтиже алып келуі мүмкін.

Ережелеу.Бұл ұйымдастыру – ұйғарымдық басқару әдісінің кең саласын алып жатыр. Ол өз құрамына әр түрлі ақпараттандыруды кіргізеді.

- алдын алу;

- талқылау;

- танысу;

- кеңес және т/б.

Ережелеу басқару әдісінің мақсаты қызметкерлерді ойланбаған, ақиқатталмаған немесе тәжірибесіз әрекеттерді, соңында ауыр қателік немесе соттық жауапкершілікке тартылатындай әрекеттерді таныстыру.

 

Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістері

 
 

 

 


Ұйғарымдық   Ұйымдастыру – тұрақтандырушы   Тәртіптік
Регламенттеу   Нормалау   Ережелеу
         
Жалпы ұйымдастыру   Уақыттық   Алдын - алу
Құрылымдық   Сандық   Анықтау
Қызметтік   өлшемдік   Танысу
функционалдық   өңдеулер   кеңес
    Сәйкестік    

 

Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістерінің классификациясы

Тәртіптің нақты қадағалау барысында көп техника-экономикалық және әлеуметтік жүйе, қоғамның қауіпсіздігі мен дамуын қарастыратын заң түрінде болады. Сондай – ақ ұйымдастыру – ұйғарымдық басқару әдісінің дұрыс қолданылмауы нәтижесінде жүйенің тенденциясын бұзуы мүмкін. Сондықтан да регламенттер, нормалар, ережелер уақыт өте өзгертілуі тиіс.

Басқару әлеуметтік-психологиялық әдісі.Қоғам мен жеке тұлғаның өмірінде көп рольді моралды – этикалық категорияға, бағыттылыққа, норма этикаларына түсінік, адамдар арасындағы қарым – қатынас алады. Қоғамдық түсініктің, әлеуметтік белсенділіктің құру және пайдалану әдістері моралды – этикалық категория және құндылықтармен әлеуметтік – психологиялық немесе тәрбиелеу басқарудың әдісі.

Қоғамның рухани өмірі бір – бірімен өзгеше болса, мүдделердің әртүрлілігі, талғам мен адамдар тобының көзқарасы, әлеуметтік – психологиялық әдісте әр түрлі болып келеді. Сондықтанда олардың бөлінуі әлеуметтік процестердің деңгейлері бойынша:

- қоғам;

- ұжым;

- топ;

- тұлға.

Қоғамдық деңгейде басқару әдісі әлеуметтік бұқаралық процестер болады. Бұл Бұқаралық ақпараттың, халық саны, аймақтар мен әлеумет бөлігі ағымдағы қоғамдық дамудың жағдайын (қоғамдық әлеуметтік жағдайы, жұмыссыздықтың, қылмыкерлік, адамдар бостандығын) анықтайды.

Сондықтан ақпараттың объективтілігі мен өзуақытында орындалуына тек бұқаралық ақпарат құралдары емес сондай – ақ мемлекеттік билік органдары да жауапты. Келесі деңгейде қоғамның дамуының заңдары, жеке тұлғаның құрылуына нақты тоқталады. Ұжымдық араласу тек тәжірибелік сапа емес, сондай – ақ тұлғаны дамытады. Басқару әдістері ұжмдық деңгейде әсіресе ұжымдық мінез, ұйымдық этиканың құрылуын қарастырады. Топ ішіндегі құбылыстардың басқару әдісі ұжымның мүшелерінің немесе жеке топтың қарым – қатынасын қарастырады.

Әдетте басшы еңбек ұжымының құрылуын, олардың әлеуметтік дамуының жолы мен бағытын анықтай жүктеледі. Кадрларды таңдау барысында қызметкерлердің әлеуметтік – демографиялық комплексін және тәжірибелік сапасын ескеру қажет. Ұжымның тұрақтылығы қарым – қатынастың өзара қатынасына байланысты, қарым – қатынастың интенсивтілігіне байланысты. Кәсіпорынды басқару барысында ұжымның негізгі 3 стадиясы болады.